ТӘУКЕ ХАН
Категориясы: Тарих
Қазақ хандығының аса көрнекті қайраткерлерінің бірі - Тәуке хан. Тәуке (1626 - 1718 жж.) - Салқам Жәңгір ханның ұлы. Ол 1680-1718 жылдар аралығында билік жүргізген. Тәуке хан мемлекетінің астанасы Ташкент пен Түркістан қалалары болды.
Тәукенің тұсында Қазақ хандығы саяси жағынан нығайған, бір орталыққа бағынған біртұтас мемлекетке айналды. Халық зердесінде Тәуке заманы Қазақ хандығының ең бір өркендеген дәуірі, «алтын ғасыры» саналады. Ол 1690 жыл шамасында «Қасым ханның қасқа жолы» мен «Есім ханның ескі жолы» ережелерін жаңғыртып, «Жеті жарғы» деп аталатын жаңа заңдар жүйесін енгізді. Бұл заңдар мемлекетті нығайтуға бағытталды.
Тәуке хандықты билеуде, негізінен, әр жүздің билеріне арқа сүйеді. Ұлы жүзде - Төле биге, Орта жүзде - Қазыбек биге, Кіші жүзде - Әйтеке биге басқару тұтқасын берген. Оның тұсында хан кеңесі, билер кеңесі жұмыс істеп, жыл сайын үш жүздің шонжарларының жиынын өткізу қалыптасты.
Казак хандығында Тәуке тұсында сыртқы жағдайлар біршама тұрақтанып, нығая түсті. Өзі билік құрған кезде Тәуке хан жоңғарларға қарсы табандылықпен күресті. Ол Орта Азияда әмір кұрған Аштархан әулетімен және Ресей, Моғолстанмен сауда-саттық байланыстарын жүргізді, дипломатиялық қатынастар орнатты. Бұхар хандығымен сауданы дамыту мақсатында елшілікті жолға қойды. Бірақ Бұхар хандығымен Сырдария бойындағы калалар үшін кішігірім қақтығыстар болып тұрды.
Халық Тәуке ханның еңбегін бағалап, оны «Әз-Тәуке» деп ардақтаған.
Тәуке хан - билігі казақтың үш жүзіне тараған қазақтың ең соңғы ханы. Ол қайтыс болғаннан кейін олардың әрбіреуінде өз хандары сайланып, тұтас мемлекет жүздерге қарай ыдырап кетті. Тәуке хан 1715 жылы қартайған шағында дүниеден өтті. Ол да барлық ата-бабалары сияқты Түркістанда жерленген.
Жарияланған-2015-11-13 17:30:48 Қаралды-57038
ДАУЬІЛ

Дауыл - стихиялық апаттардың қауіпті түрлерінің бірі, ол халық шаруашылығына орасан зор зиян келтіріп, кейде адамдар арасында құрбандықтар тудырады.
ҚАНДАЙ ЯДРОЛЫҚ ЖАРЫЛЫС ТҮРЛЕРІ БОЛАДЫ?

Ядролық жарылыс түрлері қолдану мақсатына қарай ядролық жарылыс түрлері мынадай түрде болуы мүмкін: биіктегі, әуедегі, жер бетіндегі, су үстіндегі, жер астындағы, су астындағы жарылыстар.
ЖЫЛТЫРАТЫЛҒАН ГРЕК ЖАҢҒАҒЫ

Бұл - грек жаңғағының марципанмен желімделіп, карамель массасымен жылтыратылған ортасынан қаққа бөлінген екі жартысынан тұратын кәмпит.
МИНЕРАЛДЫ СУ: ТЕРІГЕ ПАЙДАСЫ

Сіз минералды судың сұлулық пен жас тері үшін күресте бірегей құрал екенін білесіз бе?
КӨКБҰТА

Бұл - биіктігі 60 сантиметрге жуық, бұтақтары көп, жапырағы мәңгі көгеріп тұратын, көп жылдық, бұталы өсімдік.
БАЛ ҚОСЫЛҒАН ІРІМШІК

Шикі жұмыртқаның сары уызы, қант, ұнтақталған жаңғақ дәні және бал қосылып үгіледі. Осы қоспа ерітілген сарымайға салынып көпіргенше араластырылады.