UF

Жаңа түрлердің пайда болуы

 

Дарвин түрдің пайда болуы туралы. Микроэволюция. Табиғатта жаңа түрлердің пайда болуы эволюция процесіндегі маңызды кезең болып табылады. Дарвин табиғатта жаңа түрлердің пайда болуы эволюциялық қозғаушы күш әсерінен келіп шығатынын дәлелдеп берді. Түр ішіндегі тіршілік жағдайлары өзгерген кезде белгілердің ажырау процесі - дивергенция жүреді, одан түр ішінде особьтардың жаңа топтасулары пайда болады. Бастапқы түрден бірнеше формалардың «шоғыры» пайда болады, бірақ олардың барлығы бірдей одан әрі дами алмайды. Белгілері бойынша өте алшақ формалардың өсімтал ұрпақтарды көбірек қалдырып, тірі қалу мүмкіндігі мол, өйткені олар аралық формаларға қарағанда өзара аз бәсекелесіп, табиғи сұрыпталу әсерінен шексіз ұрпақтар қатарында тіршілік үшін күресте біртіндеп өліп бітеді.

Табиғатта аса алшақтап кеткен ең соңғы формалар ғана үнемі сақталып қала бермей, ортаңғы формалар да тірі қалып, ұрпақ бере алады. Ең соңғы формалардан кейде бір форма, тігіті одан да көп формалар дамуы мүмкін. Егер орта жағдайы өзгермесе немесе ұзақ уакыт бойы аздагі қана өзгерсе, онда түрдің ата тегімен салыстырғандағы өзгерісі айтарлықтай болмайды.

Күрделі жүйелеу топтарының эволюциясы көрнекі көрсетілген схемасы.

Сурет – Жүйелеу топтарының эволюциясы

 

Үстіміздегі ғасырдың 30-жылдары ғалымдар популяцияға түрдің тіршілік ету формасы ретінде назар аударды. Жаңа зерттеулер эволюция процесінің түр ішінде жүріп, түрішілік жаңа топтамалар - популяциялар мен түр тармактарын түзетін ең бастапқы кезеңін айқын түсіндіріп берді. Бұл процесс микроэволюция деп аталады. Тарихи қысқа мерзімде өтетін болғандықтан, оны тікелей бақылап, зергтеуге болады.

Географиялык, түртүзіліс бастапқы түр ареалынын кеңеюіне немесе табиғи пайда болған кедергілерден (климаттың өзгеруі, тау, өзен) ареалдың оқшауланған бөліктерге бөлшектенуіне байланысты. Ареал кеңейгенде түр популяциялары жаңа топырақ жәнеклимат жағдайларына, сондай-ақ жануарлар, өсімдіктер және микроорганизмдердің жаңа бірлестігіне кездеседі. Популяцияларда үнемі тұқым қуалау өзгерістері пайда болып тұрады, тіршілік үшін күрес болып, табиғи сұрыпталу жүреді. Осылардың барлығы белгілі бір кезде популяцияның гендік құрамын өзгертуге - микроэволюцияға апарып соғады. Бұдан әрі популяциялар эволюциясынан жаңа түр пайда болуы мүмкін.

Мысалы, сібір балқарағайы сонау шығысқа қарай таралды; оның популяциялары Уралдан Байкалға дейінгі территорияны алып, түрлі-түрлі жағдайларға тап болды. Популяциялар особьтарында үнемі мутациялар туындап, будандасу нәтижесінде гендердің жаңа комбинациялары пайда болды; осы процестердің арқасында популяциялар біркелкі бола алмады, Нактылы жағдайларда мекендейтін пайдалы өзгерістері бар особьтар тіршілік үшін күрес процесінде және табиғи сұрыпталу жүрісі нәтижесінде тірі қалып, ұрпақ қалдырды. Осы факторлардың ұзақ уақыт бойы жүруі популяциялар арасында айқынырақ айырмашылықтың көрініс беруіне, акыр аяғында биологиялық оқшауланудың - бір түрдегі түрлі-түрлі популяциялар особьтарының будандаспауының туындауына жәрдемдеседі. Эволюциялық қозғаушы күштің әсерінен қатаңырақ жағдайлар нәтижесінде жаңа түр - даур балқарағайы қалыптасты.

Қиыр-Солтүстік жағдайларында осы тәсілмен қызғалдақтың кішкене, өте салбыраңқы жапырақтары бар, тез дамитан қысқа гүлтабанды және ерте гүлдейтін ерекше түрі пайда болды. Тағы бір мысал: орман інжугүлі бастапқы кезде ареалды толық алып жатыгі, мұз басқанда оңаша бөлініп қалған; тіпті кейбір ғалымдар сол территориядағы өз алдына пайда болған популяцияларды жаңа түр деп есептеген.

Европаға түгелдей тараған шанышқақтың ареалы батыстан шығысқа карай үздіксіз созылып жатыр. Батыс формасының жапырақтары жіңішке тілікті және бытыраңқы, гүлдері жапырылған, соның арқасында батыстағы мол жауын кезінде су тұрақтамай, шашырда-жетеді де тозаңдарын су шаймайды. Қуаңшылық жағдайлардағы шығыс формасының ерекшелігі, тұрпайы тілікті қатқыл фапырақтары, тік тұратын гүлдері болады, су оларды бойлай ағып тамырларға жетеді. Батыс формаларына қарағанда шығыс формаларының жапырақтары суды аз буландыратыны тәжірибелер арқылы дәлелденді. Шанышқақтың шығыстағы формасынан батыстағы формасы арасында мұндай өзгерістердің барлығы тек бейімделушілік сипатында ғана өтігі, бірқатар өтпелі формалар үнемі болып тұрады.

ТМД-ның орталық алқабында сарғалдақтың 20-дан астам түрлері өседі. Олардың барлығы бір түрден шыққан. Оның ұрпақтары әртүрлі жерлерде - далада, орманда, егістікте мекендеді де ең алдымен бірінен-бірі түр тармағына, соңынан түрлерге оқшауланып, бөлініп кетті.

Сурет - Өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің көптүрлілігі

 

Үлкен сарышымшықтың түрі әртүрлі сатыда оқшауланған популяциялар мен түр тармақтарының күрделі комплексі болып саналады. Үлкен сарышымшықтың - евразиялық, оңтүстіказиялық және шығысазиялық үш түр тармақтарының ареалдары Ортаазиялық тау қыраттарының айналасынан шеңбер - тұйықталған ареал түзеді. Түр тармақтары белгілі ареалда мекендегенмен де оңтүстіказиялық сарышымшыктар екі аймақ шекарасында басқа екі түр тармақтармен будандаса береді. Шығысазиялық және евроазиялық шымшықтар жоғары Амур аңғарында бірге тіршілік етсе де өзара будандаспайды. Сарышымшық ареалдарының оқшаулануы мен олардың түр тармақтарының пайда болуы мұздықтың басталуына байланысты.

Көл бұдан 20 млн. жылға жуык бұрын басқа су алаптарынан тау жоталары арқылы бөлініп қалғандыктан, Байкал көлінде кірпікшелі жалпақ құрттар, шаянтәрізділер және балықтардың басқа ешбір жерде кездеспейтін көптеген түрлері мен туыстары тіршілік етеді.

Экологиялық түртүзіліс бір түр популяциясының, мекендеу жағдайлары әрқилы болуына қарамастан, өз ареалында ғана тіршілік етуі арқылы өтеді. Олардың гендік кұрамы эволюциялық қозғаушы күш әсерінен өзгереді. Бұл өзгерістер көптеген ұрпақтардан соң сіңісіп кететіні соншалық, бір түрдегі әртүрлі популяциялардың особьтары бірімен-бірі өзара будандаспайтын болады, сөйтіп әдетте әр басқа түрлерге тән қасиет - биологиялық оқшаулану пайда болады. Мысалы, традесканцияның бір түрі күн сәулесі мол түсетін жартас басында, ал екіншісі ормандағы көлеңкелі жерде қалыптасып өсті. Волганың төменгі жайылмасында еркекшөптің, арпабастың, итқонақтың (қонақшөптің) түрлері пайда болып, олар су көтерілгенге дейін немесе соның соңынан тұқым береді. Сөйтіп олар су жайылмайтын жерлерде өсіп, су тасығанда көбірек тұқымданатын бастапқы түрлерден оқшауланып қалды.

Шөптің мол және түрлі-түрлі мерзімде шабылуына байланысты шала паразиттік тіршіліктегі үлкен сылдырмақшөп (сабын-көк тұқымдасы) өсімдігінің жаңа түр тармақтары пайда болды. Бастапқыда жаздық үлкен сылдырмақщөптің түр тармағы пайда болды да соңынан ол екі түр тармакқа - ерте пісетін көктемгі үлкен сылдырмақшөпке және кеш пісетін жазғы үлкен сылдырмақшөпке бөлінді. Адамның іс-әрекетіне байланысты табиғи сұрыпталу арқылы гүлдеу мерзімінің оқшауланған түр тармақтарын жасады. Оларды кейбір ғалымдар түрлер деп есептейді.

Қоректік бағытқа бейімделуге байланысты сарышымшықтардың бес түрі пайда болды; үлкен шымшық - бақтар мен парктердегі ірі бунақденелілермен қоректенеді; көкшілшымшық қабықтың жарылған саңылауындағы, бүршіктердегі бунақденелілерді аулайды; айдарлы шымшық - қылқан жапырақты ағаштардың тұқымымен қоректенеді; шөже және шөжешымшық - әртүрлі ормандардағы бунақденелілерді көбірек аулап жейді.

Севан бахтағының популяциялары уылдырық шашу мерзімі, уылдырықжайдың орны мен тереңдігі (көл, өзен) бойынша ажыратылады. Түртүзіліс осы кезде де болып тұрады.

Рисунок - Севан келіндегі бахтахтың 5 формасының уылдырық шашатын орны мен мерзімі

 

Сыртқы тұлғасымен әзірге ажыратыла қоймайтын қара шымшықтың түрі қазіргі уақытта екі топқа бөлінеді. Оның бір тобы меңіреу орманда, екінші тобы адам тұратын өңірге таяу жүреді. Мұны екі түр тармағының бастамасы деп есептеуге болады. Кейде популяция мен түр тармағын ажыратудың өзі қиын.

Микроэволюцияның сан алуан кезеңдерінде бір әдісті екіншісі алмастырады немесе бірлесе әсер етеді. Географиялық оқшауланудың бұдан былай экологиялық әсерді біріктіріп қосуы мүмкін, сондықтан әрбір түртүзіліс әдісінің шекарасын анықтау оңай емес. Микроэволюция жаңа түрдің пайда болуымен аяқталады.

Эволюция нәтижелері.

Эволюцияның маңызды үш саласы бар;

1. Тірі мақұлықтар құрылымының біртіндеп күрделіленуі және жоғарылай түсуі;

2. организмдердің сыртқы орта жағдайларына бейімделгіштігінің салыстырмалылығы;

3. түрлердің көп түрлілігі.

Әдебиет: Жалпы биология. Алматы, 1991. -Б.14-15.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2020-11-03 14:19:03     Қаралды-3435

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »