UF

АРХЕОЛОГИЯ МҰРАЖАЙЫ

Категориясы: Тарих


Археология мұражайы Қазақстандағы археологиялық қазбалар кезінде табылған көне заман мұраларын сақтап, зерттейтін мекеме болып табылады. Бұл мұражай 1973 жылы Тарих, археология және этнография институтының жанынан ашылған. Мұражайдың негізгі мақсаты - Қазақстан жеріндегі адамзат қоғамының ежелгі дәуірінен бастап, кейінгі орта ғасырға дейінгі аралықтағы даму жолын заттай деректер арқылы көрсету. Мұражайда Қазақстанда жүргізілген қазба жұмыстары кезінде және кездейсоқ табылған көптеген ескерткіштер сақталған.

Мұражай бұйымдары үлкен төрт бөлімге бөлінген. Олар өз ішінде кезеңдер мен аудандарға жіктеледі. Көрменің бірінші бөлімі «Алғашқы қауымдық қоғам мен оның ыдырауы» тақырыбына арналған. Мұнда Қазақстан аумағында тас дәуірінде пайдаланылған тастан жасалған құралдар мен қарулар, сәндік бұйымдар қойылған. Қола дәуірінің ескерткіштеріне арналған екінші бөлімде Андрон мәдениетінің, Беғазы-Дәндібай мәдениетінің бұйымдары қойылған. Мұражайдың келесі бөлімі ерте темір ғасырына (б.з.б. VIII ғасыр - б.з. V ғасыры) арналған. Бұл бөлімнен қаруларды, ат әбзелдерін, сүйектен жасалған бұйымдар мен қоладан құйылған аңдардың бейнелерін, т.б. құнды ескерткіштерді көруге болады. Орта ғасырлардағы алуан түрлі ескерткіштер мұражайдың төртінші бөліміне жинақталған. Бұл бөлімнен қазақ жеріндегі ортағасырлық қалалардың орындарына жүргізілген археологиялық зерттеулер кезінде табылған көптеген бұйымдарды тамашалауға болады.

  Жарияланған-2015-11-24 16:18:39     Қаралды-4402

Мәлімет сізге көмек берді ма

БҰЖЫ - ТІЛ ҮЙІРЕР ДӘМДІ АС

...

Жаңа сойылған малдың іш майы, өкпе–бауыр, ішек–қарны, етті мүшелегенде түскен кесінді еттер ұсақтап туралады (қазіргі кезде ет тарқыштан өткізіледі).

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚЫЗ ҚУУ

...

Бағзы заманда қызға үйленбек болған жігіт батылдығы мен күшін, ептілігін көрсететін түрлі сыннан өткізілген.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ИСЛАНДИЯ – АТЫ ДҰРЫС ЕМЕС ЕЛ

...

Исландия ағылшын тілінен сөзбе-сөз аударғанда «мұз елі» деп аталады

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕЖЕЛГІ УАҚЫТТА ТІСТЕРІН ҚАЛАЙ ТАЗАЛАҒАН?

...

Ақ және сау тістерге арналған ұнтақ

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БАБАЛАРЫМЫЗ ҚАНДАЙ МЕКТЕПКЕ ОҚЫҒАН?

...

Таңертеңгі сағат жетіде мектепте сабақ бастауға жинала бастайды. Шәкірттер етегі жер сызған ұзын көйлектерінің белдерін жіппен буып алған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН ТІСТЕРІҢІЗДІ ТАЗАЛАУ КЕРЕК?

...

Тістерді сау ұстау үшін оларды тазалау керек.

ТОЛЫҒЫРАҚ »