ТАУ ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?
Категориясы: География
Бәлкім, бұл сұраққа сен де жауап іздеп жүрген шығарсың? Шынында да, таңқаларлық нәрсе ғой: бір жерлерде шетсіз-шексіз керіліп дала жатыр, ал енді бір жерлерде өркеш-өркеш таулар тұр. Неге бұлай?
Бәрінің сыры - жер қыртысында. Ол ешуақытта да тыныш жатпайды: кейде дір-дір сілкініп, бетіндегінің бәрін бір шайқап өтеді; кейде төмен ойысып, ал кейде қатпар-қатпар жиырыла қалады. Тау мен дала да, ойпат пен төбе де жер қыртысының осындай қозғалыстары нәтижесінде пайда болады. Түсінген жоқсың ба? Онда қолыңа орамал ал да, теп-тегіс жайылған алаканыңның үстіне төсе... Алдымен келісіп алайық, орамал - бұл жер қыртысы. Енді оның астындағы саусақтарыңды қимылдатып байқашы, жайлап бүгіп көр, әне «жер қыртысы» бірден қозғалысқа келді: жиырыла бастады, бедерлене түсті. Көз алдыңда «таулар» тұлғаланып, олардын арасынан «сайлар» пайда болды.
Осыған ұқсас құбылыс табиғатта да өтіп жатады, тек әрине, дәл осылай теп-тез емес.
Кейде жанартаулар қызметінің нәтижесінде де таулар пайда болады. Қалайша дейсін ғой. Жанартау буырқанған кезде оның аузынан тасқын атқылайтынын білетін боларсың. Жердің терең қойнауында болатын отты сұйық зат - магмамен бірге жоғары қарай тас та, күл де, балшық та ұшып жатады. Олар, әрине, қайтып жерге түседі. Ыстық сел суып қатқан соң, сол орнында кіші-гірім таудың немесе жарқабақтың пайда болғанын көреміз. Жанартаудың әрбір жаңа бұрқанысынан соң, әлгі жарқабақ үлкейіп, биіктей береді, биіктей береді, ақырында, тауға айналады. Осылайша пайда болған тауларды бірден танисың: олар үшкір ұшын қырқып тастаған алып пирамидаларға ұқсайды.
Жарияланған-2016-08-25 16:27:49 Қаралды-40128
Жасыл далап
Телевизия ақ-қара болған кезде, түсірілім кездері қызыл сүзгі қолданылды, олар сұр түске қызыл түс беріп отырды. Сондықтан жүргізушілер және актрисалар жасыл бояулармен және далаптармен боянды.
ЕСКІ КОМПЬЮТЕР НЕ ҮШІН ПАЙДАЛЫ?
Біз өз уақытын өтеген компьютерлер туралы айтып отырмыз.
20 ҒАСЫРДЫҢ НЕГІЗГІ ӨНЕРТАБЫСТАРЫ
20 ғасырдың негізгі өнертабыстары, оларсыз қазіргі адам өмір сүре алмайды
ТЕМПЕРА ДЕГЕН НЕ?
Бұл сөз бояудың атын да, сол бояумен салынған шығарманы да бірдей білдіреді. Темпера дайындалу әдісіне байланысты үш түрге бөлінеді.