UF

ГЕН ЛОКУСЫ. Хромосомада не хромосома картасында геннің оқшауланған орны. Аллельді гендер бірдей локуске орналасады. Ген локусы физиологиялық хромосоманың құрылысына, әрекетіне белгілі генетикалық әсерін тигізеді. Локустағы өзгерістер әр түрлі аллельдердің пайда болуына себепкер болады. Ген локустарын генетикалық және цитологиялық әдістермен анықтайды. Бір түрге немесе бірнеше түрге жататын организмдерде биологиялық, физиологиялық процестердің өтуін қамтамасыз ететін не ықпалын тигізетін бірдей ген локустарын гомологиялы локустар деп атайды. Бірімен-бірі тығыз тіркескен көптеген гендерден тұратын күрделі локустар да кездеседі. Белгінің дамуына әсері бар гендер - тізбекті локустар не тізбекті реакциялы локустар деп аталады. Ген локусы термині 1915 жылдан қолданыла бастады.

Әдеб.: Қазақ совет энциклопедиясы. -Алматы, 1975 ж. -Т.1. -С.63.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2021-07-22 12:14:23     Қаралды-845

БІЗДІҢ ПЛАНЕТА ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Біздің планетамыз шамамен 4,5 миллиард жыл бұрын пайда болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТӘТТІЛЕР РЕЦЕПТІЛЕРІ

...

Дастарқанын түрлендіре түскен қыз-келіншектеріне үмітпен тіске басар тәттілер - торт, печенье, пирогтар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АҚТАМБЕРДІ САРЫҰЛЫ

...

Ақтамберді Сарыұлы (1675-1768) - жырау, қолбасшы, дипломат. Ол Оңтүстік Қазақстан облысы Қаратау маңында дүниеге келген. 17 жасынан әскери жорықтарға қатысып, парасаттылығымен, батырлығымен көзге түседі. «Күмбір-күмбір кісінетіп», «Уа, қарт Бөгембай», «Ей

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚЫЗЫЛ ІРІМШІК – КӨШПЕЛІЛЕРДІҢ ТАҒАМДАРЫНЫҢ БІРІ

...

Сүттен жасалатын тағамдардың ішінде жасалуы оңай, тамақтық қуаты мол, берекелі, ұзаққа сақталатын тамақтың бірі - ірімшік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БАЛҚАЙМАҚ

...

Үн түсі алтындай сарғайғанша шала қуырылады. Содан соң оған қаймақ, бал қосып, араластырылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КОСМОНАВТҚА СКАФАНДР НЕГЕ ҚАЖЕТ?

...

Мінеки, ғарыш кеме ұшатын жерге автобус келіп тоқтайды. Одан түсіп жатқан ғарышкерді бірден танисың: кигендері – скафандр, ғарышқа ұшуға лайықталған арнаулы киім.

ТОЛЫҒЫРАҚ »