UF

АПИЫН-КӨКНӘР

Категориясы: Өсімдікті


АПИЫН-КӨКНӘР – МАК СНОТВОРНЫЙ

Бұл да – биіктігі 1 метрге дейін жететін, бір жылдық, шөп тектес өсімдік. Сабағы тік әрі қысқа, жапырақтары көп. Тамырдан тікелей өсіп шыққан жапырақтары ірі, сопақша, ұзындықтары 20-30 сантиметрге жуық. Сабағынан өсіп шыққан жапырақтары отырмалы, жұмыртқа тәрізді, шеттері ара тісті, төменгі жағы сабақты айнала қоршап, оған жабыса біткеп. Ашылардан бұрын гүл тостағаншасы төмен қарай салбырап тұрады. Оның екі қалақшасы бар, гүл ашылған кезде олар түсіп қалады. Гүл жапырақшалары төртеу. Олардың түсі кейде ақ, кейде ашық қызыл, көк түсті болып келе береді. Гүл жапырақшаларының түп жағында қара дақтары болады. Жемісі піспей тұрған кезде тіліп қарасаңыз, ауада шамалы тұрса кеуіп, қарайып кететін тұқым қабының ішіндегі сүт тәрізді сөлді көресіз. Бұл - апиын деп аталатын улы зат.

Апиын-көкнәр мәдени өсімдік. Жабайы түрінде еш жерде кездеспейді. Оның сүтті сөлін кептіріп, дәрі үшін жинап алады. Апиынның құрамында морфин, кодеин, папаверин, тебаин, наркотин деген алкалоидтер, каучук, қоймалжың заттар бар. Оның организмге ететін әсері морфиннің нерв жүйесін тыныштандыратын, жөтел басатын қасиеттеріне байланысты. Папаверин мидың, жүректің қан тамырларын кеңейтеді. Апиын жөтел басатын дәрі ретінде де, асқазан, ішек түйнеп ауырғанда да, іш өткенде де қолданылады. Ол тек дәрігердің ғана ұйғаруымен қолданылады.

Халық медицинасында апиын-көкнәрдің гүлі мен тұқымы да іске асады. Оның тұқымын майдалап суға салса, сүтке ұқсас сұйық ақ зат пайда болады. Мұны халық арасында апиын сүті деп атайды. Осы сүтті күніне жарты стаканнан 3-4 рет ішеді. Ол өкпе қабынуын, геморройды емдеуге пайдалы. Апиын-көкнәрдің кептірілген гүлдерінен жасалған тұнбаны асқазан қабынғанда ішеді, ал оның спиртті тұнбасын ұйқы бұзылғанда, адам ой еңбегінен шаршағанда пайдаланады.


Дәріні дайындау және қолдану тәсілі. Апиын-көкнәр гүлдерінің 10 грамын 1 стакан қайнап тұрған суға салып 20 минут тұндырады да, 1 ас қасықтан 3 рет ішеді.

  Жарияланған-2016-07-13 14:03:42     Қаралды-20571

Мәлімет сізге көмек берді ма

КИРИЛЛ ЭЛІПБИІ

...

Кирилл әліпбиі (кириллица) - славян ағартушысы Кириллдің атымен аталған әліпби. Кирилл 827 жыл шамасында Фессалоники (Солунь) қаласында туылған. Кирилл славян елдеріне христиан дінін уағыздау үшін славян әліпбиін жасайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СУ ШАҢҒЫСЫ СПОРТЫ ТАРИХЫНАН

...

Су шаңғысы спортымен айналысушыларды кейде толқынмен жарысушылар деп атайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

«АҒАШТАР КҮНІ» («ЖЕР КҮНІ»)

...

1872 жылы Небраска штатының (АҚШ) ауылшаруашылық басқармасында Джон Стерлинг Мортонның тікелей ұйтқы болуымен жыл сайын қоршаған ортаны көгалдандыру мақсатында бір күнді белгілеу туралы ұсыныс жасалды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МЕЙІЗ ҚОСЫП, ЖҮГЕРІ ҮЛПЕГІНЕН ЖАСАЛҒАН ТОҚАШ

...

Салқын белок шайқалып, әбден көпіршітіледі. Оған аз-аздан қант себіледі (қантқа алдын-ала ванилин қосылады).

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТОБЫЛҒЫ

...

Ерте кездерден бастап-ақ қазақ халқы тобылғы бұтасына ерекше мән берген, әрі оны қасиетті деп те санаған. Сондықтан да, оның тамырына балта шабуға болмайды деп есептеген. Өйткені тамыры қырқылған тобылғы жерден нәр алып өсе алмайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАРА ҚАРАҚАТ – ВИТАМИНДІ ӨСІМДІК

...

Қара қарақат – биіктігі 125 сантиметрге жететін, бұталы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »