UF

АЛТАЙ АЙМАҒЫ

Категориясы: Табиғат


Алтай аймағы, негізінен, Шығыс Қазақстан облысы аумағын алып жатыр. Жер бедерінің басым бөлігі таулы-қыратты келеді. Оның солтүстік-шығыс шекарасы Алтай тауларының Көксу, Қатын, Көкжота, оңтүстігі — Сауыр-Тарбағатай, Сарымсақты, Нарын, Күршім, батысы Қалба жоталарымен шектеледі. Бұл таулар арасындағы Бұқтырма мен Үлбі өзендері аралығын Кенді Алтай деп атайды. Ел аумағындағы Алтай тауларының ең биік жері - Мұзтау тауы (4620 м). Ол Алтайдың Ресейлік шекарасы тұсында орналасқан.

Алтай аймағымен ағатын Қазакстанның ең ұзын әрі суы мол Ертіс өзенінің сол жағалық аңғары Ертіс жазығына ұласады.

Жалпы, Алтай тау жүйесінің қазақстандық бөлігі, яғни Батыс Алтай тауларын Кенді Алтай деп бекер айтпайды. Мұнда Менделеев кестесіндегі химиялық элементтердің 50-ге жуығы табылды және олардың 30-дан астамы өндіріледі.

Алтай аймағының ауа райы қатаң. Қыс айларында тау шатқалдары мен қазаншұңқырларда -50°С-қа дейін суытады. Жаз айларында +35°С-қа дейін ысиды. Еліміз бойынша, Алтай аймағы - жауын-шашын ең көп түсетін өңір.

Аймақтағы өзендердің барлығы дерлік Ертіс өзенінің салалары және олардың сулары жыл бойы мол болады. Басты өзендері: Қоба, Қалжыр, Күршім, Нарын, Бұқтырма, Үлбі, Оба, Ануй, Песчанка, т.б. Сонымен қатар үлкенді-кішілі 70-тен астам көл бар. Олардың ішінде елімізге танымал Зайсан және Марқакөл, Қаражал, Қамысжал және емдік қасиеті бар Рахман бұлағын (көлін) айтып өтуге болады.

Аймақта биік таулар көп болғандықтан, мұнда 1000-нан астам мұздықтар бар. Аумағының 70%-ын орман алып жатқан Алтай таулары жан-жануарларға бай.

Алтайды басып ағатын еліміздің басты өзені - Ертіс бойында Өскемен, Семей, Павлодар сяқты маңызды қалалар, сонымен қатар Серебрянск, Риддер, Зыряновск, Зайсан атты басқа да шағын қалалар, Белоусовка, Үлбі, Жезкент, т.б. кенттер орналасқан.

  Жарияланған-2015-11-25 17:36:38     Қаралды-8207

Мәлімет сізге көмек берді ма

ӘУЕДЕГІ ЯДРОЛЫҚ ЖАРЫЛЫС

...

Әуедегі ядролық жарылыс - жарқыл аймағы барынша жарқыраған сәтте жер бетіне (суға) жетпейтін жарылыс. Әуедегі ядролық жарылыс биіктігі ядролық қарудың қуатына байланысты жүздеген метрден бірнеше километрге дейіңгі аралықта болуы мүмкін.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТӨЛЕГЕН ДОСМАҒАМБЕТОВ

...

Досмағамбетов Төлеген Сәбитұлы (1940-2001) - мүсінші, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері. Ол 1940 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Мұртық ауылында дүниеге келген. Алматы көркемсурет училищесін (1959), Ленинград кескіндеме, мүсін ж

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БАЙЫРҒЫ ҚАЗАҚ ӨЛШЕМДЕРІ

...

Ертеректе Шығыс елдерінде ұзындық өлшемдері ретінде адамның дене бөліктерінің өлшемі негізге алынған. Ол өлшем бірліктерін елі, тұтам, қарыс, сүйем, кез, сай кез, құлаш, шақырым деп атаған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮН ҚАЙДА ҚОНЫП ШЫҒАДЫ?

...

Аспандағы Күн ертеден қара кешке дейін жер бетіне сәулесін шашады, жылуын төгеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРХЕОЛОГИЯ МҰРАЖАЙЫ

...

Археология мұражайы Қазақстандағы археологиялық қазбалар кезінде табылған көне заман мұраларын сақтап, зерттейтін мекеме болып табылады. Бұл мұражай 1973 жылы Тарих, археология және этнография институтының жанынан ашылған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕШКІ СҮТІНІҢ ПАЙДАСЫ ЗОР

...

Кавказ жағалауы елдерінде. Ортатык Азияда және кейбір шет елдерде ешкі сүті көптеп колданылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »