UF

 

МАЗМҰНЫ

Кіріспе......................................................................................................................3

 

1 тарау. Жалпы білім беретін орта мектеп информатика курсын оқытуда дидактикалық принциптерді жүзеге асырудың психологиялық-педагогика-лық негіздемесі.................................................................................................................6

1.1. Информатика курсын оқытуда дидактикалық принциптерді пайдаланудың ғылыми-теориялық мәселелері........................................................................................6

1.2. Дидактика принциптері – мұғалімнің басты құралы...................................11

1.3. Информатика курсын оқытуда көрнекілік принципті компьютерлік технология арқылы жүзеге асыру психологиялық-педагогикалық негіздемесі....22

 

2 тарау.  Информатика курсын оқытуда көрнекілік принципті жүзеге асыру әдістемесі...........................................................................................................................38

2.1. Информатика сабағында көрнекілікті жүзеге асырудағы - ақпарат ұғымы.................................................................................................................................38

2.2. 8-сынып информатика курсында «Paint-графикалық редакторы» тақырыбын оқытуда көрнекілік принципті жүзеге асыру әдістемесі..........................................................................................................................43

Қорытынды............................................................................................................67

Пайдаланылған әдебиеттер..................................................................................69

Қосымша................................................................................................................70

 

 

 

 

Кіріспе

Қазіргі кезде білім беру ісін ақпараттандыру Қазақстан Республикасы Президентінің «Білім» Мемлекеттік программасы аясында жүзеге асырылуда. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінде жалпы білім беру мен мамандар дайындау салаларын ақпараттандыруға байланысты оқу - әдістемелік бірлестік, ғылыми-әдістемелік нұқаулар, информатиканы оқытуға қойылатын дидактикалық принциптердің мемлекеттік стандарты дайындалды. Информатиканы оқыту әдістемесі курсы информатика пәнін оқытудң мазмұны, мақсаты, әдісі, құралдары мен ұйымдастыру түрлерін зерттейтін бір жүйе ретінде қарастырылады. Яғни, болашақ информатика пәнінің мұғалімі дидактикалық принциптерді игеру нәтижесінде компьютерленген сынып жағдайындағы мектептің жұмысына дайын болып шығу тиіс.

Информатика пәнінің білім беру жүйесіндегі орны ақпараттық орта мен қоғам мүшелерінің жаңа информациялық технологияларды кең қолдануға байланысты маңызды болып есептеледі және оның мазмұны үнемі жаңарып отырады.

Информатика пәні мұғалімі  әрбір сабақта дидактикалық принциптерді назардан  тыс  қалдырмауы  тиіс.  Оқушы  білімінің  қалыптасуы   қашанда  мұғалімнің  сабақты  ұйымдастыра білуіне,  жаңа  материалды   жүйелі  түрде  баяндауда  әртүрлі  әдістерді  қолдана  отыра  жеткізуіне   байланысты.

Оқыту – бiлiм алудың, бiлiктiлiкке үйретудiң, iс-әрекет дағдыларын қалыптастырудың және адамды еңбекке бейiмдi даярлаудың негiзгi құралы. Оқыту процесiнiң нәтижесiнде бiлiм алу, тәрбиелеу және дамыту мақсаттары жүзеге асырылады.

Оқытудың мақсаты мен мазмұны, оны ұйымдастырудың түрлерi және әдiстерi, адамзаттың жалпы бiлiм алу даярлығына қойылатын талаптар өркениеттi педагогикалық идеяларға сәйкес өзгерiп отырады. Педагогикадағы дәстүрлi “ненi оқыту керек?”, ”не үшiн оқыту керек?”, ”қалай оқыту керек?” деген сұрақтарына жауап iздеумен қатар ”қалай нәтижелi оқыту керек?”  деген сұраққа жауап iздеу оқыту процесiн технологияландыру мәселесiне алып келдi. Бұл компьютерлiк технология  негiзiндегi оқыту әдiстерiн жетiлдiрiп, оқыту құралдарын тиімді пайдалану арқылы жүзеге асырылады.

Информатика сабағында дидактикалық принциптерді пайдалану мәселесiне Е.И. Машбиц сынды психологтардың, Е.Ы.Бидайбеков, Ж.А.Қараев және т.б. педагогтардың еңбектерi арналған. Қазiргi уақытта бiлiм берудi ақпараттандыру мәселелерi К.Маклин, Б.Хантер, И.В.Роберт  тәрiздi ғалымдардың жұмыстарында баяндалады.

Ал А.В.Иващенко, В.П.Пустовойтов зерттеулерiнде дидактикалық принциптерді пайдаланудың жалпы педагогикалық аспектiлерi қарастырылып, оны қолданудың дидактикалық және педагогикалық шарттары анықталған.     Ақпараттық технологияларды оқыту процесiнде дидактикалық принциптердің тигiзер әсерiнiң психологиялық-педагогикалық негiзi Н.Ф.Талызина,  В.М.Монаховтың, А.Я.Савельевтің және т.б. ғалымдардың еңбектерiнде зерттелiнсе,  көрнекілік принципті жүзеге асыру  әдiстемесi – Ю.А.Первин, А.А.Кузнецов, Ю.А.Шафрин, Я.Ваграменский, С.Гримм, В.М.Заворыкин, А.П.Ершов, Ә.Бүркіт және т.б. әдіскерлердің оқу-әдістемелік құралдары мен оқулықтарында, монографиялары мен ғылыми еңбектерiнде келтiрiлген. Бұл жағдай елiмiзде бiлiмнiң жаңа ақпараттық парадигмасының қалыптасқанын көрсетсе керек.

Келтiрiлген еңбектер, оның iшiнде информатика курсын оқытуда дидактикалық принциптерді жүзеге асыру әдiстемесi бойынша бiршама жұмыстардың атқарылып отырғандығын көрсетедi. Бұл саладағы еңбектердi талдау нәтижесiнде орта мектептерде информатика курсын оқытуда дидактикалық принциптерді пайдалана отырып,  оқушылардың потенциальды мүмкiндiгiн ескерiп оқыту және оқушының оқу iс-әрекеттерiн өзбетiнше орындауы жүзеге асатын оқып-үйрену процестерi толық қарастырылмаған. Информатика сабағында дидактикалық принциптерді пайдалану, оның ішінде көрнекілік принципті жүзеге асыру әлi күнге бiр жүйеге келтiрiлмегендiктен, оның ғылыми тұрғыдағы әдiстемелiк нұсқауларын құрастыру және оқытуға бағытталған бағдарламалық жабдықтың жеткiлiксiздiгi байқалып отыр. Бiз бар зерттеулерге сүйене отырып, дидактикалық тұрғыдан негiзделген оқыту және оқушының  оқу iс-әрекеттерiн ұйымдастыру жұмыстарын бірізділік принципі негізінде ақыл-ойды сатылап қалыптастыру  теориясына  сай әдістемені ұсынамыз. Бұл мәселенің техникалық тұрғыдағы шешімі - елiмiздің барлық мектептерiнің компьютермен толық жабдықталынып, компьютерлік технология көмегімен көрнекілік принципті толығымен жүзеге асыру болып табылады. Алайда, бұл мүмкiндiктiң бар болуы, бiрақ дидактикалық принциптерді пайдаланудың жеткiлiктi дәрежеде қолданыс таппай отырғандығы, оның дидактикалық және әдiстемелiк жағынан қамтамасыз етiлмеуi арасында қарама-қайшылық пайда болуда. Орта мектептерде информатика курсын оқыту әдістемесінде дидактикалық принциптерді пайдалану осы қарама-қайшылықты жою қажеттігін, әрі дипломдық жұмыс тақырыбының көкейкестiлiгiн анықтайды.

Зерттеудің мақсаты: орта мектептерде информатика курсын оқытуда дидактикалық принциптерді пайдаланып оқыту әдістемесін құрастыру, оны қолдану тиімділігін теориялық-практикалық тұрғыда негіздеу.

Зерттеу нысаны: орта мектептердегі  информатика курсын оқыту процесi.

Дипломдық жұмыстың құрылымы мен мазмұны. Дипломдық жұмыс кiрiспеден, екi тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тiзiмiнен және қосымшалардан тұрады.

 

 

1. ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ОРТА МЕКТЕП ИНФОРМАТИКА КУРСЫН ОҚЫТУДА ДИДАКТИКАЛЫҚ ПРИНЦИПТЕРДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕМЕСІ

1.1. Информатика курсын оқытуда дидактикалық принциптерді пайдаланудың ғылыми-теориялық мәселелері

 

Дидактика принциптері - мұғалім құралы. Информатика пәні жаңалығы, оның үнемі өзгерісте болып, техникалық құралдарының әртүрлілігімен бағдарламалық құралдарының үздіксіз жаңарып отыруында. Сондай-ақ, жаңа бағдарламаны информатиканы оқыту әдістемесінің жеткіліксіз дәрежеде қарастырылуы тәжірибелі мұғалімнің курсты оқыту әдістері мен мазмұнына тереңірек назар аударуды қажет етеді. Дәл осы кезде оған дидактикалық жалпы бірінсіптері жәрдем береді [1].

Педагогиканың дидактика деп аталатын тарауында кез келген оқу пәнін оқытуға қойылатын жалпы, бірыңғай талаптар жиыны -дидактикалық бірінсіптер тағайындалған. Информатиканы оқытуда басшылыққа алынатын негізгі принциптердің әрқайсысына қысқаша тоқталайық:

1. Ғылымилық принципі. Білімнің ғылымилығының мынадай үш белгіні қанағаттандыруы, оның сапалық көрсеткіші болып табылады:

а)   білімнің мазмұны қазіргі ғылымның деңгейіне сәйкес келуі;

э) танымның жалпы әдісінің дұрыс екеніне оқушылар сенімін қамтамасыз ету;

б)   таным үрдісінің маңызды заңдылықтарын көрсету;

Бұл айтылғандар бір-бірімен тығыз байланыста болып, әрқайсысының алдыңғысы келесілерінің қажетті шарты болып есептелінеді.

Бірінші шарт бойынша информатика материалдарын ғылыми тұрғыдан баяндау талап етіледі.

Екінші шарт бойынша оқытудың ғылымилық принципті ғылыми таным жөніндегі білім талап етіледі.

Үшінші шарт бойынша оқушыларда таным үрдісі және оның зандылықтары жөніндегі ұғымдарының қалыптасуын талап етеді.

Бұл шарттардың барлығы да информатикада қысқаша түрде қарастырылады, өйткені мұнда әзірге жоғары және төменге бөлу жоқ, пәнішілік байланысы мықты, кез келген «үлкен» информатика ұғымы мектеп курсынан бастау алады (мектеп курсында қарастырылып, сол ұғыммен алынады). Мысалы, «ақпарат», «алгоритм», «орындаушы» ұғымдары фундамент ұғымдар болып табылады. Осындағы «орындаушы» ұғымының атқаратын бірнеше функциялары бар:

алгоритмнің көрнекі түрде орындалуы үшін дидактикалық құрал (роботтар, сызбагерлер және т.б.);

редактор - мәтінмен жұмыс істеуші (орындаушы), операциялық жүйе - файлдармен жұмыс істеуші, принтер - қағазбен жұмыс істеуші т.с.с. ұғымдар;

компьютерлік білімділікті қалыптастыру мақсатында жасалынған, компьютер құрылғысы моделінің кез келген орындаушысы;

Оқытудың ғылымилығы ниформатиканы оқытуды жетілдіру, жаңа тәсілдер қолдану және де оқушылар, студенттердің зерттеушілік қызметінде көрініс табады. Соңғы айтылған, оқушылардың, студенттердің ғылыми ойлау қабілетін оятып, зерттеушілік қызметін іске асыру үшін оқыту үрдісінде проблемалық оқыту және әртүрлі зерттеу жолдары кеңінен қолдануы тиіс. Түсінікті болу үшін мынадай мысалдар келтірейік:

Компьютерді келешек қоғамда кім қалай елестете алады?

Компьютердің мүмкіндіктері қандай?

Адам өз қызметінде компьютерді қаншалықты дәрежеде қолдануда?

Компьютерлік ақауды болдырмау жолдары немесе оларды жөндеу және т.б.

Бірізділік және қайталау принципі. Бірізділік - оқу материалы белгілі бір логикалық тізбек ретінде баяндалып, оны бекіту үшін кейбір материалдарын қайталау. Ал информатикада басқаша, мысалы қайталау нұсқаларын (командасын) бірден оқып-үйрену мүмкін емес, оның мағынасы мен оны қабылдау берілгендер түріне байланысты.

Саналылық және қызмет. Саналылык мағынасы - оқушының өз қызметі мазмұнын толық түсіну. Мұнда мұғалімнің білім деңгейі менқажетті материалды дұрыс таңдап айта білуі маңызды роль атқарады, яғни ол ең басты мәселелерге тоқталуы тиіс.

Информатиканы оқытудағы көрнекілік  принципі. Ол оқушылардың оқу материалын қабылдау, талдау және жалпылау үрдісінің мәнінен туындайды. Оқу барысының әр түрлі кезеңдерінде көрнекілік түрліше функциялар орындайды. Сонымен көрнекілік - «ақпарат» ұғымы мазмұнын түсіндіруге бағытталады, бір ақпаратты бірнеше графикалық бейнелер түрінде қарастыруға болады. Блок-сүлбелер де кейбір алгоритмнің құрылымын көрнекті етіп көрсетеді. Сондай-ақ диаграммалар т.б. Әрбір компьютерге енгізілген мәтінді, ақпаратты көркемдеп, оның көрнекілігін барынша арттыруға болады. Бейнелеу динамикасы, оған түр түс пен дыбысты қоссақ көрнекілік ұғымын кеңейтіп, адам ағзаларына, түйсігіне жақсы әсер етеді. Демек, оқушы оқып отырған объекті жөнінде мақсатты түрде, көрнекі түрде түсінік ала алады. Мұндай графикалық бейнелерді көрнекі-модельдеуді оқу киносы да көрсете алмайды.

ІІІамаға лайықтылық принципі. Бұл принцип компьютерді оқыту мен онымен жұмыс істеу деңгейлерін анықтап алу болып табылады. Атап айтқанда, ең алғаш үйренушілерге MS DOS - ты үйрету қажет, бірақ оның алдын сабақты көрнекі түрде оқыту үшін NС бастаған жөн деп ойлаймыз, өйткені мұнда экран мүмкіндігін толық пайдалануға болады [2].

Белсенділік, өз бетінше мақсатты жұмыс істеу. Белсенділік. Басқа пәндерді оқыту барысында педагог оқушылармен тікелей қарым-қатынаста болады, ал информатикада оқушы тікелей компьютерде жеке жұмыс істеуіне тура келеді, міне осындай жағдайда ол белсенділік танытуы қажет. Мысалы, оқышу бір сабақ бойына компьютер алдында отырып, бірде-бір түймені баспауы немесе оған экранда болып жататын операцияларға мән бермеуі мүмкін. Сондықтан да информатика сабағы сәтті өтуі үшін оқушы белсенділігі, тек мақсатты емес, әрі қажеттілік шарты болып табылады. Е.И.Машбиц: «Білім - оқушыға (үйренушіге) бере салатын қандай да бір зат емес, жеке тұлғаның мақсатты белсенділік танытқанында ғана жүзеге асады. Әсіресе, бұл информатикаға қатысты» деген еді. Белсенділік танытудың әр түрлі формалары бар. Мысалы, өз қызметіне бақылау жасау, қатарының жұмысын бақылау жасаут.б.

Әрине белсенділік оқуға деген қызығушылықтан пайда болады. Мұғалім сабақ өту формаларын дұрыс таңдап, дер кезінде оқыту нәтижелерін бақылап қорытынды жасап отыруы тиіс. Оның үстіне алғашқы уақытта компьютерге оқушыларды екі - екіден отырғызған жөн. Бұл кезде оқушылар қай түймені басу керектігін бір-бірінен сұрап, күдіктері бірте-бірте сейіле түседі.

Оқушылардың өзіндік жумысы. Сабақтың сәтті өтуінің мақсатты түрі және шарты өзіндік жұмыс болып табылады. Оқушы проблемалақ лекцияны белсенді қабылдай алады, бірақ бұл өзіндік жұмыс емес. Компьютермен жұмыс кезінде көмек сұрауы - бұл белсенділік, бірақ өзіндік жұмыс емес.

Өзіндік жұмыс оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетінің формаларының бірі. Сондықтан, бұл жұмыстардың тиімділігі мұғалімнің осы іс-әрекетті дұрыс жоспарлау біліктігіне байланысты. Белсенді оқу-танымдық іс-әрекет оқушылардың ой еңбегі мен практикалық әрекетінің қызметін болжайды. Яғни компьютерлік білім мен біліктілік тек белгілі бір оқу әрекеттерін орындаған кезде ғана толық әрі саналы меңгеріледі және де әрекеттерді оқушының өз бетінше орындағаны жөн.

Сонымен, өзіндік жұмыс оқу сапасын арттырүға септігін тигізеді, әрі әрбір оқушы кездескен қиындықтан шығуы, яғни басты проблемаларды өз бетінше шешуі болып табылады.

Оқушы белгілі бір бағдарламаларды пайдаланғанда, өзіне түсініксіз жәйттер кездескенде, қажетті әдебиеттер мен компьютерлік көмекші құралдарды (Ғ1 - Не1р - көмек алу) қолдана алады. Өз бетінше жұмыс істеуге үйрету әрбір маман иелерінің компьютер мүмкіндіктерін өз қажеттеріне толық жарата алуына септігін тигізері сөзсіз. Әсіресе, әр пән мұғалімі компьютерді сабақтарында көрнекі құрал ретінде пайдалана алса, сабақ тиімді өтер еді.

Информатиканы оқытудағы білімнің берік болу және жүйелілік принципі. Білімнің берік болуы пән ішілік және пәнаралық байланысқа, жүйелілікке тығыз байланысты. Информатиканы үйретуде оқушылардың алған білімдерін, дағдылары берік болуы үшін еткен материалды қайталап, компьютерде минитест, тест, практикалық, зертханалық жұмыстарды әрбіп оқушының жеке-жеке тапсыруын қамтамасыз ету керек.

Жеке және ұжымдық оқыту. Бұл оқыту түрлері бірін-бірі толықтыра түседі. Тек тұрақты ұжымдық жұмыс жасау арқылы ғана сабақты өте күштілер мен үлгермеушілерге уақыт табуға болады. Мұнда компьютер екі жақтылық роль атқарады, яғни оқытушы бағдарламаларды жаттығу жасағанда: 1) ұжымдық жұмыс жүргізіледі; 2) әрбір оқушы компьютерде жеке - жеке жұмыс істейді. Оқушылардың жеке қабілетін арттыруға бағытталған «Автор – ЭЕМ - Орындаушы», «Супер ЭЕМ» тәрізді рольдік ойындардың маңызы зор. Компьютерде жұмыс істеп отырған оқушы ұғымында тек «бұйрық беруші» не «орындаушы» ұғым (түсінік) қалыптаспауы үшін олардың рольдерін ауыстырып отыру керек.

Оқү қызметінің тиімділігі. Бұл оқушы мен мұғалім қызметінің тиімділігін арттыру деген сөз. Әрбір есептеу жұмыстарын жүргізу үшін   қажетті    тілдерді,    бағдарламаларды,    құралдарды    орын- орнымен тиімді пайдалану. Оқушылар компютерде жұмыс істеу үшін қажетті нұсқауларды жазғызып, оқытып, алдын - ала дайындаған дұрыс. Сондай-ақ оларға зертханалақ жұмыстардың нұсқауларың орындалу жолдарын, тапсырмаларды үйде орындап (жазып), компьютерде практикалық жұмыс жүргізгені жөн. Сонда компьютерлік уақытта үнемделеді.

 

1.2. Дидактика принциптері – мұғалімнің басты құралы

 

Дидактикада оқу пәнін оқытуға қойылатын біріңғай талаптар жиынтығы дидактикалық принциптер тағайындалған. Бұл принциптер оқыту заңдылықтарына негізделген.

Оқыту заңдылықтары оқыту теориясына және практикалық, педагогикалық іс – тәжірибелерге теориялық негіз болады. Принциптерді тағайындауға білім және тәрбие беру мақсаттары, қоршаған орта жағдайы, ғылымның даму деңгейі, қоғамда қалыптасқан оқыту түрлері мен құралдарының сипаты, оқыту тәжірибесі негіз болады.

Дидактикалық принцип оқыту мақсаты мен оқушының танымдық іс - әрекетін тығыз байланыста қарастырады. Оқушының танымдық іс - әрекеті қоршаған ортада болып жатқан құбылыстарды сезімдік қабылдаудан басталады.

Информатика пәні мазмұнының құбылмалы, программалық және техникалық құралдарының әртүрлілігі, оқытудың программалық құралдары мен нұсқауларының жеткіліксіздігі мұғалімдерге информатика курсының мазмұнын, әдістері мен құралдарын талдап, оларды жетілдіруді жүктейді. Сондықтан, пәнді жүргізу барысында информатика пәнінің мұғалімі дидактикалық принциптердің әрқайсысын басшылыққа алып отыруы тиіс.

Ғылымилық принципі

Білімнің ғылымилық принципінің сапалық көрсеткіштеріне : а) білім мазмұны қазіргі ғылымның даму деңгейіне сәйкес болуы; ә) таным әдістерінің дұрыс екеніне оқушылардың сенімді болуы; б) таным процесінің маңызды заңдылықтарын оқушылардың ұғынуы жатады. Бұл мәселелер бір – бірімен тығыз байланыста болып, әрқайсысы алдыңғысының қажетті шарты болып есептеледі.

Бірінші шарт бойынша информатика пәнінің мазмұнына сәйкес материалдарды ғылыми тұрғыда баяндау талап етеді.

Екінші шарт бойынша ғылыми таным жөніндегі білім талап етіледі. Үшінші шарт бойынша оқушыларда таным және оның заңдылықтары жөнінде білім қалыптастыру мақсат етіледі.

Информатика пәнінде пәнішілік байланыс тығыз болғандықтан оның кез – келген ұғымы мектеп курсынан бастау алады. Мысалы, «Информация», «Алгоритм», т.б.

Оқытудың ғылымилық принципі информатиканы оқытуды жетілдіру, оқытудың жаңа әдістерін қолдану кезіндегі оқушылардың зерттеушілік қызметінен көрінііс табады. Оқушылардың ғылыми тұрғыда ойлауын дамыту үшін оқыту процесінде түрлі жаңа информациялық, инновациялық технологияға негізделген әдістерді кеңінен қолдануы тиіс.

Ғылымилық принципі информатика ғылымының жетістіктерін оқушының танымдық мүмкіндіктерін ескеріп, енгізуді талап етеді. Мұнда оқушыларға берілетін білім ғылыми тұрғыда негізделген, бұрмалаусыз шындық арқылы беріледі. Олар мұғалімнің түсіндіруінде қарапаййым, өңделген нұсқада берілсе де, ғылымның негіздері болып табылатын шын мәніндегі ақиқат түсінікті қалыптастырады.

Ғылымилық принципі бойынша мектеп информатика курсында талас тұғызатын, әлі ғылымда орнықпаған, іс жүзінде тексерілмеген мәселелер енгізілмейді.

Бұл принцип білім мазмұнын оңайлатып жіберуден, кейбір ғылыми заңдылықтарды бұрмалаудан, ұғымдарды ретсіз қолданудан сақтандырады.

Тізбектілік және қайталау принципі

Информатика пәнінде берілетін білім мазмұны түсінікті болуы және бұрын игерілген білім жүйесіне біртіндеп енгізілуі тиіс. Таным қызметінің бұл түрі тізбектілік принципінен көрініс табады. Тізбектілік принципі белгіліден              белгісізге, қарапайымнан             күрделіге, білімнен                            іскерлікке бағытында жүзеге асады. Мұнда оқу  материалының  мазмұнын логикалық тізбек түрінде құрастырып, онда қайталаулар мен кері оралудың болмауы ескеріледі. Егер қайталаулар кездессе, онда ол тек оқу материалын бекіту мақсатын көздейді деп түсініледі.

Оқу материалының мазмұны мен оны оқушының  қабылдауын тізбектілік принципінің қайталануының түрінде іске асыруға болады.

Информатикадағы пәнішілік байланыстық күштілігі пән мазмұнын қайталау принципіне негізделген. Себебі, әрбір ұғым қайталанған сайын жаңа қасиеттерімен байытылып игеріледі.

Білімді меңгеру мен іс - әрекеттің саналылығы принципі

Дәстүрлі мағынада іс - әрекеттің саналылығы оқушының өз әрекеті мен орындаған жұмысын толық түсінуі. Яғни, оқушының білімді меңгеріп, оны шығармашылықпен қайта өңдеуі, біліміін практикада қолдануы негізінде жүзеге асырылады.

Саналы көзқарас оқушылардың оқуға деген жалпы мақсаты мен міндетіне жауапкершілікпен қараудан басталып, тек білімді меңгеруде емес, іскерлікпен дағды қалыптастыруда маңызды орынға ие болады. Оқушылардың оқуға деген белсенділігін арттыру үшін, оларда ең алдымен оқуға деген саналы көзқарас қалыптастыру қажет. Сонда ғана оқушы әрекетінде ерекше мәнге ие өзін - өзі бақылау түрі қалыптасады.

Саналылық принципі меңгерген білімді практикада қолдану кезінде ерекше көрініс табады. Сол, себепті оқушылар білім мазмұнын ғана емес оның мағынасын терең ұғынуы тиіс. Мұғалім оқушылардың жас ерекшелігін ескеріп, қажетті материалды таңдағанда негізгі мәселелердің қамтылуын ескергені жөн.

Компьютерлік оқыту мақсаты байланысты саналық принципі кейбір шектеулер жасауға мәжбүр етеді. Себебі, мұғалімнің  аз уақыт аралығында оқушыларға компьютер құрылғыларында болып жатқан процестерді толық және түсінікті баяндап шығуы мүмкін емес. Мысалы, Enter пернесін басқанда байланыстың тұйықталуы немесе сыйымдылықтың өзгеруі, операциялық жүйедегі үздіксіз өңдеулер, қолданбалы программалар деңгейіндегі әсерлер мен байланыстар т.б. Ең бастысы, оқушылар меңгерген білімдерін жұмыс барысында дұрыс қолдана білуі керек. Бұл кезде мұғалімнің материалды білуі, ондағы негізгі мәселені таңдай алуы, тиімсіз әрекеттерді шектей білуі маңызды орынға ие болады. Компьютерде программистің, жүйелеуші – конструктордың, оператордың, қолданушының қызметтері әртүрлі. Сондықтан, мұғалім олардың қызметтерін толықтырып отыратын тиімді көзқарас қалыптастыру арқылы оқушылардың  жан – жақты білім беруді қамтамасыз етуі тиіс.

Білімді меңгеруді деген саналылық есте сақтаудың ең маңызды шарты болып табылады. Саналы көзқарас тек білімді меңгеруде ғана емес іскерлік пен дағды қалыптастыруда да айрықша роль атқарады.

Белсенділік және дербестік принципі

Информатика пәнінде оқушы белсенділігі білімді нәтижелі игерудің қажетті шарты болып есептеледі. Осы орайда, Е.И. Машбицтің «... білім – оқушының қолына бере салатын зат емес, ол оның тұлға ретінде өзгеруі және жеке басының мақсатына сай белсенділігі арқылы жететін нәтижесі» - деген пікірі орынды айтылған.

Белсенділік принципі оқушылардың әрекетінде әртүрлі көрініс табады. Мысалы, оқушылардың өз әрекетін бақылауы, дос-құрбыларының жұмысын бақылауы, алгоритмге өзгеріс енгізуі, өз алгоритмін құру әрекеті белсенділік принципіне негізделген. Мұғалім оқушыларға тапсырма беріп компьютерге отырғызғанда, олардың белсенділігін арттыруды көздейді. Бұл жағдайда оқушылардың өздеріне сенімі артып, бір – бірімін сұхбаттасу арқылы өзара оқыту орын алады.

Оқу дербестігі көп жағдайда белсенділікке байланысты болады. Оқушы теориялық материалды белсенді қабылдағанымен, оны дербестік деп толық айтуға болмайды. Ал, оқушының мұғалімне көмек сұрауы белсенділіктің көрінісі болғанымен, дербестікке жатпайды. Дербестік мұғалімнің оқушыларға тапсырмалар беріп, олардың өз бетіінше жұмыс істеуін қамтамасыз етуі арқылы жұзеге асырылуы мүмкін. Оқу дербестігіне оқушылардың кез – келген жағдайдан өздігіден шыға білуі, ғылыми – көпшілік әдебиеттерді, баспасөз материалдарын пайдалануы білуі жатады. Оқушының компьютерде зерттеу жүргізуі, нәтижеге жетуді өзіне мақсат ете білуі, ЭЕМ – ді қолданатын болашақ кәсіби қызметінде программалаушыдан барынша тәуелсіз болуы дербес дамуының белгісі. Оқушы шығармашылық әрекетке көшкенде дербестік толық орын алады.

Мазмұнның түсініктілігі мен шамаға лайықтылық принципі

Бұл принцип оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу жоспарын жасауда кеңінен қолданылады. Информатика сабағында оқыту деңгейлеріне байланысты компьютермен үздіксіз жұмыс істеу кезінде көрініс табады.Мысалы, дайын программалық құралдармен практикалық жұмыстар жүргізу кезінде пайдаланушы деңгейі қамтамасыз етілсе, жеке оқушылармен жұмыс жүргізу оны тереңдетеді.

Түсініктілік және шамаға лайықтылық принципі көбінесе оқытудың мазмұнына емес, оқытудың мазмұнына емес, оқытудың әдісіне қолданылады. Мысалы, информацияның графиктік түрде берілуі түсініктілік принципін қамтамасыз етеді.

Шамаға лайықтылық принципі – білім мазмұнының оқушының шамасына сай болуын қамтамасыз етеді. Бұл принцип оқушылардың танымдық белсенділігн арттыруға ықпал жасап қана қоймай, олардың жалпы дамуына оң әсерін тигізеді. Мысалы, пән мазмұнының жеңіл болуы оқушылардың ойлау белсенділігін төмендетеді, оқуға деген ынтасын кемітеді. Оқу мазмұнының шамадан тыс қиын болуы оқушыны табысқа жеткізбейді. Табыстың болмауы оқуушының өзіне деген сенімін жояды. Мұнда мұғалімнің оқытуы мен оқушы дамуының арасында тәуелділік пайда болады. Сондықтан, мұғалім оқушының танымдық мүмкіндігін ескере отырып, оқу процесін жоспарлы жүргізуде түсініктілік және шамаға лайықтылық принципін негізге алуы тиіс.

Мазмұн мен іс - әрекеттің көрнекілігі принципі

Бұл принцип мұғалімнің оқыту процесіне есту-көру (аудио-визуалды) техникалық құралдарды, кітаптар, кестелер секілді әртүрлі көрнекіліктерді, оқу құралдарын пайдалануынан көрініс табады. 

Мектепте көрнекіліктің бірнеше түрі қолданылады. Мысалы, жаратылыс көрнекілігі оқушыларды өмірде бар объектілермен таныстыруды көздейді. Көлемдік көрнекілік ақиқат дүниенің көлемдік бейнесін беру мақсатында қолданылады. Оған фотосуреттер, картиналар, диафильмдер, диапозитив, дыбыыссыз кино, т.б. жатады. Дыбыстық көрнекіліктер дыбыстық бейнелер, шығармалардан үзінді оқу, дауысты таспаға жазу, шет тілін үйретуге магнитафонды пайдалану, т.б. қамтамасыз етеді. Символдық және графикалық көрнекіліктер абстрактылы ойлауды дамытуды мақсат етеді. Мұндай көрнекіліктер болмысты символ түрінде сипаттайды. Мысалы жоспарлар, карталар, схемалар, диаграммалар, т.б.

Информатика пәнінде бір информацияны бірнеше әдіспен бейнелеп көрсету мүмкіндігі көрнекілік принципіне негізделген. Мысалы, блок – схемалар алгоритмдердің құрылымы мен орындалу бағытын көрнекі көрсетеді. Программалау тілдерінің синтаксистік құрылымы мен олардың орындалу жағдайы алгоритм текстерін жазу кезінде көрнекі түрде беріледі. Суреттерді анимациялау, түр – түсін өзгерту, оған дыбыстар қосу мүмкіндігі көрнекілік принципінің жүзеге асырылуы болып табылады.

Көрнекілік принципінің жаңаны табуды, бейнені елестетуді, материалды ұзақ есте сақтауда тиімділігі жоғары. Компьютерде оқушылар графикалық бейнелерді түрлендіріп ондағы объектілерді өзгерте алады, ал оқу киносы мен теледидарда мұндай мүмкіндік жоқ.
        Сонымен, көрнекіліктерді тиімді қолдану оқушылардың танымын кеңейтуге оң әсер ететіндіктен, оны оқу процесінің барлық кезеңінде қолдануға болады.

Білімнің беріктігі және жүйелілігі принципі

Бұл принцип  білімді берік, әрі жүйелі меңгеруді көздейді. Беріктілік принципін жүзеге асыруда, ең алдымен, білім мазмұнындағы негізгі мәселелерді даралап алу айрықша мәнге ие. Оған қол жеткізу үшін жаңа сабақты талдау мен оны алғашқы бекіту кезінде басты мәселелерге ерекше көңіл бөлу қажет. Үй тапсырмасы мен сыныпта орындалатын жұмыстардың барлығы осы мақсатқа жұмылдырылуы тиіс.

Білімнің беріктігі және жүйелілігі принципі оқыту мақсатынан оқу материалының логикалық құрылымынан оқушының ойлауы мен дамуынан көрініс табады. Сондай – ақ, пән мазмұнының жеке бөлімдері мен тақырыптары арасындағы және басқа пәндер арасындағы байланыстарды орнатуда бой көрсетеді.

Оқушылардың негізгі ұғымдардың анықтамаларын, қасиеттерін жаттап алу немесе есте сақтауы білімнің беріктігіне тікелей байланысты. Сондықтан оқушыларға жаттап алудың емес, түсініп алудың, есте сақтаудың әдістерін үйреткен жөн.

Білімнің беріктігі пәнішілік және пәнаралық байланыстарды құруға негізделген жүйелілікпен тығыз байланысты. Жүйелілік принципі информатика курсының жеке тақырыптары мен тараулары, бөлімдері арасындағы және басқа да жеке пәндер арасындағы байланыстарды орнатуда көрінеді. Басқаша айтқанда, адамның есінде өзара баййланысты ұғымдар берік сақталады, ал жеке байланысқа тәуелді ұғымдар мидың қызмет өрісінен шығып қалып, ұмыт болуына себеп болады.

Информатика пәніндегі оқу материалын салыстырмалы түрде бейнелеп «ағаш» десек, ағаштың жапырақтары – ұғымдар өзара «шырмауықтай» байланысуы қажет. Сондықтан алғашқы ұғымдарды байытатын көп салалы қолданбалы есептерді шешудің маңызы ерекше.

Информатика пәнінің мазмұнын бір ағаш емес, «информация», «алгоритм», «орындаушы» т.с.с. тамырлары арқылы өріліп кеткен «орман» деуге болады.  Бұл информатикалық білімнің беріктігіне қаланған негіз болып табылады. 

Информатиканы оқытуда жеке және ұжымдық оқыту бірін – бірі толықтырып тұрады. Ұжымдық жұмысты тұрақты, дұрыс ұйымдастырғанда оқушылармен жеке жұмыс істеуге мүмкіндік туады. Бұл кезде компьютер екі жақты құрал ретінде жұмыс атқарады. Ал оқыту программаларының дайын түрлерін кеңінен таратуға, біркелкі топтық, ұжымдық оқытуды ұйымдастыруға көмектеседі. Әрбір оқушы мұндай программалармен жұмыс істегенде өз әдіс – тәсілдерін, жұмыс қарқынын, қиындықтардан шығу жолдарын жеке таңдайды.

Оқыту программалары арқылы, мұғалім жұмыстың кейбір бөлігін автоматты басқаруға жібергенде оқушылармен жұмыс жүргізуге бөлінген уақыт үнемделіп, жеке оқытуға мүмкіндік пайда болады. Оқушылардың дара қасиеттерін байқауда жеке оқыту тиімді нәтиже береді.

Оқу әрекетінің қарқындылығы мұғалім мен оқушының бірлескен іс- әрекетінің пайдалы коэффициенті ең үлкен мәнге ие болуына байланысты қарастырылады.Мұндағы нәтиже күш салу қатынасымен анықталады. Бұл ең алдымен, олардың бірлескен жұмысында басқа әрекеттердің болмауына негізделеді.Мысалы, қарапайым алгоритмдер үшін қолайлы блок- схемаларды күрделі алгоритмдерге пайдаланғанда информатика сабағы сызу сабағына «айналып» кетуі  мүмкін.  Алгоритмдеуді  жүйелі үйренуде программалау тілдерін қолдануды тиімді, ал есептеулерге қарапайым калькуляторды пайдалану қажет. Компьютерлік уақыт шектеулі болған жағдайда оқушыларға компьютермен жұмыс істеуге қажетті нұсқауларды алдын ала үйретіп, онан соң дисплей алдына отырғызу оқытудың қарқындылығын арттырады. Компьютермен жұмыс істегенде программалардың орындалуына сәйкес шығатын мәліметтердің түсініктілігі оқушы әрекетінің қарқындылығын арттырады. Оқу қарқындылығы оқыту мақсатына тәуелді. Бұл кезде есептеу жұмыстары калькулятор көмегімен және программалау тілінде қатар меңгеріледі [3].

Теория мен практиканың байланысы тек принцип қана емес, оқытумен тәрбиелеудің негізгі заңы болып табылады.  Теория мен практиканы ғылымның барлық саласында үйлестіре дамыту аса қажетті іс.

Теорияны практика жүзінде тексеруде, ғылым мен техниканың жетістіктерін практикаға енгізуде меңгерген білімді өмірде қолдануда информатика пәні еңбек сабағынан асып түседі. Себебі, оқушылар ешқандай материалдық шығынсыз мектепке, мұғалімге, сыныпқа, өзіне қажетті пайдалы еңбек етеді. Мысалы, дидактикалық үлестірмелі материалдар дайындау, кітапхана, мектеп құжаттары, оқушылар үлгерімі қорын жасауда теория мен практиканың айырмашылығы аз болуы мүмкін.

Информатика пәнін оқып – үйренуде теорияның ғылыми категорияларымен практикалық байланысына мәні өте үлкен. Жалпы жағдайда теория практика нәтижесін болжайды, ал практика теорияның тексеру құралы қызметін атқарады. Информатика сабағында қандай да бір бағдарламаны компьютерге енгізіп нәтиже алу кезінде теория мен практика тығыз бірлікте болады. Компьютерлік ортада жұмыс істеу тек практикада жүзеге асырылады, өйткені теориялық сабақта оны алдын – ала болжау қиын. Практикадан қолданыс таппаған, өмірмен байланысы жоқ білімді оқушылар нашар меңгереді.

Сонымен, информатиканы оқыту әдістемесі дидактиканың принциптерін нақтылайды және толықтырады. Өзінің негізгі категорияларының жан – жақтылығына сәйкес басқа дербес әдістемелерімен өзара тығыз байланыста болып, осы байланыстар  арқылы мектептегі басқа пәндермен біртұтас даму бағытын ұстанады.

Адам баласының өмірде, тұрмыста тұтынатын заттарын қажеттілік деп түсінуге болады. Қажеттілік барлық уақытта адамның белсенділігін  туғызады және оны іс - әрекетке итермелейтін түрткі болып табылады. Қажеттіліктіің қызығушылыққа байланысты туындалуы да мүмкін.

Қызығушылық – адамның бір затты немесе бір құбылысты білейін, көрейін деп айрықша ықылас қою. Информатика пәнінде оқушылар оқушылар оқуды ынталана бастағанымен уақыт өте келе қызығушылықтары төмендігі байқалады. Мектеп мұғалімдері мұның себебін оқушы қажеттілігімен байланыстырады. Олардың пікірінше, егер қажеттілік болса, онда оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артады. Егер қажеттілік жоқ болса, онда оқушылардың пәнге деген қызығушылығы төмендейді.

Қажеттілік оқушының іс - әрекетіне байланысты емес. Қажеттілік түрлері:

  1. биогендік;
  2. психофизиологиялық;
  3. әлеуметтік;
  4. жеке тұлға болуға ұмтылу немесе жоғары қажеттілік.

Есептеу техникасы кабинетінде техника қауіпсіздігін сақтаумен бірге, жауапкершілігі одан кем емес басқа да қауіпсіздік жұмыстары орындалады. Бұл қауіпсіздік оқушының өзін - өзі және өзінің информациясын сақтауы кезіндегі әрекетінен көрінеді. Мысалы, компьютерде жұмыс істеп отырған оқушы, күнделікті өзіне таныс тұрмыстың ойындық – бейнелік моделін жасайды. Өз информациясын сақтайтын жеке дискетасында немесе сыныптық дискетада бөлінген орын ол үшін «баспана» ролін атқарады. Оқушылар өз файлдарына басқаларға ұқсамайтын, бірегей ат (көбінесе өзінің аты – жөні) беріп, оларды вирустардан қорғауға, кездейсоқ жойылып кетуден сақтауға әрекет жасайды. Бұл мәселе жеке бума құрудан да көрінеді.

Сынып оқушыларын белгілі бір орынға тіркеп қою журналын жүргізу, олардың техниканы күтіп ұстауға деген сезімін оятады. Бұл оқушының жеке файлын жоюдан сақтайтындығы секілді, өз жұмыс орын (ОЖО) қорғаштап, ұқыппен қарауына әсер етеді.

Компьютерлік ойындар «жалған» қауіпсіздікпен бірге жүреді. Себебі, бұл кезде психологиялық тұрақтылықпен бірге, еріктен тыс жауапкершілік болуы мүмкін. Оны өмірдің нағыз тығырықты жағдайында немесе секунндтардың санаулы сәтінде адам баласында қандай мінездің басым болатынын алдын – ала болжап айту қиындығымен салыстыруға болады. Бұл жағдайда компьютерлік ойындар қалыптастырған «стереотиптің» іске қосылуыда ғажап емес.

Биогендік қажеттілік сезімдік көңіл -күйге байланысты туындауы мүмкін. Мысалы, оқушыда кейде ата – анасымен, құрбы – құрдастарымен, т.б. қарым – қатынаста жеткіліксіз болған сезімдік көңіл – күй компьютермен жұмыс істегенде пайда болады. Кейбір оқушылардың компьютерге «байланып» қалуы өз көңіл – күйін көтеру қажеттігінен туады.

Биогендік қажеттіліік іздеу және бағыт алу қажеттілігіне байланысты болады. Іздеу қажеттілігі  қауіпсіз және еркін түрде қоршаған ортаны танып – білуге деген оқушы әрекетінен көрінеді. Мысалы, жас нәрестенің айналадағы заттарды ұстап, көріп, танитынына ұқсас, оқушының да компьютер құрылғыларының, клавиштердің қызметімен еркін отырып танысқаны дұрыс. Сондықтан, мұғалім «бұл клавишті баспа, мұндағы құрылғыға тиме» - деген секілді жөнсіз шектеулер жасамай, алдын – ала маңызды бағдарламалар мен берілгендерді жойып жіберуден қорғап қоюды ескергені жөн.

Оқушыға іздеу белсенділігі кезінде жасалған әрекеттердің әсерін зерттеу, сол арқылы дұрыс бағдар алуын қамтамасыз ету қажеттілігін қанағаттандыруы және ортаны басқару командаларын өздері табуы ұнайды.

Қажеттіліктің мұндай іздеу түрі оқушыға қызықты болып көрінеді. Мысалы, ол жаңа бір текстік редакторға енген соң ешкімнің көмегінсіз өз бетінше іздей отырып, оны басқаруға ұмтылады.

Бағыт алу қажеттілігі  оқушының кейбір бағдарламада жұмыс істеп отырғанында онша модель құруы, есептерді шешуде, сурет салуда, т.с.с. мақсатты жұмстарындарында белгілі бір бағыт алуынан, тосын немесе кездейсоқ жағдайларда жол табуынан көрініс табады. Мысалы, таныс емес бағдарламада жұмыс істеп отырғанда техникалық ақаудың немесе басқа жағдайлардан пайда болса, олар обалжып немесе дағдарып қалмай, тиімді шешімдер қабылдап, мақсатқа жетуге бағыт алуы тиіс.

 

 

 

1.3. Информатика курсын оқытуда көрнекілік принципті компьютерлік технология арқылы жүзеге асыру психологиялық-педагогикалық негіздемесі

 

Көрнекілік адамзат баласымен бірге сол сәттегі зат немесе құбылысты бейнелеуден, яғни ақпаратты беру қажеттілігінен пайда  болған болуы мүмкін. Бұл туралы бізге дейін келіп жеткен тас үрдігірлердегі, жартастардағы суреттер куә. Көрнекілікпен оқыту алғашқы мектептер пайда болғаннан бері басталды. Мектеп тәжірибесінде көрнекілікпен оқыту элементтерін ең алғаш пайдаланған адам есімі тарихта сақталмаған.

Адамдар көрнекілікпен оқытуды жазу пайда болғаннан бұрын бастаған. Ежелгі Египет, Ежелгі Рим, Ежелгі Греция мектептерінде көрнекілікпен оқыту кең қолданысқа ие болған.Ауызша және жазбаша сөздің дамуы, сонымен бірге абстрактылы ойлаудың дамуы, көрнекілікпен оқыту әдісінің таралуының бастамасына негіз болды. Кітапты жазу стилі де өзгерді, ол мағаналы және қол жазба және баспа кітаптарда суреттер пайда болды. Мысалы, Томас Мордың «Утопия» атты кітабында Утопия аралында балаларды суретті кітаппен оқыту жайы баяндалған [4].

Бірақ, бұл кезде көрнекі оқыту деген термин әлі пайда болмаған, сондай-ақ көрнекілікпен оқытудың қатаң теориялық негіздемесі жасалынбаған болатын. Көрнекі құралдарды қолдану интуитивті таза көру түсініктерінен құралды. Көрнекілік принципінің негізін қалаушы, оны негіздеген чех педагогы Ян Амос Коменский (1592-1670) көрнекілікке анықтама берді, оны біз «Дидактиканың алтын ережесі» дейіміз. Дәл осы ереже мектепті дамытудың ең маңызды жолдарының бірі болды, сөйтіп көптеген педагогикалық зерттеулердің баспалдағы болды. Я.А.Коменский адам баласы, әртүрлі сезім мүшелері арқылы  қоршаған орта туралы, көрген білгені жайлы қабылдағаны жөнінде толық, дәл ақпарат алады.

«... көз арқылы көреді, құлақ арқылы естиді, иіс сезу мүшелері арқылы иіс қабылдайды, дәм сезу мүшелері арқылы дәм сезді, сипап сезу мүшелері арқылы сипап сезеді. Мұның барлығы да мида жүзеге асады. Өйткені мида көру, есту, тері, қозғалыс, иіс, дәм т.б. анализаторлардың жүйке орталықтары бар.

Сезім мүшелерінің мимен байланыстығы жайлы Шәкәрім: «Тән сезіп, көзбен көрмек, мұрын-исі, тіл-дәмнен хабар бермек. Чех педагогы Я.А. Коменский оқытуда табиғи заттарды қолдана отырып қабылдау керек деп есептеген, егер де табиғи заттар болмаса, онда оны сурет не бейне көшірмесімен алмастыру қажет деген. Бұл жоғарыда аталған мәселені құбылысты тануға қатысты дей келе педагог Я.А. Коменский адам баласы білімді басқа бір адамның сөзімен емес, тікелей өз көзімен кхөре отырып, тікелей  қабалдаудан алғаны жөн екндігі айтқан.

Я.А. Коменский көрнекілік мәселесін айта келе мұнда көруге басты назар аудару керектігіне тоқталған. Оның көрнекілігі принципін есепке ала отырып жазған «Суреттегі сезімтал заттар әлемі» атты алғашқы кітабы «тілді» оқытуда көп әрі ұзақ қолданылған болатын. Бұдан, Я.А.Коменский көрнекілікті сезімдік таныммен ұштастырғандығын байқаймыз. Барлық білімді алудың негізгі бақылау болып табылады деген болатын.

Г.Песталлоцци (1746-1827) бақылау абстрактілі ойлауды дамытудың алғашқы қадамы дей келе, көрнекілік тереңірек негіздеме жасап, осы мәселері одан әрі қарай зерттеген.         «Мен қазіргі уақытта өткеніме қарап, адамзат болсын оқыту үшін не істедім?  Деген сұрақты өзіме, барлық танымның абсалютті негізгі  принципін берік орнаттым деп жауап беремін?

    Қоршаған ортаның сезім мүшелеріне  әсерін баяндай отырып, Г.Песталоцци былай деп жазды: «Адамның табиғатты тануы, оны сезім мүшелері арқылы қабылдауы адам танымының  негізі болып табылады».

         Швецариялық педагог Г.Песталоцци балалардың ойлау қабілеті мен сөйлеу қабілетін көрнекілік арқылы жүзеге асыруға болады деді.

         Бақылаудың үш негізгі кезеңін атап көрсеткен:

  • баланың алдында әртүрлі заттардан неше зат бар;
  • олардың пішіні қандай;
  • ол заттар қалай аталады.

Г.Песталоцци, көрнекілікпен оқытудың маңыздылығы ойлау мен сөйлеуді дамытады, жекеден бүтінге біртіндеп өтуге мүмкіндік береді, оқытудың мәні осында деген еді. Жалпы білім беретін орта мектеп информатика пәнін оқытуда компьютерлік принципті жүзеге асырудың дидактикалық негізі. Я.А. Коменский ілімін германдық педагогтар И.Ф.Гербарт (1776-1841) және Ф.Дистерверг (1790-1886) одан әрі дамытты. Олар көрнкілікпен оқытудың әдістемесін жасады. Мұғалім сабақта көрнекі материалдарды пайдалануда орындауы тиіс [5]:

         - қандайда бір затты ұзақ уақыт  демонстрациялап көрсетуге болмайды, яғни әрбір пән мұғалімі көрнекі материалды қалай, қанша уақыт пайдалану туралы әбден ойлануы тиіс;

         - қандайда бір затты қайталап пайдалану, көрсету, оқушыны жалықтырады, оның сабаққа деген қызығышулығын төмендетеді, яғни сабақта әртүрлі көрнекіліктерді қолдануы тиіс;

         - мезгілсіз үлестер, басқа заттар апперцептивтік механизмнің еркін ағымына кедергі жасап, бір қатар қабылдауларды дұрыс қабылдауға нұқсан келтірген ғалым А.Гербарт,  яғни  көрнекі материалды қолданғанда қабылдау механизмін оның бүтіндігін, мақстылығын және көрнекі құралдарды қолдану әдістемесін білуі тиіс;

    - «Жақыннан алысқа, жеңілден ауырға» біртіндеп өту керек деп есептейді Ф.Дистерверг, яғни қарапайымнан күрделіге біртіндеп өту, көрнекі оқытуға шығармашылықпен қарау керек, «Дидактиканың алтын ережесіне» формальді түрде қарауға болмайды. И.Гербарт қандайда бір нысанды немесе құбылысты жанама түрде  оқыған кезде, жанама түрде бақылаған кезде оқушыларды бақыланатын затпен таныстыру қажет. Апперцепцияны анықтап көрсету қажет деп есептейді. Бұдан біз, көрнекті оқытуды жүзеге асыруда анықталған түс құруда мақсат еткендігін көреміз. Ф.Фребель (1782-1852) көрнекілікті белсенділік түрінде қарастырады. Көрнекі құралдарды ұстап көру арқылы елестету мен түсінік құралдары. Бұдан белсенділік арқылы, белгілі бір іс-әрекет арқылы көрнекілік қалыптасады. «Бала затты өз қолымен жасап, құрастырады.  Ф. Фребель мектепке дейінгі тәрбие мәселесімен айналысып, белсенділік компонентін бөліп, атап көрсетті. Бұл көрнекілікпен оқытудағы шығармашылық компоненті.

Көрнекілікпен оқыту жайлы, сол заманғы педагогтар қоршаған орта жайлы сезім ағзалары арқылы жанама қабылдауды айтқан болатын. Көрнекілікпен оқытудың анықтамасы, мақсат категориялары мен іс-әрекет тікелей мәселеге ретінде қойылмады.

Ұлы орыс педагогы К.Д.Ушинский (1824-1870) көрнекілік принципі туралы материалистік тұрғыдан негіздеме жасады. Өз кезегінде бұл көрнекілік мәселесінің өзектілігін шешуге үлкен қадам болды. Ол көрнекілікті тек көру сезімімен ғана байланыстыруға болмайды. «Балалар форма, бояу, дыбыс, сипап сезу арқылы ойлайды»-деген болатын. К.Д. Ушинский көрнекі оқытудың анықтамасын баланың жанама түрде қабылдаған, ол мұғалімнің басшылығымен оқыту үрдісінде кезінде немесе баланың өз бетінше бақылау нәтижелеріне тәуелсіз түрде жүзеге асырылатын ілім деген болатын.  Бейнелік сөйлеуді ол көрнекіліктің ерекше әрі маңызды түрі деп есептеді. Оқу үрдісі кезінде мұғалім өзінің әңгімесін тірілте алады. Біріншіден балаларға сол заттың өзін көрнекті етіп көрсетеді. Балалар көрген затқа қарай отырып, оқыған материалдарын еске түсіріп қана қоймай, жанама созерцанияны толықтырады. Екіншіден, сұрақты тірілтіп әртүрлі етеді.  К.Д.Ушинский үшін көрнекілік - дидактикалық принциптің ішіндегі ең маңыздысы, өйткені оқыту әдістері мен тәсілдерінде, оқыту осы көрнекілік принципіне сүйенеді. Константин Дмитриевич көрнекілік ойлауды тәрбиелейді деп оған үлкен маңыз берді. Ол, баланы  логикалық материалға тек көрнекі нақты материал арқылы ғана жаттықтыруға болады деп есептейді. Зат ең адымен баланың санасында көрініс табуы тиіс, ал содан кейін көрініс табуы тиіс, ал содан кейін мұғалімнің жетекшілігімен алған әсері түсінік ой пайда  болады, осыдан келіп сөз өрнекітеледі. Көрнекі оқыту бақылампаздықты дамытады, бұл дегеніміз «ақылдың дамуына» септігін тигізеді. Орыс педагогы К.Д.Ушинский көрнекі оқытудың рөлі мен орнын дұрыс түсінді, ішкі тірек идеясын ұсынды. «Балаға қандай да бір бес таныс емес сөзді үйретіңіз, ол ұзақ уақыт бойы, нәтижесіз тер төгеді, егерде оны дәл осындай 20 сөз бен суретпен байланыстырып үйретсеңіз, онда бала бұл сөздерді бірден-ақ үйреніп алады. Сіз балаға өте қарапайым ойды айтсаңыз ол бәрібір сізді түсінбейді, егер де сіз осы балаға күрделі суретті көрсетіп түсіндірсеңіз, онда ол бала сізді жылдам, тез арада түсінеді». К.Д.Ушинский көрнекі оқытуда іс-әрекеттің элементті де айтқанын кездестіреміз. Ол былай деп  жазады: «Біз өзіміз тікелей сипап сезу арқылы қабылдаған бейнелеріміз дәл сол қалпында, өте ерекше дәлдікпен есімізде қалғандығын байқауға болады, өзіміз көрген суреттер басқа да идеяларда қосып аламыз. Бұдан затпен ішкі іс-әрекет нәтижесінде түсінікті меңгеру жүзеге асады. К.Д.Ушинский 1860 жылы сәуір айындағы Смольный институтында оқу курсын құруда жазған түсініктеме хатында қолданылып жүрген бағдарламасына сын айта отырып, осы пән бойынша өзінің бағдарламасын ұсынды. Оқыту кері ретпен орналасқан деп көрсетті. Алдымен отвлеченный сандар оқытылды, содан кейін аталуы сандар, бөлшек, және соңына қарай өлшеулер туралы көрнекі түсініктер оқытылды. Ал К.Д.Ушинский оқытуды өлшеулердегі көрнекі түсініктен бастау керек өйткені, олар көрнекі, деді.

К.Д.Ушинский нақтылықтан абстрактілікке іс-әрекеттен теориялық жалпылауға өту керектігін айтқан болатын. К.Д.Ушинский көрнекі оқытудың мағынасы терең түсінді, өйткені көрнекі оқыту ақыл-ой қабілетін дамытуға, материалды беруді жеңілдетуге, оқу қызметінде белсенділік пен өз бетінше жұмыс істеуіне, алған білімдерін жүйелеуге, материалды эмоциальді түрде қабылдауға тигізер әсері өте мол. К.Д.Ушинский көрнекілік жөнінде өз позициясында болды. Көрнекілік қасиеті заттар мен құбылыстарды сезімдік қабылдауға  байланысты болмақ. Ол көрнекілік ілімін ойлауды дамыту тұрғысынан қарады. Көрнекілік  принципін немқұрайды қарамады. Көркем материалдармен жұмыс істеудің жаңа әдістерін жасады. Тірі бейнелі сөзді көрнекі құрал деп есептеді. Сөйтіп, көрнекі оқытуға айрықша еңбек сіңірген педагог.

Н.Ф.Бунаков (1837-1904) бастауыш сыныптағы көрнекі оқыту әдістемесін жасады. Ол ана тілін оқып үйренуде көрнекі оқытудың арнайы сабақтарын жүргізді. Бұл көрнекі сабақтарды тек мектеп көлемінде ғана емес, орманға саяхат жасап,  топсеруен ұйымдастырды. Сондай-ақ алаңқалармен қалаларда да жүргізді.  Н.Ф.Бунаков бастауыш мектепке арналған өте қызықты да көрнекі әңгімелер тақырыптарын жасады. Мұнда сабақтастық принципі жүзеге асырылды. Ол шығарма жазуға ерекше мән берді. Шығармаларды өмірден, бақылаудан алып, соның негізінде жаздырды. Кейінрек, Н.Ф.Бунаков көрнекі оқытудың арнайы сабақтарын жүргізуден бас тартты. Сөйтіп, көрнекілік принцип әрбір сабақта жүзеге асырылуы тиіс деген қорытындыға келді. Ол оқушылардың өздері көрнекі құралдарды жасауына ерекше мән берді. Оқушылардың бау-бақшадағы атқарған жұмыстарды әңгіме үшін көрнекі материал жинағы болды. Н.Ф.Бунаков көрнекілікті шындың өмірмен оқыту құралы деп есептеді. «Қызметтік элементерді көрнекілік түсінікпен байланыстырып, оны өмірге қажетті білім құралы болып табылады»,-дедім. П.Ф.Каптерев оқыту адамзат дамуының жаратылыс заңына негізделген болса, онда табиғаттың адамның ақыл-ой, сана-сезімін оятқанынан басталғаны тәрізді бастау алуы тиіс. Бірте-бірте оны абстрактылыққа келтіру керек. Көрнекі оқыту әдістерінің ішінде дұрыс, әрі шынайы оқыту түрі. Жеке тұлғаның дамуына тікелей жауап береді».  П.Ф.Каптерев К.Д.Ушинскийдің көзқарасын жақтай отырып, көрнекі оқыту нақтылықтан абстрактылыққа өтеді деп есептейді. Ол көрнекі оқытудың  оқитын матриалдан элементтерге жіктеліп, бірізділікпен оқытуда сабақтастық құралады, кейінірек күрделі білім жинақталады. Фребель тәрізді Ф.Каптерев оқыту көрнекі деп есептейді, егерде онда қызметтік іс-әрекет болса, яғни көрнекі оқыту дегеніміз, егер оқушы меңгерілетін материалды модель, сурет, аппликация т.б. түрінде жасайды. П.Ф.Каптерев оқытуды мұғалім мен оқушының өзара бірлескен іс-әрекеті, қызметі деп қарастырады. Бір жағынан мұғалім қызметі, іс-әрекеті, екінші жағынан – оқушының ішкі іс-әрекеті, қызметі дей келе көрнекі оқытуға дәл негіздеме жасамайды.

В.П.Вахтеров (1853-1924) көрнекі оқытуды адамның моторлық іс-әрекетінің элементіне байланысты деп есептеген. Сондықтан, ол сурет салуға, ермек сазбен, аппликациямен жұмыс істеуге көп уақытың бөлген. Бұл уақытын алып, оқытуға кері әсерін тигізді. «Көрнекі оқыту» терминінің орнына «заттың оқыту» деген терминді қолдануды ұсынды. Бұл тірекке, барлық ішкі сезімдерге байланысты. «Балалар еш уақытта да тек көрумен қанағаттанбайды, олар затты ұстап көруі тиіс, оның қалай  дыбыс шығаратындығын білуі үшін ұрып, тыңылдатып көреді. Оның ауыр-жеңіл екендігін, яғни салмағын білуі қажет, ол заттың сынатындығын, яки  сынбайтындығын тексеру үшін, оны лақтырып көреді... Сондықтан да «көрнекі оқыту» деген сөздің орнына «заттың оқыту әдісі» дегенді қолданған өте орынды деп есептейді. Демек, жоғарыда аталған жұмыстарда көрнекі оқыту сезім ағзаларына әсер етіп, нақты қабылданған нысан немесе құбылыспен байланысты делінген.  Сол замандығы ғалым-педагогтардың еңбектері, көрнекі оқыту өзектілігін айтып, көрнекі оқытудың мағынасын негіздеә түскен К.Д. Ушинский, мектепте  көрнекі оқытудың әдістемесін жасады, қызметтік іс-әрекетті көрнекілікпен  байланыстырады. Бірақ, олар көрнекілік қасиеті тек нақты заттарға ғана қатысты, ал абстракты түсінікті көрнекі түсінікпен байланыстыруға болмайды деп ойлады. Көрнекілік принципті пайдалану әдістемесі жайлы жазылған жазылған жұмыстар негізінен бастауыш сынаптардағы  ана тілін, әдебиетті оқытуды қамтыды. Көрнекі оқытудың компоненттік құрамы әлі анықталмады.

Қазіргі уақытта психологиялық-педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерде көрнекі оқыту, көрнекілік, көрнекілік түрлері, көрнекілік құралдарының жіктелуі жайлы әртүрлі көптеген зерттеулер бар. «Ғылыми әдебиеттерде және мектеп тәжірибесінде «Көрнекілік» сөзі үш мағынада қолданылады. Біріншіден, қандайда бір объектті (көрнекілік құралы) білдіреді; екіншіден, қандайда бір қасиетті (шындық заттар көрнекілігі, құбылыс, ойлау көрнекілігі); үшіншіден, адамның анықталған қызметін, іс-әрекетін (көрнекі құралдарды қабылдау, оларды пайдалану) білдіреді». Терминнің көп мағаналылығына кездестіреміз. Педагогикалық сөздікте мынадай анықтама беріледі: «көрнекілік-дидактикалық принцип. Оқыту оқушылардың жанама  қабылдаған нақты бейнелеріне құралады». Э.Г.Мингазов көрнекілікті тар мағынадағы дидактикалық категория емес, оның ауқымы өте кең, жалпы гносеологиялық мағынада қолданылады деп атап көрсеткен. Қазіргі кезде көрнекіліктің гносеологиялық позиция тұрғысынан қалыптасқан бірде-бір анықтамасы жоқ. Ол көрнекіліктің: нақты және абстрактілі – екі баспалдағын қарастыру керек деп ұсыныс жасаған. Нақты көрнекілік деп, шындық нысандарды тікелей ұстағаннан пайда болған көрнекілікті айтамыз. Ол құбылыста пайда болуын жалпының жекеден, абстрактілі көрнекілік. Абстрактілі көрнекілік жайлы сөз болғанда, нақтылық, жекелік айтылмайды.

Ол шындық нысанға тиісті емес, логикалық ойлауға тиісті, себебі оның формасы сипаттамасынан көрінеді. Оның басты ерекшіліктері білім мазмұнынан көрініс табады. Абстрактілі және нақты көрнектіліктер әр түрлі гнесологиялық роль атқарады. Абстрактілі көрнекілік материалды тез «қамтуға» мүмкіндік беріп, оның бейнелеуін жеңілдетді. Э.Г.Мингазов көрнекіліктің практикалық формасын тану қажет деп есептейді. «Көрнекіліктің практикалық формасының маңызы - оны  бақылауда, практикалық іс-әрекеттің нәтижесі мен қабылдауында»- дейді Э.Г.Мингазов. шындықты танудың диалектикалық жолын және көрнекілікті айта келіп, ол «Көрнекілік таным деңгейіне, барлық үш баспалдағына тиісті деп қорытындылайды. Сонымен «көрнекілік» терминіне шектеу қойыла бастады. Көрнекілік абстрактілі деңгейінде қарастырылады. Көрнекі оқытуда оның мүмкіндіктерін тек бастауыш сыныпта ғана емес,оны жалпы білім беретін орта мектептің жоғарғы сыныптарында,  информатика, физика, химия және т.б. пәндерін оқытуда қолдануға болады. Бірақ, көрнекі оқытудың оның сипаттамасы берілмеген, оның маңызын анықтайтын компоненттері де жоқ делінген.

Қазіргі заманғы бірқатар психологиялық зерттулерде Н.А.Мечинская, П.Я.Гальперин, Т.В.Кудрявцев, Л.В.Занков көрнекілік практикалық қызметте, іс-әрекетте және абстрактілі деңгейде қарастырылған.

З.И.Калмыков: «Көрнекіліктің жоғары формасы - затпен практикалық іс-әрекет», деп есептеген. Көрнекіліктің практикалық қызметі, оны пікірінше, тек табиғи ғана, және олармен іс-әрекеттік (табиғи, тұрмыстық, өндірістік нысандар) байланыста ған емес, оқушылардың затпен, оларды алмастыратын (сызба, сүлбе, сурет) затпен іс-әрекет жасауында. З.И.Калмыков. көрнекіліктің практикалық формасына осы көрнекі құралдармен жасалған іс-әрекеттер, бақылауға болатын заттар, сондай-ақ көрнекі бейне тудыратын ойлау эксперименттері жатады деп есептелген.

Сонымен, көрнекілікке іс-әрекеттік, қызметтік компонент енеді, яғни көрнекі оқыту түсінігі қызметтік іс-әрекетпен тығыз байланысты, өткені объектімен тікелей практикалық іс-әрекет жасау, не оны алмастыратын затпен жасалған іс-әрекет, сондай-ақ ойлауда енеді.

Ғылымдардың кейбір топтары көрнекілік түсінікті бейнелік түсінікпен байланыстырады. Оқытудағы көрнекілік объективті шындық бейненің сезімдік - көрнекі түрі, жанама қабылдауға айналады, содан білім алуға, тануға деген жетістік нәтижелеріне қол жеткіземіз деп есептейді.

Л.Н. Нуритдинов көрнекілік түсінігін бейне түсінігімен байланыстырып, оның екі түрі бар деп есептейді. Бірінші топқа сезімдік көрнекілік бейнелер енеді, ол шындық нысандар. Екінші топқа рациональды бейнелерді жатқызады. Сезімдік қабылдауға мүмкін емес, обьективті әлеммен байланыстыратын бастрактылы форманы айтады. Бейнелік түсінік пен көрнекілік бөлінбейтін байланыста, сондықтан көрнекіліктің  екі баспалдағын: сезімдік және рациональдықты бөліп көрсетеді.

         «Рациональдық көрнекілік дидактикалық құрал. Теориялық түсінікті сезімдік – нақтылы формаға айналдырады. Осы құрал көмегімен оқушылардың шығармашылық белсенділігі, логикалық ойлауы дамиды. Олардың өз бетінше танымдық дағдыларны қалыптастырады. Сонымен бірге шығармашылық, ғылыми дүниетанымдық көзқарасын, түсінігін қалыптастырады».  Бұдан, оқытудағы көрнекілік жайлы түсінік туралы нақты анықтама берімегендігін көреміз. Оқылатын құбылыс жайында сезімдік бағыт болып көрсетіледі. Л.М.Фридман: Көрнекілік – қоршаған ортадағы обьектілерді танудағы елестету және ойлау, есте сақтау, қабылдауда құрылатын психикалық бейненің ерекше қасиеті. Кез-келген бейне көрнекті емес. Қандайда бір обьектінің көрнекілік бейнесін құру үшін сол обьект жайлы білім керек. Л.М. Фридман психикалық бейне көрнекілік туралы әртүрлі дәрежеде деп айтқан. Адам баласының жеке ерекшеліктеріне, нысан қаншалықты таныс және қаншалықты түсінікті екендігіне байлнысты болжау. Зат немесе құбылыс адам үшін көрнекі бола бастайды, егерде ол сол адам үшін психикалық бейнелер құбылысқа немесе бұл затқа сәйкес болып табылатын көрнекілік. Ал обьектілердің өздері көрнекілік қасиетіне ие емес.көрнекі бейнені құрудағы ішкі шарттары белсенді танымдық қызмет болып табылады, ол нысанның көрнекі бейнесін қалыптастыруға бағытталады. Белсенді емес обьектіні бақылау оның көрнекі бейнесін құруға келтірілмейді. Л.М.Фридман мынадай дейді: Көрнекілік бұл – түсінік пен белсенділік. Көрнекілікті түпкілікті аша отырып, перцептивтік жоспар бойынша мақсатты бағдарланған қызметті негіз етіп алады. Көрнекі оқыту термині қолданылмайды [6].

         В.Г.Болтянский: Соңғы жылдары оқу үрдісіндегі көрнекілік түсінігі мен оның ролі едәуір өзгерді. «Құбылысты табиғи түрде демонстрациялап көрсеткеннен гөрі, оны мұғалімнің тақтаға жазып көрсетуі немесе ауызша әңгімелеп беруі көрнекірек болуы мүмкін». Ол көрнекілік жайлы:  «Изоморфизм плюс қарапайымдылық» деген болатын. Көрнекілік түсінігін модель түсінігімен тығыз байланыстырады. «... Көрнекілік мәселесін талқылау үшін құбылыстың екі моделін алуымыз керек.  Біріншісі-абстрактілі модель, яғни құбылыс теориясы. Оны біз оқушы санасында қалыптастыруымыз қажет. Екіншісі-көмекші оқу моделі («модель-оқулық»). Көрнекілік туралы екінші модельге қолдануға болады. Егерде ол брініші модельге изоморфты болып және қабылдауға қарапайым болса».

         Изоморфизм құрылымның бірегейі ретінде түсіндіріледі. Екі модель изоморфты, егерде осы модельдердің барлық қасиетін, олардағы бар предикаттарда қарастырылатын байланыстарды ескермесек, онда бұл модельдер тіптен бірдей «құрылған» (олардың бір-бірінен айырмашылығы жоқ). Ол адамның жеке және жасөспірімдік деңгейіне, адамның өмірлік іс-тәжірибесіне орай үнемі өзгеріп тұрады. Қарапайым түсінігі сәйкес көрнекілік түсінігі де өзгеріп отырады. В.Г.Болтянскийдің пікірінше көрнекілік түсінігі өзгереді, ол тұрақты емес. Бір адамға берілген модель көрнекі болуы мүмкін, ал басқаларға көрнекі емес, мұның барлығы да қарапайымдылыққа байланысты болады.    Модель көрнекілігі берілген курстағы, берілген кезеңдегі модельді орындауға, соның мақсатына тығыз байланысты деп есептейміз.  Сонымен, В.Г.Болтянский көрнекілік түсінігін  формуламен өрнектеуге әрекет жасады. Оны модель түсінігімен тығыз байлныстырады. Ол оқыту құралдарына нақты сипаттама берді. В.Г.Болтянский «Мектепе қолданылатын оқу құрал – жабдықтары қажетті белсенділікпен қамтамасыз етуі аса маңызды» екендігін атап көрсетті. В.Г.Болтянскийді еңбектерінде көрнекілік, қызмет, іс-әрекет, мақсат, сезімдік компонент нақты байланыс түрінде берілмеген. Информатиканы қалай оқыту көрнекі болып табылады деген мәселеге жауап жазылмаған. В.Е.Евдокимов көрнекілігі сезімдік сәттің максимальді өрнектелуі деп сипаттайды, ал оқытудағы көрнекілік принципін «көрнекілік бейнелердегі жүйелік тірек, ол модельдерді қолдану нәтижесінде пайда болады» деп қарастырған. Сезімдік және көрнекі образдар толығымен беттеспейтіндігін атап көрсеткен.

         Изоморфизм және қарапайымдылық – оқу құрал-жабдықтардың көрнекілігіне келіп бекітіледі. В.Е.Евдокимов көрнекілік бейне түсінігін қызметтік іс-әрекетпен байланыстырған. А.Н.Леонтевтің пікірінше, көрнекілік оқушылардың атқаратын ішкі іс-әрекеттің ішкі тірегі болуы керек делінген.

Сонымен, көрнекілік түсінігі алғашқыға қарағанда едәуір айтарлықтай өзгерді. Қазіргі уақытта ол, нақты деңгейде ғана емес, қызмет, іс-әрекет үрдісінде абстрактілі деңгейде қарастырылады. Көрнекілік түсінігіне бірыңғай түсінік жоқ, оқытудағы көрнекілікке анықтама берілмейді. Оны құрайтын компоненттерге сипаттама берілмеген информатикадағы көрнекі оқыту жеткілікті дәрежеде зерттелмеген. Информатиканы оқыту үрдісіндегі мұғалім іс-әрекеті абстрактілі сипат түрінде. Оқытудағы дидактикалық принциптерін аса жүйелі қолдану қажеттілігі туындауда. Көрнекі оқыту мұғалімге  оқытудың белсенді әдістерін меңгеруге септігін тигізіп, материалды оқып-үйренуде ғылыми принциппен шамаға лайық принципті байланыстырады. Сондай-ақ оқушылардың информатикалық дайындығын ұлғайтып, оқытылып жатқан материалды, түсінікті жан-жақты және толық қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Логикалық ойлаудың жоғары деңгейіне жеткізіледі. Оқушылардың информатикаға қызығушылығын арттырады. Материалды эстетика тұрғыдан қабылдауға жәрдем етіп, оқушылардың жұмысқа шығармашылықпен қарау керектігіне тәрбиелейді.

Көрнекі оқыту әдістерін тиімді пайдаланудың негізгі мәселесі практикада белсенді әдістерді табу және қолдану болып табылады. Сонымен бірге оқу танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру.  Қойылған мәселені шешу үшін  оқылатын нысанның негізгі сипаттарын анықтау және информатиканы оқытудағы көрнекілік анықтамасын беру. Оқу қызметі үрдісіндегі көрнекі құралдарды пайдалану жолдарын көрсету. Осындай ғылыми негізделген жұмыс көрнекі құралдарды тиімді пайдалану әдістемесін және оқытуды ұйымдастыру әдістерін жасауға әкеледі. Зерттеулерімізде оқылатын нысанның бүтіндігін өрнектейтін ғылыми құралдарды табу үшін жүйелік тұрғыдан қарастырдық. Көрнекі оқытудағы әртүрлі әдістер ішінен нысан -жүйе құрайтын, оның қасиеттері мен белгілерін зерттеп бөліп көрсету керек. Ғылыми әдебиеттерде оны жүзеге асырудың, жүйеге келтірудің жолдары бар. Екі негізгі жолды қарастырайық:

  • талдау кезеңдерінің мақсатын анықтау жүйесін іздеу;
  • жүйелік сапа және интеграциялау жүйелерін іздеу.

Бірінші жолдың мағынасы мынада. Ортадан жүйені бөліп алуды мақсат атқарады.  

Жүйелік принципін іске асыру келесі бағыттарда жүргізіледі:

  • жүйе құрайтын фактор ретінде мақсатын анықтау, объективті реальды шындықтың элементтер жиынтығын анықтауға келтіретін жүйе;
  • жүйе компоненттері арасындағы өзара байланыс құрылымын орнату;
  • оның динамикадағы ерекше құрылымын анықтау;
  • оның генезистегі, қалпына келудегі жүйе зерттеуін қарастыру.

Екінші жолы біріншісінің жалғасы және толықтамасы болып табылады.

Компоненттерді оқи отырып, бірыңғай бүтін алып келеді. Олардың  сапасы анықталып, жүйе сапасы ретінде қарастырылады. Компоненттердің өзара іс - әрекері механизмін ашу және оны бөліп көрсету аса маңызды. Сөйтіп, элементтерді интеграциялап бір жүйеге келтіру керек.

Жүйелік зерттеудің негізгі мәселесі әртүрлі бейнелік байланыстар орнату және оқып үйрену деп есептейміз. Компоненттік құрамдағы қарастырылатын объектіге тиісті. Жүйелік зерттеуде оқытудың жүйесіне анализ және синтез жасаймыз. Ең алдымен, танымды қарастырып отырған зерттеу нәтижелері талданады. Зерттелетін нысан бірнеше ғылымдарға бөлініп, оның әрқайсысы оны біржақты өз көзқарасымен зерттейді.

Жүйелік зерттеулерде алынған біржақты түсініктер синтезделеді. Дидактикалық заңдылықтарды зерттей отырып, жүйелік зерттеуді жүзеге асырудың бір жолы модельдеу болып табылады. Модель дидактикалық жүйенің негізгі, басты мәселелерін көрсетуі тиіс. Сөйтіп, информатикалық тұрғыдан сипатталады. Одан басқа, құрылым элементін анықтайтын әрбірінің ролін есепке алып ескерген жөн. Сондай-ақ оның функциясын да. Жүйелік зерттеуден келіп, көрнекі оқытуды зерттей отырып, осы үрдістің құрылымын анықтаймыз. Ол танымдық қызметтің, іс-әрекеттің моделін құрады. Бұл құрылымды оқып-үйрену оқу үрдісінің спецификалық білімін білмей мүмкін емес. Педагогикадағы және әдістемедегі бар әдістерді қолданып, көрнекі оқыту түрлерін және көрнекі құралдарды қолдану әдістемесінің ерекшеліктерін анықтадық. Көрнекі оқытудың құрылымын оқып-үйренгеннен соң көрнекі оқыту жағдайында танымдық қызметті ұйымдастыру жүйесін модельдеу керек. Көрнекі оқытудың компоненттік құрамы. Көрнекі оқытудың анықтамасы.   Көрнекілік проблемасын тарихи тұрғыдан қарастыра отырып, көрнекілік түсінікті алғашқыда сол заттың немесе құбылыстың көру қабылдауына қатысты екендігін білдік. Кейініректе, ол сезімдік қабылдаудың (есту, көру, сипап сезу, иіс арқылы, дәм арқылы сезу) түсінігі ретінде қарастырылды. Содан кейін, көрнекілікті зерттеуде бақылау және тәжірибе, практикалық іс-әрекет қосылды делінді. Көрнекілік деп,  нақты зат бейнесін түсінген.

         Жүйелік зерттеулерде көнекілікпен оқытуды анықтау үшін жүйенің компоненттік құрамын орнату. Берілген үрдістегі әртүрлі ғылыми зерттеулер мен жинақталған тәжірибелерді ескерген дұрыс.

         Көрнекі оқытуда мақсатты орнатудың ролі ерекше маңызды. Бұл компоненттерді біз, Ф.Фребель, И.Гербарт, К.Д.Ушинский және оның шәкірттерінің еңбектерінен көреміз. Қандай да бір нәрсеге үйрету алдында, объектіден тірек сапаларын бліп алуымыз керек. Сөйтіп, нені оқытамыз, яғни мақсатты қойып, мақсатты орнатуымыз қажет. Бір мақсатты орнатуда оқыту үрдісі көрнекі болуы мүмкін, ал басқада бұл үрдіс тіптен көрнекі болмайды. Мақсатты қою әдістері әртүрлі бейнелік. Көрнекі оқыту – перцептивтік жоспарда қызмет, іс-әрекеттің анықталған түрі. Я.А.Коменский, Г.Песталоцции оқыту негізі адам баласының нысан мен құбылыстарда сезімдік қабылдауы деп есептеген болатын. Бұл идея Ф.Фребель (көрнекі оқытудың бір жағы – көрнекі құралдар негізінде түсініктермен ұғымдарды түрлендіру), К.Д.Ушинскии (жанама нақты бейне, нақты материалда оқыту керек, жай сөзбен оқытудың қажеті жоқ) еңбектерінен көрініс тапқан. Олардың шәкірттері мен және қазіргі психологиялық – педагогикалық әдебиеттерде де құнды мәліметтер берілген. Е.Н.Кабанов–Меллер ассоциацияның сенсорлығын бөліп көрсеткен. Ол бірінші рет оқу материалын қабылдау үрдісі кезінде. Көрнекі оқыту бірінші ассоциация кезінде пайда болады. Екінші ассоциация еске сақтау материалы кезінде пайда болады. Сондай-ақ бұдан басқа аралық ассоциация да бар. Адам баласының түсінігімен ішкі қабылдаған арасындағы байланыста жүзеге асады. Бұл концепция ассоциативті – рефлекторлы деген атқа ие болған. Оның өкілдері Е.Н.Кабанов – Меллер, Н.А.Менчинский, Д.Н.Боглоявленский болып есептеледі.

         Сезімдік компонент көрнекі оқытудың қажетті шарты болып табылады. Обьектіні белсенді емес қабылдаған адамнан көп бөлшектер естен шығады. Белсенді ойлау қызметі, іс-әрекеті кезінде қабылдау үрдісін едәуір айтарлықтай дәрежеде байытады. Ойлау қызметі мен түсінікті (П.Я.Гальперин, А.Н.Леонтьев, Н.Ф.Тальзин) кезеңдік қалыптастыруда меңгеру үрдісі сыртқы (практикалық) немесе ішкі (ақылдылық) іс-әрекет болып табылады. Қызмет іс-әрекет меңгерілетін аденватты білімге қатаң болуы тиіс. Ақылдылық қызмет меңгеру сыртқы практикалық қызмет, іс-әрекетке сәйкес интериоризация үрдісінде жүргізіледі.

  1. кезең – қызмет (заттық қызмет)негізінде бағытталған орнату – мақсатты орнату;
  2. кезең – материалдық заттық қызмет (шындық заттармен жұмыс) немесе материалдық қызмет (модельмен жұмыс);
  3. кезең – сыртқы сөздік қызметті қалыптастыру (жоғары дыбыстық қызмет);
  4. кезең – сөзді өз ішінен орындау қызметі;
  5. кезең – ішкі ақыл-ой қызметі (қызмет қысқартылған, автоматтандырылған, жабық қызметке айналады). 

     Жаңа материалды меңгеру үшін жоғарыда көрсетілген бес қызмет түрлерінің барлығын орындау керек. Оқыту үрдісі оқушының қызметін іс-әрекетінсіз жүзеге асуы мүмкін емес. Біз Л.Р.Леонтьев және оның шәкірттерінің көзқарасын зерделей отырып, мұғалімнің сыртқы қызметі мен оқушылардың ішкі қызметі мазмұнды, материалды анықтауда және түсінікті қалыптастыруда көрнекі оқыту құрылымының ажырамас, бөлінбес элементі. Оқушының танымдық қызметін өндіру негізінде өнімді ойлау дамыды. Көрнекілік принципі К.Д.Ушинский түсінігінше баяндалды, бұл жеткілікті де болды. Оқытудың басты мақсаты болып, мұғалімнің сабақты толық түсіндіруімен шектелді. Оқушылар оқылатын материалды берік, жетік, әрі егжей-тегжейлі меңгеріп, оны есте сақтауы үшін, мұғалім материалды көрнекі түрде түсіндіруге тырысты. Оқылатын материалды жарқын, әрі тірі етіп көрсетті. Мұғалім оқушының сезіміне (сезім мүшелеріне) толығымен әсер етіп, нақты сезімдік модельдерді демонстрациялап көрсетті. Оқушылардан тек қана мұғалімнен көргенін естігенін қайталап айтып беру, берілген бейне немесе алгоритм ізімен жүру талап етілді. Оқушылардың ынта ықыласы олардың өзіндік танымдық қызметі есептелінбеді, мадақталмады және негізінен дамымады.

Мектеп алдына бұдан да күрделі мәселелерді қоя отырып, ақпарат көлемінің ұлғаюына орай, адамға қажет білім көлемінің артуына байланысты оқыту үрдісі мен оқушыға қоятын талаптар да өзгерді. Жалпы білім беретін орта мектеп информатика бағдарламасында (1-11сыныптар) былай делінген: мектептің негізгі міндеттерінің бірі оқушыларға терең әрі берік білім беру. Алған білімдерін қызмет саласында күнделікті тұрмыста саналы және рационалды түрде қолдана білуі тиіс.  Ескі дәстүр бойынша білім беріп, білім алып оны жай ғана есте сақтап айтып беру бүгінгі күнгі талапты қанағаттандырылмайды, жеткіліксіздік танытады. Жаңа білімді алу үшін оқушылардың өздері белсенділік танытып, қазіргі ғылыми техникалық ақпараттың қаржы тап дамуы кезінде оқушылар өз бетінше білім ала отырып, өз білімдерін өздері толықтыруы тиіс. Л.С.Выготский оқыту баланың кешегі емес, ертеңгі дамуына бағытталуы керек. Мұғалім оқушыларға танымның жалпы әдістерін меңгеруді үйретуі қажет. Сондай-ақ оқу қызмтінің жалпы әдіс-тәсілдерін үйретуі керек.       

 

 

2. ИНФОРМАТИКА КУРСЫН ОҚЫТУДА  КӨРНЕКІЛІК ПРИНЦИПТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ

2.1.   Информатика сабағында көрнекілікті жүзеге асырудағы - ақпарат ұғымы

 

“Ақпарат” сөзі латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарды білдіретін informatio сөзінен шыққан. Қазіргі кезде ақпарат күнделікті тұрмысқа, ғылымның әр түрлі: философия, экономика, физика, математика, информатика т.б. салаларына кеңінен енді. Бірақ әрбір ғылымның ақпарат туралы өз ұғымы мен түсінігі бар. Ақпарат деген сөзді біз қалай түсінеміз? Оны қолдану мысалдарын қарастырайық. Ақпаратты біз ауызша немесе жазбаша түрде,тіпті қимыл-қозғалыс түрінде бере аламыз.

       Бізді дүние жүзіндегі күнделікті жаңалықтармен таныстыратын газеттерді, радио мен теледидарды «бұқаралық ақпарат құралдары» деп атаймыз. Диктор теледидар арқылы  «Оқиға болып жатқан жерден қосымша хабар келіп түсті» деп хабарлайды. Біз бір-бірімізден: «кеше біздің футбол командамыз жөнінде жаңалық естідің бе?» немесе «бүгін соңғы хабарды естідің бе?»деп сұраймыз. Бұл мысалдарда «ақпарат» деген сөз белгілі бір хабардың, жаңалықтардың, өткен оқиғалардын мазмұнын білдіреді.

         Тірі организмнің құрылысын зерттеу де бізге көп ақпарат береді. Мысалы,баласы ата-анасына неге ұқсайды,тірі жәніктер мен микроорганизмдердің түрі неге көп? Бұл сұрақтарға генетика ғылымы жауап береді,ол тұқым қуалаушылық болатынын, әрбір тірі организмнің:ол адам, жануар, өсімдік, тіпті микроорганизм болсын, негізгі белгілері ұрпақтан ұрпаққа ДНК молекулаларында кодталған генетикалық ақпарат арқылы берілетінін дәлелдеді. Физиктер және астрономдар шексіз алыс әлемді,жұлдыздар жүйесін зерттеу барысында олардан Жерге жетіп жатқан электрмагниттік сигналдар арқылы олардың құрылысы,шығу тегі жөнінде көп мағлұматтар алады.

         ХІХ-ХХ ғасырларда телеграфтың, радионың пайда болуы ақпараттары кез келген қашықтыққа жарық сәулесінің таралу жылдамдығымен жеткізуге, ал теледидардың шығуы үйде отырып-ақ, дүние жүзінде не болып жатқанын көріп-біліп отыруға мүмкүндік берді.

          Ақпарат алмасу, яғни оны алу немесе беру тек қарым қатынас нәтижесінде ғана емес, адам миы бұрынғы қабылдаған мәліметтерді, хабарларды, білімін өңдеу процесінде де тууы мүмкін. 

Сонымен ақпарат тірі табиғатта да, өлі табиғатта да болады, ол әрқашан сөзбен ғана жеткізілмейді, яғни ақпарат алудың сан алуан түрі бар деп айта аламыз. Ақпарат қарым-қатынас жасау, өз бетімен ойлану, зерттеу т.б.әрекеттер нәтижесінде пайда болады.

           Ақпаратқа үзілді-кесілді анықтама бере аламыз. Оны қоршаған дүние туралы және онда жүріп жатқан процестер туралы хабарлар мен мағлұматтар деп түсінуге болады.

           Ақпарат –белгілі бір нәрсе (адам,жануар, зат, құбылыс т.б.) туралы таңбалар мен сигналдар түрінде ұсынылатын мәліметтер тобы.

Адам ақпаратпен не істейді?  Бріншіден, адам ақпаратты сақтай алады. Біз кітап, газет-журналдар оқығанда ақпаратты есте сақтап, жинаймыз.

Екіншіден, адам ақпаратты жеткізе алады. Ақпарат жеткізу мысалдарын біз барлық жерде кездестіреміз: бір-бірімізбен сөйлескенде, сабақта, теледидардан хабар көргенде, кітап оқығанда т.б. Үшіншіден, адам ақпаратты өңдей алады. Ақпаратты өңдеу деп - ақпарат алуды, оның мазмұнын өзгертпей, ұсыну түрін өзгертуді, алынған ақпаратты бір ретке келтіруді және жаңа ақпарат іздестіріп толықтыруды айтады.

        Сонымен  адам ақпаратты сақтай алады, өңдейді және (шығарып бере) жеткізе алады. Бұл жағдайда адам қандайда бір әрекеттер жасайды, олар ақпараттық процесс дейді. Ақпараттық процестер оның өзі жасай алады немесе әр түрлі құралдар мен құрылғыларды пайдалана отырып ұйымдастыра алады. Оларға қағаз, магниттік таспа, дискі, калькулятор, компьютер т.б. жатады.

 

Ақпараттың құрылымы

 

 

 

Ақпараттың қандай түрлерін білесің?

  1. Ғылыми (ғылым саласында жұмыс атқаратын адамдардың ортасы)
  2. Эстетикалық (өнер туындыларымен танысу барысында алатын ақпарат)
  3. Қоғамдық – саяси
  4. Ғылыми- көпшілік
  5. Мәдениет саласы

Адам ақпаратты қалай қабылдай алады?

Адам ақпаратты үздіксіз қабылдап отырады. Адамға ауа, су, жылу қандай қажет болса, қоршаған орта туралы ақпаратта сондай қажет.

           Айталық, адам дыбыс, жарық жоқ бітеу кеңістіктің ішінде қамалып қалды делік. Адам өзін-өзі жағдайсыз сезіне бастайды. Оның рухани күйі (психикасы) өзгереді. Бірнеше күннен кейін сезінуден айырылып, ол ең қарапайым әрекеттерді істей алмайтын халге жетіп, қозғала алмай қалады. Өйткені адамға кез-келген тірі организм сияқты әрқашан қоршаған болмыс, уақыт пен кеңістік туралы ақпарат қажет.

           Адам сезім мүшелері арқылы көреді, естиді, сезінеді, иісті, дәмді сезеді, яғни ақпарат қабылдайды.

           Адамның ең басты сезім мүшесі-көру мен есту. Ол кітаптан теледидар мен радиодан алатын ақпаратты тек осы мүшелерімен қабылдайды. Сырттан қабылдайтын ақпараттың  90% сол мүшелер арқылы қабылданады.

            Бірақ басқа мүшелерінің рөлін жоққа шығаруға болмайды. Мысалы, шәй ішкенде, оның тәтті немесе тәтті емес екенін сеземіз, затқа тек қол тигізе салып, біз оның температурасының қандай екенін, қатты немесе жұмсақ екенін анықтай аламыз [7].

            Адам қабылдайтын ақпаратты таңбалы және бейнелі деп, екіге бөлуге болады.

             Бейнелі ақпарат деп – табиғат көріністерін, кескіндерді, дәм, иіс, сезу мүшелері арқылы алынатын ақпараттарды айтады.

             Таңбалы ақпаратқа адамның сөйлеу, жазу түрінде алатын ақпараттары жатады.

              Жазба мәтін әр түрлі: а,в, ”.”, ”-“…таңбаларынан тұрады. Ауызекі тіл де таңбалардан тұрады, бірақ олар дыбыстық таңбалар- фонемдер. Фонемдерден сөздер, сөздерден сөйлемдер құрақұрастырылады. Сөз бен жазу бір-біріне парапар  (бірдей). Сөйлеу дыбыстары-әріптермен, әріптер тіркестерімен, үзіліспен (пауза), дауыс ырғағы (интонация( тыныс белгүілерімен көрсетіледі.

         Адамдардың қарым-қатынасы, яғни адамнан адамға ақпарат жеткізу, сөйлеу немесе хат арқылы жүргізіледі, басқаша айтқанда, дыбыс немесе таңба түрінде беріледі.

         Таңба түрінде қатынасуды-қатынас тілі дейді. Қатынас тілдері табиғи және жасанды болып бөлінеді.

         Табиғи қатынас тіліне қазақ, орыс, ағылшын т.б. ьтілдер жатады. Олдрдың ауызекі және жазу түрлері болады.

         Жасанды немесе формалды тілдерде математика, физика, музыка, компьютермен қатынасу тілдер жатады.

         Әр тілдің өз алфавиті, яғни символдар жиыны бар, бұл осы тілдің таңбалары. Мысалы, қазақ тілінде алфавит 42 символдан, орыс тілінде алфавит 33 символдардан, ағылшын тілінде 26 символдан, ал телеграф хабарының Морзе тілі екі-ақ символдан “.” , “-“ тұрады.

         Сандарды көрсететін алфавиттер де көп. Мысалы, екілік, сегіздік, ондық және он алтылық. Алфавит атауында берілген жүйедегі символдар саны көрсетіледі. Жүйенің негізі қанша болса, ол жүйеге сонша синвол енеді. Мысалы, екілік жүйеде сандар тек-0 және 1 символдарымен көрсетіледі.

Ақпаратты қабылдау. Адамның сезім мүшелері арқылы қабылдаған ақпараттың түрлерін органолептикалық ақпарат деп атайды.

  1. Көзбен көру арқылы ақпаратты қабылдау. Оны визуальды ақпарат деп атаймыз.
  2. Есту мүшелері ақпаратты дыбыс түрінде. Оны аудиальды ақпарат деп атаймыз.
  3. Иіс сезу мүшелері арқылы ақпаратты қабылдау
  4. Дәм сезу мүшелері арқылы қабылдау, яғни адамдарға тағамдардың дәмі туралы мәлімет береді.
  5. Ағзаның нерв жүйесі қабылдаған ақпараттар. Оны тактильді ақпарат деп атайды.

Информатика сабағын оқыту барысында оқушылардың ақпаратты көру және есту арқылы қабылдайтыны белгілі. Ақпаратты қалай қабылдайтыны әр оқушының жас ерекшелігіне және зейініне байланысты екені бәрімізге белгілі.

 

 

2.2. 8-сынып информатика курсында «Paint-графикалық редакторы» тақырыбын оқытуда көрнекілік принципті жүзеге асыру әдістемесі

 

15-сабақ

1. Н.Ермеков.  8-сынып информатика оқулығы (Алматы,  «Атамұра», 2005) бойынша  «Paint-графикалық редакторы» тақырыбын оқытуда көрнекілік принципті жүзеге асыру әдістемесін қарастырамыз:

 

Сабақтың тақырыбы: «Paint-графикалық редакторы»

Сабақтың мақсаты: Paint - графикалық редакторымен таныстыру

Сабақтың әдісі: Компьютерлік оқыту

Сабақтың түрі: Аралас

Сабақтың барысы:

-Ұйымдастыру  бөлімі.

-Үй тапсырмасын тексеру.

-Жаңа сабақ.

Экранда:    

     График тұрғызу және графиктік кескіндерді редакциялауда компьютер қолайлы және күшті құрал болып табылады. Бұлар басатын құжаттарды көркемдеуде, хаттар және т.б. даярлауда қажет. Ең қарапайым ғана: графиктік редактор сурет салуға, оларды әр түрлі түсте бояуға, сызықтарды әр түрлі түсте және әр түрлі жуандықта сызуға, суретке мәтін енгізуге және басқа да әрекеттер атқаруға мүмкіндік береді. Аса күрделі графиктік редакторлар арнайы эффектілерді (құбылыстарды): көлемділігін, көлеңкелігін, суреттің бір бөлігін үлкейтуді, түстерді өңдеуді және жөңдеуді, бір кескіннен екіншісіне жаймен әрі жұмсақ ауысуды және т.б. амалдарды орындауға мүмкіндік береді. Күрделі графиктік редакторларында стандартты графиктер, суреттер және т.б. даяр кітапхана түрінде сақталады, оларды тіпті сурет салудан хабары жоқ адамдар да пайдалана алады.

Редакторларға әр түрлі форматтағы кескіндермен жұмыс істеу мүмкіндігін береді.

Paint программасын пайдаланып, әр түрлі заттардың кескіндерін салуға, оларды түзетуге болады. Бұл программаның көмегімен қарапайым суреттен бастап, күрделі графиктік шығармалар жасауға болады.

Paint программасында өздігімізбен сурет салуға, Windows басқа қосымшаларын алмастыру буферіне көшірілген дайын суреттерді қоюға, сонымен қатар сканердің көмегімен алынған күрделі кескіндерді қоюға болады.

Paint графиктік редакторында жұмыс атқару. Paint программасын іске қосу.

Paint программасын жіберу (іске қосу) үшін төмендегілерді орындау қажет:  Пуск-Программы-Стандартные- Paint

Команда орындалғаннан кейін, экранға Paint графиктік редактордың терезесі шығады (1-сурет).

1-сурет. Paint графиктік редакторының терезесі.

Көріп тұрсыздар, терезе Windows жүйесінің стандартты түріне ұқсайды, бірақ та мұнда салынатын кескіннің түсін таңдап қана қоймай, оның фондық (көріністік) түсін де таңдауға болатын түстер палитрасы енгізілген. Терезенің үлкен бөлігін бос кеңістік – сурет салу алаңы алады. Оның сол жағында құралдар тобы, ал төменгі жағында түстер палитрасы көрсетілген.

Палитра көмегімен екі түрлі түс таңдауға болады. Олар: көріністі бояйтын негізгі түс және фон (экран) түсін өзгертетін қосымша түс. Программа іске қосылған кезде үнсіз келісім бойынша көріністің түсі қара, ал фонның түсі ақ болып орнатылады.

Палитраның сол жағы айқасқан екі тік төртбұрыш орналасқан. Жоғарғысы сызу түсін көрсетеді. Онда таңдалынған түсте маустың сол жақ батырмасын шерту арқылы реттеледі. Төменгі тіктөртбұрыш фон түсін өзгертуге арналған. Төменгі тіктөртбұрышта таңдалынатын түсте маустың оң батырмасын шерту арқылы келтірілген фондық түс бейнеленеді.

 

Сурет салу кезеңдері

Сурет салу мынадай кезеңдерден тұрады:

  1. Ең алдымен, құрал таңдап алу керек

Paint редакторында 16 құралды пайдалануыңызға болады. Олардың міндеттерін білу үшін, маус арқылы олардың міндеттері жазылған кішкене төртбұрыш пайда болады.

 Ерікті аймақты бөліп алу құралы, бұл дұрыс емес нысындағы сурет     фрагменттін таңдап алуға мүмкіндік береді.

 Бұл құрал бөліп алу құралы. Су реттің тік төтбұрышты фрагментін таңдауға  қызмет етеді.

  Ластик/цветной, бұл суреттің белгілі бөлігін өшіруге арналған.

       * Құю құралы. Тқйық контурлың ішін көрініс түсімен немесе түсімен бояуға арналған.

          Түс таңдау құралы, бұл көрініс немесе фон түсін суреттің кез келген нүктесін түсін өзгертеді.

          Масштаб құралы суреттің жеке бөлігін өзгертуге арналған.

           Кез келген сызықты әр түрлі жуандықта сызуға арналған.

          Ерікті сызықты сызуға арналған кисть. Кистінің қажетті түрін таңдап алуға болады.

 Пульвезатор-бүріккіш.

 Сурет ішіне мәтін жазу.

 Түзу сызық салу.

 Қисық сызықтар салу.

 Тік төртбұрытар салу.

 Кез келген түрдегі тұйық көпбұрыш салу.

 Шеңбер және эллипс салу.

 

 Төбелері иілген тіктөртбұрыш және квадрат салу.

  1. Сызықтың қалыңдығын, кисть түрін нмсе тіктөртбұрыштардің типін бекіту

  Оларды құралдар тобының төменгі жағындағы арнайы орынға орнатуға болады. Сызықтардың жалпақтығын бірден бастап, бес нүктеге дейінгі жалпақтықта сызуға болады және кистінің, тіктөртбұрыштың бірнеше түрлерін пайдалануға болады.

  1. Кескіннің түрін таңдау керек

Түсті таңдау үшін, палитрада сурет салғымыз келетін қажетті түстің тіктөртбұрышына маус көрсеткішін орналастырып, сол жақ батырмасын шертіңіз

  1. Фонның түсін таңдау.

Фонның түсін таңдау үшін, палитрадағы қажетті түсті шертеміз. Бұл саты фонды пайдаланып құралдармен жұмыс атқарған кезде қажет

  1. Ал енді сурет салыңыз.

Сызуға қажетті  құрал-жабдықты таңдап алу үшін мына амалдарды орындау керек:

  1. Нақ осы бір сәтте сурет салатын құралда маусты көрсеткішін шертеді.
  2. Палитрадағы қажетті түстің тіктөртбұрышына маус көрсеткішін орналастырып, сол жақ батырмасын шертеді.
  3. Маус меңзерін сурет сызатын орынға рпналастырады.
  4. Маус батырмасын басып тұрып, көрсеткішті қажет бағытқа жылжытады.
  5. Сызып болған соң маус батырмасын босатады.

Paint графиктік редакторының құралдары

Түзу сызық сызу

Түзу сызық сызу айрықша еңбекті талап етпейді. Ол үшін төмендегі амалдарды орындайды:

 

- Линия (сызық)  батырмасын шертеді.

- Құралдар тақтасының жақтауынан сызықтың жалпақтығын таңдайды.

- Маус батырмасын сызық басталатын орынға қояды.

- Маус батырмасын басып тұрып, сызық бітетін орынға көрсеткішті жылжытады.

- Маустың батырмасын босатады.

Тік төртбұрыш және квадрат салу.

Тік төртбұрыш құралы арқылы іші боялған және боялмаған тіктөртбұрыштар салуға болады (2-сурет). Ол үшін:

  1.  Прямоугольник  батырмасын шертеді
  2. Қажетті тіктөртбұрыштың түрін таңдайды: 1 – ден жақтау (рамка), 2 – ден және толтырылған, 3 – тек толтырылған. Жақтау палитраның бірінші тіктөртбұрышында сол жақ батырмамен таңдалған кескін түсімен сызылады. «Жақтау және толтырылған» түрі таңдалса онда кескін таңдалған  түспен сызылады да, ішіш оң батырма арқылы таңдалынып алынған фон тісімен толтырылады. Ал «тек толтырылған» таңдалса, онда кескін түсімен боялған төртбұрыш шығады.
  3. Маусты төртбұрыш сызылатын орынға орналастылады.
  4. Маустың сол жақ батырмасын басып тұрып, қажеттегі өлшемдегі төртбұрыш шыққанша жылжытады.
  5. Маус батырмасын босатады.

2-сурет. Төртбұрыштар сызу.

 

Иілген тіктөртбұрыш сызу

Иілген тіктөртбұрыш құралы арқылы бұрыштара иілген, іштері боялған және боялмаған тіктөртбұрыштар сызуға болады (3-сурет).

Ол үшін:     Скругленный прямоугольник  батырмасын шертеді.

  1. Қажетті иілген төртбұрыштың түрін таңдайды: 1 – ден жақтау (рамка), 2 – ден және толтырылған, 3 – тек толтырылған. Жақтау ды таңдағанда, палитрадан сол жақ батырмамен таңдалған кескін түсімен сызылады. «Жақтау және толтырылған» түрі таңдалса онда кескін таңдалған  түспен сызылады да, ішін оң батырма арқылы таңдалынып алынған фон тісімен толтырылады. Ал «тек толтырылған» таңдалса, онда кескін түсімен боялған  иілген төртбұрыш шығады.
  2. Маусты төртбұрыш сызылатын орынға орналастылады
  3. Маустың сол жақ батырмасын басып тұрып, қажеттегі өлшемдегі төртбұрыш шыққанша жылжытады.
  4. Маус батырмасын босатады.

3-сурет. Иілген төртбұрыштар сызу.

 

Эллипс және дөңгелек сызу

Эллипс құралы арқылы іші боялған және іші боялмаған эллипс және дөңгелектер сызуға болады.

Ол үшін:

  1. Эллипс төртбұрышын таңдап маустың  батырмасын шертеді.
  2. Қажетті эллипстің түрін таңдайды: 1 – ден жақтау (рамка), 2 – ден және толтырылған, 3 – тек толтырылған. Жақтау ды таңдағанда, палитрадан сол жақ батырмамен таңдалған эллипс немесе дөңгелек сызылады. «Жақтау және толтырылған» түрі таңдалса онда кескін таңдалған  түспен сызылады да, ішін оң батырма арқылы таңдалынып алынған фон тісімен толтырылады. Ал «тек толтырылған» таңдалса, онда кескін түсімен боялған  иілген эллипс шығады.
  3. Маусты төртбұрыш сызылатын орынға орналастылады
  4. Маустың сол жақ батырмасын басып тұрып, қажеттегі өлшемдегі эллипс шыққанша жылжытады.
  5. Маус батырмасын босатады.

 

Қисық сызықтар сызу

Қисық сызықтар сызу үшін (5-сурет).

  1. Кривая  батырмасын шертеді.
  2. Құралдар тобының төменгі жағындағы сызықтар тобынан қажетті жуындықтағы сызықты таңдайды.

 

4-сурет. Дөңгелектер және эллипстер сызу.

 

  1. Маус көрсеткішін сурет салынатын орынға апарып, оның сол жақ батырмасын басып тұрып, қисық сызықтың соңына дейін жылжытады да, батырманы босатады. Бұдан соң сызу алаңында түзу сызық пайда болады.
  2. Маустың көрсеткішін түзудің майыстырылатын орнына апарып, сол жақ батырманы басып тұрып түзу сызық иілуге тиіс бағытта жылжытады. Осы орындалғаннан кейін бір иілімі бар сызық шығады.
  3. Егер екінші иілім қажет болса, онда 4-қадамды қайталайды.

 

5-сурет. Қисық сызықтар сызу.

 

Егер иілме көңілдегідей болмаса, онда екінші иілме бітпей тұрып, оны өшіруге болмайды, ол үшін маустың екі батырмасын қоса шертеді.

 

Көпбұрыштар салу

Көпбұрыштар сызу үшін (6-сурет) келесі амалды орындайды:

  1. Многоугольник   батырмасын шертеуден басыңыз.
  2. Құралдар тобының төменгі жағындағы сызықтар тобынан қажетті жуындықтағы сызықты таңдайды.
  3. Маус көрсеткішін бірінші қабырға басталатын орынға апарады. Одан кейін маустың сол жақ батырмасын басып тұрып, 1-қабырғаның соңына дейін жылжытады.
  4. Маустың сол жақ батырмасын басып тұрып, екінші қабырғаның соңына (ұшына) дейін жылжытады.
  5. Қашан тіктөртбұрыш толық сызылғанша, 4-қадамды қайталайды.

6-сурет. Көпбұрыштар сызу.

 

Құю (заливка) құралын пайдалану

 Құрал тобында құю құүралы бар, оның көмегімен тұйық аймақты бояуға болады (7-сурет). Егер контур тұйық болмаса, онда барлық экран боялады. Тұйық контуды (облысты) бояу үшін:

  1. Заливка батырмасын шертеді;
  2. Түсті таңдау үшін маус батырмасын түстер палитрасына орналастырып, шертеді;
  3. Маус батырмасын тұйық контурдың ішіне апарып, батырманы шертеді.

7-сурет. Құю құралын пайдалану.

 

Бүріккіш құралын пайдалану

Бүріккіш құралы бояуды бүркуге арналған. Ол үшін:

  1. Распылитель  батырмасында маусты шертеді.
  2. Палитрадан қажетті түсті таңдап, маустың сол жақ батырмасын шертеді.
  3. Құралдар тобының төменгі жағында орналасқан бүрку дағының өлшемін, түрін таңдайды.
  4. Маус арқылы бүркілетін орынды анықтап, маустың сол жақ батырмасын шертеді. Маусты қаншалықты баяу жылжытып, батырманы басып тұрса, бояу соншалық қою бүркеледі.

8-сурет. Бүрку құралын пайдалану.

 

Кисть арқылы сурет салу

Көп жағдайларда сызылған заттың әр түрлі бөліктерін бояуға тура келеді, бірақ оларды қою құралымен бояуға болмайды, себебі, ол үшін контур тұйық болуы керек, ал қарындашпен бояу қолайсыз. Міне, осындай жағдайларда кисть (бояғыш) құралы көмекке келеді.

  1. Кисть  батырмасында маусты шертеді.
  2.  Құралдар тобының төменгі жағында орналасқан кисттің өлшемін, түрін таңдайды.
  3.  Палитрадан қажетті түсті таңдап, маустың сол жақ батырмасын шертеді.
  4.  Маус көрсеткішін бояу басталатын орынға апарады.
  5.  Маус арқылы бүркілетін орынды анықтап, маустың сол жақ батырмасын шертеді. Маусты қаншалықты баяу жылжытып, батырманы басып тұрса, кәдімгі кистпен бояп жатқандай болады.
  6.  Маус батырмасын босатады.

Кисть арқылы бояу.

 

Өшіргіш құралын пайдалану

Егер де  сызылған сурет немесе сызық сізге ұнамаса, онда осы сызықты Ластик (өшіргіш) құралының көмегімен өшіруге болады. Ол оқушылардың өшіргішінің міндетін атқарады (10-сурет).

  1. Өшіргішті (ластик)  құралында маус батырмасын шертуден бастаңыз.
  2. Құралдар тобының төменгі жағында пайда болған өшіргіштің 4 түрінің бірін таңдайды.
  3.  Маус батырмасын өшірілетін сызыққы орналастырып, маустың сол жақ батырмасынбасып тұрып, сурет өшкенше жоғары, төмен, оңға және солға жылжытыңыз.
  4.  Маус батырмасын босатады.

Өшіргішті пайдалану.

 

Редактордың командалары.

Орындатпау командалары

Егер бір әрекет сізге ұнамаса, ренжімеңіз. Соңғы үш әрекетті орындамай қоюыңызға болады, ол үшін орындатпау (Отменить) команасын пайдаланады. Егер Правка-Отменить командасы орындалса, онда соңғы әрекетті орындатпайды.

Ал оның алдында орындалған әректті орындатпау үшін Отменить командасын және бір рет орындау керек. Осы тәрізді үшінші әрекетті де орындатпай қоюға да болады.

Қайтала командасы

Егер сіз бір әректті дұрыс орындатпай қойсаңыз немесе алдыңғы әрекетті қайталау қажет болса, онда оны Правка-Повторить командасы арқылы қайталауға болады . Оны үш рет орындатуға болады.

Төменде ұсынылған тапсырмаларды орындаңдар (11-сурет).

Өзің орында!

Эллипс, сызық (кесінді), қарындаш, бүріккіш құралын пайдаланып, қардан адам салыңдар. Шыршаны сызғанда, сызық құралын пайдаланыңыздар.

1. Құю құралын пайдаланып, шыршаның өзегін қоңыр түспен, бұтақтарын жасыл түспен бояңдар.

  2. Шелекті қызыл түспен бояңдар.

  3. Бүріккішті пайдаланып, қар адамның түймелерін салыңыз.

Практикалық жұмысқа тапсырма суреттер.

 

Суретті қалай сақтайды

Салған суреттерді, графиктерді кейін қажет кезінде пайдаланып отыру үшін, файл түрінде дискіге сақтап қойған жөн. Оларды файлға сақтап қою үшін ат беру керек, ал аттың кеңейтілуін Paint редакторы .bmp түрінде автоматты түрде өзі тағайындайды.

Paint программасында салынған суреттерді бірінші рет сақтап қою үшін, Файл Сохранить как командасын орындайды. Бұл кезде экранда Сохранить как диалогтық терезесі шығады (12-сурет), имя файлы алаңында файлға ат беріп, Сохранить батырмасын шертеді. Қайталап сақтағанда, Файл Сохранить командасын орындайды. Суретті сол атпен көрсетілген файлда сақтайды.

 Сохранить как командасының терезесі.

 

Өзің орында!

Өз беттеріңізбен төмендегі тапсырмаларды орындаңыздар (13-сурет).

  1. Төртбұрыш, сызық, эллипс құралдарын пайдаланып көрсетілген үйді салыңдар.
  2. Құю құралын пайдаланып, көрсетілген бөлікті қара түспен бояңдар.
  3. Горизонт сызыңыз (яғни экранды бөліңіз).
  4. Суреттің жоғарғы бөлігі – аспанды көк түспен, ал төменгі бөлігі – шөпті жвсыл түспен бояңыз.
  5. Жоғарғы сол жақтағы бұрышқа күн суретін салыңдар.
  6. Бүріккіш көмегімен ақ түсте бұлт салыңыз

 

Салынған суреттеріңізді оқытушыға көрсетіңіз!

  1. Пернетақтадан файлға «Үй» атын беріп сақтаңыз, ол үшін Файл-Сохранить как командасын пайдаланыңыз.

 

Мәтіні бар суреттерді салу

Айталық, үйдін астына сөз жазу керек болды делік, оны былай орындауға болады.

  1. Надпись  құралын таңдайды.
  2. Маус арқылы мәтін жазылатын төртбұрышты жақтау салыңыз. Бұл жағдайда жақтау ішіне кірістіру меңзері пайда болады.
  3. Пернетақтадан мәтінді енгізіңіз.
  4. Егер әріптердің түсін, өлшемін, түрін өзгерткіңіз келсе, құрал тақтасынан Шрифты (14-сурет) құралы қажет болады.
  5. Мәтін жазып болғаннан кейін, құрал тақтасында кез келген батырмада немесе мәтін жазылған жақтаудың сыртында маус батырмасын шертіңіз.

Қаріп тақтасы.

Егер бұл тақта экранда болмаса, онда Вид-Панель атрибутов текста командасын орындаңыз. Бұл тақтадан Полужирный, Подчеркнутый, Курсив батырмасында немесе олардың біріктірулерінде шертіңіз.

Суретке сөз жазу.

 

Суретті қалай ашады

Дискіде сақталып тұрған суреттерді ашу үшін Файл-Открыть командасын орындайды. Экранда диалогтық терезе ашылады, онда қажетті файлдарды атына маус көрсеткішін орналастырып, сол жақ батырманы екі рет шертеді (16-сурет).

Файл менюінің төменгі жағында сіз соңғы жұмыс атқарған төрт құжаттың тізімі жазылады. Осы суреттің кез келгенің ашу үшін, оның атын таңдаса жеткілікті.

Ашу командасының терезесі.

 

Paint редакторында салынған суреттерді сақтамай тұрып, жаңа құжат құру үшін, Файл-Создать командасын орындайды. Бұл жағдайда экранда құжатты сақтау жөніндегі сұраныс шығады (17-сурет), бұған Нет жауабын таңдап, батырманы шерту керек.

Құжатты сақтау жөніндегі сұраныс терезесі.

 

 Үзінділерге амалдар қолдану

Көп жағдайларда салынған суреттердің немесе оның белгілі бөліктерінің өлшемін өзгертуге, қисайтуға, горизанталь немесе тік бағытта айналдыруға және т.б. өзгерістер енгізуге тура келеді. Ол үшін суреттің бөлігін бөліп алу қажет, суреттің бөлінген бөлігін үзінді деп атайды.

Үзіндіні мына құралдармен бөліп алуға болады:

  1. Бөліп алу батырмасы  (Кнопка Выделение) арқылы тіктөртбұрышты үзіндіні таңдау керек.
  2. Кез келген аймақты бөліп алу  (Кнопка Выделение произвольной области).

Бұл батырма арқылы кез келген күрделі аймақты бөліп алуға болады.

Жоғарыдағы екі батырманың бірі арқылы обьектіні бөліп алғаннан кейін, олармен ттөмендегі амалдарды орындауға болады:

  1. Алмасу буферін қиып алуға
  2. Алмасу буферіне көшіруге
  3. Ағаымдағы суретті басқа орынға жылжытуға
  4. Қарастырып отырған сурет аумағында көшіруге
  5. Сурет бойынша «көбейтуге
  6. Түрі мен өлшемін өзгертуге
  7. Масштабын өзгертуге және майыстыруға
  8. Айналдыруға немесе кері аударуға
  9. Түсін өзгертуге
  10. Өшіруге

 

Үзіндіні жылжыту көшіру

Үзіндіні жылжыту немесе көшіру үшін, алдымен оны бөліп алу қажет. Одан соң буферінің көмегімен Правка менюінің Вырезать немесе Копировать командаларының бірін пайдаланады. Егер Paint программасының Вырезать командасын пайдаланса, онда үзінді суреттен өшеді де, алмасу буферіне орналасады. Ал егер Копировать командасын пайдаланса, онда сурет өзгермейді және алмасу буферіне оның көшірмесі орналасады [8].

Сурет үзіндісін көшіру үшін:

  1. Суреттің үзіндісін бөліп алу үшін Выделение  батырмасын таңдап, маус көрсеткішін бөлінетін суреттің сол жақ жоғарғы бұрышына орналастырады. Одан соң суреттің қажетті бөлігі пунктирлі жақтау ішіне орналасқанша, маустың сол жақ батырмасын басып тұрып, диоганаль бойымен жылжытады. Батырманы босатады.
  2. Правка-Копировать командасын орындайды.
  3. Правка-Вставить командасын орындайды. Бұдан соң үзінді терезенің сол жақ жоғарғы жағына орналасады.
  4. Үзіндіні маус арқылы іліп алып, қажетті орынға қояды.

 

Суреттің үзіндісін жылжыту үшін:

  1. Суреттің үзіндісін бөліп алу үшін Выделение батырмасын таңдап, маус көрсеткішін бөлінетін суреттің сол жақ жоғарғы бұрышына орналастырады. Одан соң суреттің қажетті бөлігі пунктирлі жақтау ішіне орналасқанша, маустың сол жақ батырмасын басып тұрып, диоганаль бойымен жылжытады. Батырманы босатады.
  2. Правка-Вырезать командасын орындайды. Бұл кезде бөлініп алынған сурет өшеді.
  3. Правка-Вставить командасын орындайды. Бұдан соң үзінді терезенің сол жақ жоғарғы жағына орналасады.
  4. Үзіндіні маус арқылы іліп алып, қажетті орынға қояды немесе өз орнында қалдырады.

 

Үзіндіні көбейту

Үзіндіні көбейту дегеніміз – маус арқылы көшірмесінің басылу ретін көрсету. Үзіндіні көбейту үшін, оны бөліп алып, «барлығы басталатын» орынға орналастыру керек, одан соң маус арқылы іліп алып Shift батырмасын басып тұрып, қажетті орынға жылжыту қажет. Алынатын көшірме саны маустың жылдамдығына тәуелді.

Үзіндіні өшіру

Үзіндіні бірнеше әдіспен өіруге болады:

1. Алдымен үзіндіні бөліп алу қажет, одан соң Правка-Очистить выделение командасын орындау қажет.

Көрсетілген мысалда оң жақтағы күн Выделение произвольной формы батырмасының көмегі арқылы бөлінген.

2.Алдымен үзіндіні бөліп алып, одан соң Правка-Вырезать командасын орындау керек, бұл кезде үзінді алмасыу буферіне орналасады.

3. Егер Рисунок-Очистить командасын орындаса, онда экраннан тек үзінді ғана емес, барлық сурет өшеді.

Үзіндіні бейнелеуге немесе бұру

Отразить/Повернуть командасының көмегі арқылы бөлініп алынған үзіндіні вертикаль немесе горизонталь өстер бойынша 90, 180, 270 градусқа бұруға болады.

Кейбір амалдарды арыстан суретін пайдаланып орындалық.

  1. Арыстан суретін үзінді түрінде бөліп алыңыз.
  2. Рисунок-отразить/повернуть командасын орындаңыз.
  3. Диалогтік терезе пайда болады.

Отразить/повернуть диалогтік терезесі.

  1. Отразить слева направо опциядан маусты шертіп, ОК батырмасын басыңыз. Ол кезде арыстан горизанталь өсі бойынша артқа бұрылады.
  2. Отразить сверху вниз опциядан маусты шертіп, ОК батырмасын басыңыз. Ол кезде арыстан суреті аударылып түседі.
  3. Повернуть на угол опциядан маусты шертіп, 900 таңдап, ОК батырмасын басыңыз. Ол кезде арыстан  суреті 900-қа бұрылады.

 

Растянуть/наклонить командасының диалогтік терезісі.

Үзіндіні қисайту және созу

Разтянуть/наклонить командасының көмегі арқылы бөлініп алынған үзіндіні созуға және вертикаль немесе горизонталь өстер бойынша қисайтуға болады.

Кейбір амалдарды арыстан суретін пайдаланып орындалық.

1. Арыстан суретін үзінді түрінде бөліп алыңыз. Рисунок- Растянуть/наклонить командасын орындаңыз.

3. Диалогтік терезе пайда болады.

4. Бұл терезеден қажетті әрекеттер по горизантали немесе по вертикали өрістерінің біреуін таңдап, пернетақтадан қажетті градус өлшемін енгізіп, ОК батырмасын басыңыз. Арыстанның суреті горизанталь өсі бойынша 300-қа бұрылған.

Paint редакторының қосымша мүмкіндіктерін пайдаланып, төмендегі практикалық жұмыстарды орындаңдар. Ол үшін 13 суретті пайдаланып, оның түрлерін өзгертіңдер.

Өзің орында!

  1. Выделение пройзвольной области құралының көмегімен күннің суретін бөліп алыңыз.
  2. Правка Ю Копировать командасын пайдаланып, оны буферге жазыңыз.
  3. Правка Ю Вставить командасын пайдаланып, оны орналастырыңыз.
  4. Жаңа пайда болған күннің суретін оң жақ бұрышқа апарыңыз Рисунок Ю Отразить/повернуть командасын орындап, пайда болған терезеден слева направо (солдан оңға) таңдап, суретті бұрыңыз.
  5. Выделение құралын пайдаланып, гүлдін суретін бөліп алыңыз.
  6. Правка Ю Копировать командасын пайдаланып, оны буферге жазыңыз.
  7. Правка Ю Вставить командасын пайдаланып, гүлді орналастырыңыз.
  8. Сол жақтағы жоғарғы бұрышта пайда болған гүлдің суретін маус арқылы іліп алып, қалаған орынға апарып қойыңыз.
  9. Тағы да 4 гүл орналастырыңыз.

 

Салған суреттеріңізді оқытушыға көрсетіңіз.

  1. Правка Ю Очистить выделение командасын орындап, сол жақ жоғарға бұрыштағы  бөлініп алынған күннің суретін өшіріңіз.
  2. Суретті «Үй-2» атпен асқтаңыз.

Суретті қарап шығу тәртібі (режимі)

Көп жағдайларда сызылған суретке қосымша ұсақ бөлктер қолайсыз болады. Бұл жағдайларда сурет толық және жақсы көріну үшін, суреттің масштабын үлкейтеді  немесе кішірейтеді.

Үлкейтілген масштабтағы сурет.

Суреттің масштабын өзгеру үшін, Вид-Масштаб командасын орындайды. Бұл кезде пайда болған бағынышты менюден: Крупный, Выбрать командаларының бірін таңдайды немесе Масштаб батырмасын шертеді.

Алғашқы (кәдімгі) масштабқа көшу үшін, Вид-Масштаб-Обычный командасын орындайды.

Салынған суретті түсқағаз ретінде пайдалану

  1. Суреттеріңізді салыңыз.
  2. Оны сақтап қоыңыз.
  3. Файл-Запаолнить рабочий стол Windows немесе В центр рабочего стола командасын орындаңыз.

Суретті қағазға басып шығару

Суретті қағазға басу үшін, Файл –Печать командасын орыңдаңыз. Бұл кезде баспа диалогтік терезесі шығады. Печатать бөлімінде принтерге қандай парақтар шығатындығын көрсетіп, Число копий алаңында қажетті дана санын енгізіп болған соң, ОК батырмасын шертеді.

 

Баспа диалогтік терезесі.

Құжат қалай басылатынын қарап шығу үшін, Файл-Предварительный просмотр командасын орындаңыз. Егер құжат дұрыс деп таңдасаңыз, осы терезеде Печать батырмасын шертіңіз. Олай болмаған жағдайда, Закрыть батырмасын шертіңіз және Paint программасының бас менюіне көшіп, мәтінді редакциялаңыз.

Өткен материалды пысықтау мақсатында төмендегі жұмысты орындауды ұсынамыз. Суретті өте ұқыпты қарап шығып, амалдар тізбегі мен қолданылатын командаларды орындаңыз.

Өзің орында!

  1. Төмендегілерді салыңдар:

А) экран жартысына теңіз (толқын) салыңыз;

Ә) кеме салыңыз;

Б) суда жүзіп жүрген балықтар салыңыз;

В) аспандағы шағаларды салыңыз;

Г) кеменің сол жағына күннің суретін салыңыз;

Ғ) кеменің сол жағына пальмалы арал салыңыз.

2. Суретті бояныз.

3. Мұғалімді шақырыңыз.

4. Күннің суретін өшіріңіз.

5. Күннің орнына айдың суретін салыңыз.

6. Суда жүзіп жүрген балықты өзгертпей, шағала тұмсығына апарыңыз.

7. Жұлдыздар салыңыз.

8. Кеменің сол жағына орналасқан арлды оның оң жағына жылжытыңыз.

9. Кемені басқа жаққа қаратыңыз (бұрыңыз).

10. Біріншісімен бірдей 3 шағаланың көшірмесін салыңыз.

11. Шағаланың екеуін оңға, ал екеуін солға бұрыңыз.

12. Мұғалімді шақырыңыз.

 

 

 

8-кесте. Файлдың соңы.

-Жаңа сабақты бекіту.

-Оқушылардың білімдерін бағалау.

-Үйге тапсырма беру.

Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар [9]

 

Қорытынды

Қорыта айтқанда, 8-сынып информатика курсында «Paint-графикалық редакторы» тақырыбын оқытуда көрнекілік принципті жүзеге асыру үшін

компьютер экраны көмегімен оқушыларға арнайы нұсқаулар беру арқылы немесе іс - әрекеттер үлгісін көрсету арқылы оқушының білім іздеу белсенділігінің  арта түскендігін аңғарамыз.

Сондықтан 8-сынып информатика курсында «Paint-графикалық редакторы» тақырыбын оқытуда көрнекілік принципті жүзеге асыруда оқушылардың ақпаратты қабылдауын анықтау мақсатында көрініс пен қайта жаңғырту әдістері арқылы жұмыстар жүргіздім. Мұнда барлығы - 133 баламен жұмыс жүргізілді. Ол мынадай нәтиже берді [10]:

                      

 

Бала    саны        класы

Көру

Есту

Бастауыш кл (1-4)

22

2 а

68%

32%

23

4 в

57%

43%

Орта буын

 (5-9)

24

6 в

51%

49%

21

9 ә

57%

43%

Жоғарғы  кл (10-11)

20

10 б

77%

23%

23

11 а

75%

25%

Жалпы

133

63,3%

36,7%

 

Жүргізілген жұмыстың нәтижесі  бойынша:

Көріп қабылдағаны: - 63,3%

Есту арқылы қабылдағаны – 36,7% 

Демек, компьютер көмегімен оқушылар компьютерде орындалған іс - әрекеттерін мұғалімге көрнекі түрде көрсетуі және сөзбен  түсіндіруі мүмкін. Бірте – бірте бұл іс - әрекеттерді тез орындай алатын деңгейге жетеді. Сонымен, 8-сынып информатика курсында «Paint-графикалық редакторы» тақырыбын оқытуда көрнекілік принципті жүзеге асыруда оқушылар компьютерде компьютер көмегімен қандай да бір жұмыс нәтижесін көрсетеді [11]. Қалай болғанымен де алынған нәтиже оқушыға өз іс - әрекетін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. 8-сынып информатика курсында «Paint-графикалық редакторы» тақырыбын оқытуда көрнекілік принципті жүзеге асыру - оқушылардың ой - өрісін, логикалық ойлау қабілетін, шығармашылық әрекетін дамытуға негізделген.

 

Пайдаланылған әдебиеттер

1. А.Бочкин. Методика преподавания информатики. Минск"
Вышэйшая школа"   1998. - 430 стр.

2. К.Халықова К. Информатиканы оқыту әдістемесі. Алматы. Білім, 2000.

3. Ә.Бүркіт. Компьютерлік технология негіздері. Шымкент, 1998.

4.Ә.Бүркіт. Информатиканы оқытудың теориялық негіздері мен әдістемесі. Шымкент, 1998.

5. Н.Ермеков. Информатика 8-сынып. Алматы: Жазушы, 2001, 187 бет.

6. Н.Ермеков, Ж.Қараев, В.Криворучко, В. Кафтункина
Информатика 9-сыньш, Алматы: Жазушы, 2001, 183 бет.

7. А.Ершов. Компьютеризация школы и математическое
образование. Основные направления работ по программе
"Информатизация образования", ИнфО.   1992. N 5,6.

8. Н.Сафронова. Теория и методика обучения информатики. Москва, 2008.

9. А.Карпова. Осуществление принципа наглядности. Ярославль, 2007.

10. А.Қоянбаев. Педагогика, Астана, 2006.

11. Г.Жақыпбекова. Информатиканы оқытудың жалпы әдістемесі. Шымкент , 2005.

 

 

Қосымша

     Жалпы білім беретін орта мектептің информатика пәнін оқытуда компьютерлік технология арқылы көрнекілік принципті жүзеге асырудағы түр-түстің атқаратын ролі зор. Көптеген елдердің ғалымдары талай жылдардан бері бірлесе еңбек етіп келеді. Осы орайда түр-түс тану ғылымына  көп еңбек есімдері белгілі Ньютон Ломоносов, Вернер, Риджвей, Саккардо, Мэтьюс, Хеллок, Рунге, Уорхерст, Обертюр Люнте, Оствальд, Гете, Менсель, Мерц, Поол, Рихтер, Гессельгрин, Мищенко, Чернов, Бухарцев, Рабкин сияқты ғалымдардың есімін атап өту керек.

 Көзбен көруге болатын  сан түрлі түстерді бір жүйеге келтіру жолында алғашқы қадамды  Ньютон жасады. Ньютон жарық сәулесінің призмадан өткен кезде жеті түске бөлінетінін: қызыл, қызыл сары, жасыл, көк, күлгін көкжәне күлгін деп анықтады.

 Таңдалған алғашқы модельге сай киімдегі мата суретінің көрерменге әсерін ескеру қажет. Мата суретінің мінездемесі болашақ бұйымның конструкциясын анықтауға әсер етеді.

  Киімді көркем констукциялауда мата түсі үлкен роль атқарады. Белгілі бір түстер арқылы адамның жеке ерекшеліктерін айқындауға немесе оны керісінше жоғалтуға әсер етеді. Барлық түстер мынадай түстік қатарға жіктеледі:

1. Хроматикалық түстер қатары - спектор   түстері: қызыл, қызыл сары, жасыл, сары, көк, көгілдір, сия көк және олардың арасындағы түстер.   

2. Ахроматикалық түстер, яғни түссіз түстер: ақ, сұр, қара түстер жатады.     

Хроматикалық түстен ахроматикалық түстерге дейінгі қатар, қызылодан аққа, қызылдан сұр түске, қызылдан қара түске дейінгі қатар т.с.с. түстердің ашықтылығы мен айқындылығын білдіреді.

Түстердің өзара үйлесімділігін гормония деп атаймыз.

  Ахроматикалық түстер бір -  бірінен тек бір белгісі бойынша – ашықтығы ( ашық-сұрғылт немесе қара-сұрғылт) бойынша ерекшеленеді. Хроматикалық түс, ашықтығы жағынын ерекшеленумен қатар, тағы да екі негізгі белгілермен  - түстік өңмен және қанықтылықпен сипатталады.  Түстік өң – бұл  «қызыл», «сары» және т.б. сөздермен анықталатын нәрсе және мұның өзі бір түсті екіншісінен ерекшеленіп тұрады. Бірақ қызыл таза қызыл немесе ахроматикалық, мысалы, сұрғылт қоспасы бар болуы мүмкін. Соның өзінде ол бәрі бір қызыл болып қалады -  сұрғылт қоспа оның түстік өңін өзгертпейді. Егер осындай ашықтықтағы сұрғылт түсті алсақ, онда жаңа (араластырылған) қызылдың ашықтығы да өзгермейді. Дегенмен мұндай кезде түс басқаша болады: онда оның үшінші белгісі- қанықтылығы өзгереді. Ахроматикалықтың қоспасынан хроматикалық түстің қанықтылығы азаяды. Мұндай қоспада ахроматикалық түс неғұрлым аз болған сайын, оның қанықтылығы да арта түседі.

  Жалпы алғанда барлық хроматикалық түс үш параметрмен – ашықтылықпен, түстік өңмен және қанықтылықпен сипатталады.

Хроматикалық түстерді жылы және суық түстер деп шартты түрге бөледі. Жылы түске спектордың сары-қызыл бөлігі, ал суық түске көк- көгілдір бөлігі жатады. Бұл топтар өзінің жылы және суық түстер деген атауын бірі күн мен от түсімен ойша байланыстырылу, Екіншісі -  аспанның су мен тұздың түсімен ойша байланыстырылу арқылы алынған. Күлгін және жасыл түстер аралық жағдайға ие болады және алуан түрлі нақты жағдайларда, үйлесімді байланысты бірде, жылы бірде суық түске жатқызуы мүмкін. Егер көршілес түстер біртіндеп өзгере отырып, бірнен екіншісіне ауысатын спекторлық бөлісуді алып, сақинаша исек, онда бұл сақина бірікпейді, себебі шеткі түстердің қызыл және күлгін түстердің – арасында өтпелі қызыл-күлгін (қара-қошқыл) түстер жетіспейді.  Егер оларды қоссақ шеңбер бірігеді. Мұндай түстік шеңбер бізге түстер жөнінде көп нәрсені түсінуге көмектеседі.

  Хроматикалық түстік шеңбердегі екі және үш түстері негізгі мүмкін болатын гормониялық үлесімділігін қарастырайық.

  Қызыл, сары және көк – негізгі түстер, оларды араластыру арқылы қалған барлық түстер мен реңдерді алуға болады. Қызыл-сары және жасыл, көкшіл- қосымша түстер, оларды араластыру арқылы тек ақ немесе сұр түстер алынады.

  Варианттарын көрнекті түрде көрсететін тәсілдердің бірі «түс- түс». Түстердің кез келген екеуін араластыру үшіншіге қосымша түс береді: сары және жасыл түс (қызылға қосымша), көк пен қызыл күлгін, қызыл мен сары – қызғылт сары (көкке қосымша) түс береді.

  Негізгі түстердің синтезі арқылы пайда болатын реңдерді неше түрлі араласу денесін құру. Онда денелелерді Род, Оствальд, Максвелл, Рабкин, т.б. ғалымдар өз жүйелерінде түсіндіруге негіз ретінде жасаған. Сол сияқты суретте көрсетілген тең бүйірлі үш бұрыштың төменгі екі бұрышына ақ пен қара түстерді орналастырып, оларды А және Қ әріпімен белгілейік. Ал жоғарғы бұрышына негізгі жеті, не он түстің біреуін қойып мақсатқа лайықты ауыстырып отырамыз. Сонда қызыл түсті - ҚЗ әріпімен, қызғылт-сарыны – ҚС, сарыны – С , сарғылт жасылды – СЖ , жасылды - СЖ, көкшіл жасылды- КЖ, көгілдір жасылды- КЖ2 , көгілдірді - К1,   көкті -К2 ,  күлгінді –К3, әріптерімен белгілей отырып бірнеше формула алуға болады:

1. Қызыл + ақ, қызыл + қара (ҚЗ +А, ҚЗ + Қ) ;

2. Қызғылт сары + ақ, қызғылт сары +қара (ҚС +А, ҚС + Қ) ;

3. Сары+ ақ, сары + қара (С +А, С + Қ);

4. Сарғылт жасыл + ақ, сарғылт жасыл + қара (СЖ +А, СЖ + Қ);

5. Жасыл + ақ, жасыл + қара (Ж +А, Ж + Қ);

6. Жасыл көк + ақ, жасыл көк + қара (ЖК +А, ЖК + Қ);

7. Көгілдір жасыл+ ақ, көгілдір жасыл + қара  (КЖ2 +А, КЖ2 + Қ);

8. Көгілдір + ақ, көгілдір + қара (К1 +А, К1 + Қ);

9. Көк + ақ, көк + қара (К2 +А, К2 + Қ);

10. Күлгін + ақ, күлгін + қара (К3 +А, К3 + Қ);

11. Ақ+қара (А + Қ);

  Ал енді осы үш бұрыштың жоғарғы бұрышына қызыл түсті қойып, ақ түс бағытында ақ пен қызылды араластыра өзгертсек, тағы да бірнеше қосымша түс алған болар едік. Ол түстің бір шетінде қызыл түс тұрады да, екінші шетінде ақ түс тұрады. Қызыл түстің ағара бастауынан, мәселен ал қызыл, қызғылтым, қызғылдау, ақшыл қызыл, және ақыры аяғында ақ пайда болса, қызылдың қара түс бағытында өзгеріп; қарая бастауынан, мәселен, қызғылт қоңыр, қоңырқай қызыл,қоңыр қызыл, күрең қызыл, сондан кейін қара түстің өзі шығады. Дәл осы тәсілмен жоғарғы бұрыштағы негізгі түсті ауыстырып отырсақ, формуладағы барлық қос түстердің аралығындағы түс варианттарын алуға болады.

       Дәл осы сияқты төменгі бұрыштардағы (А + Қ) ақ пен қара түстердің аралығында : ақ, аппақ, ақшаң, ақшыл, ақшылдау, ақ боз, бозғыл, бозғылттау, бозғылт сұр, сұр, сұрша, сұрғылт, қарасұр, қарақоңыр, қара түстер спекторы орналасады.

         Санымен қатар А + Қ спектрінде өз ретінде А + ҚЗ, ҚЗ + Қ, А + ҚС, ҚС + Қ , сондай – ақ  А + ҚС, ҚС + Қ, А + С, С + Қ, т.б.с.с. аралық варианттары пайда болады. Тіліміздегі түр-түс атауларының жасалуы, сайып келгенде, міне, осы варианттарды  (яғни түс реңдерінің )  мүмкіндігінше дәл де нақтылы анықтыу тенденциясына байланысты.

                    Табиғаттың сұлу көрінісі мен қоршаған ортадағы заттардың түстерін адам көзі арқылы байқайды. Түссіз заттар адам көзіне көрінбейді, ал белгілі бір туске ие болған заттарды, нәрселерді көре алады. Ерте заманнан бастап бүгінгі күнге дейін түс адам өмірімен тығыз байланыста болып адамға психологиялық, эмоциялық және рухани жақтармен әсер етуде.

            Адамдар ерте заманнан бастап түстік символға үлкен назар аударып отыр. Мысалға, ақ түс қайырымдылық, айығу мен адалдықты, тазалықты, қара күшті жеңетін: қызыл түс өмір энергия, күш символы болып саналды. Тұрмыстық қажетті бұйымдар дайындауда оның бетін түрлі түске бояу арқылы адамды аурудан айықтыратын, күш қуат беретін және бақыт, ырыс әкелетін түс деп сенім білдірген.

            Қазіргі уақытта суретшілер түс арқылы адамның көңілін көтеріп немесе төмен түсіріп, затты қабылдауда белгілі реттілікпен назар аударуға бағыттайтын қасиеттерін басшылыққа алуда . Сондықтан да түс костюм композициялауда  үлкен орынға ие.

             Түсті қабылдаудың психологиялық ерекшеліктері бар. Түс көрерменнің белсенді Эмоциялықреакциясын тудыратын  басты ұйымдастырушы кеңістік болып саналады. Тарихқа жүгінетін болсақ  түстің адам психологиясына әсері жөніндегің көптеген мысалдар бар. Оның бірі физика зертханасының бастығы өндіріс орнында қабырғаларды қара «түске»бояу нәтижесінде жұмысшылардың басым көпшілігі жүйке аурумен ауырғандығы анықталады. Сол сияқты Умкагодағы заводта жұмысшылар асханада тамақ ішуден бас тартады, себебі асхана ішіндегі мұнтаздай таза ақ түстер, адамдарға аурухананы елестетіп отырады. Ұшақ кабинасын «көңілді» түстерге бояу нәтижесінде, адамның басы айланып вестутуляр аппаратының жұмыс істеу қабілетін нашарлатқан. Сондықтан суретші түстің қабылдаудың психологиялық және физиологиялық ерекшеліктерін ескерту керек. Өткен ғасырдың Швед сұңғатшысы Ф. Ходляр түстің қасиетін зерттей отырып мынадай пікір ацйтқан: Түс затқа сипаттама беріп әрі оны айқы, әрі оны әсемдеп, сәнді эффектілерді жоғарылатуға әсер етеді. Түс формаға тәуелді болмай күшті музыкалық кері әсер тудырады. Түс моральді әсер етеді. Онда қуаныш пен көңілді элементтер қалыптасқан. Ашық бояулар мен көк түс демалуға әсер етіп, шаршағанды басады.

              Көгілдір түс жұмыс қабілетін төмендетеді адам организімінің физиологиялық функциясын бояулатады.  Сиякөк түс қызыл мен көгілдір түстердің әсері секілді, адамды шаршатып жүйке жүйесіне кері әсер етеді. Түстердің мұндай адам психикасына әсері, мынаған байланысты, жекелеген түстер немесе олардың үйлесілімдігі көрерменде түстік ассоциация туғызуы мүмкін, ол өмір тәжірибесі, белгілі эмоция немесе кейіпкермен байлаысты. Дегенімен түстік ассоцация барлық адамдарда бірдей емес. Ол адамның түкмәні этникалық тегіне, мәдени салт- дәстүріне, іс- әрекет қызметіне, жас шамасына, темпераментіне байланысты.

Түс неғұрлым қанық болған сайын ол адам бойында белсенді әрі тұрақты әсер туғызады.

Түстік ассоциация  физиологиялық және эмоциялық болып бөлінеді. Физиологиялық түріне мына ассоциациялар жатады:

  • Температуралық – кез-келген түс суық немесе ыстық күйге ие, жылы түске қызыл, - қызыл-сары, сары және т. б.  отпен күн түстері жатады; суық түстер қар, мұз, су түстері көк, көгілдір, көкшіл- жасыл түс жатады; оларға қара түсті қосу арқылы оны жылытуға керісінше ақ түс қосу арқылы суық етіп көрсетуге болады.
  •  Салмақтылық – кейбір түстер ауыр болып келесі түстері жеңіл болып қабылданады; хроматикалық және ахроматикалық қою түстер ауыр болып көрінсе, қанықпаған түстер жеңіл сезінеді.
  • Кеңістікті – бір бейнелеу жазықтығында орналасқанымен бір түс таңбасы  алға қарай шығып көрінсе келесі түс біршама қашықтықта болып көрінеді.
  •  Акустикалық – кейбір түс айхайлап тұрса, екінші бір түс тыныш секілді қабылданады, әсіресе жылы түстер айхайлап көрінсе, хроматикалық және қанық емес, ақшыл, спектірлі суық түстер тыныштықпен үнсіздікті байқатады.
  • Фактуралық – кей бір түстер материал, тығыз әрі бұйым формасын шығаруға , фактурасын сезуге, көрсетуге көмектеседі; оларға жылы, шамалы қанықпаған түстер жатады; кейбір түстер фактурасыз, жеңіл болып көрінед, оларға бейматериалды суық, шегініп көрінетін түстерді жатқызуға болады.

  Эмоциялық күй туғызатын түстер ассоциациясына мыналар жатады:

Позитивті – ашық қаныққан, ашық, жылы түстер қуанышты, көңілді, жылы шырайлы, жағымды болып көрінеді.

Негативті -  кейбір түстер қайғы, көңіл күйді түсіріп, реніш, қорқыныштылықты тудырады, ондай түстер сиякөк, қаралау, шамалы қаныққан түстер жатады.

 Бейтарап – көптеген түстер пассивті болып аса белсенді реакция тудырмай керісінше тыныш, бейтарап, тұрақты болып қабылданады, мұндай түстерге сехроматикалық түстер, оншалықты қою немесе ашық түстер жатады. Физиологиялық түстік ассоциация көптеген адамдарда олардың өмір сүру образы тұрмысы мен темпераментіне қарамастан біркелкі әсер етеді.

          Дегенімен, түстің адамдарға эмоциялық әсері түрліше байқалады, көбінесе, халықтың мәдени салт-дәстүріне байланысты, мысалы, европалықтарда ақ түс қуаныш болып саналса, Қытай халқы үшін бұл түс, қыс мезгілі мен адамның қаза болуына орай қайғы түсі болып саналады.

             Сонымен,  түстердің гормониялық үйлесілімділігі және түстік ассоциация, түстің адамға психологиялық әсер етуі, көз бояушылық әсері, адам мінезіне, тұлғасы мен қызметіне сай әрі киімді қолдану мақсатына орай киім материалының түсін дұрыс қабылдай білуге баулып, дұрыс тәрбие беру болып саналады. И. Павловтың зерттеуі бойынша жүйке жүйесінің типтеріне түстік үйлесімдікті атап көрсетеді.

Көлемі бірдей төрт фигура – ішінде үшбұрыштың ауданы үлкен болып көрінеді онан соң шеңбер, сосын овал, соңында төрт бұрыш пішімі кішірейіп көрінеді.   

          

 

 

 

                

Қара және ақ түсті екі бірдей квадраттардың пішімдері әртүрлі болып көрінеді. Қара квадрат ақ түсті квадраттан кіші болып көрінеді. Квадратты екі бірдей бөлікке горизонталь және вертиекаль сызықтарымен бөлсек, вертикаль сызықты квадрат ұзын, горизонталь сызықты квадрат қысқа болып көрінеді.

Көзбояушылық әсердің (иллюзия – латын тілінен аударғанда “illisium”-призрак) үш түрі кездеседі. Олар:

Физикалық  - ол күн сәулесінің шағылысуы, сәуленің сынуы (стакан ішіндегі суда тұрған қасық) барысында байқауға болады.

Физиологиялық – көзбояу, ол адам көзінің құрылымына байланысты (көздің көрермендік жазықтығына қарай түрліше сезінуі).

Психологиялық – тұтас форманы қабылдауға, назар аударуы, жинақталған тәжірибесінің әсері болуы мүмкін.

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2013-06-06 21:06:14     Қаралды-5849

ЕРТЕДЕ БОЯУЛАР НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Ежелгі заманнан бері өсімдік бояуларын адамдар қару-жарақ, киім-кешек және үйлерді безендіру үшін қолданған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ІНЖУ ҚАЙДАН АЛЫНАДЫ?

...

Інжу - жануарлардан шыққан жалғыз асыл тас

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮН НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Әдетте біз Күнді газдың үлкен шары деп айтамыз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДЫБЫС ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ЛАСТАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Біздің әлем жанды да, жансыз да табиғат тудыратын дыбыстарға толы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БҰЛТТАРДЫҢ ҚАНДАЙ ТҮРЛЕРІ БАР ЖӘНЕ ОЛАР НЕНІ ХАБАРЛАЙДЫ?

...

Бұлттар жер беті мен тропосфераның жоғарғы қабаттары арасындағы кеңістікте шамамен 14 км биіктікке дейін қалыптасады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Металдардың көне тарихы бар, олар мыңдаған жылдар бұрын адамдарға белгілі болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ЫДЫРАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Әдетте пластиктің ыдырауы өте ұзақ уақытты алады - 50-100 жыл.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СУ ҮЙДІ ЖАРЫП ЖІБЕРУІ МҮМКІН БЕ?

...

Су зиянсыз зат сияқты. Ал кейде су мылтықтай жарылып кетеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ НЕДЕН ТҰРАДЫ?

...

Мұнай – қою қызыл-қоңыр, кейде дерлік қара түсті майлы сұйықтық.

ТОЛЫҒЫРАҚ »