ЖАЙЫН
Категориясы: Жануарлар
Балықтар - желбезектерімен тыныс алын, суда тіршілік ететін су жануарлары. Олар омыртқалы жануарларға жатады. Адам үшін балықтардың маңызы зор. Олардың еті мен уылдырығы тамаққа, майы құрамында дәрумен көп болғандықтан, дәріге пайдаланылады. Жасанды көлдер мен тоспа суларда балықтарды көбейту жұмысы жүргізілуде. Олардың көптеген түрлері сәндік үшін аквариумда өсіріледі. Қазақстан суларында балықтардың 140 түрі кездеседі.
Жайынның басы жалпақ, екі ұртында ұзынша келген екі мұртшасы болады. Оның салмағы 300 килограмға, ұзындығы 5 метрге жетеді. Осындай алып балықтар 80-100 жылға дейін тіршілік етеді.
Жайын - жыртқыш балық. Ол корек талғамайды, бақалардан бастап ірі шортандарға дейін жейді. Реті келсе, үйрек, қаз, т.б. су құстарына да шабуыл жасайды. Жайындар жалқау, баяу қимылдайды. Жемін ұстау үшін әр түрлі амал-айла қолданады. Ол жасырынып тұрады да, мұртшаларын қимылдатады. Мұртшалары құрт тәрізді жыбырлайды. Оны балықтар құрт екен деп жемекші болғанда, аңдып тұрған жайын оларды жеп үлгіреді. Кейде олжасын құйрығымен соғып, есеңгіретіп те ұстайды.
Күз болып, күн суыта бастаған кезде жайындар су тереңіне жиналады. Әсіресе, өзен мен көлдердің суы қатқанда, жайын судың түбіндегі жұмсақ құм, қиыршыққа басын тығып, ұйқыға кіріседі.
Жарияланған-2015-11-26 14:45:34 Қаралды-7973
БЕС САЛАЛЫ САСЫҚ ШӨП

Бес салалы сасық шөп – биіктіғі 1,5 метрге жететін, көп жылдық, шөп тектес өсімдік.
Жеміс-жидектерді өңдеп алынатын өнімдер

Пюре - аздап қайнатылған және қорға арналған жеміс- жидек өнімдері, оның тек бір ғана түрінен жасалады.
ҮҢГІРЛЕР

Үңгір дегеніміз - ерігіш тау жыныстарының бұзылуы, мүжілуі салдарынан пайда болатын жер қыртысындағы қуыстар. Ерігіш тау жыныстарына көбіне әктас, гипс, доломит, т.б. жатады. Үңгірлердің ұзындығы ондаған, жүздеген метрден, кейде бірнеше ондаған километрге
АЛМА ҚОСЫЛҒАН КҮРІШ

Күріш күрмегінен тазартылады, жуылады. Әуелі суға салынып шала, содан соң сүт құйылып әбден пісіріледі, үстіне май салынады.
ШӨЛ ДАЛА – ТҰЛДЫР ДАЛА МА?

Ең үлкен шөл далалар - Азиядағы Гоби мен Африкадағы Сахара. Ал бізде - Қарақұм.