АЙЫЛЖАПЫРАҚ СҮЙСІН ЖӘНЕ ТЕЛПЕК СҮЙСІН
Категориясы: Өсімдікті
АЙЫЛЖАПЫРАҚ СҮЙСІН ЖӘНЕ ТЕЛПЕК СҮЙСІН — ЯТРЫШНИК ШИРОКОЛИСТНЫЙ И ШЛЕМОВИДНЫЙ
Бұл – көп жылдық, шөп тектес өсімдік. Сабағы қуыс, жапырақтары көп. Төменгі жағындағы жапырақтары ұзын әрі жалпақ, ал жоғарылаған сайын жіңішкере береді. Гүлдері майда, көкшіл қызыл түсті, сыртқы жағында да, ішкі жағында да үш-үштен гүл жапырақшалары бар. Гүл жапырақшаларының төменгілері қалың көкшіл түсті, ерін тәрізді және қою қызыл түсті дақтары болады. Мамыр-маусым айларында гүлдейді.
Телпек сүйсіннің айылжапырақ сүйсіннен біраз айырмашылықтары бар. Оның тамыры жұмыртқаға ұқсас, жапырақтары эллипс тәрізді. Гүлдерінің иісі бар, ішкі жапырақшалары ашық қызыл, «ерні» көк түсті болады. Бұл да мамыр-маусым айларында гүлдейді. Телпек сүйсіннің осы аталған түрлері өзендердін жағаларында, шабындықтарда, ормандардың шеттерінде, батпақты жерлерде өседі.
Дәрі жасау үшін сүйсіннің тамыр түйнегін маусым-шілде айларында сабағы сақталып тұрған кезде қазып, жинап алады. Өйткені гүл сабағы қурап кеткеннен кейін оны басқа өсімдіктердің ішінен тауып алу қиын. Сүйсіннің тек жас тамыр түйнектерін ғана жинайды. Оларды топырақтан жуып тазартып, қабығын аршиды да, бірнеше минут қайнап тұрған суға батырып алады. Тамыр түйнектер сонда ғана көктеп өсіп кетпейтін болады. Бұдан соң тамыр түйнектерді жігіке тізіп, іліп қойып кептіреді. Т. сүйсіннің құрамында 50 процентке жуық кіле- гей, 27 процент крахмал және 1 процент қант бар. Оныц жоғарыдағыдай әдіспен дайындалған тамыр түйіпін «Салеп» деп атайды. Бұл арабтыц «салаб» деген сөзінен шыққан. Міне осы «салепті» ұнтақтап, ыстық суға салып ұзақ шайқаса, кұрамындағы кілегейлері бөліпігі шыга- ды. Оііы жас баланың ішегі қабыпғаида емге пайдала- нады. Сондай-ақ ол асқазан, тоқ ішек, аш ішсктер қабынғанда қолданса да өте жақсы нотиже берсді. Т. сүйсіннің тамыр түйнегінен осындай әдіспен жасалған дәрілерді жұқпалы аурумен ұзақ уақыт ауырып тұрған адамға әл кіргізу үшін, қуықтық, бүйректің қабынуын, іш өткенді, дизентерияны емдеу үшін пайдаланады. Бұл өсімдіктен жасалған дәрілердің жыныстық әлсіздікті қалпына келтіретін қасиеті халық медицинасында өте жоғары бағаланады.
Дәріні дайындау және қолдану тәсілі. Кептірілген тамыр түйнекті ұнтақтап әуелі салқын суға араластырады, сонан соң үстіне қайнап тұрған ыстық су немесе ыстық сүт құяды да, қаймақ сықылды қоймалжың ерітінді жасап алып пайдаланады. Ол жасы ұлғайып, қартайған кісілердің, туберкулезбен ауырған адамдардыц әл-қуатын тез қалпына келтіруге көмектеседі. Тұнбасы: 10 грамм тамыр түйнекті 1 стакан суға салып 15 минут қайнатады да, 2 ас қасықтан күніне 3 рет ішеді.
Жарияланған-2016-07-13 13:36:18 Қаралды-3407
ҚАРА АЛХОРЫ ҚОСЫЛҒАН КҮРІШ
Күріш күрмегінен тазартылып, жуылады, кептіріліп қуырылады. Мұқият жуылған қара алхоры жартылай дайын болғанша қайнатылады да дәндері алынып тасталып, жіңішкелеп тілінеді.
СУ ТАСҚЫНЫ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Су тасқыны - дегеніміз құрғақ жердің едәуір бөлігін судың уақытша басуы. Пайда болу себептеріне байланысты су тасқынынын шартты түрде үш топқа бөлуге болады
САДАҚПЕН КӨЗДЕП АТУЫ
Англияның садақпен ататын әскери құрамалары 1627-1628 жылдарға дейін қызмет еткен деген тарихи дерек бар.
ТАҢҚУРАЙ ТҮРЛЕРІН ӨСІРІП, ӨНІМ АЛУ ЖОЛДАРЫ
Таңқурай жартылай бұталы көпжылдық өсімдік болып есептеледі. Жабайы түрде азғана болса да келең-келі жерлерде жақсы өседі.
ШЫҒЫС ӘДІСІМЕН ЖАСАЛҒАН АЛМА ТАҒАМЫ
Жаңғақ, бадам, жүзім және ваниль кремі араластырылып, жуылып, тазартылған алманың іші сол қоспамен толтырылады.
АҚ ТҰҢҒИЫҚ
Ақ тұңғиық - көпжылдық су өсімдігі. Тамыр-сабағы су астындағы топыраққа төселіп, дөңгелек, жүрек тәрізді жапырақтары су бетіне жайылып өседі. Гүлі кешке жабылып, күн шыққанда ашылады. Тұқымы ауа толған жеміс қабында тұрады.