БАЛСЫЗ КҮНБАҒЫС КӘЗИНЕГІ
Категориясы: Тағам
Бұл - күнбағыс дәнінен жасалатын төрт бұрышты немесе қиғаш төрт бұрышты тәтті тағам. Бадамнан жасалатын кәзинек схемасы бойынша дайындалады. Бұйым тығыз жабылатын қақпағы бар қаңылтыр қораптарға салынады.
Бір килограмм кәзинек жасау үшін 407,2 грамм қант, 126,9 грамм сірне, 548,5 грамм күнбағыс дәні жұмсалады.
Балсыз кәзинектің негізгі көрсеткіштері мынадай: бір килограмында кемінде 63 данасы болады. Ылғалдылығы - 3 процент, қорапқа салғандағы салмағы - 3 килограмм, ең ұзақ сақталатын мерзімі - 3 ай.
Жарияланған-2016-02-22 18:26:05 Қаралды-1441
БІРҚАЗАН

Бірқазан - өте ірі құс. Дене пішіні салмақты, әсіресе, тұмсығы өте ұзын. Тұмсығының астыңғы жағында азық жинайтын созылғыш тері қапшығы болады. Олар Қазақстанның қопалы өзен-көлдерінде кездеседі. Бірқазандар топтанып, көп болып тіршілік етеді.
ВАНИЛЬДІ КИХЕЛАХ

Қамырдан жасалған құырма сияқты тағам осылай аталады. Бұл тағам қамырға химиялық қопсытқыш қосып дайындалады.
ШЫМКЕНТ НУГАСЫ

Кептірілген алма жақсылап іріктеліп, жылы сумен жуылады. Суы сорықтырылады. Содан соң пышағының диаметрі 4-5 миллиметр ет тартатын машинкадан өткізіледі.