UF

КОСМОНАВТҚА СКАФАНДР НЕГЕ ҚАЖЕТ?

Категориясы: Ғарыш


Мінеки, ғарыш кеме ұшатын жерге автобус келіп тоқтайды. Одан түсіп жатқан ғарышкерді бірден танисың: кигендері – скафандр, ғарышқа ұшуға лайықталған арнаулы киім. Ғарышкерлер лифтімен тікұшағының ұшар биігіне дейін көтеріледі, сол жерде оларды ғарыш кемесі күтіп тұр. Олар кемеге кіріп, жұмсақ орындыққа жайғасады да, белдіктерін байлайды.

Сәлден соң «скафандры тексеріңдер» деген бұйрық беріліп, скафандры тексері басталады:  барлық ілгектер мен айылбастар бекітілді ме, қолғап қолға шақ па, бастағы дулыға дәл ме! Радио қалай жұмыс істеп тұр? Скафандрдың «жылу беру жүйесі» дұрыс істей ме? Скафандрдың ішінде еркін тыныстауға бола ма? Ақыры бәрі ойдағыдай болып шығады!

Ғарышкерлер:  «скафандрды тексеру аяқталды» - деп баяндайды да, беттеріне мөлдір пердені түсіреді. Енді ұшуға болады...

Мұндай тиянақтылықтың кажеті қанша? Корабль берік, сенімді, кіретін есік тығыз жабық емес пе? Ендеше оның ішінде неге жай киіммен жүре бермеске?

Жоқ. Олай жүре беруге болмайды. Кеменің кабинасына метеорит тиіп, оны тесіп өтті делік. Мейлі «ғарыш оғы» тескен тесік кіп-кішкентай, тіпті иненің жасуындай болсын, алайда оның тигізер зияны орасан! Кеме ішіндегі күллі ауа иненің жасуындай әлгі тесіктен қасқағым сәтте-ақ сыртқа шығып, ғарыш кеңістігіне тарап кетеді де, адамдар тұншыға бастайды. Ал егер ғарышкерлер скафандр киіп отырса, ешқандай қауіп жоқ, өйткені скафандрдың ішінде ауаның артық қоры сақталады.

Немесе баска бір күтпеген кездейсоқ оқиға - кеме іші суытып кетті делік. Үрейленетін ештеңе жоқ! Ғарышкер скафандрдағы бір тетікті баса қойса болғаны, ол жылытқышқа айналады. Ал егер ыстық болса ше? Онда скафандрды шешпей-ак оның ішін желдетіп алуға болады. Дулығаның әйнегі терлеп кетсе? Киім дымқыл тартса? Басқа бір тетікті баса қойыңыз, скафандр лезде кұрғап шыға келеді.

Ал егер ешқандай кездейсоқ ауытқулар болмай, ғарышкерлер космостағы үйлеріне аман-есен жетсе, ол жерде скафандрдың керегі бар ма? Әрине, бар.

Космонавтарға ашық кеңістікке шығуға тура келеді: станцияны сыртынан көріп бақылаулар жасау керек. Сонда қайтпек? Жерде қыстыгүні суықтан қорғану үшін адамдар тон кисе, жазда жеңіл киіммен жүреді. Ал ғарышта үскірік аяз бен аптап ыстық қатар болып отырады: күннің көзінде - кайнаған ыстық та, көлеңкеде - қақаған суық. Мұндайда жан сақтайтын жалғыз амал - скафандр! Оның ішінде ыстық та, суық та емес, ауаның қысымы бір қалыпты, тыныстауға жеңіл. Егер күн шақырайып, көз қарыса бетке жеңіл перде түсіріп қоюға болады. Скафандр радиомен жабдықталған, сондықтан космонавт корабльден қанша алыстап кетсе де, ол корабль ішінде калған жолдастарымен еркін сөйлесе алады. Олар бірін-бірі өте жақсы естиді.

Мінеки, космонавтардың киімі қандай!

Жалпы скафандрды киім демей, жеке кабина деп атаса әлдеқайда дұрысырақ болар еді. Тек бұл кабина металдан емес, жұмсақ, берік әрі сенімді материалдан адамның бойына шақтап тігіледі.

  Жарияланған-2016-08-25 15:41:45     Қаралды-14797

Мәлімет сізге көмек берді ма

МҰНАЙДАН НЕ ЖАСАЛАДЫ?

...

Шикі мұнай іс жүзінде қолданылмайды. Ол тазартылады және өңделеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ӨШІРГІШ НЕЛІКТЕН ӨШІРЕДІ?

...

Алдына қағаз жайып, қолына қарындашты алса болғаны, көп кешікпей-ақ бір тамаша сурет дайын тұрады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ІЛЕ АЛАТАУЫ ҰЛТТЫҚ ТАБИҒАТ САЯБАҒЫ

...

Іле Алатауы ұлттық табиғат саябағы - Алматы қаласы іргесіндегі Алматы тау жотасында орналасқан. Саябақ табиғи кешендерді, жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін түрлерін қорғау мақсатында 1996 жылы құрылған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЗЫМЫРАН АСПАНҒА АТЫЛДЫ

...

Зымыран - әзірше Жердегі ең жедел транспорт. Мұның себебі зымыраның двигателі ерекше - реактивті болғандықтан.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮНЖІТ ГРИЛЬЯЖЫ

...

Бұл - күнжіт дәні мол салынған карамель сияқты тағам.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖАҢҒЫРЫҚ ҚАЙДА ТЫҒЫЛҒАН?

...

Шынында да, қызық, біздің ормандағы, таудағы, бос бөлмедегі айқайымызға құдды мазақ қылғандай қайталап үн қататын кім?

ТОЛЫҒЫРАҚ »