ТӘЖІКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ - Орта Азияның оңтүстігіндегі республика, Өзбекстанмен, Қырғызстанмен, шығысында Қытаймен, оңтүстігінде Ауғанстанмен шектеседі. Жері 143,1 мың км2. Халқы 3387 мың (1975). Астанасы - Душанбе қ. Әкімшілік жағынан 1 автономиялықоблысқа және 2 әкімшілік облысқа, 41 ауданға бөлінеді; 18 қаласы, 47 қ. т. поселкесі бар.
Табиғаты.Тәжікстан - таулы ел. Территориясының 93%-і Тянь-Шань, Гиссар-Алай және Памир тау жүйелеріне жататын таулардан тұрады. Жерінің 1/2-і 3000 м-лік биіктікте орналасқан. Жазықтар өзен аңғарлары мен тауаралық қазан шұңқырларды құрайды. Республиканың солтүстік жағын Құрама жотасы (биіктігі 3769 м), Моғолтау (1624 м), Түркістан жотасы, орталық бөлігін Гиссар-Алай тау жүйесі, оңтүстік-батысын Жылантау, Теректітау, Қаратау, Ақтау, шығысын Памир тау жүйесі алып жатыр. Тау аралықтарында Ферғана, Гиссар, Вахш, Төменгі Кафирниган т. б. аңғарлар орналасқан. Биік жерлері - Коммунизм (7495 м) және Ленин (7134 м) шыңдары.
Тәжікстан жерінде Ортаңғы және Төменгі Тянь-Шань (Тянь-Шань) және Памирқатпарлы құрылымы, сонымен қатар екі тау аралық ойыс [Тәжік депрессиясы және Ферғана депрессиясы (Ферғана аңғары.)] орналасқан. Альпілік қозғалыс нәтижесінде Гиссар-Алайдың қазіргі рельеф формасы қалыптасты. Мезозой-палеогендікплатформалык, ойыстарда Тәжік және Ферғана депрессиясы дамыған. Тәжікстан территориясы тұтасымен сейсмикалығы жоғары ауданда орналасқан. Пайдалы қазындылардан Памир және Гиссар-Алайда сурьма, сынап, мышьяк, боксит, тау хрусталы, оптикалық флюорит, исландия шпаты, лазурит, алтын (шашыранды), вольфрам рудалары; Құрама зонасында полиметалл рудалары, сирек металдар (Қарамазар), оптикалық шикізат, шеелит, тас көмір, Тәжік және Ферғана депрессиясында мұнай, газ, тас көмір, жанғыш тақта тас, тас тұзы, құрылыс материалдары өндіріледі. Тәжікстан жарылыс зоналары минералдық бұлақтарға (ыстық, нарзан, радиоактивті сулар) бай.
Тәжікстанның климаты континенттік; қаңтардың орташа температурасы оңтүстік-батыстың тау аңғарлары мен тау бөктерлерінде 2°, -2°С, республиканың солтүстігінде -20° С-қа дейін; температураның абс. минимумы Памирде (Бұлынкөл) -63°С-қа жетеді. Шілденің орташа температурасы 30°С-тан 0°С-қа дейін (Памирде); температураның абс. максимумы 40°С (Төменгі Пяндж). Республика жеріне ылғалды солтүстік-батыс, батыс және оңтүстік-батыс ауа массалары алып келеді. Гиссар жотасының оңтүстік етегіне жылына 1600 мм жауын-шашын түседі. Тау аңғарлары мен қазан шұңқырларда 100-150 мм, Шығыс Памирде (Қаракол) 72 мм ылғал түседі. Республика территориясының барлық аудандарында жазда тау аңғары желдері үстемдік етеді. Ферғана аңғарында жаз бен күзде құрғақ және ыстық гармсел желі, республиканың оңтүстік бөлігіне ауған желі соғады. Қар жиегі Гиссар-Алайда 3800-4400 м, Памирде 3600-5400 биіктіктен өтеді. Қазіргі мұзданудың жалпы ауданы 8470 км2. Басты мұздықтары: Федченко (ұзындығы 77 км, ауданы 907 км2), Грумм-Гржимайло (ұзындығы 36,7 км, ауданы 160 км2), Гармо (ұзындығы 27,5 км, ауданы 153,3 км2).
Тәжікстан өзендері Амудария, Сырдария және Зеравшан алаптарына (Памирдегі Қаражылға, Ақжылға, Мұзкөл өзендері Қаракөл алабына, Марқансу ө. Тарим алабына құяды) жатады. Амудария алабы (Пяндж, Гунт, Бартанг, Язгулем, Ванч, Қызылсу, Вахш) республика жерінің 3/4-ін қамтиды. Сырдария алабына Түркістан жотасының солтүстік беткейінен ағатын өзендер (Исфара, Қожабақырған, Қарасу, Ақсу) кіреді. Өзендерінің көпшілігі мұз, қар суымен қоректенеді. Тәжікстан гидроресурстық абс. қоры жөнінен Ресейден кейінгі 2-орынды алады. Көлдері негізінен Памир және Гиссар-Алай тауларында орналасқан. Ірілері: Қаракөл, Сарез, Жасылкөл, Ескендір көлі. Өзендерінде Нурек бөгені, Фархад бөгені салынған.
Жазықпен аласа таулы өңірлерде сұр топырақ, тау бөктерлерінде қою сұр топырақ, таудың орта белдеулерінде (1600-2800 м аралығында) таудың қоңыр топырағы, солтүстік және оңтүстіктің ылғалды өңірінде қоңыр топырақ, жоғары белдеулерде (2800 м-ден биік) биік таудың шалғын дала, дала, шөл дала топырақтары, Шығыс Памирде биік таулы шөл қалыптасқан.
Тәжікстанда жоғары сатыдағы өсімдіктердің 5 мыңдай түрі кездеседі; сүректі-бұталы өсімдіктер территорияның 4%-ін қамтиды. Өзен жайылмаларында тораңғы, қамыс тоғайлары, таулы ауданның 1/2-ін арша орманы, ылғалды аудандарда грек жаңғағы, түркістан үйеңкісі, шығыстың шынары, экзохорд, Сиверс алмасы, алша, бұхара бадамы, биік таулы белдеулерде шалғын дала өсімдіктері өседі.
Тәжікстанның қазіргі фаунасында сүт қоректілердің 81, құстың 365, бауырымен жорғалаушылардың 49, насекомдардың 7-8 мың түрі кездеседі. Жазық және тау бөктерлерінде жайран, қабылан, бұхара бұғысы, қамыс мысығы, шиебөрі, барыс, борсық, жабайы шошқа; таулы аудандарда сусар, аю, ақкіс, қасқыр, таутеке, арқар т. б. мекендейді. Су айдындарында балықтың 40 мың түрі бар. Су айдындары мен Вахштың төменгі бөлігінде нутрия т. б. бағалы терілі аңдар жерсіндірілген.
Табиғи жағдайларына қарай Тәжікстан жері СолтүстікТ әжікстан, Зеравшан (Гиссар-Алай), Оңтүстік-Батыс Тәжікстан, Қаратегін-Дарваза (Орталық Тәжікстан), Памирфизика - географиялық аудандарына ажыратылады.
Халқы. Негізгі тұрғындары тәжіктер; олардан басқа өзбек, орыс, татар, қырғыз, неміс, украин, еврей, түрікмен, қазақтар (8,3 мың) тұрады. 1913-1975 арасында Тәжікстан халқы 3 еседен астам өсті. Халықтың табиғи есімі жөнінен (1 мың адамға 29,5, 1974 ж.) Тәжікстан одақтас республикалар арасында (СССР-дегі орташа көрсеткіш 9,3 адам –1 орында. Орташа тығыздығы 1 км2 жерге 23,7 адамнан келеді. Халқының 58,6%-і жұмысшылар мен қызметкерлер 41,1%-і колхозшылар. 1929-1974 жылдар арасында жұмысшылар мен қызметкерлер саны 24 есе өсті. Ірі қалалары - Душанбе, Ленинабад.
Тарихы. Алғашқы адамдар Орталық Азияда, оның ішіндеТәжікстан территориясында шамамен осыдан 200 мың жыл бұрын пайда болды. Солтүстік және ОнтүстікТәжікстаннан (Қожабақырған шатқалынан Аралдан т. б.) олардың құрал-саймандары табылды. Сол сияқты төменгіпалеолит, мезолит дәуірлерінің ескерткіштері де кездеседі. Оңтүстік-батыс бөлігінен неолиттік гиссар мәдениетінін ескерткіштері ашылды. Б. з. б. 2-мың жылдықтың 2-жартысының ортасы - б. з. б. 1-мың жылдықтың басында Тәжікстан оңтүстікте әр текті екі топқа жататын тұрғындармен - Қайраққұм мәдениетін (Қайраққұм) қолданушылармен және қола дәуіріндегі Оңтүстік Түрікменстан мен Алдыңғы Азия ескерткіштерін жасаушылармен көрші болды.
Тәжікстан территориясындағы құл иеленушілік құрылыс (б. з. б. 8-7 ғ. - б. з 6 ғ.). Б. з. б. 8-7 ғасырларда темір ғасырына көшу жүзеге асты. Әлеуметтік және мүліктік жіктелу басталды. Тайпалар көсемдерімен, тайпалар одағымен қатар тұтас аймақтарды билеушілер шықты. Тәжік халқының этногенезіне Орта Азияны атам заманнан мекендеген тайпалар мен халықтар қатысты. Солардың ғасырлар бойғы материалдық және рухани мәдениеті кейін қалыптасқан тәжік халқы мәдениетінің аса маңызды құрамдас бөлігіне айналды. Тәжікстан территориясында ежелгі Соғды, Бактрия мемлекеттері құрылды (б. з. б. 1-мың жылдықтын алғашқы жартысы). Б. з. б. 6-4 ғасырларда Тәжікстан жері Персияның (Ахемен әулеті) қол астында болды, ал б. з. б. 329 жылыАлександр Македонскийдің әскері басып кірді. Александр Македонский мемлекеті ыдырағаннан кейін Тәжікстан территориясының бір бөлігі Селевки мемлекетінің, б. з. б. 3-2 ғасырларда едәуір бөлігі Грек-Бактрия патшалығының құрамына кірді. Б. з. б. 140 жылы шаруашылығында Соғдыға, кейін Бактрияға көшпелі Тохар әулеті ене бастады. Кушан кезеңінде (Кушан патшалығы) құл иеленушілік қатынастар әрі қарай дамып, ерікті қауымдағылардың тәуелділігі күшейе түсті. Біздің заманымыздың алғашқы ғасырларында ірі суландыру каналдары салынды, қола құю мен қолөнері өркендеді, сауда ісі жан-жақты дамыды. Осы кезеңде Тәжікстанға Үндістаннан - буддизм, Ираннан манихейлік келіп кірді, бірақ негізгі діні зороастризм болып қалды. 4-6 ғасырларда құлдық қоғам дағдарысқа ұшырап, феодализм пайда бола бастады. Елде шиеленіскен тап тартысы 5-6 ғасырларда маздақтар қозғалысына, Абруй көтерілісіне ұласты.
510 жылға қарай бүкіл Орта Азия, Ауғанстан, Солтүстік Үндістанның бір бөлігі және Шығыс Түркістанның кейбір аудандары тәуелді болған эвталиттер мемлекеті қалыптасты. Мемлекеттік астанасы Бадиан қаласы болды. 6 ғасырдың ортасында шешуші шайқаста (563-567 ж. ш.) көшпелі түрік тайпаларының эфталит тайпаларын жеңуі кейінірек Батыс-Түрік кағандығының құрылуына жағдай жасады. Феодалдық қатынастар 6-7 ғасырларда экономикалық өрлеу тудырды. Бар байлық ірі жер иеленушілердің қолына көшті. Қалалар өсті. 8 ғасырдың ортасында Орта Азияны арабтар жаулап алды. Халықтардың қажырлы қарсылығы жүз жылға тарта уақытқа созылды. 720-722, 20 жылдардың 2-жартысында және 736-737 жылдар арабтарға қарсы ірі халық көтерілістері болып өтті. 755 жылғы Нишапурдағы Сумбад көтерілісі Хорасан мен Табаристанды қамтыды. Әсіресе 8 ғасырдың 70-80 жылдарындағы Муканна бастаған көтеріліс ұзаққа созылды. Арабтар жергілікті зороастризм, буддизм, несториандық, манихейлік т. б. діндердің орнына ислам дінін енгізді, толып жатқан мәдениет ескерткіштері жойылып, қалалар қиратылды. Тұрғындар неше түрлі салықтар төлеп, еріксіз жұмысқа жегілді. Орта Азия халықтарының, экономикалық және мәдени дамуына уақытша тұсау салынды. Дегенмен Орта Азияның Халифат құрамына енуі феодалдық бытыраңқылықтан арылып, бірыңғай орталыққа бағынған мемлекеттердің құрылуына жағдай жасады.
9-10 ғасырларда Тәжікстан Тахири мемлекетімен Самани мемлекетінің құрамына кірді. Тәжік халқының қалыптасып біту процесі осы уақытқа саяды. Оның негізгі этникалық компоненттері: соғдылар, бактриялықтар, сакстар, кушандар, эфталиттер т. б. тайпалар. Территориялық диалектілердің бірінің негізінде, Мауараннахрда үстем болған соғды тілін ығыстырып, тәжік тілі қалыптасқан. «Тәжік» термині сол кезде-ақ қазіргі мағынасында қолданылған. Ауыл шаруашылық, кен қазу, қолөнері мен сауда дамыды. Оңтүстік-Шығыс Европа, Қытай, Монғолия, Үндістан, Ауғанстан, Иран және Кавказбен керуен саудасы өрістеді. Ежелгі Русьпен тығыз сауда байланысы орнады. Самани әулетітұсындаТәжікстан мәдениеті жоғары сатыға көтерілді. 10 ғасырда парсы-тәжік әдебиетінің негізін қалаушы Рудаки шығармалары дүниеге келді. 10-11 ғасырларда парсы-тәжік әдебиетінің классигі «Шаһнаманың» авторы Фирдаусидің, 11 ғасырдың басында Ибн Синаның туындылары жарық көрді.
10-13 ғасырдың басында тәжіктер Орта Азия территориясында өмір сүрген мемлекеттер құрамында болды (Газнауи әулеті, Қарахан мемлекеті, Гури әулеті, Қарақытай мемлекеті, Хорезм). Үздіксіз соғыстарға қарамастан қалалар өсе берді. 10-12 ғасырларда күміс, алтын, темір рудалары т. б. қазбалы кен орындары жұмыс істеді. Өндірістік күштердің дамуы феодалдық қоғам қайшылықтарын тереңдетіп, діни сипаттағы көтерілістер мен әлеуметтік қозғалысты жиілеткен тап күресін күшейтті.
Шыңғысханның (1219-1221) және оның балаларының - татар-монғол әскерлерінің шабуылына қарсы халық қажырлылықпен күресті. Монғол шапқыншылары жергілікті халықты қырып-жойып, қалалар мен тұтас аймақтар қаңырап бос қалды, материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін қиратты. Монғол-татар езгісі (Татар-монғол езғісі) еңбекшілерді бұрынғыдан да күйзелтті. Елдің шаруашылығы 14 ғасырдың 2-жартысынан ғана қалпына келе бастады. Феодал ақсүйектер Темірдің (1336-1405) беделін көтерді, сербедарлар қозғалысын жаныштап, көрші елдерге бірнеше тонаушылық соғыстар ашып, Темір әулетінің ұлан-ғайыр мемлекетін құрды. Оның құрамына Мауараннахр, Хорезм, Хорасан, Ауғанстан, Иранның бір бөлігі (астанасы Герат қ.) т. б. кірді. 15 ғасырдың аяғы - 16 ғасырдың басында Орта Азияда ұсақ товарлы өндіріс дамып, ақша қатынастары енді. Темір әулеті тұсында өнер, ғылым, әдебиет жоғары сатыға көтерілді. Осы кезеңде Орта Азияға көшпелі өзбек тайпалары басып кіріп, Тәжікстан территориясы Шайбани мемлекетінің құрамына кірді. Жаңа Аштархан әулеті тұсында өзара қырқысулар одан әрі күшейіп, ақыры мемлекет құлады. Хорезм, Балх, Бадахшан, Бухардан бөлініп шықты. Хиуа хандығы пайда болды. 18 ғасырдың ортасында Ферғанада өз алдына Қоқан хандығы құрылды.
Бұхарды 1740 жылы Иран жаулап алды. 1747 жылы Нәдір шаһ өлгеннен кейін, Бұхар әмірлігі тәуелділіктен құтылып, Маңғыт әулеті өкімет басына келді. 19 ғасырдың 1-жартысындаТәжікстан территориясын Қоқан хандығы мен Бұхар әмірлігі өзара бөлісті. Бұл мемлекеттердің экономикалық негізі суармалышаруашылығы мен мал өсіру болды. Шығыстың басқа елдеріндегі сияқтыТәжікстанда да жердің жоғары иесі феодалдық мемлекет болды, жерге жеке меншіктік туды. Шабындықтар мен жайылымдықтар қауымдық болып есептелгенімен, оларды көбіне көшпелі ірі ақсүйектер пайдаланды. Үлкен қалаларда арнаулы құл базарлары жұмыс істеді. Аяусыз қанау, шамадан тыс алым-салық, аштық, феодалдық езгіге қарсы халық толқулары туды (1758 жылы Бұхарадағы т. б. көтерілістер). 19 ғасырдың басында Ұратөбеде, Ходжентте т. б. көтеріліс болып өтті. Тәжікстанда мұсылман дін басыларының ықпалы күшті болды, бұл халық мәдениетінің дамуына көп кесел келтірді.
Дамып келе жатқан орыс капитализмі товар өткізу рыноктарын кеңейтуге, шикізат көздерін мейлінше көбірек басып алуға мүдделі болды. Россия өнеркәсібінің мақта мұқтаждығы күшейе түсті. Орыстар мен ағылшындар бәсекелестігі патша үкіметінің Орта Азияны жаулап алу қимылдарын тездетті. 1866 жылы 4 мамырда патша әскерлері Ходжентті, 2 қазанда Ұратөбені, 1868 жылы Самарқанды алды. 1868 жылы 23 маусымда Россия мен Бұхар арасында жасалған шарт бойынша орыс әскерлері жаулап алған барлық территория Россия құрамына кірді, орыс саудагерлеріне еркін сауда правосы берілді, әмір шетел мемлекеттерімен өз бетінше қарым-қатынас жасау правосынан айрылып, 500 мың сом контрибуция төлеуге міндеттенді. 1873-1876 жылдар Қоқан көтерілісі жанышталғаннан кейін, Қоқан хандығы жойылып, оның территориясы Түркістан генерал-губернаторлығының құрамындағы Ферғана облысына қосылды. 1895 жылы орыс-ағылшын келісімі бойынша Памирдің Ауғанстанмен шекарасы Пяндж өзенімен шектелді. Қазіргі Тәжікстанның оңтүстік-батыс және орталық бөліктері және Батыс Памир Бұхар әмірлігінің құрамында қалды. Қазіргі Тәжікстанның қалған бөліктері Сырдария (1886 жылдан кейін Самарқан) мен Ферғана облыстарының құрамына енді.
Тәжікстанның Россияға қосылуының, бір жағынан, өлке үшін үлкен прогрессивтік маңызы болды. Тәжік және орыс халықтары жақындаса түсті. Өлке ағылшындар қаупінен құтылды, құлдық жойылды, феодалдық соғыстар тоқтатылды. Натуралды шаруашылық ыдырап, капитализм элементтерінің даму процесі басталды. 19 ғасырдың ақырында Орта Азия темір жол тартылғаннан кейін, Россиядан өндіріс товарлары көптеп әкеліне бастады, алғашқы жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары ашылды. 1869 және 1872 жылы Ходжентте пар машиналарымен жабдықталған екі жібек орау фабрикасы, жеміс-арақ зауыды, Дегмайда шыны зауыды іске қосылды. Өнеркәсіптің дамуы жергілікті жұмысшы кадрларының шығуына жағдай жасады. 1886 жылы Түркістан өлкесіне енгізілген жаңа жерге орналастыру егін шаруашылығында капиталистік қатынастарға қолайлы жағдай тудырды. Екінші жағынан, Россияға қосылғаннан кейін жергілікті халық екі жақты қанауға: жергілікті феодалдар мен орыс капиталистерінің езгісіне ұшырады. Экономикалық және саяси езгі халық бұқарасының қарсылығын тудырды.
Шығыс Бұхарда әлі де феодалдық қатынастар үстем болды, өндірістік күштер нашар дамыды. 70-80 жылдарда феодалдық қанауға қарсы халық бұқарасының қозғалысы етек алды. 20 ғасырдың басында Тәжікстанның шаруашылық өмірінде елеулі өзгерістер болды. СолтүстікТәжікстанның суармалы жерлерінде мақта егісі басқа дақылдарды ығыстырып шығарды. Қаракөл қой шаруашылығы дамыды. Мамандандырылған аудандар пайда болып, феодалдық тұйықтықтан шықты, ауыл шаруашылығында товарлы қатынастардың дамуына жағдай жасады. Сауда өрістеді, бірқатар қалаларда мемлекеттік банк бөлімшелері мен жеке банкілер ашылды, сауда фирмалары, транспорт конторлары шыға бастады.
Өнеркәсіптің дамуына байланысты жергілікті буржуазия қалыптасты, жұмысшы табы туды. Тәжікстандағы революциялық қозғалыс - орыс революциялық қозғалысымен тікелей байланысты, оның құрамдас бір бөлігі. Революциялық ниеттегі орыс жұмысшылары мен саяси айдаудағылардың ықпалымен Тәжікстан еңбекшілері патша үкіметі мен жергілікті қанаушыларға қарсы күреске шықты. Революциялық қозғалыс Солтүстік Тәжікстанда, әсіресе 1905 жылдың күзінде күшейе түсті. Алғашқы с.-д. топтар осы кезеңде пайда болды. 1-дүние жүзілік соғыс жылдарында Тәжікстан мақтасы бұрынғыдан да көп әкетілді, ал астық пен басқа да өнеркәсіп товарларын әкелу тоқтатылды. 1916 жылғы құрғақшылық аштық қаупін тудырды, түрлі алым-салықтар көбейді. Оның үстіне патша үкіметінің «бұратана» халықтарды майданның қара жұмысына алу туралы указы 1916 жылғы Орта Азиялық көтерілістің шығуына түрткі болды. Көтеріліс көп ұзамай бүкіл Орта Азия мен Қазақстанды қамтып, Уралға дейін жетті.
1917 жылғы Ақпандық революциясы Тәжікстанда 1916 жылғы оқиғалардың заңды жалғасы болды. 1917 жылы 3(16) наурызда Ходжент, Ұратөбе, Капибадамда т.б. қалаларда митингілер, жиналыстар, демонстрациялар өтті; Советтер құрыла-бастады. Көпшілігі орыстардан құрылған Жұмысшы және солдат депутаттарының советтерімен қатар Мұсылман депутаттарының советтері, сондай-ақ Мусылман комитеті құрылды. 1917 жылы 31 наурызда (13 сәуір) Түркістан генерал-губернаторлығы таратылды. Өлкеде өкімет билігін Уақытша үкіметтің Түркістан комитеті басқарған буржуазия өз қолына алды. 17 сәуірде Ходжентте Уақытша үкіметтің аткомы құрылып, облыс пен уездерде Уақытша үкімет комиссарлары тағайындалды. 1917 жылынаурызда Бұхардағы әмір өкіметке қарсы қимыл бастады.
Ұлы Октябрьлық социалистік революциясының жеңісі Түркістан өлкесі еңбекшілерінің буржуазиялық өкіметіне қарсы қарулы қозғалысын тудырды. 1917 жылы 1 (14) қарашада Ташкентте қарулы көтеріліс жеңіске жетіп, өкімет билігі Жұмысшы және солдат советтерінің қолына көшті. Мұның бүкіл Түркістанда революцияның жеңісі үшін маңызы аса зор болды. СолтүстікТәжікстанда 1917 жылықараша - 1918 жылыақпанда Совет өкіметі орнап, өнеркәсіп орындарын, Шураб пен Сүліктідегі көмір кен орындарын, мұнай кәсіпшіліктерін наңионализациялады. 1918 жылыақпанда Ходжент Советі жер-су комиссиясын құрды. 1918 жылдың аяғында Памирде Совет өкіметі жарияланды. Сөйтіп осымен Түркістан АССР-інің құрамына кіретін бүкіл СолтүстікТәжікстан территориясында Совет өкіметін орнату аяқталды.
Бұхар әмірлігінде ірі феодалдар мен реакциялық мұсылман дін басыларына сүйенген әмір Сеид-Әлім ханның билігі сақталып қалды. Әмір А. В. Колчакпен, А. И. Дутовпен, түрікмен басмашыларының басшыларымен байланыс орнатты. Еңбекшілердің әмір үстемдітіне қарсы күресін 1918 жылықарашада құрылған Бұхар коммунистік партиясы (БКП) басқарды. 1920 жылы 16 тамызда БКП-нің 4-съезі қарулы көтерілісті бастау туралы шешім қабылдап, БОАК пен РСФСР Халкомсовының Түркістан комиссиясынан әскери көмек сұрады. Туркістан майданыныңқолбасшысы М. В. Фрунзе Бұхар еңбекшілеріне көмектесу туралы Қызыл Армия бөлімшелеріне бұйрық берді (Бухар операциясы). 1920 жылы 2 қыркүйекте Қызыл бұхар отрядтары мен Қызыл Армия бөлімшелері Бұхара қаласын алды. Әмір Шығыс Бұхарға қашты. 1920 жылы 8 қазанда халық өкілдерінің Бүкіл бұхарлық Құрылтайы әмірдің құлағанын, Бухар Халықтың Совет Республикасының (БХСР) құрылғанын хабарлады. БХСР барлық ұлттардың тең праволылығын жариялап, феодалдық алым-салықтарды жойды, өнеркәсіп орындарын национализациялады. Жер реформасын жасады. 1921 жылдың маусымда Шығыс Бұхардың да барлық жерлерінде Совет өкіметі орнады. Өз миссиясын орындаған Қызыл Армия БХСР үкіметімен келісім бойынша, 1921 жылы 6 тамызда Бұхар республикасынан кетті. Бірақ Қызыл Армия кетісімен Тәжікстанның оңтүстік және орталық аудандарында басмашылар қайта бас көтерді. Осы ауыр күндерде Бұхарда жоғарғы өкімет органы - БХСР ОАК- ның Шығыс Бұхар істері жөніндегі Төтенше диктаторлық комиссиясы болды. (1922 жылықаңтар - 1924 жылымаусым). 1922 жылынаурызда Бұхар әскер тобы құрылып (қолбасшысы Н.Е.Какуркин) Шығыс Бұхардың көпшілік жерінде Совет өкіметін қалпына келтірді. 1922 жылы 18 мамырда РК(б)П ОК «Түркістан-Бұхар істері туралы» қаулы қабылдап, басмашыларға қарсы жүргізілетін күрестің және Шығыс Бұхарда Совет өкіметін нығайтудың шешуші шараларын белгіледі.
1923 жылдың ортасына қарай Қызыл Армия бөлімдері жергілікті ерікті отрядтармен бірге басмашылардың негізгі күштеріне соққы берді. Бірақ Ибрагимбектің ірі басмашылар тобы 1926 жылдың ортасына дейін қарсылық көрсетіп келді. Басмашылар тәжік халқын көптеген шығынға ұшыратты. Совет өкіметі бүлінген шаруашылықты қалпына келтіруте кірісті. РК(б)П ОК 1922 жылықыркүйекте Бұхар республикасына жан-жақты әскери және экономикалық көмек көрсету туралы шешім қабылдады. Шығыс Бұхар тұрғындары ауыл шаруашылық салықтарынан босатылды, шаруаларға қарызға қаржы берілді. Сөйтіп 1924 жылға қарай республиканың социалистік қоғам құрылысына көшуіне толық жағдай жасалды.
Совет өкіметі шаруалар жағдайын жақсартуға ерекше көңіл бөлді. Халыққа білім беру мен денсаульіқ сақтау ісінің жаңа жүйесі белгіленді. 1923-1924 жылдар РСФСР-ден 7,5 млн. сомның әр түрлі товарлары әкелінді. БХСР бюджетінің 50%-ін СССР үкіметі өз мойнына алды. 1924 жылы 19 қыркүйекте Советтердің Бүкіл бұхарлық құрылтайы БХСР-ді Бухар Советтік Социалистік Республикасы деп атау және оның СССР құрамына кіруі туралы шешім қабылдады. Түркістан ОАК-ның Төтенше сессиясы 1924 жылықыркүйекте ұлттық-территориялық шекараны белгілеу мәселесін қарап, Түрікмен АССР-ін ұлттық жағынан бірыңғай мемлекет етіп құруды шешті. ОАК-ның шешімімен Өзбек ССР-інің құрамында Тәжік автономиялық облысы құрылды. 1924 жылы 14 қазанда БОАК Түркістан ОАК қаулысын бекітіп, тәжік халқына АССР құру правосын берді. Орта Азия Советтік республикаларының ұлттық-мемлекеттік жағынан межеленіп бөлінуі СССР ОАК-нің1924жылғы 27 қазанда сессиясымен біржола заңдастырылды.
Тәжік АССР-не Самарқан, Ходжент уездерінің 12 болысы, бүкіл Шығыс Бұхар кірді. СССР ОАК президиумының1925жылы 2 қаңтардағы шешімімен оның құрамына Таулы Бадахшан АО (Солтүстік Памир) қосылды. Қазіргі Тәжікстанның солтүстік аудандары Өзбек ССР-інің құрамына кірді, 1926 жылы Ходжент округына бірікті. 1924 жылы Жоғары өкімет органы ретінде Тәжік АССР революциялық комитеті құрылды (пред. Н. Максум). 1926 жылыжелтоқсанда Тәжік АССР Советтерінің 1-құрылтай съезі Тәжік АССР-н құру; жер-суды, қазба байлықтары мен ағашты национализациялау; әйелді күңдіктен құтқару; еңбекшілерге жаппай білім беру туралы Декларациялар қабылдады. Съезд құрған ОАК өзінің президиумын, Халкомсовын сайлады.
Жас Тәжік республикасы социалистік қоғам құруға кірісті. 1925-1926 жылдар Ходжент округында жер-су реформасы жүзеге асырылды. 1926-1929 жылдар ауыл шаруашылық соғысқа дейінгі дәрежесіне көтерілді. Социалистік өнеркәсіптің негізі қаланды. 1929 жылдың басында Душанбе, Ленинабад, Канибадам, Кастакөзде, «САНТО» мұнай кәсіпшіліктерінде дизельді электр станциялары іске қосылды. 1931 жылыақпанда тұңғыш ірі Варзоб су электр станциясын салу басталды. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығына тәжірибелі партия, совет қызметкерлері, мамандар жіберілді, 1929 жылы 12 маусымда СССР ОАК тәжік үкіметінің республиканын; экономика мен мәдениетте қол жеткен табыстары туралы хабарын тыңдап, Тәжік АССР-н одақтас республика етіп қайта құру туралы қаулы қабылдады. 1929 жылықыркүйекте Ходжент округ Тәжік АССР-інің құрамына енгізілді. 1929 жылы 15-19 қазанында өткен Советтердің Бүкіл тәжіктік төтенше 3-съезі Тәжік АССР-н Тәжік Советтік Социалистік Республикасы етіп қайта құру және оны тікелей СССР құрамына енгізу туралы Декларация қабылдады. Бұл шешімді СССР ОАК 1929 жылы 5 желтоқсанда бекітті. Тәжік ССР-інің құрамына Таулы-Бадахшан АО, Ходжент, Гиссар, Гарм, Қорғантөбе, Куляб, Ұратөбе, Пенджикент округтары кірді. 1931 жылы 24 ақпандаТәжікстан Советтерінің 4-съезі Тәжік ССР Конституциясын бекітті. Соғысқа дейінгі бесжылдықта Тәжікстанда социалистік құрылыс қарышты қадаммен өрледі. Негізінен елді индустрияландыру мықтап қолға алынды. Ленинабад жібек комбинаты, Орджоникидзеабад механикалық зауыды, Душанбе жібек орау фабрикасы салынды. Тау-кен өндірісі өрістеді. 2-бесжылдықта өнеркәсіп орындарының саны 60-тан 209-га, өнеркәсіптің жалпы өнімі 365%-ке жетті. 1929-1940 жылдар аралығында өнеркәсіптегі жұмысшылар саны 12,6 есе өсті. Ауыл шаруашылық социалистік жолмен қайта құрылды. Коллективтендіру СолтүстікТәжікстанда 1926 жылы басталды. 1929 жылдан жаппай колхоздастыру қозғалысы жүргізілді. Колхоз құрылысы 1936 жылы біржола жеңіске жетті. 1940 жылы шаруа шаруашылықтарының 98,7%-і колхоздарға бірікті. Вахш суландыру жүйесі, Үлкен Ферғана, Үлкен Гиссар каналдары салынды.
Тәжік халқы социалистік ұлтқа айналды. 1937 жылы Тәжік ССР Конституциясы қабылданды. Тәжікстан патшалы Россияның артта қалған аграрлы аймағынан аграрлы-индустриялы социалистікреспубликаға айналды. Компартия менТәжікстан үкіметі мәдени салада да табысқа жетті. 30 жылдары сауатсыздық жойылды, ұлттық интеллигенция қалыптасты. Тәжікстан әйелдері социалистік қоғамның белсенді мүшесіне айналды.
Совет Одағының Ұлы Отан соғысы жылдарында (1941-1945) Тәжікстан еңбекшілері туысқан совет халқымен бірге жауға аттанды. Республика территориясына басқа жердегі заводтар мен фабрикалар көшірілді. Халық өздері жинаған қаржыға «Советтік Тәжікстан» авиоэскадрильясын, «Тәжікстан колхозшысы» танк колоннасын жасақтады. Соғыс жылдарында 100 мыңнан астам өнеркәсіп пен ауыл шаруашылық озаттары орден, медальдармен наградталды. Тәжікстанда құрылған әскер құрамалары Москва түбінде, Сталинград майданында жаумен шайқасты. Ондаған мың тәжікстандықтар Украинаны, Белоруссияны, Балтық жағалауын азат етісті.
Тәжікстандық 49 жауынгер Совет Одағының Батыры атағын алып, 50 мыңнан астам жауынгер СССР ордендерімен, медальдармен наградталды.
Соғыстан кейінгі алғашқы бесжылдықта Тәжікстанда өнеркәсіп өнімінің дәрежесі соғысқа дейінгіден бірнеше есе артты. Мақта өсіру және халық шаруашылығының басқа салаларында қол жеткен табыстары үшін Тәжік ССР 1956 жылы 22 желтоқсанда Ленин орденімен наградталды. 7-8-бесжылдықтарда республика өнеркәсібі халық шаруашылығының шешуші саласына айналды. Халық шаруашылығын өркендету жолындағы табыстары және СССР-дің 50 жылдығы құрметіне Тәжікстан 1972 жылы 29 желтоқсанда Халықтар достығы орденімен, республика мен Тәжікстан Компартиясының құрылуына 50 жыл толуына байланысты 1974 жылы 29 қарашада Октябрь революциясы орденімен наградталды.
Халық шаруашылығы.Қазіргі Тәжікстан индустриялы-аграрлы республика. 1913 жылмен салыстырғанда 1974 жылы өнеркәсіп өнімі 111 есе, ауыл шаруашылығының жетекші саласы - мақта шаруашылығының жалпы өнімі 27 есе өсті. Жалпы қоғамдық өнім мөлшерінің 54,1%-і өнеркәсіп, 23%-і ауыл шаруашылық 14%-і құрылыс, 2,5%-і транспорт пен байланыс үлесіңе тиді. СССР халық шаруашылық комплексінде Тәжікстан мақта өсіретін, түсті және сирек металдар өндіретін басты аудандардың бірі болып есептеледі. Жібек, мақта мата, кілем, май, консерв, шарап өндірістерінің бүкіл одақтық маңызы бар. СССР халық шаруашылығындағы Тәжікстанның үлесі (1974, %-пен): шитті мақта 10,5, мақта талшығы 10,4, жібек мата 3,4, мақта мата 1,4, өсімдік майы 2,7, консерв 1,6, цемент 0,9, тоңазытқыш 3,2 былғары аяқ киім 1, шұлық 1,9. Тәжікстан экономикасы еліміздің барлық одақтас республикаларымен тығыз байланысты дамуда. Оның әсіресе Орта Азия республикаларымен байланысы күшті. Тәжікстан басқа республикалардан технологиялық бұйымдар, приборлар, автомобильдер, қара металдар және металл бұйымдарын, мұнай өнімдерін, ағаш, химиялық талшық т. б. алып, өз тарапынан мақта талшығын, жібек матасын, кілем, өсімдік майын, консерв, кептірілген жеміс, шарап, темекі, металл концентратын, алюминий, цемент, шифер, асбоцемент құбырларын, тоңазытқыш, тоқыма станоктарын т. б. өнімдерді шығарады. Тәжікстан экономикасы өнімдері 50 шетелге шығарылады.
Өнеркәсібі. Тәжікстан өнеркәсібінде ауыр өнеркәсіп тез қарқынмен дамуда (1940 жылғы 11,8%-тен 1970 ж. 25,4%- ке өсті).
Электр энергетика өндірісі -Тәжікстан индустриясының басты салаларының бірі. Совет өкіметі жылдарында Вахш өзенінде басты СЭС (210 Мвт), Сырдарияда Қайраққұм «Халықтар достығы» СЭС-і (126 Мвт), Вахш каналындағы Орталық СЭС (18,6 Мвт), Душанбе ЖЭО (225 Мвт) т. б. салынды. 1972 жылы Вахш өзендегі Нүрек СЭС (жобалық қуаттылығы 2700 Мвт) өнім бере бастады. Электр энергиясын өндіру 1940-1975 жылдар 65 есе өсіп (СССР бойынша 20 есе), 1974жылы 3864,1 млн. квт-сағатқа жетті.
Отын өнеркәсібінің жетекші саласы - көмір өндірісі. Республикада 1974 жылы 932 мың т көмір өндірілді. Нефтеабад, Рават, Кішібел, Ақбашадыр, Шаамбары кен орындарынан мұнай, Вахш, Гиссар аңғарларынан газ (1974 жылы 242 мың т мұнай, 496 млн. м3 газ) өндіріледі.
Тәжікстан тау-кен өндірісінің негізгі өнімдері -қорғасын-мырыш (Алтынтапқан, Құрсай, Қансай), сурьма-сынап (Анзоб кен байыту комбинаты), вольфрам-молибден (Чорух-Д айрон), висмут (Адрасман) рудалары, алтын және флюорит (Кандара, Наугарзан).
Машина жасау және металл өңдеу кәсіпорындары автоматтық тоқыма станоктарын, ауыл шаруашылық машиналарын, тоңазытқыш, мақта тазалау және мұнай өндіру жабдықтарын, трансформатор, төменгі вольтты электртехникалық аппаратуралар, автотрактор бөлшектері т. б. шығарады. Орталықтары: Душанбе («Таджиктекстильмаш», «Душанбесельмаш», «Таджиккабель», тоңазытқыш зауыды), Ленинабад («Торгмаш» бірлестік зауыды), Канибадам («Автобөлшектер»), Қорғантөбе(трансформатор), Адрасман (төменгі вольтты электртехникалық аппаратуралары). Түсті металлургиядан алюминий (Регар), гидрометаллургия (Исфара) зауыдтары жұмыс істейді. Химия өнеркәсібінен мпнералдық тыңайтқыш (Калининабад) өндіру және электрохимия (Яван) дамыған. Құрылыс материалдары өндірісінен цемент-шифер комбинаты, темір-бетон және бетон конструкциялары зауыдтары, әк тас, гипс, алебастр және т. б. заводтар жұмыс істейді. Басты орталықтары: Душанбе, Ленинабад, Куляб, Қайраққұм, Қорғантөбе, Канибадам, Исфара, Орджоникидзеабад. Жеңіл өнеркәсіптен мақта мата (109 млн. м, 1974 ж.), жібек (49,2 млн. м), кілем (3727 мың м2), тоқыма, былғары-аяқ киім (6759 мың пар), галантерея кәсіпорындары жұмыс істейді. Жеміс, консерв, шарап, май, кондитер, ет, сүт, темекі, ұн-жарма т. б. тамақ өнеркәсіптері дамуда. Орталықтары - Душанбе, Канибадам, Куляб, Қорғантөбе, Ленинабад,
Ауыл шаруашылығы. Республиканың 245 колхозы мен 124 совхозының қарамағында 26,7 мың трактор, 3 мыңдай мақта жинайтын комбайн, 16 мың жүк машинасы (1974) бар. Ауыл шаруашылық жері 4,1 млн. га (1974) оның 3,2 млн. га-сы жайылым, 0,8 млн. га егістік. Ирригациялы жұмыстың жақсы жолға қойылуына байланысты, суармалы жер 568 мың га-ға жеткізілді (1974). Дәнді дақылдары 211,0 мың га (1974), мақта 264,9 мың га, картоп, 9,1 мың га,көкөніс 12,6 мың га, бақша 7,3 мың га, мал азықтық дақылдары 207,4 мың га. Суармалы жерлерінде негізінен мақта, темекі, күріш егіледі. Ауыл шаруашылығының маңызды саласы - бақ және жүзім шаруашылығы. 64,5 мың га жерге жеміс-жидек, 21,0 мың га (1973) жерге жүзім отырғызылған. Жүзімдік және бақ - республиканың оңтүстік-батыс жағында және Батыс Памирде өрік, шабдалы, алма, алмұрт, айва, анар, інжір өсіріледі. Кейінгі жылдары лимон өсіріле басталды. Тәжікстанда етті-жүнді және етті-сүтті мал шаруашылығы дамуда. 1975 жылы республика шаруашылықтарында 1089,6 мың бас мүйізді ірі қара, онын ішінде 397,4 мың сиыр, 2334,0 мың қой, 526,7 мың ешкі, 105,8 мың шошқа, 41,4 мың жылқы, 4,0 млн. құс болды. Мал шаруашылығы өнімдері (1974): ет 78,2 млн. т, сүт 372,1 мың т, жүн 5200 т, жұмыртқа 209,9 млн. дана, қаракөл елтірісі 186,6 мың дана. Республиканың барлық территориясында жібек құрты өсіріледі.
Транспорты. Басты саласы - темір жол транспорты. Темір жолдың жалпы ұзындығы 903 км (1974); оның 470 км-гежуығы тар табанды. Жүк айналымы 5850,7 млн. т/км (1973). Басты темір жол желілері - Хаваст - Ош, Термез – Душанбе - Орджоникидзеабад, Душанбе - Қорғантөбе - Куляб, Қорғантөбе - Төменгі Пяндж. Автожолының ұзындығы 13,6 мың км (1974). Жүк айналымы 3159 млн. т/км (1973). Маңызды жолдары: Хорог - Ош, Душанбе - Термез, Душанбе - Ұратөбе - Ленинабад, Душанбе - Қорғантөбе, Душанбе - Куляб, Душанбе - Хорог. Амудария, Пяндж және Вахш өзендерінде 300 км бойы кеме жүзеді. Әуе транспорты мен құбыр транспортының маңызы артуда. Келиф - Душанбе (295 км), Андиген - Душанбе (40 км)газ құбырлары іске қосылған.
Тәжікстан жері табиғи жағдайына және экономика салаларының мамандануына қарай 5 ауданға бөлінеді: СолтүстікТәжікстанда тау-кен және құрылыс материалдары өндірістері қалыптасқан, мақта, жеміс, жүзім, овощ өсіру басым; Зеравшан - негізінен егін және мал шаруашылықты аудан; Оңтүстік-БатысТәжікстанда энергетика, түсті металлургия (алюминий), машина жасау, металл өңдеу, химия және құрылыс материалдарын өндіру дамыған (мұнда ОңтүстікТәжікстан өндірістік-территориялық комплексі қалыптасуда); Қаратегінде (Сурхоб ө. аңғары) астық, темекі, картоп, бау-бақша, жібек және мал шаруашылықтарының, тамақ өнеркәсібінің үлесі басым; Таулы-Бадахшан АО-нда биік таулық жайылымдық мал шаруашылығымен бірге бақ, темекі өсірудің және тау-кен өндірісінің (асыл тас өндіру және өңдеу) үлесі басым.
Денсаулық сақтау ісі.1974 жылы әрбір мың адамға шаққанда адамның тууы 37,9, адамның өлімі 7,6, 1913 жылмен салыстырғанда бала өлімі 7 есе кеміді. Совет өкіметі тұсында чума, тырысқақ, шешек, безгек, қайталама сүзек, басыр т. б. аурулар жойылды. 1940 жылмен салыстырғанда 1973 жылы бруцеллез 16 есе, күл 123 есе, 1960 жылмен салыстырғанда туберкулез 2,3 есе кеміді. Тәжікстанның ауа райы ыстық, суармалы егіс шаруашылығымен айналысатын аудандарында ішек-қарын ауруларының инфекциялары көп таралған. Жергілікті ауа райы жағдайына байланысты қырымның геморрагиялық қызбасы, Куқызбасы, токсоплазмоз т. б. аурулар таралған. Чуманың табиғи ошағы кездеседі. Памир маңындағы тұрғын халық арасында эпидемиялық бұғақ ауруы көп таралған. Елде 1913 жылы 40 төсектік 5 аурухана, 11 амбулатория, 19 дәрігер болса, 1974 жылы 32,3 мың төсектік (бір мың тұрғынға 9,5 төсек) 274 аурухана болды. Амбулаториялық көмек 373 дәрігерлік мекемелерде, 52 диспансерде, 994 фельдшер-акушерлік пунктте көрсетіледі. 1974 жылы 6,3 мың дәрігер (561 тұрғынға 1 дәрігер) және 18,2 мың орта білімді медициналық қызметкерлер болды. Тәжікстанда медициналық бір жоғары оқу орны және 2 ғылыми-зерттеу институты бар. Мұнда 42 медицина ғылыми докторы және 316 медицина ғылыми кандидаттары қызмет істейді. Тәжікстанда 19 санаторий, 8 демалыс үйі, 1,4 мың орындық пансионат бар. Денсаулық сақтау ісі мен физкультура-спорт жұмыстарына 99,4 млн. сом қаржы жұмсалды (1975).
Оқу-ағарту ісі.1897 жылғы санақ бойыншаТәжікстанның қазіргі территориясындағы халықтың сауаттылығы 2,3% болған. Ерлердің 3,9%-і, әйелдердің 0,3%-і ғана сауатты еді. Революциядан кейін ғана оңуға мүмкіндік туды. 1918 жылы 15 мектеп, 1919 жылы 73 мектеп болса, 1926 жылы 161 мектеп және 10 балалар үйі (5430 оқушысы бар) жұмыс істеді. 1925 жылы Душанбеде тұңғыш педагогикалық техникум ашылды,1931жылы тіл мен әдебиет, педагогика және агробиологиялық факультеттері бар педагогикалық институт,1932жылы Ленинабадта педагогикалық институт құрылды.
Оқу-ағарту ісінің дамуына 1940 жылдан бастап Тәжік жазуының жаңа алфавитке (орыс графикасы негізінде) көшуінің күшті әсері тиді. 1940-1941 оқу жылында жалпы білім беретін мектептің барлық түрінде 0,3 млн. оқушы болды. 1949-1950 оқу жылында 7 жылдық білім беру, 1959-1960 жылдар 8 жылдық білім беру жүзеге асырылды. 1970 жылы халықтың сауаттылығы 99,6%-ке жетті, 9-бесжылдықтың аяғында республикада толығымен орта білім алуға көшу аяқталды. 1973 жылы 482 балалар бақшасы мен үйінде 72,4 мың бала (1940 жылы 103 бақша мен үйде 3,1 мың бала тәрбиеленді. 1973-1974 оқу жылында 3,2 мың жалпы білім беретін мектептің барлық түрінде 0,9 млн. бала оқыды. 1974-1975 жылдар мектеп-интернатта 11,1 мың оқушы, кешкі (сменалық) мектепте 90,1 мың бала оқыды. 1974 жылы 68 пионер үйі, 6 жас техниктер ст., 4 жас натуралистер ст., 6 экскурсия-туристік ст., 1688 балалар кітапханасы және 5 балалар паркі жұмыс істеді.
1924 жылы мұнай кәсіпшілігі жанынан оқушылардың фабрика-заводтық мектебі құрылса, 1975 жылы1қаңтарда 59 кәсіптік техникалық оқу орындарында 21,5 мың оқушы білім алды; оның жиырмасы (6,6 мың оқушыға) орта білім береді. 1973-1974 оқу жылында 39 орта білім беретін алнаулы оқу орнында 37,4 мың оқушы болды. Душанбедегі 9 жоғары оқу орнында (Тәжік университеті, политехникалық, ауыл шаруашылық, медицина, педагогикалық институт, өнер және физкультура институты, Куляб және Ленинабад педагогикалық институты) 47,6 мың студент болды. 1974-1975 оқу жылында мектептерде 49,2 мың мұғалім жұмыс істеді, оның 17,4 мыңы әйелдер. 1 республикалық, 3 облыстық, 1 аудан аралық, 1 қалалық мұғалімдер білімін жетілдіру институты және Тәжік педагогика ғылыми-зерттеу институты бар.
1973 жылдың соңында 1,3 мың көпшілік кітапханада 8,5 млн. дана кітап пен журнал болды. Ең ірі кітапханасы - Фирдауси атындағы мемлекеттіккітапхана. Музейлері: Душанбедегі республика тарихи-өлке тану және бейнелеу өнері (Кулябта филиалы бар) музейі. С. Айнидің әдеби музейі, халық ағарту музейі, М. Рахимидің музей-үйі бар. Пенджикентте А. Рудаки атындағы республика тарихи өлке-тану музейі, Ленинабадтың облыстық тарихи-өлке тану музейі т. б. 1973 жылы 1,1 мың клубтық мекемелер жұмыс істеді.
Ғылымы мен ғылыми мекемелері.Жаратылыс тану және техникалық ғылымдары. Тәжік халқы ерте заманның өзінде мыс, қорғасын, алтын мен күмісті, қымбат бағалы тастарды өндіріп, оны тұрмыста пайдалана білді. Орта Азия халықтарының астрономия және математикаменалғаш таныса бастағаны жөніндегі өте ерте кездегі мәліметтер мен хаттар «Авестада» жақсы айтылған. Онда аспан шырақтарының қозғалысы, уақытты есептеу жүйесі, кейбір математикалық ережелер жөнінде мәліметтер бар. Құл иеленуші және ерте-феодалдық мемлекеттердіц құрылуы кезінде Орта Азияның өнеркәсібі мен мәдениеті едәуір дамыды. Жазу пайда болды. Сол кездегі дінді, саясатты және ғылымды бейнелейтін ескерткіштер жасалды. 9-11 ғасырларда Орта Азия Шығыстың ғылыми ойының маңызды орталықтарының бірі болды. Ғалымдар Греция мен Үндістанның ғылыми мұраларын өз тіліне аударды және олардың еңбектеріне түсіндірмелер жазды, математика, астрономия, минералогия, қолданылмалы механика, физика, химия және медицинадан қолтума еңбектер жазылды. Ғылымның дамуына Мұхаммед ибн Мұса әл-Хорезми, Абдул әл-Марвази, Усман Балхи, Әл-Ферғани (9 ғ.), Абу-л-Уафа Бозжани, Абулмахмуд Худжанди (10 ғ.) т. б. елеулі үлес қосты.
19 ғасырдың 2-жартысында Россияға қосылуға байланысты тәжік табиғаты мен өндіргіш күшін зерттеудің жаңа кезеңі басталды. Жаратылыс тану ғылыми-зерттеу жұмысына Россияның ғылыми мекемелері мен ғылыми қоғамдары орасан зор көмек көрсетті. 19 ғасырдың 2-жартысы мен 20 ғасырдың басында орыс ғалымдары: А. П. Федченко, В. Ф. Ошанин, Н. А. Северцов, И. В. Мушкетов, Г. Д. Романовский, П. П. Семенов-Тян-Шанский, В. Л. Комаров, Н. И. Вавилов т. б. өз еңбектерінде Орта Азияның геология, география, климат, флорасы мен фаунасы және Памир туралы қазіргі кездегі түсініктің негізін салды. 1884 жылы Түркістан өлкесінің тұңғыш геологиялық картасы жасалды. Ходжентте (1870), Үратөбеде (1873), Пенджикентте (1879) және Мургабта (1892) тұңғыш гидрометеорологиялық станциялар салынды. Орта Азия халықтарының орыс мәдениетімен араласа бастауы нәтижесі (19 ғасырдың аяғы - 20 ғасырдың басында) Тәжікстанда оқу-ағарту ісінің, ғылыми және техникалық ойдың қалыптасуына үлкен әсер етті (Ахмад Дониш, Ходжи Халифа, Ходжи Юсуф, Якуби Фаранг т. б.).
1941 жылы СССР ҒА-ның Тәжік базасы академияның бөлімшесі болып қайта құрылды. Оны акад. Е. Н. Павловский басқарды. 1941-1946 жылдар геология, сейсмология, топырақ тану, ботаника, селекция және паразитология, медицина ғылымдарының негізгі проблемалары зерттелді. 1941 жылы Орта Азияның геологиялық картасы жасалды.
Жаратылыс тану және техникалық ғылымдардың соғыстан кейінгі дәуірдегі дамуы.Территорияны зерттеу соғыстан кейінгі жылдары кең көлемде жүргізілді. 1951 жылы Тәжік ССР ҒА-сы құрылды. Бірінші президенті С. Айни болды. 1950 жылы астрофизика, сейсмология, геология, органикалық және неорганикалық химия, жалпы биологиялық ғылымы салалары толық зерттелді. Академия жүйесінде бірнеше институттар және салалық ғылыми-зерттеу институттары құрылды.
60 жылдары математика, эксперименттік және теориялық физика, мұнай және табиғи қосылыстар химиясы, пайдалы қазбаларды байыту, физика-химия проблемасы, сейсмотұрақтылық құрылысы, радиация және молекулалық биология, фотосинтез, өсімдіктер физиологиясы мен биофизикасы тереңдете зерттелді.
70 жылХарда ғылымның дамуы және оның жетістіктерін суармалы егіншілікті жетілдіруге және Тәжікстанның оңтүстік территориялық өндірістік комплексін салуға мүмкіндік берді. 1968 жылы Вахш өзеніне Байпазин плотинасы салынды.
Геология және геофизика. Геологиялық институты (1941 жылы құрылды) республика территориясыныц геологиялық құрылымын және оның пайдалы қазбаларының әр түрлі маңызды проблемаларын зерттеді. ОңтүстікТәжікстанның тектоникалық схемасы ұсынылды (С. А. Захаров), Гиссар-Алай мен Памирді тектоникалық аудандастыру енгізілді. Қарамазардыңгеология, стратиграфия, тектоника, магма және кенніц негізгі қоры зерттелді. Гиссар-Алай және Памирдің магмалық геологиясы, петрология, геохронология, эндогендік-металлогендік ерекшеліктері зерттелді.
Астрономия. Астрофизика институты (1958 жылы құрылған) -метеорит пен кометаны зерттеудің орталығы. Метеоритті зерттеудің нәтижесінде (П. Б. Бабаджанов) радианттар және метеорит орбитасы мен жылдамдығы туралы жаңа деректер алынды. Кометаның физикалық табиғаты (О.В.Добровольский) және Галактиканың құрылысы (М.Н.Максумов) зерттелді. Институттыц көрнекті ғалымдары Халықаралық астрономиялық одақтың және СССР ҒА астрономиялық советінің мүшесі. 1967 жылы Гиссарда астрономиялық обсерватория салынды.
Физика. Физикадан зерттеуді академияның С. У. Умаров атындағы физика-техникалық институт (1964 жылы құрылған), университеттің және басқа оқу орындарының физика кафедралары жүргізеді. Негізгі зерттеу бағыттары: қатты денелер физикасы, жартылай өткізгіштер мен полимерлер, сұйықтың молекулалық теориясы және молекулалық акустика, атомдық және молекулалық спектроскопия, электроника, жоғары энергиялар ядролық физикасы, жылу техникасы (А.А.Адхамов, Б.Н.Нарзуллаев, П.В.Цой т. б.).
Математика. Негізгі зерттеулерді есептеу орталығы бар математикалық институты (1973 жылы құрылған) және университеттің математикалық кафедрасы жүргізеді. Математикалық әдістер және электронды есептеу машинасын халық шаруашылық мәселелерін шешуге пайдалануда көптеген жұмыстар істеген.
Xимия. Зерттеудің басты орталығы академияның Химия институты (1945 жылы құрылған). Бұл республиканың табиғат байлығын, халық шаруашылығының түрлі саласына қажетті жаңа заттар мен материалдарды синтездеді. Пайдалы қазбаларды комплексті пайдалану мәселелерімен айналысты. ОңтүстікТәжікстанның ауыр, жоғары смолалық, жоғары күкіртті мұнайдың құрамындағы гетероатомдық қосындыларды зерттеді.
География. Географиялық зерттеулер мына еңбектерде - «Геоморфология», «Орта Азпяның мақта өсіретін аймақтарын агроклиматты аудандастыру» (1960), «Орта Азияның синоптикалық процестері» (1957), «Памирдің физикалық географиясының негізгі проблемалары» (1965-1966) жинақталды. Климатты, су мен қазіргі мұз пайда болуды институттар халықаралық геофизикалық программа негізінде зерттеп жүр.
1953 жылы академия жанынан СССР Географиялық қоғамының филиалы - Тәжік географиялық қоғамы құрылды. Табиғи байлықты үнемді пайдалану және қорғау жөніндегі бөлім (1969 жылы құрылған) бар. 1971 жылы өндіргіш күшті зерттеу жөніндегі Советтің жанынан географиялық секторы құрылды.
Биология ғылымы. Ботаниктердің флораны көпжылдық зерттеу нәтижесінде мынадай еңбектер жарық көрді: «Тәжік ССР флорасы» (1957-1975 ж.), «Памир өсімдіктерінін анықтамалары» (1963), «Тәжікстанның жабайы жеміс ағаштары» (1964), «СССР тауларының өсімдіктері» (1973), өсімдіктер дүниесінің көптеген картасы жасалды.
Е. Н. Павловский атындағы зоология және паразитологиялық институты (1941 жылы құрылған) фаунаны, омыртқалы және омыртқасыз жануарлардың негізгі тобының өзара биоценоздық байланысымен биологиясы жөнінде нақтылы зерттеулер жүргізді. Бұл А. И. Ивановтың «Тәжікстан құстары» (1940 ж.) атты монографиясында, Е. Н. Павловскийдің «Орта Азияның улы жәндіктері» (1950), «Тәжік ССР фаунасы», «Құстар» (1971-1973 ж.) т. б. еңбектерінде жинақталған.
Ауыл шаруашылық ғылымы. Егіншілік институты (4 тәжірибе станциябар) мақта, дәнді дақыл, эфир майлы дақылдардың, мақта өсімдігінің советтік сортының селекциясын және цитрусты дақылдардың өндірістік технологиясын өңдеу және оны жетілдіру туралы көптеген жұмыстар жүргізді. Биязы талшықты мақтаның жаңа тұқымы шығарылды. Әр түрлі мутагенді пайдаланып мақта өсімдігінің өнімді сортын және оның аурулар мен зиянкестерге тозімді қасиеттерін қалыптастыру жұмысы жүргізілуде.
Топырақ тану институты топырақтың құнарлылығын арттыру, эрозияға қарсы күрес шараларын белгіледі. Мал шаруашылығы институтының ғалымдары мал өнімін арттыру үшін генетика-селекция жұмысын жақсартты.
Медицина ғылымы тез дамып келеді. 1955 жылы Душанбе эпидемиология және гигиена институты ашылды. Академияның гастро-энтерология (1965 жылы құрылған) институтында X.X.Мансуровтың басшылығымен ас қорыту органы проблемалары зерттелді. Гепатиттің клиника-функционалдық және морфологиялық ерекшеліктері; бауыр диффузиялық зақымдалған кездегі дәрілер мен препараттың зат алмасу процесінің әсері; гастриттің 1- және 2- кезеңіндегі ерекшеліктері т. б. зерттелуде.
Техникалық ғылымдары. Жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарында машина жасау салалары зерттеліп келеді (станоктардың негізгі реттеушінің кинематикасы мен динамикасы, ауыл шаруашылық машиналарының агрегаттары мен бөлшектерінің беріктігін арттыру және жетілдіру т. б.), электроникадан (пайдалы қазбаларды іздейтін жаңа электрондық аппарат), электр және жылу энергетикасынан электр жүйесі мен станция бөлімшелерін жаңарту және оларды жаңадан жабдықтау жөніндегі ізденіс-жобалау жұмыстары, өндірісті автоматтандыру және автомобиль жол қатынасы техникасынан (әр түрлі маркалы автомобильдерді сынау және пайдалану мен биік таулы жерлерге және ыстықклиматқа ыңғайлап модельдеу) зерттеулер жүргізілуде.
Қоғамдық ғылымдары. Философия. Тәжік халқының философиялық ойы9ғасырға дейін Иран нұсқасында, сонан соң 9-15 ғаырлар арасында араб тілінде сөйлейтін халықтар философиясы негізінде дамыды. Тәжіктің мәдениеті, оның философиясы Орта Азия халықтарының мәдениетімен тығыз байланысты. Арабия халифатының Орта Азияға үстемдігі кезіндегі басты идеология ислам болды. Бұл кезде прогрессивті ойшылдардың өзі.Иранның исламға депінгі философиясына, ескі грек ғылымы мен философиясына қайта үңіліп, әдет-ғұрпын ұстады. Әбу Әли ибн Сина Шығыс аристотелизмін дамытушылардың бірі болды, ал оның шәкірті Омар һаям болды.
Орта Азия Россияға қосылғаннан кейін орыстың озық қоғамдық-саяси ойының әсерінен демократиялық-агартушылық бағыттар пайда болды (Ахмад Дониш, оның ісін жалғастырушылар - Мұхаммад Хайрат, доктор Собир, Асири, Апни т. б.). Бұлар ұлттың прогресс пен әлеуметтік шындық идеясын 1-орынға қойды, феодалдық тәртіп нен ислам идеологиясын сынады.
Совет окіметі орнасымен марксизм-ленинизм беки түсті. Философия проблемаларын нақты зерттеу. 40 жылдардан қолға алынды. С. Айни, А. А. Семепов, А. М. Богоутдинов, З. Ш. Раджабов т. б. философтар еңбектерінде Тәжік мәдениеті мен философиясындағы интернационалдық пен ұлттық проблемаларыныц бірлігі, оның дамуының ерекшелігі және ұқсастығы, оның басқа философиялық мәдениетпен арақатынасы жақсы талданған. Диалектикалық және тарихи материализм, ғылыми коммунизм, жаратылыс тану ғылымының философиялық мәселелері жан-жақты зерттелуде.
Тарих ғылымы. Тәжіктің ерте замандағы ата-тегі өмір сүрген кезде тарихи ілімдер пайда болған. 9-10ғасырларда Фарсидари (тәжік) және араб тілінде көптеген тарихи еңбектер жазылған: Мұхаммед Наршахидің «Бұхара тарихы», «Патшалар кітабы» (957), Фирдаусидің «Шаһнамасы» (эпопеялық еңбек) т. б.
19 ғасырдағы прогрессивтік бағыттағы тәжік тарихнамасының өкілі Ахмад Дониш болды. Ол феодалдық үстемдік пен Бұхара әмірлігіндегі феодалдық құрылысты әшкерелеп, оған қарсы шықты. Тәжіктің тарихы Окт. революциясынан кейін ғана ғылыми тұрғыда зерттелді. 1951 жылы Тәжік ССР РА-ның Тарих, археология және этнография (қазір Ахмад Дониш атында) институты құрылды. Сол кездеТәжікстан КП ОК жанынан Партия тарихы институты ұйымдасты. Екеуі де Тәжікстан тарихын зерттеудегі үлкен ғылыми орталыққа айналды. Октябрь социалистік революциясының жеңісі, республикада Совет өкіметінің орпауы, Азамат соғысы, советтік құрылыс т. б. тарихи тақырыптар кеңінен зерттелді. «Тәжікстандағы колхоз құрылысы тарихының очеркі» (1917-1965 жылдар қамтылған) монографиясы, «Тәжікстандағы жұмысшы табының тарихы» (1917-1970 жылдарды қамтиды) атты монографпя жарық көрді. Тәжік халқының тарихы проблемаларын зерттеу нәтижесінде, «Тәжік халқының тарихы», «Тәжік ССР-інің тарихы», «Тәжікстан Коммунистік партиясы тарихының отөрктері» т. б. көптеген еңбектер жарияланды.
Республика Орта Азия және Қазақстан тарихшы-ғалымдарымен берік байланыс жасап отырады. Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан және Қазақстан тарихшылары («Орта Азия және Қазақстанда Совет үкіметінің жеңісі», «Орта Азияда құрылған Коммунистік ұйымдардың тарихы» (1917-1924 ж.) атты коллективтік еңбектер шығарды.
Экономика ғылымы.Тәжікстандағы экономикалық ойдың тууы ертедегі орта ғасыр дәуірімен сәйкес келеді. 9-14 ғасырлардағы ойшылдар: Әбу Наср Фараби, Әбу Әли ибн Сина, Әбу Хамид Газали, Насириддин Туси, Насир Хосров еңбектерінде бағалы экономикалықпікірлер мен мәліметтер бар. Салық саясаты және финанс мәселелерімен 15-16 ғасырларда Джалалиддин Давани, Махмуд Мирхонд, Гиясиддин Хондамир т. б. оқымыстылар айналысты. 17-19 ғасырларда экономикалық реформа жүргізуді ұсынған оқымыстылар болды. Ғасырлар бойы шаруашылықтың тоқырап тұрып қалуын жоюды батыл ұсынған, Орта Азиядағы қоғамдық- саяси ойдың негізін салушы, ағартушы Ахмад Дониш болды.
30-40 жылдары еліміздің көрнекті ғылыми орталықтары тәжіктің экономикалық ғылымының кенже қалушылығын жою жөнінде көмек көрсетті. СССР ҒА-ның Тәжік-Памир Комплексінің экспедициясы жинақтаған материалдар негізінде өткізілген өндіргіш күшті зерттеу және оның перспективасы жөніндегі конференцияның материалдары 1933 жылы жарық көрді. Экономист ғалымдар саяси экономия, халық шаруашылығының тарихын, өндіргіш күшті орналастыру және оның дамуын ұзақ уақытқа бағдарлау мәселелерін, қоғамдық өндірістің тпімділігін арттыру, жоспарлаудың экономикалық, математикалық әдістерін енгізу жолдарын зерттеп жүр.
Заң ғылымы. Аса көрнекті ойшылдар Әбу Наср Фараби, Әбу Әли ибн Синаның еңбектерінде, кейбір трактаттарында мыс., 11 ғасырда шыққан, «Мемлекетті басқару туралы» кітабында философиялық тұжырымдармен қатар, праволық мемлекеттік идеялар ұсынылған. Ол тек Октябрьлық революциясынан кейін ғана зерттеле бастады. Заң ғылымының қалыптасуы мен дамуы 1949 жылы университеттен ашылған заң факультетіне тығыз байланысты. Ғалымдар Орта Азия халықтарының ұлттық-мемлекеттік қалыптасуы және орналасуы проблемаларын, Тәжік халқының ұлттық-мемлекеттік пайда болуын зерттеуде (С. А. Раджабов, Д. Д. Дегтяренко). Криминалистика саласынан түбегейлізерттеулер жасалуда. «Совет мемлекетті және право тарихы», «Советтік мемлекеттік право» атты коллективтік еңбектер баспадан шықты.
Ғылыми мекемелері. 1974 жылы республикада 87 ғылыми мекеме (жоғары оқу 2 орындарын қосқанда, ол 1940 жылы 30 ғана болатын) бар, онда 6,4 мың ғылыми қызметкер жұмыс істейді. Оның 45-і академиктер мен корреспондент мүшелері, 2 мыңнан астамы ғылыми докторлары мен кандидаттар (1940 жылы 400 ғана ғылыми қызметкер болған). Ғылым орталығы - Тәжік ССР ҒА. Мұнда 3 бөлім, 19 ғылыми-зерттеу мекемелері бар.
Баспасоз, радиохабар, телевизиясы. 1917 жылғы Октябрьлық социалистік революциясына дейін тәжік халқының озінің баспасөзі болмады. Тәжікстанда Совет өкіметі орнағаннан кейін, ұлттық кітап баспасы, газет-журнал ісі дами бастады. 1924 жылы Душанбеде алғашқы баспахана, тұңғыш Тәжік мемлекеттік кітап баспасы (1925), Душанбеде полиграф комбинаты құрылды (1934). Соғыстан кейінгі жылдарда «Статистика» (1948), «Ирфон» (1964), «Дониш» (1964), «Тәжік оқу-педагогика баспасы» (1958, 1975 жылдан - «Маориф») т. б. баспалар ұйымдастырылды. 1973 жылы 645 кітап, кітапшалар (жалпы тиражы 4,8 млн. дана), соның ішінде тәжік тілінде 330 кітап (тиражы 3,4 млн. дана) басылып шықты. Тәжік Совет Энциклопедиясыныц Бас редакциясы құрылды (1974 жылы «Тәжік Совет Социалистік Республикасы» деп аталатын томы шықты).
1973 жылыТәжікстанда 60 газет, соның ішінде тәжік тілінде 50 газет шықты. Республика газеттер: «Иди точик» («Тәжік мейрамы), 1925), «Тоджикистони Совети» («Советтік Тәжікстан», 1955), «Комсомоли Тоджикистон» («Тәжікстан комсомолы», 1930), «Пионери Тоджикистон» («Тәжікстан пионері», 1929), «Маориф ва маданият» («Оқу және мәдениет», 1932) т. б. Республикада 43 журнал, 17 бюллетень шығады. Тәжік тілінде шығатын журналдар - «Коммунисти Тоджикистан» («Тәжікстан коммунисі», 1936), «Мактаби Совети» («Совет мектебі», 1926), «Садои шарқ» («Шығыс үні», 1938), «Занони Тоджикистони» («Тәжікстан әйелдері», 1951), «Машьал» («Алау», 1952), «Хорпуштак» («Кірпі», 1953), «Памир» (1959) т. б.
Тәжік Телеграф Агенттігі (ТТА) 1933 жылдан, радиосы 1928 жылдан, Душанбе Телевизия орталығы 1959 жылдан жұмыс істейді. 1974 жылдан республика радио тәулігіне (тәжік, орыс, өзбек тілдерінде) 26 сағат, Республика телевизия 11 сағат хабар береді. Москвадан, Ташкенттен радио және телехабарларын алып отырады.
Әдебиеті. Тәжік әдебиеті қазіргі Иран, Ауғанстан және Орта Азияда ерте кезде мекендеген иран тілдес (парсы-тәжік) халықтардың жазба ескерткіштерінде сақталған үлгілерінен құралады. Халық ауыз әдебиетін жинау тек 19 ғасырда ғатта қолға алынды. Негізінде иран тілдес халықтардың ауыз әдебиеті б. з. б. 1-мың жылдықтан басталады. 6-8 ғасырларда араб басқыншыларының әсерімен жазба әдебиет тоқырады, алайда ауыз әдебиеті жалғаса берді, қайта ол 9-10 ғасырларда жазба әдебиеттің ілгері дамуына игі ықпалын жасады. Ә. Рудаки (860-941 ж. ш.) және оның замандастары өз творчествосына ауыз әдебиетін кеңінен пайдаланды.
Көне иран жазба әдебиетінің үлгілері б. з. 3 ғасырына дейін ахемен патшаларының сына жазулы ескерткіштері мен «Авестада» сақталған. 3-9 ғасырларда орта иран тілдерінде (пехлеви, парфиян, соғды, хорезм тілдері) пайда болған шығармалар пехлеви әдебиетін қалыптастырды. 9-20 ғасырлар аралығында тәжіктің классикалық әдебиеті пайда болды. Оны үш дәуірге бөлуге болады: 1) 9-15 ғасырлардағы иран-тәжік әдебиеті. 2) 16-19 ғасырлардың 2-жартысы аралығында Орта Азияда қалыптасқан әдебиет; 3) 19 ғасырдың 2-жартысы мен 20 ғасырдың басы аралығын қамтитын тәжіктің ағартушылық әдебиеті. 9-10 ғасырлар тәжік поэзиясы үшін «алтын ғасыр» болып есептеледі. Бұл кезде Рудаки, Әбу-л-Хасан Кисай (953-1002), Әбу Шакур Балхи (915 - ө. ж. белгісіз), Дакики (977 ж. ш. өлген) секілді ірі ақындар шықты. Ә. Фирдауси (940-1020) өзінің атақты «Шаһнамасын» жазды. 10 ғасырда әдеби орталық Разнаға көшкен кезде Ә. Унсури (1039 ж. өлген), Фаррухи (1038 ж. өлген) т. б. талантты ақындар шықты. 12 ғасырда Омар Һайям(1048-1122) рубаиларымен ерекше көзге түсті. Монғол шапқыншылыты кезінде парсы тіліндегі әдебиет тек Солтүстік Үндістанда (Әмір Хұсрау Дехлеви), Оңтүстік Иранда (М. Сатди т. б.), Кіші Азияда (Ж. Руми) ғана дамыды. Орта Азияда тәжік әдебиеті қайта қалыптасқан кезде (15 ғасыр) Ә. Жэми(1414-1492) т. б. ақындар шықты. 16-19 ғасырлардағы тәжік әдебиеті басқа парсы тілдес әдебиеттерден бөлек дамыды. Бұл кезде ірі таланттар туа қоймағанмен, Сайидо Насафи (17 ғасырдың 1-жартысының соңы – 1707-1711 жылдар арасы), Фитрат Зардуз (1660-1618 жылдар басы) т. б. ақындар әділдікті дәріптеп, феодалдық қоғамды әшкереледі. 19 ғасырдың 2-жартысы мен 20 ғасырдың басы аралығында әдебиетте ағартушылық идея басым болды. Бұл бағытты Ахмад Дониш (1826-1897), оған көзқарасы жақын Р. Возех (1818-1894) т. б. қаламгерлер бастады. 20 ғасырдың басындаағартушылық идеяны С. Айни (1878-1954), Т. Асири (1864-1916) т. б. ақын, жазушылар дамыта отырып, өмірді реалистік тұрғыда бейнеледі. С. Айни тәжік совет әдебиетін «Бостандық маршымен» (1918 ж.) бастады. 20 жылдары Пайрав Сулаймони (1899-1933), Дж. Икрами (1908 ж. т.) т. б. ақын- жазушылар шықты. Айнидің повестері мен романы («Дохунда», 1930 ж. бас.) жарияланды. 30 жылдары М. Турсунзаде (1911 ж. т.), А. Дехоти (1911-1962), М. Миршакар (1912 ж. т.) т. б. жас ақындар қосылды. Ұлы Отан соғысы жылдары Ә. Лахутидің (1887-1957) «Таня жеңісі» (1942), Турсунзаденің «Отан ұлы» (1942) поэмалары т. б. шығармалар жазылды. Соғыстан кейінгі жылдары проза мен драматургия белең ала бастады. Бұл кезде М. Турсунзаденің «Хасан арбакеш» (1954), М.Миршакардың «Бағынбаған Пяндж» (1949), «Ленин Памирде» поэмалары (1955), Ф. Ниязидің (1914 ж. т.) «Шын берілген» (1-2-бөл., 1949-1958), Улуг-заденің «Өзгерген өңір» (1949-1953) романдары, Айнидің «Естеліктері» (1-4-бөл.,1949-1954)жарияланды. 60-70 жылдар тәжік әдебиетінің тақырып ауқымы кеңи түсті. Турсунзаденің «Гангтан Кремльге дейін» (1969-1970) поэмасы, Икрамидің «Бұхараның он екі қақпасы» (1967-1968) романы, Р. Хади-заденің (1928 ж. т.) повестері т. б. шығармалары жарық көрді. Тәжік драматургиясы 30 жылдары жазылған Икрамидің «Дұшпан» (1933), Турсун-заденің «Үкім» (1934) т. б. пьесаларымен басталды. Миршакардың «Менің қалам» (1951), Г. Абдуллоның (1912 ж. т.) «Бостандық жалыны» (1964), «Революция солдаты» (1970) т. б. пьесалары кеңінен мәлім.
Әдебиет тану ғылымы 20 жылдардан бастап қалыптасты. Қазір бұл салада И. С. Брагинский (1905 ж. т.), А.Н.Болдырев (1909 ж. т.), М. Шукуров (1926) т. б. жемісті еңбек етіп келеді.
Тәжік әдебиетінен қазақ тіліне С. Айнидің «Есте қалғандар» (1953) мен «Құлдар» (1953), «Дохунда» (1970) романдары, Ә. Жәмидің «Өлеңдер жинағы» (1968), Рудакидің «Таңдамалы шығармалары» (1958), Турсун-заденің «Үндістан қиссасы» (1950-1972), «Хасан арбакеш» (1965) поэмалары. С. Улуг-заденің «Өзгерген өңір» (1974) романы т. б. шығармалар аударылды.
Архитектурасы мен бейнелеу өнері.Тәжікстан территориясында кезігетін ежелгі өнер ескерткіштері мезолит дәуіріне саяды. Бертіңгі қола дәуірі кезеңінде (б. з. б. 2 ғасырдың ортасы - 1 ғасырдың басы) мекен жай тұрғызу, көзешілік пен зергерлік өнері бой көрсетті. Ахемен әулеті дәуірінде көшпелі сақ тайпалары өнері Тәжікстан көркем мәдениетінен елеулі орын алды. Грек-бактрия (б. з. б. 3-2 ғ.) және кушан патшалығы кезеңінде (б. з. 1-4 ғ.) Тәжікстан жерінде эллинистік типтегі қалашықтар (Саксан-Охур, Шахринау т. б.) салынды. 5-20 ғасырдың басында мұнаралы қорған-қалалар (Пенджикент) тұрғызылды. Бай нақышпен тұрғызылған үйлердің ішкі еңсесі қабырға өрнекпен, залдары көркем оймышпен безендірілді. Ауылдық жерлерге қарауыл мұнаралары (Моншақ төбе, Орта қорған т. б.) тұрғызылды. Соғды, Тохаристан (Бактрияның орта ғасырдағы атауы) көркем мәдениеті негізінде дамыған бастапқы орта ғасырдағы бейнелеу өнері эллинистік және кушан дәстүрін жаңғырта әрі СолтүстікҮндістан, Ауғанстан өнерімен сабақтаса отырып жаңа бір жергілікті стиль ретінде қалыптасты. Бұл бет бұрыс мүсіндік туындылардан, әсемдік жазбалар мен кескіндемеден бой көрсетті. Арабтар жаулап алғаннан кейін, сәулет өнерінде діни құрылыстар (мешіт, медресе, мавзолей) кең етек алды. 9-10 ғасырлардағы құрылыс ісіне күйдірілген қыш пайдаланыла бастады. Бастапқы орта ғасыр жергілікті сәулет өнері дәстүрі, әсіресе мемориал (Бұхарадағы Самани әулетінің мавзолейі, 9-10 ғ.), қорған (Исфара маңындағы Калаи-Боло) және сарай (Хульбук, 10-12 ғ.) құрылыстарынан байқалды. Мұхаммед Башшар мавзолейі 14 ғасырдағы тәжік монументті сәулет өнерінің жетістігінің бірінен саналады. 18-19 ғасырлардың басындағы қала салу ісінде 12 ғасырда қалыптасқан дәстүр негізінен сақталып қалды. Тәжік ұлттық сәулет өнері өрбуі қоғамдық құрылыстар (мешіт, монша) мен тұрғын үйлерден көрініс тапты. Мұсылман діні енгеннен кейін тәжік бейнелеу өнерінде ою-өрнекке аса көңіл бөлініп, монументті-сән өнері өркен жайды. 15 ғасырдағы герат мектебі, 16-17 ғасырлардағы Бұхара мен Самарқан миниатюралық кескіндеме мектептерінің дамуы тәжік бейнелеу өнерінің қайта жандануына ықпал етті. 18-20 ғасырлардың басында көзешілік, көркем құйма,көркем мата кең етек алды. Тәжікстанда Совет өкіметі орнағаннан кейін, қысқа мерзім ішінде бас жоспар бойынша қала салу ісі қолға алынды. 30-40 жылдары қоғамдық құрылыс архитектурасында орта ғасыр және Орта Азия сәулет өнері элементтерін бойына сіңірген классикалық түр басым болды.
1945-1955 жылдарҰлы Отан соғысы кезеңінде бәсеңдеген құрылыс ісі қайта қанат жайды. 1960 жылдардан кейінТәжікстанда микроаудандар (4-9 қабатты үйлер), жаңа қалалар (Нүрек, Регар, Яван) салынды. 1920 жылдардағы Советтік Тәжікстан бейнелеу өнері Самарқанда еңбек еткен суретшілер Л. Л. Бурэ, В. Н. Еремян, Азамхон Сиддики творчествосымен байланысты. Тәжік ССР-і құрылғаннан кейін (1929) Душанбе мәдени өмір орталығына айналды. 20жылдардың аяғы мен 30 жылдарда суретшілер Е. Г. Бурцев, П. И. Фальбов, Б. Г. Шахназаров Тәжікстанда жұмыс істеді. Ұлы Отан соғысы жылдары саяси және үгіт плакаты («Окна ТаджикТА»), карикатура (М.Хошмұхамедов), 1945-1950 жылдар қондырғылы кескіндеме, монументті-сән (С. Е. Захаров, И. А. Абдурахманов) және театр декорация өнері (М. М. Мухин), кітап көркемдеу өнері (В. И. Серебрянский), мүсін (Е. А. Татаринова) дамыды. 1960 жылдары Тәжікстан бейнелеу өнері суретшілер А. Аминжанов, К. Жұмағазин, З. Хабибуллаев т. б. есімдерімен толықты. Сән және қосалқы өнері саласында халық шеберлері Ю. Баратбеков, С. Нұритдинов т. б. еңбек етуде.
Музыкасы. Тәжік музыка мәдениетінің түп төркіні ежелгі Бактрия, Соғды және Уструшана мемлекеттері өнерімен байланысты. Халықтық және халықтық-профессионалды тәжік музыкасы бір дауысты халықтық әуен дәстүрі негізінде дамыды. Музыка жанрлары: батырлық эпос (Көрұғлы - көп тараған ежелгі бір түрі), тұрмыс-салт, той-томалақ әндері, қаралы және лирикалық әуендер т. б. Тәжік әндері негізінен диатоникалық ладқа құрылады. Музыкалық аспаптары: дутар, думбрак (ішекті-шертпелі), гиджак (ысқылы), най, карнай, сурнай (үрлемелі), таблак, нагора (соқпалы) т. б. Халықтық-профессионалды классикалық музыкалық дәстүрін таратушыларға созандалар (әнші және биші әйелдер), мавригихондар (әншілер) мен мақамшылар жатады. 9-18 ғасырларда Бұхара т. б. қалаларда қалыптасқан «Шашмақам» мақамы дәстүрлі музыканың биік шыңынан саналады. 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басында классикалық музыканың дамуына әншілер мен музыканттар Ота Жалол, Ота Гиес, Домулло Халим Ибадов игі әсерін тигізді. Совет өкіметі орнағаннан кейін тәжік музыкасы жаңа интонация, ритммен байи түсті. Дәстүрлі өнермен қатар көп дауысты музыкалық жанры, музыкалық драма, опера, балет, симфониялық шығарма өмірге келді. Музыкалықоқу орындары ашылды. Тәжікстан музыкалық өмірінің жандануына музыканттар мен педагогтар Н.Н.Миронов, С.А. Баласанян, В.Шарф, Л.Г.Кауфман т. б. белсене араласты. 1929 жылы Душанбеде ашылған драма театр құрамынан 1934 жылы музыкалық труппа бөлініп шықты. 1939 жылы алғашқы тәжік операсы - «Восе көтерілісі» (Баласанян) қойылды. 1938 жылы Тәжік филармониясы ашылып, ғылыми-зерттеу музыкалық кабинеті ұйымдастырылды. Ұлы Отан соғысы жылдары композиторлар З. Шахиди, Ф. Салиев, Н. Пулатов творчествосынан фашизмге қарсы уытты әуен басым орын алды. 1946 жылы Тәжік ССР гимні (созі Лахутидікі, музыкасы С. Юдаковтікі) жазылды. 40 жылдардың 2-жартысы мен 50 жылдары опера, симфониялық шығарма, кантата жанры (А. С. Ленский, Ш. Сайфуддинов т. б.) кең қанат жайды. 60-70 жылдары Тәжікстан музыкасының жанры мен тақырыбы кеңи түсті. Композиторлар қатары Д.Дустмұхамедов, Ю.Г.Тер-Осипов, М.Атоев, Ю.Мамедов, X.Абдуллаев, З. Зұлфиқаров, Ш. Сахибов есімдерімен толықты. Музыкалық қайраткерлері: дирижерлер - Тәжік ССР халық артісі А.Камалов, И. Абдуллаев, Ф. Салиев; режиссерлер - Тәжік ССР халық арт. Г.Валамат-заде, Р. А. Корох; әншілер - СССР халық арт. Т. Фазылова, А. Бабақұлов, X. Мавлянова, Тәжік ССР халық арт. Л. Кабирова, X. Таиров, Р. Галибова, Р. Толмасов, А. Муллокандов, З. Назимов, Ж. Мурадов; халық хафизшілері - X. Ризо, О. Хашимов, Н. Құрбанасейнов т. б.; ұлт аспапта орындаушылар - СССР халық арт. Г. Гуломалиев, Тәжік ССР халық арт. А. Алаев. Тәжікстанда (1975): Тәжіктің опера және балет театры (Ленинабад), А. Рудаки атындағы облыстық музыкалық комедия театры (Хорог), музыкалық драма театрлары (Куляб, Канибадам), өзбек музыкалық драма театры (Нау), филармония (1965), ән-би ансамблі (1940), Өнер институты (1973), 2 музыкалық училище (Душанбе, Ленинабад), Республика арнаулы орта музыкалық мектеп, Республикалық орта музыкалық мектеп-интернат (Душанбе), 52 балалар музыкалық мектебі жұмыс істейді.
Театры.Еңбек процестеріне байланысты ән-билерде, діни ғұрыптар мен халық мейрамдарында театр элементтері кезігеді. Топырақ қаладан (Хорезм) табылған күлдіргі актер маскасы б. з. б. 1 ғасырға саяды. Ежелден келе жатқан дәстүрлі ауызекі халық театрының түрлі формалары қазіргі ойын-сауықтарда («Қария», «Дәруіш») көрініс берді. Халық өнері негізінде қуыршақ театрлары мен масқарапаздар өнері қалыптасты. Түркістанның Россияға қосылуынан кейін тәжік театр өнеріне орыс, татар, азербайжан театр мәдениеті ене бастады. Октябрьлық революциясынан кейін европалықтиптегі Тәжікстан театры құрылды. 1919 жылдан көркемөнерпаздардың үгіт театрлары іске кірісті. 1929 жылы Душанбеде Тәжіктің мемлекеттік драма театры (қазіргі Тәжік драматеатры) атты алғашқыпрофессионалды театр ұйымдастырылды. 1932 жылы Ленинабадта музыкалық-драма театры, 30 жылдары ірі қалаларда професионалды театрлар ашылды. А. Д. Дикий жетекшілік еткен Москва театр-студиясы негізінде 1937 жылы Душанбеде орыс драма театры есік ашты. 1933 жылы А. Османовтың «Күрес» атты алғашқы көп актілі драмасы қойылды. 30 жылдардың 2-жартысы мен 40 жылдары қойылған спектакльдері: С. Сайдмурадов пен И. Исмаиловтың «Жаласы» (1938), С. Улуг-заде т. б-ның «Шодмоны» (1939), А. Пирмұхаммед-заде мен В. М. Волькенштейннің «Рүстем мен Зуһрабы» (1941) т. б.СоциалистікТәжікстан өмірі, халықтың жаңа тұрмысы, замандастар тағдыры, ескі көзқараспен қақтығыс С. Саидмурадов пен М. Рабиеваның «Саодат» (1948), Ж. Икрамидің «Ситора» (1954), А. Сидкидің «Әйел еркі» (1961), Ф. Ансоридің «Ана үкімі» (1962), М. Хакимованың «Өмір сүргім келеді» (1973) спектаклінен көрініс тапты. Г. Абдулло мен Ш. Киямовтың «Дауылында» (1957) тұңғыш рет тәжік сахнасында В. И. Ленин образы жасалды. Театр репертуары совет және дүние жүзі драматургиясымен толысуда: Шекспирдің «Ромео мен Джулеттасы» (1947), Гогольдің «Ревизоры» (1946, 1952), Островскийдің «Жазықсыздан жапа шеккендері» (1962), А. Қаһардың «Махаббат пен семсері» (1974) т. б. Драма театрының өркендеуіне СССР халық арт. М. Қасымов, Тәжік ССР халық арт. Г. Бакаева үлкен үлес қосты. Театр өнері шеберлері (1975): СССР халық арт. А. Б. Бұрханов, Т. Фазылова, Тәжік ССР халық арт. Б. Алифбекова, М. Вахидов, Т. Гафарова, М. Ибрагимова, Г. Зәукібеков, Б. Карамхудоев, X. Назарова, X. Рахматтулаев, С. Тұйбаева, О. Османова, С. Шоисмаилова. Тәжікстанда (1976) Душанбедегі Тәжіктің Лахути атындағы академиялық драма театры, Тәжіктің жастар театры, Ленинабад, Хорог, Куляб, Канибадамда музыка-драма театрлары; Душанбе мен Ленинабадта өзбек және орыс театрлары, Чкаловскіде қуыршақ театры жұмыс істейді.
Киносы.Тәжікстанда документті, хроникалы қысқа метражды фильмдер 1929 жылдан түсіріле бастады. 1932 жылы «Дәурені өткен әмірлер» атты тәжіктің алғашкы көркем фильмі өмірге келді. Бастапқы дыбысты фильмдері: «Бақ» (реж. Н. В. Досталь), «Достар қайта жолығар» (реж. К. Я. Ярматов, екеуі де 1939). Ұлы Отан соғысы жылдары Душанбеде Москваның «Союз-детфильм» студиясы жұмыс істеп, Біріккен киностудия көркем және документті картиналар шығарды. 50 жылдардың ортасынан көркем кино кең етек алды. 60 жылдары ұлттық кинодраматургия мен режиссура пайда болды. Әдебиетпен байланыс нығайып, С. Айнидің романы бойынша Б.А.Кимягаров «Дохунда» (1956) фильмін қойды. Түрлі тақырыптағы фильмдері: «Үлкен қызмет» (1958), «Бір қызға мен жолықтым» (1957), «Ақын тағдыры» (1959, реж. Б. А. Кимягаров), «Памир ұлдары» (1963, реж. В. Я. Мотыль), «Хасан арбакеш» (1966, реж. Кимягаров).«Сатқындық» (1967, реж. Т. М. Сабиров). 60-70 жылдары кинорежиссерлер М. Арипов («Ниссо», 1966), М. Қасымов («1943-тің жазы», 1968), С. Хамидов («Ескі мешіт түбіндегі кездесу», 1969), А. Тураев («Үшінші қыз», 1971) фильмдер түсірді. Аға буын шеберлердің «Жүрек қалауы» (1968, реж. Б. А. Кимягаров), Ә. Фирдаусидің «Шаһнамасы» бойынша «Рүстем жайлы аңыз» бен «Рүстем мен Зуһраб» (1971, реж. Б. А. Кимягаров) атты фильмдері экранға шықты. Алғашқы мультипликациялық фильмдері: «Тау әні» (1969), «Қайырымды Насим» (1970), «Әпенде, есек және ұрылар» (1971). 1971 жылдан «Калтак» («Шоқпар») сатиралық журналы шығып тұрады. 1962 жылы Кинематографистер одағы құрылды. 1100-ге тарта киноқондырғы жұмыс істейді (1975).
Әдеб.: Таджикистан. М.,1968 (серия«Советский Союз»); История таджикского народа.т. 1-3, М., 1963-1965; Гафуров В.Г. Таджики. Древнейшая, древняя и средневековая история, М., 1972; сонікі.Кушанская эпоха и мировая цивилизация. М., 1968; Бартольд В.В. История Туркестана. Соч., ч. 1, М., 1963; Литвинский Б. А. Древние кочевники «Крыши мира». М., 1973; Искандеров Б. И. Восточная Бухара и Памир во второй половине XIX в. ч. 1-2. Душ., 1962-1963; сонікі, Из истории Бухарского эмирата.-М., 1958; Тарасов В., Дворников В. Коммунистическая партия Таджикистана в условиях развитого социалистического общества. Душ., 1974; Пулатов Д. П. География Таджикской ССР. Душ., 1968; Махкамов К. М., Клеандров И. М. Экономика Таджикской ССР. М.,1967;Бердібаев Р. Гүлстан бұлбулдары. 1971; Мирзоев А. М. Сайидо Насафи и его место в истории таджикской литературы. Душ., 1954; Брагинский И. С. Из истории таджикской народной поэзии. М., 1956; сонікі. Из истории персидской и таджикской литературы. М., 1972; Бертельс Е. Э. История персидско-таджикской литературы. М., 1960; Очерки истории таджикской советской литературы. М., 1961; Айни С. Собр. соч., т. 6, М., 1975; Воронина В. Л. Народная архитектура Северного Таджикистана. М., 1959; Искусство таджикского народа. в. 1-3, Душ., 1956-1965; ВеселовскийГ., Гендлин Д.Д. Архитектура Советского Таджикистана. М., 1972; Персидско-таджикская поэзия в миниатюре XIV-XVII вв. Душ., 1974; Музыкальная жизнь Советского Таджикистана. в. 1-2, Душ., 1974-1975; Нурджанов Н. Таджикский народный театр. М., 1956; История советского драматического театра.т. 2-6, М., 1966-1971; Ахроров А. Таджикское кино (1929-1969). Душ., 1971.
Жарияланған-2020-10-20 12:36:23 Қаралды-4846
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Информатика
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Философия
- Физика, Химия
- Русский язык
- Спорт
- Тарих
- Биотехнология
- Экономика и менеджмент
- Медицина
- Архитектура
- Дінтану