UF

Түр. Популяция

 

Түр критерийлері. Тұқым қуалауда морфологиялық, физиологиялың және биохимиялық, ерекшеліктері ұқсас, еркін будандасып, өнімді ұрпақ беретін, белгілі тіршілік жағдайларына бейімделген және табиғатта белгілі аймақты - ареалды алып жататын особьтар жиынтығын түр деп есептейді.

Бір түрден екінші түр көптеген белгілері бойынша ерекшеленеді. Түрге тән белгілер мен қасиеттер критерий деп аталады. Түрдің бірнеше критерийлері болады.

Морфологиялык, критерий бір түр особьтарының сыртқы және ішкі құрылыс ұқсастығына негізделген. Бірақ кейде түр ішіндегі особьтардың өзгергіш болып келетіні сондай, түрді тек морфологиялық критериймен ғана анықтауға мүмкіндік болмай қалады. Сонымен бірге морфологиялық жағынан ұқсас та түрлер болады, алайда бұл түрлердің особьтары өзара будандаспайды. Бұлар - түр-қосарлары, зерттеушілер бұларды жүйеге бөлінген топтардың қай-қайсысынан болса да кездестіріп, ашуда. Мысалы, қара егеуқұйрықтың екі түр-қосары - 38 және 42 хромосомалы түрлері бар. Бұрын тек бір ғана түр деп есептеліп келген безгек масасының 6 түр-қосары ашылды. Сөйтіп, бір ғана морфологиялық белгілермен түрді бөліп көрсетуге болмайды.

Генетикалык, крйтерий бұл түрлердің әрқайсысына тән хромосомалар жиынтығы, олардың саны, мөлшері мен пішіні қатаң белгіленген. Бұл - түрдің басты белгісі. Әр түрге жататын особьтардың хромосомалар жиынтығы түрліше болғандықтан, олар өзара будандаспайды және табиғи жағдайда бірінен-бірі оқшау қалады.

Бір түр особьтарында тіршілік әрекеттерінің бүкіл процестерінің ұқсастығы, ең алдымен көбею ұқсастығы, физиологиялык, критерий негізіне жатады. Әр түрлердің өкілдері әдетте будандаспайды немесе ұрпағы бедеу болады. Түрлердің будандаспауы жыныс мүшелері кұрылысының, көбею мерзімдерінің әр түрлілігімен және басқалармен түсіндіріледі. Алайда табиғатта будандасып, өнімді ұрпақ беретін де (канарейкалардың, қалтырауық шымшықтардың, теректердің, талдардың кейбір түрлері) түрлер бар. Демек, особьтардың қай түрге жататынын анықтау үшін физиологиялық критерий жеткіліксіз.

Географиялык, критерий- бұл түрдің табиғатта орын тебетін белгілі ареалы. Оның үлкен немесе кіші бөлек-бөлек те, тұтас та болуы мүмкін. Жер-жердің барлығына, көбінесе адамның іс-әрекетіне байланысты таралған (арамшөптердің, зиянды бунақ- денелілердің көптеген түрлері) түрлері де бар. Сөйтіп географиялық критерий де шешуші белгі бола алмайды.

Экологиялық критерийдің негізі - бұл түр тіршілік ететін сыртқы орта факторларының жиынтығы. Мысалы, усарғалдақ шабындықтар мен егістіктерде таралған; ылғалы молдау жерлерде сұлама сарғалдақ өседі; өзен мен тоспалар жағасынан батпақты жерлерден күйдіргі сарғалдақты (ширақ сарғалдақ) кездестіруге болады.

Ғалымдар қазіргі кезде басқа түр критерийін жасады, олар түрдің органикалық дүние жүйесіндегі (белоктар мен нуклейн қышқылдарын ажырату бойынша) орнын дәл анықтауға мүмкіндік береді.

Түрді анықтау үшін қандай да болсын бір-ақ критерийді пайдалану жеткіліксіз, тек бірін-бірі өзара дәлелдей түсегін критерийлер жиынтығы ғана түрге дұрыс сипаттама бере алады.

Популяция - эволюция өлшем бірлігі. Қез келген түрдің особьтары ареалға біркелкі болмай, ойдым-ойдымдалып, яғни бір жерде жиі, екінші жерде сирек болып, кезектесе таралады. Батыс Сібірдің орманды-дала аймағында, далада қайың ну тоғай, орман болып - ойдымдалып таралған. ТМД-нің европалық бөлігіндегі орта алқапта қалың өскен қайыңдар кездеседі. Таза қайыңды орманның 1 км2 аумағында мыңдаған, ал аралас ормандарда жүздеген ағаштар өседі. Мұндай қалың өскен ағаштарға шабындық араласады, оның 1 км2 аумағынан анда-санда бір-ақ қайың көруге болады.

Ареалда бір түр особьтарының біркелкі таралмауы әртүрлі учаскелерде (микроклимат, азықтық объектілер, топырақ, басқа түрлер және т. б.) қалыптасқан тіршілік жағдайларының түрліше болуына байланысты. Тіршілігі сүректі өсімдіктерге байланысты түрлер орманды ареалдарға орналасады. Европа көртышқандарының колониясы орман шеттері мен шабындықтарда кездеседі, күйдіргі қалайқай арықтарды бойлап, бауда, жол жиегінде өседі.

Кез келген түрдің особьтары жеке дара қалмай, топтасып тіршілік етеді; мұндай топтардағы особьтар арасында ұзақ уақыттар бойы күрделі өзара қарым-қатынастар қалыптасады. Ареалдың белгілі бөлігінде ұзақ тіршілік етіп, еркін будандаса алатын бір түр особьтарының сол түрдің басқа жиынтығынан салыстырмалы түрде оқшауланған жиынтығын популяция деп атайды.Бұл түрдің сол формада тіршілік ететін қарапайым құрылымы.

Сонда особьтарды бір популяцияға не біріктіреді? Негізгі біріктіруші фактор - бұл особьтардың бірімен-бірінің еркін будандасуы. Бір популяцияның особьтары тіпті сол түрдің көршілес популяциясының особьтарымен салыстырғанда барлық қасиеттері және белгілері бойынша өте ұқсас болып келеді. Қөршілес популяциялар особьтарының арасындағыларға қарағанда популяция ішіндегі әртүрлі жынысты особьтардың кездесу мүмкіндігі едәуір жоғары болады.

Популяциялардың араласып кетуіне әртүрлі кедергілер бөгет жасайды: географиялық кедергілер - тау, өзен, теңіз, климат, топырақ, биологиялық кедергілер - жануарларда, мысалы, жыныс мүшелері құрылысындағы, шағылысу және ұя жасау мерзіміндегі, ін және ұя салу инстинктіндегі, шағылысу кезіндегі мінез-қылығындағы, өсімдіктерде - гүлдеу және тозаңдану кезеңіндегі, тозаңның өсіп жетілу жылдамдығы, тозаңдандырғыш бунақденелілер қатысындағы кейбір ерекшеліктер. Популяциялар туралы айтылғандардың барлығы ең алдымен қос жынысты жануарлар мен айқаспалы тозаңданатын өсімдіктерге қатысты.

Бір түр популяциялары арасындағы айырмашылықты мына мысалдан жақсы көруге болады. Қәдімгі алабұғаның кең тараған түрі үлкен көлдерде екі популяция түзеді. Популяцияның біреуі жағаға таяу аймақта тіршілік етігі, особьтары ұсақ жануарлармен қоректенеді, баяу өседі. Популяцияның екіншісі суда тереңірек мекендеп, особьтары балықтармен және солардың уылдырығымен қоректенеді, тез өседі.

Популяцияда үнемі тұқым қуалау өзгерістері пайда болады. Олар будандасу нәтижесінде популяцияда таралып, оны қанықтырады, ол әртекті бола бастайды. Популяцияда тіршілік үшін күрес, сондай-ақ табиғи сұрыпталу әрекет етіп, соның арқасында тірі қалады және тек сол өзгерген жағдайға пайдалы особьтар ғана ұрпак қалдырады. Сөйтіп, популяция эволюцияның өлшем бірлігі болып саналады.

 

Әдебиет: Жалпы биология. Алматы, 1991. -Б.14-15.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2020-11-03 13:44:07     Қаралды-2821

НЕЛІКТЕН ТІСТЕРІҢІЗДІ ТАЗАЛАУ КЕРЕК?

...

Тістерді сау ұстау үшін оларды тазалау керек.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТАҢҚУРАЙ ТҮРЛЕРІН ӨСІРІП, ӨНІМ АЛУ ЖОЛДАРЫ

...

Таңқурай жартылай бұталы көпжылдық өсімдік болып есептеледі. Жабайы түрде азғана болса да келең-келі жерлерде жақсы өседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БАДАМ ТҮТІКШЕЛЕР

...

Ішіне бадам дәні салынған қамырдан жасалатын тағам осылай деп аталады. Қамырды дайындау әдісі, оны бөлу жолдары, сондай-ақ температурасы мен ылғалдылығы жаңғақ түтікшелерін жасағандағыдай. Ішіне салу үшін бадам пайдаланылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚОЙБҮЛДІРГЕННЕН ӘР ТҮРЛІ ТАҒАМДАР ЖАСАУ

...

Қойбүлдіргеннің жидегі - бағалы тағамның бірі. Оның құрамында адам денсаулығына қажетті заттар көп. Жидегінің хош иісі, тәтті дәмі болады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЛТАЙ АЙМАҒЫ

...

Алтай аймағы, негізінен, Шығыс Қазақстан облысы аумағын алып жатыр. Жер бедерінің басым бөлігі таулы-қыратты келеді. Оның солтүстік-шығыс шекарасы Алтай тауларының Көксу, Қатын, Көкжота, оңтүстігі — Сауыр-Тарбағатай, Сарымсақты, Нарын, Күршім, батысы Қалб

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ОРЫНБОР

...

1920 жылы Кеңес Үкіметінің басшысы В.И.Лениннің жарлығы бойынша Орынбор қаласында съезд өтті. Онда Қазақстанның жеке автономиялы мемлекет болғандығы жарияланды. Автономиялы республика деп үлкен федеративті мемлекеттің құрамындағы елді айтады. Сөйтіп, қаза

ТОЛЫҒЫРАҚ »