UF

СЯНГАН, Гонконг - Қытайдың оңтүстік-шығысында орналасқан Ұлыбританияның иелігіндегі аймақ. Оңтұстігі Қытай теңізімен шайылады. Жері 1045 км2. Халқы 7,5 млн. (2015). Әкімшілік орталығы - Гонконг қаласы (ағыл. Виктория).

Табиғаты. Жағалауы қатты тілімделген, қойнаулы және шығанақты келеді. Таулы бөлігінің биіктігі 939 м-ге дейін. Климаты субтропиктік муссондық. Қаңтардың орташа температурасы - 15,0-16°С, шілдеде 25-27°С, жылдық жауын-шашын мөлшері 2000 мм. Көпшілік жерінде мәңгі жасыл орман өседі.

Халқының 98%-тен астамы қытайлар. Олардан басқа ағылшындар, тибет-бирмалықтар, үнділер, португальдықтар тұрады. Қытайлардың көпшілігі буддизм, даосизм, конфуцийшілік т. б. жергілікті діні нанымдарға сенеді. Католиктер де бар. Ресми тілдері - ағылшын және қытай тілдері (1973 жылдан). Ресми календары - григориандық. Халықтың тығыздығы 1 км2-ге 3,9 адамнан. Қала халқы 60%. Барлық еңбек етуші тұрғындарының 52%-і өнеркәсіпте, 19%-і тұрмыстық қызмет көрсету орындарында, 12%-і саудада, қалғандары транспорт пен байланыс мекемелерінде, ауыл шаруашылығында еңбек етеді, балық аулаумен айналысады.

Тарихи анықтама. Сянган (Гонконг) б. з. б. 3 ғасырдың аяғында Қытай мемлекетінің құрамына кірді, бірақ мұнда егіншілікпен шұғылданатын қытай мекендері тек 11 ғасырда пайда болды.

Ағылшын-қытай соғысы (1840-1842) кезінде Сянган аралын (Гонконг) ағылшындар оккупациялады да, Нанкин шарты (1842) бойынша ол Ұлыбританияның «мәңгілік иелігіне» көшті. Ағылшын үстемдігінің алғашқы жылдары арал заңсыз, астыртын жолмен Қытайға апиын таситын негізгі пункт болды. 1849 жылдан арал арқылы Латын Америкасында, Австралияда, жер жүзінің басқа бөліктерінде жұмыс істеуге арналған қытай азаматтары жөнелтіле бастады. Кейіннен Сянган аралы (Гонконг) ірі сауда орталығына айналды. Қытайға зорлықпен таңған конвенция бойынша (1898 жылы маусымда Пекинде қол қойылған) Ұлыбритания Цзюлун түбегінің тағы бір бөлігін (түбектің оңтүстік бөлігі 1860 жылы ағылшын иелігіне қосылған) маңайдағы аралдармен қоса 99 жылға арендаға алды.

20 ғасырдың басында Сянган (Гонконг) Қиыр Шығыстың ең ірі коммерциялық орталығы мен портының біріне, ағылшын империализмінің Қытайдағы маңызды тірек пунктіне айналды. 1924 жылы Сянганнан (Гонконг) Сунь, Ятсеннің революциялық үкіметіне қарсы бүлік шығарған Гуанчжоудағы қытай көпес-компрадорларына соғыс және финанс көмегі көрсетілді. Қытайдағы 1925-1927 жылдардағы революция кезінде ағылшын үкіметі Сянган (Гонконг) арқылы Шанхайға т. б. қалаларға қытай контрреволюциясына жәрдемдесу үшін өз әскерлерін жіберді. Сянганның (Гонконг) жұмысшы табы талай рет империалистерге қарсы көтерілді. 1884 жылы қыркүйекте Сянганда (Гонконгта) жүк тиеушілердің ереулі болып өтті. 1922 жылы қаңтарда Қытай пролетариатының ірі стачкаларының бірі - Теңізшілердің Сянгандағы стачкасы (1922), ал бірнеше жылдан кейін аса көрнекті Сянган-Гуанчжоу ереуілі (1925-1926) бұрқ ете түсті.

2-дүние жүзілік соғыс кезінде Сянганды (Гонконг) жапон империалистері басып алды (1941 жылы 25 желтоқсан). 1945 жылы 30 тамызда оған ағылшындар басып кірді. Сянган (Гонконг) -Ұлыбританияның ең ірі соғыс-теңіз базаларының бірі. Оны АҚШ та өзінің агрессиялық қимылдары үшін, атап айтқанда, Вьетнам халқына қарсы соғысқа пайдаланды.

Сянган (Гонконг) экономикасының маңызды саласы- сыртқы сауда. 1968 жылы акспорт 8428 млн., импорт 12470 млн., реэкспорт (1965) 1503 млн. гонконг доллары болды. Ірі халықаралық аэропорт жұмыс істейді. Ауыл шаруашылығында тек көкөніс шаруашылығы дамыған. Ағылшын, қытай тілдерінде газеттер шығарылып тұрады, радио станциялары мен радиотелевизия компаниясы жұмыс істейді. Сянган (Гонконг) - туристік орталық.

Экономикасы. Сянган экономикасында экспорттық сауданың және транзиттік жүк тасымал операцияларының маңызы күшті. Импорттық шикізатқа негізделген өнеркәсібінде шетел капиталы үстем. Өнімінің 3/4-нен астамы экспортқа шығарылады. Электрондық және электртехникалық, мата тоқу, аяқ киім, сағат, кеме жасау және жөндеу, мұнай-химия өнеркәсіптері дамыған. Сянган дүние жүзінде тігулі киімді экспортқа шығарудан 1-орын, транзисторлық қабылдағыштарды экспортқа сату жөнінен 3-орын алады. Әсіресе фарфор-фаянс, пластмасса бұйымдарының өндірістері жақсы қалыптасқан. Темір рудасы, каолин, кварц өндіріледі. 1973 жылы ЖЭС-терден 5,9 млрд. квт-сағ электр энергиясы алынды. Егістік жері 13 мыц га; көкөніс, гүл (экспортқа шығарылады), жеміс, күріш егіледі. Шошқа және құс шаруашылығы басым дамыған. Жылына 80 мың т балық ауланады. Сянган порттарының жылдық жүк айналымы 18 млн. т (1973). Халықаралық аэропорты - «Кайтак». Темір жолының ұзындығы 36 км, автомобиль жолы 950 км. Экспортқа киім, мата, пластмасса бұйымдары, электрондық және электртехника, металл өңдеу өнеркәсібінің өнімдері шығарылады. Өзі сырттан азық-түлік, отын, зергерлік бұйымдар (қайта сату үшін), машиналар т. б. алады. Сыртқы сауда серіктестері - АҚШ, Жапония, ҚХР, Ұлыбритания, ГФР. Сянган - халықаралық ақша-финанс операцияларының орталығы; алтын, бриллиант (гауһар), шетел ақшаларының рыногы. Туризм (1973 жылы 1,29 млн. адам келді) дамыған. Ақша өлшемі - сянган доллары.

Әдеб.: Куколевский А. Г. Гонконг в системе мировых экономических связей. -М., 1972.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2020-10-06 14:22:02     Қаралды-2050

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »