ШИЕ ӘР ТҮРЛІ ТАҒАМДАР ЖАСАУ
Категориясы: Тағам
Шие - раушан гүлділердің алхоры тұқымдас тармағына жататын ағаш өсімдігі. Шие жемісінің құрамында В1, С витаминдері бар. 10-15% қант, органикалық қышқылдар болады. Шиенің қабығында 5-7% танинин заты бар, діңінен шие желімі ағады. Тұқымында май көп. Сондықтан шие бағалы жемісті өсімдік болып саналады. Көбінесе жемісін кептіріп, консерві жасап, тосап, компот, кисель, желе, сироп, шарап түрінде сақтауға болады.
Шиеден компот жасау. Піскен шие жемістерін таңдап алып, жеміс сағағын алып тастап, жуып, бұрын әзірлеп қойған банкаларға салып, қайнап тұрған қантты сиропты үстіне құяды (сироп жасау үшін 1 литр суға 500 г қант салып қайнатады). Банкалардың үстін қақпақпен бастырып, ыссылығы 50° суы бар кастрюль ішіне орналастырып (0,5 литрлік банкаларды 8 мин, литрлік банкаларды 10 мин, 3 литрлік банканы 30 мин қайнатып) стерилизациялайды. Сонан кейін банка аузын мықтап, ашылмайтын етіп жауып суытады.
Тұтас шиенің өзін сақтау әдісі. Пісу дәрежесіне қарай шиені сорттап алады. Жеміс сабағынан және ұрылып, зақымдалғанынан тазартады. Толық піспегенін алып тастайды. Тазартылып алынған шие жемістерін суық сумен бірнеше рет жуып, бұрын әзірлеп қойған баңкаларға салады. Банканы шайқап, шиені тығыздап орналастыру керек. Сонан кейін шие үстіне қайнап тұрған су құяды. Банкалардың аузына қақпақ жауып, ішінде 50° ыссы суы бар кастрюльге қойып стерилизациялайды. Егер банка 0,5 л болса - 8 мин, литрлікті - 10 мин, 3 литрлікті 30 мин қайнатады. Стерилизациялап болғаннан кейін банкалардың аузын ауа кірмейтіндей етіп жауып, суытады. Бұл әдіспен әзірленген шиені тосап, компот, кисель және варениктер жасауға пайдалануға болады.
Сүйексіз шие жемісі қалай сақталады. Жақсы піскен шие жемістерін таңдап адып, суық сумен жуып, жеміс сағағынан, сүйекшесінен айырады. Банкаларға толтырып, тығыздап салып, қайнап тұрған су құйып, аузын қақпақпен бастырып, ішінде 40° ыссы суы бар кастрюльге стерилизациялайды. Егер банкалар 0,5 литр болса 15 мин, литрлік болса 20 мин қайнатады. Стерилизациялап болғаннан кейін банкалардың аузын жақсылап жауып суытады. Осы жолмен сақталған шие жемісін вареник, джем, тұздық, пюре, компот, тосап жасауға, самсаны толтыруға қолданылады.
Жарияланған-2016-04-11 16:45:26 Қаралды-7600
Неге қамшы сондай қатты дыбыс шығарады?
Қамшының «дыбысы» қамшының ұшы дыбыс жылдамдығының тез қозғалуынан пайда болады, ол аз ғана дыбыстық соққыны құрайды. 1958 жылы бұл дерек 1927 жылы жасалған жоғары жылдамдықтағы көлеңкедегі бірнеше суреттерге талдау жасаған кезде расталған.
МЕЙІЗ ЖӘНЕ ЖАҢҒАҚ САЛЫНҒАН РУЛЕТ
Тоқаш пісіруге арналған дайын ашыған қамыр 1,0-1,5 сантиметр қалыңдықта жайылып, шылқытып сарымаймен майланады, үстіне қант және ірілеу етіп ұнтақталған жаңғақ қосылған жүзім себіледі.
КАРАМЕЛЬ МАССАСЫ ЖАҒЫЛҒАН ІНЖІР ЖӘНЕ АЛХОРЫ
Інжірден жасалып, ішіне грек жаңғағы толтырылған, сыртына карамель массасы жағылған тағам - карамель массасы жағылған інжір деп аталады.
КОФЕНІ ҚАШАН ЖӘНЕ КІМ ОЙЛАП ТАПТЫ?
Кофені кім және қашан ойлап тапқанын нақты айту мүмкін емес - бәрі аңыздан басталды.
СПОРТ ГИМНАСТИКА ТАРИХЫНАН
Дүниежүзілік спорт түрлерінің ішінде зор бедел иесіне айналған спорт түрі - спорттық гимнастика.
ТІКЕН ЖИДЕДЕН (ТОШАЛА) НЕ ІСТЕУГЕ БОЛАДЫ?
Тошала шілде-тамызда піседі. Тошаланы тұқымымен, өркен кесінділермен, өркенді сулатып топыраққа тигізіп, шетін ылғал топырақпен көміп қою жолымен көбейтіледі.