UF

СОЛТҮСТІК ОСЕТИН РЕСПУБЛИКАСЫ, Солтүстік Осетия 1924 жылы 7 шілдеде құрылған. Жері 8 мың км2. Халқы 53,5 мың (2015). 8 ауданға бөлінеді. 6 қаласы, 7 қалалық типі поселкесі бар. Орталығы –Цхинвал қаласы (Орджоникидзе).

Табиғаты. Солтүстік Осетия Солтүстік Кавказда орналасқан. Биік таулы бөлігінде Су айырық, Бүйір жоталары, орталық жағы Осетин жазығы, бұның солтүстігінде аласа таулы (700-900 м) Сунжен, Терек жоталары, Моздок жазығы жайласқан. Пайдалы қазындылары - полиметалл рудалары (Фиагдон, Ардон, Урух кендері). Климаты қоңыржай континенттік. Солтүстігінде (Моздок жазығында) қаңтардың орташа температурасы - 4,3°С, шілдеде 24°С. Жылдык, жауын-шашын мөлшері 400-450 мм.Осетин жазығында қаңтардың орташа температурасы - 4°С, шілдеде 20°С; жылдык, жауын-шашыны 600-800 мм. Ірі өзендері - Терек (облыс шегіндегі ұзындығы 110 км); салалары: Урух, Ардон, Камбилеевка, Гизельдон. Жері қызыл қоңыр, шалғынды-батпақты, ормандық қоңыр топырақты болып келеді. Территориясының 61%-і орман (қарағай, терек, қандыағаш, қайың т. б. ағаштар). Қасқыр, аю, сусар, қарсақ т. б. аңдар; құстардан бүркіт, кавказ құры мекендейді. 1967 жылы Солтүстік Осетин қорығы ұйымдастырылған.

Халқы. Негізгі халқы - осетиндер. Олардан басқа орыс, ингуш, армян, грузин, украиндар тұрады. Халқының орташа тығыздығы 1 км2-ге 73 адамнан (1975). Қала халқы 68%. Ірі қалалары -Цхинвал, Моздок, Беслан, Алагир, Дигора, Ардон.

Тарихы.Солтүстік Осетия жерін адам баласы палеолит дәуірінде мекендей бастаған. Неолит дәуірінде мұндағы халықтар егін егу, мал өсірумен шұғылданды, тау-кен жұмыстары қолға алынып, мыс өндіріле бастады. Б. з. б. 2-1-мың жылдықтар қарсаңында қола дәуірінен ерте темір дәуіріне көшу кезеңіндегі Кобан мәдениеті қалыптасты. Солтүстік Кавказға б. з. б. 7 ғасырда скифтер, б. з. б. 4-3 ғасырларда сарматтаркеліп қоныстанды. Біздің заманымыздың бас кезіне таман олардың ішінен аландар бөлініп шықты. 8-9 ғасырларда оларда феодалдық қатынастар пайда болып, 9-10 ғасырларда ертедегі феодалдық мемлекет - Алания қалыптасты. 7 ғасырда аландарға Византиямен Грузиядан келген христиан діні 10 ғасырда ресми дінге айналды. 10-13 ғасырларда аландар Грузиямен, Киев Русімен,Византиямен сауда және саяси байланыс жасап тұрды. 8-12 ғасырларда аланос (осетин) халықтары қалыптаса бастады.

Монғол-татар шапқыншылыгының(1222-1239) салдарынан осетиндер Терек өзенн бойлап, тау шатқалдарына, негізгі Кавказ жотасының оңтүстік беткейіне қарай ығысты. Олар мал өсіру, егін егу, аң аулаумен шұғылданды. Өндіріс күшінің қалпына келуі феодалдық қатынасты қайтадан өркендетті. Алайда феодалдық бытыраңқылық жағдайдан шыға алмады. 16 ғасырда оның батыс бөлігі Қабарда князьдығына тәуелді болды. Экономикалық жағдайы ауырлап, Қырым татарлары мен түрік шапқыншылығынан қауіптенген Солтүстік Осетия 1774 жылдың басында өз еркімен Россияға қосылды. 18 ғасырдың аяғы мен 19 ғасырдың басында шаруалар феодалдарға қарсы бас көтерді. 50-60 жылдары шаруалардың басым көпшілігіне жер беріліп, феодалдық тәуелділіктен азат етілді. 70 жылдары Солтүстік Осетия жерінде әкімшілік-сот реформасы жүргізілді, 1860 жылы Владикавказ бекінісі (1784 жылы негізі қаланған) қалаға айналды. Солтүстік Осетия территориясы Осетин-әскери округы болып, 1861 жылы құрылған Терск болысына қосылды. Тау-кен өнеркәсібінің дамуына байланысты, 60 жылдан осетин жұмысшы кадрлары қалыптаса бастады. Владикавказ - Дондағы Ростов темір жолының салынуы Солтүстік Осетияда капитализмнің дамуына себепкер болды. 19 ғасырдың аяғынан Солтүстік Осетиядағы азаттық қозғалысы жұмысшы табының жалпы Россиялық күресінің ықпалымен жүрді. 1904 жылы Владикавказда с.-д. ұйым құрылып, оған осетиндер де кірді. Солтүстік Осетия еңбекшілері 1905-1907 жылдардағы революцияға белсене қатысты.

1917 жылдан кейін, 8 наурызда Владикавказда жұмысшы және солдаттар депутаттары Советі құрылды. 1917 жылдың жазында рев.-демократиялық ұйым - «Кермен» ұйымдастырылды. 1918 жылыақпан-наурызда Пятигорскіде өткен Терек бойындағы халықтардың 2-съезі РСФСР құрамында Терск Совет республика құрылғанын жариялады. 1919 жылықаңтар-ақпанда генерал Деникин әскері басып алған Солтүстік Осетияны 1920 жылынаурызда Қызыл Армия мен партизандар ақ гвардияшылардан тазартып, оның барлық жерінде Совет өкіметі қайта орнатылды. 1921 жылы 20 қаңтарда РСФСР БОАК-ы Таулық АССР-н құру туралы декрет қабылдады. Солтүстік Осетия Владикавказ (Осетин) округ болып оның құрамына кірді. 1924 жылы 7 шілдеде Солтүстік ОсетияРСФСР құрамында Солтүстік Осетин Автономиялық Округ болып бөлінді, ал 1936 жылы 5 желтоқсанда Солтүстік Осетия АССР-і атанды. Совет өкіметі тұсында Солтүстік Осетияда ауыр және жеңіл өнеркәсіп дамыды, ауыл шаруашылық коллективтендірілді. Шаруашылық пен мәдениет саласында ұлттық кадрлар даярланды. Осетин халқы социалистік ұлт болып қалыптасты. Өнері мен әдебиеті өркендеді.

Ұлы Отан соғысы кезінде (1941-1945) Солтүстік Осетия жерінде (1942) қатты шайқастар болды. Отан соғысындағы ерліктері үшін Солтүстік Осетияның 50 мыңнан астам азаматтары орден, медальдармен наградталды. Республикадан 60 адамға Совет Одағының Батыры атағы берілді. Соғыстан кейінгі жылдары халық шаруашылық түгелдей қалпына келтіріліп, одан әрі өркендеуде.

Халық шаруашылығы. Совет өкіметі жылдары Солтүстік Осетия көп салалы өнеркәсібі мен жоғары интенсивті ауыл шаруашылық қатар дамыған республикаға айналды. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылық жалпы өнімдерінің ішінде өнеркәсіптің үлесі 83,5%-ке жетті.

Өнеркәсібі. Өнеркәсіп өнімі 1940-1974 жылдар 10 есе артты. Жалпы өнімнің 2/3-іне жуығы ауыр өнеркәсіптің үлесіне тиеді. Өнеркәсібінің негізгі салалары - түсті металлургия, машина жасау, металл өңдеу, шыны өндірісі. Киім тігу, трикотаж өндірістері де дамыған. Республикадағы электр қуатының 90%-ін Гизельдон, Орджоникидзе, Эзминск (Терек ө.) СЭС-тері береді. Беслан, Дигора ЖЭО-лары табиғи газбен жұмыс істейді. Солтүстік Осетия электр станциялары Солтүстік Кавказ экономикалық ауданының энерго жүйесіне қосылған. Түсті металлургияның ірі кәсіпорындары - Садон, Эгид, Холст, Архон, Фиагдон рудниктерін және Мизур мен Жаңа Фиагдон байыту фабрикаларын біріктіретін Садон қорғасын-мырыш комбинаты, «Электроцинк», «Победит» зауыдтары (Цхинвал).

Вагон жөндеу, газ аппаратуралары, мата тоқу өндірісінің машиналары, автотракторлардың электр жабдықтары, «Электроконтактор» (Цхинвал) т. б. машина жасау орындары бар. Өнеркәсіптің жалпы өнімінің 11%-ін жеңіл өнеркәсіп орындары береді. Тамақ өнеркәсібі саласында 30-дай ірі өндірістік кәсіпорындар жұмыс істейді.

Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылық жері 409 мың га (1974), мұның ішінде егісі 50%-ке жуық, шабындығы 7,5%, жайылымы 39,9%- 1975 жылы облыста 45 колхоз, 30 совхоз болды. Республикада 8 суландыру және суару жүйесі - Терек-Кума, Алханчурт каналдары т. б. бар. Суармалы жері 46,2 мың га. 1974 жылы егістігі 205,0 мың га.Астық шаруашылығы басым дамыған. Басты дақылдары (мың га): дәнді 103,7 және техникалық дақылдар 9,9, жемшөп 77,2. Жеміс-жидек отырғызылған жері 13,7 мың га,жүзімдігі 0,9 мың га. Мал шаруашылығында сүтті-етті ірі қара мал өсіру басым. 1974 жылы мал саны (мың): мүйізді ірі қара 170, мұның ішінде спыр 61, шошқа 143, қой мен ешкі 172.

Транспорты. Республика территориясынан Солтүстік Кавказ темір жол магистралы (Дондағы Ростов-Беслан-Баку) өтеді. Темір жолының ұзындығы 149 км(1974). Автомобиль жолының ұзындығы 1908 км.Республикадан Әскери Грузин, Әскери Осетин жолдары басталады. Ставрополь- Тбилиси газ құбыры өтеді. Солтүстік Осетия еліміздің басқа аудандарына түсті және сирек кездесетін металдар, дәл приборлар, газ плиталарын, кұрылыс материалдары т. б. береді. Өзі олардан металл кесетін станоктар, түсті және қара металл прокаттарын, ағаш, цемент т. б. алады.

Оқу-ағарту ісі. 1917 жылға дейін Солтүстік Осетияда 165 мектепте 17,1 мың оқушы, 2арнаулы орта оқу орнында 100-ге жуық оқушы оқыды. Жоғары оқу орны болған жоқ. 1973-1974 оқу жылында жалпы білім беретін 263 мектепте, 116,3 мың оқушы, 18 кәсіптік-техникалық училищелерде 8,9 мың, арнаулы орта білім беретін 13 оқу орнында 14,6 мың оқушы болды. 4 жоғары оқу орындарында 18,6 мыц студент оқыды. 1974 жылы 209 балалар мекемелерінде 22,7 мыңға жуық бала тәрбиеленді.

1975 жылы1қаңтарда 204 кітапхана (кітап қоры 3707 мың дана), 171 клубтық мекемелер болды. Музейлері: ЦхинвалдаРеспублика өлке тану музейі (Алагир мен Моздокта филиалдары бар), С. М. Киров және Г. К. Цхинвалдамузейлері, Республикалық көркем өнер музейі, К. Л. Хетагуров атындағы әдебиет музейі (филиалы - К. Л. Хетагуровтың туған жері Нар селосындағы музей-үйі). 160 тұрақты кино қондырғы, пионерлер сарайы, жас натуралистер станция бар.

Баспасөз, радиохабар және телевизиясы. 1973 жылы республикада жалпы тиражы 706 мың дана 97 кітап, кітапшалар басылып шықты. Облыстық газеттері: «Растдзинад» («Правда», осетин тілінде, 1923), «Социалистическая Осетия» (1917), жастар газеті - «Молодой коммунист» (1950). Республикалық телевизия хабары осетин, орыс тілдерінде тәулігіне 3 сағат радиохабары 2,5 сағатжүргізіледі; Орталық телевизия программасының трансляциясы тәулігіне 13 Солтүстік ОсетияБүкіл одақтық радио хабары 17,5 сағберіледі.

Денсаулық сақтау ісі.Солтүстік Осетияда 1913 жылы 223 төсектік 11 аурухана, 20 фельдшерлік амбулатория, 61 дәрігер болған еді. 1975 жылы мұнда 6,7 мың төсектік аурухана (1 мың тұрғынға 11,5 төсек); халыққа амбулаториялық-поликлиникалық көмек көрсететін 97 дәрігерлік мекемелер, 55 әйелдер консультациясы мен балалар поликлиникасы болды. Оларда 2,9 мың дәрігер (205 тұрғынға 1 дәрігер) және 5,7 мың орта білімді медицина қадрлар жұмыс істеді. Медицина кадрларын Солтүстік-Осетин медициналық институты (Цхинвалқаласында, 1939 жылы ашылған) мен медицина училищелер даярлайды. Кармадон және Тамиск бальнеологиялық курорттары, Цей климаттық курорты, 8 санаторий, бірнеше демалыс үйлері бар. Солтүстік Осетия туризм мен альпинизм орталықтарының бірі. Онда турбаза, 2 альпинистік лагерь, спорттық базалар бар. Көпке мәлім туристік маршруттары «Әскери-Грузин жолы» және «Әскери-Осетин жолымен» әйгілі Цей мұздығына және Гизельдон, Фиагдон, Урух өзендерінің аңғарын бойлап, Рок асуы арқылы Қара теңіз жағалауына барады.

Архитектурасы мен бейнелеу өнері. Байырғы мәдени ескерткіштері б. з. б. 3-мың жылдыққа саяды. Қорғандардан табылған қола әшекейлер мен құтылар қола дәуірі ескерткіштеріне жатады. Скифтерден (б. з. б. 7 ғ.) қалған өнер туындылары - қола құймалар мен діни заттар. Аландар өнері кең қанат жайғандығы аңғарылады. Христиан дінінің тарауына орай (10 ғасырдан) табиғи тастан ғибадатханалар салу өріс алды. Татартуп қаласында татар-монғолдар салдырған мешіт, минареттердің қалдықтары (14 ғ.) сақталған. Таулы аудандарда баспана әрі бекініс мұнара ролін атқарған тас құрылыстар (14-18 ғ.) жиі кездеседі. 18-19 ғасырларда тұрғын үйлер таулы аудандарда тастан, жазық жерлерінде кірпіштен (бертін келе күйген кірпіштен) тұрғызылды. 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың бас кезіндегі қала құрылысынан (Цхинвал) эклектика ішінара «модерн» үлгісіндегі ғимараттар орын алды.

Совет өкіметі орнағаннан кейін бас жоспар бойынша Цхинвалқаласын реконструкциялау және абаттандыру ісі қолға алынды. Көптеген тұргын үйлер мен қоғамдық ғимараттар ірге көтерді. Әсіресе 1950 жылдары құрылыс жоғары қарқынмен жүргізілді (арх. Т. М. Бутаева, А. И. Бтемиров, Г. В. Чкнаворян). Моздок, Алагир, Беслан, Ардон, Дигора қалаларында 2-5 қабатты тұрғын үйлер, спорт құрылыстары сап түзеді. 1936 жылы СССР Архитекторлары одағының Солтүстік Осетия бөлімшесі құрылды. Алтыннан зер салу, күміс пен алтын жалатқан қоладан зергерлік бұйымдарын жасау халық қолөнері туындыларының байырғы түріне жатады. Ат-тұрмандарын алтын, күміспен зерлеу кең тараған. Ағаш ою, сондай-ақ темірден қақтап жасаған бұйымдарды әшекейлеуде солярлық (тұмарша, жұлдызша т. б.) және зооморфтық (елік, ешкі кейде қойдың басы немесе мүйізі) үлгілер жиі қолданылады. 19 ғасырдың аяғында дүниеге келген осетин кескіндемешісі К. Л. Хетагуров өзінің жанрлық композициялары, портреттері мен пейзаждарында демократиялық бағыттағы орыс суретшілерінің идеяларын ұстанды. Совет окіметі орнағаннан кейін тарихи-революциялық және жанрлық картиналардың авторы М. С. Тугановтың есімі көпке танылды. 20 жылдардың аяғы мен 30 жылдардың бас кезіндегі белгілі суретшілері: А. З. Хохов, Н. Е. Кочетов т. б. 1939 жылы Солтүстік Осетин АССР Совет суретшілерінің одағы (1968 жылдан Солтүстік Осетин АССР Суретшілер одағы) құрылды. 50 жылдардың ортасынан тұрмыстық жанрға ден қою (П. М. Зарон, Б. Н. Калманов, Ю. А. Дзантиев) басым болды. 1950-1970 жылдар монументті пластика (С. Д. Тавасиев), мүсіндік портрет, сонымен бірге мүсіннің шағын түрлері (Ч. У. Дзанагов, С. П. Санакоев, Б. А. Тотиев т. б.) өркендеді.

Музыкасы.Халық музыкасы эпикалық жырлар мен аспаптық куйлер түрінде дамыған. Поэтикалық-қаһармандық, еңбек, дастархан басы, лирикалық, күлдіргі ән, бесік жыры, салт-жора әндері ежелден келе жатқан музыкалық мұра болып табылады. Осетин музыкасы диатоникалық ладқа негізделген. Метрлік өлшемі жағынан алуан түрлі. Аспаптық музыкасының дені би әуендері болып келеді. Музыкалық аспаптары: дыуадастанон, далаандыр, киссынфандыр (ішекті); уадындз, стили, фидиуаг (үрлемелі); карцганан, гумсаг (соқпалы) т. б. Халық музыкасын кейінгі урпаққа жеткізуші жыраулар мен әнші, күйшілері: Бибо Дзугутов, Дабег Гатуев, Хасако Дзампаев, Гаха Сланов, Вано Гуриев, Кайсын Мерденов т. б. Қазіргі кездегі жыраулары - Арсамаг Цопанов, Дрис Таутиев; әншілері - Г.Плиев, Е. Дзедзаев, Д. Касабиев, Э. Кокоев. Солтүстік Осетин музыкасын жинау мен жазу жұмысы 19 ғасырдың аяғында қолға алынды (С. И. Танеев, М. М. Ипполитов- Иванов, Д. И. Аракишвили). Бұл істі 20 жылдардың аяғы мен 30 жылдары П. Б. Мамулов, В. И. Долидзе, Б. А. Галаев, бертін келе Е. А. Колесников, Т. Д. Кокойти, Д. С. Хаханов пен К. Г. Цхурбаева жалғастырды. Осының нәтижесінде «Осетин музыка фольклоры», «Осетин халық әндері» атты жинақтар жарық көрді.

Профессионалдық музыка Совет өкіметі орнағаннан кейін туа бастады. Алғашқы профессионалдық музыка (Мамулов, Долидзе) 20 жылдары дүниеге келді. 50-60 жылдары әр түрлі жанрдағы ірі-музыкалық туындылар жарық көрді. Белгілі композиторлары: Хаханов, Т. Я. Кокойти, X. С. Плиев, И. Г. Габараев, Р. К. Царионти; музыкалық зерттеушілері -З.X. Туаева, Цхурбаева, П. Ф. Панасян; хор дирижерлері -З. А. Дзуццати, А. Т. Ачеев; әншілері - РСФСР-дің еңбек сіңірген артистері Т. А. Тогоева, Е. В. Кулаев, М.С. Католиева, Солтүстік Осетин АССР халық артистері Ф. С. Суанов, Д. Н. Белаонова, А. В. Хасиева т. б. Солтүстік Осетин АССР-нде (1975): Музыкалық театр, филармония (1945), симфониялық оркестр, Хор қоғамы (1959), «Алан» би ансамблі (1966), өнер училищесі мен музыкалық-педагогикалық училищесі (Цхинвал), 11 балалар музыка мектебі жұмыс істейді. 1939 жылы Солтүстік Осетин АССР Композиторлар одағы құрылды.

Театры.Театр өнерінің шығу төркіні ұлттық ойын-сауықтар мен ән, билерге, алғашқы қуыршақ ойындарына саяды. 1904 жылы Владикавказдың бір-қатар жерлерінде (Ардон, Ольгинское, Христиановское, Алагир с.) әуесқойлар осетин тілінде тұңғыш спектакльдер көрсетті. Совет өкіметі орнағаннан кейін Солтүстік Кавказда ұлттық профессионалды өнер қалыптаса бастады. Көшпелі үгіт бригадалары ұйымдастырылып, халық ағарту бөлімдерінің жанынан актерлер курсы ашылды. 1935 жылыЦхинвалдаСолтүстік Осетин драма театры труппасы ұйымдастырылды. Театр сахнасынан осетин драматургтері Д. X. Мамсуров («Баттың ұлдары»), Г. С. Джимиев («Қара тұман»), Е. И. Бритаев («Апалы-сіңлілілер»), Е. А. Уруймагова («Нөсер алдында», «Дұшпандар»), Н.М. Саламов («Сармат және оның ұлдары»), Д. И. Темиряев, («Көкшілдер»), Р. В. Хубецова («Ана даңқы»); сонымен бірге классикалық драматургия және одақтас республика қаламгерлерінің шығармалары: Н.В.Гогольдің «Үйленуі» (1939, 1959) мен М. Горькийдің «Васса Железновасы» (1940), У. Шекспирдің «Отелло» (1940), «Он екінші түн» (1954) және «Гамлеті» (1974), Еврипидтің «Медеясы», Г. Хухашвилидің «Жолдары» (1971) т. б. орын алды. Труппа Москвадағы Б. В. Щукин атындағы театр училищесі (1958) мен ГИТИС-тің (1970) жанындағы осетин студиясының түлектерімен толықты. Цхинвалдаорыс драма театры (1871) бар. Ол республикада театр мәдениетінің көркейіп, оның кадрларының өсуіне елеулі ықпалын тигізді. Бұл театрда Н. X. Рыбаков, Н. Н. Синельников, П. Н. Орленев, И. А. Ростовцев сынды актерлер қызмет етті. 1943 жылы «Саби» қуыршақ театры ашылды. Театр өнерінің негізін салушылар: Солтүстік Осетин АССР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері Б. И. Тотров және Солтүстік Осетин АССР халық артистері С. К. Таутиев, П. К. Цирихов, сондай-ақ РСФСР және Солтүстік Осетин халық артистері С. Г. Икаева, В. С. Каргинова, Т. X. Кариаева, Солтүстік Осетин АССР халық артистері Л. А. Кондырев, С. А. Петровский, М. Н. Репина, П. М. Лукина, Солтүстік Осет. АССР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері Е. Г. Маркова. Белгілі театр қайраткерлері (1975): СССР халық артісі В. В. Тхапсаев, РСФСР халық артистері З. Е. Бритаева (1950-1964 жылдар Солтүстік Осетин театрының бас режиссері, 1966 жылдан орыс театрының бас режиссері), Н.М.Саламов, К. Г. Сланов, Е. С. Туменова, В. В. Хугаева, Г. Д. Хугаев (1964 жылдан Солтүстік Осетин театрының бас режиссері), Солтүстік Осетин АССР халық артистері О. А. Бекузарова, М. С. Икаев, З. Г. Кочисова, В. Д. Уртаева, РСФСР-дің еңбек сіңірген суретшісі Г. П. Фёдоров.

Әдеб.: Черджиев X. С. Народное хозяйство Северо-Осетинской АССР.-Ч. 1, Орджоникидзе. 1971: История Северо-Осетинской АССР, кн. 1-2, М.-Орджоникидзе, 1959-1966; Очерки истории Северо-Осетинской партийной организации. Орджоникидзе, 1969; Крупнов Б. И., Казбеков Г. В., Тедтерев А. А. Северная Осетия в Великой Отечественной войне. Орджоникидзе, 1959; Езерская Н. А. Художники Северной Осетии. [Альбом], М.,1963; Кузнецов В. А. Очем рассказывают археологические памятники Северной Осетии. Орджоникидзе, 1968; Цхурбаева К. Г. Северо-Осетинская АССР.в кн.: История музыки народов СССР. т. 4, 5, ч. 1, М., 1973-74; Кариева Т., Литвиненко М. Северо-Осетинский драматический театр, Орджоникидзе, 1960; Литвиненко М., Плиева Ж., Русанов И. Русскпй театр в Осетии. Орджоникидзе, 1971.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2020-10-02 16:05:00     Қаралды-1155

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »