АРАБ ЖАЗУЛЫ КӨНЕ ТҮРКІ ЕСКЕРТКІШТЕРІ. Қашғардан Еділге, Жетісудан Мысырға дейінгі аралықты тұтас мекендеген түркі тайпалары 11-20 ғасырлардың арасында араб жазуын қолданған. Араб жазулы көне түркі еескерткіштері мазмұнына, тақырыбына қарай дастандар (дидактикалық, діни, дүниауи, ғашықтар туралы), филологиялық зерттеулер (грамматика, сөздік, анықтағыш) және прозалық шығармалар (дүние тану мен тарихи оқиғалар жайында) болып келеді. Олардың дені - қолтума шығармалар да, баз біреулері - аудармалар. Араб жазулы көне түркі еескерткіштері Карахан әулеті түріктерінің тілінде (11-12 ғ.), Орта Азия түріктерінің тілінде (11-14 ғ.), көне қыпшақ тілінде (13-15 ғ.) және «Шағатай тілінде» (15-17 ғ.) жазылған.
Карахан әулеті түріктері тілінде жазылған нұсқалардың атақтылары - қашғарлық Юсуф Хас Хаджиб 1069 жылы жазған «Кутадгу билиг»(«Құтты болу ілімі»), Махмуд Қаштаридың 1074 жылы Бағдад шаһарында жазған «Диуани лутат ат-турк» («Түркі тілдерінің сөздігі») дейтін әлемге әйгілі еңбегі, Ахмед Югнакидің (12 ғ.) «һибату-л-хақаиқ» («Ақиқат сыйлығы») дейтін дидактикалық үлкен шығармасы. Құран сөздері мен сураларын түсіндіру үшін 12-13 ғасырларда «Тафсир» («Түсініктеме») деген атпен де көптеген еңбектер жазылып тараған.
Орта Азия түріктерінің тілінде жазылған нұсқалардың аса ірілері қатарына Қожа Ахмед Яссауидің «Хикмат» («Парасаттылық» немесе «Диуани хикмат» (11 ғ.), Ә. Замахшаридің (1075-1144) «Муқаддимат әл-адаб» («Әдебиетке кіріспе»), хорезмдік Ж. ибн Муханна жазған «Таржуман фарси уа турки уа моғоли» («Парсы, түркі және моғол тәржімасы», 13 ғ.), 1310 жылы Н. Рабтузи парсы тілінен аударған «Қисасу-л-анбия» («Әулиелер тарихы»), 1353 жылы Сыр бойында жазылған ғашықтық дастан «Мухаббатнама» («Махаббат жыры»), М. бин Әлидің 1358 жылы Хорезмде жазылған «Наһжу-л-ферадис» («Жұмаққа баратын жол») деген прозалық үлкен шығармасы. Хиуаның атақты билеушісі Әбілғазының «Отызнама» («Оғыз тарихы») дейтін тарихи-прозалық еңбегі жатады.
Көне қыпшақ тілінде жазылған ескерткіштер Алтын Орда қыпшақтары мен Мысырдағы мамлук қыпшақтары тілінде туған («Көне қыпшақ жазба ескерткіштері»). Ал «Шағатай тілінде» жазылған жәдігерліктер жайында «Орта Азия туркі тілі» деген мақалада айтылады.
Араб жазулы көне түркі еескерткіштерінің қай-қайсысы болса да түркі халықтарының рухани байлығы және олардың мәдени-әлеуметтік тарихын зерттеушілер мен оқып үйренушілерге мол дерек, көп пайда береді.
Әдеб.: Малов С. Е. Памятники древнетюркской письменности. -М.-Л., 1951; Баскаков Н. А. Введение в изучение тюркских языков. 2 изд., М., 1969; Мухамедова З. Б. Исследования по истории туркменского языка XI-XIV вв. по данным арабоязычных филологических сочинений. автореф. докт. дисе., М., 1969.
Жарияланған-2021-07-02 14:55:36 Қаралды-1358
КЕТБҰҒА КҮЙШІ МЕН ЖОШЫ ХАН ТУРАЛЫ АҢЫЗ
Шыңғыс ханның Жошы деген баласы жабайы құлан аулап, өзін қаумалаған нөкер серіктерінен тым ұзап кеткенін сезбей де қалады. Ханзада жүйткіген құландарды өткір жебемен дәл көздеп құлата береді, оның жүрегінде бейшара жануарларға деген аяушылық болмайды.
ҚОЙБҮЛДІРГЕННЕН ӘР ТҮРЛІ ТАҒАМДАР ЖАСАУ
Қойбүлдіргеннің жидегі - бағалы тағамның бірі. Оның құрамында адам денсаулығына қажетті заттар көп. Жидегінің хош иісі, тәтті дәмі болады.
СҮЙЕКТЕН ЖАСАЛҒАН ҚАНДАЙ БҰЙЫМДАР БОЛАДЫ?
Мал шаруашылығымен, аңшылықпен айналысқан қазақ халқы жануарлардын сүйектерін де түрлі қажеттеріне жарата білген. Қазақ шеберлері үй жиһаздарын, саз аспаптарын, т.б. әзірлегенде оларды әшекейлеп безендіру үшін мүйіз бен сүйекті кеңінен пайдаланған.
ДОСПАМБЕТ ЖЫРАУ
Доспамбет жырау - қазақтың белгілі ақыны әрі қолбасшысы. XV ғасырдың 90-шы жылдары Азау қаласында (қазіргі Ростов облысында) дүниеге келген. Ол Кіші Ноғай ордасының әскери шонжарлар отбасынан шыққан.
ИТБҮЛДІРГЕННЕН ӘР ТҮРЛІ ТАҒАМДАР ЖАСАУ
Медицинада итбүлдірген жапырақтарын ұнтақ немесе қайнатып алынған тұнба турінде қызылшамен ауырған адамның қызуын түсіруге және асқазан сөлінің қышқылын баяулатуға қолданады.
САЛМАҚСЫЗДЫҚТА ТІРШІЛІК
Космоста адам ешқайда құламайды, мұнда «жоғарғы» жақ, «төменгі» жақ деген уғым жоқ.
- Информатика
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Философия
- Физика, Химия
- Русский язык
- Спорт
- Тарих
- Биотехнология
- Экономика и менеджмент
- Медицина
- Архитектура
- Дінтану