АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ (1873-1938)
Категориясы: Адамдар
Ахмет Байтұрсынұлы Қостанай облысы Торғай өңіріндегі Сарытүбек деген жерде туған. Ол жасынан зерек, сергек болып өседі. Ауыл молдасынан сауатын ашады. Он үш жасында жетім қалып, тағдырдың талқысын көп көреді.
Ахметтің білімге, ғылымға деген ынтасы ерте қалыптасқан. Оның өмірге деген ізденіс, көзқарастары әр алуан еңбектерінен кең орын алған.
Ахмет Торғайдағы екі сыныптық орыс-казақ училищесін, содан кейін Ы.Алтынсарин негізін қалаған төртжылдық мұғалімдер мектебін үздік бітіреді. «Халық мұғалімі» деген атаққа ие болады. Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы өлкелерінде ұстаздық қызмет етеді. 1913-1917 жылдары «Қазақ» газетінде редактор болып жұмыс істейді. Халық өміріне катысты және қоғамдық-тарихи мәселелерді баспасөз беттерінде өткір көтереді. Қалың бұқараны еңбекке, білімге, ғылымға үндейді. «Қазаққа ашық хат», «Қазақтың бас ақыны», «Маса» атты шығармаларында ел, жер мәселесін, ұлт пен ұрпақ қамын кеңінен козғайды.
А.Байтұрсынұлы И. А. Крылов туындыларын казақ тіліне аударып, «Қырық мысал» деген атпен бастырған.
А. Байтұрсынұлы ұстаз-ғалымдығымен бүкіл елге танылған. Қазак тілі грамматикасын зерттеп, көптеген оқулықтар мен тіл құралдарын жасаған. Араб графикасы негізінде қазақ-әліпбиін енгізген.
Жарияланған-2015-11-24 21:02:37 Қаралды-2093
ПАРСЫ РУЛЕТ

Бұл - өрік пюресінен және қант помадасынан жасалған, рулет түрінде бөлініп, жармаланған бадамға аунатылған тағам.
АНИМАЛИСТ ДЕГЕН КІМ?

ЖИДЕК іздеп орманды шарлап-шарлап әбден шаршаған кішкене қонжық кенет отыра кетті. Суретшінің шебер қолы қонжықтың ұйпа-тұйпа мамық жүнін, таңғала қараған аңғал көзін айнытпай жеткізген.
ШЕКЕР-ШҮРЕК

Бұл - тоқаш қамырынан жасалып, үстіне қант ұлпасы себілген, үгіліп тұратын дөңгелек печенье (құырма).
ФРЕСКА ҚАЙ КЕЗДЕРДЕН ПАЙДАЛАНЫЛҒАН?

Ең ерте кездерден бастап осы заманға дейін суретшілер монументтік бейнелеу өнерінде фреска әдісін кеңінен пайдаланады. Ол италия тіліндегі «fresco» «Шикі», «жаңа жасалынған» деген сөзден шыққан.