UF

СОМАЛИ, Француздық Сомали (Côte française des Somalis), ресми атауы Афарлар мен Иссаның Француздық территориясы - Солтүстік-Шығыс Африкадағы ел. 1946 жылдан «теңіз сыртындағы территория» деп аталған Франция иелігі. Эфиопиямен, Сомали Демократиялық Республикасымен шектеседі. Жері 22 мың км2. Әкімшілік басшылық Сомали депутаттар палатасы сайлайтын, 8 адамнан құралған Үкімет советінің қолында. Территорияның Францияның Ұлттық жиналысы мен сенатында бір-бір өкілі бар. Әкімшілік орталығы - Джибути қаласы. Әкімшілік жағынан 5 округқа бөлінген.

Жағалаулары аз жырымдалған. Солтүстігінде үлкен Таджура шығанағы бар. Жері таулы. Ең биік жері - Муса-Әли шыңы (2063 м). Климаты тропиктік, құрғақ. Орташа айлық температурасы 27°С-тан 32°С-қа дейін. Жылына 100-400 мм жауын-шашын жауады. Тұрақты озендері жоқ. Жартылай шөлді дәнді-бұталы өсімдіктер, Сомали тауларында сирек кездесетін ашық түсті ағаштар, алқаптарында пальма өседі. Жануарлар дүниесінен ақбөкен, гиена, қорқау қасқыр т. б. бар.

Негізгі тұрғындары сомалилер (шығыс аудандарында исса және бақалар, батысында - афарлар (данакиль). Арабтар мен европалықтар (француздар, итальяндар, гректер т. б.) да тұрады. Ресми тілі - француз тілі. Тұрғындарының көпшілігі - мұсылман - сунниттер; афарлар негізінен жергілікті дәстүрлі сенімді ұстанады. Халқының жартысы - көшпелілер. Ірі қалалары: Джибути (100 мың тұрғыны бар, 1973) мен Таджура.

Тарихы. 19 ғасырдың ортасына дейінгі Сомали тарихы Сомали түбегінің басқа бөліктерінің тарихымен тығыз байланысты (Сомали, Сомали Демократиялық Республикасы). 1862 жылы Таджур шығанағы ауданында көшіп жүрген афарлар көсемдерінің бірімен француз үкіметінің өкілі Обок портын «сатып алу» туралы шарт жасасты. Осыдан кейін порт ауданына француз әскерлері енгізілді. 1896 жылы Сомали территориясы Франция отары деп жарияланды («Француздың Сомали жағалауы»), Жергілікті тұрғындардың 19 ғасырдың ақырында басталған отаршылдарға қарсы қозғалысы 1-дүние жүзілік соғыс жылдарында күшейе түсті. 1946 жылы француздық Сомали жағалауы «теңіз сыртындағы территория» деген статус алды. 1967 жылы наурызда отаршы өкіметтер бақылауымен өткізілген референдум нәтижесінде Сомали Француз Республикасы негізіндегі автономиялық территория болып жарияланды; 1967 жылы маусымда Афарлар мен Иссаның француздық территориясы деп аталды. Басқарудың негізгі функциялары француз жоғарғы комиссарыныц қолында. 1968 және 1974 жылы өткізілген Сомали депутаттар палатасының сайлауында Франциямен бірге Одақ және прогресс партиясы (1974 жылға дейін Прогресс және афарлар мен исса мүддесін қорғау партиясы, 1963 жылы құрылған) жеңіске жетті.

Экономикасы. Сомали артта қалған аграрлы ел. Территориясының 1%-тен азы ғана өңделеді; жайылымдық жері - 11%. Негізгі кәсібі - көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы. Мал басы (1974; мың есебімен): қой - 95, ешкі - 561, сиыр - 18, түйе - 24. Егіншілік нашар дамыған. Балық аулайды, маржан т. б. асыл тастар тереді. Бірнеше ұсақ кәсіпорындар жұмыс істейді, тұз өндіріледі. Электр энергиясының жылдық мөлшері 46 млн. квт-сағ (ЖЭС, 1973).

Темір жолының ұзындығы 98 км, автожолы 1100 км. Ірі теңіз порты - Джибути. Табыстың 20%-і транзит пен эфиоппя темір жол жүктерін жөнелтуден түседі. Экспорты - 0,5-0,8 млрд. Джибути франкісі. Импорты -18-20 млрд. Джибутп франкісі. Негізінен Франциямен, Ұлыбританиямен, Эфиопиямен сауда жасайды.

1962 жылы тұрғындарының 96%-і сауатсыз болды. Оқу жүйесі француз үлгісімен құрылуда. 6 жастан мектепке қабылданады. Бастауыш мектеп 6 жылдық, орта мектеп 7 жылдық (43). 1971 жылы бастауыш мектептерде 7 мыц оқушы, жалпы білім беретін орта және техникалық мектептерде 1,9 мыңға таита оқушы оқиды.

Әдеб.: Трофимов В. А. Политика Франции в Азии и Африке. М., 1965, гл. 6.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2020-10-05 17:08:13     Қаралды-904

ЖАЙЫН

...

Жайын - жыртқыш балық. Ол корек талғамайды, бақалардан бастап ірі шортандарға дейін жейді. Реті келсе, үйрек, қаз, т.б. су құстарына да шабуыл жасайды. Жайындар жалқау, баяу қимылдайды. Жемін ұстау үшін әр түрлі амал-айла қолданады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

Бразилияда 100 машина жанамалап жүре беретін жол бар

...

Қалалық бір аңыз бар, Монументальды білік әлемдегі ең кең жол болып табылады, ол жолмен «[100 - 160] автомобильдер жанамалап жүре алады».

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ФРЕСКА ҚАЙ КЕЗДЕРДЕН ПАЙДАЛАНЫЛҒАН?

...

Ең ерте кездерден бастап осы заманға дейін суретшілер монументтік бейнелеу өнерінде фреска әдісін кеңінен пайдаланады. Ол италия тіліндегі «fresco» «Шикі», «жаңа жасалынған» деген сөзден шыққан.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТЕЛЕФОНДЫ КІМ ОЙЛАП ТАПТЫ?

...

«Телефон» атауы гректің «tele» (алыс) және «телефон» (дыбыс) сөздерінен шыққан.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮМІС АЛУ

...

Ұлттық ат ойыны.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ГИЛЬОМ ДЕ РУБРУК

...

1253 жылы француз королі Людовик IX жіберген фламандтық монах Рубрук басқарған елшілік Моңғолияға сапарға шығады. Бұл миссияның максаты: моңғолдар арасында христиан дінін уағыздаймыз деп, оның астарында Ұлы хан мен ислам дінін ұстанған елдерге қарсы одақ

ТОЛЫҒЫРАҚ »