Мазмұны
бет
|
Нормативті сілтемелер |
|
|
Анықтамалар |
|
|
Қысқартулар мен белгіленулер |
|
|
Кіріспе |
|
1 |
Аналитикалық шолу |
|
1.1
|
Байланыс желілерін талдау 1.1.1 Желі технологиясынын негізі 1.1.2 Желінің құрылуының логикалык үлгісі |
|
1.2
|
Байланыс желісінің жүйе–техникалық синтезі 1.2.1 DSL технологиясын сындарлы талдау 1.2.2 ATM over ADSL технологиясының артықшылығы мен кемшіліктері |
|
2 |
Технологиялық бөлім |
|
2.1
|
Байланыс желілерінің ақпараттық қамтамасыз етуі 2.1.1 Мәселені қоюды негіздеу 2.1.2 Желіні жобалау есебінің қойылымы |
|
2.2
|
Байланыс желілерінің құрылымын әзірлеу 2.2.1 ATM over ADSL қызметін ұйымдастыру қағидалары 2.2.2 ATM over ADSL технолгиясының деректерді тарату әдістері 2.2.3 DMT- ны CAP-пен салыстыру 2.2.4 ATM over ADSL жабдығына салыстырмалы талдау жасау |
|
2.3
|
Байланыс жүйелеріндегі монтаждау жұмыстарын ұйымдастыру 2.3.1 Желіге АТМ анализаторларын қосу әдістері 2.3.2 Жұмыс шешімінің мақсатқа лайықтылығы 2.3.3 Қатынас құру желісіне сұлба жасау |
|
2.4
|
Байланыс алгоритмдерін есептеу 2.4.1 Қатынас құру желісінің өткізу қабілетінің есептелінуі 2.4.2 ATM over ADSL сызығының мүмкін болатын жылдамдығын есептеу 2.4.3 АТМ – ге арналған өлшеуіш концепциясы |
|
2.5
|
Жеке тапсырма 2.5.1 Жаңа буының желілері |
|
3 |
Тіршілік қауіпсіздігі |
|
4 |
Экономикалық бөлім |
|
5 |
Бизнес–жоспарлау |
|
|
Қорытынды |
|
|
Пайдаланған әдебиеттер тізімі |
|
|
Қосымшалар |
|
|
Резюме |
|
Кіріспе
Цифрлы байланыс желілерінде цифрлы жалғау жүйелерін (ЦЖЖ) пайдаланып уш түрлі жалғау әдістері қолданылады.
Арналарды жалғау. Бұл әдіс телефон желісінде пайдаланылады, бұл жалғау әдісі сөйлесу кезінде абоненттер арналарды толық иемденеді де, сөйлесу накты уакыт өлшемінде өтеді, байланыс жолының пайдалану тиімділігі төмен.
Хабар жалғау. Дерек көлемі және жеткізу уакыты шектелмейді, сондыктан жолданатын дерек әрбір жалғау жүйесінде уакытша сақталады. Жолданатын ха-бардың басында қабылдаушы құрылғының мекенжайы және желімен тарату ба-ғыты көрсетіледі, соңында бұрмаланудан қорғайтын блокпен қамтмасыз етіледі. Қабылданған хабарда қателер кезіксе, қабылдаушы оны қайталап беруді талап етеді. Бұл әдіспен байланыс жолы тиімді пайдаланады.
Десте жалғау. Десте дегеніміз өлшемі бірнеше байттан жүздеген килобайтка дейін болатын деректің пайдаланушыға бөлінбей жеткізілетін бөлігі. Таратылатын хабар жалғау жүйесінде қысқа дестелерге бөлінеді, әрбір дестеде мекен-жайы және реттік саны (нөмірі) керсетіледі, жалғаушы жүйе босаған арнамен бағыттаушы кестесін пайдаланып тиісті торапка бағыттайды, кабылдаушы нүктеде дестелер реттік санымен пайдаланушынын құрылғысына беріледі.
Десте жалғаушы (коммутациялаушы) желілерде дерек дестесін жолдаудың екі түрлі механизмі колданылады - дейтаграммалық және виртуалды арналармен жолдау.
Дейтаграмма жалғыз дестеден түратын дерек. Дейтаграмманың ерекшелігі алдын - ала жалғауды кажет етпейді. Торапқа келіп түскен дейтаграмманы енді кай торапқа жіберу керектігін дестенің басында керсетілген мекен-жайына байланысты әр торап өзіндегі бағыттау кесте бойынша шешеді және бір-біріне байланыссыз таратылып, жеке-жеке өңделеді.
Дейтаграмма әдісі график өндеуде қолайлы болғанымен, көлемді желілерде
дестенін басында корсетілген толық мекенжайы бойынша дестені бір тораптан
екінші торапка жолдауда шешім кабылдау үшін өте үлкен бағыттаушы кестесі
және десте басында ұзын мекен-жай аймағын пайдалануды кажет ететіндіктен
дестенің желідегі жылдамдығы айтарлықтай төмендейеді.
Виртуалды арна механизмі, жолдауға дайын дерек бар болса, онда оны жолдаушы мен кабылдаушыны тікелей косып желіде байланыс жолын құрады. Басқаша айтқанда виртуалды арна дерек тарату кезінде ғана құрылады:
Виртуалды арналар жалғанатын (коммутацияланатын) және тұракты (жалғанбайтын - коммутацияланбайтын) болып екіге бөлінеді.
Жалғанатын виртуалдық арнамен дерек жолдауға сұраныс келгенде желінін
жалғаушы жүйелері өздігінен (автоматты түрде) десте жолдау күйіне келтіреді.
Тұрақты виртуалды арнаны желі әкімшілігі желінін орталықтандырылғаи басқару жүйесін қолданып немесе колмен желінің жалғау жүйелерін алдын - ала күйіне келтіріп үйымдастырады.
Сонымен, дестеленген деректі дейтаграмма, жалғанатын және тұрақты виртуалды арна әдістерімен жолдауға болады.
Дейтаграмма әдісі алдын - ала жалғауды қажет етпейтіндіктен жолданатын дейтаграммалардың кешеулдеуі аз болады. Бұл әдіс кысқа дейтаграммаларды, әсіресе, дейтаграмманың жолдау уакыты мен жалғау уақыты өлшемдес болған жағдайда өте тиімді.
Жалғанатын виртулды арнамен (SVC тәртібі) десте жолдау алдын - ала жалғауды талап ететіндіктен, дестенің виртуалды арнамен таралу уақытына косымша жалғау уақыты қосылып дестенің кешеуілдеу уақытын ұлғайтады. Бұл қосымша кешеуілдеу, әсіресе, қысқа дестелердің жолдау уақыты мен виртуалды арна құру уакыты өлшемдес болған жағдайда тиімсіз.
Дейтаграммалық әдіс желідегі өзгерістерге жылдам бейімделеді. Жалғанатын виртулды арнаның (SVC тәртібі) жалғаушы қүрылғысы немесе виртуалды арна-ның бағытталған бөлігі Бұлінген жағдайда виртуалды арнаны Бұлінген бөлігінен басқа бағытпен қайтадан құруды қажет етеді.
Бұл екі әдісті салыстра келіп түйіндейтініміз, көлемді дестелер ағынын вир-туалды арнамен жылдам таратылатындыктан оны құруға кеткен уақыттың орны толтырылып (SVC тәртібі) айтарлықтай тиімді екенін көрсетеді.
Тұрақты виртуалды арна өдісін (РVС тәртібі) пайдалануды карастырсақ, бұл әдіс дерек дестесін тарату үшін виртуалды арна құруды қажет етпейді, бірак виртуалды арналарды алғаш үйымдастыруда жұмыстың басым көпшілігі қолмен істелетіндіктен желіні кеңейту (масштабируемость) оңайға соқпайды. Аякқы тораптарының саны N болатын желінін топологиясын толық байланысты етіп ұйымдастыру үшін N(N-0/2) арна қажет. Жалпы, РVС негізінде үлкен желілер құрудағы жүмыстың көлемі квадраттық функция заңдылыгымен өседі. Ал осындай желіні дейтаграммалық протоколдарды қолдансақ, ІР - протоколына ұқсас, желінің құрделілігі N - ге пропорционал болады.
Виртуалды арнамен таратылатын дерек өлшемін (үлесін) желі технологиясына байланысты әртүрлі атау пайдаланады. Х.25 желісінде - десте, Frame Relay желісінде - кадр, АТМ - желісінде ұяшық (ячейка), ал Бұлардың бір-бірінен айтарлықтай ешқандай айырмашылығы жок.
Виртуалды арна әдісін (механизімін) пайдаланып дерек тарататын технологиялары әртүрлі желілер сапалы қызмет керсетудің QoS (Quality of Service) параметрін әртүрлі жолмен шешеді. Мысалы Х.25 желісінде бұл параметр мүлдем ескерілмейді, себебі виртулды арналар тек бағыттаушы кестелерімен сипатталады Frame Relay технологиясында виртуалды арнаның өткізу қасиетіне талап коюға болады, ал АТМ технологиясында виртуалды арнанын вткізу мүмкіншілігіне қойылатын талапқа косымша, QoS талаптарының, дестелердің кешеуілдеуі және жоғалған дестелердін пайызы сыяқтылары ескеріледі.
Виртуадды арналарды пайдаланатын желілер пайдаланушылардың акпаратпен алмасуын камтамасыз ету үшін арнайы дестелер пайдаланады.
Дестелерді желінің бір торабынан екінші торабына жолдау үшін дестенін басында арнайы белгілер оналастырылады. Дестедегі мұндай белгі әр технологияда әртүрлі аталады. Мысалы: Х.25 желісіндс логикалык арна нөмірі, Frame Relay технологиясында дерек арнасын косудын аныктаушысы, АТМ гсхнологиясында виртуалды арнаны аныктаушы (идентификаторы). Бұл белгілердің атаулары әртүрлі болғанымен атқаратын міндеттері бірдей: аралык торап, бұл технологияларда жалғаушы (коммутатор) деп -аталатын құрылғы, келіп түскен дестенің басқы белгісінің мағынасын окыйды сонан кейін өзінін жалғаушы кестесін пайдаланып келген дестені кай шығыс портына жіберу керек екенін анықтайды.
Дейтаграмма әдісі шоғырланған есептеуші желілерде (ШЕЖ) (ЛВС) және ІР желілерінде қолданылады. Виртуалды арналарды Х.25, Frame Relay және АТМ желілері колданады. Жалғанатын виртуалды арналарды құру арнайы әр типті және форматты дестелерді пайдаланатын қызметтік протоколдармен іске асырылады. Мұндай протокол АТМ желісінде - Q.2931, Frame Relay желісінде -Q.931, Х.25 жслісінде виртуалды арна кұру кызмет тәртібін ұйымдастырушы негічгі протоколдарының бірі болып табылады, сондықтан арнайы аталмайды.
1 Аналитикалық шолу
- Байланыс желілерін талдау
1.1.1 Желі технологиясынын негізі
Акпараттық жүйенін күрделігі және компьютерлер мен саналуан телекоммуникация техникаларын шығаратын өндірістер мен пайдаланушылардың көбейуы акпаратпен алмасу ережелерін, тәртібін және логикалык әрекеттерін бір жүйеге келтіріп стандарттауды талап етті. Бұл бағыттағы ізденістің нәтижесінде 1980 жылдардың бас кезінде Халықаралык стандарттау ұйымы (ISО – international standard orqanization) ашык жүйенін өзара әрекеттесуінің (OSI – Ореn system interconnection) эталондық үлгісін ұсынды, 1.1 сурет.
Бұл үсыныс барлык елден құптау тауып, бүгінгі күні кезкелген телекомму-никациялық жүйелердін концептуалдык, терминологиялык және әлістемелік негізі болып саналады.
Ашык жүйенін өзара әрекеттесуінің үлгісне сәйкес (АЖӨӘҮ) апараттык жүйелердің обьекттерінің өзара әрекеттесуінің барлык мәселесін тиімді ұйым-дастыру үшін желілірдің қызметтері жеті деңгейге бөлінген. Әрбір деңгей өзіне жүктелген белгілі логикалық кызмсттерді шешеді және өзінен жоғары тұрған деңгейді белгілі бір қызмет жыйынтығымен қамтамасыз етеді. Қолданбалы деңгей (Аррlісаtion layer - АL).
Пайдаланушылардын қолданбалы процесстеріне ақпараттык жүйенің қоры мен сервисін пайдалануға мүмкіншілік тудыру. Бұлар файлдарды тарататын және қабылдайтын программалар, желінің жұмысын басқару. Бұл денгейдің басты міндеті пайдаланушыларды қолайлы интерфейспен қамтамасыз ету. Бұл деңгейде дайындалатын хабар. Таратылатын хабар екі бөліктен тұратын стандартты форматқа келтіріледі. Бірінші бөлігі таратылатын хабардың мағыналы бөлігі ал екін-шісі оның такырыбы (кабылдаушы процесінін мекен-жайы, кызметтің аты және т.б.кызметтік акпараттар).
Дерек ұсыну деңгейі (Presentation Lауеr - РL) . Қолданбалы деңгейден келіп түскен хабарды тарататуға дайындау. Деректі акпараттық жүйеде прайдаланатын қалыпқа (форматка) келтіру. Қабылдаған кезде кері түрлендіру (өзі қолданатын қалыпқа (форматына) келтіру). Пайдаланушы құрылғыларының бір - бірімен акпаратпен алмасуын қамтамасыз ету үшін, бұл деңгейде әрбір биттің мағынасы маңызды болады. Деректі қалыпқа келтіру символдардың биттік өлщеуін бит және байт тізбектерін тәртіпке келтіру; символдарды кодалау (қастықпен басқа біреудің пайдаланбауы үшін) файлдын құрылымы мен синтаксисі. Жолданатын деректерді сығу (копрессиялау) және сығылып келген деректерді жазу (декомпрессиялау).
Сеанстык деңгей (Session Lауеr - SL)
Акпаратпен алмасудың басталу мен аяқталу (қалыпты және апаттык жағдайларда) уакытың және алмасу тәртібін айқындайды. Байланысқа шығу үшін пайдаланушының аты мен паролін, жүйенің қандай қорларың пайдалануға күкығын (рұқсатын) барын тексеріп, байланысты активті жағдайда ұстау ережесін аныктайды. Сеанстың дұрыс жүріп жатқанын тексеру үшін синхрондау нүктесі деген үғым пайдаланады. Келісілген белгілі уакыт аралығында әр станция өз күйін хабарлап тұруга міндетті. Егер станциядан белпленген уакыт аралығында ешкандай хабар келмесе бұл станциямен жұмыс токтатылады.
Сурет 1.1. Ашық жүйенің өзара әрекеттесуінің эталондық үлгісі
Тасымалдаушы (транспорттык) деңгей.
Деректі тиімді және сенімді таратуды камтамасыз етеді. Тасымалдаушы деңгейдің кызметін почтаның кызметімен салыстыруға болады. Сіз жіберетін хатынызды почта жәшігіне салғанда, бұл хат калай жетеді деп ойламайсыз, бұл поштаның жүмысы. Дәл осы сыяқты сеанстық деңгей тасымалдаушы деңгейге қайда және кімге деректі жеткізу керек екенін көрсеткеннен кейін, онын көрсетілген мекенжайға жеткен не жетпегенін ғана тексереді. Деректі көрсетілген мекен-жайға жеткізу мәселесін тасымалдаушы деңгейдін өзі шешеді. Соңғы мекен-жайды көбінесе Порт (Роrt) немссе Сокет (Sосket) деп атайды.
Желілік деңгей.
Бір желімен екінші желілі құрылғыларын бір - бірімен байланыстыру. Желілік деңгейге таратылған деректерді желінің бір құрылғысынан екінші құрылғысана бағыттау және ретрансляциялау міндеттері жүктелелі. OSI үлгісі желінің әр жүйесін жіберуші немесе алушы шеткі жүйе, бағыттаушы және ретрансляциялаушы аралық жүйе деп бөледі. Желілік деңгей жабдықтары кадрлы өңдеп жоғарғы деңгейге десте түрінде береді. Шеткі жүйелер OSI үлгісінің барлық жеті деңгейін, ал аралык деңгей тек ретрансляциялау қызметін орындап төменгі екі деңгейді пайдаланады. Күрделі желілердің екі жүйелерінің арасында багыт кез келген уакытта бірнеше дерекетердің байланысымен орындалуы мүмкін.
Арналық деңгей.
Жүйелерді жалғау, жалғауды ажырату және бір жүйе мен екінші жүйе арасында сапалы дерек таратуды қамтамасыз ету. Арналык деңгейге жүктелетін негізгі міндеттер жоғарғы деңгейден келіп түскен дерек ағымын физикалык деңгеймен тарату үшін белгілі бір ережемен топтап кадр құрастыру. Таратылатын кадрды физикалық деңгейде (арнада) мүмкін болатын бұрмаланудан корғау, синхрондау және дерек ағыны мен арнадағы деректердің өзара байланысын баскару.
Физикалык дедгейден келіп түскен кадрлардың бұрмаланғаның мүмкін болғанша түзетіп жоғарғы (желілік) деңгейге ретімен сапалы дерек жеткізу.
Физикалык деңгей .
Физикалық тізбек (кабель, оптикалык талшык, эфир) арқылы бит ағындарын таратуды қамтамасыз етеді. Физикалык деңгейдің негізгі кызметі бит тізбегін (элетрлі, оптикалы немесе радио сигнал) тарату және қабылдау.
Желілер технологиясының стандарттарының көпшілігі ашық жүйелердің өзара әрекеттесуінің (OSI) үлгісіне (моделіне) негізделген және дайындаған протоколдары мен қызмет көрсету құжаттарында ХСҮ (Халықаралық Стандарт-тау Үйымы) (180) қабылдаған терминдерді қолданған.
Интерфейс - физикалық немесе логикалык деңгейде программалардың немесе физикалык құрылғының өзара әрекеттесуін камтамасыз ету үшін қалыптастырылған ережелер жиынтығы. Жалпы айтқанда, жалғаушының физикалық сипаттамасымен, сигналдарының параметрлерімен және олардың мәндерімен анықталатын екі құрылғының немесе ортаның ортак шекарасы. Мысалы, екі программаның немесе физикалык құрылғының бірігіп пайдаланатын шекаралық аймағын интерфейс деп атайды. OSI үлгісі бір жүйенің іргелес деңгейлері интерфейс қызметін аткарады. OSI үлгісінің n - ші деңгейі қызмет ұсынушы, ал (n+1) - ші деңгейі қызмет пайдаланушы немесе қолданушы ретінде қарастырылады. Бұл қызмет жыйынтығы n - ші және (n+1) - ші іргелес деңгейлерден деректің құрылымын және онымен алмасу тәсілдерін (алгоритмін) аныктап деңгейлер арасында абстракты интерфейс құрайды.
Желі құрылымында абстракты интерфейспен қатар маңызды орын алатын нақты интерфейстер қолданылады. Олар физикалык деңгейде, мысалы. Х.25 желі-сінде DТЕ мен DСЕ - ні косып акпаратпен алмасуын қамтамасыз ететін Х.21 және Х.21bis синхронды интерфейстері. Х.21 интерфейсі цифрлы арналы, ал Х.21 bis интерфейсі V сериялы модеммен аналогты арналы бұқаралық желімен қатынауда қолданылады.
Төмендегі, 1.2 суретте OSI технологиясы бойынша дерекпен алмасу тәртібі көрсетілген. Әрбір деңгей өзіне жүктелген кызметін орындау үшін жолдайтын дерегіне «бастаушы» белгісін орналастырып келесі деңгейге береді. Бұл бастаушы белгіге орналастырылған ақпарат келесі деңгейді басқару үшін қажеі. Қолданбалы деңгейден қалыптастырылған дерек осылайша желілік деңгейге жеткізіледі де дестеге бөлініп арналык деңгейге жеткізіледі. Арналык деңгейде десте кадрға салынады. Кадрдың басына жалау (Ж), бастаушы белгі, ал соңына қателерін түзетуші бит тізбегін және аяқтаушы жалау (Ж) орналастырылып, физикалық деңгейге жеткізіледі. Физикалык деңгейге келген кадр ешкандай өзгеріссіз байланыс арнасымен биттер тізбегі түрінде қабылдаушыға жолданады. Қабылдаушы торапта бит тізбегін әрбір деңгей бастаушы белгісіне сәйкес өндеп, өнделген деректен өзінің бастаушы белгісін алып тастайды.
Сурет 1.2. OSI технологиясы бойынша дерекпен алмасу тәртібі
Желінін ұйымдастырлу логикасы көп жағдайларда протоколдармен аныкталады. Протокол хабардың құрылымы мен типін жөнінде оларды өндеу процедурасын - кірісіне берілген хабарға әсерін (реакциясын) және өз хабарын генерациялауын айкынтайды.
Протокол дегеніміз пайдаланушылардың желіге қатынауын және бір желі мен екінші желінің ақпаратпен алмасуын камтамасыз ететін ереже. Протокол электронды құрылғымен оқылып өнделеді. Кезкелген бай-ланыс белгілі бір ережеге негізделеді. Адамдарға болсын, компьютерге болсын байланыс ережесінің ең ыңғайлы түрі екі жақты алмасу-диалог (сөйлесу). Желімен десте таратқанда диалогты белгілі бір ережемен, ақпарат беру кімнің кезегі, егер ақпарат дұрыс болмаса, бұрмаланса не істеу керек, тағы осы сыяктыларды келісіп, анықтап алуды протокол арқылы шешеді
ҚДБ - қолданбалы деңгейдің бастаушысы; ҮДБ - дерек үсынушы деңгейдің бастаушысы; СДБ - сеанстық деңгейдің бастаушысы; ТДБ - тасымалдаушы деңгейдің бастаушысы; ЖДБ - желілік деңгейдің бастаушысы;
Арналык деңгейдің бастаушысы: Ж - жалау, МЖ - мекенжайы, Б баскарушы аймақ, ҚТ - қателерді түзетуші аймақ.
Протокол - желімен дерек жолдаудың аппаратпен және программамен орындалатын процедуралары мен ережелерінің жиынтығы.
Протокол - дерек жолдау кезінде логикалык өзара байланысты нақты қызмет атқаратын жүйелер мен құрылғылардың (немесе олардын бөліктерінің) жүріс-тұрысын анықтайтын семантикалық және синтаксистік ережелер жиынтығы (хабармен алмасу негізінде өзара әрекеттесетін процесстердің ережесі). Протоколды дәйектегенде оның логикалык және процедуралық сипаттамаларын жекелеп қарастыру қабылданған.
Протоколдың кұрылымы (форматы) мен хабарының мағынасы (семантикасы) логикалык сипаттамасы деп аталады. Протоколдың логикалык сипаттамасында оның (протоколдың) кұрылымындағы хабарының мазмұны мен типі аталып көрсетіледі. Өзара әрекеттесетіруші протоколдың нұсқауымен белгілі бір әрекеттің орындалу ережесін (тәртібін) процедуралық сипаттамасы деп атайды.
1.1.2 Желінің құрылуының логикалык үлгісі
Кезкелген желі технологиясының кұрылымы негізгі және терминалдык желі деп қарастырылады. Негізгі желіге жалғаушы түйіні және желі тораптарының байланыс жолдары, ал терминалдық желіге терминалдар және абоненттердің байланыс жолдары жатады. Телекоммуникация желілерінің осылайша құрылуын тек топологиясының ғана емес ашық жүйенің өзара әректтесушін эталондық моделінің тұрғасынанда қарастыруға болады.
Сурет 1.3. Десте жолдаушы желінің моделі
Терминалдық желідегі абоненттік жүйе (АЖ) қолданбалы процесс (ҚП), терминалдық жабдықтарды (ТЖ) және аякты (ақырғы) транспорттық стансаны (АТС) қамтыйды. Терминалдық жабдыктар (ТЖ) ашық жүйенің өзара әректтесуінің эталондык моделінін үш деңгейін (колданбалы, ұсынушы және сеанстык), ал аяқты транспорттық станса (АТС) төрт денгейін (физикалық, арналық, желілік және транспорттық) қамтыйды.
Негізгі желі арқылы ақпарат таратуды төменгі төрт деңгей орындайды. Олар 1.3 - суретте көрсетілген физикалык деңгейдің модулі (ФДМ), арналык деңгейдің модулі (АДМ), желілік деңгейдің модулі (ЖДМ) және тасымалдаушы деңгейдің модулі (ТДМ). Бұл жерде «модуль» терминімен деңгейдің активті элементтерімен (объекттермен) қоса шектес ашық жүйедегі сәйкес объектілермен өзара әрекеттескенде өтетін процедураларын атаймыз.
Негізгі желіде, акпараттык бірлік үшінші деңгейден жоғары көтерілмей-тіндіктен, ашык жүйенің өзара әрекеттесуінің эталондық моделінің тек үш деңгейін пайдаланады. Кез келген десте жалғаушы түйінде, оның статусына (аякты, транзиттік) байланыссыз ФДМ, АДМ және ЖДМ үш модуль болады. Егер физикалық және арналық деңгейлердің модульдері абоненттік немесе байланыс жолының құрамында болса, желілік деңгейдің модулін жекшеленген (ЖДМЖ) және топтық (ЖДМт) модульден екі бөлікке бөліп қарастыруға болады. Жекешеленген желілік деңгейдін модулі (ЖДМЖ) физикалык және арналык деңгейлердің модульдеріне сәйкес әрбір абоненттік немесе байланыс жолына қызмет көрсетсе, топтық желілік деңгейдің модулінің (ЖДМТ) бір өзі барлык ЖДМЖ- лерді біріктіреді. ЖДМЖ - де дестелердің форматын тексеру, олардың нөмірленуін, қателерін тексеру, шектес тораптардың сәйкес модельдерімен және аяқты транспорттық стансаның сәйкес желілік деңгейдің модульдерімен (ЖДМ) әрекеттесіп десте ағынын басқару сияқты кызметтер орындалады. ЖДМт - де дестелерді бағыттау, оларды буферлерде сактау, кезек тәртібін сақтау, деректерде архивтеу қызметтері орындалады. Бұдан түйіндейтініміз, әрбір абоненттік немесе байланыс жолы үш деңгейлік бағыттаушымен тораптың ішінде аяқталады, жәнеде олардың бірі-бірімен жоғары (үшінші) деңгейде өзара әрекеттесуі тек кана ЖДМт аркылы өтеді. Екінші көңіл аударатын аяқты тасымалдаушы стансаның (АТС) тасымалдаушы деңгейің модулі (ТДМ). ТДМ тек АТС құрамында ғана бар және басқа АТС - тің өзі сыяқты ТДМ - мен әрекеттеседі. Осылайша әрекеттесу десте жолданылатын бағытты толық қамтыйды (егер альтернативті бағыт болса оны да қамтыйды). Бұл хабардың «шеттен - шетке» («из конца в конец») дейін өткенін тексеруді камтамасыз етеді.
1.1.3 Сандық абонент линиясы (xDSL) және ATM/SDH технология
Сандық абонент линиясы (xDSL) және ATM/SDH технология қазіргі кезде ең кеңінен таралған желілік технологияларына жатады. Бірақ кейбір өндірушілер ATM/SDH технологиясын қаламайды. Сонымен бірге xDSL технология дамып кележатыр және аппараттық өндірушілер оны өндіріп жатыр.
Бастапқы кезде ( 80 жылдардың соңында) аталған технологиялар әртүрлі еспетерді шығаруға арналған еді, сондықтан олар тәуелді дамыған. Бірақ олар барлық желілік анфрақұрылымдардың ішіне ене бастады және болашақты перспективалары көріне бастады, сондықтан ATM/SDH технология мен бірге xDSL технологиясы қосылу деген есеп қойылымы тұрғызылған.
Әртүрлі фирмалар жасаған техникалық материалдарда бұл қосылу біресе қолданады біресе қолданбайды. Талқыланатын нұсқаулардың бірі ол АТМ магистралімен DSL каналдырдың қосылуы және сандық абонент каналдарда асинхронды мен синхронды деректерді таратылуы. Сонда желімен 53 байттық АТМ ұяшықтар соңғы пайдаланушыға жетуі.
Желі ішінде ATM/ ережеде рұқсатқа келгенде, кәдімгі телефон линиясында тұрғызылған, әртүрлі xDSL технологиялардың ішінде бірінші орын Asymmetric Digital Subscriber Line (ADSL) технологиясына беріледі. Жәлі рұқсатының архитектурасына байланысты ATM/SDH over ADSL концепция тұрғызылған.
Бүгінгі күні кеңжолақты қызмет түрлеріне тек қана корпоративті пайдаланушылар ғана қатынас құра алады және де көбінесе өте жоғары бағада. Резиденттік (пәтерлік, үйлік) пайдаланушылар, сондай-ақ шағын бизнес өкілдері кабелдік модемдерді, оның ішінде 56 кбит/с модемдерін және xDSL модемдерін қосқанда барлығы, жақын уақыттары шығатын болашақ технологияның өрістеуін күтіп жүр. Жүйе операторларымен және Интернет серверін орнатушылармен (ISP), мыс абоненттік желінің өткізу қабілетін ұлғайту мәселесін, оптикалық талшықты қолданбай-ақ шешуді жеңілдетуге мүмкіндік беретін, xDSL өнімдерінің бірнешеуі қолданылады.
ATM/SDH технология over ADSL технологиясын пайдаланып аумақ ішіндегі байланыс орнатуды қарастырамыз. Cауда орталығы – бұл ерекше комплекс. Ол қаладағы ең ірі сауда комплекстерінің бірі. Ғимарат негізгі үш қабаттан тұрады және көптеген бөлімшелер мен арнайы қызметтік бөлмелерді қамтиды. Ғимарат заманауи стильде тұрғызылған. Бұл ғимарат міндетті түрде Интернет желісіне қосылуы және сапалы байланыспен қамтамасыз етілуі тиіс. Ғимарат Шымкент қаласының орталығында орналасқан.
Аумақ ішіндегі жақын арада тұрғын үйлер орналасқандықтан оған барлық коммуналдық қызмет түрлері жүргізілген. Соның ішінде телефон байланыс жолдары да бар. Осы жолдар арқылы интернетті де ұйымдастыруға мүмкіндік бар.
ATM/SDH технология over ADSL Интернетке жоғары жылдамдықты қатынас құру құралы ретінде өзіне ерекше көңіл аудартты. Ғимаратқа жоғары деңгейлі, сапалы байланысты орнату үшін жақсы шешім болады. Және де айтып кетерлік мәселе, Қонаев даңғылына жақын маңда «Қазақтелеком» станция орталығы орналасқан. Ол біздің аумақ ішіндегі жақын ара қашықтықта орналасқан. Бұл ATM over ADSL технологиясын пайдалануға бірден-бір себеп болуы мүмкін. Өйткені, бұл технологияны пайдалану станция мен тұтынушы аралығы сегіз км-ден аспауы керек, кері жағдайда байланыс нашарлап немесе тіптен жоқ болуы мүмкін. ATM over ADSL технологиясы байланыс орнатудың арзан, әрі жеңіл комплексті шешімі болып табылады.
1.2 Байланыс желісінің жүйе–техникалық синтезі
1.2.1 DSL технологиясын сындарлы талдау
DSL технологиялары пайдаланушыларды жоғары жылдамдықта деректер тарату жүйесімен қамтамасыздандырады.
Біріншіден, DSL технологиясының түрлері әртүрлі деректер тарату жылдамдығын қамтамасыздандырады, бірақ, кез-келген жағдайда бұл жылдамдық ең шапшаң деген аналогтық модемнің жылдамдығынан неғұрлым жоғары.
Екіншіден, DSL технологиялары өз жұмысында абоненттік телефон желісін қолданатынына қарамастан, сізге қарапайым телефон байланысын қолдануыңызға мүмкіндік береді. Сізге DSL технологиясын қолдана отырып, маңызды ақпараттарды тура уақытында ала алмай қаламын деп мазасызданудың қажеттігі болмайды, немесе қарапайым телефон қоңырауы үшін сізге алдымен Интернет желісінен шығу қажет болмайды.
Үшіншіден, DSL желісі әрқашанда жұмыс істеп тұрады. Байланыс әрқашанда орнатылып тұрады және сізге қашан қосылу керек болған сайын телефон нөмірін теріп, байланыс орнатылуын күтіп тұру қажеттігі болмайды. Сізге желіден өмірлік маңызды ақпарат алып жатқан кезде желіде кездейсоқ үзіліс болып қалу туралы мазасызданбасаңыз да болады. Электронды жәшікті сіз тексергіңіз келген кезде емес, келіп түскен сәтте-ақ аласыз. Жалпы айтқанда, желі әрқашанда да жұмыс істейді, ал сіз әрқашанда да желіде боласыз.
Көп салалы аумақ ішіндегі, әрі өте үлкен ғимарат болғандықтан мұнда міндетті түрде ішкі локалды желі орнатылған. Бұл желі ғимараттың ішіндегі қолданушылар арасында байланыс орнатады. Ал ATM over ADSL-модемі арқылы осы ішкі желіні толығымен Интернетке кіру мүмкіндігімен қамтамасыздандырамыз. Арине бұл ғимаратта сондай басқа да жаңа Интернетке қосылу түрлерін қолданады. Бірақ негізгі әрі арзан жолы ретінде
ATM/SDH технология over ADSL технологиясы қолданылады. Оның жоғары жылдамдықты телефон желісін пайдалану мүмкіндігі де үлкен орын алады.
Ішкі желіні интернетке ATM/SDH технология over ADSL арқылы қосылу сұлбасы 1.4-суретте көрсетілген.
Cурет 1.4. Локальді желіні қосу сұлбасы
1.4 суретте көрсетілгендей байланысты ұйымдастыруға бізге жиіліктік бөлгіш (POTS Spliter) және маршрутизатор қызметін орындайтын ATM over ADSL модем қажет. Мұндай модемдер 1.5-суретте көрсетілген. Сплитер түрі телефон кабелінің орналасқанына тәуелді. Егер бірінші телефон мен кабелді кіргізу орындары арасында модемді орнату мүмкіндігі бар болса, онда сплиттер керек болады, ал ондай мүмкіндік болмаса микрофильтрлер керек болады. Олар әрбір телефонға бөлек орнатылады. Осылай ғимарат ішінде тек компьютерлік желі емес, сонымен қатар ішкі телефон желісін де орнатуға болады.
ATM over ADSL сплиттер дыбыстық сигнал жиілігін (0,3-3,4 КГц) ATM over ADSL-модемдер қолданатын жиіліктен (26 КГЦ-1,4МГц) бөліп отырады. Осылайша модем мен телефон аппараттарының бір-біріне әсері болмайды және олардың бір уақытта жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
Cурет 1.5. TD-811, TD -841 ATM/SDH over ADSL 2 маршрутизаторлары
Көптеген шектес технологиялар қатары бар, олардың біреуі соңғы пайдаланушыларға арналған, қалғандары жоғары жылдамдықты ағындардың транзиттік таралуына арналған. Олардың жұмыс істеу қағидаттары ATM over ADSL-ға ұқсас. Мұндай технологиялардың жалпы атауы xDSL.
ATM over ADSL технологиясы абоненттік қатынас құру желісіне кеңінен енгізуге бөгет болатын көптеген ұсақ жетіспеушіліктерге ие. ATM over ADSL құрылғысын орнатудағы бұл қиындықтар нақтылы абонент желісін байыпты түрде күйіне келтіруді қажет етеді (ереже бойынша, компанияның техникалық қызметшісінің қатысуымен – желі операторының), салыстырмалы түрде жоғары құнға ие.
Көрсетілген жетіспеушіліктерді ретке келтіретін ATM over ADSL технологиясының жаңа үлгісі шыққаны туралы хабарламаның шыққанына көп болған жоқ. Оны Universal ATM over ADSL (UATM over ADSL), немесе DSL Lite деп атайды. Шыны керек, бұл технологияларды қолданған кезде ATM/SDH технология over ADSL – ға қарағанда деректер неғұрлым төмен жылдамдықта таралады (3,5 км ұзындықта абоненттік желінің жылдамдығы абоненке қарай - 1,5 Мбит/с, кері қарай - 384 кбит/с; 5,5 км ұзындықтағы абоненттік желі абонентке қарай 640 кбит/с жылдамдықта қамтамасыздандырылады, және 196 кбит/с – кері бағытта). Алайда, бұл құрылғыларды орнату оңай; сонымен қатар, олардың құрамында жиілік бөлгіш болады, сондықтан оны жеке орнатудың қажеті жоқ. UATM over ADSL-модемді қарапайым модем сияқты телефон розеткасына қосу жеткілікті.
Кесте 1.1
Ақпаратты қашықтық бойынша тарату/ қабылдау жылдамдықтары
Қабылдау арнасы |
Тарату арнасы |
Қашықтық |
8,160 Мбит/с |
1,216 Мбит/с |
1,8 км |
7,872 Мбит/с |
1,088 Мбит/с |
2,7 км |
3,648 Мбит/с |
864 Кбит/с |
3,7 км |
1,984 Мбит/с |
640 Кбит/с |
4,3 км |
1,408 Мбит/с |
544 Кбит/с |
4,6 км |
960 Кбит/с |
416 Кбит/с |
4,9 км |
576 Кбит/с |
320 Кбит/с |
5,2 км |
320 Кбит/с |
224 Кбит/с |
5,5 км |
128 Кбит/с |
128 Кбит/с |
5,8 км |
1.2.2 ATM over ADSL технологиясының артықшылығы мен кемшіліктері
ATM over ADSL- дің тағы артықшылығы ретінде оның модемдері арасындағы қатынастың негізгі үш бөліктен тұратыны болып табылады.
Сурет 1.6. ATM/SDH over ADSL технологиясындағы жиіліктік бөлінуі
1.6 - суретте көрсетілгендей жиіліктік модуляция есебінен телефон арнасына 0-4 КГц жиілік қана бөлінеді, ал ақпарат тарату үшін 25-160 КГц және қабылдау үшін 240-1,5 МГц жиілік бөлінеді. Бұл дегеніміз тұтынушының ақпаратты үлкен көлемді жылдам алуына мүмкіндік бар екенін көрсетеді. 160-240 КГц жиілік аралығы көп ауытқуларға бейім келетін болғандықтан қолданыста жоқ.
Қазіргі уақытта келесідей құрылғылар қолданылады:
- Ішкі PCI-модемдері
- USB интерфейсті сыртқы модемдер
- Ethernet интерфейсті сыртқы модемдер
- Ethernet интерфейсті сыртқы маршрутизаторлар (роутерлер)
- Іштей свитч орнатылған және WiFi қосылу нүктелеріне ие сыртқы маршрутизаторлар
- Жұмыс үшін телефон жолдарын пайдаланатын, қорғаныс-өрт қауіпсіздік сигналдауын пайдаланатын Anrex ATM over ADSL маршрутизаторлары
ATM over ADSL модемдерін қосу үшін компьютерде тек USB 2 порты болса жеткілікті. Алайда кей дербес компьютерлер бұл порттарға ие емес, сондықтан арнайы карталарды қолданады. Ол карта 1.7-суретте көрсетілген.
Сурет 1.7. Дербес компьютерге арналған ATM over ADSL карта
Сурет 1.9. ATOMIC 25+ адаптері
Сурет 1.10. AVIDIA концентраторы
Техникалық және эксплуатациалық қиындықтар
Қазіргі ATM over ADSL модемдер жоғары бағадан басқа, көп жерлерді талап етеді және айтарлықтай қуатты шығындайды. Осылай, ATM over ADSL модемдерінің көпшілігі активті күйде 5-тен 8 Вт-қа дейінгі қуат күшін пайдаланады. Стансаларда орнатылған модемдер, әрбір байланысқа бір платадан (карталар) талап етеді. ATM over ADSL технологиясы коммутациялық стансаларға қолданылатындай болуы үшін, қолданылатын қуат күшін төмендету және порттардың тығыздылығын арттыру аса қажет.
Сурет 1.8. Ethernet/ATM құрылымдық желінің ADSL линиясына қосылуы
1.8-суретте көрсетілгендей әрбір абонент пен провайдер арасында жеке-жеке модемдерді талап етеді, олардың әрқайсысын орнату және жұмыс қызметінде ұстау қомақты қаражатты талап етеді. Әрине, бұл шығындар уақыт өте өзі ақталып шығады. Дегенмен де, толық жүйені іске асыруға алдын-ала қаражатты талап етеді.
ATM over ADSL-дің кемшілігі ретінде тағы оның қима сымдардан (яғни, телефон жолында қаншалықты ATM over ADSL абоненті көп болса, соншалықты жылдамдық төмен болып келеді) әлсіз қорғанысын айтуға болады және абоненттен байланыс операторына бағытталған ақпарат тарату жылдамдығының төмен болуы. Барлық мүмкін жақтарын қарастыра отырып ATM over ADSL технологиясын пайдаланған уақытқа сай тиімді және байланыс сапасының жоғарылығы, даму барысында басқа жүйелермен үйлесімділігі қасиеттеріне ие болғандығы үшін таңдалынып алынды.
2 Технологиялық бөлім
2.1 Байланыс желілерінің ақпараттық қамтамасыз етуі
Аналогты жүйеден цифрлық жүйеге өту процесіне көп уақыт кетті. Бірақ ғылым мен техниканың дамуы барысында аналогты жүйені көп қиыншылықсыз цифрлыққа өткізіп, оны дамытып келеміз. ХХІ ғасыр ақпарттық ғасыр болғандықтан бұл саланың дамуы өте қарқынды түрде жүріп отыр. Интернет желісін пайдаланушылар саны уақыт өте көбейіп, байланыстың сапалы түріне көшу қарқынды жүріп жатыр.
Қазіргі уақыттағы ATM/SDH технология over ADSL Интернетке қосылу жүйесінің тарифтік бағасын қарастырайық:
Кесте 2.1
ATM over ADSL технологиясы бойынша Интернетке кіру бағасы
Қызмет түрі |
Төлем көлемі, тенге |
|||
Интернет желісіне қосылу қызметін ұсынғандағы портқа қосылу |
||||
Бөлінген жол бойынша |
52 976,0 |
|||
ATM/SDH over ADSL бойынша |
14 128,8 |
|||
Қызмет түрі |
Төлем көлемі, тенге |
|||
Кіретін/шығатын ақпарат көлемі |
Айлық төлемақы |
Келесі 10 Мбайт кіретін/шығатын ақпарат көлемі үшін төлем ақы |
||
Айлық төлем бойынша қолданылатын трафик, Гбайт |
||||
Трафикті есептеу тариф жоспары |
||||
0.5 |
7 566,7 |
164,2 |
||
1 |
14 341,6 |
155,6 |
||
2 |
27 118,6 |
147,1 |
||
3 |
38 362,2 |
138,7 |
||
4 |
48 100,6 |
130,5 |
||
6 |
70 159,0 |
126,9 |
||
8 |
90 919,4 |
123,3 |
||
12 |
125 123,0 |
113,1 |
||
16 |
161 978,9 |
109,8 |
||
|
90 жылдары ғана шыққан DSL жүйесі қазіргі уақытта кең қолданыс тауып, нарықты баршалықты жаулап алып жатыр. ATM over ADSL технологиясы да даму барысында өз ерекшеліктеріне ие болды. Айтар болсақ, ақпарат таратудың жылдамдығы өсті және бұл үшін төленетін ақы көлемі азайды. ATM over ADSL жүйесінің жаңа модемдерінің пайда болуы мен басқа жүйелермен интеграциялану процесі қарқынды жүріп жатыр.
«Қазақтелеком» АҚ жалпы кеңжолақты Интернет қолданушыларының саны 2008 жылға 660 мың адамды құрады. 2007 жылмен салыстырғанда бұл 124,5%-дық өсімді құрайды. Осы статистикалардың мағынасы кеңжолақты Интернет қолданушыларының күрт өсіп келе жатқанын көрсетеді және бұл тек «Қазақтелеком» АҚ ғана есептеуі бойынша. Тағы басқа фирмалардың ATM/SDH технология over ADSL технологиясы бойынша көрсететін қызметін пайдаланатын тұтынушылар саны бар.
«Қазақтелеком» АҚ 2009 жылғы DWDM технологиясының ендіруіне қатысты және қолданыстағы ақпарат тарату жүйесінің өткізу қабілеттілігінің артуына қатысты компания этап бойынша өткізу жылдамдығы 2 Мбит/сек болатын цифрлық арналардың жалға беру құнын төмендетті. Осыған орай 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап Интернет қолданушылардың айлық төлем ақысы көлеміндегі трафиктің өсуі іске асқан. Мұның бәрі Интернет қолданушыларының санын артырумен қатар, жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.
Қазіргі уақытта ATM over ADSL, ATM over ADSL2, ATM over ADSL2+, ATM over ADSL2++, UATM over ADSL жүйелері пайда болған. Олардың өткізу жылдамдықтары салыстырмалы түрде 1.3-кестеде келтірілген.
Кесте 2.2
ATM over ADSL стандарттарының ақпаратты қабылдау/тарату жылдамдықтары
ATM over ADSL стандарттарының ақпаратты қабылдау/тарату жылдамдықтары |
ATM over ADSL |
ATM over ADSL2 |
ATM over ADSL2+ |
ATM over ADSL2++ |
Абонентке (downstream), Мбит/с |
8 |
12 |
24 |
48 |
Абоненттен (upstream), Мбит/с |
0.832 |
1 |
2 |
3 |
Осы өзгерістерге қатысты стандарттар қатары да қолданысқа түсті. ATM over ADSL технологиясының кемшіліктерін жою мақсатында оны бұрын қолданылып келген және жаңадан шыққан жүйелермен үйлестіру мүмкіндігі де қарастырылуда. Жаңа стандарттар мен ATM over ADSL технологиясының жаңа моделдері 2.3-кестеде көрсетілген.
Кесте 2.3
ATM over ADSL технологиясының даму барысындағы өзгерістері
Стандарт |
Технологияның аталуы |
Абонентке жылдамдық |
Абоненттен жылдамдық |
ANSI T1.413-1998 Issue 2 |
ATM over ADSL |
8 Мбит/с |
1.0 Мбит/с |
ITU G.992.1 |
ATM over ADSL (G.DMT) |
8 Мбит/с |
1.0 Мбит/с |
ITU G.992.2 |
ATM over ADSL Lite (G.Lite) |
1.5 Мбит/с |
0.5 Мбит/с |
ITU G.992.3/4 |
ATM over ADSL2 |
12 Мбит/с |
1.0 Мбит/с |
ITU G.992.3/4 Annex J |
ATM over ADSL2 |
12 Мбит/с |
3.5 Мбит/с |
ITU G.992.3/4 Annex L |
RE-ATM over ADSL2 |
5 Мбит/с |
0.8 Мбит/с |
ITU G.992.5 |
ATM over ADSL2+ |
24 Мбит/с |
1.0 Мбит/с |
ITU G.992.5 Annex L |
RE-ATM over ADSL2+ |
24 Мбит/с |
1.0 Мбит/с |
ITU G.992.5 Annex M |
ATM over ADSL2+ |
24 Мбит/с |
3.5 Мбит/с |
Интернеттің дамуымен қатар оның көрсететін қызметтері де ұлғайып жатыр. Жаңадан шыққан қызмет түрі IPTV (Интернет телекөрсетілімі). Мұндай жүйе әлі қоғамға толыққанды енген жоқ, бірақ даму барысында нарықтағы өз орынын алады. Осыған орай Интернетке қосылу жүйелеріне жаңа талаптар қойылып отыр. Олардың жоғары жылдамдықты болуы телекөрсетілімнің сапасына толық әсерін тигізеді. Бұл мүмкіндік үшін DSL технологиясы арқылы Интернетке кіру мәселесі өз рөлін атқарады. Жоғары жылдамдық, жоғары деңгейдегі сапалы байланыс IPTV үшін бірден бір шешім болуы мүмкін.
Байланыс арнасының параметрлері.
Абоненттік телефондық жолдар ATM/SDH технология over ADSL технологиясы үшін қолдануға келесідей сипатамаларға ие болуы керек:
Біріншілік параметрлер:
- Шлейф кедергісі – 1500 Ом артық емес
- Оқшаулағыш кедергісі – 40 мОм кем емес
- Шлейф сыйымдылығы – 300 нФ артық емес
- Сыйымдылықтық асимметрия – 10 нФ артық емес, немес 5 % артық емес
Екіншілік параметрлер.
Сигнал өшуі (Line Attenuation):
- 20 dB дейін – өте жақсы жол
- 20 dB – 40 dB – жұмыс істеу жолы
- 40 dB – 50 dB – бұзылулар болуы мүмкін
- 50 dB – 60 dB – синхрондау периодты түрде жоғалады
- 60 dB-дан жоғары – құрылғы жұмыс істемейді.
Шуыл деңгейі.
- 65 dB – 50 dB – өте жақсы жол
- 51 dB – 35 dB –жақсы жолы
- 36 dB – 20 dB – периодты түрде бұзылулар болуы мүмкін
- 19 dB және одан төмен – құрылғы жұмыс істемейді
SN Margin (AKA Signal или Noise Margin немесе Signal-to-Noise Ratio(SNR)):
- 6 dB дейін – нашар жол, синхрондау қиыншылықтарының болуы
- 7 dB – 10 dB – бұзылулар болуы мүмкін
- 11 dB – 20 dB – жақсы жол, синхрондаумен еш қиыншылықсыз
- 20 dB – 28 dB – өте жақсы жол
- 29 dB және одан жоғары – тамаша жол
ATM/SDH технология over ADSL үшін орама сымдар қолданған дұрыс («лапша» тәрізді емес), кері жағдайда жылдамдықтың төмендеуі мүмкін.
АТМ және ATM/SDH технология over ADSL технологияларының дамуы барысын екі жүйенің үйлестірілуі болып жатыр. Яғни АТМ/ATM over ADSL модемдерінің, маршрутизаторларының шығуы. Олардың басты ерекшеліктері ретінде АТМ адаптері орнатылған дербес компьютерде трафикті қорыту мүмкіндігі болады. АТМ/ATM over ADSL модемі РРР over ATM және IP over ATM инкапсуляциясын орындауға мүмкіндік береді. Бұл дегеніміз Ethernet жүйесімен үйлесімділікті береді.
DSL технологиясының басқа да стандартары бар: HDSL (High Bit-Rate Digital Subscriber Line - жоғары жылдамдықты санды абоненттік желі), IDSL (ISDN Digital Subscriber Line – ISDN нің санды абоненттік желісі), SDSL (Single Line Digital Subscriber Line – бірсызықты сандық абоненттік желі), VDSL (Very High Bit-Rate Digital Subscriber Line - өте жоғары жылдамдықты сандық абоненттік желі), R-ATM over ADSL (Rate-Adaptive Digital Subscriber Line – байланысу жылдамдығына бейімделген санды абоненттік желі).
2.1.2 Мәселені қоюды негіздеу
Қазіргі кезде мемлекеттік инфроқұрылым ретінде байланыс дамуында үлкен прогресс айқын көрінеді. Шетел компанияларының көбі Қазақстанмен байланыс жүйесі сферасында бірігіп қызмет істейді. Жобалау этапында жергілікті бағалық сипаттамаларының жағдайына қарай байланыс каналдарының әртүрлісін тапсырыс берушінің жиіліктер ауданыда жиілік ресурстарының бар болуын қолданудың дұрыстығын бағалау қажетті. Абоненттер үшін сапалы, әрі ыңғайлы байланыс желісімен қамтамасыз етуді қарастыру.
Бұл дипломдық жобамда Шымкент қаласында аумақ ішіндегі ATM/SDH технология over ADSL технологиясы арқылы жоғарыжылдамдықты Интернетпен қамтамасыз етуді қарастырылды. Дәл осы сауда орталықты алған себебім, бұл ғимарат Шымкент қаласы тұрғындарының демалыс орны болып табылады және оларға көрсетілетін қызмет түрлерінің көпшілігін қамтиды. Осыған орай соңғы заман талаптарына сай деңгейге сәйкес келуі үшін бұл комплекс байланыс түрлерінің барлық түрін қамту керек. Ол байланыс сапасына да үлкен көңіл бөлінеді және қазіргі бүкіләлемдік дағдарыс уақытында байланыстың экономикалық жағына да көп көңіл бөлінеді. Телекоммуникация негізі кез-келген заманауи құрылыс жоспарлары үшін маңызды орын алады. Бизнес жүргізу негізі де көбінесе байланыс сапасына тәуелді болып келеді. Осыған орай аумақ ішіндегі орналасқан банк бөлімшелері мен байланыс операторларының бөлімшелері байланыс сапасына тәуелді және жоғары деңгейді талап етеді.
Алдын айтылғандай ATM/SDH технология over ADSL технологиясы жай аналогты телефонды жолдар арқылы іске асырылады. Абонентте орнатылған абоненттік ATM/SDH технология over ADSL модемі және қосылу мультиплексоры (англ. DSL Access Multiplexer, DSLAM) орнатылған қолданушының телефон жолы қосылған АТС арқылы іске асады. Айтарлықтай мәселеге, DSLAM мультиплексорлары АТС құрылғыларына дейін орнатылады. Нәтижесінде олардың арасында телефондық желілерге тән шектеулерге ие болмайтын жай сым бөлігі қалады. DSLAM көптеген DSL абоненттік жолдарын бір жоғарыжылдамдықты магистральді желіге мультиплексорлайды. Сондай-ақ олар PVC (тұрақты виртуалды арна, ағыл. Permanent Virtual Circuit) арнасы бойынша АТМ желілеріне қосылады да Интернет қызметінің провайдерлерімен және басқа да желілермен байланыс орнатады. Dial-Up модемдерімен салыстырғанда ATM over ADSL модемдерінің екеуі бір-біріне қарсы жұмыс істемейді. Арине, әрбір АТС-ке жаңа қондырғыларды орнату қажеттігі оларды орнату және желіні ұстап тұру үшін қажетті шығындар көбірек болғанымен, басқа жоғарыжылдамдықты Интернетке қосылу қызметтерімен салыстырғанда DSL технологиясы анағұрлым арзанға түседі. Бұрынғы классикалық коммутацияланатын қосылуда құрылғы тек бір АТС –те ғана орнатылатын еді, бірақ жылдамдық анағұрлым төмен болатын. DSL технологиясы бұл шешімнің ең оптималды нұсқасы болып табылады.
Біздің жобада да таңдап алынған орынға аталған ерекшеліктер бойынша және де 2.1-суреттегі сұлба негізінде байланыс орнатылады.
Осы сұлбаға қатысты қолданылатын құрылғылардың таңдалынуы және есептеулері жүргізіледі. Мүмкіндіктері қарастырылып, басқа құрылғылармен үйлесімділігі есептелінеді.
2.1.3 Желіні жобалау есебінің қойылымы
Дипломдық жоба бес негізгі бөлімнен құрылуы қажет:
- жобалауға дейінгі бөлім (аналитикалық бөлім);
- техникалық бөлім;
- жұмыс құжаттамасы;
- тіршілік қауіпсіздігінің сұрақтары;
- экономикалық және бизнес жоспарлау бөлімдері.
Жобалауға дейінгі бөлімде жобалау есебін негіздеп, оның шешімін табатын жолдар беріледі. Жоба ұйымдастырылып жатқан объекттің қазіргі жағдайы, байланысты орнатуға қатысты шешімдер мен жолдары қарастырылады. Таңдалған шешімнің ерекшеліктері мен дамуы, алдыңғы инфрақұрылыммен үйлесімділігі зерттеледі. Жүйенің белгілі орындарға қатысты тиімділігін және құрылғылар түрлерін таңдауды қарастыру керек.
Жүйенің техникалық есептеу принциптерін ашатын маңыздырақ бөлімі – екінші бөлім:
- жиілікті бөлуді қолдану моделдері;
- желінің таралу параметрлерін анықтау;
- байланыс жүйесінде қызмет көрсетудің сапалық бағалануы;
- базалық станциялардағы таратқыш параметрлерін есептеу;
- ақпарат таралу жылдамдықтарын есептеп қадағалау.
Екінші бөлімде негізгі есептеулер жүргізіледі. Қолданылатын орынға қатысты арнайы сәйкес келетін құралдарды таңдап, олардың ерекшеліктерін қарастыру. Теориялық тұрғыда таңдалған құрылғылардың сипаттамалары қарастырылып, оларға қатысты есептеулер жүргізіледі. Байланысты жақсартуға бағытталған шаралар есептелінеді.
Жобаның үшінші бөлігіндегі қарастырылатындар:
- байланыс жүйесінің станциясының функционалды сұлбасын құру;
- жобаның жасалып қойылған станциясын қолданып байланыс жүйесінің құрылымдық сұлбасын құру.
Үшінші бөлімде байланыстың толық сипаттағы құрылымдық сұлбалары жобаланады.
Төртінші бөлімде экономикалық тиімділігі мен байланыс жүйесінің өзін–өзі ақтау мерзімін есептеуді жүргізу көзделеді. Жүйені толығымен орналастыру уақыты, оған кететін шығын көлемі және эксплуатация мерзіміндегі қарау шығыны, мүмкін болған ақауларды жөндеуге, қайта қалпына келтіруге кететін шығындар да есептелінеді.
а - Ethernet/ADSL көпірлік модем арқылы; б – дербес компьютерде орналасқан ATM/SDН адаптер арқылы; в – серверде орналасқан ATM/ ADSL адаптер арқылы
Сурет 2.1 ATM/SDH технология over ADSL-дің негізгі қосылу сұлбасы
Бесінші бөлімінде адам организміне кері әсер ететін зиянды әсерлерді зерттеу қарастырылады. Сонымен қатар орнату жұмыстарын жүргізу барысында экологиялық зиянды әсерлерді есептеумен оларды мүлдем болдырмау немесе қорғану тәсілдері қарастырылады.
Жоғарыда айтылғандармен қатар, дипломдық жобада цифрлық байланыс жүйесінің құрылғыларының үйлесімдік мәселесіне қатысты арнайы сауал, кіріспе және жоба қорытындысы болады.
2.2. Байланыс желілерінің құрылымын әзірлеу
ATM over ADSL телефон желісінің есулі қоссымын, жоғары жылдамдықты деректер тарату трактына айналдыратын технология болып табылады. ATM over ADSL желісі, телефон кәбілінің әрбір есулі қоссымының аяғына қосылған ATM over ADSL-дің екі модемін байланыстырады. Сонымен қатар, үш ақпараттық арна ұйымдастырылады – деректер тасымалдаудың "төмендейтін" ағыны, деректер таратудың "жоғарылайтын" ағыны және қарапайым телефон байланысының арнасы (POTS) (сурет 2.1 қара.). Телефон байланысының арнасы жиілік бөлгіштер-сплиттерлер көмегімен ерекшелінеді.
Сурет 2.2. Үш ақпараттық арнаның ұйымдастырылуы – деректер таратудың "төмендейтін" ағыны, деректер таратудың "жоғарылайтын" ағыны және қарапайым телефон байланысының арнасы (POTS)
Тек осы әдіспен ATM over ADSL мысалы, бір уақытта жоғары жылдамдықты деректер тасымалдауды, бейнесигнал тасымалдауды және факс жіберуді қамтамасыз етуі мүмкін. Технология қарапайым телефон байланысы үшін белгілі бір жиілік жолағын резервтеуді (немесе POTS - Plain Old Telephone Service) қарастырады.
Сурет 2.3. "Жоғарылайтын" және "төмендейтін" ағындардың диапазоны
ATM over ADSL негізгі артықшылықтарының бірі, телефон кәбілінің мыс сымының ең қарапайым есулі қоссымын қолдану болып саналады. Сонымен қатар, қымбат тұратын және коммутациялық жабдықты модернизациялауда көп уақыт алмайды.
ATM over ADSL жоғары жылдамдықты деректер тасымалдау технологиясы болып табылады, бірақ қаншалықты жоғары жылдамдықты? ATM over ADSL атауындағы "А" әрпіне қарасақ, "asymmetric" (асимметриялық), содан қарап, деректер тасымалдау, бір бағытқа екіншісіне қарағанда шапшаңырақ орындалады деп қорытынды жасауға болады. Сондықтан, деректер тасымалдаудың екі жылдамдығын қарастыруға тура келеді: "төмендейтін" ағын (деректердің желіден пайдаланушыға тасымалдануы) және "жоғарылайтын" ағын (деректердің пайдаланушыдан желіге тасымалдануы).
Деректер таратудың жылдамдығына әсер ететін фактор болып, абоненттік желінің күйі мен ұзақтығы (яғни, сымның диаметрі, кәбілдік қайтарудың болуы) болып саналады. Желідегі сигналдың сөнуі, желі ұзындығының ұзаруы мен сигнал жиілігінің ұлғаюы кезінде артады, және сым диаметрінің үлкеюімен кішірейеді. Факт бойынша ATM over ADSL үшін функционалдық шек болып, ТПП0,5 сымы 0,5 мм жуан, ұзындығы 3,5-5,5 км абоненттік желі саналады.
Нақты уақытта ATM over ADSL деректердің "төмендейтін" ағынын 1,5 Мбит/с-тен 8 Мбит/с-қа дейінгі жылдамдықта, және "жоғарылайтын" ағынын 640 Кбит/с-тен 1 Мбит/с-қа дейінгі жылдамдықта қамтамасыз етеді.
Алайда, пайда болған ATM over ADSL 2+ стандарты 1,5 км ұзындықтағы телефон желісінде деректердің "төмендейтін" ағынын 25 Мбит/с-қа дейінгі жылдамдыққа арттыруға мүмкіндік береді.
ATM over ADSL технологиясымен қамтамасыздандырылатын деректер ағынының жылдамдығын бағалау үшін, оны басқа технологияларды қолданатын пайдаланушыларға қол жетерлік жылдамдықпен салыстыру аса қажет.
Аналогтық модемдер 14,4-тан 56 Кбит/с-қа дейінгі жылдамдықта деректер тарата алады. ISDN 64 Кбит/с-қа дейінгі жылдамдықта арнаға деректер таратуды қамтамасыз етеді (әдетте, пайдаланушылар, жалпы 128 Кбит/с-ты құрайтын, екі арнаға қатынас құра алады,). DSL-дің әртүрлі технологиялары пайдаланушыға 128 Кбит/с (IDSL), 768 Кбит/с (HDSL), "төмендейтін" ағын 1,5 - 8 Мбит/с және "жоғарылайтын" ағын 640 - 1000 Кбит/с (ATM over ADSL), "төмендейтін" ағын 13 - 52 Мбит/с және "жоғарылайтын" ағын 1,5 - 2,3 Мбит/с (VDSL) жылдамдықта деректер таратуға мүмкіндік береді.
ATM over ADSL технологиясын пайдалану кезінде, магистралдық желінің көмегімен байланысатын соңғылық пайдаланушыға, желінің өткізу қабілеті әрқашанда және толығымен арналады.
Сандар жоғарыдағы екі абзацта көрсетілген. Бірақ бұл сандар шегі болып саналмайды. Алдағы жылдары "төмендейтін" ағын жылдамдығының 52 Мбит/с-қа дейін, ал "жоғарылайтын" ағындікі 2 Мбит/с –қа дейін өсуі мүмкін.
Енді Интернетке немесе ЖЕЖ-не қосылу үшін, телефон нөмірін терудің қажеті жоқ. ATM over ADSL деректер таратудың кеңжолақты арнасын қолданыстағы телефон желісін қолданып жасайды.
ATM over ADSL модемін орнатып болған соң, пайдаланушы тұрақты орнатылған байланыста болады. Жоғары жылдамдықты деректер тарату арнасы әрқашанда, пайдаланушыға қажет болған кез-келген сәтте жұмысқа дайын болады. Желінің өткізу қабілеті пайдаланушыға тұтасымен тиесілі.
Өткізу қабілетін барлық пайдаланушылар арасында бөлуді жіберетін (деректердің таралу жылдамдығына айтарлықтай әсер етеді) кәбілдік модемнен айырмашылығы, ATM over ADSL технологиясы желіні тек бір пайдаланушының қолдануын қарастырады.
ATM over ADSL технологиясы желі ресурстарын толығымен пайдалануға мүмкіндік береді. Қарапайым телефон байланысында телефон желісінің шамамен жүзден бір өткізу қабілеті қолданылады.
ATM over ADSL технологиясы бұл "жетіспеушілікті" қалпына келтіреді және жоғары жылдамдықты деректер тарату үшін 99% өткізу қабілетін қолданады. Сонымен қатар әртүрлі функцияларға жиіліктің әртүрлі жолақтары қолданылады. Телефон байланысы үшін (дауыстық) желінің барлық өткізу қабілетінің ең төмен аймағы (шамамен 4 кГц) қолданылады, ал қалған бүкіл жолақ жоғары жылдамдықты деректер таратуға қолданылады.
Берілген жүйенің көпфункциялылығы оның пайдасына ең соңғы аргумент емес. Сол сияқты әртүрлі функциялардың жұмысы үшін абоненттік телефон желісінің өткізу қабілетінің әртүрлі жиіліктік арналары бөлінген. ATM over ADSL біруақытта деректер тарату мен телефон бойынша шақыруларға жауап беруге мүмкіндік береді. Пайдаланушының Интернет желісінде отырып немесе корпоративті ЖЕЖ (жергілікті есептеу желісі) желісінен деректер қабылдай отырып, бір уақытта телефон бойынша хабарласуға және факстарды жіберуге және қабылдауға мүмкіндігі бар.
ATM over ADSL нақты уақыт тәртібінде сапалы бейнесигнал тарату аса қажет аймақтарға, тұтасымен жаңа мүмкіндіктерді ұсынады. Оларға мысалға, бейнеконференция ұйымдары, арақашықтықта білім алу және сұраныс бойынша бейне жатады. ATM over ADSL технологиясы провайдерлерге өз пайдаланушыларына деретер тарату жылдамдығы ең жылдам аналогтық модемнің жылдамдығынан (56 Кбит/с) 100 есеге артық қызметтерін орнатуға мүмкіндік береді.
ATM over ADSL технологиясы телекоммуникациялық компанияларға пайдаланушылар мен провайдер арасында ақпарат алмасуды қамтамасыз ету үшін, жеке меншік қорғаныс арнасын орнатуға мүмкіндік береді.
ATM over ADSL-ге қосылудың қол жетерлігі және ішжелілер трафигіндегі арнайы тарифтер, типтік тапсырмаларды шешуге, облыс бойынша және қала бойынша таратылған офистерді тұрақты қорғалған байланыс VPN (Virtual Private Network – виртуалды жеке меншік желі) арқылы байланыстыруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, бір офистің пайдаланушылары, алыс аймақтарда орналасқан офис ресурстарымен (желілік дисктер, деректер қоры және т.с.с.) жұмыс істеуі мүмкін. Сондай-ақ, барлық ақпараттар тек қана осы офистерге ғана қол жетерлік, сырттай қатынас құрылмайды. Ертеректе мұндай шешімдер ірі компанияларға ғана қол жетерлік болды, ал қазір, бұған кез-келген компания қатынас құра алады.
Шығын жайын да ұмытуға болмайды. ATM over ADSL технологиясы экономикалық көзқараспен қарағанда тиімді. Себебі, арнайы кәбіл төсеніштерін қажет етпейді, қолданыста бар мыс телефон желілерін пайдаланады. Яғни, егер пайдаланушының үйінде немесе офисінде қосылған телефон аппараты болса, пайдаланушыға ATM over ADSL қолдану үшін қосымша сымдарды төсеудің қажеті жоқ.
2.2.1 ATM over ADSL қызметін ұйымдастыру қағидалары
ATM over ADSL қызметі (Сурет 2.4) ATM over ADSL модемінің көмегімен және DSL Access Module деп аталынатын ATM over ADSL модемінің тағанымен ұйымдастырылады. Іс жүзінде барлық DSLAM Ethernet 10Base-T портымен негізделінеді. Бұл қатынас құру түйіндерінде қарапайым шоғырлауыштарды, коммутаторлары мен бағдарғылауыштарды қолдануға мүмкіндік береді.
Өндірушілер қатары DSLAM - ды АТМ интерфейстерімен жабдықтауды бастады, ол оларды аймақты-таралынған желілердің ATM-коммутаторларына тікелей қосуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, өндірушілер қатары пайдаланушылар модемін жасауда, ол өзімен бірге ATM over ADSL модемін ұсынады, бірақ бағдарламалық қамтама үшін АТМ бейімдеуіші болып табылады.
Сурет 2.4. ATM over ADSL байланысуды ұйымдастыру
ATM over ADSL модемі мен DSLAM арасындағы аймақта үш ағын функцияналынады: абонентке жоғарыжылдамдықты ағын, қосбағытты қызметтік және стандартты диапазондағы сөйлеу арнасы, арна жиілігі (0,3-3,4 Кгц).
Жиілік бөлгіштер (POTS Splitter) телефон ағынын ерекшелейді және оны қарапайым телефон аппаратына бағыттайды. Мұндай сұлба телефонмен сөйлесу мен деректер тасымалдауды бір мезетте орындауға және ATM over ADSL жабдығы істен шыққан жағдайда да телефон байланысын қолдануға мүмкіндік береді.
Конструктивті түрде, телефондық бөлгіш өзімен бірге жиілік сүзгісін ұсынады, ол ATM over ADSL модеміне біріктірілген болуы мүмкін немесе өз бетінше жеке құрылғы болуы да мүмкін.
Шеннон теоремасына сәйкес, модемнің көмегімен 33,6 Кбит/с тен жоғары жылдамдыққа жету мүмкін емес. ATM over ADSL технологиясында санды ақпарат стандартты арна жиілігінің сыртқы диапазонында таралады. Бұл дегеніміз телефон стансасына орнатылған сүзгілер 4 кГц жоғары жиілікті алып тастайды, сондықтан аймақты-таралынған желілерге әрбір телефон стансасына қатынас құру жабдығын (коммутатор немесе бағдарғылауыш) орнату қажет.
Абонентке дерек тарату 1,5 тен 6,1 Мбит/с жылдамдықта іске асады, қызметші арнаның жылдамдығы 15 тен 640 Кбит/с ты құрайды. Әрбір арна бірнеше логикалық төмен жылдамдықты арналарға бөлінеді.
ATM over ADSL модемімен ұсынылатын жылдамдықтар, T1, E1 сандық арналарының жылдамдықтарынан қысқа болады.
Минималды конфигурацияда деректер 1,5 немесе 2,0 Мбит/с жылдамдықта жүргізіледі. Қағида бойынша, бүгінгі күні 8 Мбит/с жылдамдықпен деректер тасымалдайтын құрылғы бар, алайда, стандартта мұндай жылдамдық анықталмаған.
Кесте 2.4
Арналардың санына байланысты ATM over ADSL модемдерінің жылдамдықтары
Негізгі жылдамдықтар |
Арналардың саны |
Жылдамдық |
1,536 Мбит/с |
1 |
1,536 Мбит/с |
1,536 Мбит/с |
2 |
3,072 Мбит/с |
1,536 Мбит/с |
3 |
4,608 Мбит/с |
1,536 Мбит/с |
4 |
6,144 Мбит/с |
2,048 Мбит/с |
1 |
2,048 Мбит/с |
2,048 Мбит/с |
2 |
4,096 Мбит/с |
2,048 Мбит/с |
3 |
6,144 Мбит/с |
Желінің максималды мүмкін болатын жылдамдығы телефон кәбілінің жуандығына және желі ұзындығына тәуелді болады. Желінің сипаттамалары оның ұзындығының ұлғаюынан және сымның қима кесіндісінен азаюынан төмендейді. Кестеде желі параметрлерінің жылдамдығынан тәуелді бірнеше үлгілер келтірілген.
Кесте 2.5
Желі параметрлеріне тәуелді жылдамдықтар
Желі ұзындығы (км) |
Сым кесігі (мм2) |
Максималды жылдамдық (Мбит/с) |
2,7 |
0,4 |
6,1 |
3,7 |
0,5 |
6,1 |
4,6 |
0,4 |
1,5 немесе 2 |
5,5 |
0,5 |
1,5 немесе 2 |
ATM over ADSL-модем өзімен бірге сандық сигналды процессор негізіндегі құрылғыны (ССП немесе DSP) ұсынады (Сурет 2.5). Жалпы жағдайда, желінің барлық өткізу қабілеті екі бөлікке бөлінеді. Бірінші бөлік дауысты таратуға арналған және 0,3-3,4 КГц диапазонында табылады. Дерек таратуға арналған сигнал диапазоны 4 Кгц тен 1 Мгц ке дейінгі аралықта. Көптеген желілердің физикалық параметрлері 1 МГц тен жоғары жиілікте таратуға мүмкіндік бермейді. Өкінішке орай, барлық телефон желілері емес, сондықтан деректер тасымалдау жылдамдығын азайту үшін, өткізу қабілетін азайтуға тура келеді.
Сурет 2.5. ATM over ADSL модемінің тарататын түйінінің құрылымдық сұлбасы
Бұл ағындарды жасау үшін екі әдіс қолданылады: арналарды жиілікпен бөлу әдісі және оның компенсациясының әдісі.
Сурет 2.6. Телефон желісінің жиілігінің өткізу қабілетіндегі ағындарды бөлу сұлбасы
Жиілікпен бөлу әдісінің мәні мынада, әрбіреуіне ағыннан өзінің жиілігінің өткізу қабілеті бөлінеді. Жоғары жылдамдықты ағын бір немесе одан көп төмен жылдамдықты ағындарға бөлінеді. Бұл ағындардың таралуы "дискретті көптүрлі модуляции" (DMT) арқылы жүзеге асады.
Сурет 2.7. ATM over ADSL-дің абоненттік линиясы
2.2.2 ATM over ADSL технолгиясының деректерді тарату әдістері
Деректерді тарату жүйесін стандарттау кезіндегі маңызды сұрақтардың бірі болып, қолданылатын модуляция типін таңдау сұрағы болып табылады. Стандарттау процесінде ATM over ADSL үш потенциалды модуляция типін анықтайды:
- шаршылы амплитудалық модуляция (Quadrature Amplitude Modulation - QAM);
-тасуыштарсыз тарататын амплитудалы-фазалық модуляция (Cariereless Amplitude/Phase Modulation – CAP);
- дискретті көптүрлі модуляция (Discrete MultiTone Modulation – DMT).
Зерттеулер көрсеткендей, неғұрлым өнімді болып DMT модуляциясы саналды.
Шаршылы амплитудалық модуляция. Деректерді бір жолақты жиілікте қарапайым әдіспен тарату үшін дискретті қадамдармен амплитудасы өзгеретін, амплитудалы модуляция қолданылады (Quadrature Amplitude Modulation – QAM). QAM модуляцияны екі параметрде қолданады – амплитуданың және фазаның. Берілген жағдайда үш үлкен битті кодалау үшін салыстырмалы фазалық модуляция қолданылады, ал соңғы бит әрбір фазалық сигнал үшін амплитуданың екі мәнінің біреуін таңдаумен кодаланады.
Тасушылармен басатын амплитудалық-фазалық модуляция. САР QAM сияқты екі параметрдің модуляциясын қолданады. Берілген модуляцияның бір әдісінің спектр формасы да QAM-мен үйлесімді.
Дискретті көптүрлі модуляция (DMT). DMT модуляцияны көптеген тасымалдауыштарымен қолданады. Уақыт стандартты «символ периодтарына» (symbol period) бөлінеді, олардың әрқайсысына бит санымен фиксирленген бір DMT – символ беріледі. Биттер топтарға бірігеді және әртүрлі жиіліктегі сигналдық тасымалдауыштарға меншіктелінеді. Сондықтан, жиіліктік көзқараспен, DMT арнаны көптеген ішарналарға бөледі. Өткізу қабілеті жиілік жолағына тәуелді, яғни үлкен өткізу қабілеті бар ішарналар көп мөлшердегі биттерді тасымалдайды. Әрбір ішарнаға арналған биттер, мәні сигналдық «төмендейтін» жиілікке сәйкес амплитуда мен фазадан тәуелді күрделі сан пайда болады. Осы әдіспен, әрбірі DMT ішарнасының жиілігіне сәйкес тасымалдаушы жиілікте параллельді функциялайтын DMT ны QAM жүйесінің жиынтығы ретінде ұсынуға болады.
Сурет 2.8. ATM over ADSL сигналын тарату үшін жиіліктің бөлінуі
DMT-ны қолдану кезінде әрбір ішарналармен берілетін деректер битінің саны, берілген ішарнада сигнал мен шу деңгейінен тәуелді түрлендірілуі мүмкін. Бұл әрбір нақтылы абоненттік желі өнімділігін тек максималдандыруға ғана емес, сондай-ақ RFI немесе өтпелі бөгеуілдер сияқты эффектілер әсерін азайтуға мүмкіндік береді. Әрбір ішарнамен таралатын деректер битінің саны инициализация фазасында анықталады. Жалпы жағдайда, неғұрлым жоғары жиіліктерді қолдану, неғұрлым күшті сөнулерді тудырады, ол QAM-ды неғұрлым төмен разрядтылықта қолдану қажеттілігіне әкеледі. Сонымен қатар, төмен жиілікте сөну төмен болады, ол QAM-ды неғұрлым жоғары разрядтылықта қолдануға мүмкіндік береді. Бұған қосымша, ішарна бойынша биттердің таралуы, арна сапасына байланысты деректерді тарату фазасына бейімделуі мүмкін.
2.2.3 DMT- ны CAP-пен салыстыру
1) DMT пайдасына аргументтер:
а) биттік жылдамдық кіші қадаммен өзгеруі мүмкін (бірнеше кбит/с). DMT –ның аппараттық жабдығы, пайдаланушыдан және пайдаланушыға деректердің әртүрлі жылдамдығын демеу үшін оңай бағдарламаланады;
радиожиілікті интерференциядан мықты қорғаныс;
ә) ақпараттың DMT символына енгізілетін санын мүмкіндік бойынша бейімдей отырып өзгерту, сондай-ақ деректер таратудың қуаттылығын, желіні оптималдылыққа жақын қолдану;
б) қуатты өте жеңіл күйіне келтіру, әрбір арнадағы қуат ұлғайтылған немесе кішірейтілген;
в) DMT CAP-қа қарағанда импульстік шуға неғұрлым тұрақты. Алайда, айтарлықтай үлкен ұзақтықтағы импульстік шу пайда болса, жұмыс жүйесі бұзылады, бұл қателіктердің пайда болуына алып келеді. Сондықтан, DMT символының ұзындығын және түзетілетін қателіктер кодын таңдаған кезде, импульстік шудың ұзақтығы және тізбекті символдардың түсуінің арасындағы уақыт ескерілуі қажет.
г) CAP жасалынудың секундына миллион операция жасалынатын сигнал процессоры үшін саналынатын қиындығына ие. (Million Operations Per Seconds – MIPS);
д) CAP-ты қолдануға қарағанда сигналдық терминалдың ақырын жұмыс істеуі кезінде аз корректілеу кетеді.
2) DMT-ға қарсы аргументтер:
а) DMT үлкен кідірістерге алып келетін блокты түрлендіруді (БТ) қолданады. Алайда, жүйе дұрыс құрылса, берілген кідіріс мәнсіз, тіпті кідірістерге сезімтал қызмет үшін де, мысалы, телефонияда немесе таржолақты арна үшін де;
ә) DMT үшін аса қажет инициализацияның толық процедурасы белгілі бір уақытты талап етеді (20 секунд тәртібінде).
б) DMT сигналына берілетін үлкен пикфактор, қосымша шу мен қымбат аналогты-санды түрлендіргіштің болуына алып келеді. Бұдан жүйені дұрыс жобалау мен Рид-Соломон кодын қолдану арқылы ғана қашуға болады.
2.2.4 ATM over ADSL жабдығына салыстырмалы талдау жасау
Нарықта ATM over ADSL жабдығының құралдарына байланысты, берілген жобаны іске асыру үшін неғұрлым сәйкес келетін Alcatel және Cisco Systems компаниясының мүмкін болатын екі нұсқаны қарастырамыз. Фирманың жобалауға керек ATM over ADSL жабдықтары, аппараттық және бағдарламалық құралдарының мүмкін болатын нұсқалары:
1 нұсқа–ATM over ADSL мультиплексорлары ASAM 1000 және Alcatel фирмасының абоненттік жабдықтары;
2 нұсқа–Cisco 61хх / 62xx сериялы мультиплексорлары және Cisco Systems компаниясының ATM over ADSL модемдері.
Бұл жүйелерді салыстыру келесі көрсеткіштер бойынша іске асады:
- Құны;
- Сенімділігі;
- Эксплуатациядағы жеңілдігі;
- Таралатын деректердің қауіпсіздігін қамтамасыздандыру;
- Жабдықты басқарудың ыңғайлылығы;
- бриджинг / бағдарғылау функциясын іске асыру;
- Мультихаттамалық; әртүрлі желілік интерфейстерді демеу;
- ATM over ADSL жүйесінің санды таралу мүмкіндігі;
- Деректердің бейімделуі ASAM / DSLAM; деректер таратуды басқару;
- Компанияның жарнамалық саясаты.
ИТӘ әдісімен қойылған есептерді шешу (жүйені таңдау) бірнеше кезеңнен тұрады:
Сурет 2.9 Тапсырманың иерархиялық үлгіде ұсынылуы
Жабдықты таңдау
Берілген жобаны іске асыруда, ATM over ADSL жабдығының нарығында алдыңғы орынды алатын Alcatel фирмасының аппараттық және бағдарламалық құралдарын қолдану шешімі қабылданды.
Қажеткерлердің біздің алдымызға қоятын тапсырмасын тиімді жолмен шешу үшін және жобаны ары қарай алып кету үшін, бүгінгі күні Қазақстан нарығында Alcatel компаниясы All-in-One концепциясын жасап шығарды. Оның мәні, қажеткерге кәсіптік жоспарды жасауға кеңес беруден басталып, жабдықты алып жүрумен және эксплуатация үрдісінде басқару жүйесімен аяқталынуда, қызметтің комплексті дестесінің ұсынылуымен бекітіледі.
ATM over ADSL жүйесі екі бөліктен тұрады: біріншісі (АТС жағында) ASAM деп аталынады, (ATM Subscriber Access Multiplexer – абоненттік қатынас құрудың ATM-мультиплексоры), ал екіншісі (абонент жағында) – (CPE Customer Premises Equipment – қажеткер ғимаратындағы жабдық). CPE, өз кезегінде, өзіне PS (POTS Splitter - ажыратқыш) және ANT (ATM over ADSL Network Termination (unit) - (блок) желілік ATM over ADSL-аяқталу) қосады.
Жеке пайдаланушылар үшін Speed Touch PC (PC NIC) отбасының ішкі модемдері орнатылады;
SOHO абоненттері үшін Интернетке қатынас құру Speed Touch Home отбасылық ATM over ADSL модемдерін қолданумен ұйымдастырылады;
Жергілікті желілер Speed Touch Pro жанұясына ATM over ADSL модемдерінің қосылуы көмегімен іске асады;
Қатынас құру элементтерін басқару AWS (ATM over ADSL Work Station) деп аталынатын арқылы шалғай объект арқылы және SNMP хаттамалары арқылы іске асады.
ASAM жабдығы SDH көліктік желісіне орнатылып қойған АТМ - STM-1 арнасы арқылы қажеткер коммутаторына қосылады. Қатынас құру мультиплексоры жеке абоненттік құрылғылардан ұяшықтар ағынын қабылдайды және "кiрушi" бағытта болашақта тасымалдануын мультиплексирлейді. Одан соң, АТМ-коммутаторлар әрбір ағынды өз белгілену орнына бағыттайды. Қай станса жiберушiге генерирленуiне байланысты, қай түрде дестелердi қалпына келтiрудi магистралды бағдарғылауыш немесе Internet-провайдер желiсiне немесе корпоративтi желiнiң кiрiсiне орнатылған шалғай қатынас құру серверi (RAS) iске асырады. Көрсетiлген кұрылғы пайдаланушы курылғысымен белсендiрiлген қолданылған хаттамалар стегiндегi инкапсулялық деңгей терминделедi, содан соң мекен-жайларға қалпына келтiрiлген дестелердi бағыттайды. Сонымен қатар, пайдаланушы идентификациясы, IP-мекен-жайларды меншіктеу және желілік ресурстардың қолданылу дәрежесін өзгерту олардың міндеттеріне жиі кірмейді. Интернет ауқымды желісіне шығу, АТМ – коммутаторға STM-1 ағыны арқылы қосылатын Х.1000 (A7410) қатынас құру сервері арқылы іске асады.
Осы әдіспен, қатынас құру желісіне орналастырылатын жабдықтар жайлы жалпы мәлімет 2.6-ші кестеде көрсетіледі.
All-in-One шегінде қажеткер интегрирлі ауқымды компаниялардың біреуімен байланысады. Демеу қызметі бүкіл дүние жүзі бойынша бірдей деңгейдегі сервис ұсынады. Сонымен қатар, әрбір елде оған қатынас құру үшін бір ғана телефон нөмірі бар.
All-in-One қызметінің толық дестесіне жоспарлау мен жасап шығару, даму, эксплуатация және жүйені демеу кіреді. Осы бағыттардың әрқайсысы үшін Alcatel – де сәйкес келетін қызметтер жасалынған. Ендіру кезінде жоспарлау мен жасап шығару қызметі, қажеткердің желісі мен коммуникациялық жүйесінің пайдалылығы және тиімділігі максималды белсендірілген коммуникациялық жүйесінің эксперименттік бағалауын жүргізеді және жасалынатын жобаның типін анықтайды.
Кесте 2.6
Қатынас құру желісіне орналастырылатын жабдықтар жайлы жалпы мәлімет
|
Сипаты |
Аппараттық бөлімі |
|
ATM over ADSL негізгі конфигурациясы – оператор жабдығы |
|
|
Таған ETSI UT-9 2200mm 48VDC version 3SR |
|
Платы |
|
SDH-NT STM-1, SVC |
|
Alarm Control Unit |
|
Line board - EUR variant |
|
Passive POTS splitter 600 ohm |
ATM over ADSL негізгі конфигурациясы – қажеткер жабдығы |
|
|
Speed Touch PC (PC NIC) модемі |
|
Speed Touch Home модемі |
|
Speed Touch Pro модемі |
ATM over ADSL негізгі конфигурациясы – кәбілдер |
|
|
Cable MDF-ASAM 24 pair 25 meter |
|
Fiber and connectors SDH-NT to network |
ATM over ADSL желісін басқару жүйесі |
|
|
Oracle сервері V7.3.2.2.0 RTU (8 conc. users) |
|
ПО NM Expert 1390 Management SW (inclusive Dataview graphical interface) |
|
AWS License fee per user (including MIB fee) лицензиясы |
Интернетке қатынас құру жабдығы |
|
|
Жүйелік блоктар мен платалар |
|
X1000 shelf (includes fan, clock and alarm modules). |
|
Power Supply 500 Watts DC. |
|
System Control Module, Model 120. |
|
3 WAN + 1 Ethernet |
|
Digital Modem Server 84 channels. |
|
Digital Modem Server 84 channels. |
|
ATM Line Interface with single OC-3 Single mode IH port. |
|
DC Fuse Panel (Hendry). |
|
Switch Software, Release 2.2. |
Ол сонымен қатар, оның қызметкерінің оқуын және жоғары технологиялық жүйені орнату орнында алып жүруде мамандандырылған көмекті қарастырады. Эксплуатация қызметі тез арада әсер ету режимінде жұмыс істейді және қажеткерге жүйелер мен желілерге қызмет көрсету үрдісінде техникалық тапсырмаларды шешуге көмектеседі. Демеу қызметі техникалық сипаттағы мәселелер туындаған кезде эксперттік көмек ұсынады. Эксперттер оперативті диагностика негізінде ауыстыру жөнінде шешім қабылдайды, мысалы, егер, инфрақұрылым апатты жағдайлардан азап шексе - өрттен, су тасқынынан, және т.б. жағдайлар кесірінен компонент немесе барлық коммуникациялық жүйе бас тартса.
ATM over ADSL-желісін құру кезіндегі мән аппараттық және бағдарламалық құралдармен дұрыс үйлесімде болады. Alcatel толықфункционалды жабдықтар жиынымен ресурстарды басқару платформасын ұсынады. Бұл платформа өзіне желіні және сервисті басқарудың техникалық тапсырмаларын шешетін аспаптық құрылғылардың жиынын қосады.
ATM over ADSL-қатынас құру ішжүйесі
ATM over ADSL-қатынас құру ішжүйесі абоненттік есулі қоссым мен көліктік технология модемін (ATM over ADSL-модемдермен) байланыстыруды қамтамасыздандыруға аса қажет, сигналды өңдеудің және модуляцияның қазіргі заманғы әдісін іске асыру үшін қажет. Мұндай модемдік технологияның негізіне ASAM –ға ОO жағынан және ANT немесе PC-NIC-қа абонент жағынан интегрирленген, DMT-модуляция Discrete Multi-Tone - дискретті көп турлi (модуляция) жатады.
ASAM мультиплексорларының модемдік интерфейстеріне PS негізделген. Ол ATM over ADSL және POTS жиіліктік сигналдары мен домендері үшін, өзімен бірге тығыздану және сиреу құралдарын ұсынады. PS құралдары бөліктелініп, сондай-ақ абонент бөлмесіндегі аппаратуралар бөлігі ретінде де қолданылады.
Қатынас құру желілерінің элементтерін басқару SNMP (Simple Network Management Protocol– желіні басқарудың қарапайым хаттамасы) хаттамалары және AWS (ASAM WorkStation–жұмыс стансасы) деп аталынатын орталықтандырылған басқару обектілері арқылы іске асырылады. AWS және желіге қатынас құру элементтерінің арасындағы дерек алмасу администрлеуге арналған ерекшелінген байланыс арқылы іске асырылады.
ATM over ADSL-қатынас құру ішжүйесі, ОO-пен сияқты, төзімді блоктармен де жұмыс істей алады. Төзімді ASAM-жабдығы тіректі АТМ-желісіне үздіксіз қосылуы мүмкін, немесе, PDH-интерфейсі (DS3/Е3) арқылы ОO-тегі ASAM мультиплексорына каскадирленген болуы мүмкін.
ASAM сәулеті
ATM over ADSL-қатынас құру ішжүйесінде ASAM, CO жағына орналасады. Есулі қоссым бойынша және ASAM аппаратурасы арқылы әрбір абонент кеңжолақты (BB) желіге және таржолақты (NB Narrow Band - таржолақты) телефон стансасына қосылады. Жалпы жағдайда, ASAM мультиплексоры, әртүрлі абоненттерден келіп түскен деректерді ATM-қалыпқа түрлендіреді. Осындай бейімделудің нәтижесінде алынған ATM-ұяшықтар, бір ақпараттық ағынға нығыздалынады және BB-ATM желісіне қосылған көліктік жүйеге бағытталынады. BB-ATM желісінен түскен ATM-ұяшықтар, VPI/VCI (Virtual Path Identifier - виртуалды жолдардың идентификаторы, Virtual Channel Identifier - виртуалды арналардың идентификаторы) идентификаторларымен сәйкес сирейді және сыртқы қызмет интерфейсінде өзінің бастапқы қалпына тасымалданады.
Одан басқа, ASAM өзінің дұрыс жұмысын қамтамасыздандыратын, OAM функциясын орындайды.
Негізгі ASAM функцияларына келесілер жатады:
- жалпы белгілеу функциялары;
- тығыздалу/сиреу;
- басқару (OAM);
- NT-функциялары;
- TБ (терминалдық бейімделу)-функциялары;
- тарамдану функциялары (PS);
- электрмен қоректену функциялары.
Мультиплексорды қоректендіру
ASAM мультиплексорын қоректендіру, станса көзінен -48 немесе -60 В –қа қоректендіру арқылы іске асырылады.
ADLT-платасы
ADLT-платасы өзімен бірге, A1000 ATM over ADSL жүйесіне арналып жасалынған қондырмалы блокты ұсынады.
Бұл платаның, LT немесе порттың 4 тәуелсіз, сызықты ATM over ADSL-аяқталуы бар. Осы порттардың әрқайсысы қарапайым UPT (Unshielded Twisted-Pair – экрандалмаған есулі қоссым) кәбілімен ANT-ға екіжақты қатынас құруды қамтамасыздандыру арқылы іске асырылады.
Әрбір порт үшін ADLT-платасы, ATM-ұяшықтарды VPI/VCI –ға негізделініп олардың ағынынан шығарады немесе оларды осы ағынға қояды.
Берілген функциядан басқа, ADLT-платасының терминалды бейімдеуі сонымен қатар, сызықтық аяқталу ретінде, өзінің желілік бақылау функцияларын орындайды.
Желілік аяқталу
Желілік аяқталу SANT (Synchronous ATM Network Termination – синхронды желілік ATM-аяқталу) D (SANT-D) нұсқасында желілік көліктік жүйені A1000 ATM over ADSL жүйесіне қосады және физикалық және ATM-деңгейлермен байланысты функцияларды орындайды.
Желілік санды көліктік жүйе 155,52 Мбит/с (SDH STM1/SONET OC3c) жылдамдығымен сипатталынады.
ASAM SANT-D мультиплексорында SDH/SONET - 155,52 Мбит/с ақпараттық ағын үшін желілік аяқталу болып табылады. Ол IQ құрсымына деректер таратудың санды жүйесі бойынша тасымалданатын ATM-ұяшықтарға бейімделуді жүргізеді. Сонымен қатар, SANT-D желілік аяқталуда ASAM жабдығына техникалық көмек көрсету мен эксплуатацияға аса қажет функциялар қарастырылған.
SANT-D желілік аяқталу, IQ құрсымының кеңеюін қамтамасыздандырады.
1 желілік аяқталу үшін SANT-D және ADSE А нұсқасының (ADSE-A) 11 кеңейткішін он екі субстантивтермен басқаруға болады. (12 субстантив x 12 LT x 4 желі = 576 желі).
Физикалық желілік аяқталу IQ құрсымына орналасқан жағынан ASAM мультиплексорының стативіне SANT-D қондырмалы баспа платасында (екілік еуропалақ) орындалған.
IQ құрсымы
IQ құрсымы NT мен сызықты интерфейс арасында деректер алмасуды басқаруды қамтамасыздандырады, яғни, олардың арасындағы биттік ағындарды тығыздайтын және сирететін құрылғы болып табылады. IQ SANT-D немесе ADSE-A және ADLT( ATM over ADSL Line Termination - сызықты ATM over ADSL-аяқталу) арасындағы құрылымдық құрсым болып табылады.
IQ құрсымында, деректерді тура және кері арна бойынша бағыттау үшін синхронизатор және басқару сигналдарының жолдары болады. Интерфейстің деректер тарату жылдамдығы 155 Мбит/с-ты құрайды.
Тура және кері бағытта көліктендіру 54 байттан тұратын фреймдермен жіберілетін ATM-ұяшықтардың көмегімен іске асырылады.
Тура және кері бағыттағы сәлемдемелер 8-битті деректер таситын бөлек құрсымдармен жіберіледі.
Физикалық түрде IQ BPA-ға құрсым түрінде орындалған ( Backpanel Printed board Assembly - печатная плата задней панели) және жүйелік плата ретінде ATM over ADSL-стативаларға стационарлы бекітілген. SANT-D платалары немесе ADSE-A, ADLT және AACU, BPA ағытпаларына қойылады. IQ құрсымына сәйкес олардың өзара байланысуы іске асады.
Терминалдық бейімделу
ADLT, SANT-D-тан алынған және абонентке арналған ATM-ұяшықтардың түрленуін DMT-модулденген сигналдарына және керісінше жүргізеді, және соған орай, физическалық ATM-деңгейлермен жұмыс істейді.
Физикалық ADLT-функциясы 4 ADLT-порты бар (4 абоненттік байланыс) бір баспа платасында жасалынады. Бұл плата ATM over ADSL-стативтің жүйелік платасына (IQ құрсымын жасайтын) қойылады.
Сонымен қатар, ADLT-платасына төрт ADLT-порттарына арналған басқару функциялары (OAM) жасалынған.
PS таратылуы
Абоненттік желіде (жергілікті АТС-тан келетін есулі қоссым бойынша) аналогтық POTS- және ATM over ADSL-сигналдары бір-біріне салынады, осыған орай, екі сигнал да жиіліктік мультиплексирленген болып табылады.
ASAM-ға ATM over ADSL- және POTS-сигналдары кері бағытта жүріп өткен кезде бөлінеді және арнайы фильтрлердің көмегімен, тура бағытта жүру кезінде бірігеді:
- POTS-сигналдары үшін мөлдір болып табылатын және ATM over ADSL-сигналдарын әлсірететін LPF (ТЖС);
- HPF (ЖЖС), ATM over ADSL-сигналдарының жолында типтік POTS-сигналдарынан барлық келеңсіздіктердің алдын алады (мысалы, нөмірді теру импульстерінен, тұрақты кернеуден және шақырылған жиіліктен).
Бұл арнаайы сүзгілер пассивті қолдану сияқты, активті сүзетін элементтермен жасалынуы мүмкін.
SANT-D платасы
SANT-D платасы деректер таратуды 155,52 Мбит/с жылдамдықпен санды SDH-жүйесіне оптикалық қатынас құруды қамтамасыздандырады және осы жүйеге екі бағыт бойынша IQ құрсымымен тасылатын ATM-ұяшықтардың бейімделуін іске асырады. Сонымен қатар, осы платада ASAM мультиплексорының эксплуатациялық және техникалық қамтамасыздандыруға аса қажетті функциялар қарастырылған.
IQ-интерфейсі
IQ-интерфейсі SANT-D және ADSE-A-ны ASAM-ның артқы платасымен байланыстырады және екі құрсымнан тұрады:
- тура бағыттағы жоғары жылдамдықты деректер таратуға (ATM-ұяшықтардың) арналған IQD құрсымдары;
- кері бағыттағы жоғары жылдамдықты деректер таратуға арналған IQU құрсымдары, (ATM-ұяшықтардың);
- IQU құрсымына қатынас құруды бақылауға арналған IQA (access) құрсымдары.
IQD және IQU құрсымдары әрқайсысында 5-октетті тақырыпшадан және 48-октетті ақпараттық алаңы бар ATM-ұяшықтардың көліктендірілуін қамтамасыздандырады. Сонымен қатар, әрбір ұяшықтың алдында бір "бос" октет болады. SANT-D ATM-ұяшықтардың 54-октетті слоттарға инкапсуляциясын жүргізеді және IQ құрсымына қатынас құруды қамтамасыздандырады. 155,52 Мбит/с жылдамдықтың 152,64 Мбит/с (=53/54 155,52-тан Мбит/с)-қа бейімделуі толтырылмаған ұяшықтарды өшірумен іске асады. Бұл VC-4-тегі нақтылы ATM-ұяшықтардың максималды жылдамдығының 149,76 Мбит/с (= 26/27 от 155,52 Мбит/с) шамасымен шектелгендігінен болуы мүмкін.
IQA құрсымы кері арнамен интерфейске қатынас құруды бақылау үшін арналған. Ол кері арна құрсымындағы "келіспеушіліктерден" қашуға мүмкіндік береді және бір уақытта әртүрлі LT-объектілерге қатынас құру үшін әртүрлі деңгейлердің артықшылықтарын енгізуге мүмкіндік ереді.
BPA жүйелік платасы
BPA (жүйелік платаның түйіні) өзімен бірге ATM over ADSL-жабдығының стативі жағынан стационарлы бекітілген баспа платасын ұсынады.
Жүйелік платаның негізгі функциялары болып:
- SANT-D немесе ADSE-A-ны ADLT-порттармен және AACU-пен байланысын қамтамасыздандыратын IQ құрсымын қалыптандыру;
- AACU үшін сыртқы интерфейстік байланыстарды қамтамасыздандыру;
- (минус) 48 В қоректендірілетін стансалық құрсымдарды барлық белсенді блоктарға қосу.
Көліктік жүйе
Деректер тасымалдаудың қызметтері мен жылдамдықтары
Көліктік ATM over ADSL – жүйесі ешқандай қайталауыштарсыз, бірдей есулі қоссым бойынша екі жақты байланысуды қамтамасыздандырады.
ATM over ADSL-жүйесіне DMT-технология мен ATM- тарату режімі біріктірілген.
Мұндай бірігудің ақыры болып:
- Трафик сипаттарымен және әртүрлі өткізу жолақтарымен сипатталатын, және DMT-модемнен алуға болатын физикалық жылдамдықты максимумға дейін жеткізуге болатын әртүрлі қызметтердің тиімді сәйкестігін қамтамасыздандыру мүмкіндігі.
- Модемді инициализациялау үрдісінде максималды физикалық жылдамдықты автоматты түрде анықтау (шу деңгейінің берілген шегін ескергендегі мәні). Бұл жағдайда, қызмет көрсетуді басқару жүйесі, қажеткердің қызмет көрсету профилінен тәуелді сызықты жылдамдықтың дұрыс шамасын, шудың оптималды деңгейіне шыға отырып немесе деректер тарату жылдамдығының қуатын минимумға дейін әкеліп, тапсырады, мысалы, максималды жылдамдықты неғұрлым жоғары бағада ұсына отырып немесе кепілді жылдамдықты қамтамасыздандыра отырып. Деректерді тарату жылдамдығы, физикалық максималды ықтималдыққа әкеле отырып, сызықты заң бойынша таңдауы, сондай-ақ оларды әрбір жеке пайдаланушыға тапсыруы мүмкін.
- DMT мен ATM технологияларын аралас қолдану, жүйеге инициалданады және желінің тұрақсыз жұмыс істеу жағдайында өте төмен жылдамдықта жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Жүйені басқару жүйесін хабардар ете отырып, келісілген сенімділік себебі бойынша, жүйе тіпті жайсыз шарттарға да инициалданады. Бұл жағдайда оператор ATM over ADSL-параметрлерді көшіруі және қажет шараларды қолануы мүмкін.
- ATM-ұяшықтардың жылдамдықтарын шешу (толтырылмаған немесе анықталмаған ұяшықтарды орнына қою немесе шығару жолымен), ATM over ADSL-байланысуға кез-келген жылдамдықта деректер таратуды максималды жылдамдықтарда іске асырады.
ATM over ADSL-жүйесінің санды берілу қабілеті:
- тура бағыттағы жылдамдық 0,25-тен 8,0 Мбит/с-ке дейін түрлендірілуі, сонымен қатар, сатылық параметр 32 Кбит/с-ке тең;
- кері бағыттағы жылдамдық 35 Кбит/с-тан 1 Мбит/с-қа дейін түрлендірілуі, сонымен қатар, ол демелінетін екі жақты қызмет пен шлейф сипатынан тәуелді.
ANT-ты функционалды сипаттау
ANT-жабдығы абонент бөлмелеріне орналастырылады және абоненттік TЕ-ні кіріс абоненттік желісімен байланысқа түсуін (ATM over ADSL-сигнал берілетін есулі қоссыммен) қамтамасыздандырады.
Тура бағытта ANT блогы есулі қоссымға кіретін CO-дан келіп түскен ATM over ADSL-арнасындағы сигналдың (DMT-модулденген ATM-ұяшықтар) аяғы болып табылады. Ол сигналды демодулдейді және ондағы абоненттік TE –ға бағытталуы мүмкін ATM-ұяшықтар мен санды биттік ағындарды түрлендіреді.
Кері бағытта ANT блогы ATM-ұяшықтардағы абоненттік TE-ден алынғандарды олардың ағынына қояды және кіріс абоненттік есулі қоссым бойынша CO-ға бағыттандырылатын ATM over ADSL-арнасының сигналын қалыптандырады (DMT-модулденген ATM-ұяшықтар).
Speed Touch отбасынан DSL модемдерінің 3 түрі бар:
- Speed Touch PC-NIC – тұрғызылған модем (плата), негізінде жеке пайдаланушыларға бағдарланған. Point to Point (PPP) типінде байланысу
- Speed Touch Home – сыртқы модем, жеке пайдаланушыларға бағдарланған сияқты, шағын сиымдылықтағы (small office, home office) LAN пайдаланушыларына да бағдарланған. оның тұрғызылған Ethernet порты бар, сондай-ақ “мөлдір көпір” (Bridge) функциясы орындалады.
- Speed Touch Pro – ішкі модем, үлкен LAN пайдаланушыларына бағдарланған. Функциялары ST Home-ға ұқсас, сондай-ақ ол бағдарғылауыш (router) функцияларын да орындайды.
2.3. Байланыс жүйелеріндегі монтаждау жұмыстарын ұйымдастыру
2.3.1 Желіге АТМ анализаторларын қосу әдістері
2.10 суретте АТМ желісіне анализаторларды әртүрлі қосудың схемасы келтірілген. Бұл ИКМ, PDH және SDH мониторинг (схемы а, г и е) режиміндегі қосылу әдістері және құрал мен арна өшірілуінен (схемы б, в и д) тұратын имитация режиміндегі өлшеу технологиялары туралы біраздан бері белгілі бөлімшелерден тұрады. Мониторинг режиміндегі қосылу электрлік интерфейске арналған параллельді жоғары омдық қосылу режимінде де жүзеге аса алады.
Қарастырылған схемалардан басқасы UNI (2 Мбит/с) кіру арнасына анализатордың тарату порты қосылғанда, ал қабылдау порты NNI (155 Мбит/с) желілік интерфейсіне қосылғанда және керісінше комбинирлік шешімге кездесуі мүмкін. Ондай схемалар SDH системаларында мультиплексорлар анализі болып келеді.
Сурет 2.10. АТМ талдауларды желіге қосу
АТМ коммутаторларының жұмыс анализі
Коммутаторнлардың жұмыс анализі өзінің құрамына келесі тесттерді кіргізеді:
- коммутатормен қосылған ұстау анализі;
- жүктеменің максималды жіберу анализі;
- әртүрлі шарттарда коммутаторлардың трафиктік өлшеуі.
АТМ желісіндегі өлшеу деңгейлері
Барлық өлшеулерді толық 4 деңгейге бөлуге болады. Бұл деңгейлер және сәйкес келетін өлшеулер келесі 2.11 суретте қарастырылған.
Суретте көрініп тұрғандай, АТМ желісіндегі барлық өлшеулер шартты түрде физикалық деңгейлердің өлшеулеріне, АТМ деңгейіне, AAL деңгейіне, деңгейге және қызметті жеткізу деңгейіне бөліне алады.
Физикалық деңгей өлшеуі өзінің құрамына АТМ трафигі таратылатын сандық арналардың параметр анализдерін қосады. Бұл топтың өлшеуіне қателікті өлшеу, түзетусіздер туралы сигнал анализі, жиіліктің тұрақсыздығының параметрлерін өлшеу ( джиттер, линиялық сигнал жиілігінің жылжуы) және т.б. жатады. Соңғы кездері АТМ желілері үшін физикалық деңгей ретінде SDH тарату системалары, SDH желісіндегі фактілік идентикалық өлшеумен физикалық деңгейді өлшеуі кең қолданыста.
АТМ деңгейін өлшеуге екі класстың өлшеуі кіреді: АТМ деңгейінің өнімділік анализі (желінің ұяшықпен жүктелген деңгейі, бос ұяшықтардың жалпы пайызы және т.б.) және АТМ желісіндегі трафик параметрлерінің анализі (CLR , CTD, CDV параметрлерін өлшеу және т.б.). Сипатталған класстағы өлшеу технологиясына байланысты әртүрлі топ трафигінің имитация технологиясын, ОАМ ұяшықтарын немесе тесттік ұяшықтарды қолдануға болады.
AAL деңгейін өлшеу блоктардағы тұтынушылар мәліметін өзгерту бойынша, сосын АТМ желісі арқылы берілгендер бойынша SAR процедурасы анализін өзіне жатқызады. Бұл процедуралардың анализі орындалуы мүмкін, ең бастысы, негізгі трафиктің мониторинг режимінде болады. АТМ транспорттық желісіне қатысты бұл деңгейдің өлшеу тобы үлкен эксплуатациялық мәнге ие емес. Әдетте AAL деңгейінде орындалатын өлшеудің үлкен көлемі әртүрлі протоколдардың мәліметін өзгертумен тығыз байланыста болады.
Қызмет деңгейінің өлшеуіне АТМ желісі рамкасында құрылатын қосымшалар параметрінің анализі жатады.
2.3.2 Жұмыс шешімінің мақсатқа лайықтылығы
ATM over ADSL технологиясын пайдаланып аумақ ішіндегі байланыс орнатуды қарастырамыз. Аумақ ішіндегі – бұл ерекше комплекс. Ол қаладағы ең ірі сауда комплекстерінің бірі. Объекттің жалпы ауданы 20 000 квадрат метр (жалға берілетін аудан). Ғимарат негізгі үш қабаттан тұрады және көптеген бөлімшелер мен арнайы қызметтік бөлмелерді қамтиды. Ғимарат заманауи стильде тұрғызылған. Бұл ғимарат міндетті түрде Интернет желісіне қосылуы және сапалы байланыспен қамтамасыз етілуі тиіс.
Аумақ ішіндегі жақын арада тұрғын үйлер орналасқандықтан оған барлық коммуналдық қызмет түрлері жүргізілген. Соның ішінде телефон байланыс жолдары да бар. Осы жолдар арқылы интернетті де ұйымдастыруға мүмкіндік бар.
ATM over ADSL Интернетке жоғары жылдамдықты қатынас құру құралы ретінде өзіне ерекше көңіл аудартты. Ғимаратқа жоғары деңгейлі, сапалы байланысты орнату үшін жақсы шешім болады.
Желінің сипаты
Жалпы мәлімет
Alcatel 1000 ATM over ADSL қатынас құру жүйесінің алдында тұрған негізгі тапсырма, Интернет желісіне және LAN корпоративті желілеріне шапшаң қатынас құруды қамтамасыздандыру болып табылады. Бұл тапсырма, аралас инфрақұрылым көмегімен шешіледі. Оның құрамын келесілер құрайды:
- бөлмедегі ЖЕЖ (жергілікті есептеу желісі);
- желі операторының байланыс инфрақұрылымы;
- корпоративті желілерге қатынас құру қамтамасыздандырылған кездегі LAN бөлмесі.
Желілік сәулет
Ішкі желілік сәулетті қамтамасыздандыру үшін, әртүрлі технолгиялар қолданылады:
- LAN стандартты технологиясы;
- ATM технологиялары және ANT немесе PC-NIC (Network Interface Card – желілік интерфейс платасы) арасындағы ATM over ADSL;
- жоғары өнімділік қасиеті бар, стандартты LAN - жабдығы және корпоративті LAN.
Сурет 2.12 Орталығының ЖЕЖ-нің сұлбасы
Берілген жұмыстың іске асырылуы аса қажет болып табылады. Себебі, аумақ ішіндегі заманауи байланыс ортасы ретінде де танылады. Ол жердегі адамдар қазіргі уақыттағы көрсетілетін қызмет түрінің бәріне дерлік мұқият көңіл бөледі.
Сурет 2.13 ATM over ADSL технологиясы арқылы Интернет желісіне шығудың корпоративті желісінің сұлбасы
Жоғарыда келтірілген мәселелерге байланысты, берілген жобаны іске асыру, ақпаратты тасымалдау және өңдеу жылдамдығының есебінен көрсетілетін қызметінің көлемін ұлғайту және қызмет көрсету сапасын жақсартуға, яғни мамандарға жұмыс орнында отырып-ақ, шалғай арақашықтықта жолдастарымен хабарласу (бейнеконференция байланысы арқылы), басқосуларға шақыруына, ақпарат алмасуына мүмкіндік береді.
Соңғы жылдары ақпарат тарату жылдамдығының өсуі, қолданыстағы желіге қатынас құру арналарының өткізу қабілетіне жетіспеушілік байқалатындай жағдайға әкелді. Корпоративті деңгейде бұл мәселе біртіндеп шешілгенімен (деректер таратудың жоғары жылдамдықты арналарын жалға алу арқылы), шағын және орта объектілерде бұл мәселе бар.
Бүгінгі күнге соңғылық пайдаланушыларды, жекеменшік желілермен және ортақ қолданыстағы желілермен байланыстырудың негізгі әдісі, абоненттік аналогты телефон желілері бойынша санды ақпарат таратуды қамтамасыздандыратын телефон желілерін, модемдерді және құрылғыларды қолдану арқылы қатынас құру болып табылады. Мұндай байланыс жылдамдығы үлкен емес, максималды жылдамдық 56 Кбит/с-ты құрайды. Әзірше Интернетке қатынас құру үшін осы да жетеді, алайда, парақтардың графиктермен, бейнелермен, үлкен көлемдегі электрондық жәшіктермен және құжаттармен қанығуы жақын уақыттарда, тағы да, өткізу қабілетін болашақта арттыру жолдары жайында сұрақ туындатады.
Неғұрлым келешегі бар болып қазіргі уақытта ATM over ADSL (Asymmetric Digital Subscriber Line) технологиясы саналады. Бұл, стандартты абоненттік телефон желілерін, жоғары жылдамдықты қатынас құру желілеріне айналдыратын жаңа модемді технология. ATM over ADSL технологиясы ақпаратты абонентке 8 Мбит/с жылдамдықта таратуға мүмкіндік береді. Кері бағытта 640 Кбит/с жылдамдық қолданылады. Бұл, барлық желі қызметтерінің жаңа спектрінің абоненттен деректер таратудың шамасы аз жылдамдығын ұсынуымен байланысты. Мысалы, MPEG-1 форматында бейне алу үшін, өткізу қабілетінің 1,5 Мбит/с болғаны аса қажет. Абоненттен таралатын қызметші ақпараттар үшін, 64 -128 Кбит/с толығымен жетеді.
Соңғы уақытта байқалған бүкіл дүние жүзіндегі Internet-ті қолданушылар санының қарқынмен өсуінің Қазақстанда да байқалынуы, ATM over ADSL нарығының болашағына оптимистік көзқараспен үңілуге алып келеді. Бұл оптимизм ATM over ADSL-қатынас құру желісін өрістетуді бастаған провайдерлерді бөледі. Бірақ, олардың потенциалды абоненттік негізге қатынасы жайында не айтуға болады?
Бүгінгі күні қазақстандық Internet қолданушылар саны 3,5 млн. адамға бағаланылады (Dataquest деректері бойынша).
Айына бір рет пайда деген нені білдіреді? Желінің жұмыс істеу ұзақтығы шамамен 4—5 сағатты құраса, онда коммутациялық қатынас құру құнында сағатына 1 долл., сонда, 50—60 долл. жылына кетеді. Сөз жоқ, провайдерді жоғар деңгейде кіріс кіргізетін қажеткерлер қызықтырады.
«Тиімді» пайдаланушылардың саны Қазақстанда 2009 ж. (тиімді абонент желіде айына 20 сағаттан кем уақыт өткізбейді деп санасақ) 380—470 мың деңгейінде бағаланады. Мұндай консервативті бағалау, компьютерлендірудің төмен қарқынына және тұрғындардың төмен табысты екеніне қарамастан, абонент қорының тез өсу қарқыны жақын уақыттық болашағы бар деп бағалауға алып келеді. Шымкент нарығында коммутирлі қатынас құру 2009 жылы орташа айлық модемдік пуланы жүктеудің өсуі айына 7—7,5% деңгейінде бақыланды. Бұл тиімді Internet пайдаланушылардың, соның ішінде, кеңжолақты қатынас құру абоненттерінің санының өсуін күтуге мүмкіндік береді.
Осы әдіспен, Қазақстанда, дүние жүзіндегі сияқты, Internet-қызметі аймағында кеңжолақты жүйеге қарай бетбұрыс басталады. Асимметриялық санды абоненттік желі (ATM over ADSL) технологиясы негізінде Internet-ке жоғары жылдамдықты қатынас құрудағы күрделі мәселелердің бірі болып, әсіресе, бастапқы кезеңде, жабдық таңдаудағы сұрақ болып табылады.
Internet ауқымды желісіне ATM over ADSL желісімен қатынас құру үшін жоба жасауда, Alcatel фирмасы мен Cisco Systems компанияларының аппараттық және бағдарламалық құралдары мен жабдықтарының мүмкіндіктерін талдау шешімі қабылданды. Талдау, иерархиялық талдау әдісі арқылы жүргізіледі (ИТӘ).
Иерархиялық талдау әдісі (ИТӘ) – бұл көпкритерилі оптимизация есебін шешуге арналған математикалық аппарат.
ИТӘ элементтерді иерархиялық түрде ұсынатын жүйелік үрдіс, кез-келген мәселенің мәнісін анықтайды.
Нәтижесінде, иерархиядағы элементтердің әсерлесуінің салыстырмалы дәрежесі өрнектеледі. Бұл пікір артынан сандық өрнектеледі.
ИТӘ көптеген пікірлердің синтез үрдісін, критерилердің артықшылықтарын алуды және альтернативті шешімдерді табуды өзіне қосады. Осындай әдіспен алынған мән қатынастар шкаласында және қатал баға беру болып табылады.
Жалпы сипаттама
ATM over ADSL (Asymmetric Digital Subscriber Line) өнімдері, ОO-тен (Орталық офис - (АТС) ғимарат) шектелген арақашықтықтағы жеке меншік бөліктерді және шағын бизнес бөліктерін пайдаланушыларға жоғары жылдамдықта деректер тасымалдау қызметін ұсынуға арналған. Мұндай қызметті ұсыну үшін, қолданыстағы мыс есулі қоссымдар (әрбір қолданушыға біреуден) қолданылады, сонымен қатар, ешқандай қосымша белсенді қайталауыштардың қажеті болмайды. FDM технологиясын қолдану, (Frequency Division Multiplexing – арналарды жиіліктік нығыздау) сол есулі қоссым арқылы бір мезетте POTS (Plain Old Telephone Service – қарапайым телефония қызметі), қызметін ұсынады, сондықтан, келесі артықшылықтар жайында айту керек:
- желі операторы қолданыстағы кәбілдік инфрақұрылымды қолданады;
- абонентте қолданыстағы аппаратымен бірге телефон қызметі сақталады.
ATM over ADSL-жүйесінде биттерді таратудың асимметриялық деректер тасымалдау жылдамдығы: СО-дан абонент бағытына қарай (тура арна жылдамдығы деп аталатын) - жоғары (8 Мбит/с), және қарама қарсы бағытта (кері арна жылдамдығы деп аталынатын)– төмен (1Мбит/с) қарастырылады. Бұл асимметрия қызметтерін, кеңжолақты жиілік, соның ішінде, мультимедиа (сандық бейне және аудио-қызметтер), Ethernet хаттамасымен байланысу қажет болатын абонентке ұсынады. Келешекте, кері бағыттағы арна жылдамдығының ұлғаюына байланысты, екі сипатты мультимедия қызметін төмен жылдамдықта ұсыну мүмкін болады.
ATM over ADSL өнімі толығымен АТМ (Asynchronous Transfer Mode - асинхронды тарату режімі) технологиясына негізделген. Бұл, пайдаланушы деректері (мультимедиа, Ethernet хаттамасы бойынша байланысу және басқарушы ақпарат) сияқты, OAM (Operation, Administration and Maintenance - эксплуатация, администрирование и техобслуживание) жүйесінің деректерін басқарушы да, ATM-ұяшықтарды қолданумен көліктендіріледі. Мұндайға келудің негізгі себебі болып, болашағы бар өнім ыңғайлылығын қамтамасыздандыру болып табылады. ATM-ды көліктік режим ретінде қолдану, көптеген жағдайларда, желі операторлары мен қызмет провайдерлеріне ұсынылатын қызметтерді желілік жабдықтарды өзгертусіз іске асыруға мүмкіндік береді.
ATM over ADSL жүйесі екі бөліктен тұрады: біріншісі (ОO жағында) ASAM деп аталынады, (ATM Subscriber Access Multiplexer – абоненттік қатынас құрудың ATM-мультиплексоры), ал екіншісі (абонент жағында) – (CPE Customer Premises Equipment – қажеткер ғимаратындағы жабдық). CPE, өз кезегінде, өзіне PS (POTS Splitter - разветвитель) және ANT (ATM over ADSL Network Termination (unit) - (блок) желілік ATM over ADSL-аяқталу) қосады. Көліктік ATM-желісімен мультиплексор ASAM, ATM-коммутатороммен жалғанған. Таңдалынған көліктік механизм болып, не SDH (Synchronous Digital Hierarchy – синхронды санды иерархия) [STM1 немесе SONET (OC3c)] немесе PDH (Plesiochronous Digital Hierarchy – плезиохронды санды иерархия) [Е1] болып табылады. ANT блогы TE-ға (Terminal Equipment - терминалды жабдық) (STB (Set Top Box – қосымша байланыс) немесе басқаша мультимедиялық терминалға) және Ethernet хаттамасын қолданатын жергілікті желіге (LAN) қосылуы мүмкін.
ATM over ADSL жүйесінiң ОО сияқты алыс жерлерде блоктармен жұмыс істеуі мүмкін. Алыс жерлерде ASAM-жабдықтар ATM-желіге үздіксіз қосылынып тұруы мүмкін немесе, Е1 интерфейсі арқылы ОO мультиплексорына каскадирленедi.
2.3.2 Қатынас құру желісіне сұлба жасау
ATM over ADSL жабдығының негізінде Шымкент қаласындағы аумақ ішіндегі Интернет желісіне жоғары жылдамдықты қатынас құруды ұйымдастыру үшін, қатынас құру желісіне есеп жүргізу кезінде, төмендегі мүмкіндіктер пайдаланылады:
- Интернет желісіне жоғары жылдамдықты қатынас құру
Интернетке жоғары жылдамдықты қатынас құру, үлкен көлемді файлдарды (бейне, әуен, фотосуреттер) шапшаң көшіріп алуға және жіберуге мүмкіндік береді. Уақыт пен ақшаны үнемдеу. - Әрқашанда еркін телефон байланысы
Интернетте жұмыс істей отырып, телефонмен сөйлесе беру. - Интернетке тұрақты қатынас құру
Жұмыстың басында тек компьютерді қоса салу аса қажет. Интернеттің үйлік арнасы үнемі қосылып тұрады, байланысты үзудің және орнатудың қажеті жоқ. - Шектеусіз трафик
Барлық үйлік Интернеттерге трафик тарифі шектелмеген: ақпаратты шексіз көлемде көшіріп алу және жіберу. - Телефон және электронды пошта бойынша тәулік бойы техникалық демеу
Вэб Плас техникалық демеуі тәулік бойы жұмыс істейді. Туындған сұрақтарға support@wplus.net e-mail-нан алуға болады. - WiFi
Айына 135 теңгемен кез-келген Вэб Плас хотспотына қатынас құру мүмкіндігі бар. Бұл әдеттегі хотспотқа қатынас құрудың сағаттық картасының орташа құнынан төмен. Ыңғайлы WI-FI аймағын таңдау және Интернетке шығу мүмкіндігі. Хостпостқа қосылу және оның құрылымы жайлы www.wifi.webplus.ru. сайтынан білуге болады. - Сервисті басқару
"Есептеулер бөлмесіне" кіру және аса қажет опцияны таңдау арқылы бөлмеден шықпай-ақ, қосымша қызметерге тапсырыс беру және Интернетке қатынас құру параметрлерін өзгерту.
Техникалық демеу
- Компанияның корпоративті сайтының "Техникалық демеу /Поштамен басқару" - "Пошталық құпиясөзді алмастыру" бөлімінде электронды поштаға қатынас құру құпиясөзді ауыстыруға болады.
- "Техникалық демеу/Поштамен басқару" бөлімінде:
- келген пошта жайлы пейджерге мәлімдеме орнату;
- келген поштаны қайта мекендеуді өз e-mail-ға орнату;
- пошта жәшігіне түскен хаттарды компьютерге қабылдамай-ақ оқуға және алып тастауға;
- хат алу қажетсіз болғанда, мекен-жайды көрсетуге;
- жіберілуі мүмкін хаттың макималды өлшемін орнатуға, онда, егер, үлкен көлемдегі хат келсе, ол жіберушіге қайта қайтады.
2.4 Байланыс алгоритмдерін есептеу
2.4.1 Қатынас құру желісінің өткізу қабілетінің есептелінуі
Қызмет көрсету класына тәуелді, қосылған абоненттерге не кепілді өткізу жолағы (CBR), не кепілсіз өткізу жолағы (UBR) ұсынылуы мүмкін.
Сервис кластары сервис сапасының кепілділігін анықтайтын параметрлер тізімін құрайды. Бірнеше сервис кластары қарастырылған - CBR, VBR, UBR және ABR (жақында ғана пайда болды). Сервистің сапа кепілін қатынас құрылатын өткізу қабілетінің минималды деңгейі және ұяшықтарды кідіртудің шектік мәні мен ұяшықтарды жоғалту ықтималдылығы анықтауы мүмкін (кесте 2.7).
Кесте 2.7
Сервистің сапа кепілін қатынас анықтау
Сервис класы |
Өткізу мүмкіндігінің кепілі |
Кідірістің өзгеру кепілі |
Қайта толу кезіндегі кері байланыс |
CBR |
+ |
+ |
- |
UBR |
- |
- |
- |
CBR сервисі (constant bit rate, тұрақты биттік жылдамдықтағы сервис) – сервис класының неғұрлым қарапайым түрін ұсынады. Желілік қосымша CBR байланысын орнатқан кезде, ол ұяшықтарды тәуекелсіз жоғалту байланысын демейтін максималды жылдамдығы болып табылатын ұяшықтар трафигінің пиктік жылдамдығына (peak cell rate, PCR) тапсырыс береді. Содан соң, деректер сұралынған – артық емес және көптеген жағдайларда кем емес жылдамдықпен осы байланыс бойынша таратылады.
Кез-келген жоғары жылдамдықпен стансадан барілетін трафик желімен лақтырылуы мүмкін, ал тапсырыс берілген жылдамдықтан төмен желі трафигі қосымшаны қанағаттандырмайды.
CBR-байланысуы минималды ықтималдылықпен ұяшықтар жоғалтудың өткізу қабілетін және ұяшықтар берілу кідірісінің төмен өзгерісін кепілдеуі тиіс. Қосымша CBR сервиске тапсырыс берген кезде, ол ұяшықтардың берілуінің кідіріс шегінің сақталуын талап етеді. CBR сервисі шынайы уақыт қызметінде арнайы дауыс пен бейне таратуға арналған. CBR байланысы үшін деректер тасымалдау жылдамдығына белгілі бір анықталған шектеулер жоқ және әрбір виртуалды байланысу деректер таратудың әртүрлі тұрақты жылдамдығын сұрауы мүмкін. Желіге нақтылы байланыспен сұралынған толық өткізу жолағын қорландыруы қажет.
UBR (unspecified bit rate, анықталмаған биттік жылдамдық) сервисінің CBR сервисінен айырмашылығы биттік жылдамдықты да, трафик параметрлерін де, сервис сапасын да анықтамайды. UBR сервисі "мүмкіндік бойынша" ұяшықтарды жоғалтып алуға кепілсіз жеткізіп беруді ғана ұсынады. Өткізу жолағын арттыру мүмкіндігіне арнайы жасалынған UBR сервисі өзімен бірге трафик параметрлерінің фиксациясына келісуге дайын емес, адам айтқысыз "жарылғыш" қосымшалар үшін адекватты шешім ұсынады. Сонымен қатар, UBR уақыт бойынша таралынған жүктемесі бар, бірнеше деректер ағынының легін көбейту жүрген кезде, максималды өткізу жылдамдығын қамтамасыздандыруға мүмкіндік береді.
UBR жүрісінің негізгі жетіспеушілігі болып, деректер ағынын басқарудың жоқтығы және басқа тариф типтерінің олақтығын ескермеу саналады. Желі жүктелген кезде, UBR-байланысу деректерді таратуды жалғастыра береді. Желі коммутаторлары трафиктен түсетін кейбір ұяшықтарды буферлендіре алады, бірақ кей кездері буферлер толып кетеді және ұяшықтар жоғалады. Сондай-ақ UBR-байланысу трафикті басқару жайында, желімен ешқандай келісім жасасқан жоқ, әйтпесе олардың ұяшықтары бірінші кезекте лақтырылады. Бұл жетіспеушіліктің орнын толтыру үшін, ASAM мультиплексорларында абонентке деректер таратудың – MCR минималды кепілділігін орнату мүмкіндігін ұсынатын, UBR+ режімін қолдану Алкатель компаниясымен жіберіледі.
Әдетте, трафиктік сипаттамалар абоненттердің типтік профильдері түрінде беріледі. Мысалы, жеке ЖЕЖ-сі барлар, CBR сервисін және желіге деректер тарату жылдамдығын 1 Мбит/с қамтамасыздандырудан төмен емес, ал желіден ақпарат қабылдауды – 8 Мбит/с-та қамтамасыздандыратын 1 профильді қолданатын болады.
Шағын ЖЕЖ-сін пайдаланушылар үшін, UBR+ сервис класы және желіге деректер таратудың кепілді жылдамдығын 256 Кбит/с-тен төмен емес, ал желіден деректерді қабылдаудың кепілді жылдамдығын 512 Кбит/с-тен төмен емес қамтамасыздандыратын 2 профиль орнатылады. Соған орай, максималды деректер тарату жылдамдығы 512 Кбит/с және қабылдау 1024 Кбит/с.
Жеке пайдаланушылар үшін UBR+ сервис класын қамтамасыздандыратын және желіге кепілді деректер тарату жылдамдығын 128 Кбит/с-та, ал желіден кепілді деректер қабылдау жылдамдығын 256 Кбит/с-та, сәйкесінше, максималды деректер тарату жылдамдығын 256 Кбит/с-та және қабылдау 512 Кбит/с-та қамтамасыздандыратын 3-ші профиль орнатылады.
Пайдалану типі орнатылатын ATM over ADSL модемінің типін анықтайды. Қажеткердің сұранысына сәйкес, желіге 80 PC-NIC модемі (жеке пайдаланушылар), 80 Home (кіші ЖЕЖ) модемі, және 4 PRO модемі (ірі ЖЕЖ) орнатылады. Соған орай, PRO модемді абоненттер үшін 1 профиль, Home модемді абоненттер үшін 2 профиль, PC-NIC модемді абоненттер үшін 3 профиль орнатылады.
Қарастырылған қатынас құру желісінің бірінші кезеңінде, тұрақты (коммутирленбейтін) виртуальді байланыс қолданылатын болады, яғни әрбір пайдаланушы үшін фиксирленген VP/VC бекітіледі.
Қосындылық абоненттік жылдамдықтар мен қолданыстағы өткізу қабілетінің сәйкестігін анықтау келесі шарттардың негізінде жүргізіледі:
1. CBR класының барлық абоненттердің максималды қосынды жылдамдығы, қолданылатын деректер тасымалдау ортасының UBR+ класының барлық абоненттерінің минималды кепілді жылдамдықтарының қосындысынан (біздің жағдайда STM-1) артық болмауы керек;
å CBR +å UBRmin £ Kдтоқ * STM-1;
мұндағы - Kдтоқ – деректер тарату ортасын қоланудың мүмкін болатын коэффициенті - ол 0,95-ке тең деректер тарату.
STM-1 – STM1 С-4 –тегі ұяшықтардағы нақтылы АТМ-ның қосындылық пайдалы жүктемесі 155,52 * 26 : 27 = 149,76 Мбит/с.) –ті құрайды.
- UBR+ сервистер класының барлық абоненттер үшін деректер тасымалдаудың (кепілсіз) максималды жылдамдығының қосындысы, қайта жүктеу коэффициентіне көбейтілген деректер тасымалдау жүйесінің қолданыстағы өткізу жолағынан аспауы қажет (MCR - әрбір PVC немесе SVC–ға кепілденген минималды өткізу қабілеті). Бұл жылдамдық (секундына бір биттен) желі бойынша таратуға жиналған деректердің көлеміне сәйкес таңдалынады және оператормен кепілденеді. Егер, дестелік сәлемдемелер абоненттің қосылу портының жылдамдығынан аспаса, және желінің өткізу қабілеті нақты уақытта бос болса, онда абонент MCR келісілген мәнінен асып кетуі мүмкін. Толық өткізу қабілеті кезіндегі, абоненттің жіберетін деректер тасымалдау жылдамдығының мүмкіндігі oversubscription rate деп аталады. (oversubscription коэффициентінің мәні 2-ден 6-ға дейін)
å UBR max<= Kubr * B,
мұндағы, Kubr – қолданыстағы өткізу қабілетінің қайта жүктеу коэффициенті ( Kubr = 400%); B – өткізу қабілеті
ASAM-ның 1-ші мультиплексорына арналған өткізу қабілетінің есебін жүргіземіз. Оған 14 PC-NIC (3-ші профиль) модемі, 13 ST HOME (2-ші профиль) модемі және 1 ST Pro (1-ші профиль) модемі қосылған.
Осыған орай, осы мультиплексордың NT – интерфейсіндегі қосынды кепіл жылдамдығы төмен түсу ағынында келесілерді құрайды:
- ST Pro бір модемі үшін - 8 Мбит/с
- ST Home 13 модемі үшін - 13 х 512=6,656 Мбит/с
- ST PC-NIC 14 модемі үшін - 14 x 256=3,584 Мбит/с
-жалпы кепіл жылдамдығы - 18,240 Мбит/с
Осыған орай, қосынды кепіл жылдамдығы қолданыстағы деректер тарату ортасының өткізу қабілетінің мәнінен айтарлықтай кіші:
18,240 > 149,76 х 0,95 = 142,272 Мбит/с
UBR+ класымен қызмет көрсетілетін абоненттер үшін максималды кепілсіз жылдамдықтардың қосындысының есебін жүргіземіз:
- ST Home 13 модемі үшін - 13x1,024 = 13,312 Мбит/с
- ST PC-NIC 14 модемі үшін - 14x512 =7,168 Мбит/с
- қосынды максималды жылдамдық - 20,480 Мбит/с
Біздің жағдай үшін 2 шарттың орындалуын тексереміз. Осыған орай, кепілдіксіз тарату үшін қалған өткізу мүмкіндігін анықтаймыз:
142,272-18,240=124,032 Мбит/с
Өткізілген есептеуден көрініп тұрғандай өткізу жолағы кепілсіз UBR+ трафигі үшін талап етілетін жалпы максималды жылдамдығынан үлкен.
Осыған орай, қарастырылған мультиплексор үшін толығымен 1 және 2 шарт орындалады. Қалған мультиплексорларға қосылған абоненттердің саны мен типі, 1-ші мультиплексордегі абонент санынан асып кетпейді. Олай болса, барлық абоненттерді қажетті деректер тарату сапасымен қамтамасыздандыру үшін оларға қосылған өткізу қабілетіне STM-1 трактлері толығымен жетеді.
Сұлбада көрсетілген барлық абоненттер, Интернет желісіне шығуды талап етеді, және бірінші кезеңде жартылай тұрақты байланысу режімі қолданылады. Олай болса, қатынас құру желісіндегі ең тар орын болып, АТМ – коммутаторды Интернет желісіне қатынас құру серверімен байланыстыратын STM-1 ағыны саналады.
1 және 2 шарттарды қолданып, осы интерфейске аналогтық есептеулер жүргіземіз.
Осыған орай, осы интерфейстегі қосынды кепіл жылдамдығы төмен түсу ағында келесілерді құрайды:
- ST Pro 4 модемі үшін - 8 х 4 =32 Мбит/с
- ST Home 80 модемі үшін - 80 х 512=40,960 Мбит/с
- ST PC-NIC 80 модемі үшін - 80 x 256 =20,480 Мбит/с
- жалпы кепіл жылдамдығы 93,440 Мбит/с
Осыған орай, қосынды кепілді жылдамдық, деректер тасымалдау ортасының өткізу қабілетінен төмен:
93,440 < 149,76х 0,95 = 142,272 Мбит/с
UBR+ қызмет көрсету класының абоненттері үшін максималды кепілденбеген жылдамдық қосындысын есептеуді жүргіземіз:
- ST Home 80 модемі үшін - 80 x 1,024 =81,92 Мбит/с
- ST PC-NIC 80 модемі үшін - 80 x 512 = 40,960 Мбит/с
- жалпы максималды жылдамдық -122,880 Мбит/с
Біздің жағдай үшін 2 шарттың орындалуын тексереміз. Осыған орай, кепілдіксіз тарату үшін қалған өткізу мүмкіндігін анықтаймыз:
142,272-93,440 = 48,832 Мбит/с
Жүктеменің рұқсат етілген коэффициентін ескере отырып Kubr=400% мынаны аламыз:
48,832 х 4 = 195,328 Мбит/с > 122,880 Мбит/с
Осылайша, максималды жылдамдық қосындысы барлық UBR+ класының абоненттері үшін, қайта жүктеуді есептеу мәнінің коэффициентімен қолданыстағы өткізу қабілетінің есептік мәнінен аспайды, яғни 2 шарт сондай-ақ қарастырылатын интерфейс үшін де орындалады.
Келтірілген есептеулер қатынас желісінің құрылымының таңдалған нұсқасы толығымен жобаланатын желінің жүктеме өткізілуіне қойылатын талапты толығымен қанағаттандыратынын көрсетеді.
2.4.2 ATM over ADSL сызығының мүмкін болатын жылдамдығын есептеу
Жұмыстың негізі, дауысты таратуға толық жарамды (03-3400 Гц аралығы талап етіледі) және 4 кГц жиіліктегі сигналды қабылдауға бағытталған мыс сым телефон стансасына қосылған. Әдетте модеи жәй ғана телефон желісінің мүмкіндіктеріне икемденеді, сондықтан, шектелген жылдамдыққа ие (56 Кбит/с дейін). Бірақ, “мыстық қоссымның” өзінің техникалық мүмкіндіктері өте жоғары, оның өткізу мүмкіндігі 1 МГц жақын, сондықтан, ол арқылы ақпаратты он есе жылдамрақ жіберуге болады.
АТС-те орнатылған ATM over ADSL құрылғысы және телефон сызығының екі ұшына жалғанатын абоненттік ATM over ADSL-модем негізгі үш арнаны құрайды:
- Желіден компьютерге ақпарат берудің жоғарыжылдамдықты арнасы (жылдамдық – 32 Кбит/с – 8Мбит/с)
- Компьютерден желіге ақпарат берудің жылдам арнасы (жылдамдық – 32 Кбит/с – 1,5Мбит/с)
- Телефон сөйлесулері берілетін телефон байланысының жай арнасы
Микросүзгі көмегімен барлық өткізу жолағы екі диапазонға бөлінеді: телефон байланысы үшін төменжиілікті және ақпарат тарату үшін жоғарыжиілікті.
Жоғарыжиілікті диапазон 247 бөлек арнаға бөлінеді, олардың әр қайсысының өткізу мүмкіндігі 4 кГц. Оның біраз бөлігі кіріс ағынды қабылдауға (Интернеттен абонентке), ал қалғаны – шығыс ағын үшін қызмет етеді.Ағынды басқару жүйесі әрқашан әр арнаның күйін бақылап отырады да, қайсысының сипаттамалары жақсырағына ақпаратты жібереді.
ATM over ADSL технологиясының асимметриялық болуы екі бағыттағы өткізу мүмкіндігі бірдей еместігінен. ATM over ADSL тұтынушы бағытында 1,5-8 Мбит/с және провайдер бағытында 640Кбит/с-1,54 Мбит/с тарату жылдамдығын қарастырады. 24 AWG (American Wire Gauge, Америкалық сымдар калибрі — шамамен 0,6 мм) қалыңдықтағы сымдар 5,4 км қашықтықты қамтамасыз етеді. Европада және ТМД елдерінде пайдаланылатын сымдар қалыңдығы 0,5 мм, ол 26 AWG сәйкес. Ұзақтығы 4,5 км қамтиды. Біздің жағдайда 2,5 км қашықтық алынады.
Сызықтың жылдамдықтық потенциал негізінде Шеннон теоремасы жатыр. Оған сәйкес арнадағы жылдамдық мәні
-ден аспайды.
мұндағы W – жиіліктердің қолданылатын жолақ кеңдігі (Гц), S – сызықтағы өшуді ескеретін сигнал деңгейі, N – шуыл деңгейі.
Шеннон теоремасынан ATM over ADSL сызықтарындағы жылдамдықты есептеу формуласы шығады:
мұндағы SNRi – і-арнадағы сигнал/шу қатынасы, 20 саны – G.992 стандарты бойынша бөгеуілқорғағыштықтың талап етілетін қоры. Таратқыштың тұрақты жұмысы кезінде SNR сызықтағы сигналдың өшуі мен шу деңгейімен анықталады.
Сурет 2.14 ТПП 0,5 кабельінің 1 км-гі есептік өшу
Сурет 2.15 ETSI/ANSI маскалары, 6 Мбит/с жылдамдық үшін өшу
ТПП 0,5 кабельдерінің 2,5 км қашықтықтағы 6 Мбит/с жылдамдықтағы ақ шу – 110 дБм/Гц.
Сурет 2.16 Биндік (арналық) жылдамдық сипаттамалары, 1 – ұзындық 1 км., барлық арналар қолданылады; 2 – ұзындық 2,5 км., абонентке ақпарат берілу 168 арнада бітеді.
Әрбір арнада 4 кГц болғандықтан, сызық жылдамдығы:
W=168*32= 5,376 Мбит/с.
Жүктеменің кең диапозонда толқындаса онда RED алгоритмі буферлердің толып кетуіне сезімсіз болуы мүмкін, сондықтан сонымен бірге EPD алгортм қолданылады. Бұл арқылы біз таңдалмаған бірақ ұйяшықты ғана емес жойып, ал бүкіл пакетті жояламыз, нәтижесінде АТМ коммутатордағы жүктемесі тез арада түседі.
Сурет 2.17. P-RED және EPD алгоритмдердің құрылымдық сызбасы
2.4.3 АТМ – ге арналған өлшеуіш концепциясы
ATM технологиясы біршама жаңа, сондықтан қазіргі кезде АТМ желілерінің эксплуатациясы тәжірибелері АТМ эксплуатациялық өлшеуіш жабдықтарында жоқ.
SDH технологияларынан өзгешілігі сол, АТМ желісінің құрамында екі түрлі құрал болады – АТМ коммутаторлары мен кіру құралы. Нәтижесінде SDH өлшеуіш концепциясының (ӨК) біреуі – желінің компоненттері бойынша өлшеуді бөлу – АТМ желілері үшін тиімсіз болады.Сонымен қатар АТМ желісі логикалық және физикалық интерфейстердің көп санымен сипатталады: UNI, PNNI, DXI, B-ICI және т.б., логикалық интерфейстің типтеріне байланысты мәліметтерді алмастыру процедурасы ерекшеленеді, сондықтан өлшеу интерфейстерге сәйкестік бойынша топтарға толық бөледі.
Сурет 2.18. АТМ өлшеу концепциясы схемасы
АТМ арналған екінші "ось" трафик типі болып табылады, қажеттілікке орай, трафиктің әртүрлі типіне арналған өлшеудің эксплуатационды нормалары мен әдістері біршама айрықшалануы мүмкін.
АТМ протоколының структурасын классификацияның үшінші «осі» ретінде қолдануға болады. АТМ протоколы структурасымен сәйкестенетін барлық өлшеулерді деңгейлерге бөледі:: физикалық, ATM және AAL мен SAR пен CS деңгейлеріне (мүмкін, барынша майда бөлулер тиімді болып табылуы мүмкін, мысалы, CS - SSCS және CPCS деңгейлеріне).
SDH технологиясының сипаттамалық ерекшелігі, атап айтқанда, барлық өлшеулерді функционалдық, стресстік және логикалық өлшеулерге бөлуі АТМ технологиясы үшін үлкен айырмашылыққа ие. Яғни желіде қызметтік ақпараттарды таратумен байланысты әртүрлі процесстерде логикалық тестілеудің рөлі арта түседі.
АТМ желісінде ӨК 3суретте көрсетілгендей схемалық болып келеді. Суреттен көріп отырғандай, АТМ желісіндегі барлық өлшеулер АТМ транспорттық желісі өлшеулері мен АТМ протоколы анализдеріне бөлінеді. Осы төрт топтың әр қайсысы үшін желіде орындалатын өлшеу типтері арқылы өтетін интерфейске, трафик типіне және тестілеу деңгейіне тәуелді 4 ось бойынша бөлулер орын алады. Өзінің структурасы бойынша схема төрт өлшемді болып табылады. Яғни олар бір бірімен қатынассыз өлшеу топтарын бөлу критерилері болады.
АТМ желісіндегі әртүрлі интерфейс сандары SDH желісіндегі әртүрлі құралдар сандарымен сәйкестенеді, дегенмен трафиктің әртүрлі типтерімен байланысты жаңа өлшеудің болуы АТМ концепциясын мәнді шамаға қиындатады.
АТМ желісінде мүмкін эксплуатациялық өлшеулер саны SDH желісіндегі өлшеу санынан асып түседі. SDH ӨК қарастыврған кезде ол концептуалды түрде 90 өлшеуіш топты алдын ала ұстайды, дегенмен әрекеттілікте 33 топты қосады. Концептуалды түрде, уақытша өлшеудің белгісіз топтарын қоспағанда АТМ желісіндегі топтар саны тең:
N=5( интерфейстер типтері)х9(деңгейлер мен деңгейшелер)х5( трафиктер типтері) х 3(өлшеулертиптері )=625.
Әрине, теориялық концепциямен жіберілген барлық топтар ғана емес, сонымен қатар біразы нағыз эксплуатациялық мағынаға ие. Дегенмен бірқатар топтар "бос" болады. Жіберілген топтар саны жоғалған топтар санынан аз болмайды. Яғни концепцияда әрқайсысы 5 – 10 схемадан тұратын шамамен 100-200 өлшеу топтары болады.. Сонымен, бағалы түрде айтсақ, АТМ өлшеу технологиясы схемалармен, эксплуатациялық параметрлер жинағымен, нәтиже интерпретациясы әдістерімен және т.б. сәйкестенетін бірнеше мың эксплуатациялық өлшеулерді құрамына енгізеді. Мұнда әрекеттер қатары қарастырылады:
• Ғылыми – техникалық прогресстік дамудағы жаңа қадам ретінде АТМ технологиясы технологияны дамыту заңдылықтарында бір қатар технология қиындықтарын арттырады.
• АТМ өлшеу технологиясы бірнеше мың өлшеулерді қосады және өлшеуге директивті әрекет жағдайында толық өлшемде қолданылуы мүмкін емес. Шын мәнінде, ешқандай стандарт немесе жетекші документ толық өлшемде технологияның барлық нюанстарын ұстай алмайды.
• АТМ желісінде өлшеу технологиясының толық сипаттамасы тек қана техникалық әрекетті бере алады, яғни ӨК түсінігін қолданумен байланысты. Бұл жағдайда сипаттама әдістеме деңгейіне дейін детальданатын болады, ал әдістердің өзі «орын бойынша» құралдардың мүмкіндіктері негізінде генерирленуі тиіс. Бірақ толық сипаттама әдістеме деңгейіне дейін негізгі деңгейде технология дамытылуы мүмкін емес жеткілікті үлкен еңбекті қажет етеді.
SDH системасындағы өлшеудің барлық технологиясы АТМ өлшеу технологиясының бір құрамдық бөлігі ғана болып табылады. SDH технологиясы АТМ транспорттық желісін құру үшін және де физикалық деңгейде соңғы болып қолданылады. Мұндай жағдайда, АТМ технологиясы үшін «матрешка эффект» активті болады. SDH системасындағы жүктеме деңгейіндегі өлшеу сияқты ИКМ/PDH барлық өлшеу технологияларын өзінде ұстанады. Яғни SDH барлық өлшеу технологиясы физикалық деңгей өлшемі ретінде АТМ өлшеу технологиясына ауысады.
Ал өлшеу параметрлері мәнді түрде қиындайды. АТМ технгологияларын PDH және SDH технологияларымен салыстыра отырып, статистикалық мультифлексирленуге және ұяшықтар түріндегі мәліметті таратуға өту АТМ тарату системасы параметрлерінің статистикалық тұрғыда болуына әкеледі.
Мысалы ретінде бірнеше СП негізгі параметрлерінің эвалюциясын қарастырамыз. Жоғарыда аталып өткендей, кез келген сандық СП сапасының негізгі параметрлері ВЕR қателіктер параметрі болып табылады. Дегенмен, ұяшықтар түріндегі ПД әдістеріне өту кезінде ВЕR параметрі АТМ желісіндегі трафиктерді таратумен арнайы байланысты өзінің жанында орналасқан параметрлермен толықтырылад:
BER -> {CER; CLR; CMR; BER}
АТМ желісінде трафик ұяшықтар түрінде беріліп отырылады. Ұяшықтардың ақпараттық өрісінде қателіктер пайда болған жағдайда ол өшіріліп кетеді. Нәтижесінде бір биттік қателік қате ұяшықтардың пайда болуына әкеп соқтырады, ал қателіктердің жалпы параметрі СЕR параметрлерімен сипатталады. Одан да басқа, желі арқылы (CLR параметрі) тарату процесі кезінде ұяшықтар жоғалып кетуі де, сонымен қатар қайта орнатылуы да (CMR параметрі) мүмкін жағдай. Соңында сандық арнаның АТМ желісіндегі құрушы сапа параметрлерін анықтау үшін алдыңғыдағыдай BER параметрі қолданылады.
Мұндай жағдайда, егер PDH системасы үшін G.821/G.826/M.2100 барлық қателік параметрлерін өлшеу әдістемесі бір негізгі BER өңделген параметрлерін өлшеуден тұрса, онда АТМ желілеріне арналған аналогты әдістеме төрт негізгі өңделген параметрлерге базалануы керек.
Параметрлер эволюциясының тағыда бірден бір мысалы ретінде уақытты ұстау параметрлерін атап айтсақ болады. Статикалық мультиплекстеудің процедураларын қолдану АТМ желісі арқылы трафикті тарату кезінде статикалық ұстауды тудырады.
Мұндай жағдайда, егер PDH және SDH системаларында RTD ұстау сипаттамасы үздіксіз шамасы болып табылса, онда АТМ желісінде бұл ұстаудың болуын бөлумен сипатталатын статикалық шама болғаны.
Жоғарыда айтылғандар бойынша қорытынды шығаратын болсақ, PDH және SDH технологияларына қарағанда АТМ технологиясы біршама күрделі. Ал АТМ өлшеуіш технологиясы олардың анализінің бірқатар күрделі параметрлері мен әдістерін және көп өлшеу санына ие.
2.5 Жеке тапсырма
2.5.1 Жаңа буының желілері
Бүгінгі мультимедиялық трафиктің сипатының және оған мультисервистік қызмет көрсету қажеттіліктерінің себебінен дәстүрлі байланыс желілерінің мүмкіндіктерінің шегінен шығу бүкіл желілік құрылымды түбегейлі қайта құруға әкелді, соның нәтижесінде келер буын желісінің NGN (Next Generation Network) концепциясы пайда болды.
NGN сәулеті мен қызметтеріне біржақты түсінікті телекоммуникациялық қоғамдастық әлі тапқан жоқ. Әйтеуір, осы мақала жазылған сәтте солай болған және жақын алдағы болашақта жағдаятқа қатысты әлдебір дәмеге малдануға бола қоймас: байланыс желілері конвергенцияның орынды процессі жүріп жатыр.
Деректер табыстау желілерінің тұрғысынан NGN - келесі буынның Интернет желілері. Ұялы байланыс желілерінің тұрғысынан ол буынға тіпті 3G нөмірі берілген. Дәстүрлі телефония тұрғысынан NGN бүгін кеңжолақты абоненттік қатынауды және трафикке мультисервистік қызмет көрсетуді қолдайтын, бағдарламалық коммутатордың (Softswitch) басқаруындағы пакеттік коммутация желісі ретінде қабылданады. ITU және ETSI айқындалған NGN жалпы сипаттамалары ақпаратты тасымалдау функциялары мен ақпаратты желі арқылы тасымалдауды басқару функцияларын бөлектеу, сондай-ақ қызметтер мен қосымшалардың функцияларын табыстаудың тасымалдау желісінің функцияларынан ажырату болып табылады.
Сонымен, сөз үлескен сәулет туралы болып отыр, онда компоненттердің арасындағы байланыс тек қана ашық интерфейстер арқылы жүзеге асырылады. Қазіргі кезде Астана қаласында өрістетіліп жатқан мультисервистік желі жоғарыда аталған барлық талаптарды қанағаттандырады. Аталған желінің құрылымдық сұлбасы 2.19 суретте берілген.
Аталған желінің өзгеі SURPASS hiE9200 бағдарламалық коммутаторы болып табылады, NGN жабдығының нарығында дүниежүзілік көшбасылардың бірі Siemens компаниясы өндірген. Бағдарламалық коммутатор төмендегідей функционалдық модульдерден тұрады:
- Call Agent SURPASS hiE9200 - желідегі барлық қосылыстарды басқару үшін жауап береді;
- hiG1600 медиа-шлюзы - коммутацияланатын ортақ пайдаланыстағы телефон желісімен шлюздың функциясын (PSTN) қамтамасыз етеді;
- HiR220 медиа ресурстар сервері - дыбыстық құлақтандыруларды қамтамасыз етуге арналған;
- (SBC) HiG50 шекаралық дыбыстық қосылыстар контроллері - оператордың желілік инфрақұрылымын қорғау үшін қолданылады және шекаралас VoIP желілермен желіаралық алмасуды қамтамасыз етеді, сондай-ақ желілік мекен-жайларды (NAT) қайта құруды қолдайды;
Сурет 2.19 . Жаңа буының желісі
- SURPASS hiQ4200 қосымшаларының SIP сервері - бизнес абоненттерге SIP протоколын қолданып, қосымшалардың кеңейтілген санын ұсынуды қамтамасыз етеді.
SIP протоколы - қолданбалы деңгейдегі мәтінге бағдарланған протокол, түрлі байланыс сеанстарын, соның ішінде мультимедиялық конференциялар, телефон қосылыстарын, мультимедиялық ақпаратты кеңхабарлық таратуды және пайдаланушыларды түрлі қосымшалармен қосуды ұйымдастыруға, модификациялауға және аяқтауға арналған.
NGN желісінің өте маңызды компоненттерінің бірі мультисервистік қатынау тораптары (MSAN) болып табылады. SURPASS hiX5630 мультисервистік қатынау торабы - 10 слот бар жүйе, оған төмендегі абоненттік желістік платаларға арналған 8 әмбебап абоненттік слот кіреді: кез келген құрамдастықта 72xADSLII+, 48xSHDSL, 40xVDSL, 72xPOTS, 32xISDN, 16xFast Ethernet және 8xGigabit Ethernet.
NGN желісінің тасымалдау инфрақұрылымы ретінде Cisco Systems өндірген Catalyst 7600 жабдығында құрылған IP/MPLS желісі қолданылады. Аталған жобаны біздің компания жүйелік интегратор - ABS компаниясының мамандарымен бірлестікте әзірледі және орындады.
MPLS (Multi protocol Label Switching) - таңбалар бойынша мульти протоколдық коммутация) - деректер табыстау механизмі, арналар коммутациясы бар желілердің әртүрлі сипаттарын пакеттер коммутациясы бар желілердің үстінен эмульдайды. MPLS арналар коммутациясы бар желілердің де, сондай-ақ пакеттер коммутациясы бар желілердің де клиенттері үшін әмбебап деректер табыстау қызметін қамтамасыз ету мақсатында әзірленген. MPLS көмегімен IP-пакеттер, ATM, SONET және Ethernet кадрлары секілді алуан жаратылысты трафикті табыстауға болады.
NGN желісі абоненттердің алдынан кең мүмкіншіліктер ашады - тек қосымша байланыс қызметтерінің көп санын пайдалануға ғана емес, сонымен бірге меншікті қызметтерді құруға (Интернет арқылы қызметтерге және бизнес абоненттер деңгейіндегі әкімгерлік, бизнес абоненттердің топтары үшін трафикті өлшеу және тарифтендіру) да мүмкіндік береді. Соңғы жағдайда абонент әкімгер ретінде болады және қосымша қызметтерді ұйымдастыру үшін бірыңғай ақпараттық ортаны пайдаланады. NGN желісінің енді бір мүмкіндігі - нақты абонентке арналған қызметтерді дербестендіру және тұтынушының күтісіне сәйкес қызметтер жиынын қалыптастыру болып табылады.
Жаңа буынның NGN желісінің басқа маңызды артықшылықтарының қатарында - деректер табыстаудың жоғары жылдамдығы, жылжымалылық (пайдаланушының деректерге қатынауы оның тұрған жерінен тәуелсіз жүзеге асырыла алады), даралық (қызметтерге кез келген уақытта қажетті көлемде және контент беру пішімінде қатынауға болады), ортанқолдылық (жарамды баға, қолданылатын жабдықтың типіне қатысты икемділік).
NGN желісін дамытуды сатылап жүргізу жоспарланып отыр. 2006 жылы қызметтердің төмендегідей түрлері ұсынылады: ортақ пайдаланыстағы, қалааралық және халықаралық байланыстың телефон желісіне қатынау, қосымша қызметтердің негізгі пакеті (Basic Centrex). 2007 жылдан бастап қосымша қызметтер түрлерін сатылап енгізу жоспарланған.
Астана қаласында NGN желісін іске пайдалануға қосу «KazTransCom» АҚ-на тарифтерді төмендету және Интернет желісіне кеңжолақты қатынау қызметтерін жаппай енгізу тұрғысынан Қазақстан Премьер-министрінің бүгінгі тапсырмасына және ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігі жүргізетін іс-шараларға сай міндеттерді іске асыруға мүмкіндік береді.
3 Тіршілік қауіпсіздігі
Бұл дипломдық жобада ATM over ADSL цифрлық байланысын құру жүйесін жобалау қарастырылады. Дипломдық жоба есептеу техникасының қазіргі таңдағы құралдарын пайдалана отырып, белгілі бір мәселені шешуге жасалған зерттеу жұмысы. Бұл жұмыс Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 тамыздағы N 251 Еңбек Кодексі заңына сәйкес болуы қажет. Осы Кодекс азаматтардың Қазақстан Республикасындағы еңбек бостандығына конституциялық құқығын iске асыру процесiнде туындайтын еңбек қатынастарын реттейдi. Еңбек қатынастарының заңнамалық реттелуі Конституциядан бастау алады. Еңбекті реттеуде қоғам мен мемлекет үшін кодификацияланған бұл заңның маңызы айрықша.
Еңбек қорғау заңы - Қазақстан Республикасындағы еңбекті қорғау саласындағы қоғамдық қатынастарды және қауіпсіздікті реттейді, еңбек процесі кезіндегі жұмысшылардың денсаулығын және өмірін сақтауға, сонымен қатар еңбекті қорғау мен қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принципін орындауды қамтамасыз етеді [4].
Қазақстан Республикасының еңбек қорғау заңы негізгі заңнан және бірнеше нормативтік заңдық актілерден тұрады. Егер басқа елдің талаптары біздің заңдардан жоғары боса, онда Қазақстан Республикасында қалықаралық келісім жүреді.
Еңбек шарттарының нормативтері – нормативтер, эргономикалық, санитарлық – гигиеналық, психофизиологиялық және басқа да қолайлы еңбек жағдайын қамтамасыз ететін талаптардын тұрады.
3.1 Кәсіпорындағы еңбек корғаудың күйін талдау
Аумақ ішіндегі ADSEL технологиясы негізінде байланыс торабында жұмыс атқаратын қызметкерлерін дайындау мен олардың біліктілігін тексеру арнаулы қурстарда, техникалық мектептерде белгіленген тәртіп бойынша, арнаулы бағдарламалармен жүргізіледі. Арнаулы инструкцияларда қондырғылармен жұмыс істейтін қызметкерлердің міндеттері мен құқықтары көрсетіледі.
Жұмысты қауіпсіз жүргізу бойынша инструктаждардың мынадай түрлері болады:
- жұмысқа кіріп жатқан адамдар үшін алғашқы таныстыру
интруктажы. Онда жүмысшылар өндіріс сипатымен, қауіп пен зиян
келтіретін негізгі жағдайлармен, ішкі тәртіп ережелерімен, жалпы
және жеке гигиена талаптарымен танысады;
- жүмыс орнындағы инструктаж; бүл кезде жұмысшылар
жұмысшы бастамай түрып өздері жүмыс істейтін қондырғылармен,
жабдықтармен тереңірек танысады, жүмыс орнын дүрыс және
қауіпсіз үйымдастыруды үйренеді және берілген жабдықтарда
жүмыс істеу кезінде ТҚ бойынша интрукция мазмұнымен, жұмыс
істеу кезінде қауіпсіз жұмыс істеу тәсілдерімен танысады.
Бағдарламалық қамтамасыз етуі және микропроцессорлық техника негізінде мұнай өңдеу кәсіпорындарындағы су тазалау қондырғыларының технологиялық үрдісінің автоматты басқару жүйесін жобалау – күрделі және шығармашылық процесс. Онда технологтар, архитекторлар, механиктер, энергетиктер, экономисттер және басқа да мамандар қатысады, олардың мақсаты – болашақ өндірістік процестің қалыпты жағдайда өтуі ғана емес, сонымен қатар жобада қолайлы санитарлық – гигиеналық және жұмысшылардың қауіпсіз еңбек жағдайы қарастырылады.
3.2 Технологиялық үрдістін қауіпсіздігі
Қауіпті аймақтарда жұмыс басталар алдында техникалык қауіпсіздік ережелерімен таныстырылады. Өндірісте көп кездесетін зиянды факторлар катарына:
- денсаулыққа колайсыз метеорологиялык жағдайлар;
- өндірістік шаңдар;
- жеткіліксіз жарықталыну;
- өндірістік шу мен діріл.
Әдетте зиянды факторлардың жұмыскерлерге тигізген әсерінің салдары - оларды кәсіби сырқатқа әкеліп соғады.
Еңбектің қауіпсіздігі – жұмыс істеушілерге қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың әсерлері тимейтін еңбек жағдайының қалпы.
Қауіпті өндірісітік фактор – кейбір белгілі жағдайларда жұмыс істеушіге тигізген әсері жарақатқа, болмаса лезде оның денсаулығының басқа түрде төмендеуіне әкеліп соғатын өндірістік фактор. Жазатайым жағдай – жұмыс істеушіге өзінің еңбектік міндетін атқару, немесе жетекшінің тапсырмасын орындау кезінде қауіпті өндірістік факторлардың әсерін тигізу оқиғасы.
Өндірістік жарақаттық - өндірістік жарақаттардың жиынтықтарымен сипатталатын құбылыс.
Жазатайым жағдайлар және өндірістік жарақаттар қауіпсіздік техникасының қамтамасыз етілмеуінің салдарынан туатын құбылыстар.
Қауіпсіздік техникасы – қауіпті өндірістік факторлардың әсерлерін жұмыс істеушілерге тигізбеуге бағытталған ұйымдастыру шаралардың және техникалық құралдардың жүйесі.
Осыларға қатысты сауда және ойын-сауық орталығында орын алуы мүмкін қауіпті жағдайларды талдау:
Аумақ ішіндегі ғимараты үш қабаттан тұрады және құрылыс сипаты бойынша күрделі тұрғызылған. Үшінші және екінші қабаттардың орталық бөлігінде төменгі қабаттарға көрініс ашатын оймалар және төменгі қабаттарға түсетін баспалдақтар бар. Осыған орай, ол жердегі қызметкерлер мен жай халықтың биіктен құлау қаупі орын алады. Сондықтан тазалыққа және жарықтандыруға көп көңіл бөлінеді. Аумақ ішіндегі демалу және сауда орны болғандықтан, ауа ылғалдылығы және температураға көп көңіл бөлінуі тиіс. Аумақ ішіндегі көптеген адамдар болуы мүмкін, сондықтан олардың психикалық және моральдық күйіне кері әсер ететін артық шуыл болмауы тиіс немесе бар болған жағдайда, ол изоляциялануы тиіс. Аумақ ішіндегі адамдарды бағыттау үшін арналған ғимарат жоспары және ол жерден шығу жолдары көрсетілген кестелер орналасқан. Бұл өрт қаупі төнген жағдайда адамдарды эвакуациялау үшін қолданғанға өте ыңғайлы.
3.3 Санитарлы нормалар және ережелер
Санитарлы талаптар ол зиянды факторлардың әсерлерін жұмыс істеушілерге тигізбеуге, болмаса оларды азайтуға бағытталған ұйымдастыру шаралары мен техникалық құралдар жүйесін айтады.
Әдетте зиянды факторлардың жұмыскерлерге тигізген әсерінің салдары олар кәсіби сырқатқа әкеліп соғады.
Байланыс саласындағы жұмыс орнында кездесетін зиянды факторларға келесілерді жатқызамыз: денсаулыққа қолайсыз метеорологиялық жағдайлар, жеткіліксіз жарықталыну, құрылғылардан шығатын шуылдар мен дірілдер, электромагниттік өріс әсерлері, т.б.
Еңбек гигиенасы ол адам ағзасына еңбек процестері мен жағдайларының тигізетін әсерлерін зерттейтін ғылымның саласы.
Бұл зерттеудің мақсаты келесідей:
1 Гигиеналық нормаларды негіздеу.
2 Еңбектің тиімді, қолайлы жағдайларын жасау.
3 Өндірістік ортаны сауықтандыру.
4 Адамның еңбек қабілетін арттыру және еңбек өнімділігін жоғарылату.
Жұмыс орындарындағы микроклимат
Микроклиматты сипаттайтын көрсеткіштер:
- ауа температурасы;
- ауаның салыстырмалы ылғалдығы;
- ауа қозғалысының жылдамдығы;
- жылулықтың интенсивтілігі;
Кабинеттерде, пульттер мен технологиялық процестерді басқару посттарында, есептеу техникасы залдарында міндетті түрде ауа температурасы 22-24 0С, салыстырмалы ылғалдылық 60-40 % және ауа қозғалысының жылдамдығы 0,1 м/с-тан аспауы керек. Басқа жұмыс орындарында микроклиматтың оптимальді нормалары белгіленген тәртіп бойынша салалық құжаттамаларға сәйкес болуы керек.
Жұмыс зонасындағы температура әртүрлі биіктікте және әртүрлі аймақта шекті нормадан аспауы керек.
Микроклиматтың оптимальді және шекті көрсеткіштерін орнату кезінде жыл периоды да ескерілуі керек, демек, салқын период кезінде жұмыс орнын радиациялық салқындатудан қорғау керек, ал жылы периодта күн сәулесінің тікелей түсуінен қорғау керек.
1а – категориялы жұмысқа: отырған күйде орындалатын және сағатына 120 ккал дейін энергия жұмсалынатын жұмыстар.
1б – категориялы жұмысқа: отырған күйде және жүріп-тұрып орындалатын және сағатына 120-150 ккал дейін энергия жұмсалатын жұмысты айтамыз.
Сонымен, терморегуляция деп адам ағзасы мен сыртқы ортаның жылу алмастыру кездерінде дененің температурасын тұрақты ұстап тұру процесін айтады.
Бұл жылу ауыстыру процесі жұмыстың түріне байланысты болады. Осыған байланысты өндірістерде жұмыс 3 түрге бөлінеді:
Кесте 3.1
Жұмыс орындарындағы микроклиматтың оптимальді және шекті көрсеткіштері
Жыл периоды |
Жұмыс категориясы |
Температура, 0С |
Салыстырмалы ылғалдылық |
Ауа қозғалыс жылдамдығы |
||||||
Оптимальді |
Шекті |
Оптимальді |
Тұрақты және тұрасқсыз |
Оптимальді |
Тұрақты және тұрақсыз |
|||||
Жоғарғы шек |
Төменгі шек |
|||||||||
Жұмыс орындарында |
||||||||||
Тұрақты |
Тұрақсыз |
Тұрақты |
Тұрақсыз |
|||||||
Суық |
Жеңіл – 1а Жеңіл – 1б |
22-24
21-23 |
25
24 |
26
25 |
21
20 |
18
17 |
40-60
40-60 |
75
75 |
0,1
0,1 |
< 0,1
< 0,2 |
Жылы |
Жеңіл – 1а Жеңіл – 1б |
23-25
22-24 |
28
28 |
30
30 |
22
21 |
20
19 |
40-60
40-60 |
55
60 |
0,1
0,2 |
0,1-0,2
0,1-0,3 |
Оптимальді көрсеткіштер жұмыс зонасының микроклиматына орындалады, ал шекті көрсеткіштер тұрақты және тұрақсыз жұмыс орындарына дифференциалды түрде таратылады. Микроклиматтың шекті көрсеткіштері, жұмыс орнында технологиялық талаптар оптимальді нормаға сәйкес келмеген жағдайда ғана орнатылады.
Жеңіл – 0,6 ккал энергия жоғалтатын адамның дене ширақтығын онша қажет етпейтін жұмыстар.
Орта ауыртпалықты – 0,6-1 ккал керек ететін жұмыстар (жүру, 10 кг жүк көтеру және т.б.).
Ауыр жұмыстар – 1 ккал керек ететін жұмыстар.
3.4 Жарықтандыру
Аумақ ішіндегі бөлме ішіндегі жұмысты камтамассыз ету үшін басты факторлардың бірі қалыпты жарықтандыру болып табылады.
Бөлмелер мен жұмыс орындарын рационалды жарықтандыру – қолайлы еңбек жағдайының басты элементтерінің бірі. Қалыпты жарықтандыру кезінде еңбек өнімділігі жоғарылайды, қауіпсіздік жағдайы көтеріледі, шаршағандық төмендейді. Жеткілксіз жарықтандыру кезінде жұмысшы айналасындағы заттарды нашар көреді және өндірістік жағдайға бейімделу қиындайды. Жұмысты ойдағыдай орындау үшін оған қосымша күш салу және үлкен назар аудару қажет. Дұрыс емес және жеткіліксіз жарықтандыру қауіпті жағдайдың пайда болуына әкеп соғады.
Қажетті жарықтандыру деңгейі көркемдік жұмыстардың дәлдік дәрежесімен анықталады. Жарықтандыруды рационалды ұйымдастыру үшін жұмыс орындарын жеткілікті жарықтандыру ғана емес, сонымен қатар жарықтандырудың тиісті сапалық көрсеткіштерін жасау керек. Жарықтандырудың сапалық көрсеткіштеріне келесілер жатады: жарық ағынының біркелкі таралуы, жарқылдауы, фон, объектінің фонмен карама – қарсылығы.
Өндірістік, қызмет, тұрмыс бөлмелерін жарықтандыру үшін табиғи жарықты және жасанды жарық көздерін қолданады. Табиғи жарық көзі – күн радиациясы, яғни жер бетіне күннен келетін сәуле энергиясының түзу және шашыраған жарығы. Табиғи жарық, яғни күннің жарығы терезелер арқылы бөлме ішіне кіреді. Табиғи жарық бір қалыпты емес тәулік және жыл мезгіліне, сонымен қатар атмосфералық құбылыстарға байланысты. Жарықтандыруға ғимараттардың орналасуы және құрылысы, шыны беттерінің үлкендігі, терезелердің формасы мен орналасуы, қарама – қарсы тұрған ғимараттардың арақашықтығы және т.б. әсер етеді.
Табиғи жарық аса гигиеналы болады және адамдардың көп шоғырланған бөлмелерге арналған.
Ең көп тараған жасанды жарықтандырудың бірі электрлік жарықтандыру болып табылады. Жасанды жарықтандыру табиғи жарық жетіспейтін немесе табиғи жарық жоқ кезде қолданылады. Жасанды жарықтандыру жалпы болуы мүмкін. Бүкіл өндіріс біртекті шырақтармен жарықтандырылады және бірдей қуаттағы лампалармен жарақталады. Рационалды бір қалыпты жарықтандыруды, кенеттен өзгеріссіз және пульсациясыз, жарықтық қолайлы спектралды құрамы және жеткілікті жарықтығы қарастырылған. Сондықтан бөлмелерді рационалды жарықтандыру үшін тұрғылықты және жалпы жарықтандыру жасау керек. Жалпы және тұрғылықты жарықтандырудың қосындысы қиыстырылған жарықтандыруды тудырады.
Функционалдық қызметіне қарай жасанды жарықтандыру жұмыстық, кезекшілік және авариялық болып бөлінеді
3.5 Электрқауіпсіздік
Электр қауіпсіздігін ұйымдастыру үшін қолданылатын құрылғыларды жерлендіру жүйесі қолданылады. Бұл жағдайда артық тоқ қорғаныс жүйесі арқылы жерге кетіп, адам өміріне жұмыс уақытында қауіпті жағдайларды болдырмайды.
Электр қондырғыларында қорғаныс жерлеу ретінде алғашқы кезеңде табиғи жерлегіштер қолданылуы керек.
Өнеркәсіптік ғимараттардың темірбетон фундаментін табиғи жерлегіш ретінде алғанда, қосымша табиғи емес жерлегіштер қажет болмайды.
Жерлегіш қорғанысқа қолданылатын өткізгіш ретінде осы қызметке арнайы жасақталған құралдарды пайдалану керек немесе құрылыс металлдық, электромонтаждық конструкцияларды қолданған жөн. Жерлегіш қорғанысы қолданатын өткізгіштердің материалы, конструкциясы мен өлшемі жылдың барлық мезгіліне және механикалық пен химиялық әсерлерге тұрақтылықты қамтамасыз ету керек.
Металлдық құрылыс заттары мен өнеркәсіптік конструкциялар арасында потенциалдарды теңестіру үшін жерлегіш желілеріне қосылу керек.
Kесте 3.2
Тоқ әсерінің астында қалуының шекті (артық емес) мөлшері
Тоқ түрі |
Тоқ әсерінің астында қалуының шекті (артық емес) мөлшері, с |
|||||||||||
0,01-0,03 |
0,1 |
0,2 |
0,3 |
0,4 |
0,5 |
0,6 |
0,7 |
0,8 |
0,9 |
1 |
1< |
|
Айналмалы 50 Гц
Айналмалы 400 Гц
Тұрақты
|
650
650
650 |
500
500
500 |
250
500
400 |
165
330
350
|
125
250
300 |
100
200
250
|
85
170
240
|
70
140
230 |
65
130
220 |
55
110
210 |
50
100
200 |
366
368
410 |
Әртүрлі мақсатта электр тоғын қолдану, оның қауіпсіздік мәселелеріне көңіл бөлуді қажет етеді. Себебі, электр тоғының әсерінің қауіптілігі адам өліміне дейін алып барады. Электр тоғымен зақымдану себептері:
· ашық тоқ өткізгіш бөлшектерімен және сымдармен әрекеттесу салдарынан;
· оқшауламасы зақымданған ток өткізгіш бөлшектермен жанасу салдарынан;
· оқшауламасының кедергісі аз заттар арқылы;
· қолымен істейтін электрлік саймандардың жарамсыздығынан. Электр тогының адам ағзасында әртүрлі электр жарақаттар (электрлік күйік) және электр соққы тудырады
Электрлік күйік тоқ өткізгішті бөлшектерді ұстағаннан пайда болады. Электр белгі температурасы 50-115°С кедергісінен үлкен, ауданы кіші бет арқылы үлкен тоқ өткен кезде жылулық әсерден пайда болады. Бұл кезде терінің ісуіне әкеліп соғады.
Элетроавтомия - ультракүлгін күшті ағынның нәтижесінде көздің ісуі. Электр соққы - адам денесі арқылы электр тізбектің пайда болуының әсерінен ағзаның зақымдалуы. Бұл электр өрістерінің әсерінен туған биофизикалық құбылыс.
Адамдарды электр желісіне қосылған тоқ өткізгіш бөлшектермен жанасудан қорғау үшін, келесі шаралар қолданылады:
- электр қондырғылар бөліктерінің электр қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жермен қосу;
- тұрақсыз ток жүретін жерлерге арнайы шектеуші аспаптарын құру;
- станцияларда қауіпті жағдайда автоматты түрде өшетін құрылғыларды пайдалану;
- қолымен істейтін электр саймандарының жұмысқа жарамдылығын тексеру;
- қауіпті жерлерге қауіпсіздік белгілерін қолдану.
Электр қауіпсіздік жүйесін ұйымдастыру есебі
Жерлендіру типі – контурлы, яғни жерлендіргіштер бөлменің ішінде контур бойымен орналасады. Бөлменің өлшемдері келесідей: А= 4м , В= 3м.
1-бөлме ; 2-қабырға ; 3-есік
Сурет 3.1 – Бөлме жоспары
Контур вертикальді электродтардан тұрады. Электрод ретінде түтікшелі болат алынады : ұзындығы lБ = 3 м, диаметрі d = 50 мм.
Олар бір-бірімен ұзындығы контур периметрімен тең болатын болат жолақпен горизонтальді қосылған.
мәндерін қоя отырып, бөлме периметрін табамыз.
м
Горизонтальді электрод ретінде де қимасы 40´4 мм болатын жолақты пайдаланамыз. Тік электродтарды жерге енгізу тереңдігі t0 = 0.5 м. Жердің меншікті кедергісі P = 80 Ом·м. Жасанды жерлендіргіш ретінде Rжж = 20 Ом кедергісі бар темірбетонды түтікшелі қолданылады.
Жерге қатысты тұйықталу тогы Iж = 70 А.
Пайдалану коэффициенті әдісі бойынша есептейміз.
Жерлендіргіштің талап етілетін кедергісі:
Жасанды жерлендіргіштің талап етілетін кедергісі:
Тік электродтар саны:
,
мұндағы а - а/ lв = 1;2;3 шарты бойынша тік жерлендіргіштер арасындағы ара қашықтық, берілген жағдайда а=1 м қолданамыз.
Формулаға мәндерді қоя отырып,табамыз:
Тік және көлденең электродтар үшін жердің меншікті кедергісін есептейміз:
,
мұндағы kк - Қазақстанға сәйкес климаттық аймаққа тәуелді жердің кебуін және қатуын есепке алатын мезгілдік коэффициент - kк=1.4; kк' = 2.5.
осы формулаға мәндерді қоя отырып, табамыз:
Rв тік электродтардың (вертикаль) есептік кедергісі:
Тік және көлденең электродтардың пайдалану коэффициенттерін кесте бойынша анықтаймыз:
ŋв=0.4; ŋк =0.21
Қабылданған топтық жерлендіргіштің кедергісін табамыз:
Жерлендіргіштің есептік пен талап етілетін кедергісінің арасындағы айырмашылықты табамыз:
Ом.
3.2-суретте жерлендіргіштің орналасу сұлбасы келтірілген. Жерлендіргіш арасындағы ара қашықтық а = 1 м, жерлендіргіш саны nэс = 14 дана.
1 - жерлендіргіш
Сурет 3.2 – Жерлендіргіш контурдың орналасу сұлбасы.
Қорытындылай келе, оператор орнының электр қауіпсіздігін ұйымдастыру мақсатында талап етілетін жұмыстар көлемі орындалды. Жерлендіргіш электродтар контур бойынша 1 метр аралықта орналастырылды. Бұл бізге байланыс құрылғыларын, қызметкерлерді артық тоқтан қорғауды толық қамтамасыз ете алатын жүйе болып табылады.
3.6 Өрт қауіпсіздігі
Өрт – бұл уақыт пен кеңістік аралығында басқаруға келмейтін материалдық шығындарға әкелетін және адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жану болып табылады.
Өрттің қауіпті факторлары:
- от және ұшқындар;
- ауаның және қоршаған заттардың температурасының жоғарылығы;
- түтін;
- ауада оттегі шоғырының аз болуы;
- ғимараттардың, үйлердің және қондырғылардың бұзылуы;
Жану – жылу мөлшері көп бөлінетін, тез арада болатын күрделі химиялық құбылыс болып табылады. Жану болу үшін жанғыш заттар қышқылдық және тұтану көздері болуы керек.
Байланыс бөлмелерінде өртке қарсы қойылатын талаптар
Өрттің алдын алудың бірден бір мақсаты өрт кезінде құрылыстық құрылымдардың бұзылудан сақтау және жоғары температуралар әсер еткенде қажетті тұрақтылықты қамтамасыз ету. Құрылымдардың белгілі бір уақыт бойы өз функцияларын сақтап тұру қабілетін өртке төзімділік шегі деп аталады. Оны арнайы пештерде стандартты температурамен үлгілерді сынау арқылы анықтайды.
Өрт сөндіру қауіпсіздігі және өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз ету өрт қауіптілігінің алдын алу үшін барлық құрылғылар бәрін бір-ақ өшіру мақсатымен жалпы қорапқа қосылған. Аппаратурада қолданылатын қорғағыштар номиналды техникалық талаптарға сәйкес қойылған.
Өртке қарсы шара ретінде өрт дабылдамасы да қолданылады. Өрт болған жағдайда қызмет көрсетуші персонал және демалушылар ғимараттан уақытылы шығарылса, істің жартысы бітті деп есептесе болады. Себебі, адам өмірі бұл ғимаратта бардың ең қымбаты.
Cауда орталығында 60-тан астам сауда дүкендері, үй құралдары мен спорт жабдықтарын сату комплекстері бар. Сонымен қатар, бірнеше залды кинотеатр, ресторандар және кафелер орын алған.
Ас дайындау бөлмелерінде тікелей отпен және газбен жұмыс жасалатындықтан өрт шығу қаупі өте жоғары. Бұл жерлерде ОХП-10 химиялық көбікті қол өрт сөндіргіштері пайдаланылады. Ал кинотеатр комплексінде көптеген электр құрылғылары жұмыс істейді. Уақыт өте жабдықтардың тозуы және жұмыс барысындағы бұзылулар нәтижесінде тоқ жүретін сымдардан, құрылғылардың өзінен жалын шығу қаупі жоғары. Бұл жердегі құрылғылар электр тоғына жалғанғандықтан сумен өшіруді пайдалануға болмайды. Себебі, өрт сөндірушіні тоқ ұру қауіпі жоғары. Су орнына химиялық немесе ауа көбікті ОХП-10 және ОВП-10 қолмен сөндіру құралдары орналасады. Өрт қауіпсіздігі шарасының негізгі көңіл бөлінетін аймақтар осы. Сондай-ақ айтып кету керек, басқа да әртүрлі киім, аяқкиім және спорт жабдықтарын сату бөлімдерінде өрт шығу қаупі төмен болғанымен, бұл бөлімдер арқылы өрттің бүкіл комплекске таралып кетуі оңай. Сондықтан, оңай жанғыш заттарды сату бөлімі кинотеатр, кафе, ресторандардан алшақ орналасқан. Бұл құрылыс кезіндегі инженерлік өртке қарсы шара деп қарастырсақ болады және аумақ ішіндегі шығу жолдары жақсы ойластырылған.
3.7 Желдету жүйелері
Өндірістік бөлмелердің микроклиматын келесі сипаттамалар белгілейді: бөлмедегі ауа температурасы, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы, ауа қозғалысының жылдамдығы. Бұл сипаттамалар адам ағзасына әсер етеді және оның жұмыс орнындағы мазасына ықпалын тигізеді.
Микроклиматтық талаптарды “Өндірістік және қоғамдық бөлмелердегі ауаның аэроиондық құрамына қойылатын гигиеналық” (СНжЕ 2.2.4.1294-03) талабына сәйкес ұстау үшін және цифрлық құрылғылардың дұрыс жұмыс істеуі үшін бөлмеде екі климатехникалық қондырғылар орнатылған. Микроклиматтың нормативті көрсеткіштері 1 кестеде көрсетілген. Техникалық бөлімде және оператор орнындағы жұмыс орта ауыр дәрежеге жатады, себебі техникалық жабдықтарды басқару алшақтан енгізу-шығару құрылғыларымен іске асырылады: олар компьютерлер, принтерлер, модемдер.
Өндірістегі желдеткіш жүйесі негізгі санитарлық-гигиеналық шарттарының біріне кіреді. Өндіріс орындарындағы шаң-тозаңдарды, зиян газдарды, буларды және артық жылуды желдеткіш жүйесі арқылы сыртқа шығарады. Жұмысшылардың жұмыс істеуіне қолайлы, таза ауамен қамтамасыз етеді. Желдеткіштер жалпы алмасулық және жергілікті болып бөлінеді, ал жұмыс орнына таза ауа тарату жағынан табиғи және механикалық болады.
Кесте 3.3
Орта күрделілік жұмысы үшін өндірістік орынның микроклимат нормалары
Жыл мезгілі |
Температура, °С |
Оптимальді ылғалдылық, % |
Ауа қозғалысының жылдамдығы, м/с |
|||
Опт. |
Қос. |
Опт. |
Қос. |
Опт. |
Қос. |
|
Жылдың суық мезгілі |
18–20 |
17–23 |
40–60 |
<75 |
<0.2 |
0.1 артық емес |
Жылдың ыстық мезгілі |
21–23 |
18–27 |
40–60 |
65 – 26 °С |
0.3 |
0.2–0.4 |
Жұмыс орнында тұрақты микроклиматтық жағдайды ұстап тұру үшін оператор бөлмесінде тұрмыстық терезеге орнатылатын Қыс-жаз желдеткіштерін орнату көзделеді. Желдеткішті таңдау үшін әрбір бөлменің жылу бөліну мөлшерін есептеу қажет. Бұл жылу мөлшеріне жұмыс істеп тұрған құрылғылар саны, жұмыс істейтін адамдар саны, күннен түскен жылу, бөлменің жарықтандырылуы және тағы басқа әсер етеді. Желдеткіштерді суыту қуаты осы бөлінген жылуға тең келетін немесе көбірек мөлшердегі мәнге ие болатынын таңдайды.
Жұмыс орнында тұрақты микроклиматты қамтамасыз ету үшін Қыс-жаз типті желдеткіштері ұсынылады. Бөлменің көлемдік өлшемдеріне сәйкес жағымды әрі тұрақты микроклиматтық жағдайды ұйымдастыру үшін HITACHI фирмасының қыс – жаз типті 1 желдеткіші жеткілікті.
Жұмыс орнын қыс уақытында желдету кішігірім өзгешеліктермен сәйкес келеді. Бұл жерде қысты күнгі күн радиациясынан бөлінетін жылу мөлшері басқа және бөлмедегі жылыту жүйесінен бөлінетін жылу мөлшері ескеріледі. Біз ұйымдастырған желдету үшін қажетті желдеткіш қыста да қолданыла береді. Адамның іскерлігі үшін оптималды микроклимат параметрлері сәйкес келеді. Таза және қалыпты микроклиматты желдету көмегімен іске асырылды.
3.8 Қәсіпорында еңбек тіршілігі
Қызметкерлер үшін ең қауіпті жағдай байланыс қондырғыларының жұмыс істеп тұрғанда туындайды.
Бұл үрдістің жергілікті жөндеу кезінде де қауіпті жағдай күшейетіндіктен, бұл кезде қауіпсіздік ережелері нақты шаралар қолдануды ұсынады.
Жөндеу жүріп жатқан қондырғылар айналасына сигнал беретін жалаушалар ілінеді, ал түнде қызыл шамдар жанып тұрады. Қондырғылар тұрған жерде " Қондырғы жөндеуде", "Жүруге тыйым салынады", "Мұнда жөндеу жұмыстары жүріп жатыр" деп жазылған плакаттар ілінеді. Жөндеу кезінде бас троллей токсыздандырылып, айырғыш қорапшасы жабылады және оған "Іске қосылмасын" деп жазылған плакат ілінеді.
Тұрақты қоршаулары жоқ қондырғыларға жолына шыққан кезде және олардағы металдан жасалған конструкцияларға жөндеу жасаған кезде жұмысшылар сақтандырғаш белбеу тағуы керек. Диірмендерге шығып-түсу кезінде жүмысшылардың қолдары бос болуы шарт. Ал жөндеуге қажетті құралдар арнаулы сөмкелерге немесе жеңіл заттарды салатын қапшықтарға салынады. Ауыр қосалқы бөлшектер арқанмен, жіппен немесе т.б. құралдар көмегімен көтеріліп, түсіріледі.
Заттарды төмен қарай лақтыруға тыйым салынады.
Жөңдеу жұмыстары басталмай тұрып жұмысшылар қауіпсіздік шараларымен танысқандығы жайлы тілхатқа қол қояды.
Магистралді арналардың жергілікті құрылыстарының жүмысының қауіпсіздігін жоғарылату үшін оларға қауіпсіздік аспаптары орнатылады. Оларды орнатуға қойылатын талаптар арнаулы ережелерде белгіленген. Оларға сәйкес жүк көтеру диірмендердің барлығы шеттік ажыратқыштармен, шектегіштермен т. б. құралдармен жабдықталады. Шеттік ажыратқыштар жүк қармайтын бөлік ең шеткі жоғары қалыпқа барғанда, диірмен мен арбаша рельстік жолдың ең шетіне барғанда және диірмендердің автоматты түрде кернеуді ажырату қажет болған жағдайларда іске қосылады.
Техникалық қызметкерлерді қорғау үшін жеке қорғаныс құралдары қолданылады.
3.9 Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың пайда болуы, халықты олардың салдарынан қорғау
Қазақстанның оңтүстік және шығыс аймақтарының тұрғындары үшін жер сілкінісі және олар тудырған құбылыстар (сел, опарылма, сырғыма, қар көшкіні, тоғандардың бұзылуы, мұнай-химиялық жарылғыш және өрт қауіпі бар кәсіпорындарындағы апатты және т.б. аса қауіпті).
Егер жер сілкінісі мен олардың салдарына алдын ала даярланса, әлеуметтік-экономикалық залалды айтарлықтай төмендетуге болады. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін жер сілкінісі қауіпі бар аймақта тұратын әрбір тұрғынға жер сілкінісі туралы белгілі бір білім қажет, өзін қауіпсіз ұстау ережесінбілуге және олар пайда болған кезде сауатты қимылдай білуі тиіс.
Жер сілкінісі геологиялық құбылыс. Олар кез келген уақытта пайда болуы мүмкін. Жер сілкінісі ошақтары жер қыртысында пайда болады. Жер сілкінісінің пацйда болуына геологиялық ортадағы күрт бұзылушылықтар: қозғалыс, жарылыс себеп болады. Әрбір жер сілкінісі – бұл «жарылыс», оның нәтижесіңде жер қойнауында жинақталған энергияның бір бөлігі сыртқа шығады. Жер бетінің қозғалысы сейсмикалық толқындарды тудырады.
Әр елдерде жер сілкінісі жиілігін бағалау үшін пайдаланатын көптеген сейсмикалық шкалалар (50-ге жуық) жасалынды.
Рихтер шкаласына сәйкес (Колифорния технологиялық институтының профессороы Чарльз Ф. Рихтер) бұрынырақта тіркелген күшті жер сілкіністерінің магнитудасы 8,9 болған. Салыстыру үшін: 1988ж. Армян (Спитак) жер сілкінісінің магнитудасы 7,0; 1920 ж. Қытай (Гань су) жер сілкінісінің магнитудасы 8,6.
Жапонияда жергілікті архипилак жағдайындағы жер сілкінісі жиілігін анықтау үшін 7-баллдық шкала жасалынған.
1964ж. С.В. Медведеев(КСРО), В. Шпонхойер (ГФР) және В. Карник(ЧССР) 12 баллдық халықаралық М К-64 жасады. (Оның авторлары тектерінің алғашқы қаріптері бойынша). ТМД және бірқатар еуропа елдерінде ол осы күнге дейін пайдаланылады.
Жер сілкінісі жер бетінде жарықшақтарды туғызады. Аляскадағы апатты жер сілкінісінде (1964ж.) мұндай жарғышақ 1000 шақырымға жеткен.
Сілкініс деңгейінің шегі (жер сілкінісінің жиілігі) ғимараттардың бұзылуы дәрежесімен, жер бетінің өзгеруі сипатымен анықталып, балл бойынша бағаланады. Сейсмикалық толқындардың жалпы энергиясының шегі ретінде жер сілкінісінің магнитудасы қызмет етеді. Магнитуда – бұл топырақтың бір бөлігінің жылжуының ең жоғарғы амплитудасының логарифміне сәйкес сандардың шартты берілу. Жердің энергия ұстауын есептегенде жер сілкінісінің магнитудасы 9-дан аспайды. Магнитуда, жер сілкінісінің жиілігі және ошағының бойлау тереңдігі 20-30 шақырым болды.
4 Экономикалық бөлім
4.1 Жобаның экономикалық негіздемесі
Берілген дипломдық жұмыста Шымкент қаласының орталығында орналасқан аумақ ішіндегі байланыс желісімен қамтамасыз етудің инвестициялық жоспары қаралады. Аумақ ішіндегі күніне 15 000 адамға, ал жылдың ыстық уақытында 25 000 адамға қызмет көрсетеді.
Нақтылы кәсіптік–жоспар жұмыста аумақ ішіндегі орналасқан әртүрлі фирмалардың интернетке шығу мүмкіндігін, олардың басқа нүктелері арасында шапшаң ақпарат алмасу қажеттілігін іске асыруды негіздейді.
Нарықтық қатынасқа өтуге байланысты қазіргі экономикалық жағдай кәсіпорындарға ішкіфирмалық жобалаулардың жаңа түрін қолдануға әкелді. Олар қабылданатын шешімдердің максималды тиімділікті қамтамасыз ететін, жобалаудың жаңа моделдері мен формаларын іздеуге мәжбүр болды.
Мұндай жетістіктерге жетудің оптималды нұсқасы жаңа озық жоба түрі – бизнес жоба болып табылады. Ол кәсіпорын алдына қойылатын жақын арадағы және ары қарайғы болашағының мақсаты мен мәнінің зерттеулерінен, ағымдағы экономика жағдайының бағасының, өндіріс орнының басым және әлсіз жақтарының, нарық анализі мен клиенттер туралы ақпараттарды зерттеуден тұрады. Сонымен қатар, мұнда қойылған мақсаттарға жету үшін керекті қорға және бәсекелес жағдайына баға беріледі. Бизнес жоспар ұсынылатын жобаның пайдасын және тиімділігін көрсетуге және қаржы әріптестерді қызықтыру мүмкіндіктерін береді. Ол инвесторларды сіздің ұйғарымдарыңызды тиімді іске асыруға мүмкіндік беретін, кәсіпорынның дамуының қызықты мүмкіндіктерін тапқаныңызды дәлелдеу және кәсіпорын жобаның мақсаттары мен міндеттерін тиімді, ақиқатты және тізбектелген бағдарламасын орындау мүмкіндігін береді.
Жұмыс шешімінің нәтижелілігі
Соңғы жылдары ақпарат тарату жылдамдығының өсуі, қолданыстағы желіге қатынас құру арналарының өткізу қабілетіне жетіспеушілік байқалатындай жағдайға әкелді. Егер, корпоративті деңгейде бұл мәселе біртіндеп шешілгенімен (деректер таратудың жоғары жылдамдықты арналарын жалға алу арқылы), шағын және орта объектілерде бұл мәселе бар.
Бүгінгі күнге аяққы пайдаланушыларды, жекеменшік желілермен және ортақ қолданыстағы желілермен байланыстырудың негізгі әдісі, абоненттік аналогты телефон желілері бойынша санды ақпарат таратуды қамтамасыздандыратын телефон желілерін, модемдерді және құрылғыларды қолдану арқылы қатынас құру болып табылады. Мұндай байланыс жылдамдығы үлкен емес, максималды жылдамдық 56 Кбит/с-ты құрайды. Әзірше Интернетке қатынас құру үшін осы да жетеді, алайда, парақтардың графиктермен, бейнелермен, үлкен көлемдегі электрондық жәшіктермен және құжаттармен қанығуы жақын уақыттарда, тағы да, өткізу қабілетін болашақта арттыру жолдары жайында сұрақ туындатады.
Неғұрлым перспективті болып қазіргі уақытта ATM over ADSL (Asymmetric Digital Subscriber Line) технологиясы саналады. Бұл, стандартты абоненттік телефон желілерін, жоғары жылдамдықты қатынас құру желілеріне айналдыратын жаңа модемді технология. ATM over ADSL технологиясы ақпаратты абонентке 8 Мбит/с жылдамдықта таратуға мүмкіндік береді. Кері бағытта 640 Кбит/с жылдамдық қолданылады. Бұл, барлық желі қызметтерінің жаңа спектрінің абоненттен деректер таратудың шамасы аз жылдамдығын ұсынуымен байланысты. Мысалы, MPEG-1 форматында бейне алу үшін, өткізу қабілетінің 1,5 Мбит/с болғаны аса қажет. Абоненттен таралатын қызметші ақпараттар үшін, 64 -128 Кбит/с толығымен жетеді.
Соңғы уақытта байқалған бүкіл дүние жүзіндегі Internet-ті қолданушылар санының қарқынмен өсуінің Казахстанда да байқалуы, ATM over ADSL нарығының перспективасына оптимистік көзқараспен үңілуге алып келеді. Бұл оптимизм ATM over ADSL-қатынас құру желісін өрістетуді бастаған провайдерлерді бөледі. Бірақ, олардың потенциалды абоненттік базаға қатынасы жайында не айтуға болады?
Бүгінгі күні қазақстандық Internet қолданушылар саны 4,2 млн. адамға бағаланылады (Dataquest деректері бойынша).
Айына бір рет пайда деген нені білдіреді? Желінің жұмыс істеу ұзақтығы шамамен 4—5 сағатты құраса, онда коммутирлі қатынас құру құнында сағатына 1 долл., сонда, 50—60 долл. жылына кетеді. сөз жоқ, провайдерді жоғары деңгейде кіріс кіргізетін қажеткерлер қызықтырады.
«Тиімді» пайдаланушылардың саны Қазақстанда 2007 ж. (тиімді абонент желіде айына 20 сағаттан кем уақыт өткізбейді деп санасақ) 350—450 мың деңгейінде бағаланады. Мұндай консервативті бағалау, компьютерлендірудің төмен қарқынына және тұрғындардың төмен табысты екеніне қарамастан, абонент қорының тез өсу қарқыны орташапшаң болашағы бар деп бағалауға алып келеді. Алматы нарығында коммутирлі қатынас құру 2007 жылы орташа айлық модемдік пуланы жүктеудің өсуі айына 5—6% деңгейінде бақыланды. Бұл тиімді Internet пайдаланушылардың, соның ішінде, кеңжолақты қатынас құру абоненттерінің санының өсуін күтуге мүмкіндік береді.
Осы әдіспен, Қазақстанда, дүние жүзіндегі сияқты, Internet-қызметі аймағында кеңжолақты жүйеге қарай бетбұрыс басталады. Асимметриялық санды абоненттік желі (ATM over ADSL) технологиясы негізінде Internet-ке жоғары жылдамдықты қатынас құрудағы күрделі мәселелердің бірі болып, әсіресе, бастапқы кезеңде, жабдық таңдаудағы сұрақ болып табылады.
Internet ауқымды желісіне ATM over ADSL желісімен қатынас құру үшін жоба жасауда, Alcatel фирмасы мен Cisco Systems компанияларының аппараттық және бағдарламалық құралдары мен жабдықтарының мүмкіндіктерін талдау шешімі қабылданды. Талдау, иерархиялық талдау әдісі арқылы жүргізіледі (ИТӘ).
Иерархиялық талдау әдісі – бұл көпкритерилі оптимизация есебін шешуге арналған математикалық аппарат.
ИТӘ элементтерді иерархиялық түрде ұсынатын жүйелік үрдіс, кез-келген мәселенің мәнісін анықтайды.
Нәтижесінде, иерархиядағы элементтердің әсерлесуінің салыстырмалы дәрежесі өрнектеледі. Бұл пікір артынан сандық өрнектеледі.
ИТӘ көптеген пікірлердің синтез үрдісін, критерилердің артықшылықтарын алуды және альтернативті шешімдерді табуды өзіне қосады. Осындай әдіспен алынған мән қатынастар шкаласында және қатал баға беру болып табылады.
Нарықтық қатынасқа ауысу Қазақстандағы сапалы байланысқа мүдделі кіші және орта бизнес кәсіпорындарының санын көбейтті. Сұраныстың ұсынысты туғызатыны бәрімізге мәлім, сондықтан да қолданыстағы мемлекттік байланыс желісімен қатар жаңа байланыс қызметімен қамтамасыз ететін компаниялар пайда болды.
Мұндай компанияларға пейджингті фирмалар және ұялы байланыс қызметін көрсететін фирмалар, Интернетке кіру жүйесін ұсынатын фирмалар жатады. Компаниялар арсындағы қатал бәсеке абоенттерге жаңа қызмет түрін көрсетуге және оларға деген тарифті төмендетуге, сонымен қоса барлық жаңа аймақтарды өзінің қызметімен қамтуға мәжбүр етеді.
Қазіргі таңда интернетке қосылуда ATM over ADSL технологиясы нарықта нақты орынға бекініп, негізгі жолдардың бірі болып табылады.
Компания баға саясаты цифрлық байланысты Қазақстан тұрғындарына аса әмбебапты түрін ұсыну. “Қазақтелеком” компаниясының баға саясаты цифрлық байланысты Қазақстан тұрғындары үшін одан тиімді жеткізуде. Компания қаңтардың соңында жаңа тарифті жоспар енгізді. Біріншіден желі ішіндегі тарификация өз брендерінің барлық тарифті жоспары бойынша енгізілді. Екіншіден бұл ыңғайлы және бай таңдау түрі. Мысалы желі абоненттерінің өзінде тариф жоспарының бірнеше түрін таңдау мүмкіндігі бар. Мысалы, ATM over ADSL технологиясы арқылы қосылған желі Интернет жылдамдығы орташа, бірақ ұзақ уақытқа қажет болатын кезде “Шектеусіз” тарифын ұсынады. Ал егер жылдамдығы өте жоғары болсын десеңіз, “СуперХит” тарифтері ұсынылады.
Қызмет түрлері
ATM over ADSL жүйесі келесі қызмет түрлерін көрсетеді:
а) интернетке қосылуды ұйымдастыру ;
б) цифрлық телефондық байланыс;
в) цифрлық факсимиьді желі;
г) конференц-байланыс, яғни үш немесе бірнеше абоненттердің бір уақытта сөйлесуі;;
д) интернет тарифтерінің бірнеше түрлері;
е) мәліметтерді тарату және т.б.
Жоғарыда айтылған қызмет көрсету түрлерін “Қазақтелеком” компаниясының арнайыландырылған бөлімі Megaline көрсетеді, қазіргі кезде ол барлық интернет қызметін көрсететін компаниялардың басты бәсекелесі.
4.2. Күрделі шығындар мен эксплуатациялық шығындардың есебі
а) Күрделі шығындардың есебі
Контракт бойынша («Alcatel» фирмасы) 18.02.08 бастап, жабдықты пайдалану сметасын құрамыз, және ATM over ADSL желісін құрудың күрделі шығындарының есебін жүргіземіз. Бізге оператор жабдығы (СО), абонент жабдығы (CPE), желіні басқару жүйесі және Internet желісіне қатынас құру шлюзі керек болады.
Күрделі шығындар келесі құрамда болады:
Жабдықтың құны –13 919 350 тенге;
Монтаж құны (жабдық құнынан 10% );
Көліктік және дайындау-қоймалық шығындар (жабдық құнынан 5%);
Өлшейтін ыдысқа және орамға шығын (жабдық құнынан 0,5%).
Монтаж құны:
Км=13 919 350*0,1=1 391 935 теңге
Көліктік және дайындау-қоймалық шығындар құны:
Кт=13 919 350*0,05=695 967 теңге
Өлшейтін ыдысқа және орамға шығын:
Кn=13 919 350*0,005=69 596 теңге
К= КATM over ADSL+ Км+ Кт+ Кn
Осы әдіспен, ATM over ADSL желісін құруға кететін шығындар 16 076 848 (16 млн. тг.) теңгені құрайды.
Кесте 4.1
Жабдықты қолдануға смета
|
Сипаты |
Саны |
Бірлік құны, теңге |
Жалпы құны, теңге |
|
Аппараттық бөлім |
|
|
|
||
ATM over ADSL негізгі конфигурация – оператор жабдығы |
|
|
|
||
|
Таған ETSI UT-9 2200mm 48VDC version 3SR |
6 |
550 000 |
3 300 000 |
|
|
Платалар |
|
|
|
|
|
SDH-NT STM-1, SVC |
6 |
220 000 |
1 320 000 |
|
Жалғасы |
|||||
|
Alarm Control Unit |
6 |
55 250 |
331 500 |
|
|
Line board - EUR variant |
21 |
65 250 |
1 370 250 |
|
|
Passive POTS splitter 600 ohm |
21 |
4 750 |
99 750 |
|
|
|||||
ATM over ADSL негізгі конфигурация – қажеткер жабдығы |
|
|
|
||
|
Модем Speed Touch PC (PC NIC) |
50 |
9 500 |
475 000 |
|
|
Модем Speed Touch Home |
50 |
17 250 |
862 500 |
|
|
Модем Speed Touch Pro |
4 |
38 050 |
152 200 |
|
|
|||||
|
Сплиттерлер |
|
|
|
|
|
Passive POTS splitter 600 ohm |
70 |
1 500 |
105 000 |
|
|
|||||
ATM over ADSL негізгі конфигурация – кәбілдер |
|
|
|
||
|
Cable MDF-ASAM 24 pair 25 meter |
6 |
8 250 |
49 500 |
|
|
Fiber and connectors SDH-NT to network |
6 |
5 350 |
32 100 |
|
|
|
|
|
|
|
|
ATM over ADSL жабдығына барлығы: |
|
|
8 097 800 |
|
|
|||||
ATM over ADSL желісін басқару жүйесі |
|
|
|
||
|
Сервер Oracle V7.3.2.2.0 RTU (8 conc. users) |
1 |
854 500 |
854 500 |
|
|
ПО NM Expert 1390 Management SW (inclusive Dataview graphical interface) |
1 |
1 560 750 |
1 560 750 |
|
|
Лицензия AWS License fee per user (including MIB fee) |
112 |
1750 |
196 000 |
|
|
Басқару жүйесіне барлығы: |
|
|
2 611 250 |
|
|
|||||
|
ATM over ADSL желісіне барлығы: |
|
|
10 709 050 |
|
|
|||||
Internet желісіне қатынас құру жабдығы |
|
||||
|
Жүйелік блоктар мен платалар |
|
|
|
|
|
X1000 shelf (includes fan, clock and alarm modules). |
1 |
384 250 |
384 250 |
|
|
Power Supply 500 Watts DC. |
2 |
65 050 |
130 100 |
|
Жалғасы |
|||||
|
System Control Module, Model 120. |
1 |
950 850 |
950 850 |
|
|
3 WAN + 1 Ethernet |
2 |
190 350 |
380 700 |
|
|
Digital Modem Server 84 channels. |
1 |
993 250 |
993 250 |
|
|
ATM Line Interface with single OC-3 Single mode IH port. |
1 |
22 400 |
22 400 |
|
|
DC Fuse Panel (Hendry). |
1 |
116 900 |
116 900 |
|
|
Switch Software, Release 2.2. |
1 |
231 850 |
231 850 |
|
|
|||||
|
Қатынас құру жабдығына барлығы: |
|
|
3 210 300 |
|
|
|||||
|
Жобаға барлығы: |
|
|
13 919 350 |
|
ә) Эксплуатациялық шығындар есебі
Жылдық эксплуатациялық шығындарды есептейміз:
Бір жылдық шығынның суммасы фактылық өндірістік өзіндік құнды немесе жылдық эксплуатациялық шығынды құрайды.
Эксплуатациялық шығындар берілген көлемдегі қызметтің немесе қандай өндірістік ресурстар кеткенін көрсететін, кез-келген шаруашылық субъектінің маңызды көрсеткіші болып табылады.
Эксплуатациялық шығынға әсер ететін әдістемеге байланысты келесі статьялар кіреді:
- Еңбекақы шығындары Е;
- Әлеуметтік қажеттіліктерге бөліну ОС.Н;
- Негізгі қор амортизациясы А;
- Материалдық шығындар М;
- Электроэнергия шығындары Ээл.;
- Қалған шығындар Экалг
Еңбекақы төлеуге кететін шығын келесі формуламен анықталады :
мұндағы, аi – i–інші санаттағы жұмысшы еңбекақысының шамасы;
mi –i-інші санаттағы жұмысшылар саны;
12 – жылдағы айлар саны;
1,2 – сыйақыны ескеретін коэффициент.
4.2 кестеде компанияның штаттық кестесіне сәйкес еңбекақылары келтірілген:
Кесте 4.2
Компания қызметкерлерінің еңбекақылары
Қызмет |
Қызметкерлер саны |
Еңбекақы (теңге) |
Техникалық эксплуатация инженері |
1 |
75 000 |
Техник оператор |
5 |
45 000 |
Осы әдіспен еңбекақы шығындарының мөлшері:
Әлеуметтік қажеттіліктерге бөліну әрбір өндіріске міндетті түрдегі соцсалықты ұсынады. Әлеуметтік қажеттіліктерге бөліну әрбір еңбекақы төлеу қорынан тәуелді және Салықтық кодекстің қалпымен есептелінеді (берілген жағдайда қалыптандыру барлығы 11%):
Ос.н=4 320 000х0,11= 475 200 тенге
Амортизация өзімен бірге, тозу жағдайында қайта жасалынатын өнім немесе қызмет құнынан ОПФ құнына біртіндеп ауыстыруды ұсынады. Амортизацияның сандық өлшемі және оның ақшалай өрнегі негізгі өндірістік қордың толығымен орнына келуіне арналған амортизациялық бөліну болып табылады. Амортизациялық бөліну экономикалық көзқараспен, бір өндіріс циклы кезінде өнімді жасауға кеткен шығын, жасалынған еңбектің ақшалай эквиваленті болып саналады. Амортизациялық бөліну негізгі қордан бір жылға бөлінудің орнатылған пайызы сияқты, қарапайым тәртіппен есептелінеді. Содан соң, бөліну ақысы анықталынады.
Жалпы жағдайда, амортизациондық бөліну формуласы келесі түрде болады:
Алғашқы шығындар құны 355 952 АҚШ долларын құрайды. Есептеу техникасына, ақпараттық жүйелерге және деректерді өңдеу жүйесіне амортизацияның жылдық қалпы 25%-ды құрайды. Соған орай, бөлінудің жылдық қосындысы:
А =16 076 848* 25 / 100 =4 019 212 теңге.
Жабдыққа кететін материалдық шығындар, жабдық құнынан 0,5% -ды құрайды:
М = 0,005*16 076 848=80 384 теңге.
Қалған шығындар құрамы:
- Өндірістегі заттарды міндетті түрдегі сақтандыру, жабдық құнынан – 0,08% -ды құрайды:
Эсақт=16 076 848*0,008=128 614 теңге
- Жөндеу құралдарына шығын, жабдық құнынан 2%-ды құрайды.
Эжөнд=16 076 848*0,002=32 153 теңге
Жалпы эксплуатациялық шығындар электроэнергияны санамағанда:
Э1=4 320 000+475 200 +4 019 212 +80 384 +128 614 + 32 153 = 9055563 тенге
Электроэнергия шығындары, жалпы эксплуатациялық шығындардан 1% -ды құрайды:
Ээл =90556 теңге
Жалпы эксплуатациялық шығындар:
Эш = Эl + Ээл
Эш =9055563 +90556 = 9146119 тенге
4.3. Жұмыстың экономикалық тиімділігінің есебі
Желінің берілген сегментінде, нақтырақ айтсақ, аумақ ішіндегі 2 қабатында интернет орталығы бар. Сауда орталықты 15 000 адам болғанда, кемінде 100 адам күніне интернетпен пайдаланады.
Қаладағы интернетті қолдану бір сағат үшін орташа бағасы 350 тг. Қазір кезде желі абоненттері үшін тарифтердің бес түрі бар. Олар «Start», «Turbo», «Hit», «Light» және «Box». Біз осының ішінде «Turbo» тарифтік жоспарын қарастырамыз. «Turbo» тарифінің бір айлық бағасы Бст.аб= 5845тг. және осы айлық төлемге кіріс трафик 10 Гбайт көлемдегі ақпаратты құрайды, ал трафиктен артық әрбір бір 10 Мбайт үшін – 32,82 тг. Статистика бойынша әр нүкте тәулігіне интернетте 3 сағат қолданылады. Есептеуді инфляцияны және басқада шығындарды есепке алмай есептейміз. Біріншіден «Turbo» тарифы ішіндегі есептеулерді шығарамыз, екінші қолданушылардың интернет арқылы алынған ақпарат көлеміне қосалқы ақыны есептейміз. 50 абоненттік қосылу нүктесін қарастырайық:
Бір реттік төлемдер:
Дврт = Дпк + Динсж
Портқа қосылу – Дпк= 7056 тенге
Абонент жағындағы инстоляциялық жұмыстарды жүргізу – Динсж=2060 тенге
Дврт = 7056+ 2060 =90116 тенге
50 абонентті қосуға алынатын төлем көлемі:
Абоненттік төлем табысы:
Дабон = 50 * Сабон |
(4.14) |
Дабон =50* 5845 = 292250 тенге айына
Жылдық абоненттік табысы:
Дабонж = Дабон *12 |
= (4.15) |
(4.15) формулаға сәйкес жылдық төлем табысы мынаған тең
Дабонж =292250*12=3507000 тг. жылына.
Трафиктен түсетін табыс:
Дтариф = A*12*t*Pmp |
(4.16) |
мұндағы А – абоненттер саны, 50;
t – алынған қосымша ақпарат көлемі, 5120 мбайт;
Ртр – 10 мбайт бағасы, 32,82 тг.
Дтариф =50*12*512*32,85=10082304 тенге жылына.
Мұндай жағдайда желі сегментін эксплуатациялаудағы табыс жылына келесіні құрайды:
Джыл= Дтариф + Дабонж + Дбрт |
(4.17) |
Джыл =10082304+3507000+455800=14045104 тенге
Шығынды өтеу мерзімін есептеу
Шығынды өтеу мерзімін есептеу үшін абсолютті экономикалық тиімділік шамасын білу қажет.
Абсолютті экономикалық тиімділік табыстың қаржы жұмсау бағасына қатынасы арқылы анықталады:
Тк = Пт/Н |
(4.18) |
мұндағы Пт - жылдық таза пайда,
Н –қаржы жұмсаулар (күрделі шығын).
Жалпы пайдадан табыстық салықты шегеру керек. Қазір заңды тұлғалардың табыстық салығы /пайдадан салық/ 20%, яғни, Ст = 0,2*П.
Пт=П-Ст (4.19)
Пайда келесі формула арқылы есептеледі:
П=Т-Эш |
(4.20) |
мұндағы Т – табыс
Эш – жылдық эксплуатациондық шығындар
П=14045104-9146119 тг
Ст=0,2*4 898 985=979 797 тг
(4.19) формулаға мәндерді қойып келесі шаманы аламыз
Пт=П-Ст = 4 898 985 – 979 797 = 3 919 188 тг.
Табылған мәнді (4.18) формулаға қоямыз:
Тк=3 919 188 / 9 146 119 = 0,4%
Өтеу мерзімі абсолютті экономикалық тиімділікке кері шама ретінде анықталады:
Нормативті өтеу мерзімі М=2,5 ал абсолютті экономикалық тиімділік Тк = 0,4 тең болады.
Осыдан шыға отырып, осы бағыттағы желіні дамыту компания үшін экономика жағынан тиімді деген қорытындыға келеміз.
Алынған деректер 4.3 кестеге енгізілді:
Кесте 4.3
Техника-экономикалық көрсеткіштер
Көрсеткіштердің атауы |
Өлшем бірлігі |
Жоба көрсеткіші |
Күрделі шығындар |
теңге |
16 076 848 |
Құрылғыны сатып алуға кеткен шығын |
теңге |
13 919 350 |
Еңбек ақы қоры |
теңге |
4 320 000 |
Жалпы табыс |
теңге |
14 045 104 |
Таза пайда |
теңге |
3 919 188 |
Эксплуатациялық шығындар |
теңге |
9 146 119 |
Қызметкерлер саны |
адам |
6 |
Абсолютті экономикалық тиімділік коэффиценті |
% |
0,4 |
Жобаның қайтарылым мерзімі |
жыл |
2,5 |
5 Бизнес–жоспарлау
Қорытынды
Дипломдық жұмыста ATM over ADSL технологиясының дамуы мен қолданылуы жайында жалпы сұрақтар қарастырылды. Сондай-ақ, ATM over ADSL технологиясы арқылы Интернетке қатынас құрудағы ATM over ADSL қызметін ұйымдастыру қағидалары мен деректер тарату әдістері сипатталынды.
Жұмыста Шымкент қаласындағы аумақ ішіндегі қатынас құру желісімен қамтамасыздандыруды іске асырудың жобасы қарастырылды. Дүниежүзілік нарықта алдыңғы орындарды алатын “Алкатель” компаниясының ATM over ADSL жабдықтары сипатталынды (ASAM қатынас құру мультиплексоры және қажеткер жабдығы). ATM over ADSL жабдығының негізінде Шымкент қаласындағы аумақ ішіндегі байланыс арнасының өткізу қабілеттілігі есептелінді.
Жұмыстың иерархиялық талдау әдісімен (ИТӘ) жүргізілген техника-экономикалық негізделуі қарастырылды. Онда қатынас құру желісін ұйымдастыру үшін күрделі және эксплуатациялық шығындардың есебі жүргізілді.
Өмір тіршілік қауіпсіздігі сұрақтары бойынша: оператордың еңбек етуіне қалыпты жағдай жасау, табиғи және жасанды жарықтандыру.
Осыған орай, қатынас құру желісінің жобасы жасалынды:
- Желілік сәулет;
- Жабдықтардың комплектациясы.
Жүргізілген өткізу қабілетінің есебі, берілген қатынас құру желісінің сапалы жұмыс атқаратынын растады.
Дипломдық жобаны орындауда “Алкатель” компаниясының құрылғылары таңдалынды және артықшылықтарын көрсетті.
Күрделі және эксплуатациялық шығындар, операторға тариф саясатын дұрыс анықтауға, шығындарды тез арада қайтаруға және пайдасын көруге мүмкіндік береді.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
- В.Ю. Бабков, М.А. Вознюк, В.И. Дмитриев. Системы мобильной связи / Спб ГУТ. – СПб, 2009. – 331с.
- В.О.Тихвинский. Сети подвижной связи третьего поколения. Экономические и технические аспекты развития в России. – М.: Радио и связь, 2005. – 312с.
- Использование радиочастотного спектра и развитие в России сетей подвижной связи 3-го поколения / Под ред. Ю.Б. Зубарева, М.А. Быховского. Серия изданий «Связь и бизнес». М., МЦНТИ; ООО «Мобильные коммуникации», 2004.
- Тихвинский В.О. Экономический анализ проблем высвобождения РЧС для развития сетей подвижной связи второго и третьего поколений // Мобильные системы. 2005. № 4.
- Карташевский В.Г. и др. Сети подвижной связи. - М.: ЭКО-ТРЕНДЗ, 2001.
- Ратынский М.В. Основы сотовой связи / Под ред. Д.Е. Зимина. - М.: Радио и связь, 2009.
- Максим Букин. Все про ваш мобильный телефон. Книга 4:— Москва, Майор, 2004 г.- 176 с.
- Максим Букин. Все про ваш мобильный телефон. Книга 5:— Санкт-Петербург, Майор, 2005 г.- 176 с.
- В. Н. Максименко, В. В. Афанасьев, Н. В. Волков. Защита информации в сетях сотовой подвижной связи. Санкт-Петербург, Горячая Линия - Телеком, 2007 г.- 360 с.
- Качество услуг мобильной связи. Оценка, контроль и управление: В. Ю. Бабков, П. В. Полынцев, В. И. Устюжанин. Санкт-Петербург, Горячая Линия - Телеком, 2005 г.- 160 с.
- Джек Маккалоу. Секреты беспроводных технологий. Москва, НТ Пресс, 2009 г.- 408 с.
- Н. Н. Баранов, И. И. Климовский, А. В. Петраков. Сотовая связь. Общечеловеческие проблемы:. Санкт-Петербург, РадиоСофт, 2010 г.- 152 с.
- Электронные системы связи в корпоративных группах: У. Томаси - Москва, Техносфера, 2007 г.- 1360 с.
- Берлин А.Н.Сотовые системы связи. БИНОМ. Лаборатория знаний, Интернет-университет информационных технологий - ИНТУИТ.ру, 2009
- Семенов Ю.А.Алгоритмы телекоммуникационных сетей. Часть 1. Алгоритмы и протоколы каналов и сетей передачи данных.БИНОМ. Лаборатория знаний, Интернет-университет информационных технологий - ИНТУИТ.ру, 2009
- Семенов Ю.А.Алгоритмы телекоммуникационных сетей. Часть 2. Протоколы и алгоритмы маршрутизации в INTERNET :БИНОМ. Лаборатория знаний, Интернет-университет информационных технологий - ИНТУИТ.ру, 2007
- Беллами Дж/Под ред. А.Н. Берлина, Ю.Н. Чернышева.Цифровая телефония М.: Эко-Трендз, 2004
- Бараш Л.WiMAX как технология универсального широкополосного беспроводного доступа. Беспроводная технология Ultra Wide Band
- Галлагер Р.Теория информации и надежная связь.М.: Советское радио, 1974
- Григорьев В.А., Лагутенко Ю.А., Распаев Ю.А.Сети и системы радиодоступа.М.: Эко-Трендз, 2005
- Громаков Ю.А.Организация физических и логических каналов в стандарте GSM .Электросвязь. № 10. 2002. С. 9–12
- Damnjanovic A., Vanghi V., Vojcic B. cdma2000 System for Mobile Communications.The 3G Wireless Evolution Communication Engineering and Emerging Technologies Series Published by Prentice Hall, 2004
- Кожанов Ю.Ф. Протоколы и интерфейсы в цифровой сети с коммутацией каналов .Siemens. 2002
- Назаров А.Н., Симонов М.В.ATM: технология высокоскоростных сетей. М.: Эко-Трендз, 2006
- Невдяев Л.М. GSM: Приоритеты определены. М.: Эко-Трендз, 2005
- Невдяев Л.М.CDMA: сигналы и их свойства. Электросвязь. № 10. 2008. С. 5-10
- Нейман В.И.Кодирование речи в цифровых системах сотовой связи.Радио. № 9. 2001
- Попов В.И.Основы сотовой связи стандарта GSM.М.: Эко-Трендз, 2005
- Самуйлов К.Е., Никитина М.В.Сети сотовой подвижной связи в стандарте GSM.Сети. № 6. 2008
- Семенов Ю.А.Кодировщики голоса (Vocoder).M: Радио и связь, 1983
- Сергеенко А.Б.Communication toolbox
- Шаронин С.Технология HomePNA в свете современных концепций широкополосного абонентского доступа.LAN — журнал сетевых решений. № 6. 2001
- Шахнович И.Стандарт широкополосного доступа IEEE 802.16–2004. Режим OFDMA и адаптивные антенные системы
- Balston D.M.The pan-European system: GSM./ In D.M. Balston and R.C.V. Macario, editors, Cellular Radio Systems.Artech House, Boston, 1993
- Behrouz A. Forouzan. Local Area Networks. First Edition.Mc Graw-Hill Forouzan Series, 2002
- Kahabka Marc. Pocket Guide for Fundamentals and GSM Testing.Wandel & Goltermann GmbH & Co. Elektronische MeЮtechnik
- Pelletier Beniot.CDMA technology
- Overview The Universal Mobile Telecommunication System
- Turletti T. A brief Overview of the GSM Radio Interface Telemedia Networks and Systems Group
- Viterbi A.J.CDMA: Principles of Spread Spectrum Communication Prentice Hall Communications Engineering and Emerging Technologies Series Prentice Hall, 2005
- Белов С.В.. Безопасность жизнедеятельности. – М.: Высшая школа, 2006.
- СНиП РК 2.04.-05-2002. Естественное и Искусственное освещение. Общие требования – Астана, 2002.
- Анастасиев П. И. Зеленецкий М.М. Фролов. Ю.А. Молниезащита зданий и сооружений. – М.: Радио и Связь, 2005.
- СН РК 2.04-29-2005 «Инструкция по устройству молниезащиты зданий и сооружений».
- Базылов К.Б., Алибаева С.А., Бабич А.А. Методические указания для студентов всех форм обучения специальности 050719 -Радиотехника электроника и телекоммуникации. – Алматы: АИЭС, - 2008. - 20 с.
- Голубицкая Е.А. Экономика связи: М.:- Ириас, 2006.-450 с.
- Никонов А.А. Анализ моделей формирования цен и проблемы практики ценообразования на научно-техническую продукцию/ Проблемы адаптации научных и инженерных коллективов в условиях перехода к рынку: Сб.науч.тр. Ред. Л.С. Барютин и др., СПбГИЭА- СПб., 2002.
- www.gsmonitor.narod.ru/info/rbs2206.html
- Huaweic 2802-каталог-Alle Telecom
- www.activ.kz
- Безопасность и качество услуг сотовой подвижной связи. Терминологический справочник: В. Н. Максименко, А. В. Кудин, А. И. Ледовской - Санкт-Петербург, Горячая Линия - Телеком, 2007 г.- 250 с.
Түйін
Қазіргі заманда желілік технологиялар және Интернетке қатынас құру қарқынды дамуда. ATM over ADSL технологиясы да (цифрлік абоненттік желі) осы тектес мәселелерді шешетін негізгі құралдардың бірі болып табылады.
Дипломдық жұмыста аумақ ішіндегі үшін ATM over ADSL технологиясы арқылы Интернетке енуді ұйымдастыру және қатынас құру желісімен қамтамасыздандыруды іске асырудың жобасы қарастырылды.
Өміртіршілік қауіпсіздігі сұрақтары бойынша, табиғи және жасанды жарықтандыру, оператор залында электр қауіпсіздігінің жалпы жағдайларын қамтамасыз ету.
Берілген жұмысқа техника-экономикалық негіздеме жүргізілді, кәсіптік-жоспар жасалынды.
Резюме
В настоящее время очень быстро развиваются сетевые технологии и доступ в Интернет. Технология ATM over ADSL (цифровая абонентская сеть) является одним из основных средств для решения подобных задач.
В данной дипломной работе рассмотрен, доступ в Интернет через технологию ATM over ADSL для торгово-развлекательного центра «Меga»
Рассмотрены вопросы безопасности жизнедеятельности, произведены расчеты вентиляции, обеспечение общих условий электробезопасности.
Произведено технико-экономическое обоснование данной работы. Разработан бизнес-план.
I
Жарияланған-2014-01-07 20:24:07 Қаралды-9414
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Құқық, Қоғам, Криминалистика
- Информатика
- Туризм
- Өндіріс, Өнеркәсіп, Құрылыс, Мұнай-газ, Электротехника
- Психология, Педагогика
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Экономика, макроэкономика, микроэкономика
- Экология
- Тіл ғылымы, Филология
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Биология
- Ветеринария
- Ауыл шаурашылық саласы