Қолдан сұрыптау. Жануарлар тұқымы мен өсімдіктер сорттарының эволюциялық факторлары
Дарвин ұй хайуанаттарының жаңа тұқымдары мен мәдени өсімдіктердің жаңа сорттарын қалай алу практиктерге жақсы белгілі деп есептеді. Ол сондықтан алдымен тұқымдар мен сорттардың түзілу себептерін, ал соңынан табиғи жағдайда түрлерді қарастырғанда - тек сондай амал колданғанда ғана өз идеясы толығырақ дәлелденеді деп ойлайды.
Тұқымдар мен сорттардың коптүрлілігі. Ірі қараның (сүтті, етті, етті-сүтті), жылқының (ауыр жүк, бәйге аттары), шошқа, ит, сондай-ақ тауықтың көптеген тұқымдары өткен ғасырдың 40-жылдары белгілі болды. Бидай сорттарының саны 300-ден, жүзімдікті 1000-нан асты. Бір ғана түрге жататын тұқымдар мен сорттардың бірінен-бірінің ерекше болатыны соншалық, тіпті олардың әрқайсысын басқа-басқа түр екен деп қалуға болатын еді. Тұқымдардың немесе сорттардың әрқайсысы өз белгілері бойынша әдейі сол мақсатта өсіретін адам мүддесіне қашан да сай келіп отырды.
Түрлердің тұрақтылығы және өзгермейтіні туралы ілімді жақтаушылардың көпшілігі тұқымның және әрбір сорттың әрқайсысы жабайы жеке түрден шықты деп есептеді. Дарвин үй хайуанаттарының әртүрлі тұқымдарының шығу тегін түпкілікті зерттеп, солардың көптүрлілігін жабайы ата-тегі түрлерінің біреуін немесе бірнешеуін әртүрлі бағытта өзгерте отырып, мәдени өсімдіктердің сорттары тәрізді адамның өзі жасады деген тұжырымға келді. Дарвин, әсіресе, көгершін тұқымының шығу тегін егжей-тегжейлі зерттеді.
Тұқымдар мен сорттардың шығу тегі. Көптеген айырмашылығы болғанына қарамастан, үй көгершіндері тұқымдарында өте маңызды ортақ белгілер бар. Үй көгершіндерінің барлығы бірлесіптіршілік ететін құстар, олар жабайы кептерлер тәрізді ұяларын ағаш басына салмай, ғимараттарға ұялайды. Көгершіндердің әртүрлі тұқымдары оңай будандасып, өсімтал ұрпақ береді. Дарвин түрлі-түрлі тұқымдарға жататын особьтарды будандастырғанда реңі жабайы көк кептерге кереметтей ұқсас ұрпақ алды. Ғалым үй көгершіндерінің барлық түрі бір ғана түрден - Жерорта теңізінің жағалауындағы тік жартастарда мекендейтін, сондай-ақ Англияның солтүстігіне таман және Норвегияда таралған жабайы көк кептерден шықты деген қорытынды жасады. Оған кәдімгі көгершіннің жамылғы қауырсындарының реңі ұқсас.
Дарвин анатомиялық және физиологиялық белгілерін жете зерттеу арқылы барлық үй тауықтарының банкив тауығынан - Үндістанда, Шри-Ланка және Зонд аралдарында мекендейтін жабайы түрден шыққанын; ірі қара тұқымдары сиырлардың XVII ғасырда жойылып біткен түрі турдан; шошқалар тұқымдарының жабайы шошқадан шыққанын дәлелдеді. Бақша капустаның сорттары күні бүгінге дейін Европаның батыс жағасын бойлай кездесетін жабайы капустадан шыққан.
Сурет – Капуста тұқымдары (Дарвин бойынша) және олардың жабайы арғы тегі
Жаңа тұқымдар мен сорттарды шығару. Үй хайуанаттарының тұқымдары мен мәдени өсімдік сорттар түрлерінің өте көптігін және олардың адам өсірген мақсатқа сай келуін тек тұқым қуалайтын өзгергіштікпен ғана түсіндіру жеткілікті бола қояр ма екен?
Дарвин ауылшаруашылық әдебиеттеріне, көрмелердің есеп беру баяндамаларына, көне каталогтар мен прейскуранттарға көңіл аударып, жылқы өсіретін заводта істеушілердің, көгершін өсірушілердің, бағбандардың іс-тәжірибелерін зерттеді, сөйтіп бұрынырақ тіршілік еткендерімен салыстырғанда белгілері бойынша әлдеқайда жетілген және алуан түрлі жаңа тұқымдар мен сорттардың үнемі пайда болып тұратынын дәлелдеп берді. Кейбір жағдайларда жануарлар мен мәдени өсімдіктердің жаңа белгілері кездейсоқ, кенеттен пайда болды, адам оларды белгілі мақсатқа орай жинақтап, сұрыптаған жоқ. Қысқа сирақты қой, тұтас жапырақты қойбүлдірген, міне, осылай пайда болды. Олардың әдеттен тыс қасиеттері адамды қызықтырып, ол бұл белгілерді тұқымдар мен сорттарда орнықтырды. Алайда адам, әдетте тұқымдар мен сорттардың өзіне қажетті белгілерін жасау процесіне ұзақ уақыт белсене қатысты.
Адам тайпа үшін табын және үйірден, егістік пен жүйектен және т. б. жеке жануардың немесе өсімдіктің қандай да бір көңіл аударарлык, тіпті мардымсыз болса да, тұқым қуалайтын ерекшеліктерін байқаса-ақ болды, сол особьтарды сұрыптап будандастырды. Қалған особьтардың бірде-бірі көбейтуге қатыстырылмады. Тұқым қуалау белгісі айқынырақ білінген особьтарды тұқымдық аталықтар ретінде ұрпақтан ұрпаққа қалдырып отырды. Сөйтіп, дәл осы жасанды популяциядағы белгілер күшейіп, жинақтала берді.
Қейде ұрпактан гендер комбинациясын, яғни жасанды сұрыптауға қажетті алуан түрлі материалдарды көбірек алу үшін алдымен будандастырып, соңынан сұрыптайды. Мысалы, әлемге әйгілі орыстың орлов желісті тұқымының негізі осылай алынған болатын. Алдымен арабтың салт мінетін тұқымды айғыры даттың ауыр жүк тартатын биесімен будандастырылып, солардан пайда болған айғыр - голланд желісті тұқымды биемен будандастырылды. Бұдан соң арнаулы белгілері бойынша сұрыпталды.
Сұрыптаудын, творчестволық ролі. Мүше немесе белгі сұрыптау нәтижесінде адамның қалаған деңгейіне дейін өзгереді. Жабайы ата тегі ортақ тұқымдар мен сорттар адам әсерінен шаруашылық мақсатқа, адамның талғамы мен талабына сай сан алуан бағытта дамыды. Олар барған сайын біріне-бірі және өздері шыққан жабайы түрге ұқсамайтын болды. Тұқымдар мен сорттар эволюциясындағы қолдан сұрыптау ролін адамға жарамсыз ауытқуларды жай ғана електен өткізу деп түсіну дұрыс емес. Адам особьтарды қажетті тұқым қуалайтын өзгеріске сұрыптағанда мүлде жаңа сорттар мен тұқымдарды, яғни бұдан бұрын ешқашан болмаған белгілері мен қасиеттерін адамның өзін қалыптастырған органикалық формаларды жасап шығарады.
Сондықтан адам мүддесіне бейім жануарлардың жаңа тұқымдары мен өсімдіктердің жаңа сорттарын түзуде қолдан сұрыптау негізгі қозғаушы күш болып табылады. Қолдан сұрыптау туралыілім адамның үй хайуанаттары тұқымдары мен мәдени өсімдіктердің сорттарын ғасырлар бойы жасаудағы іс-тәжірибесін теориялық тұрғыдан қорытындылап, қазіргі кездегі селекция негіздерінің біріне айналды.
Сурет - Тұқым белгілерінің біртіндеп үдей түсуі
Әдебиет: Жалпы биология. Алматы, 1991. -Б.14-15.
Жарияланған-2020-11-03 13:56:36 Қаралды-1697
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Информатика
- Қазақстан тарихы
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Тіл ғылымы, Филология
- Философия
- Физика, Химия
- Стандарттау және сертификаттау
- Спорт
- Автоматтандыру
- Аудит
- Ауыл шаруашылығы
- Биотехнология
- Бухгалтерлік есеп
- Журналистика
- Кедендік іс
- Құқық, Қоғам, Криминалистика
- Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару
- Өндіріс, Өнеркәсіп, Құрылыс, Мұнай-газ, Электротехника
- Туризм
- Халықаралық қатынастар
- Экономика, макроэкономика, микроэкономика
- шет тілі
- Ауыл шаруашылық
- Медицина