UF

ЖЫНЫС ЖАСУШАЛАРЫНЫҢ ДАМУЫ, ҰРЫҚТАНУ

 

Сперматогенез және овогенез (жыныс жасушаларының дамуы). Мейоз жолымен бөліну кезінде сперматогенез әрекеті жүреді де, онда аталық жыныс жасуша түзіледі. Пісіп жетілмеген жыныс жасушасының мөлшері үлкейіп, мейоздың бірінші бөлінуі кезінде сперматогенез әрекеті басталады. Бірінші бөлінудің нәтижесінде екі жасуша (2 n) түзіледі. Одан кейін мейоздың екінші бөлінуі жүреді. Мейоздын екінші бөліну нәтижесінде пісіп жетілген аталық екі жыныс жасушалардан, гаплоидты хромосомалар жиынтығы (n) бар төрт сперматазоид пайда болады.

Рисунок – Жыныс жасушаның дамуы

Сперматогенез (А) және овогенез (Ә); 2 n - хромосомалардың диплоидты жиынтығы; n - хромосомалардың гаплоидты жиынтығы.

 

Аналық жыныс жасушаларының түзілуі - овогенез, оның сперматогенездерден біраз айырмашылығы бар. Мәселен, овоцитжасушаларында қарқынды түрде ақуыз, рибосомалар, рибонуклеин қышқылдары синтезделеді. Пісіп-жетілген жұмыртқа жасушаларында рибосомалардың, ақуыздың, рибонуклеин қышқылының синтезделуі аяқталған соң, мейоздың бірінші бөлінуі басталады. Мейоздың бірінші бөлінуі нәтижесінде (мейоздық бөліну жұмыртқаның жыныс безінен шыққаннан кейін жүреді) әрбір овоциттен көлемі жағынан бірдей емес гаплоидты жасушалар пайда болатындығын суреттен аңғару қиын емес. Цитоплазмасы өте көп ірі жасушаны овоцит деп атайды, ал цитоплазмасы жоққа тән екінші кіші жасушаны бағыттаушы денешік дейді.

Қоректік заты мол ірі жұмыртқа жасушаның маңызы зор, себебі екінші бөлінуде одан бағыттаушы денешік түзіледі.

Демек, мейоздың екінші бөлінуінде бір ірі қоректік заты мол жұмыртқа жасуша және бір бағыттаушы денешік, ал алғашқы бағыттаушы денешік екіге бөлініп, екі денешік түзіледі, нәтижесінде хромосома жиынтықтары гаплоидты (п) болып келетін бір ірі жұмыртқа жасуша, үш бағыттаушы денешіктер түзіледі. Бағыттаушы денешіктер кейінірек жойылып кетеді. Ірі жұмыртқа жасушадағы қорға жиналатын зат ұрықтың бірінші дамуының сатысында қажет болады.

Ұрықтану. Ұрықтану дегеніміз пісіп жетілген аталық және аналық жасушалардың ядролары мен цитоплазмаларының бір-бірімен қосылуы. Сондай-ақ гаплоидты хромосомалар жиынтығының қосылу нәтижесінде зигота түзіледі де, әр түрге тән хромосомалардың диплоидты жиынтығы мен ядро заттары қалпына келеді. Ұрықтану кезінде тұқым қуалау ақпараты жаңарып, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырады. Жұмыртқа жасушаның ядросы мен сперматозоидтың ядросы жанасқанда қабықшаның жанасқан жеріндегі бөлігі еріп кетеді де, ішіндегі заттары бір-бірімен қосылып, диплоидты ядросы бар зигота түзіледі. Ұрықтанғанда сперматозоид жасушасының жұмыртқа жасушасына біреуі ғана өтеді. Мұндай ұрықтанудың түрін моноспермиялы ұрықтану дейді.

Кейбір жағдайларда жұмыртқа жасушасына бір емес бірнеше сперматозоидтар енеді, мұндай құбылысты полиспермиялы ұрықтану деп атайды. Полиспермия құбылысы бунакденелілерде, былқылдақденелілерде, тікентерілілерде, қосмекенділерде, жорғалаушыларда, құстарда, ал кейбір жағдайларда сүтқоректілерде де кездеседі.

Ұрықтанудың генетикалық маңызы.

1. Ата-ене гаметасы хромосомалардың гаплоидты жиынтығы қосылып, хромосомалардың диплоидты жиынтығы қайтаданқалпына келеді. 2. Ата-ене гаметаларының қосылу салдарынан генетикалық материал жаңарады. 3. Ұрықтану кезінде сперматозоид ядроның құрамында жоқ центриольді алып келеді. 4. Жұмыртқа жасушасы болашақ ұрпақтың дамуына ядролық материалдан басқа цитоплазмалық материал береді. Ендеше ағзаның кейбір белгілерінің қасиеттері ядроға ғана емес, цитоплазмаға да байланысты болады.

Жануарлар мен жоғары сатылы гүлді өсімдіктердің жыныс жасушаларының дамуы мен ұрықтануында көптеген ортақтық, сонымен қатар айырмашылықтары да бар. Ендеше жабық тұқымды гүлді өсімдіктердің қосарынан ұрықтануын қарастырайық. Ол үшін өсімдіктану пәнінен гүлдің құрылысы мен атқаратын қызметін еске түсіріңдер.

Гүлді өсімдіктердің қосарынан ұрықтануы. Аналық жыныс жасушаларының дамуы.

Аналық жыныс жасушалары түйінде дамиды, оның ішінде тұқым бүршігі орналасқан. Тұқым бүршігіндегі пісіп жетілген жұмыртқа жасушасы мейозды бөліну жолымен екі рет бөлініп, 2,3,4 гаплоидты жиынтығы бар жасуша пайда болады. Төрт жасушаның үшеуі тіршілігін жойып, қалған бір гаплоидты жасуша митоз жолымен үш қайтара бөлінеді де гаплоидты жиынтығы баржасуша түзіледі. Осы 8 жасушаның бесеуі ұрық қапшығының қабырғасын түзуге қатысады, ал оның үшеуінің біреуі жұмыртқа жасушаға айналады. Екі гаплоидты хромосома жиынтығы бар жасуша қосылып, диплоидты хромосома жиынтығы бар жасуша түзіледі. Қалған пісіп жетілген гаплоидты жұмыртқа жасушасы мен диплоидты хромосома жиынтығы бар жасушалар ұрықтануға әзір тұрады (5).

Рисунок – Жабықтұқымды өсімдіктердің қосарынан ұрықтануы

Аталық (сперма) гаметаларының дамуы

 

Аталықтың ұшында тозаң түтікшелері, ал бұлардың ішінде (6) спермиялар дамиды. Бұл жасушада мейоз жолымен екі рет бөлініп (7, 8) гаплоидты хромосомалы төрт жасуша пайда болады.

Тозаң түйіршігінің келесі кезеңі митоз жолымен бөлінеді де, хромосомалардың гаплоидты жиынтығы бар екі жас жасуша тозаңқаптың жасушаларына түседі де (9), дами бастайды. Бұлардың біреуі өсімді (вегетативті), екіншісі генеративті жасуша деп аталады. Генеративті жасуша митоз жолымен екіге бөлінеді. Пайда болған екі жасуша да спермияға айналады (9 б). Сөйтіп сыртын тығыз қабықша қаптаған, пісіп жетілген тозаң түйіршігінде үш жасуша пайда болады, біреуі өсімді жасуша және екеуі гаплоидты хромосома жиынтығы бар спермия.

Тозаң түйіршігі өнгенде, оның өсімді жасушасы тозаң түтігіне айналады. Тозаң түтігі созылып, ұрық қапшығына жеткен соң, гаплоидты жиынтығы бар спермия (9 а) гаплоидты жиынтығы бар жұмыртқа жасушаны ұрықтандырып, диплоидтық жиынтығы бар ұрық түзіледі, одан болашақ өсімдіктің ұрығы дамиды (10).

Екінші спермия диплоидты жиынтығы бар жұмыртқа жасушаны ұрықтандырып 9 (ә) триплоидты жиынтығы бар жасушаға айналады. Триплоидты ядросы бар жасуша дамып келе жатқан ұрықтың қоректік заты ретінде жұмсалатын органикалық заттарға мол эндоспермге айналады (11). Сонымен гүлді өсімдіктердің қосарынан ұрықтануы дегеніміз, бір мезетте диплоидты ядролы жасушадан болашақ өсімдіктердің ұрығы дамып, ал триплоидты ядролы жасушадан қоректік заттың қоры - эндоспермнің дамуын айтады.

Гүлді өсімдіктердегі қосарлы ұрықтануды 1898 жылы ботаник С. Г. Навашин, ал эндоспермнің триплойдты табиғатын 1915 жылы оның баласы М. С. Навашин ашқан болатын. Жасуша ұрықтанғаннан соң (зиготадан) ағзаның жеке дамуы басталды.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2020-10-27 10:52:18     Қаралды-10461

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »