АҚТАМБЕРДІ САРЫҰЛЫ
Категориясы: Адамдар
Ақтамберді Сарыұлы (1675-1768) - жырау, қолбасшы, дипломат. Ол Оңтүстік Қазақстан облысы Қаратау маңында дүниеге келген. 17 жасынан әскери жорықтарға қатысып, парасаттылығымен, батырлығымен көзге түседі. «Күмбір-күмбір кісінетіп», «Уа, қарт Бөгембай», «Ей, азаматтар, шоралар» «От орны отаудай» т.б. толғаулары қазақ әдебиетінің алтын қорына енген. Ақтамбердінің бір топ толғауларында («Жеңіме жамау түскенін»,«Атадан тудым жалқы боп», «Жасымда көрген қорлығым») жалғыздық, жетімдік мехнаттары көрініс берсе, кейбір өлеңдерінде («Жауға шаптым ту байлап», «Салпаң да салпаң жортармын», «Көк көгершін, көгершін») батырдың өмірлік мақсат-мұраты аңғарылады. Ақтамберді өзі өмір сүрген дәуір шындығын, әлеуметтік теңсіздік көріністерін «Жағалбай деген ел болар», «Жел, жел есер, жел есер», «Түйе мойнын тұз кесер», «Ағайының көп болса», «Мал басы өскен адамның» т.б. толғауларында шынайы бейнелейді. Ақтамберді толғаулары мен жырлары С.Мұқановтың «Қазақтың XVIII-XIX ғасырдағы әдебиетінің тарихынан очерктер» кітабына, «Ертедегі әдебиет нұсқалары», «Алдаспан», «XV - XVIII ғасырдағы қазақ поэзиясы», «Бес ғасыр жырлайды» жинақтарына енген.
Жарияланған-2015-11-24 16:44:31 Қаралды-9840
ӘЛЕМНІҢ БЕСІНШІ МҰХИТ, ОЛ ҚАНДАЙ МҰХИТ?
Дүние жүзінде Атлант, Тынық, Үнді, Солтүстік Мұзды мұхиттардан басқа және олардың бәрінен де үлкен бір мұхит бар.
«АССОРТИ» РАХАТ-ЛУКУМЫ
Бұл - жеміс мармелады сияқты тағам. Бетіне қант ұлпасы себіледі. Формасы төрт бұрышты болады. Ылғалдылығы – 17-19 процент.
ЖАҢҒАҚ ДӘНІ САЛЫНҒАН ҚУЫРМА (печенье)
Өсімдік майынан, қанттан, жаңғақтан, ұннан және цедра мен жарты лимонның шырыны қосылып қамыр иленеді. Ол төрт-бес бөлікке бөлініп, жарты сантиметрдей қалыңдықта жайылады.
ЕСТУ ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР
Есту қабілетінің арқасында біз айналамыздағы әлем туралы орасан зор ақпарат аламыз.
ҚЫТАЙДЫҢ ШАЙ ЖАСАУ ТӘСІЛІ
Қытайда шай өсірілген бірнеше ғасырдың ішінде құрғақ шайды қарапайым қайнатудан бастап, шай экстрактысын ілезде ыстық суда ерітуге дейін шай демдеудің талай әдістері сынақтан өткізілді.