UF

 

Мазмұны

 

 

Кіріспе.........................................................................................................................1

І. Білім беру жүйесіндегі жаңаша бағыттардың теориялық негіздері

1.1. Білім беру жүйесінің басты сипаты...............................................................4

1.2. Осы заманғы жаңа педагогикалық технологиялар.................................11

1.3. Жаңа педагогикалық технологияларды ендіру жолдары......................18

ІІ.Оқытудың модульдік жүйесі

2.1. Модульдік оқытудың құрылымы...............................................................22

2.2.Модульге бөлінген сабақтардың түрлері....................................................31

2.3. Оқу модулінің кіріспе бөлімі.........................................................................41

2.4. Оқу модулінің қорытынды (бақылау) бөлімі............................................43

Қорытынды..............................................................................................................48

Әдебиеттер................................................................................................................49

 

 

КІРІСПЕ

 

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың "Қазақстан - 2030" стратегиялық жолдауында, 1999 жылдың маусымында қабылданған Қазақстан Республикасы "Білім туралы" Заңында, 2000 жылдың 30 қыркүйегінде қабылданған "Білім" мемлекеттік бағдарламасында көрсетілгендей қоғамның экономикалық және әлеуметтік жағынан ілгерілеуінің маңызды факторы ретінде білім берудің ұлттық моделін дамыту, шығармашыл тұлға қалыптастыруға дағды алу, ақыл-ой қорын жинау сияқты мақсаттарды көздейді. Ол Қазақстан Республикасы жариялаған білім беру басымдығына, "жалпыға білім беру" моделін "әр адамға таңдау бойынша білім беру" моделіне көшуге негізделген.

Қазіргі кезеңде Республикасызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, Қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды.

 Мемлекеттік білім стандарт деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияларды ендіруді міндеттейді.

20 ғасыр ортасында атақты ғалым В.М.Глушков: ЭЕМ желілері мен оларға терминал арқылы байланысу жүйелерінің дамуы келесі ғасыр басында техникалық жағынан жетілген елдерде информацияның басым бөлігі, бірінші кезекте, ғылыми-техникалық, экономикалық, саяси-әлеуметтік мәліметтер қағазсыз күйде – “ЭЕМ жадында саақталады. Соның салдарынан 21  ғасыр басында осындай информацияны пайдалана алмайтын адам 20 ғасыр басындағы оқи да жаза да алмайтын жанға ұқсас болады...”, - деген болатын.

Ақпараттық технологияларды практика жүзінде пайдалану жолында арнайы білім беру мақсатында жаңа пән – информатика сабағы соңғы 20 жыл көлемінде оқытылып келеді. Оның орта білім жүйесіндегі алатын орны қазіргі информациялық қоғамдағы кәсіби қызметтің негізі  болып табылатын әлемнің ақпараттық – жүйелік бейнесін жасау, ақпараттық орта мен адамның тиімді қарым-қатынасын қалыптастыру сияқты мәселелермен анықталып келеді. Осыған қоса қазіргі  кезде педагогикалық ғылым саласында да оның әдіснамасы (методологиясы) мен парадигмасын жетілдіруге қажет тереңдетілген әлеуметтік өзгерістер болып жатыр.

Сондықтан мектептегі информатиканы оқытудың негізгі міндеті – ақпаратты түрлендіру, тасымалдау және пайдалану процестерін меңгеру, оқу барысында кейіннен қызмет ету саласында да өзін - өзі көрсету, дамыту құралы ретінде компьютелік технологияларды тиімді пайдалану тәсілдерін үйрету болып табылады. Осы мақсатты  жүзеге асыру нәтижесінде оқушылар ақпараттық технологияларды айдалану тәсілдерін игеріп, қазіргі әлемнің инфомациялық бейнесін жасауға қол жеткізетін деңгейге көтеріле алады.

Оқушылардың білімі тереңдеп, өрістері кеңейген сайын олар одан кейінгі оқуын жалғастыру мен еңбек етуге жақсы даярланып шығатын болады. Бірақ ақпараттық технологиялардың жедел дамуына орай осы  пән көлемінің тұрақты түрде ұлғайып отыруына және оқыту сағаттарының жетіспеуіне байланысты бұрынғы білім беру аясында шешуге болмайтын мәселелер туындап келеді. Осы мәселе оқытылатын мәлімет көлемі мен оған бөлінетін сағаттар арасындағы сәйкессіздікке баса назар аударға негіз болып отыр. Бұл қайшылықты шешуге мүмкіндік беретін бір тәсіл – оқытуға керекті сағат санын арттырмай – ақ, күннен күнге ұлғайып отырған ақпарат көлемін игеруге мүмкіндік беретін жаңа білім беру технологияларын енгізу болып табылады.

Сағат саны жетіспей, оқу құралдары да тапшы болып отырған осы кезеңде білім беру бағдарламасын толық жүзеге асыру үшін мен жаңа оқыту технологияларына негізделген әдістемелік және дидактикалық материалдар жасап, соларды пайдаланып келемін. Оқушылардың білім алу процесін жетілдіріп,  оны игеруді жылдамдата алатын жаңа педагогикалық  тәсілдер балаларға ақпараттық  технологиялар жағынан терең білім алуға көмектесіп, кейіннен жоғары оқу орындарында да табысты түрде оқуға кепілдік береді.

Мұндай технологияларға Жобалар тәсілін, Модульдік оқытуды, бір мәселеге баса назар аударту (концентрированное обучение) арқылы оқыту, әркімді деңгейіне қарай жетілдіру (дифференцированное обучение) және тұлғаға бағытталған оқыту элементтері, ойы программалары мен тест арқылы тексеру істерін жатқызуға болады. Оқушылардың білімге деген ынтасын арттыра алатын біріктірілген немесе бинарлық сабақтар жаңа материалдарды тиянақты ұғып, оларды бекіту жолында жақсы нәтижелер беріп  келеді.

Білім беру саласы қызметкерлерінің алдында қойылып отырған басты міндеттерінің бірі - оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру болып табылады.

Диплом жұмысының мақсаты – әрбір оқушының өз ерекшіліктеріне, ынтасына, мүмкіндіктеріне орай білім алуын қамтамасыз ететін оқыту жүйесін жасауға ұмтылу болып табылады.

Диплом жұмысының проблемасы – оқу-тәрбие үрдісін оқушылардың жеке басының дербес және дара ерекшеліктерін ескере отырып, олардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында ұйымдастырудың жолдарын айқындау.

Диплом жұмысының құрылымы және көлемі. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімі және практикалық жұмыстан тұрады.

 

 

 

 

І. БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢАША БАҒЫТТАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1. БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСТЫ СИПАТЫ

 

 Қай мемлекеттің де негізгі тірегі - асқақтаған күмбездер де, ғимараттар да, экономикалық жағдай да емес, білімді де білікті, іскер де, белсенді адамдар. "Біздің балаларымыз білімі жоғары жұмысшылар мен фермерлер, инженерлер, банкирлер және өнер қайраткерлері, мұғалімдер мен дәрігерлер, зауыттар мен биржалардың иелері болады (Қазақстан-2030 бағдарламасы). Әрине, "келешектің иесі - жастар". "Жастар өзінің ата-анасынан гөрі заманына көбірек ұксас келеді. (И.С.Кони). Сондықтан қоғам талабына сай, сол қоғамды көркейтетін, дамытатын жастар тәрбелеу ең маңызды мәселе екені даусыз. Қоғамның дамуына қарай ғылым мен техниканың деңгейі де, оны басқару жүйесі де өзгеріп отыратыны белгілі. Осыған орай маман қызметінің мазмұны жаңарып, жаңа мақсат, жаңа көзқарас, жаңа шешімдер мен жаңа мүмкіншіліктерді қажет етеді. Ондай мүмкіншілік тек білім арқылы келеді.

Білім - қоғамды әлеуметтік, мәдени-ғылыми прогреспен қамтамасыз ететін ғажайып құбылыс, адам үшін де, қоғам үшін де ең жоғары құндылық. Оның ең негізгі қызметі - адамның менталитетін, адамгершілігін, шығармашылық қабілетін қалыптастыру, дамыту. Осыған орай егеменді еліміз өзінің дамуының ең басты алғы шарты - білім беру жүйесінің білім ғасырындағы міндеті мен мазмұнын айқындап берді.

Білім беру сатыларының сабақтастығын камтамасыз ететін білім беру процесінің үздіксіздігі, оқу мен тәрбиенің бірлігі, білім беруді басқарудың демократиялық сипаты, білімнің, ғылымның және өндірістің интеграциялануы, ақпараттануы, оқушыларды кәсіптік бағдарлау, білім беруді саралау, ізгілендіру, гуманитарландыру және т.т. – білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының ғылым және ғылыми-техникалық саясат тұжырымдамасында да ғылымды демократияландыру, интеграциялау, инновациялық процестің білім, ғылым саласында кең өріс алуы да атап көрсетілген.

Білім жүйесін дамыту стратегиясының басты мақсаты – ұлттық білім моделін жасау.

Ұлттық білім үлгісінің негізгі бағыты — адамды қоғамның ең негізгі құндылығы ретінде тану, оның қоғамдағы орны мен рөліне, әлеуметтік жағдайына, психикалық даму ерекшелігіне мән беру, сол арқылы оның рухани жан-дүниесінің баюына, саяси көзқарасының, шығармашылық еркіндігі мен белсенділігінің, кәсіби іскерлігінің қалыптасуына жағдай жасау, мүмкіндік беру. Яғни, XXI ғасырдың маманы – жаратылыстану мен гуманитарлық ғылымдар бойынша ой-өрісі кең, жан-дүниесі бай, ұлттық менталитеті жоғары, кәсіби білікті маман, адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасай алатын, басқаның пікірімен санасатын, кез келген ситуациядан шығудың жолын таба алатын, жауапкершілік сезімі жоғары, қоғамда белгілі бір рөл атқаратын, қайталанбайтын дара тұлға болуы тиіс. Ал мұндай мүмкіндіктің негізі - жоғары білімде. Өйткені жоғары білім – үздіксіз білім беру жүйесінің шешуші тетігі. Сондықтан білімгерді тек маман ретінде ғана қарамай, оны өз қоғамының азаматы, жеке тұлға, келешектің иесі, тірегі ретінде тану, соған мүмкіндік жасау қажет. Ұлттық үлгідегі жаңа парадигманың негізгі бір мәселесі – білімгерге іргелі де терең, тиянақты да жүйелі білім беру. Іргелі білім берудің міндеті – адамды ғылыми ойлауға, болмысты тану, оны қабылдаудың әдіс-тәсілдерін білуге, өзін-өзі дамытуға, өз бетімен білім алуға, ізденуге іштей қажеттілігін туғызу.

Еліміздің егемендік алып, қоғамдық өмірдің барлық, соның ішінде білім беру саласында жүріп жатқан демократияландыру мен ізгілендіру мектепті осы кезге дейінгі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты.

Білім мазмұны жаңа үрдістік біліктермен, ақпаратты қабылдау қабілеттерінің дамуымен, ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдайындағы білім беру бағдарламаларының нақтылануымен байи түсуде. Атап айтқанда:

          • Есте сақтауға негізделген оқып білім алудан, бұрынғы меңгергендерді пайдалана отырып, ақыл-ойды дамытатын оқуға көшу;

          • Білімнің статистикалық үлгісінен ақыл-ой әрекетінің динамикалық құрылым жүйесіне көшу;

          • Оқушыға орташа деңгейде білім беретін бағдарламадан жекелеп, саралап оқыту бағдарламасына көшу.

Кез-келген елдің экономикалық қуаты, халқының өмір сүру деңгейінің жоғарлығы, дүние жүзілік қауымдастықтағы орны мен салмағы сол елдің технологиялық даму деңгейімен анықталмақ. Жалпы қоғам дамуы мен жаңа технологияны енгізу сапалығы осы елдегі білім беру ісінің жолға қойылғандығы мен осы саланы ақпараттандыру деңгейіне келіп тіреледі. Экономикалық күшті дамыған елдердің тәжірибесі экономика, ғылым және мәдениеттің қарқынды дамуының негізгі кілті екендігін көрсетіп отыр. Ендеше қазіргі заманның ақпараттық технологиясын игеру міндетіміз.

Білім беру – аса күрделі әлеуметтік-экономикалық механизм. Оны реформалаудың мәселелері де сан қырлы. Қазіргі кездегі Республикамызда қолға алынған білім беру жүйесін реформалау ісі осы саланың экономикалық-ұйымдық, құқықтық, құрылымдық жақтарын түбегейлі өзгертуге бағытталған біртұтас кешенді шаралармен тығыз байланысты. Білім беру ісіндегі жаңа үрдістің мән-мағынасы, сипаты мен бағыт-бағдарын айқындаушы дәйекті факторлар:

           •   Қазақстан    Республикасының     тәуелсіз    егеменді мемлекет болып қалыптасуы;

           •   экономиканың нарықтық моделін ұстанып, меншіктің түрлі пішімдерін дамыту;

           •   ұлттық білім беру ісінің әлемдік білім жүйесіне кіруі болып отыр.

Кез келген диалектикалық даму үрдісі секілді нарықтық экономика жағдайына байланысты білім беру жүйесін реформалау ісі де қарама-қайшылықтарсыз емес. Мұның өзі мамандардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті талап етеді.

Білім беру реформасын одан әрі тереңдете жүргізу жаңа замандық база жасауды қажет етіп отыр. Ең алдыменен, ел экономикасының  нарықтық жаңа кезеңіне өту барысындағы білім жүйесін қалыптастыратын заң баптары керек болды. Азаматтардың білім алу құқығын айқындайтын Қазақстан Республикасы   Конституциясының   30-бабының   қағидасын толығырақ   мазмұндап,   білім   берудің   мемлекеттік   емес секторларының орны мен рөлін, шетелдік, халықаралық, діни білім  беру ұйымдарының  құқықтық негіздерін  нақтылап, білім      мекемелерінің      жаңа      әлеуметтік-экономикалық жағдайдағы    қызметтік    міндеттерін    белгілеу    қажеттілігі туындады.

1999 жылы қабылданған "Білім туралы" Заңда құрылымы мен мазмұны жағынан да жаңартылған ұлттық білім беру жүйесінің жаңа моделі жасалды. Осы жаңа модельге сай білім беру жүйесі 4 деңгейге: мектеп жасына дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білімге, жоғары кәсіби білімге, жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби білім беруге бөлініп, 1997 жылы ЮНЕСКО ұсынған халықаралық білім беру жіктемесіне мейлінше сәйкестендірілді.

Мектеп жасына дейінгі тәрбиелеу мен оқыту шеңберінде 5 (6) жасар балаларды міндетті түрде мектепалды даярлықтан өткізу көзделген. Бұл - мектепке оқуға қабылдау барысында балаларға бірегей бастау мүмкіндігін тудыратын маңызды шара болмақ.

Жаңа модельге сәйкес орта білім беру жүйесі жалпы орта, бастауыш кәсіби және орта білім беруді қамтиды.

Базалық білім мектеп қабырғасында беріледі. Тоғызыншы сыныпты бітіргеннен кейін оқушылар тек кәсіптік мектептерде ғана емес, сонымен қатар кәсіби орта білім беретін оқу орындарында да оқуын жалғастыра алады.

Жоғары кәсіби білім беру құрылымы үш сатыдан
тұрады: жоғары базалық білім (бакалавриат), жоғары арнаулы
білім, жоғары ғылыми-педагогикалық немесе мамандандырылған білім (магистратура).

Оқытудың қазіргі технологиялары

Еліміздің егемендік алып, қоғамдық өмірдің барлық, соның ішінде білім беру саласында жүріп жатқан демократияландыру мен ізгіліктендіру мектепті осы кезге дейінгі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты.

Қазіргі кезде біздің Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің жаңа мазмұны пайда болуда:

          • білім мазмұны жаңа біліктермен, ақпараттарды қабылдау қабілеттерінің дамуымен, ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдайындағы білім беру бағдарламаларының нақтылануымен байи түсуде;

          • ақпараттық дәстүрлі әдістері – ауызша және жазбаша, телефон және радиобайланыс – қазіргі заманғы компьютерлік құралдарға ығысып орын беруде;

          •   баланың   жеке   басын   тәрбиелеуде,   оның   жандүниесінің    рухани    баюына,    азамат,    тұлға    ретінде қалыптасуына көңіл бөлінуде;

          • мектеп, отбасы мен қоршаған әлеуметтік ортаның бала тәрбиесіндегі бірлігіне ұмтылыс жасалуда;

          • қоғамдық біліммен бара-бар педагогикалық технологияның кеңінен қолданылуына және ғылымның рөліне мән берілуде.

Оқыту технологиясын жетілдірудің психологиялық, педагогикалық бағыттағы негізгі ой-тұжырымдары төмендегіше сипатталады:

          • есте сақтауға негізделген оқып білім алудан, бұрынғы меңгергендерді пайдалана отырып, ақыл-ойды дамытатын оқуға көшу;

          • білімнің статистикалық үлгісінен ақыл-ой әрекетінің динамикалық құрылым жүйесіне көшу;

          • оқушыға орташа деңгейде білім беретін бағдарламадан жекелеп, саралап оқыту бағдарламасына өту.

Қазір Республика   оқу   орындары,   педагогикалық ұжымдары ұсынылып отырған көпнұсқалыққа байланысты өздерінің қалауына сәйкес кез келген үлгі бойынша қызмет етуіне мүмкіндік алды. Бұл бағытта білім берудің әртүрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген   жаңа   идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан әртүрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор.

Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Қазіргі кезде педагогикалық технология ұғымы біздің
педагогикалық лексиконымызға берік еніп келеді. Дегенмен, оның мән-мағынасы туралы пікірлер алуан түрлі. Түсіндірме сөздікте: "Технология – бұл қандайда болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі амалдардың жиынтығы" делінсе, Б.Т.Лихачев педагогикалық технологияны оқу процесіне белгілі бір мақсат көздей әсер ететін педагогикалық ықпал деп түсіндіреді. Ал, технологиялық үрдісті нақты педагогикалық нәтижеге жетелейтін бірліктердің (өлшемдердің) белгілі бір жүйесі ретінде көрсетеді және педагогикалық технология түпкілікті өзгермейтін механикалық құрылым емес, қайта бала мен мұғалімнің үнемі түрленіп отыратын өзара қарым-қатынасының өзегі, мазмұнды ұйымдастырушы құрылымы.

ЮНЕСКО-ның анықтамасы бойынша, педагогикалық технология – бүкіл  оқыту үрдісі мен білімді техникалық және адам ресурсын олардың бір-біріне өзара әсерін, білім берудегі формасын оңайландыру міндеттерін ескере отырып меңгеруді жүзеге асырудың жүйелі әдісі. М.В.Кларин "Педагогикалық технология — бұл педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданатын барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық құралдарының жүйелі жиынтығы және жұмыс істеу реті", - деп анықтайды.

Бүгінгі педагогика ғылымының лексиконында педагогикалық /оқыту/ технология ұғымы терең тамыр жайды. Дегенмен де, осы ұғымды түсіну мен пайдалануда әр түрлілік басым.

Технология – Теһnе – искусство, ремесло, мастерство, учение – деген  мағынаны білдіретін грек сөзі.

"Технология - өндірістік процесті жүргізудің әдістері мен тәсілдері жайлы білім жиынтығы", - деп шетел сөздерінің қысқаша сөздігінде анықтама берілген.

        Педагогикалық технология – педагогикалық мақсатқа жету үшін пайдаланылатын барлық дара, инструменталдық және методологиялық құралдардың қолдану реті мен жиынтығының жүйесін білдіреді. /Кларин М.В./

        Технология – оқушы мен ұстазға бірдей қолайлы жағдай тудырушы оқу процесін ұйымдастыру және жүргізу, бірлескен педагогикалық әрекетті жобалаудың жан-жақты ойластырылған үлгісі /Монахов В.М./.

        Технология – дидактикалық жүйенің процессуалды бөлігі. /Чошанов М./

        Педагогикалық технология - практикада іске асырылатын педагогикалық жүйенің жобасы /Беспалько Б.П./.

        Ал, педагогикалық жүйе дегеніміз — белгілі бір қабілеті бар дара тұлғаны қалыптастыруға бағытталған педагогикалық әсерді ұйымдастыруға қажет кұралдар, әдістер мен тәсілдердің өзара байланысқан бірлігі. Оқыту технологиясы - оқытудың тиімді жолдарын зерттейді, ғылымда оқыту процесінде қолданылатын әдістер, тәсілдер мен қағидалар. Ол оқыту процесінде нақты жүйе кызметін атқарады /Селевко Г./

Педагогикалық технология ұғымы үш деңгейде қолданылады

         Жалпы педагогикалық жүйе ұғымының синонимі. Оған: мақсат, мазмұн, оқытудың құралдары мен әдістері, оқыту процесінің субъектілері мен объектілерінің әрекет алгоритмі кіреді.

         Салалық /пәндік/ - бір пән шеңберіндегі оқыту, тәрбие мазмұнын жүзеге асыруға негізделген әдістер мен құралдар жиынтығы.

         Локалъдік /модулъдік/ - жеке әрекеттер технологиясы, ұғымды қалыптастыру; дара қасиеттерді қалыптастыру және дамыту сабағының технологиясы; жаңа материалды меңгерту технологиясы; қайталау және бақылауды ұйымдастыру технологиясы; жеке жұмысты ұйымдастыру технологиясы.

Салалық /пәндік/ және локальдық /модульдік/ деңгейлеп оқыту әдісімен үндес, тек айырмашылық технологияда процессуалдық өлшемдік, сапалық және вариативтік - бағдарлық компоненттерге басым көңіл бөледі.

Технология әдістемеден оқыту әрекеттерінің өңдеуге болатындығымен ерекшеленеді.

Педагогикалық үрдіс технологиясы дегеніміз мақсат-мүддені анықтаудың жалпы әдіснамасы негізінде мемлекеттің қазіргі таңда білім беру саласына қойып отырған талаптарына сәйкес анықталып, іріктеліп, реттелген оқытудың мазмұн, форма, әдіс-амалдарының, дидактикалық талаптарының психологиялық-педагогикалық нұсқауларының жиыны.

Оқыту технологиясы мектепте оқу үрдісіне қажетті әдіс, тәсіл, амал, дидактикалық талап секілді психологиялық-педагогикалық іс-әрекеттердің жүйелі кешені ретінде пайдаланылады. Ол оқушылардың тәртібіне, оқуға, ынтасына, оқу – іс-әрекетіне игі мұғалімдердің интеллектуалдық, шығармашылық қызметі болып табылатын педагогикалық іс-тәжірибесінін нәтижелілігіне, жинақтылығына ұтымды әсер ететіндей оқу-тәрбие процесінің басты күре тамырының рөлін атқарады. Былайша айтқанда, педагогикалық технология – оқу -тәрбие процесінің шығармашылықпен терең ойластырылған көптеген факторлардың үйлесімділігі оқыту мен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін жанды құрамдас бөлігі (компонент).

 

1.2.ОСЫ ЗАМАНҒЫ ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР

 

Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы барысында   орта   білім   берудің   жүйелі   реформаланцуы қоғамдық   тұрғыдан   үлкен   маңызға   ие.   Білім   берудің реформалауды   жүзеге      асырудың   және   бір   маңызды сипаты қазіргі уақыттағы оқыту үрдісін технологияландырудың қажеттігінен туып отыр. Осыған орай,   соңғы   кезде   оқытудың  әр   түрлі   педагогикалық технологиялары жасалып, мектеп өміріне енгізіліп жатыр. Олар мыналар:    Лысенкованың алдын ала оқыту, Хазанкиннің   есептер   шығару,   Палтышевтің   физикадан есептер  шығару,   Шаталовтың  интенсивті  оқыту  (тірек сигналдарын пайдалану арқылы), Эрдниевтің ірі блоктан оқыту, мәселелік оқыту, оқытудың белсенді әдісі, т.т.

        Ал соңғы жылдары оқытудың модульдік технологиясы мен В.М.Монаховтың, Дьяченконың оқытудың ұжымдық тәсілі, сондай-ақ, профессор Ж.Қараевтың оқытуды дербестендіру мен дифференциалау және білім беруді демократияландыру мен ізгілендіру ұстанымдарына негізделген жаңа педагогикалық компьютерлік технологиясы еліміздің көптеген мектептерінде қолданылып жүр.

Мектептерде жүргізіліп жатқан қазіргі тәжірибелік-сынақ жұмыстардың  басты  міндеті  жаңаша  оқытудың педагогикалық технологиясын оқыту үрдісіне енгізу болып табылады. Мәселен, Л.В.Занков, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдовтың бірлесе жасаған “Дамыта оқыту жүйесі” бір-бірімен тығыз байланысты әрі мынадай ұстанымдардан құралады:

       1. Жоғары деңгейдегі қиындықта оқыту.

       2. Теориялық білімнің жетекші рөлі.

       3. Оқу материалын жеделдете оқыту.

       4. Оқу үрдісін оқушының сезінуі.

       5. Барлық оқушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу.

       Л.В.Занковтың оқыту жүйесінде оқушы өзін емін-еркін сезінеді, оның әлеуметтік мүмкіндігі мен дербестігінің дамуына жағдай жасалады. Осы жүйеде оқушы мен мұғалімнің арасындағы жаңаша қарым-катынастың іргетасы қаланады. Мұғалім түсіндіруші, оқытушы тұрғысында емес, оқушының оқу әрекетін ұйымдастырушы, бағыттаушы ретінде көрінеді.

       Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдовтың зерттеулері оқу әрекеті және оның субъектісін қалыптастыруға бағытталған. Оның құрылымы мынадай: оқу-танымдық мотивтер, оқу тапсырмалары, оқу амалдары, оқу операциялары.

       Педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің міндеті жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болғандықтан, жаңа технология бойынша әдістемелік жүйенің басты бөлігі оқыту мақсаты болып қалады. Сондықтан танымдылық іс-әрекеті белгілі бір дәрежеде белсендірілуі қажет. Бұл әдістемелік жүйенің басқа бөліктерінің де (мазмұн, әдіс, оқыту түрі мен құралдарының) өзара байланысы қалпында өзгертілуін талап етеді. Мұны орындау үшін төмендегідей ұстанымдар жүзеге асуы тиіс.

        1. Оқушылардың өзіндік іздену іс-әркетінің әдістерін меңгеру талап етіледі. Өйткені бұл әдістердің күнделікті пайдаланып жүрген оқыту әдістерінен айырмашылығы бар. Яғни жаңа жағдайдағы "оқыту әдістемесі" деп отырғанымыз: "оқушы - мұғалім" ұстанымының өзара тығыз байланыстылығы. Демек, мұнда бірінші орында оқушы тұрады және оның өз бетімен білім алудағы белсенділігіне баса назар аударылады.

2. Жаңаша оқытудың негізгі түрлері: оқытудың дербес және топтық түрлері болып табылады. Бұл жерде алға қойылатын басты мақсат - оқушыға деген сенім, оның өз ісіне жауап беру мүмкіндігіне сүйеніп беделі мен қадір-қасиет сезімін дамыту. Ал оқытудың фронтальды түрі көбінесе, бағыт беру, талқылау және түзету енгізуде ғана пайдаланылады.

       3. Жаңа технологияның мақсаты бойынша "оқытуды ізгілендіру" қажет. Бұл үшін оқу құралдары оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетін жүргізе алатындай болуы керек. Бұрынғы дәстүрлі оқулықтар мұндай талапты қанағаттандыра алмайды, сондықтан оқушылардың өз бетімен білім алуына аса бейімделген жаңа типтегі оқулықтар керек-ақ.

       Жаңа технологияның тағы бір психологиялық негізі болып табылатын теория - Л.С.Выготскийдің "оқыту үрдісінде оқушының ақыл-ойының дамуы "актуалды даму" аймағынан жақын арадағы даму" аймағына ауысуы туралы теориясы. Бұл ауысу тапсырмаларды қайталап орындауға ғана арналған бірінші деңгейден өнімді іс-әрекетті қажет ететін келесі деңгейлерге ауысу негізіндегі іс-әрекет арқылы жүзеге асады. В.П.Беспалько бұл деңгейлерді төртке бөледі: бірінші деңгей - "міндетті, оқушылық", екінші - алгоритмдік, үшінші - эвристикалык, төртінші - шығармашылық.

       Ендеше оқушылардың білім, білік, дағдыларын жетілдіру үшін оқытудың жаңа технологиясы негізінде дифференциалдық және дербес деңгейлік ұстанымдарының талаптарына сәйкес өткізілетін әр түрлі сабаққа арналған жаңа ұрпаттағы оқулықтар мен оқу құралдары қажет. Бұлар - әңгімелесуші-оқулықтар мен оларға қосымша төрт деңгейдегі тапсырмалар берілген жұмыс дәптерлері.

       Әңгімелесуші-оқулық бойынша жаңа тақырыпты өз бетімен меңгеріп, анықтама мен ережелерін өзі шығарады. Қарапайым жаттығу-мысалдармен оларды бекіткеннен кейін жұмыс дәптерлеріндегі деңгейлік тапсырмаларды орындауға көшеді.

       Оқытудың жаңа технологиясы жағдайында оқушылардың өздігінен жүргізетін танымдық іс-әрекеті үшін тапсырмалар күрделілігі төрт деңгей бойынша құрастырылып, ондағы барлық деңгейдегі тапсырмалар қызғылықты мазмұндалған болса оқушыларда ынталану пайда болады. Мұндай жаңа технология бойынша сабақ беріп жүрген мұғалімдер үзіліс кезінде де оқушылардың сабақтан бас алмайтындығын айтады. Өйткені оқушылар өзара бәсекелесе отырып жұмбақ, сөзжұмбақ, ребус, математикалық басқатырғыштар сияқты әр деңгейдегі тапсырмаларды шешуге ұмтылатыны даусыз. Бұл жерде “үлгерімі кейіндеп қалып, өз құрбыларын белгілі бір себептермен қуып жете алмайтын оқушылармен қалай істеуіміз қажет?” деген сұрақ туады. Бұл мәселенің де оңды шешуі қарастырылған. Олар мыналар:

        • барлық тапсырмаларды мезгілінде орындаған оқушылар үлгермеушілерге көмектеседі;

        • сыныптың басқа оқушылары өздігінен жұмыс істеп жатқан кезде мұғалім үлгерімі төмен оқушыларға дербес көмек көрсетуіне уақыты болады.

        Деңгейлік тапсырмаларды енгізудегі басты мақсат – сынып оқушыларын "қабілетті" және "қабілетсіз" деп жасанды әр түрлі жіктерге бөлуді болдырмау. Осы арқылы және дербес оқыту, сонымен қатар барлық оқушыға қатысты ізгілендіру ұстанымдары сақталады. Сондай-ақ деңгейлеп оқыту барысында оқушының бірінші деңгейдегі тапсырмаларды дұрыс орындағаны есепке алынып отырады. Демек, қандай оқушы болсын, өзінің жақсы оқитындығына қарамастан "оқушылық міндетті", яғни бірінші деңгейдің жұмысын орындаумен бастайды. Нәтижеде бұл барлық оқушыларды тірек білімімен қамтамасыз етеді және Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңы талаптарына сай міндетті бірінші деңгейді толық игеруін жүзеге асырады. Мұндай есепке алу (зачеттік) жүйесін жүргізу нәтижесінде үлгерімі нашар оқушылар кем дегенде "оқушылық" деңгейге сәйкес білімді толық меңгерді. Өйткені алғашқы деңгей тапсырмаларын толық және дұрыс орындамайынша олар келесі деңгейге көшпейді. "Міндетті" деңгейді толық меңгерген оқушы әрі қарай ілгері ұмтылады, өзіне өзінің сенімі артады.

        Жалпы жаңа педагогикалық технологияда бағалау үрдісі арнайы "қосу" әдісімен жүзеге асырылады. Бағалау жүйесінде оқушы білімінің ең төменгі деңгейі негізге алынады және ол деңгей мемлекеттік стандарттың ең төменгі талабына сәйкес келеді. Дарындылығына, бейімділігіне, жоғары даму деңгейіне қарамастан оқушылардың барлығы бірінші деңгей тапсырмаларын дұрыс орындауы шарт. Бірінші деңгейдегі барлық дұрыс және мезгілінде орындалған тапсырмалар "есеп-зачетқа" алынып отырады. "Зачеттің" "екіліктен" айырмашылығы: бірінші деңгейдің "есепке алынбаған" тапсырмалары қашан "есепке алынғанша" міндетті түрде, қайта-қайта тапсырыла береді.

       Өзін-өзі бағалау "қосу" әдісімен жүргізілетіндіктен оқушы бұрынғыдай "екілік" аламын деп қорықпайды. Сөйтіп оқушыда жоғары ұпай жинауға деген талпыныс пайда болады. Ол дұрыс орындалған тапсырмалардың санына ғана тікелей тәуелді.

       Жаңа педагогикалық мұндай технологиялар арқылы оқытуды ізгілендіру мен демократияландыруға, оқушылардың өздігінен бағыт-бағдарын анықтап, дамуына, ең бастысы, өзін-өзі тәрбиелей алатын тұлға ретінде калыптасуына жағдай жасауға болатыны күмәнсіз. Сондықтан да білім беру жүйесінің алдында тұрған басты мақсат: жаңа технологияның талаптарына сай жаңа оқулықтар буынын жазу болып отыр. Бұл жаңа оқулықтар мен дидактикалық құралдардың ерекшелігі сол, олардың мазмұнын қысқа мерзімде ешқандай бейімдеусіз-ақ компьютерге кіргізуге болады екен. Себебі, бұл құралдардың құрылымы электрондық оқулық құрылымдарына ұқсас.

       Әрбір педагогикалық технология жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға, оның өзіндік және шығармашылық қабілетін арттыруға, қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға және өзін-өзі дамытуына қолайлы жағдай жасауға  қажетті  объективті  әдістемелік  мүмкіндіктерін қамтиды.

       Жеке тұлғаның өзін-өзі дамыту технологиясында оқу пәндері әдістемелері мен білім беру технологияларын жоспарлау жүйесі қолданылады.

       Пәндердің әдістемесін қолдануды жоспарлау мынаған келіп тіреледі, яғни әр оқушының өз кезеңі барысында мұғалім оған қажетті әрбір жаңа педагогикалық технологиялар мен әдістемелерді міндетті түрде пайдалануы қажет. Бұл үшін мына төмендегі түсініктерді ескерген жөн:

       • қатар отыратын екі сыныптағы оқушылардың жас ерекшеліктері мен білім деңгейлерін ескеру;

       •  әдістеме мен технологияның сабақтастығы;

       • оқушының өз бетінше іс-әрекет жасау тәсілдерін меңгеруіне мұғалім тарапынан көмек беруді біртіндеп азайту;

       • параллель сыныптардағы сынып топтарының ерекшеліктерін ескеру;

       • мұғалімдердің ықыласы мен шеберлік деңгейінің , болуы т.б.

       Демек, 1-11 сынып аралығында жүргізілетін педагогикалық технология мен әдістемелерді (мұғалімнің қалауы бойынша) төмендегідей етіп жоспарлауды ұсынуға болады.

       Бастауыш мектеп:

       • дамыта отырып оқыту әдістемесі (Л.В.Занков, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов, В.В.Репкин, В.А.Левин);

       • дидактикалық бірліктердің ірілендірілуі (П.М.Эрдниев);

       • түсініктерді қабылдау (С.Н.Лысенкова);

       • нәтижелі әдістемелеу және оны қабылдау;

       • іс-әрекетті          бағалау (Ш.А.Амонашвили, И.П.Волков);

        •   оқулықсыз оқыту (В.В.Агеев);

        •  ойын әдістемесі және оны қабылдау;

        •  М.Монтессори, Р.Штейнердің жүйесін қабылдау.

        Орта буын:

        • проблемалық оқыту;

        •  іздену, зерттеу әдістері;

        • топпен оқыту тәсілі (И.Б.Первин);

        • оқытудың ұжымдық тәсілі (В.К.Дьяченко);

        • нәтижелі технологиялар;

        • тірек және тірек конспектісінің көмегі арқылы оқыту (В.Ф.Шаталов);

        • өзіндік жұмыс әдістері;

        • бағдарлы оқыту (машинасыз және компьютерсіз);

        • оқытудьщ коммуникативті әдісі (қарым-қатынастық);

        • дискуссиялық әдіс;

        • дидактикалық ойындар.

        Жоғары сыныптар:

        • оқытудың   вариативті   элементтерін өз еркімен таңдау;

        • өзіндік жұмыстың әдістемесі;

        • іздену, зерттеу әдістері;

        • нәтижелі технология, жобалау әдісі;

        • даралап (жекеше) оқыту, "мектеп-парк" моделін қабылдау (М.А.Балабан);

        • оқушының іс-әрекеті бойынша ұйымдастырылған ойындар;

        • "өнертапқыштық тапсырмаларды шешу теориясы" адістемесі (ТРИЗ) (Г.С.Альтшулер) ;

        •  бағдарламалы оқыту;

        • әлеуметтік-педагогикалық сынау, әлеуметтік мәні бар ойындар;

        •  профильді   және  кәсіптік   бағдар   бере   отырып оқыту;

        • тірек конспектісін қолдану;

        • диалогтік әдістеме, дискуссияның негізінде оқыту;

        • модульдік технология;

        • семинар-сынақ түрлері;

        • өз бетімен білім алу (компьютерлік варианттар).

 

 

 

1.3. ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ

ЕНДІРУ ЖОЛДАРЫ

 

        Еліміздің болашағы, көркейіп өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді. Қазіргі білім беру саласындағы проблема - әлеуметтік     педагогикалық және ұйымдастыру тұрғысынан, білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді, жаңа әдістерін іздестіру, оларды жүзеге асыра алатын мұғалімдерді даярлау.

        Мұғалімдерді даярлау қай уақытта да ең өзекті мәселелер қатарына кіретіні белгілі жәйт. Олай болатыны, қоғамның әлеуметтік – экономикалық  міндеттері заманына сай өзгерістерге ұшырап, өскелең ұрпақты соған лайықтап өмірге бейімдеудің жаңа талаптары туындап отырады.

        Бұл жерде ұстанымдар кәсіби педагог кадрларын даярлау жүйесіндегі көзқарастардан айкыңдалары даусыз.

        Қазіргі мектеп жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін, инновациялық педагогикалық технологияны игерген, психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғдылы жол салуға икемді, шығармашыл педагог-зерттеуші, ойшыл мұғалім болуын қажет етеді.

       Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.

Ол үшін болашақ мұғалімдерді даярлауға      жоғары оқу орындары төмендегідей жұмыстар атқаруға тиісті:

  1. Болашақ мүғалімдерді ақпаратты қоғам жағдайында оқып білім алуға, өмір сүруге бейімдеу;
  2. Жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологияға бейімделген білім берудің ғылыми-әдістемелік базасын жасау, білім саласын басқарудың жаңа формалары мен әдістерін пайдалана отырып жоғары білім беру жүйесін жаңарту;
  3. Дүниежүзілік ақпараттық білім кеңістігіне орта білім беру мен жоғары    білім беру жүйесін сәйкестендіре отырып кіріктіру;
  4.  Білім берудің иллюстративтік түсіндірмелі жүйесінен дамыта оқыту жүйесіне көшу. Оқыту үрдісінде оқушы  шығармашылығына   негізделген окыту әдістерін пайдалануға түбегейлі көшу;

Жалпы білім беретін мектептерде бүгін белең алып отырған кемшіліктері баршылық: 

 • білім сапасының төмендігі;

        • білім  саласына  мемлекет  тарапынан  реформалар жүргізілгенімен оқудың         нәтижесінің болмауы;

        • директивалық  құжаттар көптеп  шығарылғанымен оның мардымсыздығы;

        • оқушылардың өздігінен білім алу дағдысының болмауы;

        • оқушылардың     және   окытушылардың   бірлескен шығармашылық еңбегінің болмауы.

        Бұл тығырықтан шығудың бірден-бір жолы оқу-тәрбие үрдісінде инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу, оқушылардың білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол салу.

 Оқу-тәрбие үрдісіне жаңалықтар енгізу төмендегідей жолмен көрсетуге болады:

 

Білім беру

 

Ақпарат-

тандыру

 

Насихат-

тау

 

Игеру

Жұмысты жетілдіру,

жаңалықтар

іздестіру

 

А

Ақпарат

жаңалықтарын

меңгеру

 

Ә

 

Оқыту,

игеру

 

Б

 

 

Пайдалану

 

 

 

Инновациялардың таралу үрдісінің бір түрімен (А, Ә, Б) екінші түрінде өту ерекше функцияларды орындайды.

 А - новациялар белгілі болады, көпшілікке таралады. Жаңалықтарға жол    ашылады;

 Ә - олардың теориялық және әдістемелік жолдары ойлап шешіледі;

 Б - жаңалықтарды   енгізу   жолдары   қарастырылады, білім беру      ұйымдарының жұмыстарына енгізіледі;

        Оқу – тәрбие үрдісіне педагогикалық жаңалықтарды енгізу IV кезеңінен тұрады.

        I кезең: Жаңа идеяны іздеу

       Ақпараттандыру және инновацияларды ұйымдастыру, жаңалықтарды іздестіру.

        II кезең: Жаңалықтарды ұйымдастыру

        Оқу-тәрбие үрдісінде жаңалық енгізулерді алғашқы байқаудан өткізу, ұйымдастыру және кеңес алу.

        III кезең: Жаңалықтарды енгізу

        Оқу-тәрбие үрдісінде инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдалану.

        IV кезең: Жаңалықтарды бекіту

        Оқу-тәрбие үрдісінде енгізілген жаңалықтардың нәтижесін бағалау.

        Инновациялық    үрдістің    негізі    -    жаңалықтарды қалыптастырып жүзеге асырудың тұтастық қызметі.

        Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады. Мектеп өмірінде болып жатқан өзгерістер, олардың инновациялық бағытқа бет бұруы болашақ мұғалімдерді даярлаудағы әдістемелік өзгерістермен тығыз байланысты.

        Педагогикалық  инновациялар  мағынасына,   мазмұнына, нәтижесіне қарай 2 түрге бөлінеді:

        • білім беру жүйесіндегі инновациялар;

        • оқу-тәрбиелеу жұмысының жоспарлары мен бағдарламаларының   мазмұны  мен  құрылысына               жататын инновациялар.

        Ал оқу-тәрбие үрдісінде педагогикалық инновация басқадай қаралады:

        • Білім беру мекемесін тұтастай ұйымдастыру әрекеті:

                                        Мектеп - бала бақша;

                                        Мектеп- жоғары оқу орны;

                                        Мектеп- оқу- тәрбие жиынтығы;

        •Мұғалімдер жұмысын ұйымдастыру: оқу-тәрбие үрдісінің ұйымдастыруымен сабақ берудегі әдіс пен әдістемелердің өзара байланысы, сабақ пен сабақтан тыс жұмыстар ерекшелігі:

        • Белгілі бір бағдар берушілік пен мемлекеттік білім деңгейін қамтамасыз ететін оқушылар жұмысын ұйымдастыру: жеке бас қызығушылығы мен мүмкіндіктерін дамыту мен жағдай жасау.

 

 

 

 

 

ІІ. ОҚЫТУДЫҢ МОДУЛЬДІК ЖҮЙЕСІ

2.1.МОДУЛЬДІК ОҚЫТУДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

Оқытудың модульдік жүйесі  - оқыту бағдарламасы бірнеше бөліктерге (модульдерге) бөлінетін технология болып табылады, оны төмендегі схема бойынша жүргізуге болады.

 

 

Модульдік оқыту тәсілінде пәннің барлық материалын қарастырып, оның теориялық және практикалық тапсырмаларын құрастырып, жеке тақырыптарға арналған әдістемелік материалдардың бірнеше нұсқаларын жасап шығу керек.Оқушылардың білім деңгейін және оладың өзіндік тапсырмаларын орындауын бағалау үшін рейтинглік жүйе элементтерін пайдаланған абзал. Модульдер санын таңдау үшін бағдарламаны бірнеше жеке тақырыптарға – мәліметтердің аяқталған толық блогына бөліп шығу керек, олар бір - бірімен сабақтас болып, өте үлкен немесе өте шағын болмауы тиіс.  

Модульдің практикалық бөлігі оқушыларға орындайтын практикалық, өзіндік және лабораториялық жұмыстар тізімін толық қамтуы тиіс. Практикалық жұмыстар мен жеке тапсырмалар оқушылар модуль тақырыптарын өткен соң жауап беретін сұрақтарымен толықтырылады. Практикалыұқ тапсырмалар теорияны толық қарастырып, модульдің тапсырмаларын тиянақты түрде меңгеруге көмектесуі тиіс. Оған қоса модуль оқушылардың сол тақырыптарды игеруін, өз білім деңгейлерін тексере алатын өзін - өзі бақылау, тексеру тапсырмаларымен, мысалы, тестерментолықтырылуы керек. Әрбір модуль нәтижелік бақылау жұмысымен аяқталады. Модульдік жүйені енгізудің нақты нәтижесі ретіндеоқушылардың өзіндік жұмыстарға көптеп көңіл бөле бастағанын үлгерімдерінің өсуі анық көрсетеді.

Оқытудың модульдік жүйесі әрбір оқушыны керекті материалдармен қамтамасыз ететін мұғалімнің өте көп дайындалуын талап етеді, ал бұл оңай іс емес.

Оқушылардың білімге деген ынтасын, пәнге деген қызығушылығын арттыратын, соның салдарынан білім деңгейін де көтеретін тағы бір тәсіл – жобалар тәсілі болып табылады.Бұл тәсіл соңғы кездерде бүкіл әлемде кең таралып келеді. Жоба ұғымы дидактикалық мақсатқа жету үшін бір идеяны, белгілі бір бұйымды немесе өнімді жасауды, есеп шығаруды, схема құрастыруды жүзеге асыратын, жұмыс нәтижесі практикалық бір жазба, схема немесе есеп түрінде көрсетілетін жұмыс болуы керек. Жобалар тәсілі негізінде:практикалық немесе теориялық бір мәселені бастан аяқ қарастырып шығатын жобаның түпкі идеясын жүзеге асыру, бір нәтижеге қол жеткізу ісі жатады.Бұл тәсіл практикалық бір нәтиже беретін іздеу,зерттеу, таңдау тәсілдерінің кең спектрін пайдаланып, оған сыртқы факторлардың әсерін қарастыру болып табылады. Осындай жұмысты орындау барысында балалар алған білімін толық пайдаланып, өздері де жаңа бастама, идея берулері керек. Жобалар тәсілін сауатты түрде қолдана бәлу үшін алдын ала көп дайындалу, тұрақты түрде жобаны жетілдіру, толықтыру ісін жүргізе білу қажет. Жобалар әр түрлі типте – зерттеу, шығармашылық жұмыстары, ойындық түрде, ақпараттық (мәлімет жинақтау, оны талдау, өңдеу, орналыстыру, безендіру) жұмыстар, практикаға бағытталған, істер сияқты болып құрастырыла береді. Пәндік – мазмұндық аймағына байланысты моножобалар (бір пән аясында) немесе пән аралық жобалар бола береді. Үйлестіру, қадағалау сипатына қарай тікелей (нақты) немесе жасырын координациялық жобалар болды. Орындаушыларының санына байланысты жеке, жұптық немесе топтық немесе топтық жобалар да жасала береді. Атқарылу мерзіміне қарай - қысқа мерзімді, орташа немесе ұзақ мерзімді деп бөлуге,аралас немесе дистанциялық (қашықтан) халықаралық жобалар деп айтуға да болатындары бар. Бұлар қазіргі информациялық технологияларды – жергілікті (локальді) және ауқымды (глобальді) электрондық желілерді, мультимедиялық оқыту құралдарын пайдалануға, тұрмыста компьютерлерді кең қолдануға байланысты туындап отыр.

Көптеген мектептерде дистанциялық алыстан оқыту ісінің дамуына байланысты қашықтан білім беру жобалары, олимпиадалар, конкурстар жүргізу етек ала бастады. Дистанциялық оқыту формалары оқушылардың бір – бірімен қатынасу, араласуына (коммуникация) байланысты психологиялық проблемаларды шешіп, оларға бұрынғыдан гөрі ашығырақ болуға көмектесіп отыр. Өз ойларын жүзеге асыру жолында ақпарат алмасу арқылы жұмыс жасау оқушыларға бір – бірімен арадасудың, ауызба – ауыз сөйлесудің орнын толтырады. Дистанйиялық қызмет көрсету істерінің ашық түрде атқарылуы оқушылардың дүние танымын планеталық деңгейге дейін көтерді деуге болады. Барлық елдердің және континенттердің жақын екендігін сезіну – Интернет желісіндегі электрондық пошта мен web – жүйелерін пайдалана бастаған әрбір оқушының жаңа көңіл күйлерінің ең алғашқы белгісі екендігіне дау жоқ.

Жаңа оқыту технологияларын пайдалану аясында информатика пәнін оқытуды жетілдіру, яғни әрбір оқушының өз ерекшіліктеріне, ынтасына, мүмкіндіктеріне орай білім алуын қамтамасыз ететін оқыту жүйесін жасауға ұмтылу ең басты мақсат. Осы міндеттерді атқару үшін жоғарыда айтылғандай, оқушының жеке білім алуға талпынуын, ұжымдық қасиеттерін де жетілдіретін, өзінің білім алу жолын өзі басқаратындай деңгейге жеткізетін бірнеше педагогикалық технологиялар пайдаланылып отыр.

Керекті технологиялар мен әдістемелер оқушының дайындығына, жасына және қарастырылатын пән бағдарламасының бөліміне қарай таңдалып алынады. Мысалы, Жобалар тәсілі Power Point, Fpont Page, Access және Word офистік программаларын оқып үйрену кезінде тамаша нәтижелер береді.

Ойындық элементтері араласқан “Модульдік оқыту тәсілі” программалау тілдерін оқыту кезінде жақсы нәтиже береді.

Информатиканы дербес компьютерде жұмыс істемей игеру мүмкін емес. Оқушылардың компьютерде өзіндік тапсырмаларды орындап, жеке жұмыс істеуі тиімді түрде өтуі үшін әр түрлі деңгейдегі тапсырма кәртішкелері мен үйрету кәртішкелерінің кқлемді базасы болу керек. Осы кәртішкелік базаларды тұрақты түрде пайдалану оқушылардың шығармашылық белсенділігін, өзін - өзі бақылауын арттырып, практикалық жұмыстардың да санын көбейтуге мүмкіндік береді. Ол оқушылардың білімі сапасынжетілдірудің негізі деуге болады.

Сабақтарда тестік тапсырмаларды пайдалану да жақсы нәтижелер беріп келеді. Тестерді тұрақты пайдалану мен информатикалық диктанттар өткізу білімді жүйелі түрге келтіру, осының салдарынан білім сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Автор әр түрлі тақырыптар бойынша көптеген тестер жасап шығарады.

Мысалы, программалау тілін оқытуда сабақ алдында минитест жасап, ары қарай соның қателерін талқылап отырамыз. Тестер қағазда немесе электрондық түрде беріледі. Өтілген иатериалдарды бекіту үшін минитестерден бөлек кроссвордтар пайдаланылады. Кроссвордтар – негізгі ұғымдарды, ережелерді есте сақтауға, ал минитестер – оқушылардың алған білімдерін жүйелі түрге келтіру мен оларды тереңдету мақсатында қолданылады. Соңғы бақылау кезінде электрондық тест өткізу жақсы нәтижелер береді, оқушыларға екі немесе одан да көп командалар қатынасатын ойын тестері қатты ұнайды.

Жеке адамға және топтарға да бағытталған тәсілдерді (жоба немесе шығармашылық тапсырма), екі бала істейтін, консультантпен бірігіп атқаратын жұмыс түрлерін сабақта жиі пайдаланған дұрыс. Тапсырмаларды тексеру кезінде кәдімгі тексеруден басқа  өзін - өзі бақылау, бірін – бірі тексеру істеріне көп көңіл бөлінеді.

Жергілікті желіге қосылған компьютер класында Интернетті, электрондық энциклопедияларды және анықтамаларды екпінді түрде пайдалану керек. Мұндай жұмыс белгілі бір дағдылар қалыптастырудан басқа балалардың мәліметті жылдам әздеп тауып , оны өңдеуін жетілдіріп , олардың шығармашылық белсенділігін арттырады.

Мысалы, “Word процессоры. Web – парақтар жасау” тақырыбы бойынша соңғы сабақта балалар өз жеріне, республикасына арналған минижобалар (Менің Қазақстаным, Алматы менің туған қалам, Қазақстан табиғаты, Қазақстаның жануар әлемі, Алматы маңы, Іле Алатауы) жасады. Осы сабақтың жоспарын “Мектептегі Интернет” әдістемелік құралынан көруге болады. Мұндай сабақтар ақпараттық технологиялардан алған дағдыларын бекітумен бірге оқушылардың өз еліне, туған жеріне деген патриоттық сезімдерді тәрбиелеуге көмектеседі.

Информатика – оқушы қолына ақпаратты өңдеу, сақтау және тасымалдау құралын беретін пән болып табылады. Мектеп қабырғасында оқытылатын информациялық технологиялар интерактивті байланыс пен компьютерлік технологиялар құралдары арқылы топтық немесе халықаралық жобаларға қатынасу мүмкіндігін береді.

Соңғы жылдары әрбір оқушы қолдана алатын Интернет әр түрлі дистанциялық жобаларға қатынасуға мүмкіндік береді. 1997 жылдан бастап оқушылармен бірге әр түрлі дистанциялық жобалар жасап, білім саласындағы халықаралық I*EARN желісінде жұмыс істеп келеміз. I*EARN – жастар мен олардың мұғалімдері бізді қоршаған орта жайлы әр түрлі тақырыптар бойынша бір – бірімен мәлімет алмасуға, қатынасуға, информацияларды компьютерде өңдеу істеріне де баға жетпес мүмкіндік алды.

Осыларға қоса Интернетті тек информатика сабағында емес, сабақтарға дайындалу кезінде де пайдалануға болады. Дүние жүзілік өрмекте көптеген білім сайттары бар, солардағы мәліметте,рді пайдалану керек. Мысалы, мектеп сайтында оқыту кәртішкеле,рі бар, оларды мұғалімдер – оқу процесінде пайдалануына, ал балалар – сабақтарға дайындалуы кезінде оларды қарауына немесе түсңнбей қалған материалдарын қайталануына болады.

Жоғарыда айтылған педагогикалық технологиялар мен тәсілдері пайдалану оқу процесін жетілдіруге,балалардың оқуға деген ынтасын арттыруға, олардың өзін - өзі бақылуына, жауапкершіліктерін арттыруына, білімдерін жетілдіруіне көп көмегін тигізеді. Осындай кездерде мұғалім балалардың жеке кемшіліктеріне, көңіл бөліп, олардың ой - өрісін дамытуға , белсенділігін арттыруға арналған шығармашылық жұмыстарымен айналасуға мүмкіндік алады. Сабаққа дайындалуға да көп уақыт бөле алатын дәрежеге жетеді.

Педагогикалық технология негізінде оқу цикілін қайта жаңғырту идеясы алынған.

Оның мазмұнына:

  1. оқытудың жалпы мақсатын қою;
  2. жалпы құрылған мақсатты нақтыландыруға көшу;
  3. оқышулардың білім деңгейін алдын ала (диагностикалық) бағалау;
  4. оқу әрекеттерінің жиынтығы (бұл кезеңде жедел кері байланыс негізінде түзету жүргізілуі тиіс);
  5. нәтижені бағалау енеді.

Осының арқасында оқу процесі “модульдік” сипат алып, құрылымы ортақ, бірақ мазмұны әр түрлі жеке блоктардан жасалады.

Модульдік оқыту технологиясының осы нұсқасын құруда біз толық меңгеру әдістемесінің негізгі шрттарын, құрылып жатқан технологиялардың негізгі қағидаларын ұстандық. Сонымен қатар, дидактиканың қазіргі тадаптарына байланысты бірқатар өзгерістер енгіздік: балаларды оқытуға емес, тұлғалық бағытталған, танымдық қызметін ұйымдастыруға, оқу процесін өзара сөйлесу негізінде құруға және т.б.ұмтылдық.

Осыдан келіп мұғалімнің оқу процесін құрудағы жұмысының өзгеруі туындайды. Толық меңгеру әдістемесінде (Дж.Блок, Л.Андерсен және басқалар) әрбір оқу бірліктері ауқымында мұғалімнің қызметі төмендегіше құрылады:

  1. Балаларды оқу мақсаттарымен таныстыру.
  2. Сыныпты берілген тарау (оқу бірлігі) бойынша жалпы оқыту жоспарымен таныстыру.
  3. Оқытуды жүргізу (негізінен мұғалімнің оқу материалын өзі баяндауы түрінде).
  4. Диагностикалық тестіні ағымдағы тексеру.
  5. Тексеріс нәтижелерін бағалау және тарау мазмұнын толық меңгерген оқушыларды айқындау.
  6. Толық меңгере алмаған оқушылармен түзете оқытуды жүргізу.
  7. Диагностикалық тест өткізу және оқу бірлігін толық меңгерген оқушыларды айқындау.

             Біздің нұсқамызда бұл әрекеттердің реті біршама басқаша:

  1. Балаларды оқу мақсаттарымен тан.ыстыру.
  2. Сыныпты мазмұны жақын тақырыптар тобы (блогі) немесе тарау бойынша жасалған жалпы үлгімен (модульмен) тангыстыру.
  3. Мұғалімнің оқу материалын қысқаша баяндауы (белгілер жүйесі – сызбалар, сұлбалар, кестелер және т.б. негізінде).
  4. Өзара сөйлесу негізінде оқушылардың танымдық қызметін ұйымдастыру және әрбір оқушының  қызмет нәтижесін әр сабақта бағалап отыру.
  5. Жалпы тақырыпқа, тарауға (“өсу” бағытымен) 4-7 рет қайта оралу негізінде оқу материалын оқып үйрену.
  6. Тұтас тақырып бойынша тестілеу.
  7. Тақырып бойынша қалыпты немесе “релелік” сынақ (немесе диктант, бақылау жұмысы және т.с.с.)  жүргізу.

Қайта жаңғыртылатын оқу циклі ретінде оқу модулі үш құрылымдық бөлімінен: кіріспеден, сөйлесу бөлімінен және қорытынды бөлімінен тұрады.

Сызба түрінде көрсетсек, оқу модулі былайша болады:

 

 

 

 

Кіріспе бөлімі

(модульге, тақырыпқа енгізу)

Сөйлесу бөлімі

(оқушылардың танымдық қызметін

өзара сөйлесу негізінде ұйымдастыру)

 

Қорытынды бөлімі

(бақылау)

 

Әрбір оқу модулінде сағат саны әртүрлі. Бұл оқу бағдарламасы бойынша тақырыпқа, тақырыптар тобына, тарауға бөлінген сағат санына байланысты. Неғұрлым тиімдісі 7-12 сағаттан тұратын оқу модулі. Алайда эксперимент жүргізген мұғалімдерде модульге бөлінген сағат саны 4 сағаттан (“Қазақстан тарихы” курсында) 22 сағатқа (“Математика” бойынша) дейін ауытқыды.

Алдында айтып өткеніміздей, оқу модулінің ерекшелігі – жалпы сағат санына қарамастан, кіріспе бөлімге сабақтың 1-2 сағаты, қорытынды бөлімге 2-3 сағаты беріледі. Қалған уақыт (3-тен 17 сағатқа дейінгі оқу уақыты) сөйлесу бөліміне қалдырылады. 

Мысалға, мұғалім оқу модулін 9 сағатқа жоспарлап отыр делік. Оның бір сағаты модульдің бірінші бөлімі – кіріспеге, екі сағаты – қорытынды бөлімге, қалған 6 сағаты – сөйлесу бөліміне беріледі.

Модульді 12 сағатқа әзірлегенде  де модульдің 1 және 3 бөлімдеріне берілетін сағат саны өзгеріссіз қалып, сөйлесу бөлімінің уақыты өзгереді – яғни, ол 9 сағат болады.

Оқу мазмұнына “өсу” бағытымен – қарапайым нан күрделіге, репродуктивті тапсырмалардан шығармашылық ізденіске (кей жағдайларда – зерттеушілік қызмет элементтеріне) қарай бірнеше мәрте қайта оралу әрбір оқушының оқу материалын қарапайым білім деңгейінен “білімді бағалау” деңгейіне дейін меңгеруіне ммкіндік береді. Сөйлесу бөлімінде танымдық процесс негізінен сыныпты шағын топтарға (4-7 адамнан) бөлу арқылы оқушылардың өзара әрекеті негізінде, осы бөлімге түрлі ойынтехнологияларын енгізе отырып құрылады. Мұғалім негізінен фасилитатор, кеңесші және оқушылардың танымдық процесін ұйымдастырушы рөлінде болады.

Оқу модулін құрудың тағы бір ерекшелігі – мұғалімнің даярлық жүйесі.

Мұғалім бір оқу модуліне бөлінетін сағат санын анықтап алғаннан соң, оның мақсатын, мазмұнын және нәтижелерін, сондай0 – ақ осы модуль сабақтарын ұйымдастырудың формасын ойластырып, оқу модулін құрады.

 

 

Мұғалімнің алдын – ала жұмысы төмендегідей

әрекет – қадамдардан тұрады:

 

1-қадам:Берілген тарау, блок немесе тақырып бойынша бағдарламада меңгерілуі тиіс деп көрсетілген міндетті білім, білік және дағдыларды, сондай – ақ оқыту мақсаттары мен міндеттерін айқындау.

2-қадам:Берілген модуль бойынша оқу материалының тұтас мазмұнын оқып – зерттеу.

3-қадам:Берілген модуль бойынша негізгі мағынаны білдіретін түйінді ұғымдарды, тақырып бойынша негізгі ақпарат беретін рельефтік (код сияқты) сөздерді табу. Олардың өзара байланысы мен өзара бағыныштылығын анықтау.

4-қадам:Тұтас тақырып бойынша тірек сызбаларын құрастыру (анықталған түйінді ұғымдар мен “кодтар” негізінде).

5-қадам:Оқу модулінің тұтас мазмұны бойынша тестілік тапсырмалар құрастыру (15-20 тапсырма шамасында).

6-қадам:Берілген модульдегі оқу материалының тұтас мазмұны бойынша сынаққа қажетті сұрақтар иен тапсырмалар блогін құрастыру (оқу пәнінің өзіндік ерекшелігіне  орай сынақты диктантпен, бақылау жұмысымен алмастыруға болады).

7-қадам:Сөйлесу бөлімін әзірлеу. Оқытудың белсенді формаларын таңдау дәрежесіндегі, орташа күрделілік дәрежесіндегі тарсырмалар және оқытудың ізденушілік (зерттеушілік) элементтері бар  аса күрделі дәрежесіндегі тапсырмалар әзірленеді.

 

 

2.2.Модульге бөлінген сабақтардың түрлері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.3.ОҚУ МОДУЛІНІҢ КІРІСПЕ БӨЛІМІ

Психологтардың пайымдауынша, әрбір дербес тарауды (тақырыпты) оқып – үйрену үш негізгі кезеңнен: кіріспе – қызықтырушылық, операционалдық – танымдық және рефлексиялық – бағалау кезеңдерінен тұруы тиіс (Л.М.Фридман).

Аталмыш модульде кіріспе – қызықтырушылық кезең кіріспе бөлімінде іске асырылады.

Бұл кезеңде оқушылар бағдарламаның осы тарауын неге және не үшін оқып – үйренулері керек, өздері нақты нені меңгеріп, үйренулері тиіс, алдағы жұмыстың негізгі оқу міндеті қандай екенін түйсінуіқажет.

Психологтар дәлелдегендей, білімдінеғұрлым тиянақты меңгеру үшін оқушылардың мақсатты түйсінуі (мақсаттың қозғаушы, қызықтырушы күш нені үйрену), оның мағынасы (бұл не үшінқажет) нақты айқын белгіленіп, мақсатқа жету тәсілдері көрсетілуі керек.

Обьектілердің нақты қасиеттері жайлы білімді қалыптастыруда түсіндіруді сызба және белгілік үлгілері түрінде көрініс тапқан әрекеттен бастаған тиімдірек екенін эксперимент көрсетіп отыр.

Қандай да бір құбылысты тану барысында адамда оны түсінгендік, меңгергендік сезімі пайда болуы тиіс.

Жадыны және келешекте алынған білімге сүйену мүмкіндігін қорғау үшін, психолог Л.В.Шешневтің пікірінше, біріншеден, алғашқы түсінбеушілік сезімі жадыда сақталмауы тиіс; екіншеден, жады меңгерілген ұғымдар мен түсініктерді қорғау қапшығына, берік жабылған “орамаға” салып сақтауы және ұсынуы тиіс. Мұндай “орама” қызметін белгі (термин), белгілік жүйе атқарады.

Сөйтіп, оқу модулінің кіріспе бөлімінде мұғалім:

а) оқушыларды оқу модулінің жалпы құрылымымен және мазмұнымен таныстырады;

ә) оқушылардың осы оқу содуліндегі танымдық қызметінің мақсаттары мен міндеттерін анықтайды, әсіресе бұл мақсаттар мен міндеттерді әрбір оқушының “қабылдауына”, түсінуіне ерекше көңіл бөледі;

б) тірек сызбаларға (“орамалға”, белгілілік үлгілерге) сүйене отырып, модульдің тұтас тақырыбы бойынша оқу материалын қысқаша (15-20 минут ішінде) түсіндіреді.

ОҚУ МОДУЛІНІҢ СӨЙЛЕСУ БӨЛІМІ

Оқу модулінің сөйлесу бөлімі тарауды (тақырыпты) тұтас оқып үйренудің екінші – операционалдық-танымдық кезеңін іске асыру болып табылады.

Бұл бөлімді құрастырғанда біз Л.Фридманның төмендегідей ережелерге негізделген тұжырымдамасына сүйендік:

  1. Оқу оқушының жеке, топтық, ұжымдық жұмыс барысындағы түрлі қызметінің жүйесі ретінде құралады. Олар оқушының қисынды ойлауын, қабілеттерін, көзге елестету қабілетін, жадын, шығармашылығын және т.б. дамытуға, яғни білім берудің мақсаттары болып табылатын тұлғалық қасиеттерін дамытуға бағытталған.
  2. Оқуды басқарудың психологиялық сенімді түрі – ең алдымен, оқушының қажеттіліктерін, қызығушылығын және қызмет мақсаттарын дамытуға жағдай жасау.
  3. Оқуды басқару икемді болуы тиіс, бұл тек оқушылардың іштей өсуі жүргенде ғана, балалардың білім дәрежесінің артуына қарай мүмкін болады.
  4. Оқушылар нақты оқу қызметінің мақсаттарын анықтауға тікелей қатысуы керек, яғни басқару тұлғалық бағыттыалған болуы тиіс. Оқу процесін тұлғалық басқару дәрежесі оқушылардың өсуіне қарай артып отыруы және оқудың жоғары сатысында жалпылама сипат алуы тиіс.
  5. Оқу процесін басқару балалардың ішкі қуатын және мүмкіндіктеріне негізделіп жүруі тиіс.

Оқу модулінің  сөйлесу бөлімін даярлағанда мұғалім оқу материалының негізгі мазмұнын бөліп, құрылымдайды.

Мұнда оқушылар оқу материалына қайта оралып, пысықтап, бекітуі үшін оның әр сабақта жеке бөліктерімен берілетінін есепке алу керек, бұл бөліктерде  қысқаша, сиымды түрде тұтас тараудың (тақырыптың) мазмұны беріледі.

Пысықтауды қажет ететін материалдымұғалім үш күрделілік деңгейінде (қарапайым, орташа дәреже, күрделі) дайындайды. Үш деңгейдіңқайсысын таңдайтынын әр оқушының өзі шешеді.

Бұның бір маңызы – күрделі, ізденушілік, шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды кез-келген күрделілік деңгейдегі бағдарламалық материал тапсырмаларын орындаған оқушыға, яғни іс жүзінде бәріне де беруге болады.

Бұл бөлімінің сабақтарын жоспарлағанда мұғалім оқушылардың өзара сөйлесуін қамтамасыз етуге баса көңіл бөледі.

Мұнда оқу материалының мазмұны оқушылардың өзара сөйлесуінің арқауы және құралы болады.

Сөйтіп, мұғалімнің сөйлесу бөлімін дайындаудағы 5 әрекет – қадамнан тұратын даярлық құрылымы қалыптасады.(1-суретті қараңыз).

1-сурет

 

1. Модульдің сөйлесу бөліміндегі материалдың негізгі мазмұнын белгілеу

                                                          

 

2. Оқу материалын біртұтас, жинақы, “өсу” бағытымен беру

     

                       

3. Тақырып бойынша жеңілдетілген деңгейдегі және білім стандартының талаптарын қамтамасыз ететін деңгейдегі және білім стандартының талаптарын қамтамасыз ететін деңгейдегі тапсырмалар дайындау

  

 

                                                                

 

4. Оқушылардың пәнге қызығушылығын және креативтілігін (шығармашылық қабілеттерін ) дамытуға арналған шығармашылық сипаттағы материал дайындау

      

 

 

                                                

 

5. Осы бөліктің барлық сабақтарында өзара сөйлесуді қамтамасыз ету

 

 

 

 

2.4. Оқу модулінің қорытынды (бақылау) бөлімі

 

Бұл бөлім тарауды немесе тақырыпты оқытудың тұтас циклін аяқтайтын, соңғы бөлімі (рефлексиялық-бағалау кезеңі).

Ол оқушылардың сөйлесу бөліміндегі танымдық қызметі барысында қалыптасқан білім, білік, дағдыларын бақылауға, тексеруге және бағалауға арналған.

Нақ осы бөлімде оқушылар өз қызметін талдайды – яғни, баға алады, бұл соңында әр оқушының танымдық қызметінің жалпы оқу нәтижесін анықтайды.

Оқу модулінің қорытынды бөліміне біз бақылаудың бірнеше түрлерін енгіздік.

Біріншісі – міндетті – тестілеу.

Екіншісі – мұғалімнің өз таңдауы бойынша (пәннің, тақырыптың, тараудың өзіндік ерекшклігіне орай) – сынақ, бақылау жұмысы, диктант.

Біз екі немесе одан да көп бақылау түрлерін қолдану қажет деп есептейміз, өйткені оқу материалын игеру дәрежесін бір ғана тестілеу арқылы анықтау мүмкін емес.

Білім деңгейін тексеру және бақылау тәсілі ретінде тестілеу оқыту нәтижесінің мөлшерлік көрсеткіші болып табылады, бұл аса маңызды. Сонымен қатар тестілеу тұлғаның психологиялық қорғануын қамтамасыхз етеді, ішкі кедергілерін жояды, өйткені бақылаушымен (мұғаліммен) қатынас жанама түрде жүреді. Бұл осындай бақылау түрінің жағымды жағы. Алайда мұнда дұрыс жауаптың кездейсоқ берілу мүмкіндігі бар.

Қорыта келе, біз тестілеуді бақылаудың қажетті түрі, бірақ ол бақылаудың басқа түрін қайталап қолдануды керек етеді деп есептейміз.

Оның мақсаты:

а) білім деңгейін әділ бағалау;

ә) бағасын жақсартуға (жоғарырақ балл алуға) мүмкіндік беру;

Қалай айтқанмен, егер бақылаудың бір түрінен нашар баға алынса, бақылаудың басқа түрі оны жөндеуге мүмкіндік береді. Тестілеуден жақсы өткен оқушы келесі бақылаудан (немесе керісінше) нашар баға алса да, оның қорытынды бағасының нашар болмауына мүмкіндік бар екнін атап өткен жөн.

Пәннәі өзіндік ерекшелегіне орай тапсырмалар жазбаша немесе ауызша сипатта (болмаса, олардың қосылған түрінде) болуы мүмкін.

Бақылаудың бұл негізгі екі түрінен басқа:

  • бақылау жұмысын;
  • диктант;
  • семинар;
  • оқу (пән) конференциясын жүргізуге болады.

Оқушылардың білім, білік, дағдыларын тұтас модуль бойынша бағалағанда, нақты осы бағалар есептеледі. Олар баяндама, хабарлама, реферат түрінде болуы және оқушылардың ғылыми қоғамына (ОҒҚ), конкурстарға және т.с.с. (оқушы жүргізген зерттеудің құндылық және мәнділік дәрежесіне қарай) ұсынылуы мүмкін.

Тоқсандық қорытынды баға әрбір оқу модулінің бағалары нәтижесінде қойылады (әдетте оқу тоқсанында 2-3 модуль болады).

 Оқу модулін даярлау технологиясы

І кезең – мұғалімнің модульді даярлауы

1. Барлық оқу материалын пысықтап, оны оқу біліктеріне (тұтас тарауға немесе мазмұны бойынша жақын тақырыптар блогіне) бөлу.

2.Оқытудың нақты нәтижелері тізбегін құру (яғни, әрбір оқушы нені біліп, үйренуі тиіс).

3. Модуль тақырыбын тұтас баяндауын оңтайлы формасын ойластыру.

4. Тақырыптың негізгі түйінді ұғымдарынан тірек сызба-конспект құрастыру.

5. Оқушылардың білім, білік, дағдыларын тексеруге тестілер – диагностикалық (тексеру) және бақылау (қорытынды) жұмыстарын әзірлеу.

6. Білім, білік, дағдыларды түзетуге арналған тапсырмалар дайындау.

Модульдің кіріспе бөлімінде оқу материалын баяндау формалары

Оқу модулінің бірінші сабағындағы мұғалімнің лекциясы бірнеше нұсқада болуы мүмкін (тыңдаушылардың жасына және даярлығына қарай).

Олар:

  • визуалдық лекция, мұнда тақырыптың негізгі мазмұны бейнелі түрде – сурет, сұлба, сызбалармен берілген;
  • лекция-консультация (кеңес), оқу мазмұны оқушылардың сұранысы (сауалдары) бойынша жапсарлас пәндердің материалдарын қоса отырып беріледі;
  • лекция-өзара сөйлесу, жалпы мазмұн лекция барысында оқушылардың өздері бірнеше сұрақтар тобына жауап таба отырып, қатынас жасауы арқылы беріледі;
  • проблемалық лекция, мұнда бірнеше қарама-қайшы теориялық тұжырымдамалар ұсынылады.

Лекция нақты ойластырылып, қисынды түрде және бірізділікпен, түйінін және қорытындысын шығара отырып, түсінікті және айқын тілмен баяндалғанда; әртүрлі көрнекілік және техникалық құралдар пайдаланылғанда, міндетті түрде жазылып, соңында негізгі ұғымдары мен сәттерін айқындайтын қорытынды әңгімелесу жүргізілгенде ғана неғұрлым нәтижелі болады.

ІІ кезең – мұғалімнің сөйлесу бөлімін даярлау әрекетінің құрылымы

    

1.Сөйлесу бөлімінде жұмыс істеу үшін оқу материалының негізгі мазмұнын белгілеу

 

2. Оқушылардың өзара сөйлесуін қамтамасыз ететін және алғашында оқу матрериалын оқып-үйреніп, бекітуге, соңынан білік пен дағдылар қалыптастыруға, алынған білімін талдап, топтауға мүмкіндік беретін оқытудың белсенді формаларын таңдап алу

 

 

 

 

 

 

 

3. Әртүрлі күрделілік дәрежесіндегі үш деңгейлік тапсырмалар (Блум таксономиясына сүйене отырып) және олардың жауап үлгілерін (есептер мен мысалдардың шешімін және т.б.) дайындау

 

 

 

 

 

 

4.Әрбір оқушыға немесе топқа арнап

үлестірмелі материалдар бастыру (көбейту)

 

 

 

      

 

 

Үш деңгейлік тапсырмалар дайындағанда сөйлесу бөлімінде оқу материалын пысықтап, жұмыс істеу үшін біз мұғалімдерге Б.Блумның таксономиясын ұстандық.

        ІІІ (“жеңілдетілген”) деңгей тапсырмалары тақырыпты қарапайым білім мен түсінік деңгейінде игеруді білдіреді.

        Олар шамамен мынадай түрде беріледі:

 

       

                            

ІІ деңгей (мемлекеттік білім стандартының талаптарына сай) тапсырмалары алған білімін қолдана білу және талдау деңгейінде игеруді білдіреді де, төмендегідей құрылады:                              

                 

 

І деңгейдегі жоғары күрделілік дәрежесіндегі (“стандарттан жоғары”) тапсырмалар алған білімді топтау және бағалау деңгейіне бағытталған:

 

                

 

ІІІ кезең – қорытынды (бақылау) бөлімі

 

       Оқушылар білімін әділ бағалау және оларда жоғарырақ балл алу мүмкіндігі болуы үшін бақылыудың 2-3 түрін даярлау.

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Сонымен қорыта келгенде, дипломдық жұмысының  барысында оқытудың тиімділігін арттыру мақсатында жаңа білім парадигмасына сүйене отырып, мен оқыту технологиясының өзіндік нұсқасын қарастырып шықтым.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында оқыту формасын, түрлерін, технологияларнын таңдауда көп нұсқалық қағидасы бекітілген, бұл білім мекемелерінің мұғалімдеріне, педагогтарына өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға, педагогикалық процесті кез келген үлгімен, тіпті авторлық үлгімен құруға мүмкіндік береді. Сондықтан мен Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясы» нұсқасын өз дипломдық жұмысымда қолдандым.

Зерттеулер көрсеткендей, осы технологияны қолдану барысында білім сапасын едәуір арттыруға және білім стандарты бекіткен оқу материалын барлық оқушылардың жүз пайызға меңгеруін қамтамасыз етуге болады.Бұл технологияның тағы бір ерекшелігі дарынды балалармен тұрақты және жүйелі жұмыс істеу мүмкіндігі болып табылады.

Мен өзімнің дипломдық жұмысымда модульдік оқыту технологиясының міндеттерімен, мақсаттарымен таныстырып, олардың мән-мағынасын ашып, оларды пайдалану жолдарын көрсеттім.

Кез-келген елдің экономикалық қуаты, халқының өмір сүру деңгейінің жоғарылығы, дүние жүзілік қауымдастықтағы орны мен салмағы сол елдің технологиялық даму деңгейімен анықталмақ. Жалпы қоғам дамуы мен жаңа технологияны енгізу сапалылығы осы елдегі білім беру ісінің жолға қойылғандығы мен осы саланы ақпараттандыру деңгейіне келіп тіреледі. Экономикалық күшті дамыған елдердің тәжірибесі білім жүйесін  ақпараттандыру  экрномика,  ғылым  және мәдениеттің қарқынды дамуының негізгі кілті екендігін көрсетіп отыр.   Ендеше   қазіргі   заманның   ақпараттық технологиясын игеру міндетіміз.

Модульдік оқыту технологиясы әлі түбегейлі зерттеуді қажет етеді. Сондықтан мен өз зерттеулерімді келешек мұғалім болған кезде одан әрі жалғастырамын.

Әдебиеттер

 

  1. Жанпейісова М.М. Технология модульного обучения. Актобе. РИПК СО, 1999.
  2. Қазақстан Республикасы “Білім мемлекеттік бағдарламасы” / Қазақстан мұғалімі. – 2000. - №33-34
  3. Қазақстан Республикасында гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы. – Алматы: Қазақстан,1994ж
  4. Қазақстан Республикасында орта білімнің дамыту тұжырымдамасы. – Алматы: Қазақстан,-1997, 34б.
  5.  Әбдіғалиев Қ. Шоғырландырып қарқынды оқыту жүйесі. // Қазақстан мектебі. – 1998.-№11-12, 24-35б.
  6. Таубаева Ш.Т., Барсай Б.Т. Оқытудың қазіргі технологиялары // Бастауыш мектеп. - №3, 4, -1999.
  7. Основы дидактики. Под ред. Б.Т.Есипова. – М.,-1967.
  8. Таубаева Ш.Т., Лактионова С.Н. Педагогическая инноватика как теория и практика нововедений в системе образования: научный фонд и перспективы развития (Книга 1). – Алматы: Научно-издательский центр “Ғылым”,-2001.
  9. Бабанский Ю.К. Методы обучения в современной общеообразовательной школе. М.: Просвещение.-1985.
  10. Бегалиев Т.Б. Педагогика. Тараз: ТарМУ, 1999.
  11. Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии. М.: Педагогика. – 1989.
  12. Лемберг Р.Г. Дидактические очерки. – Алматы. – 1995.
  13. Скаткин М.Н. Ппроблемы современной дидактики. 2-е изд. М.,-1975.
  14. Талызина Н.Ф. Управление процессом усвоение знаний. М., - 1975.
  15. Қазақстан Республикасының “Білім туралы” Заңы/баптары бойынша түсіндірмелерімен және оны жүзеге асыру негізіндегі құжаттар. – Астана, 2000ж.
  16. Гусев Л.И. Некоторые вопросы внедрения достижений педагогической науки в школьную практику. Алма-ата: Мектеп, - 1974.
  17. Дьяченко В.К. Новая педагогическая технология учебно-воспитательного процесса. Усть-Каменогорск.-1999.
  18. Выбор методов обучения в средней школе. Под ред. Ю.К.Бабанского. М.,1981.
  19. Айтмамбетова Б.Р. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері./23-лекция/ - Алматы.1991.
  20. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. – Алматы,-2000.
  21. Монахов В.М. Технологические основы проектирования и конструирования учебного прцесса. Волгоград: - Перемена.-1995.
  22. Репкина Н.В. Что такое развивающее обучение? М., 1993.
  23. Педагогикалық ізденіс. – Алматы: Рауан, 1990.
  24. Выбор методов обучения в средней школе. Под ред. Ю.К.Бабанского. – М.,-1981.
  25. Махмутов М.И. Мектепте проблемалық оқытуды ұйымдыстыру. Алматы : Мектеп.- 1981.
  26. Занков Л.В. О предмете и методах дидактического исследования. М., 1962.
  27. Щукина Г.И. Роль деятельности в учебном процессе. М., 1986.

 

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2013-06-10 20:09:00     Қаралды-68764

ЕРТЕДЕ БОЯУЛАР НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Ежелгі заманнан бері өсімдік бояуларын адамдар қару-жарақ, киім-кешек және үйлерді безендіру үшін қолданған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ІНЖУ ҚАЙДАН АЛЫНАДЫ?

...

Інжу - жануарлардан шыққан жалғыз асыл тас

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮН НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Әдетте біз Күнді газдың үлкен шары деп айтамыз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДЫБЫС ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ЛАСТАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Біздің әлем жанды да, жансыз да табиғат тудыратын дыбыстарға толы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БҰЛТТАРДЫҢ ҚАНДАЙ ТҮРЛЕРІ БАР ЖӘНЕ ОЛАР НЕНІ ХАБАРЛАЙДЫ?

...

Бұлттар жер беті мен тропосфераның жоғарғы қабаттары арасындағы кеңістікте шамамен 14 км биіктікке дейін қалыптасады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Металдардың көне тарихы бар, олар мыңдаған жылдар бұрын адамдарға белгілі болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ЫДЫРАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Әдетте пластиктің ыдырауы өте ұзақ уақытты алады - 50-100 жыл.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СУ ҮЙДІ ЖАРЫП ЖІБЕРУІ МҮМКІН БЕ?

...

Су зиянсыз зат сияқты. Ал кейде су мылтықтай жарылып кетеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ НЕДЕН ТҰРАДЫ?

...

Мұнай – қою қызыл-қоңыр, кейде дерлік қара түсті майлы сұйықтық.

ТОЛЫҒЫРАҚ »