UF

АСЫЛ МЕТАЛДАР

Категориясы: Технологии


Асыл металдарға алтын, күміс, платина және осы платина тобына жататын иридий, осмий, палладий, рутений және радий металдары жатады. Басқа металдарға қарағанда, асыл металдар химиялық әсерлерге тұрақтылығымен, оңай иілгіштігімен (алтын, күміс), баяу балқығыштығымен (платина, т.б.) және әсемдігімен ерекшеленеді. Табиғатта асыл металдар құрамында аз да болса қоспалар кездеседі. Ондай қоспалардан асыл металдарды сумен жуу, амальгамалау, сынып қоспасынан тазарту, цианды тұздар ерітіндісінде сүзу, тұндыру және афоринаттау, яғни тазарту арқылы алады. Асыл металдардың беріктігін арттыру үшін құрамына мыс, мырыш, никель, т.б. металдар қосады. Олардың құймаларынан құнды құймалар: металл ақша, медальдар, тіс протезін жасайды.

Қазақстанда асыл металдардан алтын мен күміс өндіріледі. Алтынның елімізде 30- дан астам кен орындары бар. Ірілері: Арқарлы, Бақыршық, Майқайың, т.б. Олардан басқа қоспа түрінде Ақжол, Балқаш, Зырянов кеніштерінен де өндіріледі. Күміс кен орындары: Бозшакөл, Қоңырат, Ақтоғай, Айдарлы, Бақыршық, т.б. Платина кентастары елімізде өте сирек ұшырасады және оның мөлшері де аз. Олар Бетпақдаланың, Солтүстік Балқаш, Солтүстік Ұлытау, Кемпірсай (Ақтөбе облысы), Шар (Шығыс Қазақстан обылысы) өңірлеріндегі тау жыныстарында кездеседі. Кейінгі зерттеулерде Қалба жоталарындағы кейбір қорымдардан табылған.

  Жарияланған-2015-11-26 15:52:08     Қаралды-7434

Мәлімет сізге көмек берді ма

ПЛАСТМАССА ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Металдардың көне тарихы бар, олар мыңдаған жылдар бұрын адамдарға белгілі болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕРТЕДЕ ӘЙЕЛ МАТЕМАТИКТЕР БОЛДЫ МА?

...

Гипатия (370-415) антикалық дәуірдің алғашқы атақты әйел ғалымы болып саналады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

Өнертабыстың ең мұңды патенті

...

1985 жылы Ральф Пиро «өз-өзін ынталандыратын аппаратты» патенттеген.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАУЫН ҚАЙНАТПАСЫ

...

Піскен қауынның қабығы аршылып, дәнінен тазартылады да жұмсақ етіп әбден езіледі. Суға салып қант шырыны дайындалады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МУДИ (ВЕНГР ОВЧАРКАСЫ)

...

Бұл Венгрия шопандары XIX ғасырда шығарған венгр овчаркасы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТАБАН

...

Республикамыздың су қоймаларының барлығына дерлік таралған жуас балық табан деп аталады. Ол күй талғамайды, егер қоректік азығы мол болса, кез келген таяз, суы тұнық суларда тіршілік ете береді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »