ГЕРМАНИЯ (лат. Germanіа, нем. Dеutschland, Doutsсһе - неміс, Land - ел, сөзбе-сөз аударғанда - немістер елі).
Тарихы. Германия жерінде адам б. з. б. 500-300 мың жылдарда, төменгі палеолит дәуірінде (Гейделъберг адамы) пайда болған. Оңтүстік Германияда неандерталь адамының сүйегі табылған. Палеолит дәуірінен неолит дәуіріне өтер кезеңде Германияның солтүстік аймақтарын алғашқы қауымдық балықшы және аңшы тайпалар мекендеген. Б. з. б. 3-2-мың шылдықта Германия жеріндегі тайпалар мал және егін шаруашылығымен де шұғылданды. Б. з. б. 1-мың жылдықтың басында Германия жерінде қола құралдарымен қатар, темір құралдар да пайда болды. Германия жерінің денін қоныстанған герман тайпалары б. з. б. 1-мың жылдықтың аяғында Рим мемлекетімен соқтығысты. 4 ғасырдың қарсаңында тайпалардың қоныс ауыстырып, араласуы нәтижесінде германдықтардың тайпалық жаңа бірлестіктері құрылды; бұлардың бір бөлігі 4-6 ғасырларда Батыс Рим империясының жеріне ойысты. Германия жеріне алемандар, баварлар, шығыс франкілері, сакстер, тюрингілер, фриздер бір жолата орнықты.
Германияда негізінен алғашқы қауымдың құрылыс ыдырау барысында феодалдық қатынастар қалыптаса бастады да, франкілер шапқыншылығынан кейін, бұл процесс жеделдей түсті. Франкілер 8 ғасырда бүкіл Германия жерін өзіне қаратты, сөйтіп Германия франк мемлекетінің құрамына кірді де, онда христиан діні тарады. Ақсүйектер мен қауым басшыларының ірі жер иеліктерімен қатар, корольдар мен шіркеулердің жер меншігі пайда болды. Ерікті шаруалар бағындырыла бастады. Каролингілер империясы құлағаннан кейін, Германия жері шығыс франк корольдығына кірді; бұл герман аймақтарының мемлекеттік тұрғыдан даралануының басын бастап берді. Бұл процесс маркграф Арнульф Каринтийский (887-899 жылдар биледі.) «шығыс франкілерінің» королы болып сайланғаннан және саксон әулетінің негізін салушы саксон герцогы Генрих I (919-936 жылдар биледі) 919 жылы герман королы болып сайланғаннан кейін аяқталды. Генрих I тұсында ертедегі феодалды герман мемлекеті қалыптасты. Алғашқыда бұл мемлекет Рейн, Эльба мен Альпі аралығындағы жерді алып жатты. Оның құрамына 4 тайпалық герцогтық: Саксония, Франкония, Алеманния (Швабия), Бавария кірді; 870-880 жылдар оған Лотарингия (біржолата 925 жылы) мен Фризия (Фрисландия) қосылды.
Герман феодалдық мемлекеті шапқыншылық саясатына көшіп, полаб славяндарының жерін басып алды. Оттон I (936-973 жылдар биледі) тұсында бодричтердің, лютичтердің, серб-лужиліктердің тайпалық одақтары Германияға бағындырылды. 951 жылы Оттон I Солтүстік Италияны өзіне қаратты, 962 жылы Римді алып, император атанды. «Қасиетті Рим империясының» басы осыдан басталды да, герман корольдары Италияға ұдайы тонау жорықтарын жасап тұрды. 1032-1034 жылдар Бургундия (Арелат) корольдығы империяға қосып алынды. Чехия империяға тәуелді аймаққа айналды.
11 ғасырдың аяғында бүкіл Германия халқы феодалдық қатынастарға тартылды. Феодалдық қалалар тез өсе бастады. Алғашқыда қалалар епископтарға, феодалдарға, корольға вотчиналық жағынан тәуелді болды. Кейіннен көптеген қалалар бұл тәуелділіктен құтылды. Штауфендер әулетінің императорлары (1138-1254) неміс князьдарын толық бағындыру мүмкін еместігін көргеннен кейін, Италия жерлерін өзіне қаратуға ұмтылды. Бірақ бұдан ешнәрсе шықпады. Ал кейбір неміс князьдары өз тарапынан славяндардың, Эльба сырты мен Балтық маңындағы басқа халықтардың жерлерін басып алды. Генрих Лев Бодричтердің жерін шауып, онда Мекленбург (1170) герцогтығын, Альбрехт Медведь лютичтердің жеріне басып кіріп, Бранденбург маркграфтығын құрды. 13 ғасырда семсер тағушылар ордені ливалар мен эсталардың, Тевтон ордені прустардың жерін өзіне қаратты. Шығыста Германия жері екі есе көбейді. Мұнда ерікті ірі князьдықтар пайда болды. Жаулап алынған жерлерге немістер келіп қоныстанып, жергілікті халық күшпен немістендірілді.
12 ғасырдың аяғы мен 13 ғасырда папа қауымының ықпалы күшейіп, олар іс жүзінде Германияны өзіне бағындырды. Папа Инокентий ІІІ-нің көмегімен таққа отыру правосын қалпына келтірген Фридрих II Штауфен (1212-1250 жылдар биледі) император әрі Сицилия королы болды. 13 ғасырдан бастап Германия жері одан әрі бөлшектене түсті. Князьдар іс жүзінде тәуелсіз мемлекеттік басшыларына айналды. Король өкіметінің билігі формальды тұрде ғана сақталды. 15 ғасырдың 2-жартысынан Германия экономикалық жағынан алға баса бастады. Кен, тоқыма өнеркәсібінде, кітап басу ісінде, кейбір басқа салаларда капиталистік өндірістің алғашқы түрлері туа бастады. Бюргерлердің арасында цехтық ұйыммен байланысы жоқ кәсіпкерлер, ал қола плебейлері арасында пролетарлық прослойка ұшқынының маңызы барған сайын күшейді. Ауыл шаруашылығында феодалдық тәуелді шаруалар мен феодалдар арасындағы күрес ушыға түсті. Бұл Оңтүстік-Батыс Германияда шаруалар мен қала халқының антифеодалдық толқуына [Ганс Бехайм қозғалысы (1476), «Башмақ» қастандықтары (15 ғасырдың аяғы - 16 ғасырдың басы), «Кедей Конрад» көтерілісі (1514) т. б.] әкеліп соқтырды.
Ел ішінде оппозициялық қозғалыстың өрістеуі және Германияның халықаралық жағдайының шиеленісуі салдарынан неміс князьдары империяның мемлекеттік құрылысына реформа енгізу жолдарын қарастырды. 15 ғасырдың 80 жылдарында Оңтүстік-Батыс Германияда құрылған Швабия одағының (ірі князьдардың саяси және әскери ұйымы) «князьдық партиясы» 1495, 1500 жылдар империя ішіндегі соғыстарға тыйым салу, князьдар арасындағы дауларды т. б. шешу үшін жалпы империялық басқарма мен сот құру жөнінде рейхстагқа жоба қабылдатты. 16 ғасырдың басында оппозициялық қозғалыс шаруа-плебейлер бұқарасын, бюргерлер қауымын, империялық рыцарьлар қауымын қамтыды. Католик шіркеуіне қарсы Реформация қозғалысы шықты. Халық арасында Реформация Т. Мюнцердің революция ілімі негізінде өзінше әлеуметтік-саяси бағыт алды. Бұл ілім халық бұқарасының феодалдарға қарсы күрес туына айналды. Бүкіл Оңтүстік-Батыс және Орта Германияны қамтыған Шаруалар көтерілісі (1524-1526) Реформация дәуіріндегі революция қозғалыстың шыңы болды. Шаруалар соғысы аяусыз басылды.
Экономикасының төмен құлдырап бастауы салдарынан 16 ғасырдың 2-жартысы - 17 ғасырдың басында саяси реакция бұрынғыдан да күшейді. 1618 жылы империяда өріс алған соғыс жалпы-европалық ұзақ соғысқа (Отыз жылдың соғыс, 1618-1648) ұласты. Германия көп жылдар бойы осы жойқын соғыстың құшағында қалды. Соның салдарынан елдің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы мықтап тежелді. Халықтың саны күрт азайды, көптеген қалалар мен деревнялар қирады.
Вестфаль бітімі (1648) негізінде Отыз жылдық соғыс аяқталғаннан кейін де, Германия сол бұрынғы бөлшектелген князьдықтар күйінде қалды. Бұлар формальды түрде «Қасиетті Рим империясының» құрамында қалды. Феодалдар езгіні күшейтіп, өз шаруашылықтарын кеңепте түсті. Бранденбург-Прусс курфюрлігі (1701 жылдан - Пруссия корольдығы) сол кездегі аса ірі неміс мемлекетінің бірі болды. Пруссиялық әскери-басыбайлы монархияның бүкіл өмірі милитаризм және вотчиналық деспотизм рухына толы болды. 1740 жылы прусс әскерлері Силезияға басып кірді; бұл Австриямен соқтығысуға әкеліп соқтырды және Австрия мұрагерлігі (1740-1748) үшін соғыстың басын бастап берді. Соғыс барысында Фридрих II Силезияны түгел дерлік Пруссияға қосты. Жеті жылдық соғыс (1756-1763) нәтижесінде Силезия тағы да Пруссияның қарамағында қалды. Ал Пруссия 1772 жылы Польшаның бір бөлігін өз жеріне қосып алды. Пруссия Европадағы ұлы мемлекеттердің қатарына қосылды.
18 ғасырдың аяғында Германияда өнеркәсіп өндірісі дамыды. Товар айналымы едәуір ұлғайды, кеме жүретін каналдар көбейді. Ұлыбританиямен, Голландиямен, Швециямен, басқа да елдермен сауда-саттық күшейді.
Ұлы француз революциясының әсерімен Рейн мен Эльзаста шаруалардың толқуы басталды. Антифеодалдық күрес, әсіресе Саксонияда кең өрістеді. 1793 жылы наурыз-сәуірде Силезия тоқымашылары көтеріліс жасады. 1792 жылы сәуірде Австрия-Пруссия мен революцияшыл Франция арасында соғыс басталды. Соғыстың барысында австрия-пруссиялықтар жеңіліске ұшырады (1792 жылы қыркүйек). 1793 жылы 18 наурызда Майнцта неміс жеріндегі тұңғыш демократиялық республика - Майнц коммунасы жарияланды. 1795 жылы Пруссия Франциямен сепараттық бітімге қол қойды; Рейннің сол жақ жағалауындағы жерлер Францияның билігіне көшті. 90 жылдары Пруссия мен Австрия Польшаның жаңа жерлерін басып алды. 1806 жылы күзде Пруссия Францияға қарсы тағы да соғыс ашты, бірақ жеңіліп қалды. Тильзит шарты (1807) бойынша Пруссия өз жерінің жартысынан айрылды. Неміс халқы француз басқыншыларына қарсы күреске шыгып, Лейпциг шайқасынан (1813) кейін бүкіл Германия жері басқыншылардан азат етілді. Вена конгресінен (1814-1815) кейін (конгресс мақсаттарының бірі - Германияның тағдырын шешу болды) Германия саяси жағынан бытыраңқы күйінде қалды. Конгрестің шешімі бойынша 39 мемлекеттен Герман одағы құрылды. Онда Австрия басқарушы роль атқарды. Бытыраңқылық қаншама тежеу болғанынымен, 30 жылдары Германияда өнеркәсіп төңкерісі басталды. Капиталистік фабрикалық өндіріс күшейді. 1834 жылы Герман таможнялық одағы (Пруссия, Бавария, Вюртемберг және 15 неміс мемлекеті) құрылды; онда Пруссияның ролі басым болды, Австрия одаққа кірмеді. Бұл өнеркәсіп пен сауданы дамытуға cебепкер болды. Германия темір жолы құрылысында да зор табысқа жетті.
Франциядағы Июль революциясының (1830) әсерімен Саксонияда, Брауншвейг, Ганновер, Гессен-Кассель және басқа герман мемлекеттерінде рев. толқулар болып өтті. Гессен-Дармтптадта шаруалар көтеріліс жасады. 30 жылдары шетелдерде тұңғыш неміс жұмысшы ұйымдары («Әділеттілер одағы» т. б.) құрылды, коммунистік қоғам құрудың (30-40 жылдары В. Вейтлинг насиқаттаған) утопиялық жоспары тарады. 1844 жылы Силезия тоқымашыларының көтерілісі шықты. 19 ғасырдың 40 жылдарында герман жерінде марксизм дүниеге келді. Оның негізін қалаушы К. Маркс пен Ф. Энгельс 1-халықаралық пролетарлық ұйым - Коммунистер одағына басшылық етті және одақтың программасын - «Коммунистік партияның манифесін» жазды. 1848 жылы наурызда буржуазия-демократиялық революция (1848-1849) басталды. Революцияның қозғаушы күші жұмысшылар, қолөнершілер, шаруалар болды. Революңия Германияны біріктіріп, феодалды-абсолюттік құрылысты жою мақсатын алга қойды. Халық бұқарасының алдыңғы қатарлы өкілдері - Коммунистер одағының мүшелері - бір тұтас демократиялық герман республикасын құруға ұмтылды. Ал буржуазия барлық көкейтесті мәселені тақта отырғандармен ауыз жаласып шешуді жөн көрді. 1848 жылы наурызда ең алдымен Баден, Гессен-Дармштадт, Вюртемберг, Бавария халқы көтерілді. 18 наурызда Берлинде болған көтеріліс Пруссияда өкімет басына Кампгаузен-Ганземан либералдық үкіметін келтірді. 1848 жылы сәуірде Баденде республикалық көтеріліс болды, бірақ ол басып-жаншылды. Демократиялық күштерді біріктіруде 1848 жылы мауымда Маркс пен Энгельс ұйымдастырған «Жаңа Рейн газеті» маңызды роль атқарды. Неміс буржуазиясы контрреволюция жағына шықты. 1848 жылы қарашада Пруссияда феодалдық ақсүйектер мен шонжарлар үкіметі құрылды. Негізінен алғанда, революция неміс буржуазиясының сатқындық саясаты салдарынан жеңілді (Германиядағы революция, 1848-1849 жылдары).
50 жылдардың басында реакция шабуылды күшейте түсті. Коммунистер қуғынға салынды. Сонымен қатар өнеркәсіп төңкерісі мықтап өріс алды; төңкеріс 80 жылдарға дейін созылды. Егіс көлемі ұлғайып, ауыл шаруашылығына машиналар қолданыла бастады. 1862 жылы О. Бисмарк үкімет басына келді. Австралия-Пруссия соғысында (1866) неміс армиясы жеңіп шыққаннан кейін, Бисмарк Германияны Пруссияның төңірегіне біріктірді. Прага бітімі (1866 жылы 3 шілде) бойынша Австрия герман істеріне араласпауға міндеттенді. Австриямен одақ құрған ұсақ мемлекеттер Пруссияға қосылды. 60 жылдары неміс жұмысшы қозғалысы бірсыпыра табысқа жетті. 1863 жылы Жалпыға бірдей герман жұмысшы одағы құрылды; одақты Ф. Лассаль басқарды. 1869 жылы Эйзенахтағы съезде А. Бебель мен В. Либкнехт Г. С. -д. жұмысшы партиясының (әйзенахтықтар) негізін қалады.
Француз-прусс соғысы (1870-1871) Пруссияның Германияны өз төңірегіне біріктіру жолындағы династиялық соғыстың соңғы сатысы болды. Соғыс барысында прустар француз армиясын талқандады. Қысым жасау, ақшалай мол субсидия беру жолымен Бисмарк Солтустік-Герман Одағынан тыс қалған (1870 жылдың аяғына) неміс мемлекеттерін де Пруссияға бағынуға мәжбүр етті. 1871 жылы 18 қаңтарда, Парижді қоршау кезінде, оның түбіндегі Версальда прусс королы Вильгельм I бастаған Герман империясының құрылғаны жарияланды. Франкфурт бітімі (1871) бойынша Эльзас, Шығыс Лотарингия Франциядан Пруссияға ауысты. 1871 жылы наурыз-мамыр айларында Бисмарк үкіметі Париж Коммунасына қарсы интервенция ұйымдастырды.
Германияда капитализм жедел дамыды. 70 жылдары өнеркәсіп пен сауданың ұлесі мықтап артты. 19 ғасырдың аяғында өнеркәсіптің жаңа салалары: химия, әлектротехника өнеркәсібі мықтап өркендеді. Өндіріс шоғырланды. Өнеркәсіп және банк монополиялары құрылды. Әсіресе 90 жылдары финанс капиталы мол жиналды. Оның есесіне, халық бұқарасының жағдайы нашарлай түсті. Бисмарк үкіметі юнкерлік-буржуазия милитаристік мемлекетті нығайтып, Европада Германия үстемдігін орнатуға бағытталды.
70 жылдары Германияның жұмысшы табы едәуір табысқа ие болды. 1875 жылы эйзенахтықтар партиясы Жалпыға бірдей герман жұмысшы одағына бірікті. Соның нәтижесінде Германия социалистік жұмысшы партиясы (1890 жылдан Германия Социал-демократиялық партиясы) құрылды. С.-д. партияның құрылуы жұмысшы қозғалысының қажеттеріне сай келді. Бірақ Готадағы бірігу съезінде қабылданған программада кейбір лассальдық қате идеялар қайталанды. Маркс өзінің «Гота программасына сын» деген еңбегінде бұл программаға терең талдау жасады. Маркс пен Энгельстің көмегімен, алдыңғы қатарлы жұмысшылардың қолдауымен Бебель және Либкнехт партияны милитаризм мен қанауға қарсы дәйекті күрес жолына бағыттай білді. 1877 жылы рейхстаг сайлауында С.-д. партия 1/2 млн. дерлік дауыс алды. 80 жылдардың аяғында жұмысшы қозғалысы (8 сағаттық жұмыс күнін талан еткен Рур көмір қазушылары 4 тамызда Ұлыбритания Германияға соғыс жариялады. Бірінші дуние жүзілік соғыс (1914-1918) соғысушы окі жақ тарапынан да империалистік сипатта болды. Герман империализмі Европада өз үстемдігін орнатуды, Орталық Африкада үлкен отарлық империя құруды, герман буржуазиясының дүние жүзілік рыноктарда үстемдік етуін көздеді. Соғыс Германия еңбекшілерінің жағдайын бұрынғыдан бетер нашарлата түсті, ал капиталистік монополиялардың табыстары қисапсыз өсті. Соғыс басталысымен с.-д. партияның басшылары социал-шовинистік бағыт ұстады (соғыс кредиттерін жақтап дауыс берді, «отанды қорғауға», «таптық ынтымаққа» шақырды). Солшыл социал-демократтар тобы - К. Либкнехт, Р. Люксембург, Ф. Меринг, К. Цеткин, В. Пик т. б. пролетарлық интернационализм принципіне адал болып қала берді.
Герман үкіметі соғысты тез бітіреміз деп дәмеленді. Бірақ герман әскерлерінің Франциядағы Марна өзенінің жағасында жеңілуі (1914 жылы қыркүйек) жағдайды өзгертіп жіберді. Германия одақтасы Австрия-Венгрияның Галицияда жеңіліске ұшырауы (1914 жылы қыркүйек) және оның екінші бір одақтасы Италияның. 1915 жылы мамырда Антанта жағына шығуы Германиның жағдайын одан сайын қиындата түсті. Неміс қолбасшылығының Верден операциясының барысында (1916 жылы ақпанда басталып, 10 айға созылған) француз-ағылшын армиясының негізгі күштерін талқандамақ болған әрекеті сәтсіздікке ұшырады. 1916 жылы маусымда орыс әскерлері австрия-герман майданын бұзып өтіп, дұшпанның онсыз да ауыр жағдайын асқындырып жіберді.
Майданда да, тылда да соғысқа қарсы пиғылдар күшейді. Соғыстағы сәтсіздіктер, Германияның экономикалық қорларының сарқылуы, жұмысшы қозғалысының өрістеуі герман үкіметін 1916 жылы күзде Россиямен сепараттық бітім жасаудың жолын іздеуге мәжбүр етті, бірақ оның бұл әрекетінен ештеңе өнбеді. Россиядағы 1917 жылы Февр. революциясы Германияда жұмысшы қозғалысының жаңадан өрлеуіне себепші болды. 1917 жылы сәуірде Берлинде болған ереуіл кезінде жұмысшы депутаттарының Советтері құрылды. Сонымен бірге «жоғарыдағылар» да дағдарысқа ұшырады; «келісім бойынша бітім жасауды» жақтаған топ күшейді. 1917 жылы шілдеде «либерал» болдың деп айып тағылған канцлер Т. Бетман-Гольбег орнынан түсті. Елдегі өкімет билігі іс жүзінде П. Гинденбург пен Э. Людендорф бастаған армияның жоғарғы қолбасшылығының қолына көшті.
Россиядағы Ұлы Окт. революциясының ықпалымен Германияда жұмысшы қозғалысы кең өріс алды. Кайзерлік Германия экономикалық және саяси дағдарыстың қыспағына түсті. Совет үкіметінің соғысушы мемлекеттердің бәрін аннексиясыз және контрибуциясыз бітім жасасуға шақырған үндеуі Германияда да соғысқа қарсы пиғылдарды күшейтті.
Брест-Литовскідегі (Брест бітімі, 1918) келіс сөздер кезінде герман үкіметінің Совет Россияға кіріптарлық шарттар қоюына неміс пролетариаты 1918 жылы қаңтарда жаппай ереуіл жасаумен жауап берді. Бұқараның революция рухын көтеруде «Спартак Одағы» үлкен роль атқарды. Герман қолбасшылығының 1918 жылы көктемде Батыста жасаған ірі шабуылы да сәтсіздікке ұшырады. Елде революция жағдай туды. 9 қарашада Берлинде болған көтеріліс жеңіске жетті; іріп-шіріген монархиялық тәртіп құлатылды. Ноябрь революциясының (1918) қозғаушы күші жұмысшылар мен солдаттар болды, бірақ революцияның жемісін буржуазия пайдаланып кетті, елдегі өкімет билігі оңшыл социал-демократтар мен «тәуелсіздерден» құралған «Халық өкілдерінің Советіне» берілді. 1918 жылы 11 қарашада Компьенде Германия Антантамен уақытша бітімге қол қойды.
1919 жылы ақпанда Веймарда ашылған Құрылтай жиналысында Г. С.-д. партиясы (ГСДП) алған дауысының саны жөнінен 1-орынға шықты, алайда мандаттардың кепшілігі буржуазия юнкерлік партиялардың үлесіне тиді. 31 шілдеде Құрылтай жиналысы конституция қабылдап, Германия буржуазия парламенттік республикаға айналды; оның құрамында 15 аймақ (республика) және 3 «еркін қала» болды. Республиканың тұңғыш президенті болып Ф. Адберт сайланды, ал екінші бір с.-д. Ф. Шейдеман буржуазиялық үкіметті басқарды. Буржуазия мен юнкерлер қауымы өздерінің үстемдігіне төніп тұрған қауіп жоқ деп есептеді. Бірақ 1919 жылы ақпанда Рур облысы мен Орта Германияда, ал наурызда Берлинде бұқаралық ереуілдер болды. 1919 жылғы тап шайқасының нәтижесінде Бавар совет республикасы құрылды. Бұл толқулар басыпжаншылғанымен, еңбекшілер Ноябрь революциясының жеңістерін қорғап қалды.
1919 жылы 28 маусымда Версальда соғыста жеңіп шыққан мемлекеттер Германияға күштеп таңған бітім шарттарына ( Версалъ бітім шарты, 1919) қол қойылды. Бітім шарттарына сәйкес Германия өзінің барлық отарынан айрылды, басқа елдерден тартып алған кейбір жерлерін (соның ішінде Эльзас-Лотарингияны) олардың өздеріне қайтарып берді; Германия орасан көп репарациялық салық төлейтін болды, оның шауыл жасауға керекті қару-жарақ, әскери авиация, сүңгуір қайық флотын ұстауына тыйым салынды, армиясының саны 100 мың адамнан аспайтын болды.
Антанта мемлекеттері Версаль бітім шарты қойған шектерге қарамастан, Германияның соғыс қуатын жою үшін пәрменді шаралар қолданбады.
1922 жылы 16 сәуірде Рапалль шартына қол қойылып, Германия мен Совет Россияның арасында дипломатиялық қатынас орнатылды. 20 жылдардың бас кезінде елдің бірқатар аудандарында жұмысшы-шаруа үкіметтерін құруға тырысқан әрекеттер болды, бірақ оңшыл социал-демократтардың кінәсынан жұмысшы қозғалысында бірлік болмай, көздеген мақсаты орындалмады. Гамбург жұмысшыларының, Э. Тельман бастаған көтерілісі де (1923 жылықазан) жеңіліске ұшырады. Бұл реакцияны желіктіре түсті. 1923 жылы 8-9 қарашада неміс фашистерінің басшысы А. Гитлер, генерал Э. Людендорф және олардың жақтастары Мюнхенде мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекеттенді. Бүлік басып-жаншылғанымен, оның өзі Веймар республикасының басына төнген қауіпті айқын көрсетті.
Герман буржуазиясының позициясы нығайды. Германияға шетел капиталы, ең алдымен американ капиталы бойлап ене бастады, мұның өзі Германияның әскери-өнеркәсіп қуатын қалпына келтіруді тездетті. Өндірістің шоғырлануы күшейді. Үкімет саясатына монополистердің ықпалы артты. Веймар республикасы реакцияға қарай ойыса түсті. 1925 жылы Эберт қайтыс болғаннан кейін, кайзерлік фельдмаршал монархист П. Гинденбург президент болып сайланды. Сыртқы саясат саласында герман империалистері Ұлыбританиямен және Франциямен жақындасуға ұмтылып, СССР-ге қарсы бағытталған Локкарно шартына қол қойды. 1926 жылы Германия Ұлттар лигасына кірді.
1929-1933 жылғы дүние жүзілік экономикалық дағдарыс Германияның өндірісін құлдыратып жіберді, пролетариаттың 45%-і жұмыссыз қалды, ұсақ саудагерлердің, қолөнершілердің, интеллигенцияның, ұсақ және орта шаруа шаруашылықтарының жағдайы күрт нашарлады. Еңбекшілердің наразылығы күшейді. Мұны фашистік Ұлтшыл-социалистік партия (1919 жылы құрылған) пайдаланып қалуға тырысты. Монополистер (Тиссен, Кирдорф т. б.) асырап-жемдеген фашистер 1929 жылдың аяғынан бастап арандатушылық науқан ашып, нәсілшілдік және антисемиттік насихатты өрістетті, демократиялық ұйымдар мен қайраткерлерге қарсы қан құйлы қаскүнемдіктер ұйымдастырды.
1930 жылы қыркүйекте болған рейхстаг сайлауы фашистік қауіптің күшейгенін айқын көрсетті. Нацистер 6 400 мыңнан астам дауыс алып (1928 жылғы сайлаудағыдан 8 есе көп), рейхстагта социал-демократтардан кейін екінші орынға шықты. Германия Коммунистік партиясы (ГКЦ) (1919 жылы құрылған) зор жеңіске жетіп, 4590 мыңнан астам дауыс алды. Бірақ жұмысшы табын жікке бөліп келген оңшыл социал-демократтардың кесірінен революцияшыл пролетариаттың күштері топтастырылмады. Фашистік қауіпке батыл қарсы шыққан бірден-бір партия ГКП болды.
1932 жылғы наурыз-сәуірдегі президент сайлауында гитлершілдер 13 млн-нан астам дауыс алды, бірақ оңшыл социал-демократтар қолдаған Гинденбург қайтадан президент болып сайланды. 1932 жылы маусымда Гинденбург Ф. фон Папенге реакциялық үкімет құрғызды; ол фашистермен ашықтан-ашық сөз байласу жолына түсті. Жұмысшы табының фашизмге қарсы күресі күшейді. 1932 жылы тамыз-қарашада ГКП-нің басшылығымен жүмысшылардың 1100-ге тарта ереуілі болды. 1932 жылы қарашада болған рейхстаг сайлауы кезінде фашистер осының алдында өткізілген президент сайлауымен салыстырғанда (13,7 млн. дауыс) 2 млн-нан астам дауысты кем алды, ал ГКП 6 млн-ға тарта дауыс алып, зор жеңіске жетті. Гитлершілдер ықпалының кемуі, революцияшыл күштерден зәресі ұшып қорқу монополистік буржуазияны өкімет билігін фашистерге беруге асықтырды. 1933 жылы 30 қаңтарда Гинденбург Гитлерді рейхсканцлер етіп тағайындады. Германияда фашистік диктатура - монополистік капиталдың ең реакцияшыл, шовинистік элементтерінің диктатурасы орнады.
Нацистер өкімет басына келісімен «коммунизмге қарсы күресеміз» дегенді бетке ұстап, демократияшыл күштерді, ең алдымен коммунистерді қуғындай бастады. 1933 жылы 27 ақпанда фашистер рейхстагты өртеп, бұған коммунистер кінәлы деп жариялады. Жаппай қуғындау басталды. ГКП, кәсіподақтар таратылды, елде нацистерден басқа бірде-бір партия қалмады.
Фашистік диктатура аса ірі капиталистік монополиялардың күш-қуатын өлшеусіз арттырды. Мемлекеттік монополистік капитализмнің дамуы шөнінен Германия капиталистік дүниеде 1-орынға шықты. Бүкіл халық шаруашылық соғысқа бейімделіп қайта құрылды. 1937 жылға қарай Германияда 300 әскери авиация, танк, кеме жасайтын т. б. соғыс кәсіпорындары жұмыс істеді. Қаржыландыру, жұмыс күшімен, шикізатпен, электр энергиясымен жабдықтау жөнінде оларға жеңілдіктер берілді. 1937 жылы Германия 184,5 млн.т көмір шығарды, 19,4 млн.т болат қорытты. Алюминий өндіру жонінде дүние жүзінде 1-орынға шықты (127,6 мың т). Металл өңдеу, машина жасау, химиялық электротехника және оптикомеханика өнеркәсібі мықтап дамып, соғысқа бейімделді. Рур ауданы герман милитаризмінің басты соғыс өнеркәсіп базасына айналды.
Аса үлкен соғыс өнеркәсіп концерндері елдің экономикасы мен саясатында шешуші роль атқарды. «И. Г. Фарбениндустри» концерні негізгі химикаттар өндірісінің едәуір бөлігіне, соның ішінде стратегиялык маңызы зор синтетикалық каучук өндірісінің 100%-іне, оқ-дәрі өндірісіне негізделген азот қоспаларының 72%-іне бақылау жасады. Рурдың көмір-металлургия концерндерінің - Тиссен басқарған «Ферайнигте штальверке» («Болат тресі») концернінің, Крупп, Маннесман, Хёш, Клёкнер, Ханиель және Флик концерндерінің үлесіне шойын қорытудың 80%-і, болат балқытудың 95%-і тиді. Батыс мемлекеттерінің, ең алдымен АҚШ пен Ұлыбританияның финанс жөнінен кеңінен қолдауы, сондай-ақ, шетелдік жеке меншік, капиталдың, көбінесе американ капиталының бойлап енуі Германияның экономикалық және соғыс қуатының мықтап артуына себепші болды.
Соғыс бола қалған жағдайда азық-түлікпен және ауыл шаруашылық шикізатымен өзін-өзі қамтамасыз ету, фашизмнің деревнядағы әлеуметтік базасын нығайту мақсатымен кулак шаруашылықтарының көпшілігі (85%-і), орта (шаруа шаруашылықтарының бір бөлігі (35%-і) және көптеген юнкерлік шаруашылықтар бөлінуге жатпайтын «мұрагерлік мекен жайлар» деп жарияланды.
Фашистік диктатураның механизмінде террорлық ұйымдар: гитлершіл партияның қорғаушы отрядтары - СС пен мемлекеттік құпия полиция - гестапо маңызды роль атқарды. Германияның қарулы күштері жылдан-жылға көбейіп, 1938 жылы 51 дивизияға жетті (1932 жылы 10 дивизия болатын). 1933 жылы қазанда Германия Ұлттар лигасынан шықты. Батыс мемлекеттерінің дем беріп, қолдайтынын сезген фашнстік Германия ашық агрессияға көшті. 1936-1939 жылдар Германия Италиямен бірге Испанияға қарулы интервенция жасады, Италиямен және Жапониямен агрессияшыл одақ жасасты. 1938 жылы наурызда фашистік Германия Австрияны, ал 1939 жылы наурызда бүкіл Чехословакияны басып алды.
1939 жылы тамызда Германия шабуыл жасаспау туралы шарт жасасу жөнінде СССР-ге ұсыныс жасады. Совет Одағы империалистік державалардың Совет еліне қарсы бағытталған бір тұтас майданының құрылуына жол бермеуге ұмтылып, ұсынысты қабылдауға мәжбүр болды; ал Совет Одағының агрессияға қарсы коллективтік қауіпсіздік жүйесін құруды көздеген ұсыныстарының бәрін дәл осының алдында ғана Англия мен Франция үкіметтері қабылдамай тастаған болатын.
Германияның агрессиялық жоспарларында СССР жерін басып алуға көп орын берілді. Фашистік Германия басқа да көптеген елдерді басып алып, бүкіл дүние жүзіне үстемдік орнатуды көздеді.
1939 жылы 1 қыркүйекте Германия Польшаға шабуыл жасап, 2-дүние жүзілік соғысты бастады. 3 қыркүйекте Англия мен Франция Германияға соғыс жариялады, бірақ олар Германияға қарсы белсенді соғыс қимылдарын жүргізбеді. 1940 жылы сәуір-мамырда неміс-фашист әскерлері Дания мен Норвегияны оккупациялап алып, мамырда Бельгияға, Нидерландыға, Люксембург пен Францияға басып кірді.
1940 жылы 22 маусымда Германия Францияны уақытша бітім жасасуға күштеп көндірді, елдің көп жерін фашистер оккупациялап алды. Фашистік Германия өзі басып алған елдердің барлық қорларын герман монополистік капиталына қызмет еткізді, мұның өзі Германияның әскери-экономикалық қуатын әлдеқайда күшейте түсті. Франция талқандалысымен, фашистік Германия СССР-ге шабуыл жасауға әзірлене бастады. 1941 жылы 22 маусымда Германия шабуыл жасаспау туралы совет-герман пактісін опасыздықпен бұзып, СССР жеріне басып кірді. Герман әскерлерінің уақытша жеңістеріне қарамастан, совет-герман майданындағы соғыс қимылдарының барысы неміс- фашист стратегтерінің үмітін ақтамады. Совет әскерлері ауыр қорғаныс ұрыстарында герман армиясының ілгері басуын тоқтатты. Неміс-фашист әскерлерін Москва түбінде талқандау «қауырт соғыстың» гитлерлік жоспарын мүлде іске асыртпай тастады.
1941 жылдың аяғынан былай АҚШ-та Германиямен соғыс жағдайында болды.
Өздері басып алған жерлерге неміс фашистері катаң террор орнатты, Майданек, Освенцим тұтқын лагерьлерінде гитлершілдер СССР-дің, Польшаның, Югославияның және басқа мемлекеттердің миллиондаған азаматтарын қырғынға ұшыратты.
Сталинград түбінде неміс-фашист әскерлерін қоршап алып, жою (1942 жылғы 19 қараша - 1943 жылғы 2 ақпан).
Ұлы Отан соғысының, сондай-ақ 2-дүние жүзілік соғыстың барысындағы түбірлі бет бұрыс болды, ал 1943 жылы жазда Курск иінінде неміс армиясын күйрете талқандау фашистердің батар күнін жақындата түсті. Неміс басқыншылығына ұшыраған елдердің бәрінде де Қарсыласу қозғалысы кеңінен өріс алды. Германияның өз ішінде коммунистердің басшылығымен фашистік тепкіге қарсы күрес күшейді.
1943 жылы СССР-дегі неміс саяси эмигранттары мен әскери тұтқындары құрған «Еркін Германия» Ұлттық комитеті антифашистік қозғалысты өрістетуде зор роль атқарды. Соғыстың барысында СССР-дің фашистік Германияны өз күшімен-ақ талқандай алатыны барған сайын айқын көрінді. Тек осыдан кейін ғана Батыс мемлекеттері өз қимылдарын күшейтіп, 1944 жылы 6 маусымда Солтүстік Францияға десант түсіріп, екінші майдан ашты. Фашистік Германияның күйреу сәті жақындай түсті.
1945 жылы 2 мамырда күні совет әскерлері Берлинді алды. Соғыстың негізгі ауыртпалығын бір өзі көтерген Совет Армиясының соққысына шыдай алмай, фашистік Германия тізе бүкті. І945 жылы 8 мамырда Берлинде фашистік Германияның сөзсіз тізе бүккені туралы актіге қол қойылды.
Совет халқы неміс халқының фашизмнен құтылуына жан-жақты көмек көрсетті.
Гитлерлік «үшінші рейхпен» бірге елдің экономикасы да күйреді. Соғыс кезінде Германияның соғыс шығындары 800 млрд. маркаға жуықтады (1-дүнеи жүзілік соғыс жылдарында 8 млрд. болған еді). Германияның өлген, жараланған және тұтқынға түскен адам саны 13,6 млн. болды (соның ішінде совет-герман майданындағы адам шығыны 10 млн.).
Фашистік Германия сөзсіз тізе бүккеннен кейін, одақтас төрт мемлекет - СССР, АҚШ, Ұлыбритания, Франция үкіметтерінің Германиядағы жоғарғы өкімет билігін өз қолдарына алатыны туралы декларацияға қол қойылды (1945 жылғы 5 маусым). Бұл мемлекеттердің оккупациялаушы әскерлері қолбасшыларынан Бақылау советі құрылып, жоғарғы өкімет билігі соның қолына көшті. Германия 4 оккупациялау аймағына, ал Берлин 4 секторға бөлінді (қаланы төрт жақты одақтастар комендатурасы басқарды). Потсдам конференциясында (1945) СССР, АҚШ, Ұлыбритания Германияны демилитарландыруға және демократияландыруға міндеттенді. Кенигсберг қаласы мен оған жапсарлас аймақты Совет Одағына беру туралы, поляк-герман шекарасын Одер-Нейс арқылы өткізу туралы шешім қабылданды.
Германияның шығысында Потсдам конференциясының шешімдері дәйектілікпен жүзеге асырылды, аграрлы реформа жүргізілді, соғыс қылмыстылары мен белсенді нацистердің мал-мүлкі конфискеленді, герман фашизмі мен империализмінің тамырына балта шабылды. Германияның шығысында революция өзгерістерді жүргізген кезде коммунистер мен социал-демократтардың бірлесіп қимыл жасауы жұмысшы партияларын марксизм-ленинизм негізінде бір тұтас партияға біріктіру үшін қолайлы жағдай жасады. 1946 жылы 21-22 сәуірде Германияның Социалистік бір тұтас партиясының (ГСБП) құрылтай съезі болды.
Ал Германияның батыс аймақтарында АҚШ, Ұлыбритания, Франция елді бөлу саясатын жүргізіп, агрессияшыл герман империализмін қайта тудыруға көмектесті, картельдер мен трестер іс жүзінде жойылмады, помещиктік жер иелену сақталып қалды, бұрынғы нацистер жергілікті өзін-өзі басқару органдарындағы қызметтерінде қала берді.
Батыс державаларының нұсқауы бойынша, сепараттық батыс-герман мемлекетінің «Негізгі заңы» (конституциясы) жасалды. 1949 жылы тамызда батыс-герман парламенті - бундестаг сайлауы өткізілді. 1949 жылы 20 қыркүйекте Германия Федерациялық Республикасының (ГФР) үкіметі құрылды; бұл үкіметтің құрамында К. Аденауэр бастаған клерикальдық Христиандық-демократиялық одақтың өкілдері басты роль атқарды.
Елді жікке бөлу Германияның демократияшыл күштерінен топтасып, батыл қимыл жасауды талап етті. Осы мақсатпен Шығыс Германияда Демократиялық Германияның Ұлттық майданы құрылды. 1949 жылы 7 қазанда неміс жұмысшы табының тұңғыш социалистік мемлекеті - Герман Демократиялық Республикасы (ГДР) құрылды. ГДР-дің президенті болып В. Пик сайланды, премьер-министрі О. Гротеволь, премьер-министрдің орынбасары болып В. Ульбрихт сайланды.
Ғылым және ғылыми мекемелер. Жаратылыс тану және техникалық ғылымдар. Германияда ғылыми білімдерді жинақтап, оларды қорыту ерте орта ғасырдан басталды. 16 ғасырда тау-кен кәсіпшілігінің, әсіресе металлургия, тұз өндіру, мата жасау т. б. өркендеуімен байланысты ғылымның дамуы да жеделдей түсті. Сол кезде еңбек еткен ірі ғалымның бірі - Ұлы Альберт (Великий) (13 ғ.) алхимия, зоология және ботаникадан көптеген еңбектер жазған. 14 ғасырдың аяғы мен 15 ғасырда Германияда университеттер ашыла бастады. Кітап басып шығару (И. Гуттенберг, 1445) ғылымның дамуына зор мүмкіндік туғызды. 15 ғасырдың ортасында Николай Кузанский Жер Күнді айналып қозғалады деген идея ұсынып, Орталық Европаның картасын жасады. М. Бехайм тұңғыш глобусты (1492) ойлап тапты. И. Мюллер (Региомонтан) астрономиялық таблица ойлап шығарды. Неміс математиктері, оның ішінде ең ірісі М. Штифель (16 ғ.) алгебраға үлкен үлес қосты. Ядрохимияның негізін қалаушы Т. Парацельс анатомия мен медицинаның дамуына зор ықпал жасады. Қазба байлық пен тау-кенін өндіру ісі жөніндегі ілімнің дамуында Европалық минералогияның негізін салушы Агриколдың еңбектері үлкен роль атқарды.
17-18 ғасырларда 30 жылға созылған соғыстың (1618-1648) салдарынан Германия ғылымның дамуы жағынан Англия мен Франциядан кейін қалып қойды. Бұл кезде тек кейбір неміс ғалымдарының ғана еңбектері жарық көрді. Астроном әрі математик И. Кеплер планеталардың қозғалу заңдылығын ашып, теңіз суының көтерілуі мен тартылу себебін түсіндіріп берді, телескоптың тұңғыш теориясын ашты. Немістің аса ірі ғалымы Г. В. Лейбниц те осы кезде өмір сүрді. Ол 1672-1676 жылдар Парижде болып, X. Гюйгенс т. б. ғалымдармен танысып, сол кездегі математиканың озат жетістіктерін игерді, сөйтіп, И. Ньютонмен байланыссыз дифференциалдық және интегралдық есептеу теориясын жасады. 17 ғасырда физика саласында О. Герике өзі тапқан ауа насосының көмегімен вакуум жасауға болатынын және атмосфералық қысымның барлығын дәлелдеп берді. Герике манометр, су барометрін, электр статикалық машина жасап шығарды. 18 ғасырда техникалық химия мен аналитмкалық химия тез дамыды. Бұл салада уран мен цирконийді, титан мен церийді ашқан, А.Л. Лавуазьенің шәкірті М. Клапроттың еңбегі зор. 18 ғасырдың аяғында И. Рихтер химиядағы негізгі сан заңдарының бірін - эквиваленттер заңын ашты.
Биология саласында Р. Камерариустің (1694) өсімдіктерде жыныс барлығын ашуы және Й. Кёльрёйтердің оларды будандастырудағы тәжірибе жасауының маңызы айрықша болды. 1793 жылы К. Шпренгель өсімдіктердің тозаңдану процесін және ондағы насекомдардың ролін анықтады. 18 ғасырда И. Канттың космогоникалық гипотезасы (1755) метафизикалық көзқарастың дәйексіз жақтарын ашып берді. 18 ғасырдың ортасында геология тез дамиды. 1765 жылы Фрейбергте (Саксонияда) дүние жүзінде тұңғыш рет Тау-кен академиясы ашылды. Неміс геологтарының минералдық заттардың, соның ішінде рудалардың пайда болуы жайындағы зерттеулері (И.Генкель, К.Циммерман т. б.) айырықша табысты болды.
19 ғасырдың 1-жартысында елдің экономикасының жедел алға басуына байланысты, неміс ғылымы тез дамыды. Бірқатар неміс ғалымдарының жаратылыс тану мәселелеріне терең философия тұрғыдан қарауы ғылыми қорытынды жасауға және негізгі табиғат заңдарын ашуға көмектесті. 19 ғасырдың ортасында неміс математикасы француздардың озат математикасымен бәсекелесе бастады. Германияда математиканың кең өріс алуына сол заманның ірі математигі К. Гаусстың ықпалы зор болды. Гаусс физика саласында жер магнитизмі, механика («Гаусс принципі»), геометриялық оптика, геодезия жөне астрономия саласынан да аса маңызды еңбектер жазды. К. Гаусс, К. Якоби, П. Дирихль сияқты көрнекті математиктердің арқасында Геттинген т. б. университеттер ірі математикалық орталыққа айналды. 19 ғасырдың 1-жартысында химиялық өнеркәсібінің тууына байланысты неоорганикалық химия тез өркендей бастады. К.Гмелин 1828 жылы ультрамаринді қолдан жасайды, К. Шенбейн (1839) озонды ашты, электрохимиялық процестерді зерттеді. Органикалық химияның дамуы Ю. Либихтың есімімен байланысты. Либих бүкіл органикалық қосылыстарды белок, май, углеводқа бөлді; тұңғыш рет хлороформ (1831), сірке альдегидін (1835) т. б. қосылыстар алды; агрохимияның негізін қалады. Осы кезеңде Германияда техника мен физика, астрономия едәуір дамыды. Бу машиналары жетілдіріліп, гидравликалық, реактивті турбиналар жасалды. 1801 жылы И. Риттер ультракүлгін сәуленің барлығын дәлелдеп берді. Й. Фраунгофер техникалық оптика саласында реформа жасап, 1814 жылы күн спекторының сызығын жасап шығарды. 1826 жылы Ом өз есімімен аталып кеткен заңды ашты. 19 ғасырдың ортасында дәрігер Р. Майер мен физиолог Г. Гельмгольцтің жаратылыс танудың негізгі заңын - энергияның сақталу заңын ашуы неміс ғалымдарының аса ірі жетістігі болды. 19 ғасырдың ортасында Германиядағы биологиялық тарихында физиолог И. Мюллер мен оның мектебі аса маңызды роль атқарды. Т. Шванның барлық тірі организм денесінің клеткалардан құрылуы жайындағы теорияны (1838) ашуын Ф. Энгельс жаратылыс танудағы үш ұлы жаңалықтың бірі деп атады. Химия мен физиканың дамуы минералдарды зерттеуге мүмкіндік туғызды. Кристаллографияның негізі салынды. К. Гофф динамикалық және эволюциялық геологиялық жөнінде еңбек жазып, ғылымға ірі үлес қосты. 19 ғасырдың 2-жартысында Германияда жаратылыс тану ғылымы жедел өркендей бастады, ал матемика, органикалық және техникалық химия, биология, физиканың бірқатар саласында неміс ғылымы алдыңғы қатарға көтерілді. Неміс математикасы дүние жүзі ғылымында жетекші роль атқарды. Әсіресе ірі математик Б. Риман еңбектері мен идеяларының ықпалы (Риман интегралы) күшті болды. Риманның геометриядағы негізгі идеяларын А.Эйнштейн жалпы салыстырмалық теориясына пайдаланды. 19 ғасырдың 2-жартысында неміс физиктері - Гельмгольц, Р. Клаузиус, В. Нернст термодинамиканың дамуына үлкен үлес қосты. 1895 жылы В. Рентген өз есімімен аталып кеткен сәулені ашты. 1886-1889 жылдар Германия Герд ашқан әлектромагниттік толқын сол кездегі неміс эксперименттік физикасының ірі жетістігі болды. Сондай-ақ неміс ғалымдары электротехникалық мен жылу энергетикасы саласында да едәуір жетістіктерге ие болды: Вернер Сименс т. б. тұрақты және өзгермелі ток генераторының конструкциясын жасап шығарды. Іштен жанатын газ двигателін 1867 жылы Н. Отто мен Э. Ланген ашты. 1886 жылы К. Бенц іштен жанатын двигательді автомобиль жасап сынады. 1905 жылы газ турбинасын (X. Хольцварт) және 1907 жылы (И. Штумпф) тура ағынды бу машинасын жасап шығарып, қазіргі жылу энергетикалық машина жасаудың негізі қаланды. Э.Аббе қазіргі заманғы микроскоп теориясының негізін қалады. К. Цейс дүние жүзіне әйгілі оптикалық аспаптар шығаратын өндіріс ашты. Осы кезде Германияда әсіресе органикалық химия жақсы дамыды. Р. Бунзен мен Кирхгоф спектрлі анализ арқылы жаңа элементтер - цезий (1860) мен рубидийді (1861), Ф.Рейх пен Т.Рихтер - индийді (1869), К. Винклер германийді ашты. 19 ғасырдың соңғы ширегінде Германияда физика, химия, әлектрохимиялық дами бастады. Әсіресе бояғыш және дәрі-дәрмек жасайтын заттарды синтездеу саласында зор табысқа қол жетті. 1875 жылы Винклер күкірт ангидритін алу әдісін тапты. Мұның өзі күкірт қышқылын өндірудің негізгі тәсілі болып табылды. Шынының химиясын зерттеу арқылы О. Шотт дүние жүзіне әйгілі болған Йена (1884) фирмасын ашты. 19 ғасырдың ортасында биология жедел алға басты. К. Людвиг қан айналымы мен нерв жүйесін т. б. органдарды эксперименталды зерттеудің тамаша үлгісін көрсетті. Салыстырмалы анатомия саласында әволюциялық бағытты дамытушы К.Гегенбаур болды. 19 ғасырдың соңғы ширегінде бактериология дами бастады. Р. Кох пен оның қызметкерлері - Ф. Лёфлер, Г. Гафки т.б. түйнеме (1876), туберкулёз (1882), дифтерия, оба т. б. аурулардың қоздырғыштарын тапты. 19 ғасырдың 70-80 жылдарында Э. Страсбургер, В. Флемминг т. б. клеткалардың күрделі бөлінуі және ондағы ядро мен хромосомның ролі жайында ілім ашты. Мұның өзі жыныс клеткаларының жетілуі мен рухтану процестерінің кейбір жақтарын анықтай түсуге (О. Гертвиг, 1875-1890) және нәсілдіктің ядролық теориясының (А. Вейоман) қалыптасуына мүмкіндік туғызды.
20 ғасырдың 30 жылдарында неміс ғылымы физика, химия, биология салаларынан үздік өрге басты. Неміс ғалымдары (ағылшын ғалымдарымен қатар) осы заманғы ғылыми революцияның алғашқы кезеңінде реактивтік және кванттық физиканың негізін салуға үлкен үлес қосты. Өнеркәсіппен байланыста жұмыс істейтін арнаулы ғылыми мекемелер көбейді. Химия және техникалық ғылымдардың кейбір салаларында соғыстық маңызы бар зерттеулер жүргізілді. Германияда авиация мен ракета жасау өндірістері аэрогазодинамика салаларымен шұғылданған неміс ғалымдарының (Л.Прандтль, Л. Титьенс, X. Буземан т. б.) еңбектеріне байланысты дамыды. Осы жылдарда техниканың жаңа салалары - әлектроника, радиотехника, телевизия дами бастады. Неміс ғалымдары әлектрондық микроскоп жасап шығарды.
1-дүние жүзілік соғыс кезінде өндірістің шоғырлануы ғылыми зерттеулердің одан әрі дамуын тездете түсті. Синтетикалық заттар алу жұмыстары өріс алып, синтетикалық бензин жасау жөнінде Германия 1937 жылы дүние жүзілік 1-орынға шықты. 20 ғасырдың басында пайда болған генетика. Германияда шапшаң дами бастады. Биология, органикалық химия, физиология салаларындағы ғылыми жетістіктер медицинаның жедел дамуына жағдай туғызды. Ең жаңа приборлармен жабдықталған лабораториялар ашылды. Әсіресе рентгенология медицинада ерекше орын алып, ауру түрін және оның қоздырғыштарын анықтаудың жаңа әдістері қалыптасты. Сол кездегі ғылым дамуындағы тағы бір үлкен жетістік - геофизиканың кеңінен өрістеп, сейсмология мен геохимияның пайда болуы. Экономиканың қарқынды дамуы минералды заттарды зерттеуді жеделдетуді қажет етті. Сонымен қабат, неміс ғалымдары география ғылымы саласында, жер қыртысын, мұхит зерттеуде де зор табыстарға жетті. Германиядағы фашистік диктатура теориялық жаратылыс тану ғылымдарының құлдырауына әкеліп соқтырды. Көптеген көрнекті ғалымдар өз елінен көшіп кетуге мәжбүр болды. Осы уақыт ішіндегі неміс ғылымының табысы ретінде О. Ган мен Ф. Штрасманның (1938) уран ядросының бөлінуін ашқанын, Гейзенбергтің (1943) өрісті квант теориясын дамытуын айтуға болады. Бұл тұста соғыс мақсатына сәйкес жұмыстарға ерекше назар аударылды. Мыс., X. Шрадердің (1937) пестицидті фосфороорганикалық қосылыстар құрамын зерттеу жұмыстары химиялық улы заттар алу тәсілін іздестіруге ұласты. Жоғары сапалы болат қорытпалар мен буна-каучук алу кеңінен өрістетілді. Өндірісті автоматтандыру, машина жасау, авиация салаларында көлемді зерттеулер жүргізілді. 1939 жылы неміс авиациясында алғашқы реактивті двигательдер пайда болды, 40 жылдары «Фау-1», «Фау-2» ракеталары жасалды. Биологияда «нордалық» нәсілдің артықшылығын дәлелдеуге бағытталған «нәсілдік гигиена» пайда болды. К. Хаусхофердің т. б. геополитикалық идеясы дамыды.
Қоғамдық ғылымдар. Философия. Неміс философиясы тек неміс халқы мәдениетінің өркендеуіне ғана емес, сонымен қатар, ол дүние жүзілік философия ойдың дамуына да зор әсер етті. Рухани өмірге терең талдау жасау, тиянақты, тұйық философия жүйе құруға бейімділік - неміс философтарының көбіне тән ерекшелік. Германиядағы философияның алғашқы түрі орта ғасырлық схоластика болды (Храбан Мавр, Ноткер Немецкий, Гуго Сен- Викторский). Соңғы схоластиканың көрнекті өкілі алғашқы христиан аристотельшілерінің бірі Ұлы Альберт болды. Фома Аквинский соның жолын ұстады. Шіркеулік ілім-схоластикадан өзгеше дәстүрлі неміс философиясы мистикадан басталды. Оның алғашқы өкілдері сопы (монах) әйелдер - Хильдегарда Бингенская (12 ғ.) мен Мехтильда Магдебургская (13 г.) болды. И. Экхарт бұл ілімді одан әрі дамыта түсті. Ал оның ізбасарлары Г. Сузо мен И. Таулер (14 ғ.) творчествосында мистика өзінің бұрыңғы сипатынан айырыла бастады. Жаратылыс зерттеуші, математик және астроном Николай Кузанский орта ғасыр философиясынан жаңа заман философиясына өту кезеңінде ірі тұлға болды. Ол екі ағымды келістіруге тырысты. Неміс Реформациясы антикалық мәжусилікке қарсы шығып, ерте христиан дінінің идеалын жақтады. Осы кезде неміс протестантизмінің негізін салушы М. Лютердің ықпалы зор болды. Лютераншылдық идеяларын Ф. Меланхтон жүйеге келтірді.
Т. Мюнцердің революция ілімінде реформацияның халықтық мәні баса көрсетілді. 16-17 ғасырлар С. Франк, В. Вейгель, әсіресе Я. Бёме мистиканы пантенистік бағытта дамытады. Белгілі дәрігер альхимик Парацельс, математик И. Кеплер еңбектерінде мистикалық және натурфилософия мүдделер ұштасып отырады. 17 ғасырдың жартысындағы неміс ағартушыларының басты өкілі Г. В. Лейбниц философиядағы эмпиризм мен рационализм бағыттарын үйлестіруге тырысады. Лейбництің идеяларын жүйеге келтіріп, оны таратқан X. Вольф еңбектері көптеген жылдар бойы университеттерде философия негізі есебінде оқылып келді. Оның шәкірті А. Баумгартен эстетиканы философияның жеке пәні ретінде тұңғыш жасаушы болды. 18 ғасырдағы неміс Ағартушылығының аса ірі өкілі Г. Э. Лессинг шіркеу ортодоксияларымен таласта ой еріктілігін гуманизм идеяларын пантеистік спенозизм тұрғысынан қорғады. И. Г. Гердер тарихшылық идеяларын, әсіресе тіл, көркемөнер, мәдениет дамуын белгілі бір тарихи және ұлттық негізге байланысты түсінуді ұсынды. Германия философиясының дамуындағы бетбұрыс неміс классикалық философиясының негізін қалаушы И. Кант философиясынан басталады. 19 ғасырдың бас кезінде Кант философиясы Лейбниц - вольфтік рационализмді ығыстырып, Германияда үстемдік етуші мемлекеттік философияға айналды. Кант идеяларын И. Г. Фихте мен Ф. В. Шеллинг одан әрі дамытты. Фихте «Практикалық ақылға сынды» негізге алып, этиканы өзінің философиялық шүйесіне арқау етсе, Шеллинг Канттың дуализмінен шығу жолын эстетика төңірегінен іздестірді. Фихте, әсіресе Шиллер, Шеллинг мәдениетке тарихи тұрғыдан қараудың негізін қалады. Шеллинг өзінің натурфилософиясында Фихтенің «субъективті-идеалистік диалектикасын объективті-идеалистік диалектикаға өзгертіп қалыптастырады. Гегель абсолютті - субъективті субстанция жөніндегі ілімі арқылы Кант дуализмін жеңуге тырысты. Сөйтіп, Гегель философияны қайтадан рационализм саласына түсіріп, жаңа диалектикалық сипат берді. Терең диалектикалық ой-өріс - неміс философиясына ерекше тән қасиет. Кант диалектикалық көріністі сынға алғанымен оның ақыл антиномиялары жөніндегі ілімі диалектиканы ақиқатқа жету жолы ретінде дамытуға күшті қозғау салды. Фихте қарама-қайшылықты философиялық жүйе құрудың негізгі принципі етіп алды. Шеллинг нен Гегель диалектиканы бірден-бір нағыз философия әдіс деп қарайды. 19 ғасырдың 30 жылдарында неміс идеализмінің спекулятивті-рационалистік философиясына, әсіресе Гегельдің панлогиаміне екі түрлі бағыт: иррационалистік (Шеллинг және Шопенгауәр) және материалистік (Л. Фейербах) бағыттар қарсы шықты. Шопенгауэр философиясында дүниенің негізі иррационалды санасыз ерік деп танылды. Бұл ілім кейіннен Ф. Ницшеге және Г. Э. Гартманга әсерін тигізді. Л. Фейербах неміс классикалық философиясының идеалистік сипатын антропологиялық материализм тұрғысынан сынға алып, идеалистік философияның дінмен байланысын ашып көрсетті. 19 ғасырдың 40 жылдарында Германияда марксизм пайда болды. Ол философияны революциялық сын тұрғысынан қайта қарап, оның дүниені түсіндіруші ғана емес, өзгертуші күш екендігін де көрсетіп берді. К. Маркс пен Ф. Энгельс өздерінің 40 жылдардағы философиялық еңбектерінде («Неміс идеологиясы», «Фейербах шеніндегі тезистер», «Философияның қайыршылығы» т. б.) дүниеге жаңа көзқарастың негізгі принциптерін тұжырымдап берді. Тарихты материалистік тұрғыдан түсіну, адамның мән-мағынасын «барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы» деп қарау т. б. (Диалектикалық материализм және Тарихи материализм). Осы кезде ғылыми коммунизм, тап шәне тап күресі мемлекет және право, социалистік революция жөніндегі марксистік теорияның негіздері қаланды. 50-60 жылдарда материалистік диалектиканың дамуына Маркстің экономикалық зерттеулері («Саяси экономияға сын», «Капитал»), капиталистік қоғамның өркендеу заңдылықтарын ашуы маңызды роль атқарды. 70 жылдары Маркс мемлекеттік, пролетариат диктатурасы теориясын, коммунистік қоғам дамуының екі сатысы жөніндегі ілімін дамытты. Ф. Энгельстің 70-80 жылдардағы еңбектерінде («Табиғат диалектикасы», «Анти-Дюринг») материалистік диалектика, таным теориясы және жаратылыс танудың философия мәселелеріне терең талдау жасалды. 60 жылы материалистік диалектиканың принциптерін өз бетімен ашқан неміс жұмысшысы И. Дицген болды. 19 ғасырдың орта шенінде неміс философиясында жаратылыс танудың өрістеуіне байланысты позитивизм бағыты орын ала бастайды. Түрлі ғылым салалары - физика, биология, психологияға сүйенген мектептер мен бағыттар пайда болды. Механистік философияны жақтаушы Л. Бюхнер, К. Фохт және Я. Молешотт тұрпайы материализмді уағыздады. 80-90 жылдарда жаңа кантшылдардың марбург және баден мектептері қалыптасты. Марбург мектебінің өкілдері (Г.Коген, А.Наторп, Э. Кассирер т. б.) логикалық мәселелермен шұғылданды. Баден мектебі (Г. Риккерт, В.Виндельбанд, Э.Ласк) мәдени-тарихи және аксиология мәселелеріне назар аударды. 19 ғасырдың эмпиризм дәстүрін жаратылыс танудың соңғы жетістіктерімен ұштастырмақ болған эмпириокритицизм өкілдері Э. Мах және Авенариус, имманенттік философия өкілдері В.Шуппе, И. Ремке, фикционалист X.Файхингер болды. Германияда капитализмнің жалпы дағдарысы дәуірінде иррационалистік және волюнтаристік бағыттар қалыптасты. Осы кезде «өмір философиясы» деп аталатын бағыт жарыққа шықты. Оның бірінші өкілі Ф. Ницше Шопенгауэрдің ықпалымен иррационалистік-волюнтаристік концепция жасады. Бұл концепция кейіннен, фашизм үстемдігі тұсында кеңінен өріс алды. Оның ресми теоретиктері А. Боймлер, Э. Крик болды. Э. Гуссерль негізін салған геноменология бағыты идеалистік философияға күшті әсер етті.
19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басында Германияда марксизм идеяларын таратуда А.Либкнехт, А. Бебель, Ф. Меринг еңбектері үлкен роль атқарды. Олар өз еңбектерінде тарихты материалистік тұрғыдан түсіндіруді онан әрі дамытты. Меринг әдебиет, көркемөнер, қоғамдық ой мәселелерін талдауда марксистік әдісті қолданды. Ол тұрпайы материализмді, Шопенгауэр, Ницше, Э. Гартман және неокантшылдық этикалық социализм теорияларын сынады. 20 ғасырда маркстік теорияны дамытуда ревизионист Э. Бернштейнге қарсы күрестің маңызы зор болды. Э. Тельман еңбектерінде неміс оппортунистері мен неміс социал-демократиясы көсемдерінің марксизмді ревизиялап, бұрмалаушылық әрекеттері әшкереленді. 1933-1945 жылдарда Германияда неміс марксистерінің шовинизм мен нәсілшілдік идеяларға қарсы күресі, фашизмнің әлеуметтік демогогиясы мен философиялық мифтерін әшкерелеуі антифашистік майдан құруда маңызды роль атқарды.
Тарих ғылымы. Неміс халқының 11-13 ғасырлардағы феодалдық тарихи жазбаларының ең басты шығармалары - Титмар Мерзебургскийдің, Адам Бременскийдің, Гельмольдтің, Арнольд Любекскийдің, Оттон Фрейзингенскийдің хроникалары еді. Германияның 15-16 ғасырлардағы гуманистік тарихи жазбаларының көрнекті өкілдері - Я. Вимфелинг, Беат Ренан, Авентин, С. Франк болды. Неміс халқының антикалық және орта ғасырлық жазу ескерткіштерін жинап бастыруда олар көп еңбек сіңіріп, орта ғасырдағы діни концепцияларға сын көзімен қараудың алғашқы адымын жасады. Германияның жалпы және жергілікті аймақтарының тарихы (мыс., Бавария тарихы) жазылды. Гуманистердің тарихи-географиялық еңбектері Ұлттық сананың оянуына әсерін тигізді. Германияның 16 ғасырдағы тарихи жазбаларында Реформация мен Шаруалар соғысы дәуіріндегі саяси-әлеуметтік және діни қиян-кескі күрес туралы жазылды. 18 және 19 ғасырдың басындағы Германияның ағартушылық тарихи жазбалары прогресс теориясын түсіндіруге маңызды үлес қосты. Дегенмен Германия ағартушылары дін мен мемлекеттік туралы маңызды қорытындылар жасай алмады. 18 ғасырдың 1-жартысы мен 19 ғасырда ертедегі дүние тарихын зерттеуде бірқатар жетістіктерге жетті. Неміс ғалымдары эллинизмді жүйелі түрде зерттей бастады, грек эпиграфикасын зерттеумен, ертедегі персия сына жазуларын ажыратумен (Г. Ф. Гротефенд) шұғылданды, ертедегі египет иероглифтерін тану ісіне көп үлес қосты. Немістің классикалық философиясының өкілдері (әсіресе И. Г. Гердер, Г. Гегель) прогресс және тарихи даму туралы пікірлерді едәуір тереңдете түсті. 19 ғасырдың 1-жартысында тарих ғылымын зерттеуде ағартушылық бағыт ұстаған тарихшылардың гейдельберг мектебі пайда болды. Бірақ, бұл мектеп қоғамды демократиялық негізде қайта құру жөнінде ғылыми тұжырым жасай алмады.
К. Маркс пен Ф. Энгельстің тарихты, тарихи материализмді диалектикалық материализм тұрғысынан ұғыну жөніндегі ілімі тарих ғылымындағы революция бет бұрыс болды. Бұл ілімді олар тек жалпы философиялық және экономикалық еңбектері арқылы ғана емес, өздерінің жеке тарихи зерттеулері арқылы да жасады. 19 ғасырдың 50-60 жылдарында Германияның тарихи ғылымында тарихшылардың пруссиялық, яғни кіші германиялық мектебі басты бағыт ұстады. (Г. Зибель, И. Г. Дройзен т. б.). Олар Германияның «жоғарыдан» біріктірілуін уағыздап, революция-демократиялық және революция қозғалысқа қарсы ұлтшылдықты қолдады. Германияның көптеген мемлекетінде, негізінен жергілікті тарихпен шұғылданатын комиссиялар құрылды. 1852 жылы Тарихи және археологиялық қоғамдардың жалпы германиялық одағы құрылды. 1859 жылы «Ніstorisсһе Zeitschrift» атты журнал шыға бастады. Бұл журнал буржуазия тарихшылардың ең басты баспасөзі болды. Ертедегі дүние тарихын зерттеуде Троядағы археологиялық қазбалардың маңызы зор болды. 19 ғасырдың 70-80 жылдарында немістің буржуазия тарих ғылымында позитивизм күшейе түсті де, экономикалық проблематикаға көбірек коңіл бөлінді. Маркстік тарих ғылымының 19 ғасырдың соңы, 20 ғасырдың басындағы ең ірі өкілі Ф. Меринг болды. К. Каутский мен Г. Куновтың сол уақыттағы маркстік тұрғыдан жазылған еңбектері ірі буржуазияның шешуші ролі туралы аңызды әшкереледі.
Веймар республикасы дәуірінде (1919-1933) Германияның бірсыпыра тарихшылары ескі реакциялық әдістерді пайдалануға тырысты. Антилибералдар (Г. Белов, Г. Риттер, Ф. Гартунг т. б.) өздерінің тарихи еңбектерінде Германия империализмін ақтап, Фридрих II мен Бисмарктің жеке басына табынуды одан әрі жалғастыра берді. Г. Онкен, Ә. Бранденбург т. б. тарихшылар өздерінің еңбектерінде Германияның соғысқа жауапкершілігін жоққа шығаруға тырысты. Фашистік диктатура (1933-1945) кезеңінде юнкерлік және буржуазия тарихи жазбалар фашистік идеологияға қызмет етті. Маркстік тарихи еңбектер негізінен Германия жұмысшы қозғалысына, ГКП-нің тарихына көңіл бөліп, фашизмнің ішкі сырын ашты және Германия тарихының демократиялық тенденцияларына көп мән берді.
Экономика ғылымы. Германияның тарихи-экономикалық даму ерешеліктері (бытыраңқылық, капиталистік елдерден артта қалушылық т. б.) экономика ғылымының дамуына елеулі әсер етті. 17-18 ғасырларда неміс абсолюттік мемлекеті талабынан туған камералистика дами бастады, бірақ ол ағылшын меркантилизмі теориясы дәрежесіне көтеріле алған жоқ. Экономика және мемлекет тану ғылымының 19 ғасырдың бас кезіндегі реакцияшыл өкілі Германияда А. Мюллер болды. Ол феодалдық құрылысты жақтап, буржуазия жеңіл-желпі реформалардың өзіне де қарсы шықты. Буржуазия саяси экономия Германияда тұрпайы түрде дамыды. 19 ғасырдың 1-жартысында буржуазия экономикалық ой-пікірдің дамуына Ф. Лист үлкен әсер етті. Оның экономикалық саясатындағы прогресшіл элементтер тұрпайы экономика теориясының қағидаларымен шатысып жатты. 19 ғасырдың орта шенінде пайда болған жаңа тарихи мектеп (Г. III. Шмоллер, Л. Брентано т. б.) әлеуметтік реформаларды, капитализмнің социализмге бейбіт ұласуын жақтады. К. Маркс пен Ф. Энгельс саяси экономияда революция төңкеріс жасады. Олардың экономикалық ғылымы марксизм-ленинизмнің негізгі құрамды бөліктерінің бірі болды. Неміс буржуазия экономистері арасында протекционализм кең орын алды. Бұл ағым шаруашылық өмірге мемлекеттің белсене араласуын уағыздады. Марксизм мен жұмысшылар қозғалысының дамуына қарсы буржуазия экономикалық идеялар пайда болды. Тұрпайы саяси экономияның бірсыпыра қағидаларын марксизммен байланыстырып, «түзету» енгізуге тырысушылар да табылды (Э. Бернштейн, Э. Давид, Г. Фольмар т. б.). Бұлар реформистік, ревизионистік бағыт ұстады. Германия социал-демократияның көрнекті өкілдері Р. Гильфердинг, К. Каутский алғашқыда біршама дұрыс бағытта бола тұрып, бірқатар мәселелер жөнінде ревизионистік теорияларымен марксизмге қарсы шықты. Р. Люксембург бұларға қарсы табанды күрес жүргізді. Бірақ оныңда экономикалық көзқарастарында қателер болды. 1-дүние жүзілік соғыстан кейін экономистер арасында капитализмнің империализмге ұласу құбылыстарын өзінше түсіндіріп, марксизмді жоққа шығаруға (альтернатива) тырысушылық әрекеттері де кездесті (Р. Штаммлер т. б.). Германияда фашизм үстемдік құрған дәуірде буржуазияның талабын қанағаттандыратын және фашистік насихатқа сәйкес келетіндей теория болмады. Бұл дәуірде буржуазия саяси экономия дәрежесі төмендеп кетті.
Заң ғылымы. Германияда заң білімінің дін ілімінен бөлініп, арнаулы ғылым саласы ретінде қалыптасуы (жалпы континенталдық Европадағы сияқты) рим правосының дамуымен байланысты болды. Бірақ, ол 13-16 ғасырларда Германияда Европаның романдық басқа елдеріндегідей даму дәрежесіне көтеріле алмады. Немістің праволық ой-пікірі 17 ғасырдың 2-жартысы мен 18 ғасырда ағартушылық идеялар ықпалында болғанымен, елдің экономикалық және саяси мешеулік, бытыраңқылық жағдайында дамыды. Бұл кезде, әсіресе, қылмыстық және азаматтық праволардың нақты проблемаларын шешуге көбірек көңіл бөлінді. Халықаралық право мәселелері де дами бастады. Г. Лейбниц 1693 жылы «Халықаралық правоның дипломатиялық жинағын» шығарды. Мұнда ол правоны тарихи және салыстырмалы түрде зерттеуге баса назар аударды. Право мәселесіне неміс классикалық философиясының өкілдері И. Кант, И. Фихте, Г. Гегель еңбектерінде елеулі орын беріледі. Олар заң ғылымының көптеген нақты проблемаларын талдады. 19 ғасырдың 1-жартысында Германияда заң ғылымы правоның тарихи мектебі ықпалында дамыды (Ф. К. Савиньи, К. Ф. Эйхгорн, Г. Ф. Пухта т. б.). Олар феодалдық құрылысты қорғауға тырысты. Сонымен қатар, романистер немесе пандектистер бағыты пайда болды (Г. Дернбург, Б. Виндшейд т. б.). Бұлар жинаған материалдар 1896 жылғы азаматтық заң жинағының негізі болды. Ал германистер (Р. Гнейст, О. Гирке), «нағыз герман правосын» жасауды ұсынды. Бұлардың еңбектерінде ұлтшылдық сарын басым болды. 19 ғасырдың орта кезінде Германияда қылмыстық правоның классикалық мектебі қалыптасты (А. Фейербах, Цахарие т. б.). Позитивистік идеялар мемлекеттік право саласында да орын алды (П. Лабанд, Г. Еллинек). Осы кезеңде «праволық мемлекет» концепциясы, яғни мемлекеттік өкіметтің әр түрлі нормалармен «өзін-өзі тежеу» талабы пайда болды. 20 ғасырдың бас кезінде герман монополистерінің басқыншылық бағытын негіздеу мақсатымен Германияда идеологиялық комплекс қалыптасты. Олар «нағыз герман правосы» артықшылығын уағыздады. Бұл 1-дүние жүзілік соғыстан кейін Фашистік Германия саяси-праволық идеологиясының құрамды бір бөлігіне айналды (К.Шмитт, Г. Николаи, O.Көльрёйтер, К. Лоренц). Бұлар нацистік озбырлықты ақтап бақты, адамды жеккөрушілікті, басқыншылық соғысты жақтады.
Әдебиет тану ғылымы. Неміс әдебиет тану ғылымы гүлдену дәуірінде қалыптаса бастады. И.X.Готшедтің догматикалық классицизміне қарсы күресе отырып, Г.Э.Лессинг ғылыми негізделген әдеби сын мен реалистік эстетиканың негізін қалады.
И. Г. Гердер әдебиеттің тарихи шарттылығы жөніндегі принципті енгізіп, халық поэзиясын оның қайнар көзі деп бағалады. Халықтың өткендегі әдеби мұрасы ретінде А. Арнима мен К. Брентаноның халың өлеңдерінен құрастырған жинағын, фольклористикадағы мифологиялық мектептің негізін салушы ағайынды Гриммдердің еңбектерін атауға болады. 19 ғасырдың 30 жылдарында әдебиетті халықтың қоғамдық-саяси дамуы мен мәденнетінің бір бөлігі деп қараушы Г.Гервинус мектебі пайда болды. Г.Гетнер өдебпеттегі абстракциялық эстетикаға қарсы күрес жүргізді. Әдебиеттің ғылыми тұрғыда терең зерттелуі мен әдебиет теориясының дамуына маркстік әдебиет тану ғылыми негіз болды. Оның негізін қалаушылар К.Маркс және Ф.Энгельс, К.Цеткин, P.Люксембург, Ф. Меринг болды. Социалистік реализм теориясына әдебиет шеберлері - И. Р. Бехер, Б. Брехт, А. Зегерс, А. Курелла елеулі үлес қосты.
Тіл білімі. 15-16 ғасырларда Германияда мектеп сөздіктері мен неміс, латын грамматикасы шығарыла бастады. 17-18 ғасырларда неміс филологиясының дамуы М. Опиц, Г. К. Шотелл, И. Вёдикер т. б. есімдерімен байланысты. 19 ғасырдың 50-60 жылдарында А. Шлейхер тіл білімінде натуралистік концепцияны дамытты. X. Штейнтальдің, В. Бундтың, А. Шерердің еңбектерінде психологиялық бағыт дамыды. 20 ғасырдың 20 жылдарында тілдің эстетикалық теориясын немесе «идеалистік неофилологияны» жасаудың басты өкілі К.Фосслер болды. Неміс диалектикасын ғылыми тұрғыдан зерттеуші И. Шмеллер («Бавар диалектісінің грамматикалық құрылысы», 1821) және И. Винтеллер болды. Диалектология мен диалектографияның одан әрі дамуына Г. Венкер мен Ф. Вреде (ең алғашқы «Неміс тілінің диалектологиялық атласын» құрастырушылар, 1926-1951) елеулі үлес қосты. Ф. Энгельстің «Франк диалектісі» деген аяқталмаған еңбегінің принциптік жағынан маңызы зор. Диалектологиялық зерттеулердің неміс тіліне тарихи-социологиялық концепцияның енуіне үлкен әсер етті. Неміс тіл білімі ғылымында тұңғыш рет тілге материалистік тұрғыдан анықтама берген К. Маркс пен Ф. Энгельс болды.
Әдебиеті. Көне герман фольклорының үлгілері (жырлар, жаңылтпаштар, жұмбақтар, тақпақтар жоғалып, не қоғамдық үйлер). 15 ғасырдың ақыры мен 16 ғасырдың басында неміс Қайта өркендеу өнері гуманизм идеяларын шынайы өмірдің талаптарымен ұштастырды. А. Дюрердің суреттері мен графикаларында неміс Қайта өркендеу өнері жан-жақты, толық бейнеленген. Қоғам өмірінде графика кең орын алып, бұл жанрмен сол дәуірдегі әйгілі суретшілер де айналыса бастады. Мүсіншілер Т. Рименшнейдер, Ф. Штос, А. Крафт, П. Фишер шығармалары құштарлыққа, өткірлікке, образ шынайлығы мен шабытқа құрылды. Германияның саяси құлдырауын күшейткен феодалдық реакция кезінде (16 ғасырдың 2-жартысы) өрісі тар маньеризм өнері өктем болды. Нанымсыз, ұсақ-түйекті арқау еткен көркем қол өнері жетекші роль атқарып кетті. 17 ғасырдың басында Қайта өркендеу өнерінің дәстүрлері Ә. Холлдың Аугсбургтегі құрылыстарында байқалып келді. Бірақ ұзаққа созылған тоқырау кезеңі басталды. Тек 18 ғасырдың 1-жартысында ғана сарайлар мен діни ғимараттар салуда жаңа өрлеу туып, барокконың пафосы, рококоның айшығымен үндестік тапты. Г. В. Кнобельсдорфтың әсем құрылыстарында классицизм элементтері басым болды. Классицизм неміс сурет өнерінен де, мүсін өнерінен де берік орын алды. 19 ғасырдың 1-жартысындағы неміс романтизмінде Ұлы француз революциясының ықпалы, ұлттық бірлік жайлы арман, жеке адамның бас бостандығы үшін күрес мистикалық тенденциямен, діни ұғыммен астасып шатты. 1810 жылы назарейліктер өнері қалыптасып, ол католик дінінен тірек іздеді. Романтикалық бағытта ұсақ буржуазия демократиялық бидермейер өнері де қанат жайды. 19 ғасырдың ортасында -классицизм эклектикамен алмасты. 1910-1920 жылдар абстракті өнер белең алды (В. Баумайстер, мүсінші Р. Беллинг). Фашистік диктатура үстемдік құрып, өнерді өрескел демагогия билеп тұрган кезде де бірнеше прогресшіл суретшілер өз беттерінше шығармалар жазып, гуманистік идеалдан тайған жоқ.
Музыкасы. Ежелгі германдықтардың музыкасы сақталмаған. Бірақ орта ғасырлық жазба ескерткіштер (негізінен «Нибелунгалар туралыжыр») оның болғандығын дәлелдейді. 11-13 ғасырларда қалалардың пайда болуымен байланысты, бюргерлік музыка, ал 14 ғасырда мейстерзингерлер өнері дамыды. 15-16 ғасырларда негізінен вокальдық және вокальдық-аспаптық музыкалық өркендеді. 16 ғасырдағы шаруалар соғысы мен реформация халықтық музыкалық творчествосын ерекше жандандырды. Отыз жылдық соғыс (1618-1648) жалпы неміс мәдениетінің өркендеуін тежеп тастады. Соған қарамастан көрнекті музыканттар шықты (Г. Шюц тұңғыш неміс операсы «Дафна» және тұңғыш балет «Орфей мен Эвридиканы» жазды, 1627, 1638). Лейпциг пен Гамбург 18 ғасырдағы неміс мәдени өмірінің орталығына айналды. Немістің тұңғыш ұлттық опера театрына (Гамбург, 1678-1738) Р. Кайзер, кейінірек Г. Ф. Телеман көп еңбек сіңірді. Лейпцигте 1723 жылдан И. С. Бах қызмет етті. Әр түрлі жанрды қамтитын И. С. Бах творчествосы неміс ұлттық мәдениетінің қалыптасуына зор үлес қосты. Неміс музыкалық мәдениетіне, әсіресе опера мен оратория саласына өшпес үлес қосқан композитордың бірі Г. Ф. Гендель, Лондонда 50 жыл тұрғанына қарамастан ол Германия музыканты боп қала берді және ағылшын музыкалық өнеріне де үлкен үлес қосты. Германия музыкасында әдебиеттегі «Дауыл мен тегеурін» ағымы сияқты ағым пайда болып, ол К. Ф. Э. Бах творчествосына көп ықпал жасацы. Бұл бағытқа Мангейм сарайындағы музыканттар да жақын болды. Мангейм мектебі - Венаның классикалық мектебінің түп төркіні. К. В. Глюк, Й. Гайдн, В.А. Моцарт және Германия музыкалық өнерінің аса көрнекті өкілі Л. Бетховен Венаның классикалық мектебінен шықты. Оның творчествосы осы мектептің шарықтау шыңы болды. Сан салалы Бетховен шығармалары 19 ғасырдың музыкалық өнеріне үлкен әсер етті. 19 ғасырдың 10-20 жылдарынан бастап Германия музыкасында романтизм қалпытасты.
Оның көрнекті өкілі Австрия комнозиторы Ф. Шуберт болды. 1848-1849 жылдардағы революция тұсында көрнекті музыканттар шықты. Олар: Ф. Мендельсон- Бартольди, Р. Шуман, Р. Вагнер. 1848 жылдан Германияда тұрған венгр дирижері, пианисі және композиторы Ф. Листің неміс музыкалық өнеріне жасаған әсері ерекше. Ол неміс музыкасындағы жалған академизм мен кәсіпшілдікке қарсы күресті. Бетховен бастаған классикалық дәстүрді ілгері дамытушы И. Брамс замандастарының жан дүниесін музыкалық тілімен аша білді. Германия музыкасында Вагнер мен Брамсқа байланысты бірте-бірте екі тенденция пайда болды. Оның біріншісіне Р. Штраус, екіншісіне М. Регер творчествосы жатады. 1-дүние жүзілік соғыстан кейін Германия музыкасы идеялық-эстетикалық жағынан жан-жақты толықты. Музыкалық театрлар мен концерттердің репертуары байи түсті. Фашистік диктатураның орнауы (1933) неміс мәдениетін, соның ішінде музыкалық өнерін де тұншықтырды. Композиторлар, сыншылар, орындаушылар шетелдерге кетуге мәжбүр болды, олардың көпшілігі концлагерьлерге қамалды.
Театры. Германияның театр өнері феодалдық дәуірге дейінгі халықтық әдет-ғұрып, салт ойындарымен байланысты. Орта ғасырдагы Германияда шпильмандар деп аталатын кезбе актерлердің өнері кең дамыды. Бұл кездерде мерекелік фастнахтшпиль ойындары түрінде пайда болған әдеби драмалар, шванколар, фарстар орындалды. Фастнахтшпильдік шығармалардың 16 ғасырдағы ең көрнекті авторы Г. Сақс болды. Мектеп театры да қанат жайды. 16 ғасырдың соңында Германияға ағылшын комедианттары әкелген ағылшын драмасы деп аталатын драма кең тарады. Неміс актерлерінің алғашқы труппалары 17 ғасырда пайда болды. Өлім мен жан-жалды мол қамтыған мемлекеттік әрекет деп аталатын көріністер көп орындалды. Бұл ойындарда негізгі роль атқарушылар Гансеурст, Пикельгеринг сияқты күлдіргі кейіпкерлер еді. 17 ғасырдың соңында неміс театры труппаларының тәуірі И. Фельтен труппасы болды. Отыз жылдық соғыстан кейін (1618-1648) күшейе түскен экономикалық құлдырау мен феодалдық реакция немістің халықтық театр өнерінің дамуына көп кедергі жасады.
18 ғасырдың 1-жартысында драматург И. К. Готшед пен К. Ф. Нейбердің актерлік қызметі ерекше болды. Олар неміс сахнасына француз классицизмінің көркемдік принциптерін әкеліп, театрдың тәрбиелік ролін күшейту жолында күресті. Осы тұста аса көрнекті қайраткер, немістің дарынды жазушысы әрі театр теоретигі Г.Э.Лессине болды. Оның идеялары театр өнерін абсолютизммен күреске бағыттап, реалистік неміс театрының негізін салды. Лессингтің көркемдік программасын 1767 жылы өзінің қатысуымен ұйымдастырылған Гамбург ұлттық театры жүзеге асырды. Лессингтің творчестволық принциптерін К. Экгоф пен немістің ұлы актері әрі режиссері Ф. Л. Шрёдер дамытты. 19 ғасырдың басында романтизм бағыты қалыптасты (Л. Тик, Г. Клейст, Э. Т. А. Гофман). Осы кездің аса көрнекті актерлері И. Флекк пен Л. Девриенттің творчестволары демократиялық бағытқа ие болып қоғамның әділетсіздігіне белсене қарсы шықты. 19 ғасырдың 30 жылдарында театр өнерінің алдыңғы қатардағы бағыты «Жас Германия» драматургтері К. Гуцковтың, Г. Бюхнердің, актер К. Зейдельманның, реж. К. Л. Иммерман, Г. Лаубенің творчестволарынан айқын көрінді. 19 ғасырда Берлин, Брауншвейг, Дрезден, Дюссельдорф, Гамбург т. б. қалалары аса ірі театр орталықтарына айналды. Бұл кездің режиссерлері сахналық эффектімен, археологиялық историзммен көп шұғылданьш, актерлік өнерге аз көңіл бөлді. 19 ғасырдың 60-90 жылдарындағы Мейнинген театры сахналық жоғары мәдениет пен ансамбль принципін нығайтты (реж. Л. Кронек). 19 ғасырдың басы мен 20 ғасырдың аяғындағы көрнекті неміс актерлері: Т. Дёринг, А. Матковский, Э. Поссарт, Л. Барнай т. б. болды. Әлеуметтік қайшылықтың шиеленісуі мен пролетарлық қозғалыстың өсуі жұмысшы театрларын ашуды керек етті. Берлинде Неміс театры (1883), «Еркін халық сахнасы» (1890) т. б. театрлар ашылды. Театр өнерінің дамуына көрнекті реж. М. Рейнхардт үлкен үлес қосты. Неміс театрларындағы экспрессионистік және демократиялық бағытты 20 ғасырда драматургтер В. Газенклевер, Ф. Верфель, Э. Толлер, Б. Брехт, Ф. Вольф; актерлер: В.Краус, Ф. Кортнер т. б. дамытты. Бұл кездегі ең ірі театр - Л. Иеснердің басқаруындағы Берлин театры. Фашистік диктатураның орнауы неміс мәдениетінің прогресшіл қайраткерлеріне зәбір, жапа шеккізді. Кептеген театр ғимараттары бұзылды. Театр өнері нацистік насихаттың құралына айналды.
Киносы. Германияда кинематография 1895 жылы пайда болды. 1913 жылдан бастап тұңғыш көркемсуретті фильм («Прага студенті», реж. С. Рие) шығарыла бастады. 1916-1917 жылдар монополистік ірі киноұйым - Дёйлиг және реакциялық неміс кинематографиясының орталығы - «УФА» құрылды. Сонымен қатар бірнеше «тәуелсіз» киномекемелер де жұмыс істеді. Ол көркемдік бағасы бар реалистік фильмдер шығарып тұрды. Реж. Ф. В. Мурнау, Г. В. Пабст, Г. Лампрехттің фильмдері өз заманының әлеуметтік мәселесін қозғап, империалистік соғысқа және оның зардаптарына қарсы шықты. Бірақ олардың өзінде де ұсақ буржуазия идеология жырланды. 20 жылдары неміс кино өнеріне экспрессионизмнің күшті ықпалы тиді. 20 жылдардың басы, 30 жылдардың аяғында совет кино өнерінің әсерімен бірнеше реалистік фильмдер жасалды («Краузен өжейдің бақытқа аттануы», реж. П. Ютци, «Куле Вампе», реж. З. Дудов т. б.). 1933 жылдан кейін болған саяси реакция неміс кинематографиясының дамуын тоқтатты.
Әдеб.: Энгельс Ф. Крестьянская война в Германии. Маркс К. и Энгельс Ф. Соч., 2 изд., т. 7; Маркс К. Критика Готекой программы. там же, т. 19; Энгельс Ф. К критике проекта социал-демократической программы 1891. там же, т. 22; Маркс К. и Энгельс Ф. Немецкая идеология. Соч., 2 изд., т. 3; Энгельс Ф. Людвиг Фейербах и конец классической немецкой философии. там же, т. 21; Ленин В. И. Не істеу керек? Шығ., 5-т.; сонікі, Империализм - капитализмнің жоғарғы сатысы. Шығ., 22-т.; Эпштейн А.Д. История Германии от позднего средневековья до революции 1848 г. М., 1961; Кучинский Ю. Очерки истории германского империализма. пер. с нем., т. 1, М., 1952; Шиллер Ф. Литературоведение в Германии. М., 1934; История немецкой литературы. т. 1-4, М., 1962-1968; Ливанова Т. История западноевропейской музыки. 3 изд., ч. I, М., 1965; История западноевропейского театра. под обіцей ред. С. С. Мокульского. т. 1-4, М., 1956-1964.
Жарияланған-2020-10-12 15:38:40 Қаралды-7665
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Информатика
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Философия
- Физика, Химия
- Русский язык
- Спорт
- Тарих
- Биотехнология
- Экономика и менеджмент
- Медицина
- Архитектура
- Дінтану