ҚАСҚЫР
Категориясы: Жануарлар
Қазақстанның барлық аймақтарында таралған жыртқыш аңдардың бірі - қасқыр. Дене тұрқы асыранды иттей. Қасқыр асыранды иттің арғы жабайы тегі деп есептелінеді. Топтанып тіршілік етеді, қорегін көбіне түнде аулайды. Мал шаруашылығына үлкен зиян тигізгенімен, өзге аңдардың ауру, әлсіздерін жеміне жаратуы арқылы жұқпалы аурулардың таралмауына көп көмегін тигізеді. Қасқырдың терісінен ішік тігеді, оның өтін емге пайдаланады. «Жыншайтан жоламайды» деген ырыммен тырнағын бесікке іліп кояды. Қасқырды қазақ халқы ертеде «көк бөрі» деп атап, өжет адамды «қасқыр екен», «нағыз көкжал екен» деп қасқырға теңеген.
Жарияланған-2015-11-25 22:24:47 Қаралды-6144
ТОРҒАУЫТ

Торғауыт - теріден қабаттала жасалатын сауыт түрі. Ауыз әдебиеті үлгілерінде көбінесе «тоғыз қабат торғауыт» және «бес қабатты сауыт» жайлы жиі айтылады. Торғауытты жасау үшін қалың теріден жалпақтау таспалар тіліп алып, оларды бірнеше қабаттап жабыстырад
КЕСУ ҚАРУЫ

Кесу қаруының ертеде қолданылған екі жүзді, түзу келген түрі - «семсер». Ал сыртына қарай иіліп, кайқы келген бір жүзді кару «кылыш» деп аталады. Қылыштың өте қайқы болып келетін «наркескен», ұшы екіге айырылатын «зұлпықар», шапқанда ауыр болу үшін басы ү
ҰСТА, ЗЕРГЕРЛЕРДІҢ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАРЫ

Көрік - ұста, зергерлердің түрлі металдарды балқытып, қыздырып, өңдеу үшін қолданатын, оттыққа жел беріп тұратын құралы. Көріктің «қос көрік», «қол көрік», «мес көрік», «аяқ көрік» деген түрлері бар.
ДӘРІЛІК ТҮЙЕ ШЫРМАУЫҚ

Дәрілік түйе шырмауық — көп жылдық өсімдік. Тамыры қысқа, қосымша тамырлары көп.
ИТБҮЛДІРГЕННЕН ӘР ТҮРЛІ ТАҒАМДАР ЖАСАУ

Медицинада итбүлдірген жапырақтарын ұнтақ немесе қайнатып алынған тұнба турінде қызылшамен ауырған адамның қызуын түсіруге және асқазан сөлінің қышқылын баяулатуға қолданады.