UF

ТОНЫКӨК ЕСКЕРТКІШІ

Категориясы: Тарих


Ақылгөй Тоныкөктің құрметіне қойылған тас тақта өзінің бұйрығы бойынша шамамен 716 жылы қашалып жасалған. Бұл ескерткіш 1897 жылы Баин-Цокто шатқалынан табылған. Қазіргі кезде ол Моңғол Республикасының астанасы - Улан-Батор қаласынан 60 шақырым жерде орналасқан.

Түркі қағандарының ұлы кеңесшісі болған Тоныкөк ірі билікке иеленген. Маңызды мемлекеттік істерді шешіп, үлкен жауынгерлік жорықтарды басқарған. Көне жазбаларда Тоныкөктің қытай білімін алып, шығыс дипломатиясының қыр-сырын жете меңгергені жайлы айтылады.

Көшпелі өмірді аса құрметтейтін Тоныкөк түркі халқына және оның билеушілеріне сенімді де адал қызмет еткен. Бүкіл көшпелі тайпалардың бірігуін куаттап, түркі мемлекетін нығайтуға бар күш-жігерін салған. 725 жылы қаған ордасына барған қытай мәмілегері Юань Чженьнің пікірінше, Тоныкөк әміршінің зор ықыласына ие қажырлы тәжірибелі қарт болған. Ол ұлы қаған ордасының төрінен орын алған.

Тоныкөк ұзақ өмір сүрген. Оның гранитке кашалып жазылған колжазбалары арқылы өз ата-бабаларымыздың тарихын білеміз.

  Жарияланған-2015-11-18 18:10:33     Қаралды-11429

Мәлімет сізге көмек берді ма

СЫРДАРИЯ

...

Сырдария өзені Орталық Тянь-Шань жоталарынан басталып, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан аймағы аркылы өтіп, Қазақстанда Арал теңізіне келіп құяды. Ұзындығы - 2219 км.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЕРГЕ ЕҢ ЖАҚЫН ЖҰЛДЫЗ

...

Кун жуйесінің орталық денесі, Жерге ең жақын жұлдыз. Ол аса ыстық газдан тұратын, шар тәрізді аспан денесі болып саналады. Бүкілкүн жүйесі массасының 99,866%-і кұнде жинақталған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕҢ ҮЛКЕН ҚИЯР

...

1986 жылы бақша дақылдарын өсірумен айналысатын австралиялық фермер Эйлин Челпелдің бақшасыңда бұрын-соңды ел көрмеген ең үлкен қияр өсірген.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАНДАЛАТ

...

Бұл - ұн мен қантқа аунатып алған өрік сүйектерінен жасалатын тәтті тағам.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕСКЕКШІЛЕРІ СПОРТЫ ТАРИХЫНАН

...

Ескекті қайықпен серуендеу, саяхатқа шығу, жихангерлік адам баласының ерте заманынан-ақ меңгерген кәсібі деуге әбден болады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

7 ТҮРЛІ БҰҚТЫРҒАН ЕТ ТАҒАМДАР

...

Ет ұсақтап туралады да табадағы қыздырылған майға салынып қуырылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »