UF

Темірбек Қараұлы Жүргенов 1898 жылы Қазалы уезінде шаруаның отбасында дүниеге келеді.

Перовск орыс-тузем мектебін аяқтайды Қазан төңкерісі кезінде Уфадағы жер өлшеу училищесінде оқитын еді. Оқуды тастап Орынбасар қаласына келіп, Торғай облыстық Кеңес бірінші съезінің ұйымдастырушы хатшысы болып істеді. Әліби Жанкелдинмен бірге көп істерді жүзеге асырды, уезд атқару комитеті төрағасы болып қызмет атқарады.

1918 жылдан Торғай облыстық Кеңесінде жұмыс істеді Н.Төреқұловтың іске тартуымен «Қазақ мұңы» атты газетінің редколлегия мүшесі, жауапты хатшысы болды. Орынбасар қаласында ақтардың қолында қалып қоюына байланысты газеттің шығуы уақытша тоқтайды. 1919 жылы желтоқсан айынан бастап газет «Ұшқын» деген атпен қайта шыға бастады.

1921-1923 жылдары Т.К.Жүргенов Орынбор қаласындағы жұмысшы факультетінде оқыды. Рабфакта оқумен бірге Темірбек Сырдария өңірінде жасаушы жән Хиуа қазақтарының әндері туралы мәліметтер, қазақ ақындарының өлеңдері мен толғауларын жинастырған. Ол құрастырған жинақтар «Терме» деген атпен 1924 жылы баспадан шықты. Ал 1936 жылы қайта толықтырылып, «Қазақ халық ақындары» деген атпен жарық көреді. Сонымен бірге Т.Жүргенов өлең де жазып тұрған. «Бастық алдындағы тілмаш» деген өлеңі 1920 жылы «Ұшқын» газетінде басылып шығады. 1936 жылы Москвада болып өткен қазақ онкүндігінің бағдарламасына енгізіледі.

1923 жылы Т.К.Жүргенов Орта Азия мемлекеттік университетіне оқуға түседі. Оның диплом жұмысының тақырыбы – «Қазақстанда әкімшілік- шаруашылық жағынан аудандарға бөлу проблемасы». Кейінірек бұл жұмыс кітапша болып басылады. 1923-1924 жылдары Түркістан республикасы атқару комитетінің жанында Казақстанның өкілетті елшісі, кейін Орта Азия өкілетті елшісінің орынбасары болып істеді.

1928 жылы Ташкент қаласында қазақ педагогика институтының ректоры болып Темірбек Қараұлы Жүргенов бекітіледі. Институттың көп ұзамай Алматы қаласына көшірілуіне байланысты Т.К.Жүргенов Орта Азия мемлекеттік университетінің құқық бойынша ғылыми қызметкері болып ауысады.

1929 жылы Т.К.Жүргенов Тәжікстанның қаржы жұмыстары бойынша Халық Комиссары болды.

1930 жылдан 1933 жылға дейін Өзбекстан Халық Ағарту комиссары қызметін атқарды. Сол кездері негізгі қолға алған жұмысы мектепте білім беру жұмысын жақсарту болды.

Өзбекстан және Тәжікстан халық комиссары болып жұмыс істеген кездерде Т.К.Жүргенов Тұрмағамбет Ізтілеуовтен сабақ алғанының ерекше маңызы болды. Өйткені сол кісінің ықпалымен өзбек, тәжік тілдерін үйренген болатын.

Жаппай сауатсыздықты жоюға белсене кірісіп, мұғалімдердің бірінші съезің шақыруға ұйытқы болды.

Республика мектептер құрылысына үлкен мән  берді. Мысалы, тек Алматы қаласының өзінде ғана оның басшылығымен 18 мектеп салынды. Сонымен бірге 1934 жылы Қазақ университеті, Тау-кен металлургия институты, Комунистік журналистика институттарынң ашылуына бас болды. Сол кездері ұлттық кадрларға деген мұқтаждық өте жоғары еді. Осыған орай сол жылдары республикадан тыс жоғары оқу орындарында үш мыңдай жастар мамандық алып қайтты.

Ағарту комиссары болып қызмет еткен жылдары музыка драма техникумында қазақ ән-күйін зерттейтін ғылыми кабинет ашты. Сол кабинет қасында халық музыка аспаптарын жасайтын шеберхана ұйымдастырды. Көп ұзамай домбырашылар оркестрін құрды. Музыка театрының, хореография училищесі, қуыршақ театрын ашылуына атсалысты.

Т.Қ.Жүргеновтың тікелей басшылығымен 1934 жылдың шілде айында бүкіл Қазақстан халық өнерпаздарының бірінші Слеті өтеді.

1935 жылы мамырда мәдениет саласында өз шешімін күтіп жатқан мәселелер бойынша баяндама жасады. Кейінірек бұл баяндама кітапша болып басылады.

Қазақ халқының мәдениетін одан әрі дамытуға қосқан үлкен еңбектері үшін Т.Қ.Жүргенов Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды,

1937 жылы музыка театры Опера және балет театры деп аталады. Осыған байланысты Т.Қ.Жүргенов театрға лайық үй салу туралы тиісті адамдармен кездесіп сурет, эскиз, сызбалар жаңа үй салу үшін қажетті қужаттарды жинайды.

Бұл туралы Т.Қ.Жүргеновтың зайыбы Республикаға еңбек сіңірген дәрігер Дәмеш Әмірханқызы Жүргенова-Ермекова апай: «Міне, міне болашақ театрымызға лайық жер екен», - деп адымдап жер өлшеп кетті», - деп еске алады. «Сол жылдары ол Қырымға демалысқа жүріп кеткен. Қайтар жолында Одесса қаласына соғып, жаңадан ашылған опера театрының қырық шақты сүреттері мен жобасын алып келіпті. Осы жоба бойынша Темірбек көрсеткен орынға жаңа театрдың ірге тасы қалана бастады. Бірақ театрдың шаңырақ көтергенін көре алмай арманда кетті».

Дәмеш апайдың осы екі ауыз сөзінің артында қаншалықты қайғылы мұң жатыр. Оны қаламмен жазып жеткізу қиын. Ерінің өлімінен кейін «халық жауының» зайыбы ретінде сол кезде 58 статьяның 17 тармағы бойынша «Т.Жүргеновпен бірге қылмысты іске қатысты», - деген жаламен оны сегіз жылға соттап жібереді.

Ақмолада «Жиырма алтыншы нүкте» дейтін жерде үш жыл қамауда болады, содан кейін Нижний Тагиль қаласының маңындағы әйелдер лагеріне ауыстырылады. Бұл жерде Дәмеш апайдан басқа жүздеген «халық жауларының» өмір жолдастары түрме азабын тартуда еді.

Бұл туралы Дәмеш апай: «... 1937 жылы ұсталғандардың әйелдері туралы әңгіме ұзақ, бір күнде тауысып алмайсың. Сегіз жылдың сергелдеңін бір сағат, бір күнде айтып бола алмаспын... Мен айдауда жүргеннің өзінде Темірбек жөнінде әлденеше рет арыздандым. Сол кездерді ойласам өзегім өртенеді». «Дәметай...» деп еркелеткенін қалай ұмытайын... «Осы бір ғана сурет қалыпты. Қалған суреттерін, жазған, сызғандарын кезінде құртып жойып жіберді. Қарап отырсам, қазір арамызда елу жыл айырмашылық болса да Темірбегім үйге кіріп келетіндей көрінеді де тұрады» - дейді.

Ұлттардың мәдени жақындасуына ұлтаралық тәрбиемен бірге мәдениет роль атқаратынын Т.Қ.Жүргенов өте жақсы түсінген.

1936 жылы астанада (Алматыда) ұйғыр халқының мәдениет қызметкерлерінің бірінші конференциясында Т.Қ.Жүргенов «Ұйғыр еңбекшілерінің ұлттық мәдени құрылысы» тақырыбында баяндама жасайды.

Білімпаз Тұрмағамбет ақынды «молда» ретінде құдалаған кезде оны құтқарып, Наркомпросқа ғылыми қызметкер етіп алады, дербес пенсия дайындатады. Т.Қ.Жүргенов ақыннан Фирдаусидің «Шахнамесін» қазақ тіліне аударуын өтініш етеді. Бірақ ол ақырына жетпейді. Себебі 1937 жылдың суығы басталған еді.

1937 жылы тамыз айының басында Т.Қ. Жүргенов қамауға алынады. Жазықсыз «халық жауы» деген жаламен жарты жылдан кейін атылады.

Алматының бір көшесіне Қ. Жүргенов аты берілді. Алматы театр көркем сурет институты оның атымен аталады. Ақтөбе облысының Ырғыз ауданының орталығына Қ.Жүргеновтың мүсін ескерткіші орнатылған.

Әдеб: Тілеуқұлов Г. Жазықсыз жазаланған тұлғалар. -Ташкент, 2000. -Б.57-62.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2019-11-07 15:16:34     Қаралды-4469

УҚОРҒАСЫН – НЕВРАЛГИЯНЫ ЕМДЕЙДІ

...

Қазақстанда біріне-бірі өте ұқсас Жоңғар уқорғасыны мен Қарақол уқорғасыны өседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАНТ ЧУРЧХЕЛАСЫ

...

Қант сірне мен агарға қосылып, ылғалдылығы 20 процентке жеткенше қайнатылады да сілікпе массасы дайындалады. Оған жүгері крахмалы қосылады. Ром эссенциясы мен ванилин қосылып, хош иіс береді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

13 ЕҢ АТАҚТЫ ФИЗИКТЕР

...

Физика заңдары табиғаттағы барлық құбылыстарға пайдаланылады. Бірақ тамаша физикалық құбылыстардың заңдарын ашқан физиктер болмағанда, физика ғылым ретінде қалыптаспас еді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАУЫНҚҰРТ

...

Қауын ортасынан жарылады. Дәні алынып тасталынады. Қабығынан аршылған еті бөлек алынып, жұқалап туралады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ОРЫНБОР

...

1920 жылы Кеңес Үкіметінің басшысы В.И.Лениннің жарлығы бойынша Орынбор қаласында съезд өтті. Онда Қазақстанның жеке автономиялы мемлекет болғандығы жарияланды. Автономиялы республика деп үлкен федеративті мемлекеттің құрамындағы елді айтады. Сөйтіп, қаза

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАРАТОРҒАЙ

...

Қараторғай - өте тамаша әнші құс. Әр жылы көктемде қанатты достарымыз - қара- торғайларды ұя жасап қарсы алу дәстүрге айналған. Қараторғай Қазақстанның көп жерлерінде кездеседі. Ол жыл құстарының қатарына жатады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »