UF

Өсімдіктер мен жануарлар жүйесі - эволюциялық көрініс

 

Таксондар арасындағы туыстыкты анықтайтындықтан эволюциялық дәлелдемелерге жүйелеу деректері пайдаланылады.

Жердегі тіршілік эволюциясы микро және макроэволюциялық процестер бірлігінде жүзеге асады. Эволюциядағы жеке түрлердің ролі солардан бастама алған жоғары жүйелеу топтарының пайда болуында тарихи айкындала түседі.

Жүйелеу топтары. Қазіргі кезде организмдердің жүйелеу категорияларын пайдалана отырып мынадай топтарға бөледі; тип (өсімдіктер үшін - бөлім), класс, отряд (өсімдіктер үшін - қатар), тұқымдас, туыс, түр. Өте үлкен жүйелеу топтарына мынадай аралық категориялар: тип тармағы, класс тармағы және т. б. қосылады. Түрлердің шектен тыс көп болуынан және ғалымдардың өсімдіктер мен жануарлар әлеміне организмдер топтары арасындағы туыстық байланыстарды бейнелейтін жүйе жасауға тырысуынан жүйелеу категорияларының саны көбейе түсті.

Жоғары сатылы түрлерден жүйелеу топтарының түзілуін жүйелеу топтарының эволюциялық схемасынан айқын көре аламыз. Ол түр арасындағы туыстық пен ататектері ортақ түрлердің біртіндеп ажырауын бейнелейді.

Сурет – Жүйелеу топтарының эволюциясы

 

Әрбір күрделі жүйелеу тобы туыстан бастап, дәрежесі төмен және ата тегі ортақ өзара туыстас топтарды біріктіреді. Туыс бір ататектен пайда болып, тіршілік үшін күрес пен табиғи сұрыпталу нәтижесінде әртүрлі географиялық және экологиялық жағдайларда тіршілік етуге, сондай-ақ ойдағыдай көбеюге бейім түрлерді құрастырып, жинақтайды.

Дарвин қунақтары мысалынан жақын түрлердің туысқа бірігуін айқын көруге болады. Галапагосс аралдарында қунақтардың жерде, ағашта мекендейтін және сандуғаш тұқымдастар - үш түрлі туыстары бар. Жерде мекендейтін қунақтар қуаң аймақтарда ұялап, көбінесе ашық жерлерден қоректенеді; ағашта мекендейтіндері қуаң аймақтарға ұя салып, жемін ағаштан аулайды; сандуғаш тұқымдастар әртүрлі жерлерде мекендейді. Қунақтарды негізінен тұмсық құрылысына қарап ажыратады, ол құстың қоректену ерекшелігіне тығыз байланысты болып келеді. Жерде мекендейтін кактусшыл қунақтар кактус гүлімен қоректенеді, оның тұмсығы ұзын және тілі айыр. Жерде мекендейтін үлкен қунақ шомбал тұмсықты болғандықтан, өсімдіктердің ірі тұқымдарын оңай шағып жей алады. Діңде жоғары-төмен жорғалап жүріп, ағаш қабығын түзу тұмсығымен қашап, қорегін аулайтын болғандықтан, ағашта мекендейтін қунақтардың кейбір түрі тоқылдаққунақ деп аталады. Оның тілі қысқа, сондықтан ағаш қабығының қашалған қуысындағы бунақденелі жәндікті кактус тікенегі немесе ағаш бұтағын тұмсығымен қысып, шұқылап шығарып алады. Дарвин қунақтарына жататын түрлердің барлығы бірдей будандаса бермеді; кейбір түрлерден түр тармақтары түзіледі - демек, түр түзілу жалғаса береді. Қунақтардың барлығы тек бір түрден ғана пайда болған.

Сурет - Қунақтар

 

Егер түрлі-түрлі жүйелеу тобындағы жануарлардың тіршілік жағдайларымен табиғи сұрыпталу әсерлері ұқсас болса, онда олар макроэволюция процесінде кейде мекен ету ортасына ұқсас бейімделеді. Бұл процесс белгілер ұқсастығы (конвергенция) деп аталады. Мысалы, әртүрлі типті жануарларға жататынына қарамастан, көртышқан мен бұзаубастың жер қазатын алдыңғы аяқтары біріне-бірі өте ұқсас. Қиттәрізділер мен балыктардың дене пішіні бірінен-бірі мүлде айнымайды, түрліше кластарға жататын жүзгіш жануарлардың аяқтары, олардың физиологиялық ерекшеліктері де ұқсас болып келеді. Ескек аяқтылар мен киттәрізділер денесіне майдың жинақталуы - сулы орта жағдайларындағы табиғи сұрыпталу нәтижесі.

Өте алшақ желеу топтарында (типтер, кластар) белгілердің ұқсас болуы табиғи сұрыпталу барысындағы тек қана тіршілік жағдайларының ұқсастығымен түсіндіріледі. Бұған жакын туыстас жануарлардың бір тектен шығуы әсер етеді де тұқым куалайтын ұқсас өзгерістердің туындауын жеңілдетеді. Сондықтан да оларды бір класс ішінен жиі байқауға болады.

Сурет - Конвергенция

 

Қазіргі кездегі жіктеу принциптері. Жасанды жүйе біраз еркін алынған белгілер негізінде құрылды (Линнейдің өсімдіктерді жіктеуін еске түсіріңдер). Дарвинге дейін табиғи жүйе жасауға негізделген талпыныстар сәтті бола қоймайды, өйткені натуралистер одан түрлердің туыстығын емес, жаратушы жаратты деп есептелген табиғи тәртіпті бейнелеуді іздестірді.

Организмдерді жіктеген кезде осы уақытта күні бүгін тіршілік етіп жүрген, сондай-ақ өліп біткен түрлердің туыстык белгілері ескеріледі. Әр алуан түрлердің бейімделушілік белгілерінің өте ұқсас болуы да, бірақ ол жалпы шығу тегіне емес, қолайлы тіршілік жағдайларының нәтижесі болуы да мүмкін. Мысалы, шығу тегі бір-бірінен алшақ болса да дельфин мен акула сырттай ұқсас. Жануар мен өсімдіктің жүйедегі орны әр жылғы белгілер жиынтығын ескере отырып, анықталады.

Осы кезде түрлерді шығу тегі арасындағы байланыс негізінде жүйелеп, топтарға бөледі, бұл эволюция жүрісін бейнелеп көрсетеді. Эволюция процесінде қалыптасқан казіргі организмдердің негізгі топтары арасындағы өзара қатынасты бұтақтары тармақталған нән ағаш ретінде қарастыруға болады. Тұтасымен алғанда тіршілік шежіресінен және оның тармақтарынан макроэволюцияның жалпы сипаты: тірі мақұлықтардың жалпы құрылымының қарапайымнан күрделілене көтерілуі эволюцияның дивергентті және бейімделгіш жүрісі айқын көрінеді. Дарвинге дейінгі жасанды жүйеден қазіргі жүйенің айырмашылығы, ол бір туыска, туыстардың - бір тұқымдасқа және т. с. с. бірігудегі түрлердің азды-көпті туыстық дәрежесін білдіреді. Алайда кейбір топтарды әзірге толық жетілдірілді деуге болмайды.

Қазіргі жүйеде түрлердің хромосомалық аппаратының ұқсастығы мен айырмашылығы туралы деректер кеңінен пайдаланылады.

Әдебиет: Жалпы биология. Алматы, 1991. -Б.14-15.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2020-11-03 14:27:33     Қаралды-2767

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »