UF

КЕСУ ҚАРУЫ

Категориясы: Саясат


Кесу қаруының ертеде қолданылған екі жүзді, түзу келген түрі - «семсер». Ал сыртына қарай иіліп, кайқы келген бір жүзді кару «кылыш» деп аталады. Қылыштың өте қайқы болып келетін «наркескен», ұшы екіге айырылатын «зұлпықар», шапқанда ауыр болу үшін басы үлкейтіліп, жалпақ жасалынған «алдаспан» деген үлгілері бар. XVIII-XIX ғасырлардан бастап қазақтар басы түзулеу «сапы» аталатын балдақсыз қаруды қолдана бастады.

Қылышты, сапыны салатын қабын «қынап», ал оның белге тағуға арналған бауын «қылышбау» деп атайды. Қынаптар ағаштан жасалған. Олар терімен, матамен капталып, күміс, алтын және асыл тастармен әшекейленген.

Кесу каруларының жүзі қысқа келген түрі - қанжар мен пышақ. Жауынгерлер оларды соғыста тек көмекші құрал ретінде пайдаланған. Күнделікті тұрмыста қазақтар ұлттық пышағы мен қанжарын міндетті түрде кісе белдікке тағып жүрген. Қанжар, пышақтардың сабы мүйізден, сүйектен, ағаштан жасалып, қыны теріден тігіліп, жалпақ үшбұрышты, төртбұрышты алақанмен біткен.

  Жарияланған-2015-11-17 18:34:42     Қаралды-4704

Мәлімет сізге көмек берді ма

ЖАРЫЛЫСТЫҢ ЭПИЦЕНТРІ

...

Жарылыстың эпицентрі - жарылыс орталығының жер үстіндегі (акваториядағы) проекциясы. Жарылыс орталығы жарқыл шығатын немесе ядролық жарылыстың от шарының орталығы тұратын нүкте.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРАБ ЖЫЛҚЫСЫ

...

Араб жылқысы - байырғы жылқы тұқымдарының бірі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖАҢҒАҚ ҚОСЫЛҒАН РАХАТ-ЛУКУМ

...

Бұл да ванильді рахат-лукум сияқты жасалады, тек масса қайнатылғаннан кейін оған грек жаңғағы қосылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭРЕБУНИ

...

Бұл - ішіне дәм қабық пен ванилин салынып қабатталған қамырдан жасалатын шығыстың жаңадан шығарылған тәтті тағамы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПАРВАРДА

...

Ұн сеуіп жасалған карамель сияқты тәтті тағам.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕЛІК

...

Еліміздің солтүстік-батыс, солтүстік, орталық, шығыс бөлігіндегі және Тянь-Шаньнан Алтайға дейінгі тау етегіндегі орман, тоғайларда кездесетін сымбатты жануарлардың бірі - елік. Мүйізі тармақталып келген, қазан - қараша айларында түсіп, сәуір айында жаңад

ТОЛЫҒЫРАҚ »