UF

КӨЗ ШАҒЫЛЫСТЫРҒАН ОТТЫҢ ӘМІРШІСІ

Категориясы: Өнертабысты


Әуелі көз шағылыстырған оттың әміршісімен жақынырақ танысып алайық. Ол - пісіргіш жұмысшы. Үстінде - брезент костюм, бетінде - қара шынылы темір перде, қолында қалың қолғап. Сол ыстық өтпес қалың қолғаппен болат шыбық пен иілген жез түтік - жанарғы (горелка) ұстаған. Пісіргіш шүмекті бұрап, сіріңкені жақса болды - сол заматта жанарғыдан шапшып жіп-жіңішке ғажайып көгілдір от жанады.

Пісіргіштің қалай жұмыс істейтінін көрген адам, сірә да, жанарғы мен ауыр баллон арасын жалғап жатқан құлаштай- құлаштай екі резеңке түтікті байқаған болар. Оның екеуінде де сығылған газ бар. Бірінде - жанғыш газ, екіншісінде - оттегі газы. Ол от үшін аса қажет, қалай дегенмен де, пісіру үшін ауадағы оттегі құрамы аздық етеді. Оның есесіне болат сауыт-баллон таза оттегіне толы. Жанғыш газ бен оттегі ағыны жанарғы ішінде араласып, сыртқа шыққанда жалын осылай көгілдір тартады. Шойын мен болатты мірдің оғындай өткір сәулелі от оп-оңай балқытады.

Айталық, пісірушілер болат қаңылтырларды бір-бірімен тастай ғып жалғау қажет делік. Ол болат қаңылтырларды біріне-бірі жымдастыра ұстап тұрып жанарғыны жағады. Көз қарыған жалын болат қаңылтырлардың жігін майдай ерітеді. Сөйтіп, екі қаңылтыр тұтас бір зат боп шығады.

Ал егер біріктірілмей, керісінше, металды бөліп кессе ше? «Оны да жасауға болады, - дейді пісіргіш көгілдір отты жағып. - Үйреншікті іс». Ол болатты балқитындай ғып әбден қыздырады. Шоқтан бетер қызарған тұста дереу газды өшіреді - енді оның қажеті жоқ. Бұдан былайғы жерде оттегі ағынында газ емес, металдың өзі жанады.

Оттегі жанарғының иненің жасуындай тесігінен саулай шығады, металл кісі көзі төзбестей жарқ-жұрқ етеді, шарыққа пышақ қайрағанда қылдай-қылдай ұшқын қалай ұшса, от тиген жерден сондай майда-майда ұшқын дәл солай шашырайды. Арада бірер минут өтісімен жуан темір құбыр екі бөлініп түседі.

Мынадай да көріністі жиі байқауға болады: пісіргіш жұмыс үстінде, көгілдір от гүжілдеп жанады, майда ұшқын жаңбырша жауады, ал, әйтсе де бұл маңда не шұбатылып жатқан резеңке түтік те, не газ «көзі» - баллон да жоқ, тіпті жұмысшы қолында жанарғы да көрінбейді. Тек болат шыбық қыстырған қамшыдай ғана қысқа сап, оған сым жалғаныпты. Бұл металл газ жалынымен емес, электр тогының жәрдемімен пісіріледі деген сөз. Нағыз найзағай оты - осы, тек құртақандай ғана. Және дегеніңе көнгіш.

Пісіргіштер көпірлер, станоктар, кемелер құрастыруға, электр станцияларын салуға, самолеттер, тепловоздар мен автомобильдерді жасауға дем береді.

Жұмыс жайымен олар мейтін жер, баспайтын тау жоқ.

Газ құбырлары құрылысында басты жұмыс күші – трактор. Кәдімгі пісіру тракторы. Ондай да «пісіргіштер» бар. Ол автоматтандырылған, өздігінен жүреді. Трактор металл үстімен мен жүріп келе жатып әлуетті әрі берік тігіс жасап кетіп отырады.

Пісіргіштер су астында жұмыс істейді. Көз қарыған көгілдір өткір сәуле жұлдызшасы, тұңғиық теңіз түбінде де сөнбейді. Пісіргіш сүңгуірлердің шаруасы бастан асып жатады. Олар көпірлер салуға көмектесіп, су түбінде құбырлар төсейді. Су астына кеткен кемелерді    бөлшектеу жұмысына араласады...

  Жарияланған-2016-09-18 13:10:32     Қаралды-2360

Мәлімет сізге көмек берді ма

АЗЕРБАЙЖАН НАНЫ

...

Бұл жүзім, цукат және жаңғақ қосылған қуырма сияқты тағам.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЙ МАТЕРИКА ЕҢ КІШКЕНТАЙ?

...

Австралия - жер бетіндегі ең кішкентай материк.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТЕННИС СПОРТ ТАРИХЫНАН

...

Теннис спортының негізгі екі турі бар: үлкен және стол теннисі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БАЛ ҚОСЫЛҒАН СҮЗБЕ

...

Жұмыртқаның сары уызы, қант және бал қосылып езіледі. Май немесе қаймақ, үгілген сүзбе қосылып тағы да езілгеннен кейін формаға аударылып, суытылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖАРЫЛЫСТЫҢ ЭПИЦЕНТРІ

...

Жарылыстың эпицентрі - жарылыс орталығының жер үстіндегі (акваториядағы) проекциясы. Жарылыс орталығы жарқыл шығатын немесе ядролық жарылыстың от шарының орталығы тұратын нүкте.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ӘУЕДЕГІ ЯДРОЛЫҚ ЖАРЫЛЫС

...

Әуедегі ядролық жарылыс - жарқыл аймағы барынша жарқыраған сәтте жер бетіне (суға) жетпейтін жарылыс. Әуедегі ядролық жарылыс биіктігі ядролық қарудың қуатына байланысты жүздеген метрден бірнеше километрге дейіңгі аралықта болуы мүмкін.

ТОЛЫҒЫРАҚ »