UF

УҚОРҒАСЫН – НЕВРАЛГИЯНЫ ЕМДЕЙДІ

Категориясы: Өсімдікті


УҚОРҒАСЫН – АКОНИТ ДЖУНГАРСКИЙ

Уқорғасын – биіктігі 1 метрден асатын, көп жылдық, шөп тектес өсімдік. Тамыр сабағы бір-бірімен тізбектеле байланысқан көптеген түйнектерден тұрады. Сабағын кейде түк басқан, кейде түксіз жылтыр болып келеді және түзу өседі. Тамыр жапырақтары өсімдік гүлдей бастағанда құрап қалады. Сабақ жапырақтарының сағақтары бар. Өсімдіктің жоғарғы ұшындағы жапырақтары отырмалы, сына тәрізді 5 бөліктен тұрады. Әр бөліктің өзі жіңішке 2-3 жапырақша құрайды. Гүлдері көкшіл түсті, ірі, өсімдіктің ұш жағында шоғырланған. Гүл тостағаншасы да гүл тәжі сияқты 5 жапырақшадан кұралады. Оның ең жоғарғы жапырақшасы басқаларының үстін жауып төмен қарай салбырап тұрады. Уқорғасын маусым-шілде айларында гүлдейді, шілде-тамыз айларында жеміс береді.

Қазақстанда біріне-бірі өте ұқсас Жоңғар уқорғасыны мен Қарақол уқорғасыны өседі. Екеуінің де дәрілік қасиеттері бірдей. Қарақол уқорғасынының биіктігі 2 метрге жетеді. Өсімдік тау басындағы шабындықтарда, бұталардың арасында, орманды жерлерде өседі. Дәрі жасауға өсімдіктің тамырын пайдаланады. Құрамында аконитин, аконин, мезаконин, типаконитин, зонгорин деген алкалоидтер бар.

Уқорғасын халыққа өте ертеден-ақ белгілі болған. Өсімдікті садақ оқтарын улауға, қасқырды, жолбарысты өлтіруге пайдаланған. Уқөрғасынның құрамындағы аконитин алкалоиды аса улы. Оның 0,003-0,004 грамының өзі-ақ адамды уландырып өлтіріп жіберуі мүмкін. Өсімдіктің тамыры да аса улы.

Уқорғасынның спиртті тұнбасын дене сыртына жағу арқылы бастың сақинасын, тіс, ревматизм, подагра ауруларын және невралгияны емдейді. Өсімдіктің тамырын жинаған кезде сақ болған жөн. Өйткені тамыр тұйнегінің уы қолдың терісі арқылы денеге сіңуі мүмкін. Одан адам уланса, денесінің әр жері қышиды. Ауыздың, өңештің, жұтқыншақтың, қарынның қабырғаларынан жан кетіп қалған сияқты сезіледі. Адамның аузынан сілекей ағады, басы айналады, тоңып қалтырайды. Қөзінің қарашығы үлкейеді. Мұндай жағдайларда тезірек дәрігерге көрінген жөн.

  Жарияланған-2016-07-15 17:30:50     Қаралды-10419

Мәлімет сізге көмек берді ма

ЭЛЬБРУС НЕМЕН ТАНЫМАЛ?

...

Эльбрус тауы - сөнген жанартау.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЕМІС ҚОСЫЛҒАН СҮЗБЕ

...

Сарымайға қант қосу керек. Үгілген ірімшік, жүзім, кептірілген өрік, қуырып, ұнтақталған жаңғақ, ванилин қоса отырып, ағарғанша езіледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ҮЛКЕН ІНЖУ-МАРЖАННЫҢ МӨЛШЕРІ ҚАНДАЙ?

...

Соңғы уақытқа дейін әлемдегі ең үлкен інжу 1934 жылы Оңтүстік Қытай теңізінде Филиппиннің Палаван аралында салмағы 300 кг-нан асатын меруерт табылған

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СІЗ АУАНЫ КӨРЕ АЛАСЫЗ БА?

...

Ауаның мөлдір, түссіз, иіссіз екенін бәрі біледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТҰШ БАУЫРСАҚ

...

Бұл көбінесе мерекелерде ғана дайындалады. Сүтке, майға, қантқа және жұмыртқаға ұн қосылып, қамыр иленеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖАҢҒАҚ-БАЛ КЕКСІ

...

Бал қантпен, жұмыртқамен, ұнмен араластырылып, төртке бөлінген грек жаңғағының дәндері және мейіз қосылады. Бұл масса алдын-ала май жағылып, дайындалған кекс формасына салынып пісіріледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »