ПЫШАҚТЫҢ ЖҮЗІ ҚАЛАЙ ЖАСАЛАДЫ?
Категориясы: Технологии
Дүкенге жіберер алдында жұмысшы пышақ жүзін тегістегіш станокпен айнадай ғып жалтыратыпты.
Пышақтың өзін жасаған кім дейсің ғой. Оны жасаған ұстақалыптағыш. Ол болат қаңылтырды ұста машинасына салып, балға-тұтқаны іске қосады. Жоғарыдан гүрс етіп балға соғылады! Сол кезде болат қаңылтырдан саудырап ондаған пышақ шығады. Осыдан кейін болат қаңылтырға қарасаң, ойылып-ойылып қалған ондаған ұзынша сопақ тесікті көресің. Оның әрқайсысы пішіні жағынан пышақтан аумайды.
Әйтсе де болат қаңылтыр қайдан шықты? Оны аса ірі прокат станынан шебер прокатшылар болат кесектерінен алған.
Ал болат кесектерін ше?
Жұмысшы-балқытушылар болатты алып пеш - мартенлерде пісіреді.
Сонда болатты неден пісіреді?
Шойыннан. Жұмысшы-домнашылар шойынды темір кентасынан алып пештерде - домналарда қорытады.
Кентас қайдан шығады?
Кеншілер оны жер астынан қазып алады.
Олар кентасты қалай іздеп тапқан?
Геологтар көмектескен.
Әдеттегі жүзі бар пышақ дүниеге келу үшін қаншама адам мен машина жұмыс істейді.
Қандай зат болмасын: мейлі ол жейде мен велосипед болсын, я шай кесе мен электр шамы болсын, тіпті шарикті қаламсап пен телевизор болсын, не турбина мен тепловоз... болсын - бәріне де дәп осылай маңдай тер төгіледі.
Кез келген затты - не үлкен не кіші демей, я қарапайым, я күрделі демей, оны жасау үшін әр түрлі кәсіп шеберлері ерінбей, ерекше ықыласпен еңбек етуге тиіс.
Әр түрлі кәсіптің жұмысшылары ғана емес, сонымен бірге әр түрлі кәсіптегі заводтар да бірлесіп, ынтымақтасып жұмыс істейді. Екі завод арасы жүздеген шақырым шалғай жатады, ал соған қарамастан тізе қосып еңбек етеді.
Темір жол бойымен поездар жүйткиді. Ащы ішектей шұбатылған вагондарға заводтардың біріне-бірі жөнелткен жүктері тиелген. Олар қосақтарын жазбай станок жасайтын заводқа маңдай тіреп: «Міне, болашақ станоктарыңыздың электр моторлары!» - десе, станок жасаушылар: "Жаңа цехтарыңыз үшін станоктар жөнелтіп отырмыз!" - деп жауап береді.
Металлургтер подшипник заводына сәлемдемеге металл тиеп жіберсе, олар «сыйға сый» деп, жаңа прокат станына подшипниктер жөнелтіп жатады.
Мұнайшылар химия заводтарына мұнай, ал химиктер оларға бұрғылау машиналарын майлайтын май береді. Осылай бар завод біріне-бірі қол ұшын беріп, көмектесіп тұрады. Әрқайсысы өз жұмыстарын орындайды, ал барлығы бірігіп ортақ іс тындырады.
Жарияланған-2016-09-04 19:20:39 Қаралды-3819
КӨЗ ШАҒЫЛЫСТЫРҒАН ОТТЫҢ ӘМІРШІСІ
Пісіргіштің қалай жұмыс істейтінін көрген адам, сірә да, жанарғы мен ауыр баллон арасын жалғап жатқан құлаштай- құлаштай екі резеңке түтікті байқаған болар.
АВАРИЯНЫ ТУҒЫЗАТЫН КАНДАЙ СЕБЕПТЕР БАР ЖӘНЕ ОНЫ ЖОЮ?
Авария (апат) — өндірістік процестің бұзылуын туғызатын, машинаның, агрегаттың істен шығуы немесе адамдардың өмі рі мен денсаулығына қауіп төнуіне байланысты тоқтатылуы. Ірі өндірістік апаттарында өнеркәсіп орындарында, транспортта немесе басқа да халық ш
КЕНЕСАРЫ ХАН
Кенесары Қасымұлы (1802-1847 жж.) - қазақтың ірі мемлекет қайраткері, қолбасшы. Кенесары 1841 жылы бүкіл қазақ халқының мақұлдауымен хан көтерілген Қазақ хандығының соңғы ханы. 1837-1847 жылдардағы қазақ халқын басқыншылардан азат ету күресінің басқарушыс
БЕРЕН САУЫТ
Берен - мата, теріге темір тақташаларды шегелеп, қатарлап бекіте отырып жасалатын сауыт. Үлкен темір тақташалардан жасалып, иілуге онша келмейтіндіктен бұл сауыт кеудеше тәрізді етегі қысқа, жеңсіз етіп жасалады.
НАПАЛМ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Напалм - тұтанғыш-отатқыш қоспа ретінде қолданылатын жаңғыш зат. Напалм біршама тұтқыр және әр түрлі заттың бетіне жақсы жабысады. Тұтанғыш қоспаның негізі бензиннен, керосиннен және басқа да мұнай өнімдерінен тұрады.
ҚЫЗ ҚУУ
Бағзы заманда қызға үйленбек болған жігіт батылдығы мен күшін, ептілігін көрсететін түрлі сыннан өткізілген.