UF

Аннотация

 

Дипломдық жұмыс  кіріспе, үш бөлім, қорытынды және қолданылған әдебиеттерден тұрады. Компьютерде терілген түрінде 86 беттен тұрады, онда 24 кесте, 14 сурет,  6 сызба, 31 қолданылған әдебиеттер қамтылған.

         Жұмыстың мақсаты болып, Агроөнеркәсіптік өндірісінде нарық қатынастарының қалыптасуы жағдайында меншік пен жұмыскерлердің мүдделерімен байланысты біраз өзекті мәселелерін қамтитын, агроөнеркәсіптік өндірісінің тиімді экономикалық тетіктерін ұсынып, нарық экономикасы жағдайында оның жетілу жолдары мен формаларының жоғарғы варианттарын таңдап, жетілдіру жолдарын ғылыми түрде негіздеу болып табылады.

         Жұмысты жазу барысында келесі зерттеу әдістері қолданылған:

монографиялық, есептік, статистикалық талдау, абстракты – логикалық әдіс.     Зерттеудің жаңалық қортындысы төмендегідей:

-  кәсіпорын кызметінің сыртқы экономикалық орта элементтері мен шаруашылық ішіндегі экономикалық тетіктерді талдау;

-  нарық катынастары жағдайында шаруашылық жүргізу тетіктерінің оптимальді нұсқасын тандау;

-      АӨК қызметінің тиімді ұйымдық нысандарын белгілеу;

-      АӨК ішіндегі экономикалық қатынастарды жетілдіру мәселелерін зерттеу;

 

 

Қысқартулар мен белгілер

 

АҚ – Акционерлік Қоғам

ЖШС – Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестік

ТМД – Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы

БҰҰ – Біріккен Ұлттар Ұйымы

ТӨЦ – тауардың өмірлік циклы

ҚР – Қазақстан Республикасы

Т.б. – тағы басқа

С.қ.- сонымен қатар

 ҚРМС - Қазақстан   Республикасы   мемлекеттік стандарттары

ССТ - салалық  стандарттары

 ТЖ - техникалық  жағдайлар 

ОҚО – Оңтүстік Қазақстан облысы

Анықтамалар

 

МАЗМҰНЫ

 

 

КІРІСПЕ .........................................................................................

 

 

 

 

1

Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды болжамдаудың теориялық  аспектілері.......................

 

1.1

 

Агроөнеркәсіптік  кешенді дамытуды болжаудың және

жоспарлаудың мәні және мінездемесі.............................................

 

1.2

Агроөнеркәсіп кешенді қалыптастыруды жоспарлаудың

ерекшеліктері.....................................

 

1.3

Агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік реттеудің  негізгі бағыттары...........................................................................................

 

2

ОҚО АӨК салаларының  қазіргі даму

жағдайын талдау....................................................................

 

2.1.

ОҚО  агроөнеркәсіп кешенінің қазіргі жай-күйін талдау..................................................................................................

 

2.2.

ОҚО агроөнеркәсіп кешенін  дамуыту  нарығының

жағдайын және  даму  тенденциясын талдау.................................

 

2.3.

Ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеуді дамыту

мәселерін талдау...............................................................................

 

3.

ОҚО Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды болдау және жоспарлау бағыттары............................  

 

3.1.

Қазақстаннның АӨК мемлекеттік қолау мәселелері мен келешекте даму бағыттары .....

 

3.2.

Агроөнеркәсіптік кешенді  дамытуда  бәсекелестіктігін

қалыптастыру стратегиясын болжамдау …………………............

 

3.3.   

Бизнес жоспар. Ауылшаруашылық өнімдерін өндірудің

бизнес- жоспары................................................................................

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ .................................

 

 

 

 

Кіріспе

Тақырыпты зерттеудің өзектілігі.  Оңтүстік Қазақстан облысындағы Агроөнеркәсіптіктың негізгі мәселелерінің бірі саланы терең экономикалық дағдарыстан шығару, қайта жаңарту және мемлекеттің халқын отандық азық-түлік өнімдерін қамту қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Агроөнеркәсіптік тиімділігін арттыру.

Агроөнеркәсіптік жүргізуде экономикалық тетіктерінің тиімділігін жетілдіру қажеттілігі бүгінгі кезеңдегі даусыз, өте керекті қозғаушы күштердің бірі болып отыр. Өндірістің негізгі саласының бірі азық-түлік мәселесін шешетін, Агроөнеркәсіптік өнімдерін өндіретін өндірістің өсімі әліде болса төмен жағдайда. Қалыптасқан жағдайды талдай отырып экономиканың ауылшаруашылығындағы  шешілмей жатқан мәселелерді қарастырып, Агроөнеркәсіптік өндірісін ынталандыратын іс-шараларды жүзеге асыру қазіргі кезеңдегі маңызды мәселердің бірі.

Әлемдік экономикаға ықпалдасу біздің еліміз үшін маңызы зор өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру біз үшін - әлемдік бәсекелеске қатысу, бұл жерде ең бірішші тұтынушылардың мүддесі сақталынады – сатылатын зат неғұрлым сапалы, бағасы тиімді болса, соғұрлым өтімді болады.

         Нарықтық қатынастарға өту нақты алғанда экономиканың әлдеқайда жаңа сапалық күйіне көшуді білдіреді. Мұның өзі тұтастай бірқатар объективті факторлардан көрінеді.

Нарықтық экономиканың тиімді жұмыс істеуінің, негізгі шарты нарықтық іс басындағы субъектілердің толық өзін-өзі басқаруы мен олардың экономикалық жауапкершілігіне негізделетін тәуелсіздігі болып табылады.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 26-бабының төртінші тармағында жазылғандай: „Әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез келген занды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар".

Кез-келген шаруашылық жүргізу нысаны немесе меншік нысаны өздігінен өндірістің дамуына, өрістеуіне, өнім сапасын, тиімділігін арттыруына, жұмыскерлердің әл-ауқаты жақсарту мәселелерін шешіп бере алмауда. Бір мезгілде өндірістік қатынастар, экономикалық ынталандыру мен тұтқалар жетіліп отырмаса, қомақты күрделі қаржылар да агроөнеркәсіптікнда нәтиже бермеуі мүмкін. Осыған орай, ғылыми негізделген жалпы шаруашылық жүргізу тетіктерін, және атап айтқанда, ұжымдық кәсіпорындарының шаруашылық тетіктерін де, жетілдіру аса маңызды мәселе болып табылады. Өндірістің әрбір тәсіліне, кәсіпорынның әрбір ұйымдық-құқықтық нысанына өзіндік ерекшелігі бар шаруашылық жүргізу тетіктері сай келуі тиіс. Осыны ескере отырып, шаруашылық жүргізу тетіктерінің нақгы мазмұны мен оның негізгі элементтері күрделі түрде өндірістің сол кезеңдегі өсу дәуіріне лайықгы өзгеріске ұшырауы керек.

Қалыптасып қалған шаруашылық жүргізудің моделі, ең алдымен, негізгі өндірістік буын болып саналатын Агроөнеркәсіптік кәсіпорындарын жетілдіруді қажет етеді. Бұлай болудың себебі, қазіргі кезде Агроөнеркәсіптік өнімнің өндірісі (өткізу, өңдеу) саласында шаруашылық жүргізу тетіктерін жетілдіру өте ерекше өзекті және маңызды мәселеге айналуда.

Егер   де,   жалпы   экономика   нарық   жағдайында   қалыпты дамуына  қарай  бет  бұрсын  десек,   онда   қалыптасқан  нақтылы дәлелдемелер негізінде шаруашылық жүргізудің өндіріске қабілетті экономикалық     тетіктерінің     негізін     қалап,      оның     өндіріс  тиімділігімен үздіксіз  байланыста өмір сүруін  болжамдау қажет. Агроөнеркәсіптік     кәсіпорындары     деңгейінде     бұл     процесс шаруашылық жүргізудің экономикалық тетіктер мәнінің өзгермелі болуы  мен осы  тетіктердің  ерекшеліктерін  анықтау жағдайында жүзеге асырылуы шарт. Бұл жағдайда нақты кездегі мемлекеттің даму дәрежесін көтеру мақсатында өткен жылдардағы даму тәжірибесі мен шетел серіктестерінің тарихи даму тәжірибесін талдау.

Зерттеудің негізгі мақсаты және мәні. Агроөнеркәсіптік өндірісінде нарық қатынастарының қалыптасуы жағдайында меншік пен жұмыскерлердің мүдделерімен байланысты біраз өзекті мәселелерін қамтитын, агроөнеркәсіптік өндірісінің тиімді экономикалық тетіктерін ұсынып, нарық экономикасы жағдайында оның жетілу жолдары мен формаларының жоғарғы варианттарын таңдап, жетілдіру жолдарын ғылыми түрде негіздеу болып табылады.

Қойылған мақсатка сәйкес талдау барысында келесі міндеттер шешіледі:

•   шаруашылық жүргізу тетіктері мен шаруашылық жүргізудің экономикалық тетіктерінің мәні мен құрылымына шолу жасап, олардың басты буындары мен өзара байланысын анықтау;

•  кәсіпорын кызметінің сыртқы экономикалық орта элементтері мен шаруашылық ішіндегі экономикалық тетіктерді талдау;

•  нарық катынастары жағдайында шаруашылық жүргізу тетіктерінің оптимальді нұсқасын тандау;

•      ауылшаруашьшық кәсіпорындары қызметінің тиімді ұйымдық нысандарын белгілеу;

•   шаруашылық ішіндегі экономикалық қатынастарды жетілдіру мәселелерін зерттеу;

Зерттеудің пәні.  ОҚО-ғы Агроөнеркәсіптік өнімдері нарығының даму процестері сонымен қатар Агроөнеркәсіптік өнімдерге деген ұсынысты жоғарлатуда жылыжайлардың рөлі.

Зерттеу объектісі. Оңтүстік Қазақстан облысының Агроөнеркәсіптік кәсіпорындары алынды.

 

 

 

 

 

 

 

  1. Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды болжамдаудың теориялық  аспектілері

1.1            Агроөнеркәсіптік  кешенді дамытуды болжаудың және

               жоспарлаудың мәні және мінездемесі

 

Агроөнеркәсіптік кешенінің негізгі сфералары тек салалық құрамымен, технологиялық ерекшеліктерімен, өндірілген өнімнің түрі және мәнімен ғана емес, сонымен бірге нарықтық параметлерімен де айқындалады. Ауылшарушашылық кешені нарықтың әр түрлі үлгілерінің үйлесімі мен өзара іс-қимылын білдіреді, соның нәтижесінде фирмалардың бәсекелестік бейімділігінің әр түрлі үлгілерін танытады.

Ауылшаруашылығы өндірісі нарығының бірқатар өзіндік ерекшеліктері бар. Оның ең бастысы мынадан көрінеді: агроөнеркәсіптік — рыноктік құрылым мен қарым-қатынас жүйесі әлі де сақталған, ерікті бәсекелестік нарығыне барлығынан жақын тұрған ұлттық масштабтағы жалғыз және соңғы сала. Оның негізгі белгілері төмендегідей:

Біріншіден, агроөнеркәсіптік нарығында тәуелсіз өндірушілердің саны өте көп. Айталық, АҚШ-тың агроөнеркәсіптік кешені 1997 жылғы соңғы халық санағына сәйкес фермерлік шаруашылықтардың саны 2 млн. 176 мың құрады. Бұл — олардың барлығын сөздің толық мағынасында фермерлік шаруашылықтарға жатқызуға болмаса да, аз сан емес.

Екіншіден, ерікті бәсекелестік нарығы болып саналатын агроөнеркәсіптік нарығының белгісі ретінде әрбір жекелеген өндірушінің бағаға әсер ете алмауын айтуға болады. Өйткені, ешқандай фермер жекелей алғанда нарықтық бағаға әсер ете алатындай өнімнің көлемін ешқашан да өндіре алмайды.

Ерікті бәсекелестік нарығының үшінші маңызды белгісі — өнімнің біртектілігі және қалыптандырылуы. Өндіруші тек қана өз тауарын жарнамалап, тек өз өнімінің сапасын бөліп көрсете алмайды. Іс жүзінде бір фермердің астығы сорты мен сапасы жағынан басқа фермердің астығынан ерекшеленуі мүмкін, бірақ бұл астық бір сорттағы және сападағы қалыпқа түсірілген астық болса, онда одан ешқандай айырмашылықты табу мүмкін емес.

Ерікті бәсекелестік нарығының төртінші ерекшелігі —бәсекелестікке бейімсіздеу жаңа фирмалардың рынокке; келуі   үшін   кәдімгідей    қолбайлау   болатын    барьердің жоқтығы.

Рынокке кіру барьері әр түрлі болуы мүмкін. Олигополиялық және монополиялық құрылымдағы салаларда оларға ең алдымен масштабтың жағымды тиімділігі жатады, басқаша айтқанда жоғары қуаттылықтағы өндірісте шығындарды азайту және өнімнің бәсекелестікке бейімділігін арттыру. Жоғарыда айтылғандарға орай көптеген фермерлік шаруашылықтарда мұндай барьер агроөнеркәсіптікнда жоқ. Рас, ауылшаруашылығы өндірісі дамыған батыстық елдердің агроөнеркәсіптікнда өндірістің концентрациялық өсуіне қарай бағыт байқалады және ірі фермалар ұсақ, әсіресе қаржы көп кететін агроөнеркәсіптік салаларымен салыстырғанда экономикалық басымдылығы бар екенін анық көрсетуде. Сондықтан да, жақын уақыттарда мұндай кіру барьерлері агроөнеркәсіптікның дамуымен болуы мүмкін, бірақ қазір ол жоқ немесе өзін жеткілікті дәрежеде көрсетіп үлгерген емес.[1]

Монополияландырылған рынокке тән басқа кіру барьері пайдаланылатын техникаға патент алу болып табылады. Барьердің мұндай түрінің ерекше маңызы ғылымды керек ететін жоғары технологиялық өндіріс салаларында өте жоғары. Агроөнеркәсіптікнда да өндіріс ғылыми негізделеді, алайда олар әдетте агробизнестің басқа салаларында пайдаланылады. Жаңа ғылыми ұсыныстар туралы ақпараттар мемлекеттік қызметтермен жаппай масштабта таратылады. Сондықтан да агроөнеркәсіптік  өндірісінде барьердің мұндай түрі де іс жүзінде болмайды. Монополистік бәсекелестік нарығында тағы бір кіру барьерінің түрі — интенсивті жарнама, оған орасан зор қаржы жұмсалады. Барьердің мұндай түрінің агроөнеркәсіптікнда шектелуі жоғарыда айтып кеткеніміздей, өндірілетін өнімнің біртектілігі мен қалыпқа түсірілгендігі болып табылады.

Ерекше кіру барьерінің белгілі бір салада болуы заңдық шектеу немесе өндірістік ресурстарды еркін сатып алу және сатуға тыйым салуға байланысты. Дей тұрғанмен, агробизнесі дамыған елдерде агроөнеркәсіптік ресурстарының нарығы көп болуына сәйкес агроөнеркәсіптік кешені бұндай да барьер жоқ.

Осы айтылғандардың барлығы агроөнеркәсіптік кешенінің еркін бәсекелестік сферасына жақын тұрғанын аңғартады. Бірақ, соған қарамастан олай деп түсінуге де болмайды. Біріншіден, агроөнеркәсіптік мемлекеттік реттеуді керек ететін аймақ болып табылады. Мемлекет белсенді қаржылық және несиелік саясат жүргізіп, салық жүйесін анықтайды және проценттік үстемеге ықпал етеді. Бұдан басқа, қазіргі жағдайда агроөнеркәсіптікндағы мемлекеттік реттеудің маңызды жағы агроөнеркәсіптік өнімдерінің ұсыныс деңгейіне, ал сол арқылы нарықтық бағаға әсер етуі болып табылады.

Екіншіден, қазіргі заманғы агробизнесте агроөнеркәсіптік өндірушілерінің өңдеу компанияларымен және агроөнеркәсіптік өнімдерін өткізу жөніндегі компаниялармен тікелей ұзақ мерзімдік келісім-шарттық қарым-қатынасы кең етек жаюда. Бұл жағдайда фермерлік өндіріс жалпы алғанда рынокке емес, нақты әріптес тұтынушыға бағдар ұстайды. Әрине, сұраныс пен ұсыныс келісімдік баға деңгейіне әсер етеді, алайда контрактілер өндірушінің нақты тұтынушыға мақсаткерлік бағдарын білдіретін болғандықтан, келісім-шарттық қарым-қатынастың іс-қимыл сферасы еркін бәсекелестік нарығының аймағынан шығып қалады.

Үшіншіден, барлық елдерде белгілі бір дәрежеде мемлекеттік бақылау мен реттеудің объектісі болып табылатын маңызды агроөнеркәсіптікның ресурсы — жердің нарығы шектеулі және ерекше.

Бұған қоса шаруашылық бір мезгілде өндірістің саласы және адамдардың тіршілік сферасы болып табылады. Фермерлік шаруашылық — техникасы, өндірістік үйлері, малы және басқа өндіріс құралдары бар кәсіпорын ғана емес, сонымен бірге фермердің мекен-жайы. Ферманы сату немесе сатып алу тұрғылықты жерін немесе тіпті өмір салтын ауыстыруды білдіреді. Осының бәрі агроөнеркәсіптік ресурстарының салыстырмалы түрде иммобильдігін, белгілі бір дәрежеде рыноктік барьер мен жеткіліксіз бәсекелестіктің белгісін танытатындай.

Соған қарамастан агроөнеркәсіптік экономиканың барлық ірі секторларының ішінде ерікті бәсекелестік нарығыне бәрінен бұрын жақын тұр. Бұдан оның агробизнестің және жалпы экономиканың басқа сфераларынан ала бөтен ерекшелендіретін бірқатар мәнді факторларды байқауға болады, мұның өзі фермердің жұмыс істеуі мен тағдырын айқындайды.

Ерікті бәсекелестік — бұл, ең алдымен, бағалық бәсекелестік. Бұл бәсекелестік күрестің жалғыз қаруы өндірістің шығындарын азайту және өнім сапасын арттыру болып табылатындығын білдіреді. Өнімнің өзіндік құнын азайту және өнім өндіру көлемін көбейту — фермер табысын арттыратын мүмкін бағыттар осылар. Іс-қимылдың мұндай моделі агроөнеркәсіптік өнімнің нарығында ұсыныстың деңгейіне мәнді әсер етпей қоймайды. Қатаң баға бәсекелестігі өндірістің қарқынды өсуінің және агробизнес дамыған елдердің агроөнеркәсіптікның жоғары тиімділігінің бірден-бір факторы болып табылады. Бұған мына факті дәлел бола алады: АҚШ-та село тұрғындарының үлесі соңғы 40 жыл ішінде 15%-тен 2%-ке дейін қысқарды. Осы уақыт ішінде фермерлік еңбектің өнімділігі күрт өсті. Бір ауыл шаруашылық еңбеккері азық-түлікпен және шикізатпен қамтамасыз ететін адамның саны 14 адамнан 96 адамға өсті.

Өсудің жоғары қарқыны жоғары техникалық және технологиялық база, өндірістің жалпы мәдениеті арқылы болады. Бұл үшін агроөнеркәсіптікна техника, жем, тыңайтқыш, жанар-жағар май шығаратын және қызмет көрсететін салалар, агроөнеркәсіптікна ғылыми зерттеулер жүргізетін салалар жұмыс істеуі қажет. Дәл осы салалардың жоғарғы қарқынмен дамуы агроөнеркәсіптікның жоғары өнімділігі мен тиімділігін анықтайды. Осы жоғары техникалық және технологиялық потенциалды пайдалану қажеттілігіне фермерлерді мәжбүр ететін бәсекелестік бұл жағдайда күшті ынталандырушы фактор болып табылады.

Агроөнеркәсіптік кешені арналған материалдық-техникалық ресурстар нарығы, яғни агробизнестің бірінші сферасына үш ірі сала кіреді: ауыл шаруашылық машиналарын жасау, тыңайтқыш және химиялық дәрілер шығару, жем дайындау өндірісі. Бұл салалар типті олигополиялық құрылыммен мінезделеді, яғни рынокте бірнеше ірі фирмалар болады.

Бұл фирмалардың іс-қимылы өндіріс көлемін анықтауда болсын, баға белгілеу саясатында болсын өзара келісімде болады. Мұндай рыноктер үшін сондай-ақ табиғи технологиялық монополия, айта қаларлықтай кіру барьері тән. Бағаны бақылау мүмкіндігі бар, яғни оны барынша көп шығынның деңгейінен асырып қоюға болады.

Міне, осылай жоғары бәсекелестік бейімділігі бар ауыл шаруашылық өндірісі монополияландырылған салалардың өнімін тұтынушы болып табылады. Агробизнестің бірінші сферасының нарығында бағаның өсу мүмкіндігі — өз өнімін бәсекелестік бағадан жоғары сатуға мүмкіндігі жоқ фермерлер үшін үлкен проблема.[2]

Агроөнеркәсіптік үшін ерекше көкейтесті мәселе сатып алатын ресурстар мен шығарылатын өнім арасындағы бағалардың қатынасы — баға паритеті проблемасы болып табылады. Баға паритетін қолдау үшін күрес — фермерлердің экономикалық саясат саласындағы талабының басты элементі.

Өз кезегінде үлкен агробизнестің өнеркәсіптік компаниялары фермерлердің тұрақты қаржылық жағдайын қолдауға мүдделі.

Фермерлерге көрсетілетін қызмет сферасының нарығы — дилерлік, жөндеу-техникалық, агрохимиялық, мелиоративтік қызмет көрсетулер ресурстар нарығымен тығыз байланысты. Қызметті әдетте техника, тыңайтқыш, жем және тағы басқа өнімдер өндіруші компаниялар көрсетеді. Бұл сервистік кәсіпорындар мен олардың филиалының жүйесі өте кең. Айталық, АҚШ-та ауыл шаруашылық машиналары мен құрал-жабдық шығару жөніндегі бір жарым мыңнан астам зауыт өз өнімдерін 16 мың бөлшек сауда нүктелері арқылы таратады. Мұның өзі фермерлерге өндірістік қызметтің кез келген түрін көрсету жөніндегі фирмаларды таңдауына мүмкіндік береді,

Агроөнеркәсіптік кешен маркетингтік сферасы өзінің құрамы және атқаратын міндеті жағынан ғана емес, сонымен бірге нарықтық мәні жағынан да барынша әр түрлі болып келеді. Маркетингтік сфера өз ішінде өнімнің мәні және фирмалардың бәсекелестік іс-қимылы жөнінен рыноктің төрт үлгісіне бөлінеді.

Бірінші үлгі — шикізаттық азық-түлік тауарлар нарығы үнжарма, қант шығару сияқты салалар үшін негізгі және мәнді болып табылады. Оған өнімнің салыстырмалы түрде біртектілігі, қалыпқа түсірілуі, тауарларды ірі партиямен сату белгілері тән. Бұл жағдайда жекелеген өнім өндіруші фирмалар үшін өнімді жарнамалау мәселесінде қиындықтар туындайды, ал баға белгілеу бәсекелестікке жақын келеді.

Рыноктің екінші үлгісі — жоғары деңгейде өңделген азық-түлік тауарларының нарығы. Азық-түлік тауарларының осы тобының көлемі дамыған елдерде соңғы он жылдықта барынша интенсивті дамуда. Бұл рыноктік топта сатылатын өнімдер біртектілік емес және барынша теңдестірілгендер қатарына жатады. Олар — консервілер, кондитерлік және темекі өнімдері және басқа қабылдауға дайын өнімдер. Тауарларды дифференциялаудың жоғары деңгейін бір заттың кең көлемдегі сортта және сапасының әр түрлі мәнде болуымен түсіндіруге болады. Алайда, тұтынушылар көзінше тауарларды жиі ауыстырған сайын олардың арасындағы бәсекелестікте күшейіп, баға приоритеті үшін мүмкіндік аз болады. Сондықтан да өнімге ерекшелік белгілер беруге ұмтылу, оны ұқсас тұтынушылық қасиеті бар тауарлар жиынтығынан бөлу азық-түлік фирмасының рыноктік іс-қимылындағы мәнді белгі болып табылады.

Мұндай рынокте бәсекелестік күрестің маңызды қаруы — жарнама және тауарды әр түрлі тәсілмен безендіру және ұсыну. Тауарлардың бұл тобының нарығы бірнеше көш бастаушы фирмалар билік құратын жоғары дифференциалданған өнім болып табылады.

Мұндай рынокке кіру барері өте жоғары екендігі көзге бірден ұрып тұрады. Бірқатар жағдайларда мұнда масштаб тиімділігі және пайдаланылатын технологияға патенттер жұмыс істейді, алайда басты кіру барьері ретінде жабыла жарнама жасау болып саналады. Бірқатар өнімдерді жарнамалау үшін кететін шығын өнім құнының 20%-іне жетеді. Әрине, жаңадан пайда болған фирмаға рыноктің молшылық жағдайында өзінің тауарымен рынокке ену өте қиын. Бұл үшін жаңа тауардың көзге көрінетін нақты басымдылығымен қатар жарнама сферасында орын алу үшін рыноктегі билік құрып үлгірген тауарға қарағанда орасан зор қаржы жұмсауды керек етеді,

Агробизнес сферасының маркетингтік үшінші рыноктік топшасына төмен деңгейде өңделген біртекті топ (мысалы, ет жартылай фабрикаттары және жаңа сойылған ет, сүт өнімдері) жатады. Тауарды өңдеу деңгейі мен оны дифференциялау деңгейінің арасында тығыз байланыс бар. Өнімді өңдеу деңгейі төмен болған сайын оны дифференциялау және интенсивті жарнамалау үшін мүмкіндігі аз болады және керісінше. Бұл рыноктік топқа кіру барьері салыстырмалы түрде төмендеу, баға белгілеу мұнда бәсекелестікке жақын жүзеге асырылады.

Рыноктің төртінші үлгісі — азық-түліктік сервис нарығының рөлі дамыған елдерде соңғы он жылдың ішінде арта түсті. Оған қоғамдық тамақтандырудың шағын буфеттен бастап қымбат мейрамханаға дейінгі барлық түрі кіреді. Бұл рынок біртекті емес және өзінің ерекшеліктері көп. Онда жарнама мен монополияландырудың әр түрлі деңгейіндегі баға белгілеуді еркін рыноктіктен монополиялыққа дейін өзгерте беретін бірнеше топшаны бөліп көрсетуге болады.[3]

Азық-түлік нарығының тағы бір ерекшелігі ретінде оның бірнеше деңгейде болуын айтуға болады. Рынок нан, сүт және қаймағы алынбаған сүт өнімдері үшін — жергілікті; ет өнімдері, көкөніс және жеміс үшін — аймақтық; консервілер және шеттен әкелінген азық-түлік үшін — ұлттық болуы мүмкін, Тез бұзылатын азық-түліктер рыноктің шекарасын тарылтады, ал мамандандырылған транспорт пен сақтау қоймалары оны кеңейтеді. Рынок деңгейінің есебі оны дұрыс бағалау және фермалардың қызметіне болжам жасау үшін маңызды. Айталық, шағын азық-түлік дүкенінің немесе асхананың сәтті жерде орналасуы оларды қымбат тұратын жарнамасыз-ақ, ұсынылатын азық-түліктің бір қалыптағы жиынтығымен-ақ кішігірім монополистке айналдырады.

Жалпы азық-түлік нарығын талдай келе мынаны айтуға болады: агробизнесі дамыған елдерде бұл рынок — салыстырмалы түрде фирмалардың көп бөлігі қатысатын және жоғары азық-түліктік дифференциядағы, монополистік бәсекелестіктегі рынок. Оның үстіне мұнда көш бастаушы фирмалардың тобы бар екенін де айта кету керек. Баға бәсекелестігімен қатар мұнда жаппай жарнамалау, азық-түліктік дифференциация және жақсартылған сервис сияқты факторлар да үлкен маңыз алады. Агроөнеркәсіптікның нарықтық құрылымы мен маркетингтік сферадағы айырмашылық мынаған алып келеді: агроөнеркәсіптік өнімдерінің жоғары бәсекелестік ұсынысы салалардың және рынок масштабына байланысты монополияландырылған сұраныспен бетпе-бет келеді.

  1. Агроөнеркәсіп кешенді қалыптастыруды жоспарлаудың

ерекшеліктері

 

 

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының Президентінің жолдаулары мен мемлекеттік даму бағдарламаларымызда отандык өндірушілер мен барлық әлеуметтік қызметтегі тұлғалардың аясында бәсекеге қабілетті болу мақсаты атап көрсетіледі. Қазіргі кездегі дүниежүзіндегі экономикалық дағдарыстар, халықаралық сауданың әрқилы жағдайларға ұшырауы елімізге де теріс әсерлерін тигізді. Осындай халыкаралык экономикалық қатынастарда Қазақстанның дамуы отандық өндірушілер мен кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттігіне байланысты болып табылады. Осы бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатындағы мемлекеттік іс-шаралардың бірі - өңірлерде кластерлік жүйелерді іске асыру көзделіп, бұл өз кезегінде аймақ экономикасын тұтастай көтеретіндігі анықталып, жүзеге асырылу үстінде.

Қазақстан экономикасы дамудың жаңа деңгейіне өтті. Экономикалық дамудың жаңа деңгенінің айтарлықтай ерекшеліктеріне - әлемдік сауда ұйымдары нарықтарында тауарларды еркін сауда, әлемдік нарық сегментіндегі бәсеке және экономикалық қарым-қатынаста елдердің әлемдік қауымдастыққа жаһандануы жағады. Қазақстан Республикасы бұл қарым-қатынастарда ең соңғы орында емес. Соңғы жылдардағы республика экономикасының дамуы жоғары экономикалық өсу қарқынымен, 10%-дан жоғары жалпы өнімді шығарумен сипатталады. Мұндай жағдайда аймақтық экономика тұрақтылығы, әлемдік нарықта бәсекеге қабілеттілікке табысты қолайлылық жағдай орнатуға тәуелді болады.

Агроөнеркәсіптік өндірістің соңғы нәтижелері тек тікелей ауыл шаруашылығының даму деңгейіне ғана емес, сонымен қатар соған қызмет көрсететін салаларға да байланысты. Ауыл шаруашылығының өндіріс көлемі ұлғайған сайын материалдық-техникалық ресурстарды, қажетті шикізаттарды, қосалқы материалдарды т.б. жұмсау мөлшері де ұлғаяды. Шаруашылық электр - энергияға, транспортқа, байланыс құралдарына, өнімдерді сақтауға деген қажеттіліктері де көбейеді.

Қазақстанның бүгінгі агроөнеркәсіп кешенінің потенциалын халқын асырауға ғана емес, сонымен бірге аграрлық өнімдердің көптеген түрлерініп экспортына өндіру есебінен дүние жүзіндегі алдыңғы қатарлы ауылшаруашылық мемлекет болуына мүмкіндіктері бар. Жақын арада республика экспортының негізгі бағыттары: бидай, мақта талшығы, ет, жүн, қаракөл терісі, былғары және тон-тері шикізаты болып қалмақ. Ұзақ болашақта дайын өнімнің экспортына бағдарлану, ол үшін бәсекеге қабілетті өнім өндіретін технология мен техниканы пайдалану негізінде қайта өндеуші өнеркәсіпті дамыту қажет.

Қазақстанның агроөнеркәсіп өндірісіндегі нарықтық экономиканың дамуы және әлемдік дағдарыс кезінде экономиканың аграрлық секторының жағдайын шиеленістіре түсетін мемлекеттік қаржылық қолдаудың күрт қысқаруы, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылық өнімдеріне баға диспаритетінің күшейе түсуі тәрізді бірқатар факторлардың жағымсыз әсерімен өте қолайсыз, дағдарысты қалыпта жүргізілуде. Соның салдарынан бүгінде ауылдық тауар өндірушілердің материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілу деңгейі өте төмен және өндірген өнімдерін өткізу жүйесі мардымсыз дамыған жағдайда.

Реформа барысында шешімін таппаған бұл мәселелер агроөнеркәсіп кешенінде шаруашылық субъектілерін байланыстарды жаңаша калыптастыру қажетгілігін тудырып отыр. Осы тұрғыдан алып қарағанда ауыл шаруашылығын материалдық-техникалык жағынан қамтамасыз ету, оның өнімдерін өткізуді және өңдеуді жоғары деңгейде ұйымдастыру-шаруашылық байланыстардың нарықтық экономикаға тән жаңа әдістерін барынша жетілдіруді және ол байланыстарды реттеудің экономикалық механизмін жасауды талап етеді. Онсыз ауыл шаруашылығы мен оған қызмет көрсетуші салалардың толғағы жеткен мәселелерін шешу мүмкін емес.

Материалдық өндіріс қарқындап өскен сайын өнеркәсіп көп ауыл шаруашылық салаларында шикізаттарға, энергияға, тасымалдау, материалдық-техникалық, техника жөндеу қызметтеріне, сондай-ақ ғылыми, ақпараттық, зат сақтайтын орындарға деген қажеттілік арта түседі. Осындай қажеттілік негізгі өндірістен кызмет көрсетуші сала дамымай, бірде-бір кәсіпорын, бірде-бір халық шаруашылық негізгі саласы өркендей алмайды. Айта кететін бір жағдай халық шаруашылығының әрбір саласынын дұрыс өркендеуі үшін қызмет көрсететін құрылымдардың қызмет көрсету сапасының деңгейі өте жоғары болуға тиіс, яғни қызмет көрсетуші өндірістің жұмысы дұрыстап дамымаса, халық шаруашылығының ешбір саласы, ешбір кәсіпорыны өркендей алмайды, екінші сөзбен айтқанда, негізгі өндіріс орындарының нәтижесі қызмет көрсетуші салалардың өркен өсуімен тікелей байланысты.

Ауыл шаруашылығының материалдық - техникалық ресурстар ең жаңа ғылыми техникалық жетістіктерді кең қолдануға негізделген қоғамдастырылған ірі машиналы өндіріс, бұған қоса электрлендіру, механикаландыру, автоматтандыру, химияландыру. Кең мағынада алғанда өндірістік заттық суъбективтік факторлары қамтылады. (1 Сурет).

Әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан алғанда, ауыл шаруашылығының материалдық - техникалық дамуының ең басты міндеті халықты азық-түлікпен, ал өнеркәсіпті шикізатпен, сондай-ақ ауылдың жедел әлеуметтік дамуын қамтамасыз ету. Ал, даму жердің экономикалык құнарлығын арттырудан, өнімділігі - жоғары жаңа техниканы барған сайын кеңінен енгізуден, электрлендіруді, химияландыруды, мелиорациялауды, өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығының жем-шөп өндірісінің өнім өндіру, индустрияландыруды, өндірістік процестерді тікелей пайдаланудан, ауыл шаруашылығы ғылымын өндіріспен ұштастырудан көрініс табады.

 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 1. Шаруашылық жүргізу шығындарының жіктелуі

Ауыл шаруашылығының материалдық-техникалық ресурстарын ең алдымен ауыл шаруашылығының барлық салаларында жұмыс істейтін еңбек құралдары мен заттары құрайды. Оларға жер, тракторлар мен ауыл шаруашылығы машиналары, двигательдер, күш қондырғылары, мал және мал өнімі, көп жылдық екпе ағаштар, ирригациялық құрғату жүйелері, жолдар, үйлер мен ғимараттар, тұқым, жем, тыңайтқыштар, жанар майы, құрал-сайман және басқалары жатады. Ауылшаруашылығы экономиканың күрделі саласының бірі:

Біріншіден, ол табиғат климат жағдайына тәуелді.

Екіншіден, өндіріс циклі ұзақ әрі маусымдық сипатта.

Үшіншіден, ауыл шаруашылығын маусымдық шығындарын несиелеудің дамыған жүйесіне өте мұқтаж.

Төртіншіден, қысқа мерзімді несиелер нарығында шағын ауыл    шаруашылық кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігі төмен.[4]

Ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілерге қызмет көрсеткенде өндірістің осы ерекшеліктерін ескерген жөн. Оның үстіне ауыл шаруашылығы дайындау, ұқсату, қызмет көрсету, сауда және басқа ұйымдардың, сондай-ақ материалды-техникалық ресурстарды жеткізушілердің монополиялық әрекетінен үнемі зардап шегетінін ұмытпау қажет. Еліміздің кластерлік жүйелерді жүргізу деңгейі - түпкі өнімге дейінгі өндірісті іске асыру схемалық құрылымдарда ғана көрсетілген бағыттар бойынша жүргізілуді. Ал кластер ішіндегі құрылымдық жүйелердің қарым- қатынастарын ұйымдастыруды жетілдіру, кластер кәсіпорындары мен ғылыми әлеует, интеллектуалды адам ресурстарын жетілдіру қорлары арасында байланыстырады дамыту жолдары толық қарастырылмаған.

Сондықтан, жұмыс жүргізуші кластер пайдаларынан осы аймақ тұрғындарына адам ресурстарын жетілдіру қорларына бөлу мәселелері де жоқ. Ал бұл қорлардың дамуы, яғни кластердің техника, технологиялық факторларынан басқа адам капиталының ролі, кластердің дүниежүзі бәсекеге қабілеттігін арттырудың ең негізгі факторы болып табылады. Аймақтық кластердің даму стратегиясы жаңа білім, инвестициялық жобаларды енгізу, оқыту арқылы аймақтағы стратегиялық мақсаттарда ынталандыруға бағытталған. Яғни, Қазақстан Республикасында және оның аймақтарында кластерлеу алғы шарттары мен мүмкіндіктерін анықтау, қалыптастыру және дамыту мәселелерін өндеу соңына дейін толық қамтылғаны жоқ.

Әр аймақ басқа аймақтарға қарағандағы өзінің жеке артықшылықтарын ұтымды пайдалануы керек және жекелешеп экономикалық кластерлерінің тұрақты дамуына жол ашу қажет.

Аймақ экономикасын дамытуда кластерлік бағытта қолдану жөнінен ғылыми басылымдар көздеріне шолу жүргізілгенде, ғылыми әдебиеттерде Қазақстан экономикасын дамытуда кластер түсінігі экономикалық категория есебінде және басқару объектісі ретінде жеткілікті дәрежеде зерттелмегендігін көрсетеді.

Аймақтар тарапынан кластерлік даму технологияларын қолдану кәсіпорындар, мемлекет және білім беру ұйымдары арақатынастарының тиімді жүргізу механизмі тетіктерін құруға бағытталуы мүмкін. Жұмыс нәтижесі аймақтық билік және басқару органдарына, ғылыми және білім беру ұйымдарына, сондай-ақ және аймақ кластеріне қатысуына мүмкін басқа да қатысушыларға бағытталады.

Жаһандану нарығы жағдайында жоғары тиімділікке ие аймақтың экономикалық стратегиясын өңдеу, бар кезде жұмысшыларды оқыту және оларды дайындау, ғылыми және технологиялық мүмкіндіктерін жоғарлату, халықаралық нарықта даму және сол аймақтың экономикалық көтерілуін қамтамасыз етіп отырады.

Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың тиімді жүйесін қалыптастыру, осы арқылы аграрлық секторда нарықты дамыту кепілі-мемлекеттің ықпалын күшейту. Мемлекет ауыл шаруашылық тауарларына деген сұраныс пен ұсынысқа, агроөнеркәсіп кешеніндегі салааралық айырбас оның салаларында табыс табу үшін жағдай туғызу мақсатында жанама жолмен ықпал жасау керек. Бұл бағыттарда арнайы мемлекеттік бағдарламалар жасау және оларды жүзеге асыратын институттар құру қажет. Қоғамдық өндірістің тиімділігі едәуір дәрежеде негізгі өндірістік қорлардың ұтымды пайдалануына байланысты. АӨК мемлекеттік реттеу бағдарламасының мақсаты ауыл шаруашылығының бәсекеге қабілетті салаларында экономикалық өсуді және ауыл шаруашылығы өнімінің негізгі түрлері өндірісін тұрақтандыруды қамтамасыз ету болып табылады.

Атқарылатын іс-шаралардың атауына келер болсақ, олар: ауыл шаруашылығы ұйымдары үшін банкроттық  рәсімдерін  қолдануды  жетілдіру;  республикалық астық  ресурстарын басқару жөніндегі заң шығару базасын әзірлеу; мемлекеттік астық ресурстарын тиімді басқаруды және еліміздің астық ресурстарының мониторингін жүргізуді қамтамасыз ету; лизингтік негізде ауыл шаруашылығы құрылымдарының машина-трактор паркін жаңарту жөнінде шаралар әзірлеу және жүзеге асыру; аса қауіпті зиян кестермен ауыл шаруашылығы дақылдары ауруларының жаппай көбеюінің таралуын алдын алу және олармен күресу жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру; мал дәрігерлік кызмет көрсетудің нормативтік - құқыктық базасын жетілдіру; Оңтүстік аймақта мақта өсіруді дамыту жөнінде шаралар әзірлеу және жүзеге асыру; асыл тұқымды мал өнімдерін және элиталық тұқымдар өндіруді лицензиялау жөніндегі мәселелерді қарау; ауыл шаруашылығы өнімінің ең жоғары деңгейінде сатылуы мақсатында ішкі және сыртқы нарықтарда маркетингтік зерттеулер жүргізу; асыл тұқымды мал шаруашылығын сақтау және дамыту жөніндегі шаралар жүйесім әзірлеу және жүзеге асыру; АӨК саттық жүйесін жетілдіру; суландыру, топырақ бетім құрғату мен тазарту жүйелерін жетілдіру; жер қатынастарын жетілдіру; ауылдық жерде шағын несие беру бағдарламаларын жүзеге асыру.[5]

Аграрлық саясат – мемлекеттің жалпы және экономикалық саясатының құраушы бөлігі. Аграрлық саясат - саясаттың өзге құраушыларымен тығыз байланыста құрылады – сыртқы сауда, өнеркәсіптік, экологиялық, әлеуметтік және т.б. Аграрлық саясат аграрлық кешеннің (ауылшаруашылық өндірісі, агробизнес құрылымдары, ауылшаруашылық нарықтары, ауылдық қоғамдастықтар және т.б.) қызметімен байланысты мәселереді кешенді шешуде мемлекет қолданатын принциптер мен шаралардың жиынтығы ретінде анықталады.

Мемлекеттік аграрлық саясат келесі принциптерге негізделуі тиіс:

  • тұрақтылық: тағайындалған мерзім ішінде ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің алдында  мемлекеттің міндеттемелерін орындауы;
  • нақтылық: мемлекеттік қолдау тікелей ауылдық тауар өндірушілерге көрсетіледі. Ауыл шаруашылығы дамуын қолдауда бюджеттік қаражаттарды делдалдық ұйымдардың алуына жол берілмейді;
  • кепілденген: оның жекелеген бағыттары мен бағдарламаларына енгізілген, ауыл шаруашылығы тауар  өндірушілерін қолдау бойынша мемлекет міндеттері;
  • құзіреттілікті шектеу және бәсекелестіктің теңдей шарттарын сақтау: республикалық бюджеттен алынатын қаржылық қолдау жергілікті бюджеттің қаржылық қолдауымен толықтырыла алады, бірақ тек өздерінің бағдарламалары бойынша;
  • халықаралық міндеттемелерді есепке алу: ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін мемлекеттік қолдауды жүзеге асыруда Қазақстанның халықаралық келісімдер бойынша, оның ішінде, оның  Әлемдік сауда ұйымына қатысуынан туындайтын, міндеттемелері ескеріледі;
  • теңдей қол жеткізімді: шаруашылық жүргізудің барлық үлгілері, шаруа қожалықтары мен тұрғындар шаруашылығын қоса ескергенде, олардың барлығының бюджеттік қолдауда теңдей құқы бар;
  • АӨК нарықтық орнының бұзылуына жол бермеу;
  • жанама тұтқаларды максималды қолдану мүмкіндігі және тікелей әсер ету құралдарын минималды  қолдану;
  • АӨК қолдау үшін бөлінген қаражаттардың жоғарғы тиімділігін қамтамасыз ету;
  • реттеу шаралары жүйесінің қазіргі макроэкономикалық жағдайларға, нарық конъюнктурасына, әлемдік тенденцияларға баламалығы.

Экономиканың агро азық-түлік саласының негізгі қызметін келесідей тұжырымдауға болады: тұрғындардың жоғары сапалы тамақ өнімдеріне деген қажеттіліктерін жеткілікті сан мөлшерінде және қол жеткізерлік бағамен қанағаттандыру. Үлкен мағынада, бұл өнеркәсіптің ауыл шаруашылық шикізаттарына деген қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамтиды. Осыған байланысты, аграрлық саясат ауыл шаруашылық өнімдерін, шикізат және азық-түлік  өндіру мен нарығына мемлекеттік ықпал ету жүйесі ретінде, экономикалық саясаттың өзге бағыттарының ресурстық базасына «орнатылған» болуы қажет.[6]

Мемлекеттік аграрлық саясатты жасауда келесі мәселелерді ескеру маңызды: жерді иелену, пайданалу және қолдану және де ауылшаруашылық өндірісінің өзге де факторларымен туындайтын, қатынастар; материалды-техникалық ресурстарға, ауылшаруашылық өнімдеріне, шикізаттарға және азық-түліктерге сұраныс пен ұсыныс; нарықтың инфрақұрылым жағдайы; ауылшараушылық өнімдерінің өнеркәсіп өнімдерінің бағасына қатынасы; ауылшараушылық тауар өндірушілердің табысының өзге тұрғындар топтары табысына қатынасы; тұрғындардың негізгі әлеуметтік-демографиялық және территориялық топтар үшін азық-түліктердің заттық және экономикалық жеткілікті болуын қамтамасыз ету қажеттілігі.

Агроөнеркәсіптік кешен – ауылшаруашылық шикізатынан соңғы өнім өндірісін тікелей қамтамасыз ететін, өзара байланысты салалар жиынтығы. Оның тұрақты қарқынды дамуын қамтамасыз ету, тұтас АӨК, сондай-ақ оның әрбір құрылымдық бөлімшесінде, әсіресе негізгі саласы – ауыл шараушылығында тұрақты ұдайы өндірісіне жетумен жүргізіледі.

АӨК – салалардың тұтас кешенінің күрделі интеграцияланған әлеуметтік-экономикалық жүйесі. Оған сан алуан, күрделі қажеттіліктері мен мүдделері бар, әртүрлі меншік иелері мен шараушылық формасына жататын кәсіпорындар, агроқұрылымдар, мекемелер жатады. Шаруашылық механизімі бұл жан-жақтылықтың тұтастығын қамтамасыз етеді; келісілген мүдделер, шаруашылық жүргізудің барлық формаларының субъектілерінің тең құқылығы негізінде, тұтас бірлік ретінде АӨК өзін-өзі басқаратын бөлімдерінің мақсатты бағытталған тиімді қызмет етуі.

Ұлттық экономиканың өзге салаларынан АӨК ерекшелігі, ол күрделі биотехника-технологиялық жүйе болып табылады. Оның негізгі буыны ауыл шаруашылығында табиғи түрдегі өндіріс құралдары қолданылады: жер, өсімдік және жануар организімдері, су, жарық және т.б. Бұл буын капитал, энергия сыйымды және тәуекелді болып келеді, осыған байланысты кәсіпкерлер мен инвесторлар үшін өте тартымды келеді.

Ұдайы өндіріс процесінде табиғи және әлеуметтік-экономикалық процестер өзара қиылысады. Шаруашылық механизімі әртүрлі табиғи-климаттық жағдайлардағы өндіріс бірліктерінің шараушылық еріктерін қамтамасыз етіп, шешім қабылдауда ресурстармен, технологиялармен, ұйымдастырулармен, икемді экономикалық тұтқалармен қолайлы шаралар жүргізу қажеттіліктерін қанағаттандыруы тиіс. АӨК - өндіріске қатысушылардың табиғатпен және тәуекелмен байланысты, биожүйелердің қызмет етуімен байланысты өзара қатынастарының үйлестілігін қамтамасыз ететін механизім.

Қызмет ету-салалық құрылымы АӨК үш салаға бөледі:

  • біріншісі, ауыл шараушылығы өндіріс кезеңдерінің үзіліссіздігін қамтамасыз ететін салаларды және өнеркісіп салаларын біріктіреді: ауылшараушылық машина жасау және өсімдік шараушылығының өнімдерін қорғау құралдары мен химиялық тыңайтқыштар өндірісі;
  • екінші сала, ауыл шаруашылық және орман шараушылықтарын (біз өзіміздің зерттеу негіздеріміз ретінде тек осы салаларды аламыз)  қамтиды;
  • үшіншісі, ауылшараушылық өндіріс өнімдерінің соңғы тұтынушыға дейінгі қозғалысын қамтамасыз ететін салалар тобы құрайды: қайта өңдеуші және дайындаушы салалар, сауда және қоғамдық тамақтану салалары.

Ендеше, АӨК экономикалық жүйесі өзара кезекті байланысты салалардан тұрады. Әрбір сала және сфера, агроөнеркәсіптік тұтас ұдайы өндіріс процесінің белгілі бір фазасының қызметін орындайды. Осыған байланысты, АӨК әрбір буыны алдыңғы буын өнімінің тұтынушысы ретінде болып, олардың көлемдері мен құрылымы бірін-біріне сәйкес келуі тиіс. Әрбір келесі  буынның тиімді қызмет ету маңыздылығы, АӨК соңғы өнімін тұтынушы және өндіруші ретінде арта түседі.[7]

 

  1.  Агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік реттеудің  негізгі

          бағыттары

 

Агроөнеркәсіп кешені дамуының басты бағыттары негізінен алғанда ұйымдық және технологиялық мазмұнда болды. Алайда, оларды жүзеге асыру үшін экономикалық және әлеуметтік-құқықтық жағдайлар қажет. Сондықтан да қазіргі уақытта шын мәніндегі экономикалық тәуелсіздікке және   шынайы   азық-түлік   қауіпсіздігіне   қол   жеткізу, агробизнесті дамыту үшін экономикалық реформаларды дамыту және кеңейту қажеттілігі туып отыр.

Әрине, нарықтық экономика заңмен тыйым салынбайды қызметтің кез келген түрімен айналысатын іскерлердің бостандықтағы қарым-қатынастарына негізделеді. Агроөнеркәсіптік кешен үшін мемлекеттік реттеу жағдайында ғана шешілетін мәселелері ерекше бөлігі болып табылады. Олардың қатарында шаруашылық жүргізу нәтижелерінің адам бақылауына көнбейтін табиғи және әсіресе ауа райы жағдайларына тәуелді болуымен өндіріс қоры мен қызмет көрсетудің бағалық конъюнктурасымен анықталатын ауыл шаруашылық өндірісінің төмен рентабельділігін, ірі, бірақ өзін-өзі баяу ақтайтын күрделі қаржыны игеру қажеттілігін және басқа факторларды айтуға болады.

Сонымен бірге мемлекеттік ұйымдардың агробизнеске шамадан тыс араласуы  жағымсыз  жағдайларға  алып  келуі  мүмкін.  Сондықтан да, мемлекеттік реттеу ең қажетті шаралармен шектелуі тиіс. Олардың қатарына мыналар жатады:

-          Нарықтық  қатынастарды  дамытуға  ынталандыратын  заң мен нормативтік актілер жасау және қабылдау жолымен құқықтық базаны қалыптастыру және олардың жүзеге асырылуы мен орындалуына бақылау жасау;

-    Баға белгілеу, салық салу, қаржылық-несиелік қарым-қатынас, қамсыздандыру   және   басқа   мәселелерді   дұрыс   шешуді қарастыратын аграрлық саясатты жасау және жүзеге асыру:

-    Агроөнеркәсіп   өндірісін   тұрақтандыру,   тауар   өндірушілердің табысын қолдау және ғылым мен техниканың жетістіктерін кеңінен пайдалану есебінен өндірістің сапалық қайта құрылуын жеделдету үшін жекелеген салалар мен аймақтарды дамыту жөніндегі мемлекеттік құрылымдық саясатты жүзеге асыру;

-    Халықаралық экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық саласындағы қызметті үйлестіру;

-    Ауыл шаруашылық және жер ресурстарны бөлу, жер реформасын жүзеге асыру;

-    Шаруалардың әлеуметтік қорғалу жүйесін агроөнеркәсіп кешенінде әлеуметтік саясатты реттеу;

-    Шаруалардың зейнетақысының қамтамасыз етілуіне, тұрғын үй,
әлеуметтік-мәдени және тұрмыстық құрылысқа қатысу, ауылдық жерлерде фермерлік үлгідегі шағын елді мекендерді дамыту, республиканың аз табысын тұрғындарын мемлекеттік бюджет есебінен азық-түлікпен қамтамасыз ету, ауыл шаруашылық өндірісінен босап қалған еңбекке жарамды тұрғындарды еңбекпен қамту және басқа проблемаларды шешуге қатысу;

-    Ғылыми    зерттеу,    селекциялық    және    асылдандыру    ісін қаржыландыру  және  ұйымдастыру,  ғылым  мен техника жетістіктерін өндіріске енгізу;

-    Ауыл     шаруашылығы     тауарларын     өндірушілерді     ауыл
шаруашылығы өнімдерін өндіру мен өткізу жөніндегі шынайы ақпаратпен қамтамасыз ету;

-     Азық-түлік пен ауыл шаруашылығы шикізатының мемлекеттік
ресурсын қалыптастыру;

-    Табиғи ресурстарды пайдалануға, қоршаған ортаның жай-күйі мен қауіпсіздік техникасын   сақтауға,   азық-түлік  сапасына  бақылау  жасау, санитарлық бақылау, жерге орналастыруға, өсімдіктерді қорғауға және ветеринарлық жағдайға бақылауды жүзеге асыру;

-    Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік ауыл шаруашылығы
кәсіпорындарын басқару;

-    Агробизнеске заңдық қызмет көрсету және оларды құкықтық
тұрғыдан қорғау.

Ауыл шаруашылығы өнімі рыногын мемлекеттік реттеу басым жағдайда бағалық, қаржылық, несие және құқықтық құралдарды пайдалану арқылы экономикалық әдіспен жүзеге асырылады.

Селолық өндірушілер табысын қолдау мақсатында өнімді өткізу мен жеңілдік несиелерге жол ашуды қамтамасыз етуге кепілдік беретін ауыл шаруашылығы өнімдерінін негізгі түрлеріне сауда және сатып алу операциялары қарастырылған. Сондай-ақ, биржалар болашақ өнімді сатып алуға ауыл шаруашылық (өндірушілермен келісім-шартқа отырған жағдайда фьючерстік сауда-саттық тегеріші пайдаланылады. Мұндай фьючерстік операциялардың артықшылығы тауар өндірушілер өнім алғанға дейін процентсіз несиелерді пайдалана алатындығында жатыр.

Экономиканың аграрлық секторындағы несие саясаты АӨК өте төмен табыстылықты есепке алады. Сондықтан да ол төмендегі арналар бойынша бағытталуы тиіс:

- ауыл     шаруашылығын     несиелендіретін      банкілер     қызметін
ұйымдастырушы ерекше мемлекеттік несиелік институттар құру;

- меншік және шаруашылық жүргізу тәсіліне қарамастан барлық ауыл
шаруашылығы өндірушілерін өнім жинағанга дейін өнімнің тауарлық бөлігіне 50%-ке дейінгі көлемде, өнім жинау кезеңінде 20%-ке дейінгі көлемінде пайызсыз қаржы, сондай-ақ несиелендірілетін объектілердің басқа түрлеріне азайтылған несиелік қаржы (10%-ке дейін) алуға жол ашуды қамтамасыз ету;

- несиені қамтамасыз етуге төмендетілген талап орнату;

- коммерциялық банкілерге қарыздарын қайтаруға кепілдік беру;

- ауыл  шаруашылығына несие  беретін  банкілерге  бағалы  қағаздар
шығару құқын беру және олардың эмиссиясы мен айналымы үшін ерекше
қолайлы жағдай жасау (эмиссия жөніндегі жеңілдіктер ауыл шаруашылық несиесіне   қажетті   қаржылық   ресурстарды   арзандатуымен   қатар   тез жинақтауды жеделдетеді);

- несиелік қаржыны төмендетілуі  мен  қарыздың қайтарылмауынан
туындаған    шығындарды    жабу    үшін    ауыл    шаруашылық    несиесін
ұйымдастыруды мемлекеттік қаржыландыру.[7]

Ауыл шаруашылығына деген мемлекеттің салық саясаты өзінің фискальдық мәнін жоюы керек. Салықтың түрлері мен мөлшерін анықтаған кезде тікелей салық салу жолымен жеңілдетілген салық салу есебінен жүзеге асырылатын олардың ынғаландырушы функцияларына ерекше назар аударылуы қажет.

Жалпы   алғанда,   салықтар   мен   аударулар   кәсіпорынның   жалпы табысының 20-25%-ынан аспауы керек. Өйткені, жалпы табыстың 25%-ынан 50%-ына дейін салыққа алынуы тек  қана  өндірісті қалпында ұстауды қамтамасыз етсе, ал 50%-дан астам салық салу өңдірістің шығынға батып, жабылуына алып келеді. Жеке меншікке негізделген жеке немесе отбасылық еңбек (шаруа қожалықтары, кооперативтер және т.б.) сияқты шаруашылық жүргізудің өркениетті тәсілдеріне болашақта салықтың тек қана бір түрі - жалпы   табысқа   салық   салу   қолданылуы керек. Одан әрі АӨК дағдарыстан өту мен аграрлық рынокті қалыптастырудың шама-шарқына қарай салық жүйесі күрделене түседі. Оның негізгі элементтері мыналар болады: пайдаға (таза табыс) салық, капиталдың өсуіне салық, қозғалмайтын мүлікке салық, жалданбалы жұмыс күшін әлеуметтік сақтандыру, акциздер.

Инвестициялық саясат агроонеркәсіп кешеніндегі көп укладты экономиканың қалыптасу кезеңінде көптеген өзгерістерге ұшырайды. Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың кең көлемдегі мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, әлеуметтік сферадағы обьектілер құрылысын салу, сондай-ақ селолық тауар өндірушілерді қаржылық жағынан қолдау үшін мемлекеттік қажеттік қаржыландыру сақталады. Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың басқа барлық шараларына инвестиция бөлу қайтарылу негізінде жүргізілуі тиіс.

АӨК инвестициялық саясат өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өнімдеріне баға паритетінің сақталмауы жағдайына  мемлекеттік қолдау көрсету жолымен меншіктің барлық тәсіліндегі ауыл шаруашылық кәсіпорындарының материалдық-техникалық базасының сапалық жаңғыруын, негізгі қордың шапшаң қалпына келтірілуін және жаңартылуын, өндірістік инфрақұрылымның дамытылуын көздейді.

Агроөнеркәсіп кешенінің өңдеу сферасында мемлекеттің қатысуы тікелей селолық елді мекендерде өндеу (кіші және орта куаттылықтағы) жөніндегі кәсіпорындар салынатын болады.

Ашық экономика, шетелдік капиталдың, жаңа тауарлар мен жаңа жүк орындарының келуі әрқашан да зиян, бірақ біздің экономиканың, оның іші агроөнеркәсіп өндірісінің қазіргі жағдайдағы жай-күйі үшін кейбір қаз радикалдардың асыра сілтеушілігі сияқты тіптен қауіпті. Қазіргі тынымсыз  -және қиын уақытта тек салмақты экономикалық шешім мен ұзақ мерзімді саяси тұғырнама ғана табысқа жеткізеді. Біз бұл жерде экономиканың аграрлық секторында, ең алдымен тікелей ауыл шаруашылығы өндірісінде шаруашылық жүргізудің әр түрлі тәсілдерін бағалау және таңдау жолдарын іздестіруге тұспа-тұс келеміз.

Агроөнеркәсіп өндірісінің дәстүрлі мамандандыру мен орналасуының өзгеруі нарықтық қатынастардың ықпалынан да, салалық және территориялық мақсатты бағдарламалардың негізінде оларды реттеу механизімінің әсерінен де болуы мүмкін.

Агроөнеркәсіп кешенін мемлекеттік реттеу, елді азықпен қамтамасыз ету мәселелері, әлеуметтік құндылықтары бар мемлекеттік саясаттың негізгі міндеттері болып табылады. Нарықтық экономикасы бар елдерде мемлекеттік реттеу ойы, ықпал ету күші ретінде, 50-60 жылдардан келеді. Оған ХХ ғасырдың басындағы дағдарыс ықпал етті, яғни экономикалық күшті елдердің тамақ өнімдерімен өзін-өзі қамтамасыз ету саясатын жүргізуге және өзге елдерге сату үшін, азық-түліктің экспортерлері болу үшін өндірісті жүргізуді үйретуге итермеледі.

Мемлекеттің қолдауынсыз ауыл шаруашылығы дамымайды, шаруа қожалары өздерінің болашақтағы мүмкіндіктеріне деген сенімін жоғалтып, сәйкесінше банкроттыққа ұшырайды. Мемлекеттік қолдаудың көптеген аспекттері бар. Мысалы, агралық өндірістің дамуын, мемлекеттің қажеттіліктері үшін ауыл шаруашылық өнімдерін сатып алуды, бағаны реттеуді, ауыл шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерінің өндірісіне квота бөлуді, сырттан келетін арзан өнімдерге кедергілер қоюды, әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыруды және  т.б. қолдау.

Шетелдердің тәжірибелері, ауыл шаруашылығы даму процестерін мемлекеттік реттеуде барлық  мемлекет белсенді рөл алатындығын көрсетеді. Американдық профессор Майкл Портер былай дейді: «экономикада мемлекеттің негізгі мақсаты - өздерінің азаматтарына өсімді және жоғарғы өмір деңгейін қамтамасыз ету». Бұл мақсатқа жету ұлттық ресурстардың – еңбек және капиталдың қаншалықты өнімділікпен қолданылуына тәуелді. «Портер бойынша өнімділік, еңбек және капитал бірлігіне қайтарым көрсеткішінің құнымен өлшенеді. Ол өнімнің саны мен сипатына, және де ол өндірілетін тиімділікке  тәуелді ...».

Ресей федерациясының «Мемлекеттік қажеттіліктер үшін ауыл шаруашылық өнімдерін, шикізат және азық-түліктерді жеткізу және сатып алу туралы» Заңын талдауда Зырянова Т.В. былай дейді: «Ресейде осы уақытқа дейін тұтас реттеу жүйесінің жекелеген элементтері қолданылып келді: жеткілікті көлемде болмаса да, ауылға мемлекеттік қолдау көрсетілді, кеден төлемдері енгізіліп және өзгертіліп отырды» және де мынадай қортынды жасайды: «қазіргі мемлекеттік қолдау жүйесінің жүйелік сипаты жоқ. Оның көптеген элементтері заңмен рәсімделмеген, сондықтан тауар өндірушілер үшін болашақтың айқын бағыты бола алмайды, Сонымен қатар, қолдау шаралары мемлекеттік реттеудің өзге формаларынан алшақ қолданылады  (мысалы, монополияға қарсы),  және оларды қолданудан негізгі нәтиже ауылға емес, онымен арлас монополияланған салаларға келеді (минералды тыңайтқыштарға дотациялар, тауарлық несиелеу және т.б.)».

Әртүрлі елдерде экономикалық дамудың мүмкіндіктері әртүрлі, осыған байланысты мемлекеттік қолдау түрлері де әр түрлі болып көрсетілген. Дамыған алдыңғы қатарлы елдерде көмек табыстың теңдей болуын сақтауға және экологиялық шарларға бағытталған. Дамушы елдерде, дамудың жаңа жолына енді түскен, біздің еліміз сияқты елдерде, қаражаттар тыңайтқыштар алуға, гербецидтер, пестицидтер алуға, ЖЖМ арзандатуға, ұрық өсіру, асыл тұқымды мал өсіруді дамытуға жұмсалынады. Ал Голландияда тыңайтқыштар қолданатын субъекттерге, қосымша салықтар салынады және оның мысалдары өте көп. Ішкі нарықты қорғау және өнім өндірісі жағдайын реттеу, әр бір елдің экономикалық саясатының құраушы бөлігі болып табылады. Еуропалық Одаққа енген көптеген елдер өзінің елінде қымбатқа өндірілген тауар бағасының әлемдік бағамен салыстырмалы айырмашылығымен жобалы. Мысалы, Францияда қанттың бағасы 1000-1200 доллар, ал әлемдік баға  - 350 доллар, айырмашылығы мемлекеттік бюджетпен жабылады. ЕО елдерін мұндай қолдаудың нәижесінде, өзге елдердің нарықтарын оп-оңай жаулап алады. Бізде керісінше, бидайдың әлемдік бағасы мұнайдың бағасынан ұзақ уақыт бойына 2,4-5,2 есе (1  кесте) артта қалып отырды, тек биылғы жылы ғана бұл сандар өзара жақындай түсті.[8]

Щвейцарияда, тапшылық пен жұмыссыздық проблемасы жоқ елде, табиғи жағдайлардың өнім өндірісіне қолайсыздығына қарамастан, азық-түліктің 60% өздерінде өндіріледі. Жапония, өзінің үлкен сатып алу қабілетімен, егіндерінің не бары 4 млн.га қарамастан, сыртқы сауда сальдосы 60 млн. доллар, аызық-түліктің  50% өзінде өндіреді. Мұнайдың әлемдегі ең үлкен экспортері Сауд Аравиясы, жерінің барлығының құм басқанына қарамастан, өніммен жүз пайыздық өзін-өзі қамтамасыз етуге тырысқан және оны ауыл шараушылығын қаржылық қолдау есебінен жүзеге асырған.

 «Даму, - С.Ожегов талдама сөздігінде  – бір жағдайдан екінші жағдайға, яғни жетілген жағдайға, ... қарапайымнан күрделіге, төменнен жоғарыға өтуі деп берілген». Өсуге қатысты: «Өсу – күшейту, нығайту. Даму процесіндегі жетілдіру». Ендеше, бұл екі маңызды түсініктерді өзара айыру мүмкіндігін беретін, маңызды айырма белгілері көрініп тұр. Егер өсу – сандық өзгеруінің арту процесі болса, ал даму – сапалық. Ендеше, бұл процестердің әр қайсысы өздерінің ерекше заңдарына бағынып және бірін бірімен сәйкес келмейтін нәтижелерге ие болады.Мысалы, өзінің физикалық мүмкіндік шегіне жеткен, цивилизацияның биосфераға әрдайым артып отыратын ықпалы – табиғи шектеулер мен кедергілерді бұзатын, экономикалық өсімінің бейнесі.

Америкалық зерттеуші Р.Сэмюэльс былай деп жазады: «Жапония – мемлекеттік меншіктің болмауынсыз мемлекеттік саясат елі», мұндағы айтқысы келгені, меншік формалары реттеуді қалайды, өйткені «реттеу мемлекеттік билікке қарсы келмей, икемді болу мүмкіндігін береді. Бұл Жапония мемлекетінің әлсіз екендігін емес, керісінше күшті мемлекет қана жеке қызмет атқаратын тұлғалардың әрекетін өзгерте алады, ал әлсіз мемлекеттер топтық мүдделердің ықпалында болады».

Қатал  бәсекелестік жағдайында фермерлік өндірістерінің және  олардың ерікті бірігулерінің өмір қабілеттілігі кәсіпкерлердің еңбегі мен өнер тапқыштығымен ғана емес, баға саясаты, несие және салық салу бойынша әртүрлі жеңілдіктердің берілуімен, дотация, субвенция және бюджеттен төленетін өзге де (оның інішде, натуралды өнім) төлемдермен жүргізілетін, күшті мемлекеттік қолдаумен анықталынады.

АӨК маңызды субсидияға қажеттілігі бірнеше себептермен негіздерлен. Біріншіден, бұл сала маңызды дәрежеде адамдардың өмірінің әлеуметтік-экономикалық жағдайын анықтап және өмір сүрудің қызметті ортасының кепілі. Екіншіден, ол материалды-техникалық ресурстардың үлкен көлемінің тұтынушысы болып табылып, ал бұл салада экономикалық өсу өзге салалардың, бірінші кезекте, қайта өңдеу салаларының дамуын ынталандырады. Үшіншіден, ауыл шаруашылығы жұмыс күшінің үлкен бөлігін қамтиды. Төртіншіден, ол экономикалық, ең бастысы, мемлекеттің азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Сурет 2. Қазақстан Республикасының аграрлық саясатының жетілдірілу мақсаттары

Елдер бойынша қолдау мөлшерлері әртүрлі. Жапония өздерінің өндірушілерінің тәуекелін 70%-ға дейін жабады, Франция өздерінің астығы, АҚШ-нан сатып алғанға қарағанда, қымбатқа түседі, бірақ олар өздерінің фермерлерін қолдауды жөн көреді, олар онымен елдің азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. АҚШ фермерлердің астық өндіру шығындарының 40%-ын жабады. ЕО елдеріндегі бюджеттік субсидиялар фермерлік жанұялардың жалпы табысының 50%-ын құрайды.

Дамыған капиталистік елдерде аграрлық баға және фермерлік табыс саясаты келесі бағыттарды бақылау жолымен жүргізіледі:

- мамандандырылған шаруашлықтардың (ЕО елдерінде) репрезентативті топтары немесе өндіріс түрлері бойынша (АҚШ -да) өндіріс шығындарын;

- ауыл шаруашылығы және ауыл шаруашылық өнімдері үшін өндіріс құралдарының баға паритетін;

- фермалар мен өндіріс салаларының, сондай-ақ тұтас ауыл шаруашылығының табыстылығын.[9]

Негізгі үш құраушыдан тұратын, бақылау жүйесі, өзгелерімен қатар, басқару объектінің, яғни өзіндік құнның, жалпы және жеке табыстың құрылуының, жинақтар мен капитал салымдарының егжей-тегжейлі бейнесін береді. Тап осы процестер, экономикалық әдістер көмегімен басқаруда маңызды болып табылады.

АҚШ-да фермерлік бағаларды мемлекеттік реттеудің маңызды міндеттері, ең басынан бастап, онсыз ұдайы өндірісті кеңейту мүмкін болмайтын, ауыл шаруашылығында табыс және жинақтың қажетті деңгейін қамтамасыз етуде.  Мұнда бағаның екі түрі қолданылады: кепіл заттылық және мақсатты.

Мемлекет тауарлы-несиелік корпорация (ТНК) жүргізетін кепіл заттылық операцияларға қатысатын фермерлерге кепілденген бағалар белгілейді. Мұндай операциялар фермерлерге өнім кепілі бойынша несие алу кепілдігін береді. Үлкен кепіл заттық бағалар астық өнімдерін ішкі нарықта ұстау мүмкіндігін беріп, ал төменгі – оның экспортын ынталандырады. ТНК кепіл затттық-сатып алу операцияларының масштабы туралы, кейбір жылдары фермерлер өздерінің өнімдерінің 1/3 бөлігіне дейін ТНК кепілге қойған деректермен айтуға болады. Бұл операциялар, біріншіден бағаны көтергеннен көрі,нарықтағы ұсынысты қысқартуға, екіншіден, фермерлерге несие (көбінесе ақшалай, кейде натуралды ауыл шаруашылығы өнімі түрінде) алу мүмкіндігін береді. Несие көлемі кепілге өткізілген астық көлемімен (тіпті оның ферма қоймасында сақталу шартымен де) анықталынады. Кепіл заттық баға мақсаттының төменгі деңгейі болып табылады.

ЕО баға белгілеуді реттеудің маңызды ерекшеліктерінің бірі экономикалық есептеудің нәтижесі емес, барлық қатысушы елдер үшін қолайлы болатын, саяси-экономикалық сауда мен компромистердің жүйесі. Бұл жүйе келесі бағалардан тұрады: мақсатты, интервенциялық, шектік. Мақсатты – астық тапшылығының басым аудандары үшін қолайлы көтерме баға (эталон ретінде Дуйсбург аудандары, ГФР алынған), ол астыққа қолайлы нарықтық баға деңгейін анықтайды. Интервенциялық – астыққа кепілдеген бағаның минималды деңгейі, ол бойынша ЕО сатып алу ұйымдары фермерлерден шектелмеген мөлшерде сатып алуға міндетті. Шектік баға қызмет бағыты бойынша, ЕО өндірілген астық бағасына кедендік қорғаныс болып табылады. Астық үшін ол мақсатты бағадан тасымалдау (Дуйсбург - Роттердам) мен сауда келісімдері шығындарын шегеру негізінде, жыл сайын тағайындалады. Шектік бағамен бірге компенсациялық кеден алымы белгіленеді. Компенсациялық  кеден алымының мөлшері әлемдік нарықтың шектік және ағымды бағаларының айырмасымен анықталырып, экспортер елдерді бағалық басымдылықтан айырып, бағаны автоматты түрде теңестіреді.

Көптеген елдерде ауыл шаруашылығының қаржылық жағдайын тұрақтандыру үшін, ауыл шаруашылық несиесі бойынша арнайы бағдарламалар қабылданған, олар бойынша келесі шаралар көзделген:

- корпоративтік банктер мен өзге де несиелік ұйымдарды тарта отырып, фермерлерді несиелендірудің мемлекеттік жүйесін құру;

- несиені алу және төлеуде фермерлерге жеңілдетілген жағдайларды қатамасыз ету;

- фермерлік коперативтердің ақшалай қаражаттарын және де агробизнес фирмалары мен компаниялардың капиталдарының бір бөлігін несиелеу жүйесіне белсенді тарту.

АҚШ-ның ауыл шаруашылық мемлекеттік несиелік реттеуінде маңызды рөлі 50-60 млн. доллар қаржы ресурстық көлемімен Фермерлік несие жүйесіне (ФНЖ) беріледі.

ФНЖ-не банктік қызметті дамыту бойынша ерекше құзіреттер берілген, оның ішінде әртүрлі аграрлық бағдарламаларын жүзеге асыру проблемаларын шешуде федералдық бюджеттен қаржылық қолдау алу да жатады.  Фермерлік несиелеу жүйесі фемерлер ісі бойынша Әкімшілікпен (ФІӘ) және Тауар-несиелік корпорациямен бірге фермерлерді және өзге де ауылдық тұрғындарды несиелеудің мемлекеттік жүйесін құрайды. Бұл жүйе АҚШ Ауыл шаруашылығы Министрлігі атымен қызмет етеді, Америка фермерлерінің несиелік қарыздарының жартысы, олардың үлесіне тиеді.

    ФІӘ фермерлерді және өзге де ауылдық тұрғындарды жеңілдікпен несиелеуді жүзеге асырып, оның несиелік қаражаттары, біріншіден, аграрлық несиелік сақтандыру, ауыл тұрғынын сақтандыру, ауылдың даму бағдарламасын сақтандыру қорының айналым капиталынан, екіншіден АҚШ ауыл шаруашылық министрлігімен бөлінетін бюджеттік займдер мен несиелер есебінен құралады. Жергілікті кәсіпкерлік арқылы ФІӘ-тен америка фермерлері мен тұрғындары жеңілдетілген шарттармен келесі қаражаттары  ала-алады:

- бір жылдық мерзімге, 200 мың доллар мөлшеріне дейін ағымды операциялық шығындарды қаржыландыру ссудасын алады. Қайтару кепілі болған жағдайда бұл сома екі еселенеді;

- «Американың болашақ фермерлері» бағдарламасы бойынша немесе өзге аз қаражатты ауылдық ұйымдардан аз қаражатты ссуда алу;

- Табиғи апаттардан зардап шеккендер үшін 4,5 жылдық мөлшерлемемен, 500 мың долларға дейінгі займ;

- Аумақта орташа деңгейге дейін фермерлік шаруашылықты кеңейту үшін, 200-300 мың доллар, 40 жылдық мерзіммен несие;

- жер және су ресурстарын қоғау мен консервация бойынша мемлекеттік бағдарламаларға қатысушы фермерлік шаруашылықтарға 40 жыл мерзімді жеңілдетілген несие;

- төменгі табысты жанұя займы арқылы 33 жыл мерзімді несиені тұрғын саны 200 мың  болатын тұрғын бөлімшелерінде ФІӘ тапсырыс арқылы тұрғын үй құрылысының жеңілдетілген несиесі.

АҚШ-на қарағанда, ЕЭО фермерлері үшін коммерциялық несие беру және төлем тәртібінің қатаңдығымен сипатталынады. Мұндай шарттармен ауыл шаруашылығында сақтандыру компаниялары мен коммерциялық банктердің қаржыларын, мемлекеттік және мемлекет аралық несиелік ресурстарды тартумен фермерлік корпорациялар шеңберіндегі несиелік жүйе үлкен масштабты алып отыр: 

- аграрлық саланы экономикалық және әлеуметтік дамытудың ұлттық және ұлтаралық жобалар жүйесінде ауыл шаруашлығының  арнайы мемлекеттік бағдарламаларын несиелеу:

- оның інішнде, агаралық бюджет қаражаттарының есебінен коммерциялық және жеңілдетілген несиелер пайызы арасындағы айырма жабылатын, ауылдық жерлердің әлеуметтік қажеттіліктері және жер оранластыру, фермалардың өндісрістік құрылымын орташа және ұазақ мерзімді инвестициялық несиелеу;

- 20% мөлшерлемемен коммерциялық несиеге қарағанда, 2,75-4,0 % деңгейінде фермерлік шаруашылықтарды орналастыру үшін жас жанұяларға жеңілдентілген мемлекеттік несие;

Соңғы уақытта мемлекеттік инвестициялық несиелеуде нашар дамыған ауыл аудандарына қаржылық көмек көрсетуге негізгі көңіл бөлінеді. ЕО елдерінде бұл мақсаттарға аграрлық қоғамдастық қорынан несиелерді қаржыландыруды қарастыратын, бірқатар бағдарламалар жасалынған.[10]

Көптеген капиталистік дамыған елдерде ауыл шаруашылығында салық сау жүйесі салықтың келесі түрлерінен тұрады:

- табыс салығы;

- корпорациядан;

- қозғалмайтын мүліктерге, соның ішінде жерге;

- инвестицияланатын капиталға, немесе негізгі капиталдың өсіміне;

- қосылған құн салығы;

- жалдамалы жұмыс күшін әлеуметтік сақтандыру;

- акциздер.

Өзінің үлкен тізбесімен бұл салықтардың сомасы дамыған капиталистік елдер бойынша барлық фермерлік шығынның  2,5% -дан 6%-на дейін қамтиды, олардың ішінде жартысынан астамы екі салыққа келеді – табыстан және қозғалмайтын мүліктерден салықтар. Дамыған капиталистік елдердің тұтас ауыл шаруашылығы бойынша салық салу мәселелерінде белгілі бір тәуелділікті байқауға болады: еңбек өнімділігі мен әлеуеттік инфрақұрылым дамуының деңгейі жоғары болған сайын, салық салу мөлшерлемесі мен көлем не жоғары болады. Салық салуды мемлекеттік реттеудің мақсаты – ауыл шаруашылығының тиімділігінің өсімін ынталандыру.

Инвестицияланатын капиталдарға салымдар немесе негізгі капиталдың  өсіміне салық материалдақ-техникалық базаға нақты фермерлік капитал салымын арттыруды ынталандыруға бағытталған және материалдық ресурстар нарығын тиімді реттеу мүмкіндігін береді. Бұл салық түрі сатылатын өндіріс құралдарының нақты және нарықтық құнының арасындағы айырмаға салынады. Мұнда салық салынатын сомадан несие тауарды өткізу кезіндегі шығындар алынады, немесе инфляциялық процестер нәтижесінде құнның өсімі қосылады.

Көптеген дамыған елдерде қызмет ететін қосылған құнға салық, ауыл шаруашылық өнімдерінің қамтамасыздандырылуының жоғары жағдайында, ауыл шаруашылығының экспортқа бағытталуын ынталандыруға негізделген.

Соңғы жылдары ауыл шаруашылығында, жоғары маманданған жалдамалы жұмыс күшіне таңдау сұранысын арттырған, фермаларда өндіріс концентрациясын шектеу үшін, жалдамалы  жұмысшыларды әлеуметтік сақтандыру салығы енгізілген. Технологиялық жаңалықтарға ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің капиталын инвестициялауды ынталандыру тиімділеу үшін, көптеген елдердің салық заңдылықтарында салық салудың арнайы шарттары қарастырылған:

- инвестицияның өсіміне салықтық жеңілдіктер белгілеу;

- инвестицияның өсіміне салықтық төлемдердің бюджеттік компенсациясы;

- инвестициялық процесс біткен кезеңдегі капитал салымының өсіміне салықтық төлемдерді кейінге қалдыру.

Ауыл шауашылық тауар өндірушілері, егер мемлекеттік және аумақтық аграрлық бағдарламалардың шеңберінде жаңалықтарды игеретін болса, онда   салық салудың жеңілдетілген шарттарының бірін ғана қолдана алады. Алғашқы екі жағдайда ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің жеңілдік алуы жағдайында, табысқа салық салу бойынша тікелей пайда алады, ал үшіншісінде – жанама табыс, бірақ қайтарылу мерзімі ұзақ болатын капитал сиымды технологиялық жаңалықтарды игеру үшін өте тартымды табыс алынады. ЕЭО жекелеген елдерінде мемлекеттік аграрлық бағдарламаларға кіретін, іс-шараларды жүзеге асыруға бағытталған, инвестициялық өсімдерге салық төлемдерінің бір бөлігін фермерлерге ұлттық бюджеттен компенсациялау қарастырылған. Мемлекеттік аграрлық бағдарламаларға қатысушы ауыл шаруашылық тауар өндірушілері капитал салымының өсіміне салықтың төленуін инвестициялық процестің толық аяқталуына дейін ұстап тұра алады.[11]

 

 

2 ОҚО АӨК салаларының  қазіргі даму жағдайын талдау

 

2.1 ОҚО  агроөнеркәсіп кешенінің қазіргі жай-күйін талдау

 

ОҚО жер ауданы 3224,9 млн. га құрайды, оның ішінде 2005 жылы егін алқабына 740,0 мың га қолданылса, 2010 жылы 648,6 мың га қолданылған.

2010 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша облыстың ауыл шаруашылық өндірушілерін 72015 меншік формаларының барлық түрлеріндегі ауыл шаруашылық кәсіпорындары көрсетеді, оның ішінде 2,5 мың ауыл шаруашылық кәсіпорындары және 69,5 мың шаруа қожалықтары ( кесте 1).

2005-2010 жылдары агроөнеркәсіп кешенінің дамуы тұрақтанған, ауыл шаруашылық өнімдерінің өсуі де байқалған, 2010 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 134,1 млрд. теңге деңгейіне жеткен, оның ішінде өсімдік шаруашылығы 69,2 млрд. теңге, мал шаруашылығы өнімі 64,9 млрд. теңге.

Осы кезең ішінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің құрылымдық қатынастары да өзгерген. Егер 2005 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімдерінің 71,4%-ын өсімдік шаруашылығы өнімдері құраса, сәйкесінше 28,6%-ын мал шаруашылығының өнімдері құраған. 2010 жылы бұл қатынас  өзгерген, мал шаруашылығының өнім үлесі артып, ауыл шаруашылығының жалпы өнімдерінің 48,4%-ын құраған, өсімдік шаруашылығы – 51,6%.

 

1 кесте

2005-2010 жж. Оңтүстік-Қазақстан облысының ауыл шаруашылығының

негізгі көрсеткіштері

 

 

2005

2006

2007

2008

2009

2010

Ауыл шаруашылық құрылымдарының саны, бірлік

50904

70836

74405

73709

72447

72015

Оның ішінде:

 

 

 

 

 

 

Ауыл шаруашылық кәсіпорындары

 

3802

 

3715

3639

2912

2413

2537

шаруа (фермерлік) қожалықтар

47102

67121

70766

70797

70034

69478

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі, млн. теңге

85882,5

80421,9

95218,9

100858,1

118669,4

134116,2

Оның ішінде:

 

 

 

 

 

 

өсімдік шаруашылығы

61304,0

50740,7

59589,1

58781,0

68738,1

69153,1

мал шараушылығы

24578,5

29681,2

35629,8

42077,1

49931,3

64963,1

ЖАӨ ауыл шаруашылық өнімдерінің, %

34,6

28,7

29,6

26,7

19,4

17,8

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімдерінің физикалық көлем индексі, алдыңғы жылға % -бен

106,5

109,6

102,8

100,5

101,1

96,5

өсімдік шаруашылығы

 

 

100,7

96,8

98,1

90,1

мал шаруашылығы

 

 

106,5

106,7

105,3

102,9

Өндіріс салалары бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнімдерінің құрылымы, %

100,0

100,0

100,0

100,0

100,0

100,0

өсімдік шаруашылығы

71,4

63,1

62,6

58,3

57,9

51,6

мал шаруашылығы

28,6

36,9

37,4

41,7

42,1

48,4

Мәлімет көзі: ҚР статистика бойынша Агенттік мәліметтері бойынша

 

2009 жылы ЖАӨ облыстың ауыл шаруашылық үлесі 34,6%-ды құраған. Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру бойынша облыс республика бойынша бесінші орынды алады (жалпы көлемнен 9,7%), Қостанай (17,2%), Солтүстік-Қазақстан (14,6%), Алматы (13,2%) және Ақмола облыстарының (10,0%) тауар өндірушілерінен кейінгі орында.

Ауыл шаруашылығының аймақтық өнімдер құрылымында өсімдік шаруашылығының (сала өнімінің 51,6%) басым түсуімен байланысты, облыстың ауыл шаруашылығының даму қарқыны, негізінен, егін алқаптарының өсуімен және астық, техникалық және көкөніс бақша дақылдарының түсімінің артуымен анықталған.

Оңтүстік Қазақстан облысының АӨК өңдеуші саласының қазіргі жағдайын өндірісті одан әрі дамыту үшін потенциалы мол, тұрақты деп сипаттауға болады. Ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу және тамақ өндіріс көлемдері жыл сайын арта түсуде.

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы өсімінде физикалық көлем индексі базалық кезеңге қатысты инфляция коэффициентін  ескермеу себебінен 10% төмендеген, яғни 2010 жылдың бағасына сала көрсеткіштерін есептеуде өндіріс көлемі төмендеген.

Шаруашылықтың жаңа түрлерінің құрылуы, олардың нарық жағдайларына адаптациясы, ауылдық тауар өндірушілерді мемлекеттік қолдау мал шараушылығы саласының тұрақтануына ықпал етті. 2005 жылдан бастап ауыл шаруашылығы малдарының санының тұрақты өсуі және мал өнімдері өндірісінің тұрақты өсімі байқалуда. Өндіріс көлемінің өсімі, малдардың өнімдігінің артуынан емес, өйкені өнімділігі төмен малдардың басым түсуінен, негізінен мал басының артуымен болып отыры.

Мал шаруашылығы мал басының жеке қораларда шоғырлануымен, сонымен қатар мал өнімдері өндірісінің аз тауарлы және маусымды болуымен сипаттылнады. Мал басының 98 % (ІҚМ басымен қайта есептеуде) тұрғындар шаруашылығында орналасқан, малдардың 1% ауыл шаруашылық кәсіпорындарында және 1%-шаруа қожалықтарында. Мұндай жағдай селекция жетістіктерін, оларды бағу мен азықтандырудың прогрессивті технологияларын қолдануды қиындатады.

Сонымен қатар бұл жағдайға, орта және ірі тауар өндірісімен мамандандырылған дамыған шаруашылықтардың жеткіліксіздігі, малдарды бағудың ескірген технологиясы, әлсіз азықтық база, малды семірту мүмкіндіктерінің толық қолданыс таппауы, толық рационды  комбикормдардың жеткіліксіздігі және оның құнының жоғарылығы, салдары ретінде малдар мен құстардың өнімділігінің төмендігі әсер етеді.

Соңғы үш жылда өсімдік шаруашылығы саласында ауыл шаруашылығы өнімдерінің көптеген түрлері бойынша өндірістің төмендеу тенденциясы байқалған. Орта шамамен  2006-2010  жылдары облыста 299 мың тонна асытық өндірілген,  2003-2005 жылдардың көрсеткішімен салыстырмалы 158 мың тоннаға төмендеген; шитмақта сәйкесінше 398 мың тонна немесе 46 мың тоннаға төмендеген; мақсары - 26,7 мың тонна немесе 18,4 мың тоннаға төмен. Осы кезеңдердегі өнім түсімі астықтар бойынша гетарына 5,3 центнерге, шитмақта – 0,8, мақсары - гектарына 1,3 центнерге төмендеген.

Өсімдік шаруашылығына тән проблемалардың бірі шаруа қожалықтары үшін игерілген жер аудандарын жеткіліксіз бөлуы болып табылады, яғни 53 пайызы 5 га жерге иелік етеді.

Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің өнімділігі жоғары тұқымдармен қамтамасыздандырылмауы, ауыл шаруашылық дақылдарын өңдеудің экстенсивті технологияларын игермеу және ұсынылатын ауыспалы егін тәртібін сақтамаудан, кейде тіпті, аймақтың топырақ-климаттық жағдайына сәйкес келмеуінен және  нарық конъюнктурасының сәйкессіздігінен жер құнарлығының төмендеуі, ауыл шаруашылық дақылдарының түсімінің төмендеуі байқалады.

Облыс тұрғындары маусым аралығында жылыжай шараушылықтарының жетіспеушілігінен көкөністермен қамтамасыздандырылмайды. Қолда бар сыймдылығы 28,3 мың тонна құрайтын 14 көкөніс-жеміс сақтау қоймаларының   98,7 мың тонна  (29%) қажеттілікте, 3 сақтау қоймасы (12700 тонна) жұмыс істеуде, 11 сақтау қоймасы (15646) жөндеу жұмыстарын талап етеді. 146 га қажеттілікте, жылыжай орындарының болуы 110 га құрайды, яғни көкөністер, жемістер және картоп үшін қазіргі технологиялармен қамтамасыз етілген сақтау қоймаларының болмау проблемасы бар.

Осыған байланысты кіші шаруашылықтар санының көп болуымен, ауыл шаруашылық техникасының жаңаруы төменгі қарқынмен жүргізіледі. Ауыл  шаруашылығы техникасының жаңаруы 2010 жылы «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы 48 бірлік жаңа техника алынған, олардың 12-сі комбайн және 36-сы тракторлар, яғни жаңару небары 1,1%. Облыста ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне 45 МТС қызмет көрсетеді, олардың техникалық қуаты өте төмен, өйткені олар көбінесе ескі техникадан құрылған.

Техникалардың қысқаруы, олардың физикалық және моральді тозуы ауыл шаруашылық өндірісінің тиімді дамуының негізгі тежеуші факторлары болып табылады, яғни машина-трактор паркінің ескіруі 85% құрап және толық ауыстырылуды талап етеді.

Кіші шаруашылық субъекттері, шаруа қожалықтары техниканың болмауынан, техника және құралдармен толық жабдықталмаудан, өз жерлерін өз бетінше өңдей алмайды. Төменгі төлем қабілеттілік және өтімді кепіл затының болмауы ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне қажетті техниканы алуға және екінші деңгейлі банктердің  несие ресурстарын қолдануға мүмкіндік бермейді.

 Облыста ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеумен 70 ірі және орта, 851 кіші кәсіпорын шаруашылық субъектілері жүзеге асырады, олардың 26%- дирмендер, 34% -наубайханалар, 12% - өсімдік майын өндіру цехтары және тек 2% ет және сүт өңдеу, 3% жеміс-жидек өнімдерін өңдеу.

Нәтижесінде 2010 жылы өндірістік өнімдердің жалпы көлемінде небары 13% ет, 4% сүт, 14% көкөністер және 5% жемістерн өңделген.

Еттің өңделуінің төменгі пайызының себептері Бәйдібек, Ордабасы, Мақтарал, Созақ, Төлеби, Түлкібас, Шардара аудандары мен Түркістан қалаларында өңдеуші кәсіпорындардың жетіспеушілігі, сәйкесінше сүт бойынша - Созақ, Ордабасы, Отырар, Шардара аудандарында, Арыс, Түркістан қалаларында өңдеу цехтарының жетіспеушілі. Кейбір цехтар айналым қаражаттарының жетіспеушілігінен толық  қуатта жұмыс істемейді.

Қазіргі кезде облыста Бәйдібек, Мақтарал, Отрар, Ордабасы және Созақ, Сарыағаш аудандарында көкөніс өнімдерін өңдеу бойынша шаруашылық субъектілері жетіспейді.

Қазіргі күнде өңдеу саласының экономиканың аграрлық саласының әлсіз буыны екендігін ескере отырып, мемлекеттік ынталандыру және қолдау шараларын одан әрі жоспарлап, оның есебінен оның техникалық және технологиялық қайта қарулануына жету көзделеді. 

 

Сурет 3.  ОҚО қалалары мен аудандарында ауыл шаруашылық өнімдерінің өндірісі

 

Мал шаруашылығы, сондай-ақ өсімдік шаруашылығы сияқты даму көрсеткіштерінің өсу тенденциялары сақталуда. Талдау нәтижелері, өсімдік шаруашылығының өсу қарқыны 2010 жылы 2005 жылдың көрсеткіштерімен салыстырмалы облыс бойынша 112,8%, мал шаруашылығы бойынша – 264,3% құраған. Бұған қарамастан, өсімдік шаруашылығының төмендеуі Кентау қаласында (65,8%), Бәйдібек (85,0%), Қазығұрт (83,4%), Мақтарал (79,6%), Отырар (61,1%), Созақ (78,3%), Шардара (93,3%) аудандарында байқалған. Мал шаруашылығының жалпы өнім көлемі облыстың барлық қалалары мен аудандары бойынша арту тенденциясына ие.

Соңғы жылдардағы егін алқаптарының құрылымын талдау, егіндіктер құрылымында негізгі аудандарды бидай, мақта және азықтық дақылдардың алатындығын көрсетеді (4  кесте).

 

4  кесте

Негізгі ауыл шаруашылық дақылдарының егін аудандары, га

 

Ауыл шаруашылық дақылдарының егін аудандары

2005

2010

Аудан,

га

Үлес салмағы

Аудан, га

Үлес салмағы

Барлық егіндік аудан

740 045

100

648 635

100

 

Астықтық және астықтық бұршақтық дақылдар

231 792

31,3%

175 879

27,1%

 

Оның ішінде:

 

 

 

 

 

бидай

182 184

24,6%

143 949

22,2%

 

арпа

20 841

2,8%

12 271

1,9%

 

астық ретінде жүгері

22 719

3,1%

17 603

2,7%

 

күріш

2 053

0,3%

8

0,0%

 

астық бұршақтық дақылдар

3 334

0,5%

1 673

0,3%

 

Техникалық дақылдар

273 795

37,0%

241 649

37,3%

 

Оның ішінде:

 

 

 

 

 

мақта

199 443

27,0%

178 665

27,5%

 

астық ретінде күнбағыс

11 785

1,6%

6 731

1,0%

 

Картоп, көкөніс бақша дақылдары, барлығы

51 799

7,0%

66 137

10,2%

 

      Оның ішінде:

 

 

 

 

 

картоп

10 429

1,4%

9 801

1,5%

 

көкөністер

24 324

3,3%

26 999

4,2%

 

бақша дақылдары

16 850

2,3%

29 294

4,5%

 

Азықтық астықтар

182 659

24,7%

164 969

25,4%

 

Жеміс-жидек көшеттері, барлығы

14 901

2,0%

13 257

2,0%

 

Жүзім, барлығы

4 595

0,6%

6 308

1,0%

 

Таза  ауданы  (қарасын қоса ескергенде)

52 009

7,0%

37 196

5,7%

 

  

Облыстың маңызды саласы ретінде, өсімдік шаруашылығының жалпы өнім үлесі 2010 жылы 51,6% немесе 69,1 млрд. теңгені құраған. Оның құрылымында негізгі үлесті шитмақта – 29,5%, картоп және көкөніс бақша өнімдері – 34,8% алады.

Егіндік құрылымы да өзгерістерге ұшыраған. 2007 жылы 2010 жылмен салыстармалы астық дақылдарының егіні 54,0%-ға қысқарған (оның ішінде бидай 40,6%, жүгері – 43,0%), азықтық дақылдар – 3,1 есеге қысқарған. Тұтыну сұранысы мен өнімдерді өткізу нарықтарының әсер етуімен техникалық дақылдардың егіні 2,1 есеге артқан (оның інішде мақта – 1,8 есе, темекі – 168,4 есе, мақсары – 7,9 есе, күнбағыс – 7,9 есе), картоп және көкөніс бақша дақылдары – 1,5 есеге артқан.

Өсімдік шаруашылығы мен бақша дақылдарының егін аудандарының төменгі үлесіне қарамастан ауыл шаруашылық дақылдарын жинаудың негізгі үлесі көкөніс шаруашылығына (2010 жылы 30,6%) және бақша шаруашылығына (26,1%) келеді.

 

5 кесте

Шаруашылықтың барлық категориялары бойынша негізгі ауыл шаруашылық дақылдарының жалпы жиыны,(тонна)

 

 

Дақылдардың жалпы түсімі

2010

2005

Өсім қарқыны, %

Тонна

Үлесі

Тонна

Үлесі

 

ОҚО бойынша барлығы

1 783 248

100

1 746  829

100

 

1

Астықтық және  астық бұршақтық дақылдар, барлығы

496 520

27,8

194 501

11,1

39,2

 

Оның ішінде:

 

 

 

 

 

 

бидай

369 349

20,7

124 680

7,1

33,8

 

арпа

35 920

2,0

9 262

0,5

25,8

 

астық ретінде  жүгері

79 842

4,5

57 340

3,3

71,8

 

күріш

7 051

0,4

16

0,0

0,2

 

 астық бұршақтық дақылдар

4 358

0,2

3 203

0,2

73,5

2

Шитмақта

402 021

22,5

317 511

18,2

79,0

3

Астық ретінде күнбағыс

19 154

1,1

9 591

0,5

50,1

4

Картоп

137 721

7,7

154 608

8,9

112,3

5

Көкөністер

418 254

23,5

535 114

30,6

127,9

6

Бақша дақылдары

244 607

13,7

455 084

26,1

186,0

7

Жеміс және жидектер

45 697

2,6

52 506

3,0

114,9

8

Жүзім

19 274

1,1

27 914

1,6

144,8

 

2010 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі       146 млрд 912 млн. теңгені, одан егін шаруашылығы 81 млрд 21 млн., мал шаруашылығы 65 млрд 291 млн. теңгені құрады. Ал 2010 жылдың 11 айында 151 млрд 62 млн теңге, одан егін 85 млрд 738 млн., мал шаруашылығы 65 млрд 324 млн теңгеге жетті.

Ауыл шаруашылығында жалпы өнімнің жыл сайынғы өсуінің оң үрдісі байқалады және қазіргі кезде жалпы өнім өндірісі  саладағы 1 жұмыс басты адамға 3295 АҚШ долларын астамын құрайды.

Облыс бойынша 2010 жылы ауыл шаруашылығы дақылдары 636 мың гектарға орналастырылып, 469 мың тонна га дәнді дақылдар, 2010 жылмен салыстырғанда 2 есеге,  634 мың тонна көкөніс өткен жылмен салыстырғанда 20 пайызға, 503 мың тонна бақша 10 пайызға, 167 мың тонна картоп 9 пайызға,  58 мың тонна жеміс-жидек 12 пайызға, 37 мың тонна жүзім      32 пайызға артты.

Көкөніс пен жеміс-жидектің өнімінің көлемін ұлғайтуға жылыжайлардың қосатын үлесі мол. Сондықтан облыста бұл жұмысқа үлкен көңіл бөлінуде.

Облыс бойынша 2010 жылға минералды тыңайтқыштардың қажеттілігі 91  мың тонна, оның 36,0 мың тоннасы мақта дақылына жұмсалынады. Минералдық тыңайтқыштардың бағасы жоғары болғандықтан тауар өндірушілер қажетті көлемнің 50 пайызын ғана пайдаланады.

«Азия Трейд» ЖШС Сайрам ауданында «Казагроқаржы» АҚ арқылы израилдық «Нетафим» компаниясының бір гектарлық 1 млн 200 мың евро құрайтын жаңа типтік жылыжай кешенін салып, 2010 жылы іске қосылды.

Бүгінгі таңда облыстағы қолда бар жылыжайлардың  егіс көлемі 127 га болса, 2011 жылы – 153 га, 2012 жылы – 183га, 2014 жылы- 334 га  жеткізілуі межеленген.

                                              

 

Сурет 4. ОҚО-да жылыжайлардың  егіс көлемі

 

 

Облысымыздың мал шаруашылығы саласында соңғы жылдары мал өнімдері мен мал басы тұрақтанып, бүгінгі күнге барлық мал түрінің саны өсіп, өнім көлемі артуда. Мал шаруашылығы өнімдерін арттырумен бүгінгі таңда 118 асыл тұқымды мал шаруашылықтары мал тұқымын асылдандыру қызметімен айналысады.

Мал шаруашылығы саласында мал мен құс басы, олардың өнімдері тұрақты өсу үстінде.

2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда  мүйізді ірі қараның саны – 4,9%, қой мен ешкі - 4,7%, жылқы - 5,6%, шошқа - 12%, түйе - 4,0% және құстар - 6,5%, ет өндірісі - 3,3%, сүт - 2,1%, жұмыртқа - 19,2% және жүн - 4,2%, әрбір сиырдан сауылған сүт - 1,8% және әрбір мекиен-тауықтан алынған жұмыртқы – 3,2% артты. 

2009 жылы мал шаруашылығы өндірісіндегі құрылымдардың үлесіне жүргізілген талдаудан, үй шаруашылықтарында еттің 72,5%, сүттің 88,6%, жұмыртқаның 50,6% және жүннің 60% өндірілген, бұл саланы дамытуға айтарлықтай тежеу болып, асыл тұқымды мал басының үлес салмағы  төмен.

Облыста 791 бірлік мал көмінділері немесе  қажеттіліктің 80%,  198 мал сою алаңдары (68%) бар. Алайда, ветсанобъектілерді салуға бөлінетін қаражат көлемі

2010 жылы 2009 жылмен салыстырғанда өңделген ауыл шаруашылығы шикізат өнімінің жалпы өнімдегі үлесі сүттен 2 пайызға, бидайдан 4,3 пайызға, майлы дақылдардан 4,2 пайызға, еттен 2 пайызға өсті. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін кәсіпорындардың 2007 жылы өндірген өнімдерінің көлемі алдындағы жылмен салыстырғанда 11,7 пайызға артты.

2010 жылдың айлары бойынша өткен жылмен салыстырғанда ірі қара мал-4(790 мың), қой-ешкі- 6(3712 мың), жылқы-6(155 мың), түйе- 3(17 мың) , құс- (2364 мың) пайызға және ет-  2(140мың ),сүт- 2 (566 мың), жұмыртқа –(277,7 млн дана), жүн – 4(6,6 мың)   пайызға артты.

Сурет 5. ОҚО агрөнеркәсіп өнімдері

Алайда, саланың дамуын ұстап отырған бірқатар факторлар бар. Ауыл шаруашылығы малдарының барлық мал басының шамамен 97 %-ы  жеке меншікте. Асыл тұқымды мал басының үлес салмағы төмен болып қалуда.

Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу және тамақ өнімде 25000 ірі өндірісінің көлемі жыл сайын ұлғаюда.

Облыста ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу көлемі жылдан жылға артып, 2009 жылы 52 млрд. теңгені құраса, 2010 жылдың 77 млрд. теңгеге, 2010 жылдың 11 айында 78 млрд 832 млн теңгеге жетті.

Сонымен қатар, 2010 жылы 17 ауылдық несие серіктестіктерінің жүйесі арқылы ауыл шаруашылығы өндірісіне 2 млрд 201 млн., «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы 727 млн., «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» акционерлік қоғамымен 70,0 млн., “КазАгроҚаржы” АҚ арқылы 1854 млн. теңге несие берілді.

Облыс халқының азық-түлікпен қамтамасыз етілуі.

Тұтыну корзинасына кіретін 24 түрлі әлеуметтік-маңызды азық-түлікке талдау жасалып, оның ішінде облыс өзінде өндірілетін (ұн, өсімдік майы, сүт, ет, макорон өнімдері, көкөніс, бақша)12 түрі өнім бойынша толығымен қамтамасыз етеді. Қалған өнім түрлері (кілегей май, тұз, құс еті, жұмыртқа, күріш, щұжық, картоп, жеміс-жидек ) басқа облыстардан әкелінеді.

 

  1. кесте

ОҚО бойынша өндірілген және қажетті азық-түліктің кейбір түрлерінің

балансы

 

Өнім атауы

Тұтыну стандарты                 1 адамға кг/жыл

Тонна

Жылдық тұтыну стандарты 2530 мың.адам

2010 жылы өндірілген өнім

Экспорт

Импорт

Баланс

(+,-)

Ұн 1 с.

87,6

221628

482800

398191,6

150,3

-136869,3

Бидай наны 1 с.

87,3

220869

159958

0

0

-60911

Ет және ет өнімдері

48

121440

82100

840

0

-40180

Тазартылған күріш

9,32

23579,6

0

272

6

-23845,6

Кілегей май

1,9

4807

48

0

0

-4759

Сүт және сүт өнімдері

260

657800

525712

0

0

-132088

Жұмыртқа (мың дана)

139

351670

245600

0

959,7

-105110,3

Өсімдік майы

8,8

22264

29278

3102,2

8296,3

12208,1

Макарон өнімдері

4,4

11132

18000

0

0

6868

Жеміс

22

55660

52500

0

248,2

-2911,8

Пияз

18,6

47058

95580

1214

223,5

47531,5

Қызылша

2,1

5313

8636,4

0

0

3323,4

Сәбіз

17,9

45287

32806

0

2,9

-12478,1

Қырыққабат

19,1

48323

90042,3

0

0

41719,3

қызанақ

8,9

22517

173030,5

150,2

5

150368,3

Қияр

6,6

16698

49964

79,2

3,4

33190,2

Картоп

70

177100

154600

 

9379,1

-13120,9

Бақша

24,8

62744

455084

10 230,90

0

382109,1

Жүзім

3,93

9942,9

27900

42,7

1,9

17916,3

Қант

18

45540

170

0

868,9

-44501,1

Тұз

2,19

5540,7

500

0

0

-5040,7

Қара шай

0,67

1695,1

416

46,3

1936,8

611,4

Мәлімет көзі: ҚР статистика бойынша Агенттік мәліметтері бойынша

 

 

Жоғарыдағы кестеге түсініктеме беретін болсақ, ОҚО бойынша өндірілген және қажетті азық-түліктің кейбір түрлерінің тұтыну стандарты 1 адамға кг/жыл ұн 1 с.87,6, ет және ет өнімдері 48, сүт және сүт өнімдері 260, өсімдік майы 8,8 жеміс 22 кг екндігін көрсетілді.  2010 жылы облыс халқының ұлттық нормаларға сәйкес негізгі азық-түлік өнімдеріне деген қажеттілігі өз өнімдеріміздің есебінен, оның ішінде өсімдік майымен - . 101,4%, жеміс-жидек, жүзіммен  – 169,6%, етпен – 170%, , сүт және сүт өнімдерімен – 138%, жұмыртқамен – 211,2% қамтамасыз етілді, ал ұлттық тұтыну нормаларсынан картоп тұтыну – 2,6 есеге, көкөніс – 2,7 есеге артты. 

Осылай, жоғарыды көрсетілген негізгі азық-түлік өнімдерінің өндірісі тұтынуға қажет көлемнен айтарлықтай артып отыр, яғни облыста азық-түлік қауіпсіздігі толығымен қамтамасыз етілген.

2010 жылғы импорт ағынының талдауы көрсеткендей кейбір тамақ өнімінің ішкі тұтыныстағы импорт үлесі шектеулі мүмкіндік табалдырығынан асып кеткен (17%) жеміс жәнекөкөніс консервілері бойынша  – 53,4%, сары май  бойынша– 73,1%, қышқыл сүт өнімі бойынша - 29,4%.

Тез бұзылатын өнімдерді сақтау базасының тапшылығы жеміс-көкөніс өнімдері импортының өсуіне әсер етеді. Тереңнен қайта өңдеу өнімдерінің ет өнімдері, сүт  өнімдері, өсімдік майы, кщнсервіленген қөқөніс және жемістің тұтыну нарықтарында импорт үлесінің жоғары болуы, алдымен қайта өңдеу саласы дамуының жеткіліксіздігі және тереңнен қайта өңделетін тамақ өнімдерінің тапшылығымен жектіліксіз дамуы сипатталады.

            Облыстың азық - түлік қауіпсіздігімен қамтамасыз етілу деңгейі көбіне облыстың азық түлікпен өзін-өзі қамтамасыз ету мүмкіндігіне байланысты.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және тамақ өнімдерін өндіру облыстағы  өңдеу өнеркәсіптерінің ішінде  динамикамен дамитын сала.

Жылдан жылға ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және тамақ өнімдерін өндіру көлемі көбейуде.

2010 жылы 2009 жылмен салыстырғанда өңделген ауыл шаруашылығы шикізат өнімінің жалпы өнімдегі үлесі сүттен 2 пайызға, бидайдан 4,3 пайызға, майлы дақылдардан 4,2 пайызға, еттен 2 пайызға өсті. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін кәсіпорындардың 2007 жылы өндірген өнімдерінің көлемі алдындағы жылмен салыстырғанда 11,7 пайызға артты.

  1. кесте

Оңтүстік Қазақстан облысы халқының мал шаруашылығының       

өнімдерімен қамтамасыз етілуі

 

 

 

 

Халық саны мың адам

ет- 48кг/жыл

сүт-260кг/жыл

жұмыртқа-139шт/жыл

Қажеттілік, мың тонна

Нақты өндірілгені, мың тонна

Қамтамасыз етілуі, %

Қажеттілік, мың тонна

Нақты өндірілгені, мың тонна

Қамтамасыз етілуі, %

Қажеттілік, мың тонна

Нақты өндірілгені, мың тонна

Қамтамасыз етілуі, %

1.

Бәйдібек

60,1

2,9

4,1

142

15,6

20,7

132

8,4

8,7

104,1

2.

Казығұрт

110

5,3

7

133

28,6

44,7

156

15,3

8,2

53,6

3.

Мақтаарал

320

15,4

7,3

48

83,2

68,1

82

44,5

11,1

25,0

4.

Ордабасы

102

4,9

6,6

135

26,5

36,5

138

14,2

9,5

67,0

5.

Отырар

70,3

3,4

3,7

110

18,3

16,8

92

9,8

6,1

62,4

6.

Сайрам

260

12,5

7

56

67,6

89,7

133

36,1

132

365,2

7.

Сарыағаш

265

12,7

12

94

68,9

65,7

95

36,8

9,4

25,5

8.

Созақ

60,2

2,9

5,6

194

15,7

13,3

85

8,4

4,2

50,2

9.

Төлеби

120,8

5,8

7,2

124

31,4

48

153

16,8

17,9

106,6

10.

Түлкібас

105,6

5,1

7,8

154

27,5

39,1

142

14,7

16

109,0

11.

Шардара

80

3,8

2,4

63

20,8

13,7

66

11,1

2,4

21,6

12.

Арыс

70,3

3,4

3,3

98

18,3

10,8

59

9,8

6,9

70,6

13.

Кентау

89

4,3

0,4

9

23,1

3,4

15

12,4

0,8

6,5

14.

Түркістан

214,4

10,3

6

58

55,7

45,7

82

29,8

9,2

30,9

15.

Шымкент

602,3

28,9

0,8

3

156,6

9,4

6

83,7

3,2

3,8

Облыс бойынша

2530

121,4

81,2

67

657,8

525,6

80

351,7

245,6

69,8

 

 

Мал шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз етілуіне талдау жасалғанда байқағанымыз облыс халқы етпен 65%, жұмыртқамен 68% қамтамасыз етілуде.

Жануарлардың өнімділігінің өсуіне кері әсерін тигізіп отырған маңызды проблема – ол мал мен құстың тұқымдық құрамының төмендеуі. 2010 жылы облыста 10 асыл тұқымды мал зауыты, 77 асыл тұқымды мал шаруашылықтары, 1 мал тұқымын асылдандыру және 3 дистрибьютрерлік орталықтар болған. Асыл тұқымды мал шаруашылықтарында 27,1 мың бас мүйізді ірі қара немесе үлес салмағы барлық мал басына шаққанда 3,6%, қой 195,6 мың бас – 6,9%, шошқа 24,5 мың бас – 10%, жылқы 4,8 мың бас – 2,3%, түйе 2,1 мың бас – 36,8% және 203,9 мың бас құстар немесе 2,8%. Мүйізді ірі қара малының тұқымдық және өнімділік сапасын жақсарту үшін 344 қолдан ұрықтандыру пункттері жұмыс жасауда. Сол себептерден, асыл тұқымды малдардың үлес салмағы төмен  болуда

  1. кесте

Оңтүстік Қазақстан облысы халқының егін шаруашылығының 

өнімдерімен қамтамасыз етілуі

 

 

 

 

Халық саны мың адам

картоп-70 кг/жыл

Жеміс-жидек-22кг/жыл

жүзім-3,9кг/жыл

Көкөніс -55,1 кг/жыл

Қажеттілік, мың тонна

Нақты өндірілгені, мың тонна

Қамтамасыз етілуі, %

Қажеттілік, мың тонна

Нақты өндірілгені, мың тонна

Қамтамасыз етілуі, %

Қажеттілік, мың тонна

Нақты өндірілгені, мың тонна

Қамтамасыз етілуі, %

Қажеттілік, мың тонна

Нақты өндірілгені, мың тонна

Қамтамасыз етілуі, %

1.

Байдібек

60,1

4,2

3,1

74

1,3

0,6

45

0,2

0

0

3,3

4,7

142

2.

Казығұрт

110

7,7

4,8

62

2,4

4,8

198

0,4

0,8

186

6,1

13

214

3.

Мақтаарал

320

22,4

5,5

25

7,0

1,4

20

1,2

2,8

224

17,6

31,3

178

4.

Ордабасы

102

7,1

7,5

105

2,2

1,3

58

0,4

1

251

5,6

39,2

697

5.

Отырар

70,3

4,9

1

20

1,5

0,3

19

0,3

0,04

15

3,9

4

103

6.

Сайрам

260

18,2

28,4

156

5,7

15,7

274

1,0

11,3

1114

14,3

124,1

866

7.

Сарыағаш

265

18,6

75

404

5,8

5,2

89

1,0

5,5

532

14,6

171,1

1172

8.

Созақ

60,2

4,2

2,2

52

1,3

0,6

45

0,2

0,01

4

3,3

2,5

75

9.

Төлеби

120,8

8,5

12,7

150

2,7

10,2

384

0,5

2

425

6,7

18,3

275

10.

Түлкібас

105,6

7,4

7

95

2,3

6,6

284

0,4

3

728

5,8

39

670

11.

Шардара

80

5,6

0,6

11

1,8

0,2

11

0,3

0,02

6

4,4

4,9

111

12.

Арыс

70,3

4,9

2,5

51

1,5

0,2

13

0,3

0,02

7

3,9

6,3

163

13.

Кентау

89

6,2

0,8

13

2,0

0,6

31

0,3

0,1

29

4,9

4,2

86

14.

Түркістан

214,4

15,0

3,5

23

4,7

2,8

59

0,8

0,5

60

11,8

67,3

570

15.

Шымкент

602,3

42,2

0,2

0

13,3

1,7

13

2,3

0,8

34

33,2

5,1

15

Облыс бойынша

2530

177,1

154,8

87

55,7

52,2

94

9,9

28

284

139,4

535

384

 

 

Егін шаруашылығының өнімдерінің ішінде картоп(85%) және жеміс-жидекпен(91%) облыс халқының қажеттілігін қамтамасыз ете алмайды.

Тұтыну стандарттарына сәйкес облыс халқына қажетті азық-түлікке талдау жасалғанда, маңызды тамақ өнімдеріне өзімізде өндірілетін өніммен қамтамасыз ете аламыз:

Ұнмен, көкөніспен, жүзіммен артығымен қамтамасыз етіледі;

Етпен, жұмыртқамен, картоппен және жеміспен қамтамасыз етілуі тұтыну стандарттарынан төмендеу.

Азық-түлікпен облыс халқын толық қамтамасыз етілуі үшін, төмендегідей тұжырымдама жасауға болады:

- Азық-түлік нарығын толығымен ұлттық тұтыну стандарттарына қажетті өнімдермен қамтамасыз ету;

- Кейбір негізгі азық түлік түрлерімен облыстың қажеттілігі қамтамасыз етілмейді;

- Облыс халқы  мерзімаралық уақытта көкөніс және жеміспен қамтамасыз етілмейді;

- Ет және сүтті терең қайта өңдеумен облыс халқының қажеттілігі қамтамасыз етілмейді;

- Азық-түлікпен қамтамасыз ету тұрақты емес болғандықтан импорт көлемінің өсуіне және отандық өнімнің стандарт сапасына тура келмейді. Азық түліктің импорты жоғары болғандықтан және отандық өнім сапа стандарттарына сай келмегендіктен азық түлікпен қамтамасыз ету жүйесі тұрақты емес.

Сондықтан, әрбір ауыл шаруашылығы өнімдерінің есебін жасап және оның көлемін ішкі қажеттілікке байланысты арттыру. Сонымен қатар, кейбір экспортқа шығарылатын өнімдердің көлемін көбейту қажеттілігі туандайды.

 

 

 2.2 ОҚО агроөнеркәсіп кешенін  дамуыту  нарығының жағдайын және 

       даму  тенденциясын талдау

 

Шаруашылық жүргізудің  экономикалық тетіктерінің  негізгі элементтерін қарастырған жағдайда, олардың өндірістік қатынастар жүйесі  мен  өндіргіш   күштердің   өзара   байланысын   қамтамасыз ететіндігіне баса  көңіл  аударылуы  қажет.   Өндірістік  қатынастар жүйесі арқылы ғана экономикалық заңдар талабы көрініс табады. Өндірістік қатынастардағы қарапайым байланыстардың сызықгық емес тәуелділікке  айналу  процесін   негізге  ала  отырып, меншік түрлерінің даму тарихын қарастырып өткен жөн.

           Қазіргі коғамның нарықтық жүйемен даму кезеңінде меншікке байланысты қатынастар ең бір күрделі, іргелі, негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Нақ осы қатынастар агроөнеркәсіп кешені мен оның буындарының қазіргі кезеңдегі дамуы мен қызмет етуінде басты орын алып отыр. Меншік түрі атқаратын қызметі мен мәні жағынан экономиканың даму қарқынын не жеделдетеді, не баяулатады.

Экономиканың даму мақсаты әлеуметтік-экономикалық қатынастардың тұрақгылығын, конъюнктуралық ауытқуларға төзімділігін қамтамасыз ету болып табылады. Бұған барлық меншік нысандарының қызмет етуі арқылы ғана жетуге болады. Бір меншік пен шаруашьлық жүргізудің нысанының монополиясы арқылы экономиканың тиімділігін қамтамасыз ету мүмкін емес. Қаншама тиімді болмасын, жеке бір меншік нысанын бөліп алып, оны дамытуға бар күш-жігерін салу қате, бұдан гөрі түрлі меншік нысандарына негізделген кәсіпкерлік кызмет түрлерінің біртұтас өміршең, икемді секторын қалыптастырып, дамыту маңыздырақ.

Ұжымдық түрдегі кәсіпкерлік қызмет экономикалық жағынан өндірістік тұрақты дамуын қамтамасыз етеді. Мұнда жұмыскерлер саны    технологиялық     қажеттіліктермен     анықталып,      еңбекті алмастыру мүмкіндігі бар болады.

Оңтүстік Қазақстан облысы ҚР-да ірі ауылшаруашылық өнімін өндіруші аймақ    болып     қалыптасқан.     Оңтүстік     Қазақстан облысының аумағы солтүстіктен оңтүстікке қарай 650 км-ге және шығыстан батысқа дейін 550 км-ге созылады. Облыс аумағының жалпы көлемі 117 мың шаршы км құрайды.  

 Облыс аумағы  Тұран    ойпаты    мен    Тян-Шанның    батыс сілемдері аралығында орналасқан. Аумақтың басым бөлігі жазық жер,   тек   орталық  бөлігінде   ғана   оңтүстік-шығыстан   солтүстік-батысқа  қарай   300  км-ге  созылған  Қаратау  жоталары   созылып жатыр.  Ең биік деп саналатын Угам мен Талас жоталары облыстың  оңтүстік-шығысын көмкеріп тұр.

           Облыс   солтүстікте   Жезқазған,   батысында   - Қызыл-Орда, шығысында – Жамбыл облыстарымен, оңтүстікте - Өзбекстан,  оңтүстік шығысында - Қырғызстан мемлекеттерімен шекаралас.

Оңтүстік    Қазақстан    облысының    аумағының    жер    бедері көптүрлілігімен  ерекшеленіп,  4 ірі бөлікке топталады:  солтүстік, оңтүстік-батыс,   оңтүстік  —  жазық  бөліктері;   оңтүстік-шығыс -таулы     бөлігі.     Географиялық    тұрғысынан     облыс     құрамына Қызылқұм   шөл   даласының   оңтүстік-шығыс   бөлігі,    Сырдарья өзенінің ортаңғы ағыс аңғары, Мойынқұм даласының батыс шеті, Шу    өзенінің    төменгі    ағыс    аңғары,    Бетпақ    дала    шөлінің  батысындағы сазды бөлігі, Қаратау жотасының басым бөлігі мен Батыс Тян-Шанның бірқатар жоталары кіреді.

Аймақ экономикасына жалпы елдің ауыл шаруашылығының даму      тенденциялары      едәуір      ықпалын      тигізеді. Нарық қатынастарының  дамуы   жағдайында,   жеткілікті  өндірістік күш-қуаты     мен     заман     талабына     сай     шаруашылық    жүргізудің экономикалық тетіктері бар ауылшаруашылық кәсіпорындар ғана қызмет ету мен нығаю мүмкіндігіне ие болатыны бәріне де мәлім.

2009    жылдың    1    қаңтарында    облыста    9572    жуық   кіші  кәсіпорындар      қызмет     етті      (фермерлік     шаруашылықтарды қоспағанда).   Барлық   салалардағы   жұмыскерлердің   ортажьлдык саны   725,7   мың   жұмысшыны       құраса,   ауыл   шаруашылығы өндірісінде олардың ішінен 142,9 мың жұмысшы қызмет атқарады. Ауылшаруашылық өндірісінде пайдаланылатын жер көлемі 11млн. гектарға жуық, соның ішінде айдалған жер   бөлігі 1,2 млн. гектар шамасында.   Пайдаланудағы  жердің  500 мың гектардан   артығы суармалы      жерлерді құрайды.      Ауыл      шаруашылығында пайдаланылатын жерлердің құрамын төмендегі кестенің мәліметтерінен байқауға болады.

Оңтүстік аймақга    458 мың гектар, немесе 3,7%-ке тең орман алқабы мен 6,7% құрайтын тау бедерлі жерлер бар.  Бұлар ауыл шаруашылығына  пайдалануға жарамсыз.   Өйткені  кең  баурайлы, терең аңғарлары        тау    бедерлі    жерлер    ауылшаруашылық айналымына пайдалануға тиімсіз. Сонымен бірге, бұл жерлердің басым бөлігінде құнарлы қабат жоқгың қасы. Тек кейбір жерлерді ғана мал жаюға мүмкіндік береді.

 Бұндай жағдай қазіргі мен болашақ кезеңінде жерлерді бағалау үшін  маңызды  мәселе  болып отыр.  Өйткені,  осындай жерлерді ауылшаруашылық өндірісіне белсенді түрде қатыстыруға ешқандай негіз жоқ. 

Дегенмен соңғы жылдары   жер   қорының   құрылымында біршама өзгерістер байқалады. (Кесте 4)

Кестеде көрсеткендей,  соңғы  төрт жыл  ішінде   егістік  пен көпжылдық  өсімдіктердің   өсімі   байқалуда.   Ал,   тьң   жерлердің, шабындық пен жайылымдардың көлемі біршама төмендеді.

 

Кесте 9

Ауылшаруашылық жерлерінің кұрылымы ( 01.2010 жылғы мәліметтер)

 

Ауылшаруашылық жерлерінің құрамы

Барлығы, мың га

 

Жалпы жер көлеміндегі үлесі, %

 

Ауылшаруа-шылық жер көлеміндегі үлесі, %

Егістік

1107,2

8,9

10,1

Көпжылдық егістік

26,5

0,2

0,2

Тың жерлер

112,0

0,9

1,0

Шабындықтар

176,9

1,4

1,6

 Жайылымдар

 

9545,9

 

77,1

 

87,0

 Барлық ауылшаруа- шылық жерлер

10968,5

 

88,6

 

100,0

 

Үй іргелік жерлер

24,7

0,2

-

 Ормандар

458,0

3,7

-|

Мемлекеттік              қордағы жерлер

105,8

 

0,9

 

-

 

Басқа да жерлер

818,9

6,7

-

Барлығы

12375,9

100,0

-

Мәлімет көзі: ҚР статистика бойынша Агенттік мәліметтері бойынша

 

 

Жоғарыдағы кестеге түсініктеме беретін болсақ, ауылшаруашылық жерлерінің құрылымы өткен жылдармен, яғни 2009 жылмен салыстырғанда 2010 жылдың бірінші қаңтарында егістік жер алқабы жеркөлемдік үлесі бойынша 8,9%, көрсетті, ал ауылшаруашылық жер көлеміндегі үлесі 10,1 %-ды құрады. Сонымен қатар шабындақ жерлер 1,6%- ды, Жайылымдар 87,0%-қ ауыл шаруашылық жер көлеміндегі үлес салмақты көрсетті. 

 

 

 

 

 

Кесте 10

Оңтүстік Қазақстан облысындағы ауылшаруашылық жерлерінің

өзгеру динамикасы, (мың га)

 

Көрсеткіштер

2007

 

2008

 

2009

 

2010

 

Егістік

514,0

901,0

1015,0

1107,2

Тың жерлер

783,2

205,8

128,9

112,0

Көпжылдық егістік

10,4

14,9

24,0

26,5

Шабындықтар

593,0

288,0

186,0

176,9

Жайылымдар

9644,8

9283,2

9066,0

9545,9

Үй іргелік жерлер

17,6

19,1

21,8

24,7

Барлығы:

11563,0

10712,0

10441,7

10993,2

Ормандар

613,0

574,6

528,2

458,0

Мемлекеттік қордың жерлері

53,2

72,5

89,6

105,8

Басқа да жерлер

2980,8

3119,9

600,5

818,9

Барлығы:

15210,0

14479,0

11660,0

12375,9

 

 

Жоғарыдағы кестенің мәліметтерін төмендегі сурет арқылы көруге болады.

 

 
 

 

 


 

 

 

 

Сурет 6 –ОҚО ауылшаруашылық жерлерінің өзгеру динамикасы

 

Қазақстан жағдайында, территорияның 85% куаң аймағы мен ылғалы     жеткіліксіз     аймағына     жатады.      Бұндай     жағдайда ауылшаруашылық дакылдарын өсіру мен жер қорын сапалы бағалау үшін жасанды суару шешуші роль атқарады. Оңтүстік Қазақстан  облысында ауьл шаруашылығында айдалған жердің шамамен 500  мың гектарға жуығы суармалы егістікті құрайды. Бұндай суармалы  егістік жерлерінде дәнді дақылдар, мақта және мал азығы егісі,  картоп, көкөніс, бау-бақша алқаптары жайғасады. Бұны мына төмендегі кестенің көрсеткіштерінен байқауға болады. (Кесте 3)

Кесте  мәліметтерінен  соңғы  4-5  жыл  көлемінде  суармалы егістіктің жер көлемі үлкен өзгерістерге  ұшырамағанын көруге  болады.  Суармалы жердің 41%-ға жуығын  астық егісі, 30%-дан астамын техникалық дақылдар құрайды.

 

Кесте 11

Оңтүстік Казақстанның облысының суармалы жерлерінің құрылымы

 

Көрсеткіштер

2004

2005

2006

2007

Суармалы егістік, соның ішінде:

520,2

506,4

496,6

500,3

Пайдаланылатыны,

507,4

491,7

452,9

489,9

егістік көлемі:

442,1

442,4

420,2

456,7

соның ішінде, негізгі дақылдар бойынша:

-дәнді дақылдар;

165,5

152,0

146,7

154,4

-мал азығы;

99,9

98,6

94,8

92,3

-картоп, көкөніс, бау-бақша егісі;

31,6

45,7

47,5

54,8

-күріш;

8,0

2,9

2,4

4,2

-техникалық дақылдар;

136,9

143,3

128,8

151,0

соның ішінде мақта егісі;

103,6

117,9

121,3

132,0

Бақша, жүзімдіктер

28,7

18,6

21,0

21,3

Жайлымдар

2,0

2,3

2,5

2,6

Басқалары

9,8

9,0

9,2

9,3

Пайдаланылмайтын жерлер

12,8

14,66

12,2

10,4

 

      Ауылшаруашылық құрылымдарының жалпы даму динамикасына тоқталсақ,  келесідей   көрсеткіштерге   баса   назар аудару қажет. Шаруашылықтардың,   соңғы   жылғы   мәліметтері бойынша, негізгі қорларының сомасы 17,5 млрд. теңге болса, оның ішінде ауыл шаруашылығын-да пайдаланылатын негізгі өндірістік қорлар 15,2 млрд. теңгені кұрады.2004 -2007 жылдар ішінде жалпы табыстың сомасы орташа есеппен 7,5 млрд. теңге болып, соның ішінде егін шаруашылығы бойынша бұл көрсеткіш 6,4 млрд. теңге, ал   мал   шаруашылығы   бойынша   -   1,1   млрд.   теңгені   кұрады.      Оңтүстік Қазақстан           облысының           ауылшаруашылық кәсіпорын- дарының даму динамикасы  кестеде көрсетілген.

Кесте  мәліметтерінен талдап отырған  кезең ішінде  қормен жабдықгалу     көрсеткіші     4,3%-ға     төмендегенін,      энергиямен жабдықталу көрсеткіші - 10,5%, еңбектің қормен жабдықталуы -5,2%, ал еңбектің энергиямен жабдыкталуы - 10,7%-ға азайғанын  көруге болады. Бұнымен қоса, осы кезең ішінде жалпы өнім көлемі орта есеппен 23%-ға, жалпы табыс - 26,5%-ға төмендеді. Алайда, кәсіпорындардың   негізгі   қорлармен   жабдықталуы   шаруашылық қызметінің    соңғы    көрсеткіштеріне    қарағанда біраз пайызға төмендегенін көруге болады. Бұл жағдайда, кәсіпорындардың  материалдық-техникалық базаның  азайып,  өндірістік  көрсеткіштердің өсуіне мүмкіндік бермейтінін білдіреді.

 

Кесте 12

Оңтүстік Қазақстанның ауылшаруашылық кәсіпорындарының даму

 динамикасы

 

Керсеткіштер

 

2001-2005жж

2006-2010жж

2006-2010жж

2001-2005жж

пайыз есебімен

1.Ауыл шаруашылығындағы егістікке пайдаланылатын жердің 100 гектарына келетін:

-   Негізгі ауылшаруашьшық өндірістік қорлар, мың теңге;

1323,2

 

1266,6

 

95,7

 

-Энергетикалық қуат, ат күші;

353,8

316,7

89,5

2. Ортажылдық бір жұмыскерге  келетін:

-   Негізгі        ауылшаруашылық ендірістік қорлар, мың теңге;

21,0

 

19,9

 

94,8

 

-   Энергетикалық қуат, ат күші;

5,6

5,0

89,3

3. Ауылшаруашылық     егістік жерінің         100         гектарынан алынған (1999 жылғы бағамен):

- Жалпы        ауылшаруашылық өнімі, мың теңге;

 

896,2

 

690,4

 

77,0

 

-   Жалпы табыс, мың теңге;

488,3

 

358,8

 

73,5

 

-   Пайда, мың теңге;

 

-

-28,3

 

 

-

-   Рентабельділік деңгейі;

 

-15,4

 

-19,6

 

-127,3

 

         

 

Жоғарыдағы кестеге түсініктеме беретін болсақ, ауылшаруашылық     егістік жерінің 100  гектарынан алынған (2001 жылғы бағамен). Жалпы        ауылшаруашылық өнімі 896,2 мың тенгені құрады, 2006-2010 салыстырғанда 690,4 мың тенгені құрады. Ал пайыздық есебімен 77,0 %-ды құрап отыр.Ал жалпы табысына келетін болсақ 1999 жылмен салыстырғанда 448,3 мың тенгені құрады. 2006-2010 салыстырғанда 353,8 мың тенгені құрады, ал пайыздық көрсеткіште 73,5% көрсетіп жатыр. Рентабельдік жағдайы жалпы 127,3 %-ға төмендеген.

Кесте 13

Оңтүстік Қазақстан облысының орталық аймағының егістік

жерінің кұрылымы, (01.2010 жыл, мың. га)

 

 

Егістік көлемі

Аймақ егістігінің облыс көлеміндегі егістік жеріне пайыз есебімен

Барлығы

Соның ішінде, суармалы егістік

1

2

3

4

Облыс бойынша, барлығы:

 

1133,7

 

500,3

 

100

 

соның ішінде, аймақ бойынша, барлығы:

566,7

 

132,0

 

49,9

 

соның ішінде: -   Бәйдібек ауданы;

155,2

 

12,8

 

13,7

 

-   Ордабасы ауданы;

 

37,5

 

35,6

 

3,3

 

 -   Сайрам ауданы;

 

91,7

 

36,6

 

8,1

 

-   Төлеби ауданы;

71,6

 

15,0

 

6,3

 

-   Түлкібас ауданы;

67,3

 

17,8

 

5,9

 

- Қазығұрт ауданы;

143,4

14,2

12,6

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоғарыдағы кестеге түсініктеме беретін болсақ егістік көлемі жалпы облыс бойынша 1133,7 мың. қа құрайды. Снық ішінде суармалы жер 500,3 мың га. құрап отыр.

 

Кесте 14

Оңтүстік Қазақстан облысының орталық аймағындағы суармалы

 жерлердің құрылымы, (2010 жыл мың га)

 

 

 

    Көрсеткіштер

Облыс бойын-ша

Соның ішінде аудандары бойынша

Бәйді-

бек

Орда-

басы

Сай-

рам

Төле-

би

Түлкі-

бас

Қазы-

ғұрт

1

2

3

4

5

6

7

8

Суармалы егістік

500,3

12,8

35,6

36,6

15,0

17,8

14,2

Пайдаланылатын:

409,9

7,9

35,2

34,1

15,0

12,9

10,4

Егістік көлемі,

376,7

7,7

32,4

27,4

10,6

9,3

8,0

Соның ішінде негізгі дақылдар бойынша:

-астық

74,2

4,8

9,5

9,1

3,4

1,3

2,0

- мал азығы

92,3

1,5

6,3

9,2

3,7

7,0

2,0

- картоп, көкініс, бақша егісі;

54,3

1,3

5,0

8,3

2,7

0,8

3,5

- күріш;

4,2

-

-

-

-

-

-

- техникалық дақылдар;

151,2

0,1

11,6

0,8

0,8

0,2

0,5

соның ішінде мақта егісі

132,0

-

10,2

-

-

-

-

Бау-бақша жүзімдіктер;

21,3

0,2

0,6

5,8

1,9

3,5

2,3

Жайылымдар;

2,6

-

0,2

-

-

0,1

0,1

Басқалары;

9,3

-

2,0

0,9

2,5

-

-

Пайдаланылмайтын

жерлер;

90,44

4,9

0,4

2,5

-

4,9

3,8

 

Жоғарыдағы кестедегі егістік көлеміндегі дақылдар бойынша мал азығы, көкөністерге, техникалық дақылдарды толығымен талдау үшін төмендегі диограммаға қараймыз.

14-кестенің мәліметтері бойынша аймақты қормен және энергетикалық қуатпен жабдықтау Оңтүстік Қазақстан облысының басқа аудандарымен салыстырғанда жоғары деңгейде екенін көрсетеді. Бұл жағдай, осы аудандардың ауылшаруашылық кәсіпорындарының жоғары өндірістік даму мүмкіншіліктерінің барлығын дәлелдейді.

Облыстың жалпы ауыл шаруашылығындағы тенденцияларға сай бұл аудандарда  да ауылшаруашылық өндірісіндегі жұмыскерлер санының азаюы және өңделетін жер мөлшерінің қысқаруы байқалуда.

 

 

Сурет 7 – ОҚО орталық аймақтың суармалы жерлерінің құрылымы

 

Кесте 15

Оңтүстік Қазақстан облысының орталық аймағы аудандарының

 ауылшаруашылық кәсіпорындарының даму динамикасы

 

Көрсеткіштер

2001-2005жж

2006-2010жж

2006-2010жж

2001-2005жж

пайыз есебімен

1

2

3

4

1.Жұмыскерлердің ортажылдық саны, мың адам, соның ішінде:

468,1

380,2

81,2

- ауылшаруашылық өндірісінде қызмет етуші;

223,0

207,0

92,8

2. Ауыл шаруашылығында пайдаланылатын жер көлемі, млн.га;

3,7

3,6

97,3

соның ішінде, айдалған жер, мың га.

0,62

0,6

96,8

3. Негізгі қорлар, барлығы, млрд. теңге

5,82

4,62

79,4

соның ішінде, ауылшаруашылық қорлар;

5,2

4,0

76,9

4. Энергетикалық қуат, барлығы, млн. ат күші;

1,9

1,6

84,2

5. Негізгі өндіріске жұмсалған шығындар, млн. тенге;

2838,3

4757,9

167,6

6. Ауылшаруашылық жерінің 100 гектарына келетін:

- негізгі ауылшаруашылық өндірістік қорлар, мың теңге;

140,5

111,1

79,1

Энергетикалық қуат, ат күші;

51,4

44,4

86,4

7. Ортажылдық бір жұмыскерге келетін:

- ауылшаруашылық жерінің көлемі, га;

16,6

17,4

104,8

-негізгі ауылшаруашылық өндірістік қорлар, мың теңге;

23,3

19,3

82,8

8. Мал басы, мың бас:

- ірі қара мал;

19,3

12,0

62,2

- қой-ешкі;

230,1

91,9

39,9

- құс;

1025,8

473,9

46,2

9. 100 гектарға келетін мал басы, бас:

- ірі қара мал

3,1

2,0

64,5

- қой-ешкі

37,0

15,3

41,2

- құс

165,0

79,0

47,9

 

Негізгі өндіріске жұмсалатын өндіріс шығындары зерттелініп отырған кезең ішінде 67,6% артқан. Ол ең алдымен өнеркәсіп өнімдерінің қымбаттауы мен қолда бар ресурстардың тиімсіз пайдалануымен байланысты.

Бұл аудандардағы ауылшаруашылық кәсіпорындары өндірісінің экономикалық тиімділігі 11-кесте мәліметтерімен сипатталынады.

Жалпы алғанда, ауылшаруашылық өнімінің өндірісі орташа шамамен 2006-2010 жж аралығында 2001-2005 жж-мен салыстырғанда едәуір төмендеген. Осы уақыт аралығында еңбек өнімділігінің артқаны да байқалмайды. Бұл көрсеткіштің артқанын, не төмендегенін алынған жалпы табыс немесе пайда бойынша көруге болады.

 

Кесте 16

 Оңтүстік Қазақстан облысының орталық аймағы кәсіпорындарындағы

         ауылшаруашылық өндірісінің экономикалық тиімділгі

 

Көрсеткіштер

2001-2005жж

2006-2010жж

2006-2010жж

2001-2005жж

пайыз есебімен

1.Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі, млрд. теңге

2,8

3,8

135,7

2.Жалпы табыс, млрд. теңге

1,4

1,8

128,6

3.Пайда, млрд. теңге

0,4

0,2

50,0

4.Еңбек шығындары, млн. адам-сағ

12,6

13,9

110,3

5.Ауылшаруашылық егістік жерінің 100 гектарына келетін:

- жалпы өнім, мың теңге

102,6

77,8

75,8

- жалпы табыс, мың теңге

48,0

37,8

78,8

- пайда, мың теңге

10,8

6,7

62,0

6.Ортажылдық бір жұмыскерге келетін:

- жалпы өнім, мың теңге

17,0

13,5

79,4

- жалпы табыс, мың теңге

7,9

6,6

83,5

- пайда, мың теңге

1,8

1,2

66,7

7.Қор қайтарымы, теңге/теңге:

- жалпы өнім құны бойынша

0,73

0,70

95,9

- жалпы табыс бойынша

0,344

0,342

99,4

- пайда бойынша

0,08

0,06

75,0

8.Рентабельділік деңгейі, %

8

-13

-

9.Бір адам-сағатқа келетін:

- жалпы өнім, теңге

303,6

201,4

66,3

- жалпы табыс, теңге

142,4

97,5

68,5

- пайда, теңге

31,9

17,2

53,9

 

         Ауылшаруашылық өндірісінің жағдайын барынша сипаттауға жалпы өнім құны бірыңғай бағалар бойынша есептелінген еңбек өнімділігі көрсеткіші мүмкіндік береді. Өйткені, пайданың басым бөлігі дифференциалданған үстемелер есебінен алынса, қалғаны өндірістің өсімі нәтижесінде алынады. Жалпы өнім құны бірыңғай бағалар бойынша есептелінген қор қайтарымы секілді өндіріс тиімділігінің маңызды көрсеткіші зерттелініп отырған мерзім аралығында көп өзгерген жоқ. Бұл, агроқұрылымдардың  өндірістік күш-қуаты толығымен тиімді пайдаланылмайтынын сипаттайды. Ағымды бағалардың жыл сайынғы өсімі зерттелініп отырған кезең аралығында пайда массасының екі еседен артық абсолютті артуын туғызады.

         Оңтүстік Қазақстан облысының бұл аймақ кәсіпорындарындағы күрделі қаржылардың тиімсіз пайдаланылуы байқалуда. 2006-2010жж аралығында  2001-2005жж салыстырғанда негізгі өндірістік қорлардың құндық өлшемдігі көрсеткіштері 20,6% - ға төмендесе, жалпы өнім құны бойынша есептелінген қор қайтарымы тек 4,1% төмендегенін көруге болады. Яғни, облыс экономикасын қайта құру процесі соңғы 10 жыл ішінде елеулі нәтижелер берген жоқ.

         Кестедегі мәліметтерді талдай келе, ұжымдық меншік шеңберінде адамның өндіріс пен өз еңбегі  нәтижелерінің қожайыны сезімін ояту үшін қажетті шарттарды қалыптастыру мүмкіндігі болмады. Сонымен бірге, әрбір жұмыскердің мүддесін еңбек ұжымының мүдделерімен байланыстырып, үйлесімді біріктіру процесі жүзеге асырылмағанын көруге болады. Сол себепті, өндіріс өніміниеленудің формасы ретіндегі меншік бірқатар өзгерістерге ұшырау қажеттілігі туындаған болатын. Бұл орайда, меншік – бұл күрделі экономикалық категория деп атап өту керек. Ол үш элементке негізделеді. Бірінші, бұл – меншік объектісі – материалды-заттай элементтер мен өндіріс процесінің нәтижелері, яғни, өндіріс құралдары мен өндірілген өнім.  Екіншіден, бұл – меншік субъектісі - өндіріс құралдары мен өндірілген өнімнің иеленуін және осы негізде олардың иемденуін, үлестіруін пайдалануын сипаттайтын, өндіріс, үлестіру, айырбас пен тұтыну процесіндегі адамдар арасындағы экономикалық қатынастар. Үшіншіден, бұл – меншік объектісіне қатысты адамдар арасындағы қатынастар жүйесінің  құқықтық формасы.

         Мұндағы басты назар меншік субъектісіне аударылады. Өйткені, оның сандық немесе сапалы өзгеріске ұшырауы меншік объектісінің өзгеруіне алып келеді. Бұл, қазіргі экономикалық жүйеде өндірістің материалды-заттай құралдарының құрамы, олардың өзгерісі мен қолдану ерекшелігі, сонымен бірге, сол кәсіпорынның ақтық өнімін өткізу мен  пайдалану тәсілдері, арналары, мақсаттары, формалры өндіріс, үлестіру, айырбас және тұтыну процесіндегі адамдар арсындағы экономикалық қатынастарға тәуелді екенін көрсетіп отыр.

         Экономика талдауларынан белгілі меншіктің мәні, оның экономикалық мазмұнымен анықталады. Өйткені, өндірісте өнім өндіру процессіне қатысушысы өндіріс құралдары мен оның нәтижелеріне қаншалықты дәрежеде билік етсе де, меншік оның мазмұнын өзгерте алмайды.

         Меншік қатынастарының дамуы диалектикалық жағынан күрделі процесс болып табылады. Еліміздің экономикасын түпкілікті қайта қалыптастыру барысында қарапайым қатынастар орнына иерархиялық күрделі қатынастар келуде. Олардың элементтері өзара сызықтық емес қатынаста байланысқан. Олардың әрқайсысы айтарлықтай дербес өмір сүрсе де, бір-бірімен етене байланысып отырады. Тұтас ағза (организм) ретінде осы элементтердің қозғалысы нақты қайшылықтарды жеңу арқылы, жүйенің жоғары сапалы деңгейге өту жолымен жүзеге асырылады.

Оңтүстік Қазақстан облысында, атап айтсақ алты ауданда, жалгерлік келісім шарт жағдайында өндірстік бөлімшелердің шаруашлық жүргізу тәжірибесі жинақталған (кесте 12).

Талданып отырған кезең мәліметтерін салыстыра отырып, келесідей қорытындыға келуге болады. 2006жылы  жалгерлік қатынастар бойынша қызмет еткен кәсіпорындар 2720 млн. теңгеге тең жалпы өнім өндірген болатын, бұл жалпы деңгейдің 66,3% құрады. Соның ішінде, егіншілік шаруашылығында бұл көрсеткіш 71,0% деңгейде болса, мал шаруашылығында ол 58,4% тең болды. Сондағы жұмыскерлердің жалпы саны 8,6 мың адамды немесе жалпы қызметкерлер санының 50,2% құрады.

Бұл ұжымдардағы бір жұмыскерге келетін жалпы өнім өндірсі басқа ұжымдарға қарағанда екі есеге жуық жоғары. 2007 жылы жалпы өнімнің енді 81,9% жалгерлік қатынастар негізінде өндірілді. Сондағы, егіншілік шаруашылығындағы бұл өнімнің үлесі 79,6% артса, мал шаруашылығында 71,4% жоғарылады. Бір жұмыскерге жалпы өнімнің 342,9 мың теңгеге тең көлемі сәйкес келді, бұл жалгерлік қатынастарды пайдаланбайтын кәсіпорындарға қарағанда екі еседен аса артық болды.

Шаруашылық жүргізу нысаны ретіндегі жалгерлік өндіріс құралдарының, жер ресурстарының пайдаланылуын жақсартуға мүмкіндік береді, өндірістің соңғы нәтижелеріне деген жұмыскерлердің қызығушылығын арттырады. Ол адамның өндіріс құралдарынан шеттетілуін жойып, адам факторын белсенді қолданып, осы арқылы өндіріс тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік береді.

Алайда, жалгерлік қатынастардың  мәнін асыра бағалаудың қажеті жоқ. Шаруашылық жүргізудің экономикалық тетігін жетілдіру шараларын  меншік нысандарын өзгертпей-ақ, жалгерлік қатынастарын қолданумен ғана шектеуге болмайды. Жалгерлік өзінің мақсатын тек жалпы экономикалық шаралардың бірыңғай кешенінде ғана орындай алады.

              

Кесте 17

Оңтүстік Қазақстан облысының орталық аймақтың ауылшаруа-шылық

кәсіпорындарында жалгерлік қатынастардың  тиімділігі

 

Көрсеткіштер

Жалгерлікті

пайдаланатын

кәсіпорындар

Жалгерлікті

қолданбайтын

кәсіпорындар

 

2006ж

2007ж

2006ж

2007

1. Кәсіпорын саны

13

18

19

14

- жалпы санындағы үлесі, %

40,6

56,2

59,4

43,8

2. Жалпы өнім, барлығы, млн. теңге

2720

3360

1380

1040

- жалпы мөлшердегі үлесі, %

66,3

81,9

33,7

18,1

соның ішінде (2006 ж бағамен салыстырғанда, млн.теңге)

- егіншілік шаруашылығында

1830

2122

745

545

- жалпы мөлшеріндегі үлесі,%

71,0

79,6

29,0

20,4

- мал шаруашылығында, млн. теңге.

890

1238

635

495

- жалпы мөлшеріндегі үлесі,%

58,4

71,4

41,6

28,6

3. Ауыл шаруашылығында қызмет атқаратын жұмыскерлердің жалпы саны, мың адам

8,6

9,8

8,2

6,2

- жалпы санындағы үлесі, %

50,2

61,3

49,8

38,7

4. Бір жұмыскерге келетін жалпы өнім (мың теңге)

306,3

342,9

168,3

167,7

 

Ауыл шаруашылығының жалпы өнім. 2007 жылдың қаңтар-қарашасында облысты тұтас алғанда ауыл  шаруашылығының жалпы өнім көлемі 107638,2 млн. теңгені (ағымдағы республиканың орташа бағасымен) құрады, бұл 2006 жылдың тиюті кезеңімен салыстырғанда 5,3% артық, оның ішінде мал шаруашылығы - тиісінше -43678,2 млн. теңге және 6,1%, өсімдік шаруашылығы- 63960,0 млн. теңге және 4,7% артық.

Қорыта келе, Оңтүстік Қазақстан облысының ауылшаруашылық кәсіпорындары толық деңгейде пайдаланылмай отырған үлкен өндірстік мүмкіндіктерге  ие деп айтуға болады.

Ауыл шаруашылығы жалпы өнім көлемінің басым бөлігі Мақтаарал - 18,1% немесе 19503,3 млн. теңге, Сарыағаш тиісінше - 17,9% немесе 19266,7 млн. теңге және Сайрам аудандарына -11,2% немесе 12047,9 млн. теңге тиесілі.

2007 жылдың қаңтар-қарашасында облысты тұтас алғанда ауыл  шаруашылығы өнімінің жалпы көлеміндегі қалалық әкімшіліктер мен аудандардың үлес салмағы.

 

Сурет 8 -  ОҚО 2010 жылдың қаңтар-қарашасында облысты тұтас алғанда ауыл  шаруашылығының жалпы өнім көлемі

 

2010 жылдың 1 желтоқсанына алдын ала мәліметтер бойынша 2006 жылдың осы күнімен салыстырғанда облыста дәнді дақылдар 1,9% немесе 6,8 мың тоннаға, көкөністер - тиісінше -3,6% немесе 17,2 мың, мақта - 0,8% немесе 3,3 мың тоннага, жүзім - 0,3% немесе 0,1 мың тоннаға артық жиналды.

Азық-түлік фирмаларының ауыл шаруашылығы өндірісі мен фермерлердің жағдайына әсері өңдеу және өткізу арналарын азайтудың мөлшеріне байланысты барған сайын күшейіп, фермерді тамақ өнімдерін тікелей тұтынушыдан алшақтатып барады. Бұл әсіресе тамақ өнеркәсібіне қатаң орнатылған технология бойынша сапалы шикізат қажет болған жағдайда ерекше сезіледі. Фермерлердің тамақ компанияларына технологиялық және экономикалық тәуелсіздігі фермерлердің тек қана өндірістік-технологиялық аспектідегі іс-қимылын шектеп қоймайды, сонымен бірге сатып алушының шартын қабылдауға мәжбүр болатын фермердің табысын да шектейді.

 

Сурет 9 - Ауыл шаруашылығы өнімдерінің нақты көлемі индекстері

 

Жоғарыда көріп отырғандай ауыл шаруашылығында өсімдік  шаруашылығы мен мал шаруашылығын 2001-2005 жылдармен салыстырғанда, өсімдік шаркашылығы 2001 жылы 128,5 , мал шаруашылығы 103,2 құрап отыр. 2005 жылы 109,5, мал шаруашылығы 104,6 құрап отыр. Өсімдік шаруашылығы 2001 жылға қарағанда 2005 жылы 19,0 қысқарған, ал мал шаруашылығы 1,4 өскен. Оның себебі өсімдік шаруашылығына ауа райының қолайсыздығы.

 

 

2.3  Ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеуді дамыту мәселерін

талдау

 

Ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеумен облыс бойынша 67 ірі кәсіпорын және 718 орта және кіші цехтар жұмыс жасайды.

Оның ішінде 26%-ы ұн өндіретін, 34% нан пісіретін, 12%-ы өсімдік майын, 2% ет, сүт және 3%-ы жеміс-жидектер өңдейтін кәсіпорындар жұмыс істейді.

2010 жылы барлық өндірілген өнімнің қайта өңдеуден өткені 13%-ы ет, 4% сүт, 14%-ы көкөніс және 5% жеміс-жидектер.

 

Кесте 18

Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін кәсіпорындар

           

 

Ет

Сүт

Көкөніс-жеміс өнімдері

саны

қуаттылығы   тн/тәулік

саны

қуаттылығы   тн/тәулік

саны

қуаттылығы   тн/тәулік

Арыс қ..

1

0,5

-

-

1

600

Бәйдібек

-

-

1

6,0

-

-

Қазығұрт

-

-

1

5,0

1

2

Мақтарал

-

-

1

5,0

-

-

Ордабасы

3

7,5

-

-

-

-

Отырар

-

-

-

-

-

-

Сайрам

6

5,5

5

48,0

18

617,2

Сарыағаш

1

0,5

3

0,7

2

0,2

Төлеби

1

-

2

41,5

-

-

Түлкібас

-

-

1

3,2

1

600

Түркістан қ.

-

-

-

-

-

-

Шардара

2

5

-

-

-

-

Кентау қ.

-

-

1

5,0

-

-

Шымкент қ.

9

16

5

35,6

2

10,0

Созақ

-

-

-

-

-

-

Барлығы

23

35,0

20

150,0

24

1830,0

 

Облыс бойынша істеп тұрған көкөніс өңдейтін 24 кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы, барлығы 1830 тонна сөткесіне немесе жылына 128,0 мың тонна. Бұл облыс халқын консервіленген көкөніспен толық қамтамасыз етуге жетеді. Бірақ бүгінгі таңда бар өндірістік қуаттылық тек 60-70 пайызды ғана қолданыста.

Көкөніс өңдейтін ірі кәсіпорындарға мыналар кіреді; Түлкібас ауданында «Экопродукт» ЖШС (600 тонна/сөткесіне) және Сайрам ауданында «Наурыз-5» ЖШС, «Принир-2004» ЖШС және «Бизнес-Шымкент» ЖШС.

Облыс бойынша 2010 жылы қайта өңдейтін кәсіпорындар 76,8 мың тонна көкөніс өңдеген, бұл бүкіл облыс бойынша өңделген көкөністің 14 пайызы құрады.

Көкөністерді қайта өңдеудің қуаттылығын арттыра түсу үшін 2011 жылы тамыз айында Арыс қаласында 1 кәсіпорын іске қосылмақ, ол осы жылдың 4-ші тоқсанында Сарыағаш қаласында әрқайсысының қуаттылығы (600 тонна/сөткесіне) 2 кәсіпорын іске қосылуға тиіс. Ол екеуінің жалпы алғанда қуаттылығы 180 мың тонна болмақ.

Бүгінгі таңға дейін кейбір аудандарда әлі күнге дейін көкөніс өңдейтін кәсіпорындар жоқ. Олар Бәйдібек, Мақтаарал, Отырар, Ордабасы және Созақ, Сарыағаш аудандары.

Ет өнімдерін өндіру. Облыс бойынша ет өнімдерін өндіретін 5 ірі кәсіпорын жұмыс істейді, олардың қуаттылығы 15 мың тонна сөткесіне және 14 кішігірім цехтар өндірістік қуаттылығы жалпы алғанда 25 тонна сөткесіне. Облыстағы үлкен ет өңдейтін кәсіпорындар қатарына «Шымкент құс» ЖШС, «РиоРсто» ЖШС, «Гүлдер» ӨК жатады.

2010 жылы облыс бойынша өндірілген 80 мың тонна еттің өңделгені 10,7 мың тонна, бұл 13 пайызды құрады. Ет өнімдерін өндіруде облыс бойынша төменгі көрсеткіш ет өңдейтін кәсіпорындардың жоқтығынан; Бәйдібек, Ордабасы, Мақтарал, Созақ, Төлеби, Түлкібас, Шардара аудандарында және Түркістан қаласында орын алды.

Сүт өнімдерін өндіру. Облыс бойынша жалпы алғанда өндірістік қуаттылығы 150 тонна сөткесіне, сүт өңдейтін 4 ірі және 22 кішігірім кәсіпорындар жұмыс істейді. Ірі кәсіпорындар қатарына жататындар; «Шымкент сүт» ЖШС, «Сайрам сүт» ЖШС және «Фудмастер ЖШС.

2010 жылы облыс бойынша 597,4 мың тонна сүт өндірілген. Оның өңделгені 26,1 мың тонна сүт өнімдері болып, 4,4 пайызды құрады.Сүт өнімдерін өндіруде облыс бойынша төменгі көрсеткіш сүт өңдейтін кәсіпорындардың жоқтығынан Созақ, Ордабасы, Отырар, Шардара аудандарында және Арыс, Түркістан қалаларында орын алды. Кейбір цехтар қаржының жетіспеушілігінен бар қуаттылығын пайдалана алмады. Мысалы, Қазығұрт ауданында «Айко и К» ЖШС 2007 жылы іске қосылған тек қана 30-35 пайыз қуаттылығын пайдалана алды.

Тері және жүн өңдейтін цехтар. 2010 жылы облыс бойынша 6700 тонна жүн өндірілсе, оның 530 тоннасы ғана алғашқы өңдеуден өткен.

Бүгінгі таңда облыс бойынша жүн өңдейтін 1 ірі кәсіпорын және 1 кіші кәсіпорын жұмыс істейді. Олардың жалпы қуаттылығы 3024 тонна жүн. Олар мына өндіріс орындары: Шымкент қаласындағы «Биязы» СТК қуаттылығы 3000 тонналық және Шардара ауданында «Оңтүстік киіз» оның қуаттылығы 24 тонна сөткесіне.

2010 жылы осы кәсіпорындардың өңдеп шығарғаны 530 тонна жүнді құрады. Облыс бойынша 6700 тонна өндірілетін жүн түгелдей қайта өңдеу үшін «Биязы» СТК бар қуаттылығын пайдалану үшін 75 млн теңге керек екен. Бүгінде жасалған бизнес-жоспар АИО «Максимум» қаралуда. Тағы да істемей тұрған Сайрам ауданындағы «Леон» ЖШС қуаттылығы 3500 тонна, Арыстағы «Сейхун»  АҚ қуаттылығы 1000 тонна іске қосу керек. Бұл кәсіпорындар қаржы тапшылығынан істемей тұр. Сондықтан бизнес-жоспар жасалуда. Егер осы екі кәсіпорын түгелдей іске қосылса, онда барлық өндірілген 6700 тонна жүн өңдеуден өтеді.

Ауыл шаруашылығы малдарының терісін өндіру және қайта өңдеу

Облыста 2010 жылы ірі қара малдың 265 мың терісі және қойдың, ешкінің 1445 терісі өндірілген. Оның тек 8500 данасы ғана қайта өңделген бұл небәрі 0,5 пайыз ғана, қалғаны облыстан шет жақтарға сатылған.

Облыс бойынша тек 2 ғана тері өңдейтін ірі кәсіпорын және 5 кішігірім цехтар бар. Олардың барлық қуаттылығы 1 млн 400 мың тері. Оның ішінде де тек 1 кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Ол Шымкент қаласындағы «Тұран-Скин» ЖШС қуаттылығы 27-30 тонна сөткесіне. (жылына 300 мың тері өңдейді)

2010 жылы небәрі 8500 тер өңделген. Себебі қаржы жетіспейді, мысалы «Тұран-Скин» ЖШС бар қуаттылығын пайдалана алмай отыр, оған 300 млн теңге қаржы керек.

Қаржы тапшылығы салдарынан бірнеше кәсіпорын жұмыс істей алмай тұр. Олар  «Леон» ЖШС, «ТОН-1» ЖШС, «Беркат» ЖШС Сайрам ауданы, «Сейхун»  АҚ және «Былғары» ЖШС Арыс қаласы, «Фараб» АҚ Түркістан қаласынан. Олардың жалпы қуаттылығы жылына 1 млн 100 мың тері өңдейді. Егер тек бір «Леон» ЖШС іске қосылса жылына 1 млн тері өңделген болар еді.

 

Кесте 19

Ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдейтін кәсіпорындар мен цехтарды

құру

 

 

Ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдейтін цехтар

Ет

Сүт

Көкөніс-жеміс өнімдері

саны

қуаттылығы   тн/тәу

саны

қуаттылығы   тн/тәу

саны

қуаттылығы   тн/тәу

Арыс

 

1

1

4

1

60

Бәйдібек

1

 

1

4

 

 

Қазығұрт

1

2

2

6

1

80

Мақтарал

1

 

1

4

1

90

Ордабасы

 

1

1

4

1

70

Отырар

1

3

1

4

 

 

Сайрам

 

2

2

6

1

120

Сарыағаш

1

1

2

7

1

140

Төлеби

1

2

2

6

 

 

Түлкібас

1

2

1

3

1

130

Түркістан

1

 

1

3

1

110

Шардара

1

 

1

3

 

 

Кентау

 

 

1

3

 

 

Шымкент

 

3

3

10

 

 

Созақ

1

3

2

8

 

 

Барлығы

10

20

22

75

8

800

 

 

Өндіріске тағы 18 сүт, 17 ет, 17 көкөніс, 2 жеміс және 1 жүзім өңдейтін кәсіпорындарды іске қосу керек.

Мәселелер

- Ескі технология және тозығы жеткен жабдықтар;

- Банктердің несие беруінің жоғары пайызы, несие алу жолдарының қиындықтары;

- Шығарылған өнімдердің халықаралық стандартқа сай келмеуі;

- Құрал-жабдықтардың, энергоресурстардың қымбаттылығы;

- Дайындау пункттерінің нашар деңгейлігі;

- Ауыл шаруашылық көкөніс-жеміс, мал шаруашылығы өнімдерін өңдейтін цехтардың жетіспеушілігі.

Іс-шаралар

- Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін өндіріс орындарын жылма-жыл 10 пайызға көбейту керек;

- Жаңа технологияларды енгізе отырып, 2011 жылы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру үлесін 30 пайызға жеткізу көзделіп отыр;

- Ауыл шаруашылық өнімдерін дайындау пукттерін жетілдіре түсу;

- Істеп тұрған кәсіпорындарды жаңа технологиямен қайта жабдықтау;

- Өнім өндіріп жатқан кәсіпорындарға жаңа техника мен технологияларды ендіру;

Күтілетін нәтижелер

- 2012 жылы өндірістердің ауыл шаруашылық өнімдерін өндірудегі көлемін 23 млрд теңгеге жеткізу;

- Қосымша 78 мың тонна сүт, 16,2 мың тонна ет және 40 мың тонна көкөніс, жеміс-жидектер өңдеу көзделіп отыр

 

3 ОҚО Агроөнеркәсіптік  кешенді дамытуды болжау  және жоспарлау 

бағыттары

 

3.1 Қазақстанның АӨК мемлекеттік қолдау мәселелері мен келешекте

даму бағыттары

 

2011 жылы тиісті мемлекеттік қолдау көрсету арқылы агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамыту жөніндегі шаралар кешенін іске асыру нәтижесінде:

- АӨК салаларын тұрақты дамыту;

- ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемін 2007 жылмен салыстырғанда 2011 жылы 2 есеге ұлғайту;

- жыл сайын ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің өндірісін 5 % -ға ұлғайту;

- ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігін өсіру;

- отандық өнімнің ұлттық бәсекелік артықшылықтарын дамыту;

- инновациялық технологияларды еңгізу арқылы ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу бойынша қосымша қуаттылықтарды еңгізу;

- еліміздің азық-түліктік қауіпсіздігі;

-  2011 жылы балық аулауды 350-400 тоннаға дейін ұлғайту.

- ауыл тұрғындарының  мақсаттық топтарындағы 3,5% -дық үй шаруашылықтарына шағын кредит беру;

- агроөнеркәсіптік кешен салаларының жұмысын басқаруда жоғары деңгейге қол жеткізу қамтамасыз етілетін болады

Ауыл шаруашылығы - өсімдік және жануар ресурстарын өңдеумен байланысты салалардың күрделі кешенін бере отырып, әлемдік шаруашылықтың маңызды бөлігі болып табылатыны белгілі. Ауыл шаруашылығының бұл саласы халықты тамақ өнімдерімен қамтамасыз етіп, бірінші қажеттіліктегі тұтыну тауарларын өндірумен әлеуметтік маңызға ие болып отыр. Экономикадағы аграрлық сала Ұлттық және аймақтық шаруашылықтар құрылымына әсер етеді.

Кез-келген елдің экономикасындағы ауыл шаруашылығының алатын рөлінің көрсеткіші ретінде экономикалық белсенді халықтың ішіндегі ауыл шаруашылығында жұмыс бастылық үлесін, сондай-ақ ЖІӨ-нің құрылымындағы ауыл шаруашылығының үлес салмағын қолданады. Әлемде жалпы экономикалық белсенді халықтың 40%-ы ауыл шаруашылығында жұмыс істейді, ал бұл шамамен 1,1 млрд адамды құрайды. Дүние жүзілік банк мәліметтері бойынша, Қазақстанда аграрлық секторын инвестиция жұмсау тиімділігі мұнай өндіруден кейінгі екінші орынды алады. Ауыл шаруашылығы өнімдеріне әлемдік бағалардың өсуіне байланысты, бұл салаға капитал құю тартымды болып, келеді. Бұған статистика да куә бола алады. Мысалы, 2005 жылы осы секторға инвестиция тарту 17,3 млрд теңгені құраса, ал 2010 жылы олар 3 еседен артық, яғни 55,9 млрд теңгеге дейін өскен.

Негізгі капиталға инвестициялар соңғы жылы 21 %-ға өсіп, ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемінің өсу қарқыны 17%-ды құрады. Үкіметтің, Ұлттық банктің және экономика мен қаржы аясын тұрақтандыру жөніндегі қаржылык бақылау Агенттігінің бірлескен қызметтік жоспарына сәйкес агроөнеркәсіп кешеніне мол капитал құю жүзеге асырылып жатыр, ал бұл экономиканын көтерілуіне сөзсіз әсер етпек. 2011 жылы 2010 жылмен салыстырғанда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы өндірісі 20,7%-ға өсіп, оның құны 1,3 трлн теңгеге жетпек.

Ағымдағы жылы Қазақстан экономикасын тұрақтандыруға бөлінетін 15 млрд доллардың басым бөлігі ауыл шаруашылығы сапасын дамытуға жұмсалады. Және 18,9 млн долларды Еуразиялык банк астык экспортын дамыту мақсатында ұсынбак. Бүгінгі күні Қазақстанның аграрлык секторына шетел инвесторлары да аса көңіл аударуда. Егер бұрын табиғат ауа райынан тәуелді, тәуекелді жоба ретінде бұл сала капитал құралы ретінде сирек қарастырылса, ағымдағы жағдайда тамақ саласы ең бір қажетті, яғни келешегі бар сала ретінде саналып отыр. Біздің аймамың мүмкіндіктеріне Сауд Араб елдерінің инвесторлары да қызығушылық танытып отыр, олар астық пен мал шаруашылығына байланысты жобаларға ақша салуға дайындықтарын білдірді. Ауыл шаруашылығы климат жағдайларының құбылмалығына байланысты жоғары тәуекелді болып келеді. Осыған қарамастан Қазақстан Үкіметі саланы дамытуға үлкен бас тігіп отыр, себебі қазіргі жағдайда аграрлық сектордың әлеуеті өте салмақты болып отыр. Қазақстанда аграрлы секторға еңбекке қабілетті тұрғындарының 23 %-ы жұмыс істейді. Солардың еңбектерінің нәтижесінде біз республиканың жалпы өнімдерінің 25%-н аламыз. Сонымен қатар біздің елімізде ауыл шаруашылығы мемлекет аралық маңызы. Астық, ет, мақта, қант қызылшасы сияқты өндіріс өнімдері Қазақстанмен серіктес елді арасында едәуір артықшылық береді.

Бүкіл әлемдік банк тобына кіретін халықаралық қаржы корпорациясы (ІҒС) таяу екі жылда Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешеніне 100 млн доллар құюға ниеттенуде. Ауыл шаруашылығы бойынша ІҒС сарапшылары дағдарыс кезеңінде ауыл шаруашылығы саласына басымдық беру керек, бұл экономикаға жақсы жемісін береді деп есептейді. Ауыл шаруашылығы реформаларының амбициозды бағдарламасын мемлекеттік органдар ДСҰ-на кіру жөнінде мәселе көтерілуіне байланысты іске асыра бастады. Мұндай масштабты қарым-қатынастар жүйесіне қатысушы елдің азық-түлік тәуелсіздігі мен бәсекеге қабілетті болуы тиіс.

Отандық өнімнің дамуын ынталандыру үшін 2008 жылдан бастап мемлекет есебінен фермерлер мен қайта өңдеуші кәсіпорындарға несие бойынша пайыздың мөлшерлеме арзандатылып ауыл шаруашылық техникасы мен қайға өңдеуші жабдықтар алуға лизинг енгізілді. Ауылдың экономикасын көтеру үшін соңғы 10 жылдың ішінде қаржы ресурстарымен бекітілген арнайы бағдарламалар көптеп қабылданады. Осылайша түрлі субсидиялар олардың шығын бөлігін едәуір қысқартпақ. Егер жобаның рентабелдігін ескерсек, онда шаруа қожалықтарының егесі үшін шығындар минималды болмақ. Мысалы, элиталы тұқымдар 40 %-ға субсидияланады.

Егер оларды өндірумен айналысса, онда мемлекет 40%-дан 100%-ға дейін шығынды өз мойнына алмақ. Аграрлық секторын дамытуға қабілетті шарушылық субъектілері арасында жобаларды жасауға түрлі бәсеке жарыстар жүргізілуде, жеңгендерге оларды іске асыруға гранттар бөлінбекші. Жеміс ағаштарын өсірумен, минералдық тыңайтқыштар, мал шаруашылығым дамумен байланысты жобаларға да қолдау көрсетіледі. Көрсетілетін көмек шығыннын 40-50%-ын жабуға  мүмкіндік береді. Көктемгі етістік және жинау жұмыстарын жүргізуге жанар-жағармай материалдарының құнын төмендетуге республика бюджетінен жыл сайын қорлар бөлінуде. Соңғы бес жыл ішінде агроөнеркәсіптік кешенін мемлекеттік қолдау көлемі бес есеге өсті.

2002 жылы бұл мақсаттарға 27,3млрд теңге бағытталса, ал 2010 жылы бұл сала 137 млрд теңгені құрады, оның ішінде субсидиялар 21,6 млрд теңге, ал несиелеу 52,6 млрд теңге, дегенмек де осындай цифрларға қарамастан Дүниежүзілік банктің бағалауы бойынша Қазақстанның аграрлық секторының несие ресурстарына деген жыл сайынғы қажеттілігі 1 млрд доллардан екен. Үкімет бұл мәселені агробанк арқылы шешпек ниетте.

Ресей мен Беларуссияда бұл банктер тиімді жұмыс істейді екен. Бізде мамандандырылған банк құру көп уақыттан бері талқылануда. Бірақ мұндай коммерциялық мекеменің құрылу ықтималдылығы тек қазіргі қызмет етуші банктердің бірін қайта құру негізінде болып отыр. Қазіргі уақытта логистикалық және өнеркәсіптік жобалармен жүріп жатыр. Каспий теңірегіндегі нарықтар мен соған жақын жатқан елдермен тығыз сауда ынтымақтастығының стратегиялық маңызды міндеттері шешіліп Каспий теңізі арқылы терминалдардың сатып алу және құрылысын салу жөнінде келіссөздер жүргізілуде.

Отандық ет өндірісінің сапасы мен бәсекеге қабілетін көтеруге мүмкіндік беретін заманауи жем беру алаңдарын ұйымдастыру бойынша жобаларды жүзеге асыру жоспары бар. Сондай-ақ түрлі аймақтарда жергілікті өнімдерді қайта өндейтін жаңа өндірістер салу мүмкіндіктері қарастырылуда. Жүргізілген реформалар нәтижесінде, біздің еліміз нақты жетістіктерге қол жеткізді. Елдің жалпы экспортында мақта (15%), тері және жұм (25%) едәуір үлеске ие. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 2010 жылдың алғашқы жартысында, 2019 жылмен салыстырмалы кезеңге қатынасында 2,7 %-ға өсті, бұл нәтиже мал шаруашылығы саласының 3%-ға даму есебінен болды.

Экономика және бюджеттік жоспарлау Министрлігінің ақпараты бойынша ағымдағы жылдын жартыжылдысында бидай ұнының экспорты 19,6%-ға өсіп және 924,4 тоннаны құрады. 2010 жылы, өсімдік шаруашылығында барлық түрлерінен жақсы жиналым алынды. Бункерлік салмақта астыктың жалпы жиыны 22,7 миллионнаны құрады, бұл 2007 жылдың жиналымынан 5,7 млн тоннаға артық. Биылғы жылы да бұдан кем емес нәтиже күтілуде.

Астық өндіруден Қазақстан Ресей мен Украинадан кейінгі үшінші орынды, ал әлемде бидай экспортшы елдер арасында сегізінші, ұн экспорты бойынша бірінші орынды алады. 2011 жылы егіс алқаптары 21 млн көлемінде қарастырылып отыр. Жаздық (дәнді дақылдар) 17,8 млн-ға, дәнді дақылдар - 1,6 млн ға, маслиналықты 825 мың гектарға етілмек. Алдыңғы жылмен астық дәнді дақылдар мен жем дақылдары сәйкесінше 0,4 млн га және 0,8 млн га-ға артпақ. Қант қызылшасы үшін ағымдағы жылы егіс алқабы 16 мың га-ға қыскарды. Күнбағыс алқабын 43мың гектарға, сондай-ақ рапс пен мақсатыны қыскарту есебінен тамыр дақылдарын 81мың гектарға азайтты.

Ағымдағы жылдағы егіс көлемдерінің осынша қысқаруына қарамастан зығыр картоп және мақта сияқты дақылдар, сондай-ақ мал шаруашылығы бойынша елде 3-7%-ға жылдық өсімге келешекте жоспар құрылған. Дегенмен мал шаруашылығы үшін мұндай өсім тиімді емес екенін айта кету керек. Ет өндірісі ұзақ жылдар бойы Қазақстанның ұлт дәстүрлі қызмет түріне айналды. Ал тыңды игеру жылдарында жайылым жерлердің жетіспеушілігінен еліміз зардап шекті, бұрынгы қолда бар базарларды сол күйі қалпына келтіре алмады. Соңғы жылдары мал басы солтүстік Америкадан желдерді сатып алу есебінен өсті. Дегенмен, сарапшылар қазіргі өсім әлі ұзақ уакыт бойы тардаптардың орнын толтыра алмайды дейді. Біріншіден, АӨК-нің есуінің оң динамикасы жеткілікті төмен старттық деңгейден орын алып отыр. Ауыл шаруашылығы өндіріс көлемі бойынша еліміз ондаған жылдарға артка тасталды. Әсіресе, дамыған елдерден мал шаруашылығын дамыту тиімділігінен артта қөшу көп.

Екіншіден, экономикалық есуге бәрінен бұрын энергикалық ресурстарға әлемдік жоғары бағалармен байланысты факторлар есебінен қол жетті. Оң, динамика терең құрылымдық реформалармен бекітілмеген, бәрінен бұл ауыл шаруашылық жерлерін нарықтык айналымға енгізуден көрінеді.

Үшіншіден, экономикалық өсу ақаулы және секторлық сипат алуда. «Жаңа операторлар» секторында және «дәстүрлі» шаруашылық түрлерінің кең ауқымының экономикалық жағдайының төмендеуі мен туралау стагнацияның жалғасу аясында орын алып отыр. Өсімдік шаруашылығындағы сатылу көлемі мен пайданың есе әзірге мал шаруашылығында да экономикалық жағдайдың жақсаруы мен жалғаспай отыр. Мал шаруашылығы өнімінің импортының ептеп өсуі байқалады.

Төртіншіден, аграрлық сектордағы білікті мамандардын сыртқы және ішкі эмиграцияға ұшырауынак және біліксіз жұмыс күшінің калуынан болған, мамандар әлеуеті мәселесі ұшытуда.

Бесіншіден, аграрлық секторды жерді қайта бөлу мен меншік құқығы сәйкесінше макроэкономикалық қайта құрылымдармен және нарықтык институттардың дамуымен бекілмеді, ал реформа жылдары ауыл шаруашылығын жүргізудің жалпы экономикалық жағдайлары едәуір төмендеді.

Мемлекттің рөлінің әлсіреуі ауыл шаруашылығы кем өнеркәсіп өнімдері бағаларының теңсіздігінің өсуіне, мемлекеттік бюджеттегі аграрлық бағаның   төмендеуіне, ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу жөніндегі билік және басқару органдарының міндеттерін орындауына алып келді. Қазақстаннын ауыл шаруашылығының жоғары өзіндік құны бірнеше факторлармен  байланысты. Мәселен, климат-тұраксыз жер өңдеу аймақты,  нәтижесінде-жоғары өндірістік шығындар. Осыдан импорттық өнімдермен - негізінен, терең қайта өңдеуден өткен, мәселен, консервілер баға бойынша бәсекелесуге мүмкіндігі болмауы.

Бүгінгі күні ауыл шаруашылығы өндірісінде не бары 27% алқап қолданылады, 90-ыншы жылдармен салыстырғанда 99-ыншы жылдары егіс алаңдары төрт есеге жуық қысқарды. Егіста жерлер өңделмеді, агротехника ескірді, егіс  кездерінде төменгі  сападағы, төменгі сортта тұқымдар пайдаланылды, нәтижесінде алқаптың жаппай қоқыстануына, арам шөптермен басып кетуіне, қара шегірткелердің қаптауына, дақылдардың ауруға  шалдығуына әкелді. Зардаптары: төменгі көлемдегі науқан, астықтың сапасының төмендеуі, оның нарықтағы бәсекеге қабілетінің құлауы. Жағдайды түзету үшін дәнді дақылдарды өсірудің технологиясы қатаң бақылауға жауапкершілікті арттыру керек.

Аймақтың ұзақтығынан өндіріс пунктының (бекітінен) қайта өңдеу және тұтыну пункттерінен алыстығы, автожолдары мен теміржол тораптарының дамымағанды көлік шығындарын өсіріп, мәселе тұдырады. Техникалық көзкараспен, жаңа импорттық ауыл шаруашылық техникасын сатып алу белселені шешуге жеткіліксіз көлемде жүргізіледі.

Трактор-комбаин бактарының тозуы орын алады. Ауыл шаруашылығы техникасына жүктеме нормативтен жоғары екі есеге өсті. Шетел инвестициялары негізінен, тікелей - шоғырланған азық-түлік тізбегі шегінде бағытталады: ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеушілер мен трейдерлар солар арқылы жеке меншік шикізат базаларын құрады. Бүгінде агроөнеркәсіп кездерінде, әсіресе ауыл шаруашылығында инвестицияның болмауы маңызды  мәселенің бірі болып отыр.

Астықтың көп бөлігі техниканың жетіспеушілігінен ысырапқа ұшырап жатады. Қазақстан экономикасының заманауи ауыл шаруашылығы машиналарының жетіспеушілігінен астықты жинау кезіндегі климаттық жағдай мен астық науқанына байланысты жыл сайынғы ысыраптары 45-тен 90 млн долларды құрайды. Бүгінгі күні ауыл шаруашылығы техника бағы 80%-ға тозған. Егер оны жаңартумен бүгін айналыспаса, төрт жылдан соң елдегі ауыл шаруашылығы техникасы бағынын қуаты 23%-ға тен, келеді, ал бұл әрине үлкен жоғалтуларға әкеледі.

АҚ «Агромашхолдинг» ауылды техникамен жабдықтауды қолға алды, дегенмен жылына 12% мөлшерлемемен қымбат машиналар алуға қоры жоқ. Бір ғана трактор 40мың доллар шамасында тұрады. Соның арасында техниканың тозуы ауыл  шаруашылығы жұмысының мерзімінің созылып кетуіне әкеледі, ал ауыл тұрғындары табиғаттың қойған мерзімінде үлгермей қалып жатады. Республикада тауар өндірушілердің 93%-ы шаруа қожалықтары.

Ғалымдардың ойынша олар өндіріс, қайта өндеу, өткізу – бағыттары бойынша кооперацияланатын болса тиімдірек болар еді дейді. Акционерлік қоғамдарға және басқа да ірі ұйымдық құрылымдарға кооперациялау, ұсақ ұтымдарды біріктіру арқылы өндіріс көлемін ұлғайтуға бағытталған өнім бәсекеге қабілетті өнім өндіру және ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру мақсатында экономикалық негізделген отандық тауар өндірушілерді қолдау мен дамыту бағдарламасы осы күнге дейін аймақта жасалған жоқ, ал бұл дағдарыстың инфляциялық зардаптарын азайтуға әсер етер еді. Ғалымдар алдында үлкен міндет тұр - ауыл шаруашылығында жұмыстың жаңа реформалары мен әдістерін өңдеу, ауыл тұрғындары аяқтарына тұрып етулері үшін инновациялық технологияларды дамыту болып табылады.

Аграрлық сектордың даму деңгейі Қазақстан қоғамының экономикалық, қоғамдық-саяси тұрақтылығының, анықтаушы факторлары болып табылады.

Ауыл шаруашылығы мәселелерінің бірі - ауыл шаруашылығы алқаптарының сапасы мен дақылдарды қорғау төмендеп кетті. Қазақстан жерлері табиғи күйінде төмен өнімділік қасиетке ие, сондықтан оны жақсартып отыруды қажет етеді. Республиканың барлық аймақтарындағы егістік жерлердегі құнарлы заттар статистикалық есепте жылдан жылға теріс баланс беріп келеді, құнарлылық элементтерінің жоғалуы тыңайтқыштар беруден асып кетеді.

Химизациялау қызметтерінің мәліметтері бойынша Қазақстан етістіктері жыл сайын 2,5 млн тонна құнарлы заттарды қайтара жоғалтады екен, ал жерді қалпына келтіру үшін оған 1,8 млн тонна фосфорлы, 1,1 млн азотты және 0,1 млн тонна кальций тыңайтқыштарын өндірін жерлерге себу керек. Соның арасында 2008 жылмен салыстырғанда тыңайтқыштардың жалпы өндірісі 73 есе, ал соның ішінде фосфорлық тыңайтқыш 87 есе, азоттық 49 есе азайтып, ал калий түктері соңғы жылдары тіпті өндірілмей де кетті.

Біздің фермерлер химиялық минералды тыңайтқыштардың қымбаттығын тілге тиек етеді, бірақ органикалық шикізат қолданылмайды. Айта кету керек, соңғы он жылда органикалы шикізаттармен тыңайтылған алаңдар 688 мыннан 8,8 мың гектарға дейін, немесе 78 есе қысқарған. Жердің құнарлығына осындай салғырттың нәтижесінде дәнді дақылдар мен мақта өнімдері 30%, картоп -20%, көкөністер - 40%, күнбағыс - 3 есе, ал қант қызылшасы - 2,5 есеге қысқарған.

Ауыл шаруашылығы Қазақстанның АӨК-ң негізгі бұрышы. Онда еңбекке қабілетті тұрғындардың 23%-ы жұмыс басты және ол республиканың халық шаруашылығының барлық өнімдерінің 25%-ын береді. Қазақстанның ауыл шаруашылығы сатуға мол астық, ет, жүн, тағы да басқа өнімдерінді жеткізе отырып, мемлекет аралық маңызға ие. 

Қазақстанда ірі ауыл шаруашылығының дамуына ең бастысы, етістік, жайылма, өрістер кіретін көлемдегі ауыл шаруашылығы алқаптары бар үлкен жер қорының болуы ықпал етеді. Қазақсатанның егін шаруашылығына қарағанда азырақ өнім береді, бірақ онда ауылдың еңбекке қабілетті тұпғындарының көп бөлігі жұмылдырылған.

Ғалымдардың пікірінше, ауыл шаруашылығында ірі шаруашылықтардың материалды-техникалық базасын, жерді айдаудағы шағын шаруа және фермерлік құрылымдардың, әсіресе осы жерді өңдеуге мүмкіндігі барлардың қажеттіліктеріне сай бейімдеуге бағытталған түбірлі реформа жүргізілуі тиіс.

Аграрлық реформаға қарсы келудің субъективті факторларына шаруашылықтың әкімшілік - басқару персоналының, қоғамдық өндірістен еңбек пен әлеуметтік қорғау жағдайларын жасап алған тауар өндірушілердің елдерін жатқызуға болады. Аграрлық саланы қолдауда мемлекет үлкен
рол атқарады. Аграрлық кешенді мемлекеттік қолдаудың азық-түлік қауіпсіздігін қаматамасыз ете отырып аграрлық өндірісті тұрақтандыру мен дамыту басты міндетіне жатады.

Бұл жоспарда Қазақстанның инновациялық технология жөніндегі заңы отандық тауар өндірушілерге жәрдемі тиді. Агроөнеркәсіп кешенінің даму болашағын анықтау үшін Үкімет 2010 жылға дейінгі тұрақты даму Концепциясын қабылдады Концепция саланың техникалық жабдықталуының, оның индустризацияласуы, дайындық иифрақұрылымын дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу мен өткізудің, Қазақстанның бәсекелестік артықшылықтарын асырып, АӨК бөлімдері нарығын мемлекеттік реттеуді жетілдіріп және елдің азык-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің сапалык өсуін қарастырады.

Үкімет ауыл шаруашылығы дақылдарының өндірістік құрылымын қайта қарауды және ресурс үнемдеуші технологиялар есебінен саланың тиімділігін арттыру міндетін қойып отыр. Мұндай технологияларды енгізу бір шама қаражатты талап етеді, бірақ Үкімет жақын жылдардың өзінде жемісін беретін жобаға шығын жұмсауға дайын тұр. Екі жылдан кейін 5 млн гектар дақылдар осындай технологиялармен қамтылуы тиіс. Бұл кезде 1 гектарға шығындар 15 долларға қысқарады, жанар-жағармайдың (ЖЖМ) тұтынылуы бір жарым есеге азайып, пайдаланылатын техниканың саны азаяды.

Дегенмен, астық экспортын өсіріп, әрі астық экспорттаушы - әлемдік ірі елдер бестігіне кіру үшін, ауыл шаруашылығы өнімі өндірісінің субсидия тау түрі мен көлемін арттыру, өсімдік шаруашылығын сақтандыру механизмін қайта қарау, мемлекеттің ауыл шаруашылығына құйған қаржыларының жұмсалуына бақылауды күшейту қажет.

Үкімет ауылдық аудандарда шағын жабдықтағы 100 шағын кәсіпорындар салынуды көздейтін Үлттық бағдарлама жасалуда, ал бұл өз кезегінде ауыл шаруашылығы шикізаттарының ысырапқа ұшырауын азайтып, сол жерде жоғары сапалы соңғы өнім шығару, ауыл жастарына келешегі бар жұмыс орындар жасауға мүмкіндік бермек.

Сонымен шет елдерде ауыл шаруашылығы дамуын мемлекеттік реттеу қоршаған ортаны қорғау, қолайлы баға бойынша тұрғындардың жеткілікті және сапалы тамақ өнімдеріне қажеттіліктерін қанағаттандыру, ауыл шаруашылығы дамуы үшін тұрақты экономикалық, құқықтық және әлеуметтік шарттарды құру бойынша шаруашылық аралық және сала аралық қатынастарды, ауылдың әлеуметтік құрылымын, аграрлық нарықты, фермерлер табысын, ауыл шаруашылық өндіріс құрылымын қамтитын, күрделі, көп жақты механизм.

Шет елдерде ауыл шаруашылық өндірісінің, азық-түліктің ұлттық нарықтарының қызмет етуі мемлекеттік реттеу жүйесіне, субсидия және сыртқы сауда шектеулеріне негізделген. Осыған байланысты Қазақстан экономикасының аграрлық саласының өзінің дамуы, сонымен қатар Қазақстанның әлемдік азық-түлік нарықтарымен өзара қатынасы, болашақта, өнім сапасын сертификациялауды, өндіріс технологиясын стандартизациялауды, ішкі нарықты қорғауды, отандық тауар өндірушілерді мемлекеттік қолдауды көздейтін, негізін қалаушы бірқатар факторлардың түсініктерінен құрылады.

Мемлекеттік реттеу механизмінің айырмашылықтарына қарамастан, әлемнің алдынғы қатарлы елдерінде ауыл шаруашылық өнімін өндіру, қайта өңдеу және өткізу процестеріне, экономикалық және әкімшілік тұтқалар арқылы ғылыми-зерттеу және тәжірибе конструкторлық қызметтерді ұйымдастыруға мемлекеттің қатысуына негізделген, жалпы көзқарастар мен принциптер қызмет етеді.  

 

 

3.2 Агроөнеркәсіптік кешенді  дамытуда  бәсекелестіктігін

қалыптастыру стратегиясын болжамдау

 

Нарықтық қатынас жағдайында тиімді еңбек ету бәсекелестік тартымдылықты күрделей түсе отырып, кәсіпорындардың тұрақты жұмыс істеуіне  итермелейді. Сапалы бәсекеге лайықты өнім өндіруге барлық өндірістер жұмыс істейді, бұл олардың тұрақтылық пен жаңалаудың бір түрі. Осы қойылған мақсаттарына жету үшін, олар өздеріне ұзақ мерзімді  бағдарлама қабылдайды.

Экономикада тұрақты экономикалық өсуді ұстап тұру үшін, экономикалық жүйені нығайтуға және тұрақтандыруға керекті ең пәрменді механизмін пайдалану керектігі туып отыр.  Мұндай механизм жеткілікті. Осындай, механизмнің бірі - стратегиялық жоспарлау. Бұл жүйе экономикалық тәуелсіздік өсу жолына бет алған әлемнің көптеген мемлекеттерінде ХХ - ғасырдың аяғынан бастап кеңінен қолданыла бастады.

Өндірістерде және экономикада бәсекелестік жағдайында жандандыру үшін өнім өндіруде шаруашылықтарға сәйкес концепциясына қатысып, ондағы қойылған мәселлелерді талдай отырып, болжам дайындау. Бұл жөнінде американдық экономист-ғалым М. Партердің айтуынша «Бәсекелестік стратегиясын» жандандыру шаруашылықтың сапалы өнім өндіруіне ұмтылдырады дегенді айтқан. Шаруашылық бәсекелестік стратегиясын жасай отырып, өзінің тиімді мол көлемде өнім өндіруге, ұзақ мерзімде алдынғы қатарда болуға ұмтылатындығын көптеген мемлекеттердің жұмыс тәжірибелері көрсетуде. Оның айтуы бойынша: «Көп салалы бәсекелестік стратегиясы болмайды, тек қана стратегия белгілі саланың жағдайымен әр бір шаруашылықтың игілігінде бар капитал мен дағдысымен келісілген жетістік әкелуі мүмкін», дегенді айтқан.

Қазақстан Республикасының Президентінің 2010 жылғы ақпан айының 6 жұлдызындағы Қазақстан Халқына Жолдауында «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру- мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты ұзақ мерзімге арналған даму стратегиясы, еліміздің жақын жылдарға дамуын болжайтын бағдарлама құжаты болып табылады.

Осы белгіленген стратегиялық даму болжамында М. Партердің айтуы бойынша екі басты факторларды іске асыру керек. Олар: Саланың құрылымы, шаруашылық жұмыс жасайтын және сала аясында оның алып тұрған орны (позициясы). Ол үшін бірінші кезеңде саланың құрылымын анықтау керек, екіншіден ондағы бәсекелестік күштердің қатынастарын құрайтын факторларды білу болып табылады. Зерттеулердің көрсетім-болжамы бойынша оны анықтауда жүргізілетіні анықталды. Олар:

  • бәсекелестіктің өзара байланыстылығы;
  • жаңа бәсекелестіктің пайда болуына қаупі;
  • тауар жеткізіп берушілердің саудаласуға қабілеттілігі;
  • сатып алушылардың саудаласуға қабілеттілігі;
  • тауардың пайда болуы және ауыл шаруашылық қызметінің қаупі.

Осы күштердің бір-бірімен қатысуы арқылы олардың жұмсайтын  шығынына және инвестицияны пайдалану шамасына қарай шаруашылық баға белгілеуі мүмкін, оған келістік күштер әсер етуі мүмкін.

Өндіріс саласындағы бағыт алған бәсекелестіктің артықшылығы, шаруашылықтардағы нарықтық ортаны  тұрақтылығымен қамтамасыз етілуі қарастырылады. Ол екі әдіспен жеткізуілуі көзделеді: біріншісі ең төменгі шығынмен массасы көп пайданы алуға мүмкіндік туғызатын, немесе сатылатын өнімдерді диффенциалау арқылы жүргізу. Дегенменен, саладағы бағытқа бәсекелестік өрісітің таңдалуы әсер етеді: сатылатын өнімнің өндірілуінің түрі, өткізу нарығы, тұтынушыларға қызмет көрсету айналымы, жақын орналасқан шаруашылықтардың саны (тартымдылық потенциясы).

М. Партердің кейінгі жылдары агробизнеске бейімделген әдіс-тәсілдері, бәсекелік стратегияны таңдауда қабылдауға болатынын айтуға болады. Бұл тәсілдері  ауыл шаруашылық өндірісінің ерекшеліктерінің, концепция негізінде ескеру қажетігі тууда. Ауыл шаруашылығындағы бәсекелік факторлар шартты түрде сыртқы және ішкі болып екіге бөлінеді.

Сыртқы (макро) деңгейге түсінік  беретін болсақ, оған өнім өндірудегі ережелердің барлығы кіреді. Тауар өндіруші қабылданған ереже  бойынша өнім өндірудің технологиясын  өзгерте алмайды, бірақ онда болатын кейбір өзгерістерді ескеруі керек. Оның себебі, ауыл шаруашылығындағы жұмыстарды орындауда кейбір жағдайлар әсер  етуі мүкін. Мысалы, климат-топырақ жағдайы, демографиялық және экономикалық орта, заңдылық актілер, технологиялық және инновациялық даму т.б.

Ауыл шаруашылығындағы климат-топырақ  ортасы бұл саланың маусымдылығының бірден-бір себепшісі. Егін егетін аумақтағы топырақтың түрі мен оның ылғалдылығы ауыл шаруашылығындағы дақылдарының таңдап орналастыру мен бірге өсімдікті өсірудің негізгі факторлары болып есептелінеді. Сонымен, егістік жерлерді топырақтың құрамы, табиғи жағдайы, егіннің шығымдылығына, оның пісуіне, жинап алу мерзіміне және өнімдердің сапасына тікелей әсерін тигізеді.

Соныдықтан да, өнім өндірушілердің өндірісін жоспарлауда, олардың табиғи орналасуын ескерулері қажет. Жергілікті ауа-топырақ жағдайына бейімделген ауыл шаруашылық дақылдары, оның сорттарын таңдауда ғана мол көлемде, бәсекеге қабілетті өнім өндіруге болады.

Жоспарлаудың бұрынғы кеңес дәуіріндегі тәжірибесін екі тұрғыдан қарауға болатын. Бір жағынан ол волюнтаристік былайша айтқанда нұсқаушылық сипатта болатын. Жоспарлау процесінің өз болмысынан туындайтын волюнтаризмді атап өткен И. Кант: Жоспар құру жеңіл және дангойте, сол арқылы өзің атқара алмайтынды талап етіп, өзінше шығармашылық дана түр танытсын, өзің жөндей алмайтынды бетіне басасың, өзің қайдан табарыңды білместен, бірдеңе ұсынасың....» деген ойды айтқан. Мұндай жоспарлау жоғарыдан экономиканың дамуының барлық салалары мен аймақтарының ерекшеліктерге және әлеуетті мүмкіндіктерін мұқият жете зерттемей беретін, шектеулі параметрлерді зорлап міндеттейтін, барлығын жаппай қамтитын (тоталды) жүйеге тән. Бұндай әдіс, әсіресе ауыл шаруашылығына,  оның жалпы дамуына өте зиянды әдіс болып табылады. Сондықтан да,  жоспарлау объекті экономикалық заңдарға сүйене отырып, экономиканың жыйынтық негізінде  жүргізілуі тиіс.

Жоспарлау өндірістің қай саласы болмасын шаруашылық  қызметінің жетістігінің маңызды бөлігі болып табылады. Оны елемеу өндірістегі кәсіпкерлерге қымбатқа түседі, өйткені фирма істері бойынша ол байланысқандардың барлығы – жабдықтаушылар, тұтынушылар, бәсекелестер т.б. оларды ескеруге міндетті, өз қызметін жоспарлаулары тиіс.

Жоспарлаудың шаруашылықтар үшін ең тиімдісі ойластырылған стратегиялық сипаты бар, макро, мезо және микро деңгейдегі, әр түрлі процестердің  қыйысуы ретіндегі жоспар- онда шаруашылық жүргізуші субъектілердің еркін, дербес жұмыс істеуіне кедергі келтірмейтін және алда тұрған келешектегі жұмыс үшін бағдарлама болып табылады.

Сонымен, бұл жоспар (индикативті) шаруашылықтағы әр түрлі мәселелелрді үйлестіру ресімдерінің жиынтығын реттейтін жоспар болып есептелінеді.

Индикативті жоспарлаудың негізгі мақсаты- ұлттық экономиканың бір қалыпты  дамуын, оның құрылымдық өзгерістерін, дағдарысты жағдайлардың алдын алу және олардың ықпалын жақсарту, мемлекеттің экономикалық  және саяси тәуелсіздікті қамтамасыз етуге үлкен әсерін тигізетін фактор. Сондықтан  ол төмендегі талаптарға сай мәселелерді орындауы тиіс:

  • мемлекет экономикасын, мемлекеттік реттеуде қолданылатын құралдардың тиімді болуына қол жеткізу;
  • нарық жағдайындағы механизмдерінің негізінде экономиканың өзін-өзі реттеу жоғары болуын қамтамасыз ету  және шаруашылық жүргізуші субъектілердің өзіндік экономикалық белсенділігін пайдалануына кеңінен жағдай жасау;
  • әлемдік тәжірибеде кеңінен қолданылып жүрген және тиімділігі дәлелденген экономикалық талдау, болжау мен реттеу әдістерін пайдалану;
  • аумақтың экономикалық саясаттық тиімділігін қамтамасыз ету.

Жоспардың экономикалық тиімділік тұрғысынан ең жоғарғы вариантын анықтау үшін экономикалық - математикалық әдіс қолданылады. Осы әдіске сүйене отырып, экономикалық құбылыстардың математикалық халық шаруашылығы байланысының үлгісі, салаларалық өнім өндіру және тұтыну баласының үлгісі т.б.

Сызықтық бағдарлама әдістерін пайдалану арқылы өндірісті жоспарлаудың, оның өнімінің сапасы, қабілеттіліктілігі және басқа көптеген күрделі мәселелері шешіледі.

Өндірістерде өнімді жоспарлаудың бағдарламалық - мақсаттық әдісі экономикалық құбылыстарға, ірі мәселелерді шешуге жүйелік, кешенді көзқарас керектігіне негізделген. Себебі, кез келген саланың дамуы, басқа да салалардың- шикізат беретін, отын-энергия, қосалқы бөлшектер шығаратын және сол саланың өнімдерін пайдаланатын, сол салаға әр түрлі қызмет көрсететін (тасымал, байланыс т.б.) салалардың даму көрсеткіштерімен тығыз байланысты болады. Сондықтан алға қойған мақсатқа жету жолдарын көрсететін жоспар (стратегия) жасалған кезде  осы жоғарыдағы көрсетілген байланыстардың бәрі ескерілуі керек.

Бағдарламалық- мақсаттық әдіс мемлекеттік, салааралық және аймақтық бағдарламалар қабылдағанда  қолданылады (пайдаланылады). Олардың алға қойған мақсаты анықтала отырып, сол мақсатты орындаудың жолдары мен құралдары көрсетіледі. Ірі бағдарламаларда бірнеше кіші бағдарламалар болады. Олардың өзіндік маңызы болады және экономикалық тиімді жолдары көрсетіледі.

Бағдарлама- мақсаттық әдістерінде оның ішінде бірнеше күрделі мәселе қаралады:

  • өндірістің экономикалық дамуындағы негізгі мәселелер ғылыми-техникалық, экономикалық, әлеуметтік;
  • мәселелерді шешу үшін- материалдық, еңбек және қаржы тағы басқа ресурстарды тиімді пайдалану жолдары;
  • кешенді мәселелерді шешу үшін ресурстарды үйлестіру, баланстық үйлестіру деңгейлері;
  • кешенді бағдарлама көрсеткіштерін салалық және аумақтық жоспарлаумен байланыстылығы.

Қазіргі экономиканың әлемдік бәсекелестікте шаруашылықтардың тәжірибесінде жалпы мемлекеттік макроэкономикалық жоспарлау бюджеттік, стратегиялық, индикативті, директивті түрлерге бөлінуде. Соның ішінде экономикасы дамыған елу елдің қатарына қосылу үшін, бәсекеге қабілетті өнім өндіру үшін, Қазақстанға стратегиялық және индикативті жоспарлаудың маңызы айтарлықтай болып отыр.

Стратегиялық жоспарлау дүние жүзіндегі мемлекеттердің кеңінен қолданып жүрген арнаулы білім (қызмет) саласы.

Стратегиялық жоспарлаудың мәні, шектеулі қор көлемі бойынша дамудың магистралды бағытын тауып, экономиканың қолайлы тұстарын тиімді пайдаланып жағымсыз жақтарының әсерлерін бейтараптандыру.

Старатегиялық жоспарлаудың бірнеше кезеңдері болады. Мысалы, старттық, сандық, басыңқы бағыттары және ұтымды жақтары.  SWOT- талдау күшті (ұтымды) және әлсіз жақтар, мүмкіндіктер мен қатерлер мағынансын береді. Ол сыртқы алға қойған мақсаттарға жету стратегиясын жасау үшін қолданылады.

Егер күшті (ұтымды) және әлсіз жақтарын талдауда саланың ішкі факторлары қаралатын болса, онда мүмкіндіктер мен катерлерді бағалауға сыртқы факторлар зерттеледі. Оның ішінде, нарықтың қатерлі бәсекелестік тұрыс. Өйткені, пайдаланылмаған мүмкіндік, оны бәсекелестер дұрыс пайдаланған жағдайда қауіп-қатер болып шығуы мүмкін.

2001 жылы аймақта өңдеуші өнеркәсіп орындарында жылдық өсу қарқыны 8-8,4% мөлшерінде болса, ол 2015 жылы еңбек өнімділігі кемінде үш есеге арттыру және жалпы ішкі өнімде энергия сыйымдылығын 2 есе төмендету, өңдеуші өнеркәсіптердің негізгі қорларының өнімділгін арттыру белгіленген:

  • кәсіпкерлік ахуалды, құрылымды және жеке секторларды ынталандыратын, әрі бәсекелестік артықшылықты жетілдіретін қоғамдық институттарды қамту, қосылған құнға барынша қол жеткізе отырып, нақты өндіріске қосылған құндар тізбегіндегі элементтерді игеру;
  • ғылымды көп қажет ететін және жоғарғы технологиялық экспортқа негізделген өндірістерден өнім өндіру бәсекеге тартымды, оларды ынталандыру;
  • мемлекеттің экспорттық әлеуметтік қосылған құны, жоғарғы тауарлар мен қызметтердің пайдасына қарай әртараптану;
  • сапаны әлемдік стандартына көшу;
  • дүние жүзілік ғылыми- техникалық және инновациялық процестерге қосыла отырып, өңірлік және әлемдік экономикамен ықпалдасуыды күшейту қарастырылған.

Стратегиялық жоспарлаудың республика бойынша 2004-2015 жылдарда жүзеге асыру кезеңдері:

1-кезең 2004-2005 жылдар;

2-кезең 2006-2010 жылдар;

3-кезең 2011-2015 жылдар.

Стратегия жоспарын іске асыруға жұмсалатын инвестициялық сипаттағы тікелей шығындардың болжамды мөлшері жылына 1,2 млрд АҚШ долларына белгіленген. Ал, стратегияны іске асыруға белгіленген мемлекеттік шығындардың құны 2005 жылғы бағалармен жылына 260 млн АҚШ долларын құрайтыны қаралған.

Стратегиядағы іс-шараларды  қаржыландыру үшін Даму Банкінің, инвестициялық қордың, инновациялық қордың қаржыларын тарту белгіленген.

Болжамдар бойынша индустриялық- инновациялық саясатты белсенді жүргізу экономиканың өсу қарқынын жылына кемінде 8,8-9,2 пайызға қамтамасыз етеді. Бұл 2001 жылмен салыстырғанда 2015 жылы жалпы ішкі өнім көлемін 3,5-3,8 есеге көбейтуге мүмкіндік беретінін көзделуде. Ал, өңдеуші кәсіпорындарда жылдық орташа өсу қарқыны 8-8,4 пайызға дейін жеткізуге, еңбек өнімділігін салыстырмалы жылдары кемінде 3 есе арттыруға, ЖІӨ-ге энергия сыйымдылығын 2 есе төмендетуге мүмкіндік береді.

Стратегия жоспарын іске асыруда:

  • жалпы ішкі өнім құрылымында өнеркәсіптің үлестік салмағы 2015 жылы 46,5 пайыздан 50-52 пайызға дейін мөлшерде ұлғайады;
  • ЖІӨ-дегі құрылымдарда ғылыми және ғылыми инновациялық қызметтің үлестік салмағы 2015 жылы 1,5-1,7 пайызға артады, 2001 жылғы 0,9 пайыздан.

Сонымен, Қазақстанның 2015 жылға арналған мемлекеттік экономикалық стратегиялық жоспары ішкі саясатты қалыптастырып жаңа экономика салаларын әр тараптандыру арқылы дамудың шикізаттық бағытынан, тұтынушыларға  дайын өнім жеткізу кезеңінен өтіп, мемлекеттің тұрақты дамуына қол жеткізуге мүмкіндік алатынын айтуға болады.

Республикадағы өңдеуші өнеркәсіпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге қабілетті және экспортқа төтеп беретін, бейімделген тауарлар, жұмыстар және қызметтер өндірісі мемлекеттік индустриялы-инновациялық саясаттың басты бағыттары болып қала бермек.

Дегенменен, қазіргі кезде Қазақстанның экономикасы, әлемдік экономиканың ғаламдану жағдайында, бір қатар проблемаларға тап болуда. Оларға мыналарды жатқызуға болады:

  • өндірістердің әлі де болса шикізаттың бағыттылығының барлығы;
  • экономиканың, әлемдік экономикадағы бірлесуіне әлсіздігі;
  • мемлекет ішіндегі  салааралық және өңіраралық экономиканың бірлесуінің босаңдығы;
  • ішкі нарықта тауарлар мен қызметтерге деген тұтыну сұранысының мардымсыздығы;
  • өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымның дамымауы;
  • кәсіпорындардың жалпы техникалық және технологиялық тұрғыдан артта қалушылығы;
  • ғылым мен өндірістің арасындағы өзара тығыз байланыстың болмауы;
  • ғылыми- зерттеу және тәжірибелік- конструкторлық жұмыстарға (ҒЗТКЖ) қаржының аз бөлінуі;
  • ғаламдану процесіне, менеджмент және сервистік- технологиялық экономиканың өтуге бейімделмеуі, міндеттерінің сәйкес келмеуі.

Осы проблемаларды шешу үшін, Даму Банкі, мемлекеттің инвестициялық қоры және басқа стратегиялық жоспарлауға қатысатын институттар ғылымды және инновациялық қызметтерді ынталандыратын бағыттарды және инновациялық саясатты жүргізулері керек. Осы қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін қаржы нарығын онан әрі дамыту және                                     білім беру, монополияға қарсы, инфрақұрылымдық саясатты жетілдіру мәселелері алда тұр.

Енді, стратегиялық жоспарлаудың әлемдік тәжірибесіне талдау жасасақ, оларда жоспар сыртқы және ішкі факторларға қарай 2010-2011 жылдары экономиканы дамытудың қарқындарын негіздейтін орталық және жергілікті ұйымдардың экономикасын жеке және мемлекеттік секторларды дамыту үшін іс-қимылын анықтау белгіленді.

Стратегиялық жоспарлауда, әлемдік тәжірибе сәтті де, сәтсіз де стратегиялар жеткілікті. Кей жағдайда, орындалуы мүмкін емес стратегиялық жоспар, нәтижелі түрде жүзеге асырылады, керісінше, кейбір стратегиялық жоспар тиімді ұйымдастырылмағандығынан, іс-әрекеттерінің байланыссыз жүргізілмегендігінен т.б. себептерге байланысты іске аспай қалады. Мұндай жағдай ауыл шаруашылықтарында көптеп кездеседі. Мысалы, 2010 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының шаруашылықтары стратегиялық жоспар бойынша әрбір гектардың шығымдылығын 2010 центнерге жеткізу арқылы шитті- мақта өндірудің көлемін 400 мың тоннаның көлеміне белгіленген. Ал, нақты мақта өнімінің көлемі облыс бойынша 317,5 мың тоннаға, гектардың шығымдылығы 18,2 центнерден аспады, ол 2007 жылмен салыстырғанда 14,7 пайызға төмендеді.

Өндірістерде жоспарланған стратегия аралас болуы  да мүмкін, нақты жағдайға байланысты жоғарыдағы көрсетілген стратегиялардың элементтерінен құрылуы мүмкін.

  • Дегенменен, ғылыми және тәжірибелік  зерттеулерді тұжырымдау, бірнеше этолондық стратегияға бөліп шығаруға мүмкіндік беруде:
  •  өнім өндіруге жұмсалатын  шығындарды қысқарту стратегиясы.
  •  құнарлы өсу стратегиясы - өндірілетін өнім түрлерін, салалық ерекшіліктерді өзгеріссіз қалдыра отырып, жалпы көрсеткіштердің өсуіне қол жеткізу;
  • диверсификациялық өсу стратегиясы - мұнда қызмет жүргізу шеңберін өзгерту, өндірісті жаңа өнім түрлерін шығаруға бағыттау;
  • интеграциялық өсу стратегиясы - жаңа құрылымдарды біріктіру және қызметтің осы шеңберіндегі күшті ұйымдармен интеграция жүргізу  арқылы өсуді қамтамасыз ету;

Стратегиялық жоспарлардың орындалуын кезеңдерге бөлу керек. Ол ішкі және сыртқы бақылау үшін қажет.

 

Қорытынды

 

Жоғарыда айтып өткеніміздей, қазіргі кезде аграрлық саланың алдында тұрған шешілуге тиісті маңызды міндеттерді қарастыру – осы саланың ерекшелігін, яғни халық шаруашылығының басқа салалырна қарағанда аграрлық салада, нарықтық экономикаға өтудің күрделі де қайшылықты екендігін мойындаудан басталады. Оның ең басты себептеріне аграрлық өндірістің нақты қоғамдастырылуының барынша төмен дәрежесін, ұдайы өндірістің табиғи, экономикалық және әлеуметтік жағдайларға ерекше тәуелділігін, территориялық шоғырлануымен шаруашылық жүргізудің аймақтық факторларының әртүрлілігін айтуға болады.

Сонымен қатар, Қазақстанның аграрлық секторының нарықтық қатынастарға өтуі барлық салалардың түбегейлі түрде қайта құрылуын талап етеді. Халық шаруашылығының барлық сферасында нарықтық бағдарламалардың жүзеге асырылуының мүмкіндіктері өз кезегінде реформалардың нәтижесіне, яғни агроөнеркәсіптік кешеннің (АӨК) аралас салаларының және ауыл шаруашылығының ахуалына байланысты. Осылайша, радикалды аграрлық реформа өзінің мақсатты бағыттары және мазмұны, сондай-ақ ұйымдық-құқықтық механизмі және күтілген нәтижесі бойынша біздің еліміздің барлық экономикалық жүйесінің қайта құрылуының органикалық құрамды бөлігі болып табылады.

Аграрлық реформаны зерттеуші теоретиктер мен ұйымдастырушылар оның алғашқы пунктерінде-ақ АӨК-нің нарықтық қайта құрылуының нақты мүмкіндіктерін бағалауда көптеген дәлсіздіктер жіберді. Осыған байланысты нарықтық механизмді АӨК-нің барлық салаларына тез, әрі толығымен енгізу керек деп есептелінген. Сонымен бірге, ең негізгі жағдай ескерілмей қалды, яғни ауылдық жерлерде шынында да кооперативтік және жеке шаруашылықтардың болғаны бәрімізге белгілң жайт, бірақ та олардың барлығы тек мемлекеттің қорғауына ғана сеніп ұйымдастырылған деп айтсақ та болады. Мемлекет және үкімет тарапынан болатын қолдауды, қорғауды жаймен болса да жаңа жағдайға, яғни нарық жағдайына және мақсатына сәй кестендіре отырып өзгертіп, оны дамытып қайта құрудың орнына, біздер оның тез арада және түгелдей жойылып кету жолына бардық. Бірақ та бұлардың барлығы реформалаудың қиындықтарымен байланыстыруға болмайтын, тек субъективтік сипаттағы қателіктер ғана болып саналады. Сондай-ақ АӨК-нің тез, әрі қарқынды түрде дамуын қиындататын, оның радикалды өзгеруінің жай және ұзақ болуының негізгі себепшісі болатын, оған әсер етуші объективтік факторларды да естен шығармаған жөн.

Қорыта келгенде, дипломдық жұмыстың алғашқы бөлімінде агроөнеркәсіп кешенінің қалыптасуының ғылыми-теориялық аспектілері және оның халықшаруашылығында алатын орны туралы айтылып, бүгінгі таңда агроөнеркәсіп кешені саласындағы ауылшаруашылығы техникаларымен жабдықталуы көңіл қанағаттандырарлықтай жағдайда еместігін ескере отырып, оның бүгінгі жағдайы теориялық негізде сарапталып, Қазақстан Республикасының аграрлық азық-түлік бағдарламасын жүзеге асыру үшін қолда бар машина жүйесін толықтыру шығындарды жабу және оның мерзімдерін қысқартудың жаңа жүйесін жасап шығару да қажет. Ол үшін Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің жөндеу, қызмет көрсету және машина құрылысы базасын дамыту керек.

Ал екінші бөлімде негізгі дипломдық жұмысқа тікелей қатысты қазіргі Оңтүстік  Қазақстан облысындағы агроөнеркәсіп кешенінің  қазіргі даму жағдайы жайлы сөз етіледі.

Үшінші бөлімде Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінің мәселелері мен келешекте даму бағыттары, салаларының бәсекелестігін қалыптастыру стратегиясы қарастырылған.

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

1.     Н.Ә.Назарбаев. «Қазақстан-2030» стратегиялық даму жоспары:

  1. Президентіміздің Қазақстан халқына Жолдауы. Астана, 2010
  2. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу -Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері», Астана 2010 ж., қаңтар.
  3. Ауыл шаруашылығы өндірісіне техникалық қызмет көрсету жөніндегі инфрақұрылымды ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 10 ақпанындағы №134 қаулысымен бекітілген.
  4. Қазақстан Республикасының «Ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005жылғы 10 шілдедегі №1149 Жарлығы. Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005ж. №28, 264-құжат.
  5. Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2007-2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007жылғы қаулысы
  6. Қазақстан Республикасының «Су кодексі». Қазақстан Республикасының 2005ж. 9 шілдедегі №481-ІІ Кодексі. «Егемен Қазақстан» 2009ж.
  7. Қазақстан Республикасының «Жер кодексі». Қазақстан Республикасының 2008ж. 20 маусымдағы №442-ІІ Кодексі
  8. Танатова А.Р. Современное состояние развития АПК. НиОЮК, 2000.
  9. Ш.К.Купешов. Экономическая эффективность хлопководства в Казахстане. Аль-Пари, 2006.
  10.  Жузбаева А.Т., Купешов Ш.К. Повышение эффективности АПК ЮКО. НиОЮК, 2007.
  11. Чернявский П.Ф. Инфраструктура сельскохизяйственного производства: вопросы теории и практика.М.:Экономика, 2001
  12. Қ.М.Белгібаев. Ауылшаруашылығы экономикасы. ЖОО студенттеріне арналған оқулық. Алматы, 2002.
  13. Н.Райхан. Дамудың индустриялық-инновациялық стратегиясы//Ақиқат, 2008,№7
  14. Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2010ж. атқарған жұмыстарының есебі. Шымкент,2010
  15. Т.И. Есполов. АПК Казахстана: ресурсное развитие. Алматы, 2001
  16. М.Т. Оспанов. Агробизнес: теориясы мен тәжірибесі. Алматы, 2005
  17. М.Бекболатова. Республиканың машина-трактор паркінің жағдайы және жаңа ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алу//Агроинформ, наурыз 2005.
  18.  Калиев Г.А. Актуальные проблемы реформ АПК в Казахстане//Аграрная наука, 2006, №11-12.
  19.  С.Байзақов, Н.Райхан. Қазақстан экономикасын кластерлер көтереді//Ақиқат, 2009,№1,№2
  20. Сериков Б. Пути повышения эффективности сельскохозяйственного производства в хозяйствах зоны нового орошения Голодной степи.-Шымкент: Китап, 2009.
  21. Регионы Казахстана в цифрах, -Алматы, Агентство РК по статистике, 2010
  22.  Толысбаев Б.С., Абылқасымова Ж.А. Ауыл шаруашылығын мемлекеттік реттеудің теориялық негіздері мен қажеттілігі. АльПари, №1,2010
  23.  Әлібекова А.Б., Әлібекова Н.Б. Аграрлық реформа және кооперация мен интеграцияның объективті қажеттілігінің пайда болуы. АльПари, №1,2010
  24.  Молдашева А.Б. Ауыл шаруашылығындағы ылғал сақтау технологиялары. АльПари, №1,209
  25.  Кажмуратова А. Причины и следствие аграрного кризиса в Казахстане//Евразийское сообщество.-2008.-№3
  26. Ушачев И.Аграрное реформа и развития корпорации в АПК России// АПК, экономика, управление.2006, №8
  27.  Баймұханов Т. Қазақстан халық шаруашылығының және шаруашылық жүргізу формаларының дамуы.-Алматы, 1998.
  28.  Мамыров Н.К., Ихданов Ж. Государственное регулирование экономики в условиях Казахстана (теория, опыт, проблемы). Учебное пособие-Алматы: Экономика,2008.
  29. Курбанов С.К. Курманбаев С.К., Нурекенов Н.Г. Антикризисное регулирование и управление в аграрной сфере Республики Казахстан// Научное издание-Алматы, 2008
  30. Шукуров А.К. Механизм государственного регулирования сельского хозяйства в регионе и проблемы его развития. Вестник ОГУ №7, 2009
  31. www. Google.kz
  32. www.yandex.ru
Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2014-10-28 22:52:45     Қаралды-19377

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »