UF

ГЕНОМ (нем. gеnоm, ағыл. gеnоmе) - оқшауланған гендері бар гаплоидты хромосомалардың немесе кең мағынада жеке организмнің генетикалық жүйесі. Диплоид организмдер гаметасында, сондай-ақ гаплоид организмдер клеткасында біргеном, диплоид организмдердің соматикалық клеткаларындаекі геном болады. Клетканың плоидтығы өскен сайын геном саны да өседі. Ұрықтанған кезде әрқайсысында хромосома жиынының сыңары бар аталық және аналық гаметалардың геномдары қосылады, әдетте бұл геномдар сәйкес (гомологты) болады. Әр хромосомада тізбектеліп орналасқан гендердің өзара дәл келуін екі геномның сәйкестігі деп айтады. Мұндай сәйкестікмейоз кезінде хромосомалардың коньюгация процесінің дұрыс өтуін қамтамасыз етеді. Туыстығы қашық гибридтерде барлық геномдар немесе бірнеше геномдар арасында сәйкестік болмайды. Хромосома санының езгеруі (мыс., полиплоидиялану, хромосома санының өсуі не бір хромосоманың жойылуы) геномдық мутация деп аталады. Мұндай мутация нәтижесінде соматикалық клеткаларда хромосома саны үш не төрт еселенген организмдер - үш және тетраплоидтар пайда болады. Біргеном организмде бірнеше рет қайталанса, ондай орғанизм автополиплоид, ал әр түрлі геном біріккен организм аллополиплоид деп аталады. Мыс., қатты бидайдың - 14, жұмсақ бидайдың - 21, дара дәнекті бидайдың - 7 гаплоид хромосомасы болады. Будандастыру және мейоз кезіндегі хромосома коньюгадиясын зерттегенде 7 хромосомды біргеном ушеуінде де (геном А); қатты және жұмсақ бидайда 7 хромосомалы екі ортақ (А, В), ал бұған қоса жұмсақ бидайда 7 хромосомалы тағы бір геном (Д) болатыны анықталған. Сөйтіп, дара дәнекті бидайдың геномдық формуласы АА, қаттысынікі ААВВ, жұмсағынікі - ААВВДД болады. Эксперименттікамфидиплоид будандар алу үшін ата-тегі алшақ организмдерді будандастыру кеңінен қолданылады. Мыс., жұмсақ бидай мен қара бидайдың арасынан шыққан 56 хромосомалы (42 хромосома бидайдікі, 14-і қара бидайдікі) будан алуға болады. Ғылыми зерттеулермен көптеген екпе өсімдік түрлерінің табиғи амфидиплоидтар екені анықталған. Мыс., сұлы, мақта, темекі, алқоры т. б. амфидиплоидтығы дәлелденген. Организм эволюциялық сатыда неғұрлым жоғары тұрса, солгұрлым олардың геномында ДНК көбірек болады. Геном терминін 1920 жылы неміс биологы Г. Винклер ұсынған.

Әдеб.: Қазақ совет энциклопедиясы. -Т.1. -Алматы, 1975 ж. -126 с.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2021-08-09 12:59:13     Қаралды-5948

«Жер-қар кесегі» гипотезасы: ертеректе Жерді мұз жауып тұрған

...

Геофизиктер 2,4 миллиард жыл бұрын Жер бетінің орташа температурасы 40 градус Цельсийдан аспайды деп бір қорытындыға келді

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕНТАУ

...

Кентау - Оңтүстік Қазақстан облысындағы өнеркәсіпті қала. Шымкент қаласынан солтүстік-батысқа қарай 190 км жерде, Қаратаудың оңтүстік беткейіндегі сұр топырақты шөл белдемінде орналасқан.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭЛЕКТРОНДАР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Электрон» сөзі грек тілінен «янтарь» деп аударылған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖАН-ЖАНУАРЛАРҒА ҚҰЙРЫҚ НЕГЕ КЕРЕК?

...

Жаздыгүні жылқылар мен сиырларға, ал Африкада антилопалар мен зебрлерге маса, шыбын, бөгелек, сона дегендер жабылады-ай кеп.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮРЕС ӨНЕРІ ТАРИХЫНАН

...

Күш атасы атанған балуандык өнер - спорт сүйер қауымның ең қадірлісі десек, қателеспейміз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

«АССОРТИ» РАХАТ-ЛУКУМЫ

...

Бұл - жеміс мармелады сияқты тағам. Бетіне қант ұлпасы себіледі. Формасы төрт бұрышты болады. Ылғалдылығы – 17-19 процент.

ТОЛЫҒЫРАҚ »