АБАЙДЫҢ ҚАРА СӨЗДЕРІ
Категориясы: Әдебиет
«Абайдың қара сөздері» - қазақтың ұлы ақыны Абайдың өмірінің соңғы жылдары жазылған пәлсапалық шығармасы. Барлығы 45 сөзден (тараудан) тұрады. Бұған «Бірер сөз қазақтың түбі қайдан шыққандығы туралы» деген тарихи мақаласы да қосылады. «Абайдың қара сөздерінің» соңғы нұсқасы Абай шығармаларын жинақтаушы, көшіріп, насихаттаушы Мүрсейіт Бікеұлының 1905, 1907 және 1910 жылдардағы колжазбалары бойынша жарияланып келеді. Қара сөздердің бірнешеуі алғаш 1918 жылы Семейде шыккан «Абай» журналында жарық көрді. Кейіннен «Абайдың қара сөздері» орыс, кытай, француз, т.б. көптеген шет ел тілдеріне аударылды.
«Қара сөздер» атауының мағынасы өлең сөз дегенді білдірмейді. Өлеңді қазақ қара сөз демеген. Қара сөз проза ұғымында айтылған. Қара сөзді еркін ой білдірудің түрі деп түсінуімізге болады.
Ақын өлеңдерінің кейбір күрделі тұстары қара сөзінде түсіндірілген. Бұл Абайдың бірсыпыра өлеңдерін, алдымен, қара сөздеріндегі кейбір ойларды ұғынып барып қабылдауға мүмкіндік береді. Мысалы, «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» деген өлеңінің мағынасына жету үшін алдымен отыз сегізінші сөзді оқыған жөн. Екеуінің де айтар ойлары бір. Тек бірінде ой поэзия тілімен жеткізілсе, бірінде проза тілінде айтылған.
Абайдың қара сөздерін сыншылдық, ойшылдық, көбіне адамгершілік мәселелеріне арналған өсиет, толғау деуге болады.
«Қара сөздердің» тақырыбы біреу-ақ, ол - адам болмысы. «Қара сөздердегі» әрбір сөз осы тақырыпты кеңірек ашуға мол мүмкіндік береді.
Шығарма тек бір халықтың не ұлттың еншісіне қатысты мәселелерді айтумен ғана шектелмеген. Онда ғұламаларды жылдар бойы толғандырып келген мәселелерге талдау жасалған. Сондықтан да Абайдың қара сөздері - әлемдік өркениетте өзіндік орны бар қайталанбас мәдени мұралардың бірі.
Жарияланған-2015-11-19 14:35:54 Қаралды-56437
БӨТЕЛКЕЛЕРДЕН ІШУ ҚАУІПСІЗ БЕ?
Дүкенде суды таңдағанда, оның әртүрлі бөтелкелерде сатылатынын байқайсыз.
АЛХОРЫ КӘМПИТІ (пастила)
Піскен алхоры жуылып, сүйектері алынады, эмальды кастрюльге салынып, үздіксіз араластырыла отырып, қоюлана бастағанша қыздырылады.
ЖУГЕРІ ҚУЫРМАСЫ
Жұмыртқа мен қантты 40-50 градусқа дейін қыздырып, шайқау керек. Оны шайқай отырып бөлме температурасына дейін салқындатады.
РЕГБИ СПОРТ ОЙЫНЫ
Регби спорты - футбол ойынымен бір күнде бір жылда дүнеге келген спорт.
МАЛБАҒАР МЕҢДІҚҰЛОВ
Малбағар Меңдіқұлов (1909-1986) - қазақ халқынан шыққан тұңғыш архитектура профессоры, Қазақстанның еңбек сіңірген сәулетшісі, Алматы қаласының тұңғыш бас архитекторы. Ол Орынборда дүниеге келген.