ТЕМПЕРА ДЕГЕН НЕ?
Категориясы: Өнер
Бұл сөз бояудың атын да, сол бояумен салынған шығарманы да бірдей білдіреді. Темпера дайындалу әдісіне байланысты үш түрге бөлінеді. Гуммиарбиктен жасалған темперамен қағазға сурет салынады және ол гуашқа ұқсайды. Екінші бір түрі майлы бояуға ұқсайды; суретші оны майлы бояу жағатын қыл қаламдармен кенепке сурет салуға пайдаланады. Үй қабырғасына сурет салу үшін жұмыртқаның сары уызына езіліп дайындалған темпера қолданылады.
Джото ди Бондоне. 1266-1337 жж. "Яков бақташылар арасында"
Темпера бояулары кепкен сайын ашық реңқ таныта түседі. Темперамен салынған суреттер жылтырап тұрмайды, биязы өң танытады. XIII-XIV ғасырларда Италияда Джотто деген ұлы суретші өмір сүрген. Төменде оның библия тақырыбындағы «Яков бақташылар арасында» деген фрескасы көрсетілген.
Каменева Е. Кемпірқосақтың түсі қандай? -Алматы: Өнер, 1981. -168 б.
Жарияланған-2016-11-17 12:35:04 Қаралды-5649
«ҚАРАКӨЗ» ҚУЫРМАСЫ

Қаракөз қуырмасын жасау үшін белок пайдаланылады. Сары уызынан мұқият тазартылған белок салқындатылады, көпіршітіліп шайқалады.
КЕНЕСАРЫ ХАН

Кенесары Қасымұлы (1802-1847 жж.) - қазақтың ірі мемлекет қайраткері, қолбасшы. Кенесары 1841 жылы бүкіл қазақ халқының мақұлдауымен хан көтерілген Қазақ хандығының соңғы ханы. 1837-1847 жылдардағы қазақ халқын басқыншылардан азат ету күресінің басқарушыс
ЖЕМІС ҚОСЫЛҒАН СҮЗБЕ

Сарымайға қант қосу керек. Үгілген ірімшік, жүзім, кептірілген өрік, қуырып, ұнтақталған жаңғақ, ванилин қоса отырып, ағарғанша езіледі.
ЦИФРЛАР ҚАЙДАН ПАЙДА БОЛҒАН?

Бүгінде екі жердегі екінің төрт екені тіпті мектеп табалдырығын аттай қоймаған бүлдіршінге де белгілі.
ҚАСЫМ ХАН

Қасым хан Жәнібекұлы (1445-1518 жж.) - қазақтың ұлы хандарының бірі, Қазақ хандығының негізін қалаушылардың бірі Жәнібек ханның ұлы.