МИПАЛАУ - ҚҰРМЕТТІ ҚОНАҚТАРҒА ТАРТЫЛАДЫ
Категориясы: Тағам
Құрамы:
бастың бүкіл құйқасы (құлағынан басқа), ұрт еті, екі көзі, миы, 200 грамм құйрық май, 200 грамм бауыр, пияздың 1 баданасы, бір шымшым қара бұрыш.
Дайындау процесі:
Бұл да ұлттық тағамдардың ішіндегі тіл үйірер дәмділерінің бірі, Оны жасау үшін піскен бастың құлағынан басқа бүкіл құйқасы, ұрт еттері, таңдайы, екі көзі, миы, сондай-ақ жұмсақ піскен бауыр, құйрық май пайдаланылады.
Алдымен бастың бүкіл құйқасы, ұрт еттері, екі көз, құйрық май, бауыр зерен кесеге ұсақталып туралады да ағаш қасықпен жақсылап езгілей отырып араластырылады. Содан соң бастың қарақұсы ашылып, әлі суый қоймаған миы әлгі өнімдердің үстіне салынады. Сондай-ақ ұсақталған пияз қосылады. Бұрышталып, керек болса аздап тұздалады. Сөйтіп ағаш қасықпен тағы бір араластырылады.
Мипалау көбінесе құрметті қонақтарға қазақша еттен кейін тартылады. Сол кісілердің рұқсатымен бүкіл дастарқан басындағылар ауыз тиеді.
Жарияланған-2016-06-29 16:01:03 Қаралды-6837
ЖАЙЫҚ ӨҢІРІ
Еліміздің солтүстік-батысындағы екі өзен аралығын алып жатқан аймақты қазақтар ежелден Еділ-Жайық өлкесі деп атап келген. Мұнда Жайық өзенінің орта ағысынан бастап Каспий теңізіне құяр сағасына дейінгі телімі ел аумағында ағады. Жайық өзенінің ел аумағынд
ШАЛКИІЗ ТІЛЕНШІҰЛЫ
Шалкиіз Тіленшіұлы - қазақтың ортағасырлық жыраулық поэзиясының аса көрнекті өкілдерінің бірі. Шамамен 1465-1560 жылдары өмір сүрген ол Батыс Қазақстан жерінде дүниеге келген. Шалкиіздің шығармаларына Қазтуған, Асан Қайғы және Қодан Тайшы ақындардың жырла
«КӨЛСАЙ КӨЛДЕРІ» ҰЛТТЫҚ САЯБАҒЫ
«Көлсай көлдері» ұлттық саябағы Алматы облысының Райымбек және Талғар аудандарында орналасқан. Саябақ 2007 жылы ұйымдастырылған. Аумағы - 161,04 мың гектар, шығыстан батысқа қарай 98 шакырымға, солтүстіктен оңтүстікке қарай 23 шақырымға созылған аумағының
СИЫР ҚАЛАЙ ЖАРАТЫЛДЫ?
Дәстүрлі сенімде төрт түлік кез келген адамға емес, іске, шаруаға қыры бар жанға бітетіндігін қазақ «Сиыр қалың нуға, қоры үзілген қуға бітеді» деп мақалдаған.
АКРОБАТИКА ТАРИХЫНАН
Акробатика - бұл адам өмірінде өз қолтаңбасы бар спорт түрі деп әбден болады. Себебі, адамның өз денесін өз мұхтажына сәйкес қызмет өткізу - әркімнің ізгі арманы.