UF

ҚАРТА ДАЙЫНДАУ ТӘСІЛІ

Категориясы: Тағам


Қарта – жылқының тік ішегінің жуан бөлігі. Ол әуелі жыннан тазартылып, салқын сумен әбден жуылады, содан соң салқын жерге ілініп қойылады. Ыдысқа салып қойса бір–біріне жабысып, иістеніп кетеді. 
Қартаны тұздап та, ыстап та сақтауға болады. Тұздап сақтау үшін оған ұсақ тұз сеуіп, 1–2 күн салқын жерге қойылады. Содан кейін екі ұшынан жіппен байлап, іліп қойып дегдітіледі. Ал ыстап сақтау үшін күні бойы немесе бір тәулікке жақын (12–18 сағат) түтінге ұстап ысталады. Ыстан болған соң 2–3 күн кептіріледі. 

Қарта пісірерде салқын суға жақсылап жуылады. Қазанға су құйып, қанжылым болғанша қыздырылады да үстіне қарта салынады. Сөйтіп, баяу отта піскенше асылады.

Дастарқанға әкелерде өткір пышақпен дөңгелектеп кесіліп, жайпақ ыдысқа әсемдеп орналастырылады да үстіне пияз турап салынады, аскөкпен әсемдеуге де болады.

Құрамы: 100 грамм қарта, бір пияздың 1/5 бөлігі, 2 ас қасық көк бұршақ, бір шай қасық аскөк.

  Жарияланған-2016-05-27 13:32:41     Қаралды-12825

Мәлімет сізге көмек берді ма

ПАЙҒАМБАР НЕГЕ БАЛДЫ (ӘСЕЛ) ТАҢДАМАДЫ?

...

Расында, ең шырынды гүл мен шүйгінді шөптен жиналатын балдың адам денсаулығына пайдасы зор екені бесенеден белгілі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮНЖІТ АЛУАСЫ

...

Қуырылған күнжіт дәні мен көпіршітілген белоктан жасалатын диаметрі 25-30 мм, ұзындығы 80-90 мм таяқшалар түріндегі тағам осылай аталады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖАЛАҢҚАТ

...

Жалаңқат - бір қабат қалың металдан тұтас етіп соғылатын сауыт. Кеуделік және арқалық бөліктен тұрады. Пішіні жеңсіз кеудеше тәріздес, белден сәл ғана түсіп тұратын қысқа болады. Бұл екі бөлік бір бүйірінен топсалар арқылы, екінші бүйірінен және иықтары т

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БЕЛБЕУ ТАСТАУ

...

Қазақтың ұлттық ойыны

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ШЫМКЕНТ НУГАСЫ

...

Кептірілген алма жақсылап іріктеліп, жылы сумен жуылады. Суы сорықтырылады. Содан соң пышағының диаметрі 4-5 миллиметр ет тартатын машинкадан өткізіледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҮҢГІР ТАНУ ТАРИХЫНДА ЕҢ ІРІ ЖАҢАЛЫҚ

...

Спелеология тарихындағы ең ірі жаңалық 1940 жылы ашылды. Бұл - Франциядағы әйгілі Ласко үңгірі болатын. Мұндағы суреттердің молдығы да, көнелігі де Альтамира үңгірінен әлде қайда басым еді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »