ЖЕР СІЛКІНЕДІ, АЛ ТЕҢІЗ СІЛКІНЕ МЕ?
Категориясы: Табиғат
Теңіз дауылы мен теңіздің сілкінуі бір нәрсе емес. Теңіздегі ең биік әрі ең қауіпті толқындар теңіз астындағы жер сілкінісі салдарынан пайда болады. Егер екеуімізге теңіз тұңғиығына көз жіберетін мүмкіндік туса, онда кәдімгі жер бетіндегі сияқты су асты - тауларын, жартасты шоқылар мен жарқабақты шатқалдарды көрген болар едік. Мұнда да, жер бетіндегі таулы аймақтардағы секілді жер сілкінісі болып тұрады. Көбінесе құрлықтағы сияқты, мұндағы жер сілкінісі де аса қатты болмайды. Ал кейде өте күшті жер асты дүмпуі де болады. Теңіз түбіндегі дүмпу үстіндегі суды ғаламат күшпен ұрғанда, ол теңіз бетіне биіктігі он қабат үйдей толқын боп көтеріледі де, зымыраған поезд жылдамдығындай шапшаңдықпен жан-жаққа жөңкіле жөнеледі.
Мұндай толқынды «цунами» деп атайды. Ол ашық теңізде аса қауіпті емес. Қанша биік болғанымен етегі жадағайланып келетін ол кемелерді қалтқыша жоғары көтеріп барады да, сырғытып қайтадан төмен жібере салады. Алайда бұл толқындар теңіз бетімен мыңдаған шақырым сапар шегеді. Міне, осы сапарда жолында кездескен құрлықты цунами ғарап етіп кетеді. Ол жағадағы кеме мен үйлерді сіріңкенің қорабынша атып, рельстерді сымша орап тастайды, бүкіл бір елді мекенді өзімен бірге жоқ етіп, шайып әкететін кездері де болады.
Бақытқа орай ондай алапат жиі қайталанбайды. Бір жақсысы - ол, қазіргі кезде тұтқиылдан келіп қалатын мылқау апат емес. Жер қойнауындағы өзгеріс, құбылысты күні-түні жіті қадағалап тұратын сезгіш приборлар цунамидің пайда болғанын қалт жібермейді. Егер де бір жерде сондай теңіз асты дүмпуі бола қалса, әлгі приборлар: «Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Цунами жақындап қалды!» - деп дабыл қағады. Содан цунамидің жолындағы елді мекеннің бәріне радио, телеграф, телефон арқылы қолма-қол хабар жеткізіледі. Кемелер цунами қауіп туғызбайтын ашық теңізге шығады, машиналар жағадан аулақ кетеді, ал адамдар өзіне қажетті деген заттарын алып, толқын жете алмайды-ау деген биік, қауіпсіз жерге шығып алады.
Жарияланған-2016-08-26 15:36:10 Қаралды-6478
ЖЕР ШАРЫНДА ҚАНША МҰХИТ БАР?
Барлық теңіздер мен мұхиттар бірігіп Жер бетінің 2/3-тен астамын алып жатыр.
ҚИЫР СОЛТҮСТІКТЕ, АРКТИКА АЙМАҒЫНДА МҰЗ ЕШҚАШАН ДА ЕРМЕЙДІ?
Қып-қысқа поляр жазында күн жоғары көтерілмейді, ал оның қызуы аз сәулелері мұз бен қарға тура, айнаға түскендей шағыласады.
ФАРФОР ӨНДІРІСІНІҢ СЫРЫ НЕДЕ?
Фарфор ең жоғары сападағы ең асыл керамика болып саналады.
МҰРНЫҢ САУ БОЛСЫН ДЕСЕҢ...
Сендер ауыздарыңа жара шығып, тамақ жей алмасаңдар бір-екі күн шыдайсыңдар, алмурын іші бұзылып, тыныс ала алмай қалсаң, қанша уақыт шыдайсыңдар?
СҮТ ҚАЙНАТПАСЫ
Сүт қайнатылып, үстіне қант қосылады да ваниль ұнтағы салынады. Оның үстіне бөктірілген желатин салынып, қайнатылады.