ҚҰЛАН
Категориясы: Жануарлар
Құлан - жылқы тектес тұякты жануарлардың бірі. Құлан «Қызыл кітаптың» қызыл парағынан орын алған. Оның тірілей салмағы 250-300 кг. Етінің дәмділігіне қызыққан аңшылар оны мүлде құртып жібере жаздаған.
Құлан - өте жүйрік жануар. Ол өсімдіксіз тақыр жерлермен сағатына 68-72 км-ге дейінгі жылдамдықпен шауып өтеді. Ол есекше ақырып, жылқыша пысқырынады. Құландар суда да жақсы жүзеді, кейде ені жалпақ өзеннен қиналмай-ақ жүзіп өте шығады. Олардың көргіштігі мен иісшілдігі өте сақ жануар екендігін аңғартады. Құланға 1-1,5 километрден жақын жерге сездірмей тақап бару мүлде мүмкін емес.
Құландар, әдетте, ұшы-қиырсыз жазық далада үйір-үйірімен жүреді. Жаздағы қатты жел мен қыстың бораны құландар үшін өте қолайсыз. Бір қызығы - құландар ауа райының құбылатындығын алдын ала сезеді. Жел, боран соғардан бұрын бұтаны, сай- саланы сағалап, ықтасынға тасаланады.
Жарияланған-2015-11-25 22:10:10 Қаралды-14946
СҮЗБЕ МАССАСЫ
Сүзбе жақсылап араластырылып, үккішпен үгітіледі де қаймақ, қант қосылып, бәрі жақсылап араластырылады.
ИСЛАНДИЯ – АТЫ ДҰРЫС ЕМЕС ЕЛ
Исландия ағылшын тілінен сөзбе-сөз аударғанда «мұз елі» деп аталады
14 ТҮРЛІ ПАЙДАЛЫ ТОСАПТАР (СИРОП)
Тосап қайнату үшін мөлшері бірдей, ұсақтау қызыл помидорлар іріктеледі. Ол үшін жарақатталған, езілгендері алынып тасталынады.
ҚЫПШАҚТАР
Қыпшақтар - түркі тілдес тайпалар. Қыпшақтар VII ғасырдан бері белгілі. Қимақтармен X ғасырға дейін тығыз қатынаста болып, олардың тайпалық одағына, кейіннен мемлекетінің құрамына кіреді.
БАБЫР-НАМЕ
«Бабыр-наме» - түркі (шағатай) тілінде 1526-1530 жылдар аралығында жазылған жазбалар мен естеліктер жинағы. Авторы - Заһир әд-Дин Мұхаммед Бабыр.