БҰЖЫ - ТІЛ ҮЙІРЕР ДӘМДІ АС
Категориясы: Тағам
Жаңа сойылған малдың іш майы, өкпе–бауыр, ішек–қарны, етті мүшелегенде түскен кесінді еттер ұсақтап туралады (қазіргі кезде ет тарқыштан өткізіледі). Үккішпен үгілген сарымсақ салынады, тұздалып бұрышталады. Бәрі бір ыдысқа аударылып, оған алдын ала бір қайнатып алынған күріш қосылады да жақсылап араластырылады. Сөйтіп, қарынға салынады да үстіне су құйылып, отқа қойылады. Әрі қарай бұжы секілді пісіріледі.
Құрамы: 300 грамм іш май, 500 грамм өкпе–бауыр, 150 грамм ет, 500 грамм күріш, 1 түйір сарымсақ, жарты шай қасық қара бұрыш, 1 шай қасық тұз. Бұжы – өте дәмді тағам. Бұл жаңа сойылған малдың етіне, іш майына, бауырына ұн қосып жасалады. Ол үшін қойдың іш майы, еті, бауыры өте ұсақталып туралады. Осы қоспаға бидай ұны, үккішпен үгілген немесе майдалап туралған сарымсақ, бұрыш, тұз қосылып, әбден араластырылады. Сөйтіп дайын болған қоспа бүйенге тығылады немесе қарынға салынады. Бүйеннің бір шеті әдеттегідей тұйық болады. Ал екінші шеті жіңішке іскектермен түйреліп, байланады. Содан соң кастрюльге салып, үстіне суық, су құйылады да, отты басыңқырап қойып асылады. Ол қайнап жатқанда кастрюльдің қақпағын ашып, аударыстырып отыру керек. Оның үстіне әр жерін іскектеп, желін шығарып отырған дұрыс. Әйтпесе ол жарылып кетеді. Кастрюльге су бұжы толық батып жататындай етіп құйылады. Бұжы бірқалыпты 1,5–2 сағат қайнауы тиіс. Піскеннен кейін ол бөлек ыдысқа салып алынып, суытылады. Оны ыстықтай да жей беруге болады. Бірақ, негізінен салқын тағам қатарына жатады. Құрамы: 300 грамм іш май, 500 грамм ет, 300 грамм бауыр, 600 грамм бидай ұны, 1 түйір сарымсақ, жарты шай қасық қара бұрыш, 1 шай қасық тұз.
Жарияланған-2016-05-27 13:58:05 Қаралды-11709
ВАНИЛИН ҚОСЫЛҒАН ЖАҢҒАҚ КӘМПИТТЕРІ
Кастрюльге сүт құйылып, қант және сарымай салынады. Бұқтырылған қоспа отқа қойылып түбі күйіп кетпес үшін араластырыла отырып, қоюланғанша пісіріледі.
ҮҢГІР ТАНУ ТАРИХЫНДА ЕҢ ІРІ ЖАҢАЛЫҚ
Спелеология тарихындағы ең ірі жаңалық 1940 жылы ашылды. Бұл - Франциядағы әйгілі Ласко үңгірі болатын. Мұндағы суреттердің молдығы да, көнелігі де Альтамира үңгірінен әлде қайда басым еді.
НЕЛІКТЕН ҚҰСТАРҒА МАМЫҚ ҚАЖЕТ?
Мамық қауырсындар кішкентай жотадан және ұзын икемді ойықтардан тұрады...
ЖҰМЫС КИІМДЕРІН ТАЗАЛАУ
Ауыр жұмыс мамандықтағы адамдардың жұмыс киімдері әрдайым қатты кірлеп, май теңбілденіп кетеді.
БАЛ ҚОСЫЛҒАН СҮЗБЕ
Жұмыртқаның сары уызы, қант және бал қосылып езіледі. Май немесе қаймақ, үгілген сүзбе қосылып тағы да езілгеннен кейін формаға аударылып, суытылады.