КАКАО ҚОСЫЛҒАН ЖАҢҒАҚ ҚАТТАМАСЫ
Категориясы: Тағам
Сарымай қант ұлпасымен қосылып, он минут бойы шайқалады. Жұмыртқаның төрт сары уызы (бір-бірден), ұн, какао, жарты лимонның үккішпен үгілген қабығы, ұнтақталған жаңғақ және ең соңында жұмыртқаның көпіршітіп шайқалған ақ уызы бірінен соң бірі қосылып, бәрі араластырылады. Тортқа немесе басқа мақсатқа арналған жұқа табаға май жағылып, ұн себіледі де, соған қамыр салынады. Содан кейін біркелкі қыздырылған духовкаға қойып пісіріледі.
Бұл тағамды жасауға 200 грамм сарымай, 170 грамм ұн, 25 грамм какао, 250 грамм жаңғақ, 4 жұмыртқа және 200 грамм қант ұлпасы жұмсалады.
Жарияланған-2016-03-16 11:08:22 Қаралды-1610
ЖАН-ЖАНУАРЛАРҒА ҚҰЙРЫҚ НЕГЕ КЕРЕК?

Жаздыгүні жылқылар мен сиырларға, ал Африкада антилопалар мен зебрлерге маса, шыбын, бөгелек, сона дегендер жабылады-ай кеп.
ҚАШАП, ОЙЫП САЛЫНАТЫН СУРЕТТЕР

Ағаштан, сүйектен, тастан ойып адамның, жан-жануарлардың, өсімдіктердің бейнесін, ою-өрнектерді салуға болады.
ШЫҢҒЫС ХАННЫҢ ҰЛЫ ИМПЕРИЯСЫ

Шыңғыс хан империясы - XII-XIII ғасырларда Орталық Азиядағы көшпелілер тайпасынан шыққан ұлы қолбасшы Шыңғыс хан (Темучин, 1162-1227 жж.) мен оның ұрпақтары құрған мемлекеттердің ортақ атауы.
ЖАҢҒАҚ КӘМПИТТЕРІ

Терең табаға қант салынып, жақсы жанып жатқан отқа қойылады. Ол ашық қоңыр түске енгенше қыздырылып, жаңғақ дәндері қосылады да бәрі жақсылап тез-тез араластырылады.
АУҒАН ШӘРБӘТІ

Жеміс шырындарына апельсин мен лимон бөліктері салынып, аздаған су құйылады да бәрі қосылып қайнатылады.