UF

 

 

Адамның дүниеге келген сәттен әбден қартайғанға дейінгі өмірі мен қызметі физиологиялық тұрғыдан алып қарағанда, өте күрделі әр түрлі нерв процестерінің жиынтығы болып табылады. Нерв жүйесі әлі жеткілікті қалыптаспаған жаңа туған нәрестенің бойынан біз оның өзін қоршаған ортаға деген өте қарапайым реакцияларын байқаймыз. Бұл кезде оның ми қабығы іс жүзінде әлі жұмыс істемейді, ми қыртысына оның әсерін реттеуші жаңа туған нәрестеде жоқ. Сондықтан бұл жағдайда ми қыртысы құрылымының қызметі әрекет етеді. Тыныс алу реттеледі, емшек сору түрінде тамақ қажет етеді, ауырта тітіркендірсе қолын немесе аяғын тартып алып қорғанады, кенеттен күшті жарық түссе, көзін қысады - іс жүзінде мұның бәрі әрбір жануарға тән өмірлік қарапайым инстинктер. Туғаннан пайда болатын мұндай қылықтар туа біткен немесе шартсыз рефлекстер деп аталады.

Міне бала есейе бастады делік. Сөйтіп оның нерв жүйесі, соның ішінде миының қабығы да қалыптасып, дамыған үстіне дами береді. Туа біткен рефлекстер негізінде мінез-құлқында жаңа қылықтар пайда болады. Мысалы, бала тамақ көрсе немесе иісін сезсе тамақ сұрай бастайды. Ол ойын үстінде құрдасы ұрғаннан соң емес, оның ұруға беттеген ыңғайынан байқап-ақ қолын тартып алатын болады.

Уақыт өте келе баланың әдеттері қалыптасады, тілі жетіледі, мінез-құлқы қалыптасады. Ми жарты шарларының қабығы барынша толығырақ дамиды, онда жүріп жататын нерв процестері жетіліп, күрделене түседі.

Қоршаған жағдайларға жақсы бейімделу үшін өмір тәжірибесін пайдалануға мүмкіндік беретін, өмір бойы қалыптасумен болатын бұл дағдылар шартты рефлекстер деп аталады.

Шартты рефлекстер адам мен ми қабығы бар жануарларда ғана пайда болады. Жануарлардың ми қабығы неғұрлым жетілген болса, оларда соғұрлым нәзік те күрделі шартты рефлекстер жасалады әрі ми қабығының өзінен төменде жатқан бөліктерге өтетін ықпалы да күштірек болады.

И.П.Павлов шартты рефлекстердің сыртқы дүние мен организмнің арасындағы байланысты өте-мөте «күрделілендіретінін, нәзіктендіретінін және нақтылайтынып» атап көрсеткен. Біздің әдет-дағдыларымыз да шартты рефлекторлық байланыстарға негізделген.

Шартты рефлекстер негізінде адамда жақсы дағдылар ғана емес, жаман дағдылар да, мысалы, шылым шегу, алкоголизм қалыптасып бекиді. Бұл әдеттердің шығу себептері мен даму жолдарын білген жағдайда, оларға қарсы күресу, алдын алу немесе олардан толық құтылу оңай.

Әдетте, адам бойына бала кезден қалыптасқан гигиеналық дағдылар оған қоршаған ортаның әр түрлі қолайсыз жағдайларына қарсы тұруға көмектеседі. Пайдалы дағдыларға адам кеш үйрене бастаса, онда оларды бойда бекітіп қалыптастыру қиынға соғады.

Өміріңізде конькиді алғаш байлаған кезіңізді есіңізге түсіріңізші. Өзіңізді соншалықты ебедейсіз сезінген жоқсыз ба? Мұныңыз сырттай қараған адамға да күлкілі болып көрінді: екі аяғыңыз екі жаққа тартады, сіз қолдарыңызбен тепе-теңдік сақтауға тырысып сырғанайсыз, құлап қалудан қорқып жолыңызда тұрған кез келген затты ұстауға тырысасыз. Бар ойыңыз қайткенде де құлап қалмау. Бірақ бұл да көмектеспейді, бір, екі, үш... рет құлайсыз. Кейде тіпті қатты соғысып қаласыз. Алайда сіз алған бетіңізден қайтпайсыз, өзіңіздің ебедейсіздігіңізді әзілмен білдірмей күлген боласыз - өйткені сізге жан-жақтан жұрт қарап тұр ғой...

Ал келесі жолы сіз мұздың үстінде сенімдірек тұрасыз. Алғашқыдай емес аз жығылатын сияқтысыз. Арада бір-екі апта өткеннен кейін осы уақыт ішінде үйренген қимылдарыңызды аяқ-қолыңызбен сенімдірек орындай бастайсыз. Ал өзіңізге ақыл-кеңес берген нұсқаушыңыз жақсы болса, онда бір айдан кейін нағыз «байырғы» конькишінің өзі болып шыға келесіз.

Сіз шаршамастан ұзақ уақыт шаңғы да тебе аласыз. Өйткені осыдан аз-ақ уақыт бұрын аяғыңызды әрең алып жүрген едіңіз ғой!

Енді сырғанай жүріп демаласыз, айналаға да тамашалай қарайсыз. Бастапқы кездегідей аяғымды қалай алып жүремін деп ойламайсыз, олар (аяқтарыңыз) сізге үйреншікті болған қимылдарды өздігінен автоматты түрде жасайтын сияқты.

Міне, арада бір, екі, бес, он жыл өтті делік. Осы жылдар ішінде сіз белгілі бір себептермен шаңғы тепкен жоқсыз, мұз айдынына да бармадыңыз делік. Бірнеше жыл өткен соң барып қайта қолыңызға шаңғы таяғын алдыңыз, мұз айдынына бардыңыз. Сонымен не болды? Коньки тебу мен шаңғымен сырғанауды қайтадан үйренуге тура келе ме? Жоқ.

Әрине, алғаш қолапайсыз қимылдап, ебедейсіз жүресіз, бірақ көп ұзамай-ақ сіз қырбық қар түскен орманға шаңғының ізін қалдырып немесе айнадай жалтыраған мұз айдынының бетіне өрнекті қайтадан еркін әрі өте жеңіл салатын боласыз.

Жас кезіңізде шаңғы мен коньки тебуді үйренгенде қалыптасқан дағдыларыңыз есіңізге түсіп, қайта көрініс бсреді. Бірақ ол кездегідей «шебер» болмасаңыз да өзіңізді жаңа үйренушідей де сезінбейсіз - сізге негізгі қимыл-қозғалыстар белгілі - бойыңызда шартты рефлекс қалыптасқан болатын. Тек оны бекіту ғана керек. Ол үшін өзіңізге үйреншікті қимыл-қозғалыстарды әр кез қайталап әрі күрделілендіре, жүйелі түрде жаттығу қажет.

Жаттығу шартты рефлекстер принципіне негізделетіндіктен, физиологияның бұл мәселесі, әсіресе физкультурамен үнемі айналысатын адамдарды қызықтыруға тиіс.

Дене шынықтыру организмнің өзінде бар потенциалды күштерді пайдалануға мүмкіндік береді. Бірақ бұл күштерді қолдану организмді, соның ішінде оның нерв жүйесін қалай болса, солай емес, катаң тәртіппен шынықтырғанда ғана мүмкін болады.

Өйткені физкультура - дене тәрбиесінің жүйесі мен оны жүзеге асыруға қажет арнаулы ғылыми білімдер жүйесі кіретін адамның жалпы мәдениетінің бір бөлігі. Сондықтан адам организмінің жұмыс істеу заңдылығын білмей тұрып, дене тәрбиесін де дұрыс жолға қою мүмкін емес.

Жоғары нерв қызметінің проблемаларына көп жылдарын арнаған И. П. Павлов пен оның шәкірттері ми жұмыс істейтін негізгі заң-қозу мен тежелу процестерінің үйлесімі екенін анықтаған. Адам мен жануардың жеке өзіне ғана тән психикалық ерекшеліктері бұл процестердің қалай өтетіндігі мен олардың мидың қай бөлігінде басым болатындығына байланысты.

Шартты рефлекстердің пайда болуына түрткі болатын қозу мен тежелу процестерінің сипаты әр адам мен әр жануарда әр түрлі болады.

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2016-09-29 16:09:32     Қаралды-23380

ЖҰЛДЫЗДЫҢ ҚҰЙРЫҒЫ БОЛА МА?

...

Кейде аспан әлемінде өзгеше бітімді «құйрықты» жұлдыздар пайда болады. Оларды ғылым тілінде комета деп атайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АБЫЛАЙ ХАН

...

Абылай хан (1711-1781 жж.) - қазак халқының әйгілі ханы, Қазақстан тарихындағы аса белгілі мемлекет қайраткерлерінің бірі. Қазақ мемлекетінің пайда болуы мен өркендеуі және сыртқы саясаттағы жеңістер оның есімімен байланысты.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДАУЬІЛ

...

Дауыл - стихиялық апаттардың қауіпті түрлерінің бірі, ол халық шаруашылығына орасан зор зиян келтіріп, кейде адамдар арасында құрбандықтар тудырады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КОНЬКИ ТЕБУ СПОРТЫ ТАРИХЫНАН

...

Көк мұз үстіндегі ұстараның жүзіндей коньки самғау кімді болса да елеңдетпей қоймайтыны баршаға аян сезім.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ГАЛЛЕЙ КОМЕТАСЫ

...

ГАЛЛЕЙ КОМЕТАСЫ - эллипстік орбитасы тұңғыш рет есептеліп шығарылған және оның Күнге қайтып оралатын уақыты анықталған жарық комета.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БҰЖЫ - ТІЛ ҮЙІРЕР ДӘМДІ АС

...

Жаңа сойылған малдың іш майы, өкпе–бауыр, ішек–қарны, етті мүшелегенде түскен кесінді еттер ұсақтап туралады (қазіргі кезде ет тарқыштан өткізіледі).

ТОЛЫҒЫРАҚ »