UF

ҰРЫҚТАНУ

 

Ұрықтану дегеніміз аналық және аталық гаметаларының - гаплоидты хромосомалар жиынтығының қосылу процесі болып саналады. Ұрықтанған жұмыртқа клетка зигота деп аталады. Зигота диплоидты болады, өйткені ол екі гаплоидты гаметалардың қосылуы нәтижесінде түзіледі.

Зигота ядросындағы хромосомалардың барлығы жаңадан жұптана бастайды; гомологиялық хромосомалардың әрбір жұбында бір хромосомасы атасынікі де, екіншісі анасынікі болады. Демек, организмдердің әр түрінің сома клеткаларына тән диплоидты хромосомалар жиынтығы тек ұрықтану кезінде ғана қалпына келеді.

Ұрықтанудың ізінше-ақ ДНҚ синтезделеді, хромосомалар екі еселенеді де зигота ядросының бірінші бөлінуі басталады, бұл митоз жолымен жүзеге асып, жаңа организм дамуының бастамасы болып саналады.

Өсімдіктерде аналық және аталық гаметалардың дамуы мен ұрықтануы жануарлардағы сияқты аналық және аталық жыныс мүшелерінде өтеді.

Жабықтұқымды (гүлді) өсімдіктердің тұқымының ұрықтануы мен дамуын қарастырып көрейік. Гүлде споралар түзіледі (жыныссыз көбею), гаметалар пайда болады (жынысты процесс), ұрықтанады, соның нәтижесінде тұқым мен жеміс қалыптасады.

Жабықтұқымды өсімдіктердің аталық гаметалары аз қозғалады, оны сперма (аталық гамета) деп атайды. Жұмыртқаклетка қозғалмайды және ол тұқым бүршігінде болатын ұрық қапшығында түзіледі. Ұрық қапшығында гаплоидты жұмыртқаклеткадан басқа тағы бір диплоидты клетка болады, ол ұрықтануға қатысып, тағы бірнеше гаплоидты клеткалармен бірге ұрық қапшығының дәл ортасында жатады.

Аталық гаметалар тозаңқаптың тозаң дәнінде (аталықта) дамиды. Тозаң түтікшелері арқылы аталық гаметалар ұрық қалтасына жеткізіледі де сол арада ұрықтану процесі жүреді. Тозаң түтікшесінде екі аталық гамета болады. Тозаң түтікшесі ұрық қалтасына енген кезде аталық гаметалардың біреуі жұмыртқаклеткасына қосылып, диплоидты зигота түзіп, одан барып ұрық дамиды. Екінші аталық гамета диплоидты орталық клеткамен қосылады, соның нәтижесінде триплоидты ядролы жаңа клетка, үш хромосома жиынтығы бар жаңа клетка пайда болады. Одан тұқым эндосперімі дамиды. Жабықтұқымдылардың бәрінде болатын мұндай жан-жақты жыныстық процесс қосарлы ұрықтану деп аталады. Оны 1898 жылы С. Г. Навашин ашты.

Сурет - Жануарларда ұрықтану сатысы мен жұмыртқаклеткасының бөліне бастау жүйелілігі

Сурет - Жабықтуқымды өсімдіктердің қосарынан ұрықтануы

 

Жабықтұқымды өсімдіктердің қосарлы ұрықтануының биологиялық мәні - жұмыртқаклетка ұрықтанғаннан кейін ғана эндосперма дами бастайды. Жабықтұқымдылардың триплоидты эндоспермасы дамып келе жатқан ұрыққа қоректік заттар қоры болып есептеледі. Сондай-ақ ол аналық және аталық организмдердің тұқым қуалау белгілерін сактайды.

Партеногенез - ұрықтанбаған жұмыртқадан организмнің дамуы. Партеногенез табиғатта өсімдіктер мен жануарлардың көптеген түрлерінде кездеседі. Мысалы, өсімдіктер арасында ол бақбақ пен қаршығаотта болады. Жануарлар арасында партеногенез зымырақтар, тұздылау суда кездесетін шаян артемий, тұщы суда болдтын тармақмұрт шаян-дафния, шөгі бітесінде, бал араларда кеңінен таралған. Баларалар үйірінде трутеньдер (аталық балара) партеногенез арқылы дамиды.

Әдебиет: Жалпы биология. Алматы, 1991. -Б.126-128.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2020-11-13 16:53:20     Қаралды-3546

БАЛЫҚТАР ҚАЛАЙ КӨРЕДІ?

...

Балықтар табиғаты бойынша алыстан көрмейді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕСКЕКШІЛЕРІ СПОРТЫ ТАРИХЫНАН

...

Ескекті қайықпен серуендеу, саяхатқа шығу, жихангерлік адам баласының ерте заманынан-ақ меңгерген кәсібі деуге әбден болады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТАУ ЖЫНЫСТАРЫ

...

Жердегі геологиялық процестер нәтижесінде пайда болып, жер қыртысының жеке геологиялық денелерін құрайтын табиғи минералды заттар. Тау жынысының құрамы оны түзетін минералдардың мөлшерімен анықталады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕСКЕРТКІШ

...

Салт аттының тегеурінді қолы құз-құяның ұшар басына жете бере асаудың басын әзер тартып тоқтатты. Екінші қолын алыс қиырларға қарай сілтепті.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҮШТІКЕНДІ ГЛЕДИЧИЯ – АСҚАЗАНҒА ШИПА

...

Гүл тостағаншасы жартысына дейін біріне-бірі жабысқан 5 қалақша.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ГАЛАКТИКА ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Ежелгі гректер бұл жұлдыздар шоғырын Галактика деп атаған, ол Құс жолы дегенді білдіреді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »