UF

Тіршілік үшін күрес

Тұқым қуалайтын өзгергіштік негізінде қолдан сұрыптау арқылы адамның шаруашылық мүдделеріне бейімделген тұқымдар мен сорттар жасауға болатыны сендерге мәлім. Ч. Дарвин мынадай сұрақ қойды: осы бейімділікті жасайтын табиғатта сұрыптау процесі бола ма, жоқ па?

Көбею қарқындылығы. Ч. Дарвин өте көп ұрпақ бере алатын барлық тірі организмдердің бейімділігіне назар аударды. Мысалы, аскарида аналығы тәулігіне 200 мың жұмыртқа салады, сұр егеу-кұйрық жылына орта есеппен 8 бала туып, 5 ұялас ұрпақ өрбітеді, олар үш айдан бастагі жыныстық жағынан толысады, көкек-шөптің бір жемісінде ғана 186 300 тұқым болады.

Егер келесі ұрпақтың әрқайсысында особьтардың барлығы тірі қалый, көбейетін болса, онда әрбір түр Жер үстіндегі өзіне жарамды орынға мекендейтін болар еді.

Тіршілік үшін күрес формалары. Популяциядағы особьтар алып жатқан территориясында тіршілік ете алатын мөлшерден әлдеқайда көп пайда болады. Популяцияда пайда болған особьтардың сан мөлшері мен олардың тіршілік ету амалы арасындағы үйлесімсіздік тіршілік үшін күреске сөзсіз әкеледі.

Түр ішіндегі, түраралық және бейорганикалық табиғат арасындағы қатынастың күрделілігі және көптүрлілігі «тіршілік үшін күрес» тұжырымы арқылы түсіндіріледі, мұнда бір особьтың тіршілігі ғана емес, сондай-ақ оның өсімталдығы және ұрпақ беру мүмкіндігі де ескеріледі. Тіршілік үшін күресте тек кейбір жағдайларда ғана тікелей айқас болады: жыртқыштар олжа үшін қырқысады немесе жемтігімен шайқасады.

Дарвин тіршілік үшін күрестің үш формасын ажыратып көр- сетті, олар: түрішілік, түраралық және бейорганикалық табиғат- тың қолайсыз жағдайларымен күрес.

Сурет - Орманда бір мезгілде егілген қарағайлар. Қыспақ керу дәрежесі цифрлар арқылы көрсетілген

 

Тіршілік үшін түрішілік күрес кез келген түрдің бір популяциясындағы особьтар арасында жүреді. Қүрестің бұл формасы өте қызу өтеді, өйткені бір популяциядағы особьтар бірдей азық, бірдей баспана қажет етіп, бірдей қауіпке ұшырайды. Жыртқыштар арасындағы олжа үшін қақтығыс, территория үшін, аналық үшін және т. б. бәсеке түрішілік күреске мысал бола алады.

Бір мезгілде отырғызылған қылқан жапырақты орман популяциясынан түрішілік бәсеке көрінісін айқын көруге болады. Бөрікбасы жан-жаққа кең жайылған зәулім ағаштар күн сәулесінің негізгі бөлігін мол қамтиды; олардың қуатты тамыр жүйесі көршілес әлсіз ағаштарға зиян келтіріп, минералды заттар еріген суды топырақтан сіңіреді. Қүші басым ағаштар басқа ағаштардың өсіп, дамуына кедергі келтіріп, оларды қуратып тіршілігін жояды, ал өздері өте көп тұкым түзеді.

Популяциялардағы, демек түр ішіндегі особьтардың қатынастары сан қилы, күрделі де қарама-қайшы болады. Олар сайып келгенде көбінесе популяция мен түрді сақтап қалу қызметін атқарады. Бүкіл популяцияларға пайдалы, түрге тән бейімделулердің жеке особьтар үшін зиянды болуы да, тіпті олардың жойылып кетуіне себепші болуы да мүмкін. Шағалалар балапандары өте көп болып кетсе, біразын жояды: жеп қояды немесе балапанның басына ұрғылап, жеген жемін құсқызады да оны ересектері дереу алып кетеді. Сарышымшықтар кейде 1-2 балапанды ұяда таптап өлтіреді.

Особьтардың саны мөлшерден тыс артып кеткенде популяцияда түрішілік күрес шиеленісе түседі. Бұл азықтық жағдайлардыңнашарлауынан, қоныстанушылардың аса тығыздығынан және т. б. пайда болады. Мұндай жағдайларда популяциялардағы особьтардың өсімталдығы әдетте төмендейді, көп жағдайда особьтарды жаппай қырғынға ұшыратып, популяцияның сан мөлшерін кемітетін індет лап ете түседі.

Бір популяциядағы особьтарға тікелей өзара қақтығыс болдырмауға жәрдемдесетін бірқатар бейімділіктер болады. Қоңыр аю өзіне азық аулайтын учаске шекарасына ағаштарды тырнап белгі салады. Қасқыр жеке азықтық учаскесін несебімен белгілейді. Сарышымшықтың, қалтырауық шымшықтың аталықтары учаскенің бос еместігін сайрап хабарландырады. Хайуанаттар бөтен учаскенің шекарасын бұзбауға тырысады. Бір түрге жататын жануарлар популяциясынан олардың өзара жәрдемдесіп, ынтымақтасатынын кездестіруге болады: олар өз ұрпақтарын бірлесе тәрбиелеп, тамақтандырады және қорғайды (мысалы, балара семьясы, жылқылар үйірі).

Сонымен түрішілік күресте түр особьтарының бір бөлігінің өсімталдығы кеміп, жойылып кетеді. Алайда, бұл тұтасымен алғанда көптеген ұрпақтарда түрдің мекен ету ортасына, осы күресті туғызатын факторларға барынша бейімделе жетілуіне жәрдемдеседі.

Тіршілік үшін түраралык, күрес басқа-басқа түрлердің популяциялары арасынан байқалады. Егер түрлер ұқсас жағдайларды қажет етіп, бір туысқа жататын болса, онда түраралық күрес әдетте аса шиеленісіп кетеді. Сұр және қара егеуқұйрықтар - бір туыстың басқа-басқа түрлері. Сұр егеуқұйрық Европадағы адам мекендейтін жерлерден қара егеуқұйрықты мүлде ығыстырып шығарды, енді олар орман алқаптары мен шөлде кездеседі. Сұр егеуқұйрық ірілеу, жақсы жүзеді, әсіресе, зұлым, сондықтан да қара егеуқұйрықпен шайқаста қашанда жеңіске жетеді. Шотландияның кейбір бөліктерінде қылғытпа шымшықтың тез көбейіп кетуінен оның басқа түрі - сайрағыш шымшықтың сан мөлшері кеміп кетті. Европадан әкелінген кәдімгі баларасы Австралияда жергілікті шаншарсыз кішкене жабайы балараны ығыстырып жіберген.

Ашық жерлерде үсікке шалдығатын өсімдіктер бастапқыда жарық сүйгіш тұқымдардың - қарағай, қайың, көк теректің қалқасьіида орманда жақсы дамиды, бірақ жас шыршалардың бөрікбастары біріне-бірі түйісе келе жарық сүйгіш тұқымдардың өскіндерінің тіршілігін жояды.

Тіршілік үшін түраралық күрес бір түрдің екіншісін бір жақты пайдалануды, былайша айтқанда «жыртқыш - жемтік» типіндегі (балықтар планктонды жейді) қарым-қатынасты қамтиды. Алайда тіршілік үшін күрес мысалдары тікелей күресу тұрғысында ғана айтылатын сөз емес. Мәселен, өзіне зиянын тигізбей (құстар мен сүтқоректілер жеміс пен тұқымдарды таратады), бір түрдің екіншісіне жағдай туғызуы, басқа-басқа түрлердің өзара жағдайлы болуы (гүлдер және оларды тозаңдандыру) тіршілік үшін күрес формасын толық түсіндіре алады.

Биологиялық бәсекенің айқын көрінісі білінетін ормандағы өсімдіктердің бірлесіп өсуінің де пайдасы бар. Ашық жерлермен салыстырғанда мұнда жылу, су және ауа режимі өзінде пайда болады: температураның шұғыл ауытқуы; салыстырмалы ылғалдықтың ете жоғары болуы байқалады; жоғары ярусты ағаштар арасында көлеңкеге төзімді бұталы, шөптесін өсімдіктер, мүктер, топырак бетінде болатын балдырлар өседі.

Қолайсыз жағдайлармен күресті ареалдың кез келген бөлігінен сыртқы орта жағдайы нашарлағанда: мысалы, температура мен ылғалдықтың тәуліктік немесе маусымдық ауыткуы, сондай-ақ особьтар аса жылы немесе салқын, тым құрғақ немесе ылғалды жағдайларға тап болған кездердің барлығында байқауға болады. Шөлдегі өсімдіктер «қуаңшылықпен күреседі» дейміз. Климат жағдайлары қолайсыз болып, солтүстікке қарай жылжығанда немесе тауға көтерілген кезде басқа ешқандай өсімдіктердің ығыстырмауына қарамастан қураған ағаштар мен бұталар кездеседі.

Түрішілік күресті шиеленістіретін болғандықтан, қолайсыз жағдайлармен күрестің де эволюция үшін маңызы зор. Өсімдіктер популяциясындағы особьтар арасында, мәселен, жылу, қоректік заттар жетіспесе, осы факторлар үшін күрес шиеленісе түседі. Тіршілікке өте бейімдері (оларда физиологиялық процестер, зат алмасу едәуір қарқынды жүреді) жеңіп шығады. Егер осы биологиялық ерекшеліктер тұқым қуалайтын болса, бұдан ақыр аяғында түр жетілдіріле түседі.

Адамның тірі табиғаттағы күрделі қарым-қатынасты пайдалануы. Тіршілік үшін күрес ілімі іс жүзіндегі көптеген мәселелерді шешу үшін, мысалы, ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы зиянкестерімен күрестің биологиялық методын жасауға ғылыми негіз болып табылады. Ауыспалы егісті анықтағанда дақылдардың топыраққа, суға, зиянкестерге, ауруларға және т. б. катысын ескере отырып, егістікке дұрыс кезектестіруді қадағалайды. Орманды колдан отырғызғанда да (емен, қайың, шамшат және т. б.) осылай істейді, мысалы егер жоқ болса тогіыраққа саңырауқұлақтың гифтерін (жіпшелерін) енгізеді. Саңырауқұлақ жіпшумағы мен ағаш тамырының селбесуінен микориза түзіліп, ағаш топырақтан ылғал, қоректік зат алады да қалыпты өседі.

Балықтарды қолдан өсіру үшін алдымен суқоймаларды жыртқыш (шортан, алабұға) балықтардан және онша бағалы емес түрлерден (торта, шаншар балық) арылтып, соңынан оған аса жоғары өнім беретін (тұқы, ақсаха және басқа) балықтарды жібереді. Дәл осы суқоймада азықтық организмдерді дамытуға жағдайлар жасалады. Аңшылық шаруашылығын ғылыми негізде жүргізгенде табындар мен үйірлердегі жынысы және жасы бойынша құрылған топтардың қалыпты арақатынасын, сондай-ақжануарларға қажетті азықтық учаскелердің мөлшерін білу қажет.

Жыртқыштарды жойғанда олардың жемтіктестері арасындағы әлсіз және ауру особьтарды құрту арқылы табиғатқа келтіретін санитарлық ролі ескеріледі. Қасқырларды жаппай қырғанда Қанаданың кейбір аймақтарында бұғылар арасында эпидемия пайда болып, олардың саны азайып кеткен. Жыртқыш құстарды жойғанда бастапқыда ауланатын жабайы құстардың (кекілік, шіл) сан мөлшері тез артқанымен де соңынан олардың ішек құрттары және басқа аурулардан жаппай қырылып қалатыны байқалады.

Адам мен жануарлардың әртүрлі инфекциялы ауруларын емдеп, алдын алу үшін антибиотиктер мен фитонцидтер қолданылады. Бұлардың екеуі де өсімдіктерден өндірілетін заттар, олар осы өсімдіктерге зиянды микроорганизмдердің тіршілік әрекетіне қыспақ жасауға бейім келеді. Басқа түрлермен күрестің бейімділігі ретінде көптеген төменгі сатылы саңырауқұлақтар антибиотиктер өндіріп, гүлді өсімдіктердің көпшілігі фитонцидтер бөліп шығарады.

Әдебиет: Жалпы биология. Алматы, 1991. -Б.14-15.

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2020-11-03 14:01:58     Қаралды-8678

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »