UF

ОҢТҮСТІК  ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ОРДАБАСЫ АУДАНЫ ШҰБАРСУ ЕЛДІ-МЕКЕНІН АУЫЗ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ  

Кіріспе

 

Жалпы сумен жабдықтау жүйесінің мақсаты: табиғи су көзінен суды алу, тұтынушылардың су сапасына қоятын талаптарына сәйкес тазарту, сумен қамтамасыз етілетін объекті аумағына жеткізу және тұтынушыға қажетті арынмен, жеткілікті мөлшерде су шығынымен тарату.

Жоғарғыда саналған тапсырмаларға сәйкес сумен жабдықтау жүйесінің құрамына мынадай су құбыры ғимараттары кіреді:

1) Су алу ғимараты, яғни қабылданған табиғи су көзінен суды алу үшін қызмет жасайды

2) Сорғыш бекеттер ( су көтеруші ғимараттар), бұл берілген шығында, берілген биіктікке суды қажетті арынмен беру үшін қолданылады.

3) Суды өңдеу және тазарту ғимараттары ( тазарту ғимараттары бекеті), бұл су тұтынушының су сапасына қоятын талабына дейін табиғи суды тазарту үшін қолданылады

4) Су өткізгіштер және су құбыры торабы, бұл суды су тұтынушы объектісіне жеткізу және суды үйлестіріп тарату үшін қолданылады.

5) Сақтаушы және реттеуші сыйымдылықтар, бұл сумен жабдықтау жүйесінің жұмыс режиміне сәйкес суды реттеу үшін және қажетті мұқтаждарға суды сақтау үшін қолданылады.

Су алу ғимараты деп қолданылатын суды су көзінен алуға арналған инженерлік құрылымды атайды. Су алу ғимараты конструкциясы су көзіне байланысты болады. Жалпы су көздерінің негізгі екі түрі бар: жер беті және жер асты сулары. Жер беті суларының жиі қолданылатыны - өзен сулары. Өзен суларын алуға арналған құрылымдар өзен су алу ғимараты деп аталады, ал жер асты суларын алуға арналғандары каптаждық құрылымдар деп аталады.

Су өткізгіштер  деп қажетті мөлшердегі суды сапалы суды су көзінен тұтынушыларға дейін жеткізуге арналған құрылымдар жиынтығын атайды.

Су құбырының өнімділігі  жұмыс істеу мерзімінің соңына дейінгі қажетті судың мөлшерімен анықталады.

Ауданды коммуналдық – ауыз суымен қамтамасыз етуге арналған су құбырының өнімділігі, жергілікті жағдайларға байланысты, ең алдымен тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттар орналасқан аудандардағы ауыз суны және үй шаруашылығына қажетті суларға деген мұқтаждықтарды, сондай-ақ ауданды көгалдандыруға және көшелерді жууға, кәсіпорындардағы шаруашылықтық және ауыз суына деген және т.б. мұқтаждарға қажетті сулармен қамтамасыз етуі қажет.

Сорғыш бекеттері. Су құбырының құрамына екі сорғыш бекеті кіреді. 1 деңгейлі сорғыш бекеті суды сутартқыштан сорып алып тазартқыш құрылымдарға айдайды, ал 2 деңгейлі сорғыш бекеті суды таза су резервуарынан магистралды құбырларға немесе мұнараға береді.

Су құбырындағы максималды су шығынына /Qтәу.max/ және 2 деңгейлі сорғыш бекетінің манометрлік арынына байланысты арнайы әдебиеттерден қажетті сорғыштардың типі таңдалып алынады. Олардың техникалық сипаттамасы көрсетіледі.

 

1 Жалпы бөлім

 

1.1 Ордабасы ауданы Шұбарсу елді-мекенінің табиғи-климаттық жағдайы

 

Ордабасы ауданы – облыстың оңтүстігінде орналасқан әкімшілік аумақтық бөлік. Ауданның аумағы 2,7 мың км2 . Тұрғындарының саны 2004 жылғы шамамен 83,3 мың адам Аудандағы 59 елді мекен 9 ауылдық округке біріктірілген. Орталығы Темірлан ауылдық округі.

Ауданның жер бедері жазық. Оңтүстік бөлігі солтүстігіне қарағанда бір шама көтеріңкі және бұл бөлігі Арыс өзенінің салаларымен сай – жыраларға тілімделген. Ауданның ең биік жері қайнар аулының шығысында 383 м.  Жер қыртысы Тұран плитасының эпигерциндік құрлымынан түзілген. Оның үстін төрттік жүйенің аллювийлі шөгінділері жапқан. Мезозойға дейінгі жер қыртысы 1000 – 1500 м тереңдікте. Жер  қойнауынан құрлыс материалдары барланған.  

 

1.2 Климаты

 

Оңтүстік Қазақстан  облысы дүние жүзі материктің ортасында, ашық теңіздер мен мұхиттардан алыстығына байланысты серіктестік  территориясының  климаты  жұмсақ  және агроклиматтық жағдайға  ыңғайлы болып табылады. Сондай-ақ ауданның климаты континенттік болып келеді.

Қысы қысқа, жұмсақ, жазы ұзақ, ыстық және аңызақты. Қаңтар айының жылдық орташа температурасы – 3 – 5 °С, шілдеде +26° +32°С. Жауын – шашынның  жылдық орташа мөлшері 200 – 380 мм. Желдің басым бөлігі шығыс, оңтүстік-шығыс бағыттардан соғады. Желдің орташа жылдамдығы  3-5 м/с.  Желдің әсірнен жазда ауданның гидротермиялық көрсеткіші төмендеп (0,3 – 0,4), ылғалдылық мөлшері кемиді де аңызақ, құрғақ және ыстық кезең қалыптасады. Жаздың максималды температурасы +40° +44°С. Жаздың жоғары ауа температурасының жалғасу мерзімі 173-180 күн.

Қыс мерзіміндегі қар жамылғысының орташа биіктігі – 15 -40 см. тұрақты қар жамылғысы  90-120 күн жатады.

Шілде мен тамыз айлары ең ыстық, ал желтоқсан мен қаңтарайлары ең суық болып есептеледі. Аудан террриториясында  ыстық айлардың көп жылдық орташа температурасы +24°+28°С дейін болады. Наурыз және қараша айларының орташа температурасы  +25°С тең.

Көктемгі аязғы күндер  ақпанның  бірінші декадасы мен  мамырдың декадасы  аралығында. Орташа аязды күндер саны 160 күнді құрайды.  Аязсыз мерзімнің ұзақтығына байланысты  және оптимальды температураның  бар болуына байланысты климат толығымен жарамды болады [1,2]. 

 

1.3 Өсімдігі

 

Өсімдігі қияқ, қоңырбас, солт-нде бозжусан басым кокпек, сар-сазан, баялыш, күйреуік өскен. Ауданның  солтүстігіндее бозжусан, шиаралас эфемероидті өсімдіктер өседі. Дәрілік өсімдіктерден күріш қонағы, қара меңдуана, тұмаршөп (жұмыршақ), т.б. кездеседі. 

Көбінесе қамыс, қоға шоғайна өсімдіктері арық атыздарда, звростарда көптеп кездеседі. Жантақ, ақселеу, бетегелі, жусанды жайылымдар  шығыс  аз қуатты құмдақ қара топырақта орналасқан. Топырақтың өсімдікпен жамылғысы 65-75 процентті құрастырады.

Ауылшаруашылығы жерлерінде егіс науханы кезінде танаптарда көптеп шығатын шырмауық өсімдігі. Ол шөптік өсімдік, екен егінді шырмап, орап өсуіне көп кедергі жасайды. Бұл шөп негізінде мал азығының ең жақсыларының  бірі болып саналады [3].

Сонымен қатар шаруашылақта кездесетін шөптердің бірі шоғайна өсімдігі. Шоғайна өсімдігі негізінен су арқылы  ағып келеді. Шоғайна өсімдігі ең тез көбейетін өсімдіктер қатарына жатқызуға болады. Себебі шоғайнаны ерте өскенде көзін жою керек, ол өссе тұқымы арқылы көбейеді. Сол тұқымын жел, су арқылы таралады.

 

1.4 Топырағы

 

Топырақ жамылғысында корбонатты сұр сортаңды бозғылт сұр топырақ басым. Өзен аңғарларында шалғанды сұр топырақ қалыптасқан.Топырақтың жыртылатын қабатындағы қара шірік құрамы көп емес  сондықтан өсімдіке керекті  агратехникалық шараларды, қоректік заттармен қамтамасыз ету, механикалық және биологиялық құрлымы жағынан жерлерді жақсарту мен олардың өнімділігін жетілдіру бойынша шаралардың  бірдейлі қолдану керек.

 

1.5 Гидрография мен гидрологиясы

 

Аудан арқылыАрыс және оның салалары - Боралдай (оң саласы), Бөржар, Бадам Шұбарсу, т.б.өзендері ағып өтеді.

Ауданның орталық  бөлігінде Бөген су қоймасы салынған. Одан Арыс Түркістан каналы тартылған. Бөгеннің оңтүстігін бойлай Арыс каналы жүргізілген. Арыс-Түркістан каналының ағу жылдамдығы төмен шаммен 1м/сек. каналдың жалпы ені  7-10 м. Суы тұшы, ішуге жарымсыз. Канал жағалауының биіктігі 2-3, каналдың тереңдңгі 4-5 м. Канал түбі ақ құмды, тұнбаланған. Арыс-Түркістан каналына жылдың көктемгі егіс науханына қарсы наурыз айының аяғына таяу су жіберіледі. Содан соң жылдың қыркүйек – қазан айларында тоқтатылады.

Бөген су қоймасына жиналған суларды жоғарыда аталған канал арқылы елге жібереді. Бөген су қоймасының негізгі қорегінің бірі қар мен жауын-шашын болып табылады [4].

Жер асты суы девон, таскөмір қабаттарында және ло 30-50 м тереңдікте жатыр. Грунт сулары 3-8 м кейбір жерлерде 8-12 м тереңдіктегі палеогеннегоген қабатарында кездеседі.

 

1.6 Су көзінің су сапасының негізгі көрсеткіштері мен талаптары

 

Шаруашылық-ауыз су және кейбір өнеркәсіп  кәсіпорындарының өнеркәсіптік мұқтаждықтары үшін пайдалыналатын су технологиясы бойынша ауыз су сапасындағы су қажет етілетін жерде МЕСТ -278274 «Ауыз су» талаптарына сәйкес болуы керек [5].

Халықтың ауыз су қажеттілігіне, шаруашылығына жұмсалатын су таза және мөлдір болуы тиіс. Оның құрамында жұқпалы аурулар тарататын бактериялар, зиянды заттар және дәмі мен иісі жағымсыз болмауы тиіс.

 

Кесте 1 - Судың қысқартылған химиялық анализдерінің ведомості

Зертхананың номері

72

Шығарылымның  №

суқұбыр

Үлгі алынған тереңдік

 

 

 

 

 

Катиондар

 

Ca++

мг/экв/л

4,7

мг/л

94,0

% мг/экв

46,1

 

Mg++

мг/экв/л

4,0

мг/л

48,8

% мг/экв

39,2

 

K++Na+

мг/экв/л

1,5

мг/л

36,00

% мг/экв

14,7

 

 

 

 

 

Аниондар

 

CO3-

мг/экв/л

 

мг/л

 

% мг/экв

 

 

HCO3-

мг/экв/л

7,3

мг/л

445,3

% мг/экв

71,5

 

CL-

мг/экв/л

0,6

мг/л

21,3

% мг/экв

5,9

 

SO4-

мг/экв/л

2,3

мг/л

110,4

% мг/экв

22,5

Сутектік көрсеткіш рН

6,5

Құрғақ қалдық г/л

0,533

Атауы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 Технологиялықбөлім

 

2.1 Сумен қамтамасыз ету объектілері

 

Сумен қамтамасыз ету объектісі Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы Шұбарсу елді – мекені болып табылады.Ауылда өнеркәсіп, өндіріс орындары жоқ, сондықтан техникалық суды беру жүйесін салуға негіз жоқ. Ауыл тұрғындарымен техникалық қажеттіліктерге жұмсалатын су ауылдың шетіндегі Арыс өзенінен алынады. Сумен қамтамасыз етуді қажет етіп тұрған тек ауыл халқы. Ауыл ішіндегі бау-бақшаларды суару үшін кеңес үкіметі кезінде қазылған кішігірім канал қолданылады [6]. Канал Арыс өзенінің бір тармағы болып табылады, сондықтан қосымша бөгет салуды қажет етпейді.

 

2.2 Есептік су тұтынуды анықтау

 

Бастоғанның есептік сушығындары берілген сутұтынушылар туралы мәліметтерге сүйене отырып жасалған. Су тұтыну нормалары ҚР ҚНжЕ  4.01-02-2001ж. бойынша қабылданған.

 

Кесте 2 - Су тұтыну нормалары туралы мәлімет

Атауы

Өлшем бірлігі

Саны

Су тұтыну нормасы

л/тәу

Тәуліктік су шығыны м3/сут

Халық

адам

7485

50

374,25

 

Q тәу.mах = 374,25 х 1,2 = 449,1 м3/тәу,

Q сағ.орт=  18,71 мЗ/сағ = 5,31 л/сек,

мұндағы: 1.2 – тәуліктік ауытқу коэффиценті

Максималды сағаттық шығын:

Q мах.сағ = αмах х bмах х   Q тәу. мах,                                                                                   (1)

мұндағы: αмах -қабылданатын халық өмірінің деңгейін ескеретін коэффицент αмах =1,2-1,4,   bмах=1,3 

Ксағ.махмах х bмах= 1,3 х 1,3 = 1,69                                                                  (2)

Q мах.сағ = (Ксағ х  Q тәу.mах)/24 = (1,69 х 44 9,1)/24 = 31,62 м3/сағ.                   (3)

Секундттық шығын:

Q сек = 31,62 х 1000 = 8,78л/сек.

3600

Малға берілетін су, жыл бойы ауылдың солтүстік –  шығысындағы Арыс өзенінен алынады.

 

2.3 I-ші сорғы бекетінің сорғыш қондырғысын таңдау

 

Халық саны мен тұтыну мөлшеріне байланысты мен қажетті тәуліктік, содан соң сағаттық  су шығынын анықтадым (Qсағ.=16м3/сағ). Анықталған шығынға байланысты I сорғыш бекетінде ЭЦВ-8-25-70 батырмалы сорғышы орнатылу тиіс деп шештім. Себебі аталған сорғыштың параметрлері  маған қажет талаптарды қанағаттандырып отыр сонымен қатар экономикалық тұрғыдан қарағанда бағасы тиімді (төменде ЭЦВ-8-25-70 батырмалы сорғышының сипаттамасы көрсетілген).

   

Кесте 3 - ЭЦВ-8-25-70 батырмалы сорғышының сипаттамасы

Саты саны

Шығын

Q,

м3/сағ

Наминалды шығындағы тегеурін Н, м

Жұмыс алаңындағы тегеурін

Масса, кг

Қуаты, квт

Тоқ А

Бағасы теңге

5

25

+10%;-6%, 70

-60+77

63

7,5

20

21440

 

2.4 II-ші сорғы бекетінің сорғыш қондырғысын таңдау

 

Сорғыш қондырғының тегуріндік сипаттамасын анықтау.Сорғыштың сору және тегеурінді құбырларындағы ағынның орташа жылдамдығы келесі формуламен анықталады:

V=Q/W,                                                                                                               (4)

мұндағы: Q-сорғыштың берімі, м3/с; Wc-сору құбыр қимасының ауданы, м2

Vc =0,00878/0,02 =0,439м/с,

Vт =0,00878/0,02 =0,439м/с.

Сору және тегеурінді құбырларының қималарының ауданы:

W=πd2/4,                                                                                                             (5)

Wc=3,14*0,162/4=0,02 м2,

Wт=3,14*0,162/4=0,02 м2.

Сорғыш құбырларындағы сұйықтық (су) қозғалысының режимін анықтау.

Тұтқырлы (нақты) сұйықтық қозғалысында кедергілерден өту үшін сұйықтықтың кейбір энергиясы шығындалады. Бұл шығындар әр түрлі қозғалыс режимдерінде әрқалай анықталады. Сұйықтық қозғалысының ламинарлы және турбуленттік режимі болады [7].

Сұйықтықтың қозғалысы Рейнольдс санымен сипатталады. Құбырдағы су қозғалысының режимін анықтау үшін сору және тегеурінді  құбырлардағы ағынның Рейнольдс саны келесідей есептеледі: (υ=0,0101см2/с)

Re=Vd/υ,                                                                                                                                                              (6)

Rec=43,9*15,9/0,0101=69109,9

Reт=43,9*15,9/0,0101=69109,9.

Сору және тегеурінді құбырлардың есептік ұзындығын анықтау:

Σhұз=L1+L2+L3,                                                                                                                                     (7)

Σhұз.с=4+11+14=29м,

Σhұз.т=3+12+13+6=34м.

Сору  және тегеурінді құбырлары үшін гидраликалық үйкеліс коэфицентін анықтау.

Сұйықтықтың турбуленттік режим қозғалысында гидравликалық кедергілердің үш облысы болады:

- гидравликалық тегіс облысы;

- өтпелі кедергілер облысы;

- гидравликалық кедір-бұдырлар облысы.

Гидравликалық тегіс құбырлар облысы үшін  гидравликалық үйкеліс коэффицентін Блазиус формуласы арқылы анықталады:

λ=0.3164/Re0.25                                                                                                   (8)

λ=0,3164/69109,90,25=0,0195.

Сору құбыры жүйесінің кедергі коэффиценті:

Σξс=(ξкір+2ξ45˚+2ξ90˚)+ λ* lс/dс                                                                                             (9)

Σξс=0,12+2*0,35+2*2+0,0195*29/0,159=8,36.

Тегеурінді құбыр жүйесінің кедергі коэффиценті:

Σξт=(ξыс+2ξ90˚+ ξкір)+ λ* lт/dт                                                                           (10)

Σξт=0,1+2*2+0,12+0,0195*34/0,159=8,39.

Құбыр жүйесінің кедергісін анықтаймыз:

К=1/2g* Wт2[Σξс(Wт/Wc)2+ Σξт]                                                                      (11)

К=1/2*9,81*0,022[8,36(0,02/0,02)2+ 8,39] =214,2.

Сору құбырындағы тегеурін шығынын есептеу

Жалпы жағдайда ұзындықтағы тегеуріннің шығыны Дарси-Вейсбах формуласы арқылы анықталады:

Σhжерг=λ*l/d*Vс2/2g                                                                                          (12)

мұндағы: λ-гидравликалық үйкеліс коеффиценті; l-құбырдың есептік ұзындығы, м;

Жергілікті кедергідегі тегеурін шығыны Вейсбах формуласы арқылы анықталады:

Σhжергжерг* Vс2/2g = (ξкір+2ξ45˚+2ξ90˚) Vс2/2g,                                               (13)

мұндағы: ξжерг-жергілікті кедергі түріне байланысты анықтамалардан алынатын коэффицент.

Σhжерг=(0,12+2*0,35+2*2)0,4392/2*29=0,0157.

Сорғыш қондырғының құбырлар желісіндегі жалпы тегеурін шығыны Σhw сору құбырларындағы әр кедергілердегі тегеурін шығындарының қосындысына тең деген қағида негізінде есептеледі, яғни:

Σhw= Σhжерг+ λ*l/d*Vс2/2g                                                                                (14)

Σhw=0,0157+0,0195*29/0,159*0,4392/2*29=0,691.

Сорғыш қондырғының құбыр жүйесіне қажет тегеурін Нқ геометриялық тегеурін Нг және құбырлардағы тегеурін шығындарының қосындысына тең болады:

Нқ= Нг+КQт2                                                                                                     (15)

Құбыр желісінің тегеуріндік сипаттамасының графигін тұрғызамыз. Графикті тұрғызу үшін шығынның бірнеше Q1, Q2,..., Qі мәндерін аламыз.

 

Кесте 4 - Құбыр желісінің тегеуріндік сипаттамасының графигін тұрғызу үшін арналған мәліметтер

Qі, м3/сек

Нг, м

К

hw=КQі2

Нқ= Нг+ hw

0,001

 

 

23

 

 

214,2

0,214

4,92

0,003

0,642

14,76

0,005

1,071

24,63

0,007

1,499

34,47

0,009

1,934

44,48

 

 

Сурет 1. Құбыр желісінің тегеуріндік сипаттамасының графигі

 

Сорғышты таңдау және оның қозғалтқышының қуатын анықтау.

 

Кесте 5 - Типі К 20/30 сорғышының техникалық көрсеткіштері

Сорғыштың берімі

QА, л/с

Сорғыш тегеуріні

НА, м

Сорғыш қуаты NА, кВт

Айналым саны, айн/мин

Сорудың вакууметрлік биіктігі, м

20

30

3,5

2900

3,8

 

Сорғыштың анықталған қуаты NА арқылы сорғышты агрегаттың қозғалтқышының қуаты келесідей есептеледі:

Nқоз=Nдв= NАбер                                                                                              (16)

мұндағы: ηбер-берімнің пайдалы әсер коэффиценті, ηбер=0,96

Nқоз=3,5/0,96=3,65 кВт.

Сорғышты таңдаудың негізгі мақсаты-қабылданған сорғыштың нақты жұмыстық режимі тиімді болуы, яғни сорғыштың пайдалы әсер коэффиценті максималдық шамада жұмыс істеуі [8].

 

2.5 Арынды мұнараның өртке қарсы – реттеу багінің көлемін есептеу

 

Арынды мұнараның багінің көлемі реттеуші және өртке қарсы қолданылатын су көлемдерін сақтайды. Бактің реттеуші көлемін есептеу үшін «Сельскохозяйственное водоснабжение». Карамбиров Н.А., Мәскеу, «Колос», 1978 ж. Қолданыламыз [19].

Wpeг = Q сағ. мах. х 0,095 = 374,25 х 0,095 = 35,55 м3                                      (17)

Өртке қарсы қолданылатын су көлемі су шығыны 10 л/сек,  өрт сөндіру ұзақтығы 10 минуттан аспайтын уақытқа есептелген. (ҚР ҚН ж Е 4.01-02-2000ж., п. 9.5) [9].

Wpeг = 3600x10x10   = 6 м3.

            1000x60

Бактің көлемі тең:

W6 = 35,55+6=41,55 м3

Арынды мұнараның багінің көлемін 50 м3  деп қабылдаймыз.

 

2.6 Өртке қарсы қолданылатын су шығынын анықтау

 

Өртке қарсы қолданылатын су құбыры төмен қысымды қабылданып,  шаруашылық - ауыз су құбырымен біріктірілген. Өрт кезіндегі  гидранттардың арыны 10 м ден кем емес деп қабылданды.

Өрт сөндіруде  гидранттарда арын туғызу үшін қозғалмалы автосорғыштар қолданылады. Диаметрі 110 мм болатын  және өртке қарсы қолданылатын гидранттар бір–бірінен 200 м арақашықтықта орналасқан сақиналы су құбырлар жүйесі қабылданған. Жөндеу  учакелері 5 гидрантты ғана  өшіруді талап етеді.

Сыртқы өрт сөндіруге арналған су шығындары ҚР ҚН ж Е 4.01-02-2001ж. бойынша қабылданған және шығыны 10 л/сек, өрт сөндіру уақыты 3 сағат болатын бір өртті қарастырады. Өртті сөндіру үшін қажетті су шығыны келесідей анықталады:

Wөрт = 10 л/сек х 3 х 3,6 = 108 м3.

Өрт сөндіруге арналған су көлемінің екі еселенген шамасы 216 м3-ті құрайды  (ҚР ҚНжЕ 04.01-02-2001г., п.15.3).

Таза су резервуарларының талап ететін көлемі:

Wрез=Wрет+Wөрт+Wхп.п+Wав-Wқосымша                                                                                        (18)

мұнда:

Wрет  = Qорт.тәу  х 10/100 =  374,25 х 10/100 =  37,43 м3 ,

Wх.п.п = Qсағ.мах х t = 31,62 х 3 = 94,86 м3,

Wав= Qорт.тәу  х 70% х8/24х100= 374,25 х 70 х 8/24х100= 87,33 м3 ,

Wтол  = Qср.сут х 3/24 =374,25 х 3/24=  46,78 м3,

Wрез =  37,43 + 216 + 94,86 + 87,33 – 46,78 = 388,84 м3.

       
   

 

   
 

Өртке қарсы қолданылатын су қоры көлемі 200  м3 болатын екі резервуарда орналастырылады.Өрт кезіндегі суды беру II-көтерім сорғыш бекетінде орналастырылған  К-100-80-160а сорғыш қамтамасыз етеді.

 

 

2.7 Хлор-сатуратор есептері

 

Суды зарарсыздандыру үшін арынды мұнраның алдындағы с1-1,5м құдықта хлор-сатуратор орналастырылады. Хлорлатқыш іске қосу алдындағы дайындық келесідей жүргізіледі.  Вентиль жабық кезде хлоратордың қақпағы ашылып, оған құрамындағы сүт тәрізді активті хлордың мөлшеріне байланысты өлшеулі мөлшердегі реагент қоспасы құйылады, активті хлордың құрамында  келесі заттар болады: хлорлы әк-20кг,  гипохлорид-10кг, хлорамин-5кг. Оыдан соң қақпақ жабылып вентильдер бастапқыда орнатылған қалыпқа келтіріледі. Астынан хлор-реагенттің араласып, шайылуы үшін су жіберіледі. Хлор ерітіндісін су жүргізгішке су беретін құбырға мөлшерлеп береді, онда хлор сумен араласады. Бір реттік тиелім судың мөлшерлеп хлорлануын 25-30 тәулікке дейін қаматмасыз етеді. Жұмыс кезінде хлорлатқыштың қақапақтары жабық тұруы тиіс.

Жер саты сулары үшін активті хлордың мөлшері ҚР ҚН ж Е 4.01-02-2001ж. п.6.146 бойынша анықталып, 0,7-1,0 мг/л-ді құрайды. Әктің құрамындағы хлор мөлшері 25 % екенін ескерсек, әктің қанағатандыратын мөлшері 1000 л-ға 3,2гр-ды құрайды.    

 

Хлорлы әк        0.8 мг/л х 100% х 1000 л = 3200 мг = 3,2 гр = 0.0032 кг.

                                         25%                           

 

Орташа тәуліктік су тұтыну мөлшері 374,25 м3 болса, жылдық су шығыны мынаған тең: 374,25 х 365 = 136,601 м3;

Жылдық су шығыны 136601 м3 болса, қажет болатын хлорлы әктің мөлшері : 136601 х 0,0032 = 437 кг немесе тәулігіне 1,19 кг.

Хлорлы әк арнай жасалған ғимаратта сақталады.

Жұмыстық циклдің аяғында қалатын қалдықты (шлам) шығару үшін, хлорлатқыш арнайы қалдық (шлам) шығаратын құбырмен жабдықталған. Ол ішкі қысыммен қалдықтарды (шлам) арнайы құбырға шығарып тастайды [10].

Хлорлы әктан қалған қалдықтарды жинап, арнай сло үшін дайындалған жерге көму керек. Хлорлатқыштың маңында қалдықтарды көмуге тиым салынған.

 

2.8 Құрылыстық шешімдер

 

2.8.1 Сумен қамтамасыздандырудың жобалық сұлбасы

 

Жұмысшы жобада ауылдық жүйеге сутарту сұлбасы қабылданды, ол бойынша суды жобаланған ұңғымадан тартады. Жерасты сулары ұңғымадан алынып жібіргіш құбырлармен хлор – сатуратор арқылы жобаланған резервуарға келіп құйылады. Одан II-көтерім сорғыш бекетімен, жинамалы колонкамен және өртке қарсы қолданатын гидранттармен жабдықталған су құбырлар жүйесіне жіберіледі.

 

2.8.2 Құрылыс пен қайта құру жұмыстарының негізіг түрлерінің құрамы

 

Сумен қамтамасыздандыру жүйесінің толық тексеруден өткізгеннен кейін құрылыс пен қайта құру жұмыстарының түрлері мен көлемі айқындалды, тексерудің ақаулы актісі мен қажетті жұмыс көлемінің тізбесі жасалды.

 

2.8.3 Бастоған

 

- 40 м тереңдікті ұңғымалар бұрғылау - 2 дана;

- жабдықталған ұңғыманың үстінде сорғыш бекетінің ғимаратын салу - 2 дана;

- ЭЦВ 8-25-70 жұмыс сорғышын сатып алу және монтаждау - 2 дана;

- Ду=80 мм суөлшегішін орнату - 1 дана;

- Дк=2,0 м хлор – сатураторы бар ұңғыма құрастыру - 1 дана;

- II-көтерім сорғыш бекетін салу - 1 дана;

- 200 м3 көлемді резервуар салу - 2 дана;

- H=18 м, көлемі 50 м3 арынды  мұнара салу - 1 дана;

- бастоғанның   алаң іші құбырлар жүйесін  және гидрооқшаулығы күшейтілген, болаттан жасалған арынды мұнараның су беретін  құбырларын салу: 

d = 159x5 мм - 101 м;

d = 114x4 мм - 96 м;

- арматурасы бар суөткізгіш құдықтар салу:

dк = 1,5 м – 4 дана;

dк = 1,0 м – 3 дана;                                                                                                                     

- бастоғанның СҚА-нының тор панельдерден қоршауын салу - 293 м;

- Дк = 1,0 м, канализациялық құдығын салу - 1 дана;

- Ду = 150 мм, шойын құбырлы канлизациялық суқұбырын салу - 15 м;

-септик салу - 1 дана;

ҚР ҚНжЕ 4.01-02-2001ж. бойынша бастоғанда  200 м3 көлемді 2 дана резервуар және II-көтерім сорғыш бекеті қарастырылу керек.

Су тұтынушыға суды жеткізу үшін сорғыш бекетінде екі К20/30 сорғыштары орнатылады, олардың біреуі резервті. Өрт кезіндегі суды беруді  К100-80-160а сорғышы қамтамасыз етеді, ол сорғыш бекетінің ішінде орнатылған (1 резервті сорғыш қарастырылған). Су шығынын өлшеу үшін сорғыш бекетінде «WOLTEX» маркасының  Ду=80 мм санауышы орнатылады.

II- көтерім сорғыш бекетінің ғимараты бір этажды, план бойынша тік бұрышты, қабырғаларының өлшемі  6,0х7,0 м.  Астыңғы төсеуге дейін биіктігі 2,8 м. Сорғыш бекеті II класты ғимараттар тобына жатады, өртке төзімділік және қолданыс мерзімінің ұзақтығының деңгейі – II, өрт қауіпі бойынша «Д» категориясына жатады. Қабырға табанындағы ірге тасы жолақты, В15 монолитті бетоннан жасалған, құрал – жабдықтар табаныныдағы ірге тас В15 монолитті бетоннан жасалған. Сырт қабырғалары кірпішті. Төсеулер құрамалы темірбетонды ПК 59-12-8 АТ IV. Т – СВ и ПК 59-10-8 АТ IV. Т – СВ. плиталарынан жобаланған. Ұңғыманың жұмысы мен сорғыш бекетінің жұмысын реттеу үшін жалпы көлемі 400 м3 болатын екі резервуар қарастырылған. Бұл резервуарларды да апаттық және өртке қарсы су көлемдері сақталады. Өртке қарсы сақталған су қоры өрт кезінде суды жылдам беруді қамтамсыз етеді. Бұл су қоры тек бір бағыттағана қолдана алады, яғни өрт кезінде ғана, басқа уақытта бұл су қоры қолданылмау тиісті. Резервуардың конструкциясы дара жоба бойынша, көлемі 200 м3 тік монолитті темірбетоннан қабылданған [12,13].  

 

2.8.4 Ауыл ішіндегі су жүйесі

 

- Суқұбырлар жуйесінің жалпы ұзындығы – 15701 м құрайды, сонымен қатар:

- полиэтиленді құбырлар Дн = 160х7,7   - 484 м;

- полиэтиленді құбырлар Дн = 110х5,3   -14173 м;

- болаттан жасалған құбырлар Ø = 114х4мм   -1024 м;

- болаттан жасалған құбырлар Ø = 159х5мм   -20м;

-  арматураланған суөткізгіш құдықтарды құрастыру:

dk=2,0м – 6дана;

dk=1,5м – 21 дана;

dk=1,0м – 56 дана;

- бастоған колонкаларын сатып алу және монтаждау – 77 дана;

- өртке қарсы гидраннтарды сатып алу және монтаждау – 77 дана;

- асфальт төсеуін жобалау және қалпына келтіру, t=5 см – 3495 м2.

Су құбырлары үшін ҚР ҚН ж Е 4,01-02-2001ж. п.8.21сәйкесінше, ережеге сай металды емес құбырлар қолданылады. Осыны ескере отырып, сумен қаматмасыздандыру жүйесін құрылысы мен қайта құру жобасында ауызсуға жарамды МЕСТ 18599-2001ж.,  ПЭ80, SDR 17,6-110х5 және 160х7,7   полиэтиленді құбырлары қолданылған, олар 07.07.97ж. бастап ҚР №303.001-97 Бас санитар дәрігерімен рұқсат берілген материалдар тізіміне енген. Берілген құбырлардың тиімді жақтары: қолданыс мерзімінің ұзақтығы (50 жыл), қосымша  каррозияға қарсы қорғаныстың қажетсіздігі, жеңіл салмақ, ішкі беткейінің  тегістігі, қоршаған ортаға зиян келтірмеуі және тоққа тұрақты болуы. Болат құбырлар тек автомобиль жолдары мен су бөгеттерін қиып өткен кезде ғана қолданылған [14].

Өртке қарсы су құбырының диаметрі Ду=100 мм болуы қажет екенін ескерсек, ауыл ішіндегі жүйе су құбырларының диаметрі Дн=110 мм деп қабылдадық (ҚР ҚН ж Е 4.01-02-2001ж., п.8.46).

ҚР ҚН ж Е 4.01-02-2001ж., п.8.42 сәйкес тоңу тереңдігінің орташаесебін ескеріп, су құбырларды 2,1 м тереңдікте орнатуға болады.

ҚР ҚН ж Е 4.01-02-2001ж., п.8.16 және п.8.20-ға сәйкес, құдықтарда өртке қарсы гидранттар орнатылу, сонымен қатар құдықтардың қасында жинамалы колонкалар болуы тиіс.

Шұбарсу ауылының орталандырылған канализация жүйесі болашақтағы қаржының бөлінуіне байланысты жасалады. Қазіргі кезде сарқынды суларды алып кету үшін аулалық  дара септиктер қолданылады [15]. 

 

2.8.5 Электрқамтамасыздық

 

Бастоғанның электрқамтамасыздығы келесі мәселелерді қарастырады: ЛЭП ВЛ-10 кВ құрылысы, КТП орнатылуы, қуатты және бақылау кабельдерін жүргізу, сорғыш бекеттерінің ғимараттарын жарықтандыру, су берімді автоматты түрде басқару, электроэнергияғаесеп беру.

 

2.8.6 Өндірістегі жарықтандыру

 

Жұмыс күнінің уақыты тәуліктің жарық бөлігінен артық болмайды. Өндірістік жарықтандырудың алдын-алу үшін, алаңшада жарықтандыру қараңғы түскенде ғана жүзеге асады. Алаңшада (ауданы 400 м2) бір прожекторлық лампа қойылу қарастырылып отыр.

 

2.9 Құрылысты ұйымдастыру

 

2.9.1 Құрылыс ауданының сипаттамасы

 

Құрылыс пен қайта құру жұмыстары  жүргізілетін су жүйесі Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы Шұбарсуда орналасқан.Құрылыс алаңына жүк тас және темір жол көліктерімен жеткізіледі. Құрылыс индустриясының мекемелері, жұмыс кадрлары, автомобиль жолдарының баршылығына байланысты аудан меңгерілген деп есептеледі. Ірі сынықтылар үшін нормативті тоңу тереңдігі  157 см, ал саз бен құмды қабат үшін 106 см. Аймақтың сейсмикалығы 8 балл. Грунттық сулар 3,0 м тереңдіктен бастап шығады. Коррозиялық активтілік төмен. Грунттың құрылыстық категориясы «Инженерлік-геологиялық есептемеде» толық жазылған.

 

2.9.2 Құрылысты басқару құрылымы

 

Құрылысқа тапсырыс беруші «Ордабасы ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі. Яғни құрылыс барысын және нәтижесін «Ордабасы    ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі басқарып, қабылдайды. Құрылыстың бас мердігері тендер нәтижесінде анықталады.

 

2.9.3 Құрылыстың мерзімдері

 

Құрылыстың нормативті мерзімдері ҚНжЕ негізінде анықталған.

Құрылыстың жалпы ұзақтығы 11 ай, соған қоса дайындық уақыты 2 ай деп бекітілді. ҚР ҚН ж Е 3.01.01-85 сәйкесінше құрылыстық монтаждық жұмыстар негізігі құрылыс машиналарымен екі ауысымда, ал құрылыс жұмыстары орташа алғанда 1,5 ауысымда жұмыс істейді.

Құрылыстық-монтаждық жұмыстарды тездету үшін тендерді бірнеше лотпен  өткізу керек [16,17].

 

2.9.4 Құрылысты ұйымдастырудың негізгі принциптері

 

Объекттің құрылысына бастама болатын ұйымдастырмалық-техникалық шаралардың іске асуы, олар жоспар бойынша жазылу мен құрылыстық-монтаждық жұмыстарды жүргізуге бағытталған. Ұйымдастырма-техникалық кезеңде Тапсырыс беруші қаражат бөлу, техникалық құрылғылар мен материалдарды жеткізу сияқты жұмыстармен айналысады.

Объектінің құрылысы екі кезеңде жүргізіледі:

-дайындық;

-негізгі. 

Дайындық кезеңінде құрылыс алаңында келесі жұмыстар атқарылады:

-құрылыс алаңын тазарту;

-геодезиялық негізді жасау;

-өртке қарсы іс-шаралар;

-құрылыс алаңын жарықтандыру;

-құрылыс материалдарын жеткізіп, құрал-жабдықпен қамтамасыз ету.

Құрылыстың негізгі кезеңі құбыр жүйелерін салу мен құрылғыларды монтаждауға байланысты жұмыстардың барлық түрін қамтиды [18].

Құрылыстың электрэнергия қажеттілігі бар электржүйеден қанағаттандырылады. Құрылыс материалдарымен, құбырлармен қамтамасыз болу үшін Казақстандық және Ресейлік қаматмасыздандырушы кәсіп орындарымен қаматамасыздандыру келісі- шарттары жасалады, онда жүкті тас және темір жолдарымен сәйкес көліктерімен  жеткізуді қоса қарастырады.

 

2.9.5 Құрылыс жұмыстарының ұйымдастырылуы

 

Құрылыс пен қайта құру жұмыстары арнайы жабдықталған және мамандандырылған құрылыс мекемесімен жүргізілу керек, сонымен қатар оның ұңғыманы тазалау және су көтеру, батырмалы сорғышты монтаждау, су жүйесін жүргізу мен ғимараттарды салу құралдыры жеткілікті болуы тиіс.

Су құбырлар жүйесі барлық қондырғыларымен жер астында жүргізіледі. Жоғары беткейде тек суөкізгіш құдықтардың мойындары ғана шығып тұрады. Құдықтардың мойындарының үтіңгі беті асфальт төсеуі деңгейімен бірдей болу керек. Полиэтиленды су құбырлары траншеяда жүргізіледі. Траншея экскаватормен грунттың тоңу тереңдігінен 0,5м терең қазылады.Бұл аймақтағы орташа есептелген    жердің тоңу тереңдігі 1,57 м-ді құрайды, онда траншеяның тереңдігі келесідей есептеледі:

1,57+0,5≈2,10м.

Траншеяның түбінің ені 1,0м; еңістіктері 1:0,50 деп қабылданды.

Құбырларды монтаждау ҚР ҚН 4.01-05-2001ж. «Сумен қамтамасыздандыру жүйелері мен канализацияны полиэтиленді құбырлардан монтаждау мен  жобалау нұсқаулары» бойынша жүргізілу керек. Қайта төгу экскаватор көмегімен полиэтилен құбырлардың үстінен өлшемі 30см жұмсақ топырақпен жасалады [19].

Су құбырларының кабель және басқа да инженерлік коммуникациялармен қиылысқан жерлерін құрылысшылар алдын-ала біліп, ол жерлерге құрылыс басталмай тұрып арнайы белгілерді бекіту керек. Ауданның электржүйе, байланыс және автожол қызметтерімен алдын-ала келісім жасалу керек, келісімсіз жұмыстарды бастауға тиым салынған. Қорғау зонасы бар, ынталандырылған мекемелердің қатысуымен коммуникациялырды қолмен ашып, ілу керек (зақым келмеуі үшін).

Асфальт төсеу жасар алдында оның астыңғы қабаты болатын шағыл тастарды келесіде қолдану үшін үймелерге жинап қою керек.

Құбырларды шаю мен зарасыздандыру жұмыстары хлорлы әкпен жасалып, сонымен қатар ҚР ҚНжЕ 4.01-02-2002ж. «Сумен қаматамасыздандыру құрылымдарының сырт жүйесіне » сай келуі тиіс. Құрылыс басталар алдында Шұбарсу ауылдық округінің әкіміне су жүйесі құрылатын жерлерді қолдануға рұқсат беретін мемлекеттік акт алу қажет.

Құбыр жүйелерін тәжірибеден өткізу

Су құбырларын сынамақ алдында оны шайып, зарарсыздандыру керек. Жуу мен зарарсыздандыру жұмыстарының құрамына келесі пункттер кіреді:

-сужүйесін қосу және ағыту;

-құбырларды сумен толтыру;

-құбырлардан таза су шыққынша шаю;

-құбырлардан суды жіберу;

-құбырларды хлорлы сумен толтыру;

-хлорлы суды жіберу;

-зарасыздандырудан кейін құбырларды екінші қабат сумен толтырып, шаю.

Құбырлар жүйесі концентрациясы 75-100г/м активті хлор қосындысымен хлорлау арқылы зарарсыздандырылады, құбырларға хлорлы судың қосылу уақыты 5-6 сағат. Құбырды шаю учаскісінің ұзындығы 1-2 км-ден көп емес етіп қабылдау керек.

Сынаулар ҚР ҚН ж Е 3.05.04-85, 7 бөлімге сәйкес жүргізіледі. Қорытынды сынаудың алдында бастапқы сынаулар жүргізіледі, олар жасалған жұмыстың сапасын және техникалық шарттардың талабына сәйкестігін көрсетеді. Бастапқы сынаулар, тексерілу үшін тоғысқан жерлердің ашылған күйінде құбырлардың қозғалып кетуін жоққа шығаратын, құбырлар жүргізіліп, соғылып, жартылай көміліп, бекітілгеннен кейін және артматура салғанға дейін жүргізіледі [20].

Құбырлар жүйесінің пневматикалық сыналуы 2 рет жүргізілуі керек: траншеяны жартылай көмгеннен кейін - бастапқы және траншеяны толық көмгеннен кейін - қорытынды. Сынауларды аралас тәсілмен өткізуге болады: бастапқыны - пневматикалық тәсілмен және қорытындыны гидравликалық тәсілмен. Пневматикалық сынау құбырлар 1км-ден аспайтын  учаскіде жүргізілу тиіс.

Пластмасты құбырлар үшін сынаулық қысым коэффиценті 1,3 болатын жұмыстық қысымға тең болып қабылдануы керек. Сонымен қатар сынаулық қысым  жұмыстық қысымнан кем дегенде 5 атм.-ға арту керек және сынаулық қысымның минималды өлшемі 10 атм. болу тиіс.

Қысымды жұмыстық қысымға дейін азайтып тоғысқан жерлерді қарайды. Манометр бойынша қысымның кемуі 10 минут бойы болмау  тиіс. Құбырларды қорытынды сынау траншеяны толығымен топырақпен көміп, құбырға су жібергеннен 24 сағат өткеннен кейін ғана жүргізіледі. Траншея мен шұңқырды (котлован)  құдықтар жасау үшін қайта көму экскаватор мен бульдозер көмегімен жасалады [21]. 

Бастапқы сынау 10 миуттан кем емес уақыт жүргізіледі, содан-соң

Траншеяны көмген кезде келесі негізгі талаптарды орындау қажет:

- құбырлардың тоғысқан жерлерін зақымданудан сақтау;

- тасталып жатқан топырақ құбырларды зақымдап, қозғалтуынан сақтау;

- топырақты максималды нығыздау;

- құбырларды көмгеннен кейін оның бетінен қалыңдығы 30 см болатын топырақ   жамылғысын жаппай көму;       

Траншеяны жаппай көму құбырларды соғып, бастапқы көмгеннен кейін бульдозердің көмегімен жасалады.

 

2.9.6 Құрылыстық-монтаждық жұмыстарды өткізуге рұқсат

 

Құрылыстық-монтаждық жұмыстарды жүргізуге рұқсат алу үшін құрылыс жұмыстары Комитетінің 30.06.2003ж. жасалған №255 бұйрығына сәйкес келесі құжаттар тізімі бекітілген:

- бекітілген түрдегі мәлімдеме;

- ауданның жергілікті атқарушы мүшелерінің құрылысқа арналған жерлер беру туралы үкімі;

- арнайы ретте бекітілген рұқсат алуға бағытталған проект;

- құрылыс жұмыстарын жүргізу құқығын беретін мемлекеттік лицензия;

- ауданның инженерлік мекемелерінің келісімімен жасалған құрылыстық генплан;

- проектілік мекемемен проект жобалаушылары авторлық қадағалау жүргізуді

  қарастыратын  келісім-шарт жасау;

- бекітілген ретте жасалатын тапсырыс беруші мен бас мердігердің жауапты өкілдерінің жазбаша қол хаттары.

Подпись: Сурет 2. Су құбырлар жүйесі құрылысының технологиялық сұлбасы

Сурет 3. Сынау өткізілетін су құбырлар учаскісіндегі қондырғылардың сұлбасы (гидравликалық тәсіл)

Сурет 4. Сынау өткізілетін су құбырлар учаскісіндегі қондырғылардың сұлбасы (пневматикалық тәсіл)

 

1-сыналатын су құбыры; 2-тіректер; 3-қосатын құбырлар; 4-гидропресс; 5-серіппелі манометрлер; 6-ағып кеткен суды өлшейтін бөшке; 7-суға толған бөшке (қыста керосинге толтырылады); 8-қысым құлауын өлшейтін сұйықтықты манометр;9-компрессор; 10-суқұбырларды бастапқы көму.

 

3 Еңбек  және  тіршілік  қауіпсіздігін  қорғау бөлімі

 

3.1 Сумен қамтамасыздандыру жүйесінің эксплуатациясы

 

3.1.1 Эксплуатация қызметі

 

Қазіргі кездегі сумен қамтамасыздандыру жүйесі Оңтүстік Қазақстан облысының  Ордабасы ауданынының  Шұбарсу  ауылдық округінің қарауында.  Эксплуатация қызметі өзінің өндірістік базасы, көлігі, құрылыс жабдықтары мен байланыс құралдыры жоқ.

 

Кесте 6 - Эксплуатация қызметінің штаттық кестесі

 Лауазымы

Адам саны

Айлық жалақысы

Жалақының айлық қоры теңгемен

Жалақының жылдық қоры мың теңгемен

А. Басқару аппарат

1. Басқарушы

1

17000

17000

204,0

2. Есептік топтың бухгалтері

1

 

13000

156,0

Барлығы жалақыға 20% есеппен

қоса ПҚ-сыз

 

 

432

Б. Жөндеу және эксплуатация басқармасы

1. Суқұбырлар жүйесінің шебері

2

9800

18400

220,8

2. Бастоған мен хлоратор құрылғысының операторлары

2

9200

27600

331,200

Барлығы жалақыға 20% есеппен қоса ПҚ-сыз

 

 

 

662,4

Жалпы жалақы

 

 

 

1094,454

 

Сумен қаматмасыздандыру жүйесінің жөндеу жұмыстарын, апаттық жағдайдың салдарын жою және техникалық қызметін атқарып отыру үшін керекті құрал-жабдықтар мен құрылыс машиналары жеке меншік кәсіпорындарынан жалға алынады. Сумен қаматасыздандыру жүйесіне техникалық қызмет көрсету үшін эксплуатация қызмет құрылымын құру қажеттілігі туады. Эксплуатация қызметі өзінің жұмысында ауылдық округтің әкіміне, антимонопольды және қаржы және салық комитетіне, ҚР Денсаулық Сақтау Министрлігінің аудандық СЭҚ-не есеп беріп отыру міндетті [34].

Эксплуатация қызметінің штаттық кестесі «Су жүйесі мен канализациялық шаруашылығының қызметкерлері мен жұмысшыларының, бас мамандарының санының нормативтерімен» сәйкес құрастырылған.

 

3.1.2 Бастоған ұңғымысының эксплуатациясы

 

Бастоған  ұңғымасының эксплуатациясы үшін мына факторлар қолданылады:

- Ұңғыманың эксплуатациясы қызметтің жұмысшыларымен атқарылады. Жұмысшы ұңғыманың суға эксплуатациялануының арнай дайындығынан өту керек, сонымен қатар оның ұңғыманың эксплуатациялауды рұқсат ететін құжаты болу керек.

- Жұмысшының міндеттеріне келесі операциялар мен ережелерді атқару кіреді:

1. Сорғышты эксплуатацияға қосу мен тоқтату;

2. Электроөлшегіш құрылғыларына бақылау жүргізу;

3. Ұңғыманың эксплуатациясына бөтен адамдарды жібермеу және бұзылудан сақтау.

- Статикалық және динамикалық деңгейлердің дебитін, сағалық қысымды, жүйедегі кернеуді, тоқ күшіндегі тазалықты өлшеп отыру керек; судағы топырақтың пайда болуының себебін, электробатырмалы сорғыштың жоғарғы жағының үстіндегі су бағанасының биіктігін және тәуліктік су шығынын анықтау. Ұңғыманың түгел көрсеткіштері ұңғыманың эксплуатациялануының журналына белгіліп, жазылады. Бұл операциялар тоқсанда бір рет өткізілетін мерзімдік тексеруге туралануы керек.

- Ұңғымадағы судың сапасы төмендеген жағдайда (әсіресе бактериялардың пайда болуы байқалса), сутұтынушыларға суды беру ұзатылмай тоқтатылуы тиіс. Судың сапасын жақсартып, орнына келтіру санэпидемстанцияның бақылауымен өту керек.

- Егер де суда құм пайда болса немесе динамикалық деңгей электробатырмалы сорғыштың жоғарғы жағына дейін түсіп кеткен жағдайда, ұңғыманың эксплуатациясын созбай тоқтатып, апаттық жағдай орын алғанын сушаруашылық мекемеге хабарлану тиіс.

- Ұңғыманың техникалық қызметінің атқарылуының мақсаты, жалпы және жөндеу аралық мерзімін арттыру, күрделі әрі қымбатқа соғатын жөндеу жұмыстарының санын азайту және сорғыштардың жұмыс істеу мерзімін арттыру.

- Ұңғыманың ұзақ уақыт жұмыс істеуі өз уақытында техникалық қызмет көрсетілуіне байланысты. Техникалық баптау құрамына келесідей жұмыстар кіру тиіс: тұрақты профилактикалық баптау жұмыстарын ұйымдастыру шаралары мен ұңғыманың эксплуатациясын бақылау.

- Профилактикалық жөндеу техникалық қызмет көрсетуден, профилактикалық жөндеудің өз уақытында жүргізілуі мен бақылануынан   тұрады.

 

3.1.3 Ұңғыманы зарарсыздандыру

 

Ұңғыманы эксплуатациялау барысында құбырлар мен қондырғылар зиянсыз және ауру тудыратын бактериялармен (ішек таяқшалары) қоқысталып қалу мүмкін, олар кезегінше қат-қабатқа түсіп судың қағындысы орын алады. Ұңғымаларды, құбырларды және қондырғыларды зарарсыздандыру үшін газ тәрізді хлордан немесе кальцилі гипохлоридтан дайындалатын хлорлы ерітінділер қолданылады.

Судың хлорлануын қамтамасыздандыру үшін ұңғыманың түбіне дейін арқанмен химиялық заттары бар контейнер түсіріледі. Ерітінді суда тең таралуы үшін контейнерді көтеріп-түсіріп отырады [35].

Зарасыздандырудан кейін су әбден хлордан тазаланғанша ұңғымадан сутарту жүргізіледі. Бұдан соң ұңғыма суын бактериологиялық анализден қайта өткізіп, жасалған  жұмыстардың  нәтижелегін тексереміз (ВСН-3-5-77).

 

3.1.4 Электробатырмалы сорғыштар

 

Электобатырмалы сорғышты жер бетінен 30 м тереңдікте орнату керек.

  • Сорғыштың жұмысқа қосылуы міндетті түрде ысырманың жабық кезінде іске асады, содан соң ысырманы басқара отырып қажетті жұмыс режимі орнатылады. Егер бастапқы су тартуда суда өлшеулі бөлшектердің саны көп болса, ысырманы басқару арқылы судың берімін азайту керек, сонымен бірге судың ұңғымадағы жылдамадығы азайып, ұңғымадағы шығарылатын құм азаяды.  Бұл уақытта сорғыш жұмысын тоқтатуға болмайды, өйткені құм мен топырақ бөлшектері жұмыс доңғалақтары мен корпустің шайылмала беткейлерінде тұрып қалып, сонымен сорғыш бөлшектерінің тез тозып сынуына алып келеді.
  • Сорғышты таза су тартылған кезде ғана тоқтатуға болады. Сорғышты тоқтатар алдында ысырманы жабу керек.

Сорғышты бастапқы жұмысқа қосудан кейін, оны 2-3 тәулік бойы үзіліссіз істеткен жөн. Бұл уақыт аралығында қондырғының барлық жұмыс бөлшектері жұмысқа дағдыланады. Қондырғының жұмысының бақылауы, аспатарды тексеру мен олардың көрсеткіштерін журналға жазудан, тоқ өткізгіш кабель мен электроқозғаушының оқшаулығының қарсы тұруын өлшеуден, қондырғының арыны мен өндірістік күшінің және ұңғымадағы судың статикалық және динамикалық деңгейлерінің өлшеуінен тұрады. Сорғыш қондырғысының бірінші аптасында өлшеулер күн сайын жүргізіледі, егерде сорғыш жұмысы дұрыс болса онда тексерулер аптасына бір рет өткізіледі.

 

3.1.5 Бастоғанның саниатрлы қорғау аумағының ауласының эксплуатациясы

 

Жер асты су көздерін қолданғанда келесі мәселелрді орындау қажет: жоғарғы сулы горизонтты кесіп өтетін, ұңғыманың жағалалық құбырларының саңылаусыз (герметикалы) болуын қаматмасыз ету; құбыр коллоналары аралығындағы анжылар жұмыстық жағдайда сақталып тұру керек;  ұңғыманың жағалалық құбырларында саңылау пайда болса (герметикалығы бұзылса)  немесе анжыларының бұзылуы байқалса  ақау тез арада жөнделу керек (ССН 3-5-77 п.6.13.).

Санитарлы қорғау ауданының бірінші белбеу аумағы (қатаң бақылау аумағы) бөтен адамдардың кіруінен шектелген (қоршау салынған), ол санитарлы қорғау белбеуінің  жағдайын жақсартудың амалдарының бірі. Аумақта өсімдік өсіру үшін тыңайтқыштар мен улы химикаттарды қолдануға тиым салынған.

 

3.1.6 Арынды мұнараның эксплуатациясы

 

Арынды мұнараны қолданған кезде келесі ережелерді сақтау қажет: мұнараның қасындағы аумақты тазалықта сақтау; бұл аумақ қоршалып, жағдай жасалу керек; арынды мұнараға кірер есік-тесіктердің бәрі жабық әрі пломдыланған болу керек; жыл сайын қысқы кезеңнің басталуы алдында арынды мұнараның құбырларының жылу оқшаулығын тексеру керек; маталды бакты 3 жылда бір реттен кем емес сырлау керек, сырлауды олифті темір жосамен екі рет өткізу керек.

Жаңа сырланған арынды мұнара эксплуатацияға тек зарарсыздандыру мен нәтижелі химия-биологиялық сараптамадан өткеннен кейін ғана қосылады. Зарасыздандыру хлорлы әкпен немесе хлор ерітіндісімен өткізіледі. Арынды мұнараның бакі судың деңгейін көрсететін өлшеуіш аспаппен жабдықталу керек [36].

 

3.1.7 Ауылдық сумен қамтамасыздандыру жүйесінің эксплуатациясы

 

Ауылдық эксплуатациялау қызметі келесі мақсаттарды іске асыру қажет:

-  сутұтынушыларды сумен үзіліссіз қамтамасыз ету;

- барлық сумен қамтамасыздандыру қондырылары мен құрылғыларын жүйелі түрде тексеріп, бақылап отыру керек, сонымен қатар оларды қажетті техникалық жағдайда ұстап тұру және профилактикалық жұмыстарды жасап отыру керек.

Су құбырларды техникалық эксплуатациялау барысында тексеруді  аралап жүруші слесарь атқарады.

Су құбырларды техникалық эксплуатациялау барысында құбырлардағы және арматурадағы су мұз болып қатып қалмау үшін алдын-ала керекті шаралар жүргізіліп отыру керек.

Бақылау ұңғымаларына орнатылатын арматураларды (ысырма, вантуз және т.б.) жыл сайын аяз түскеннің алдында жылытады. Жылыту үшін сабан, ағаш жоңқасын, минералды мақтаны, киізді, қалдық талшықты және де басқа жылыту материалдарын қолданылады, олар құрғақ және санитарлы көз-қарастан зиянсыз болу керек.

 

3.2 Өртке қарсы сақтық шаралары

 

Өрт шыққан жағдайда тиісті орынға хабарлау керек, әйтпесе өрт өршіп, біраз қажетті нәрселерге зиян шектіруі мүмкін.

Электр тогымен зақым алмау үшін келесі қауіпсіздік ережелерін есте сақтау керек:

- техникалық қорғау құралдарында айқас тұйықталуларды болдырмас үшін электр жүйелері әрқашан жөнделген болуы тиіс;

- зақымдалған резеткаларды, сөндіргіштерді, лампалық потрондарды, құралдар мен шырақтарды токқа қосулы тұрғанда ауыстыруға және сөндіруге болмайды;

Бұл жұмыстар құралдардың ажыратқыш тұтқалары токтан ажыратылған жағдайда ғана атқарылады.

Көптеген құдықтарда арнайы өрт сөндіретін гидранттар орналастырады. Егер де көмек күші азайған кезде осы гидранттардың тигізетін пайдасы зор.

Әрбір ғимаратта техника қауіпсіздігі сақталып, өрттен қорғайтын құрал-жабдықтар қорапшалары болуы керек.

 

Кесте 7 - Өртке төзімділік дәрежесі (ҚР СанПиН 21-01-97ж)       

            Негізгі құрылыс конструкциялары

Ұстайтын қабырғалар

Саты алаңдар

Сыртқы қабырғалар

Ішкі қабырғалар

Плиталар мен жапқыштар

2.5

1

0.5

0.5

1

2

1

0.25

0.25

0.75

2

1

0.25

0.25

0.75

0.5

0.25

0.25

0.25

0.75

 

Кесте 8 - Өрт қауіпсіздігі нормалары (ҚР СанПиН 2,02-05-2002)

Отқа қарсы дәрежесі

Ең аз құрылыс конструкцияларының отқа төзімділігі, үсті-сағат, асты-от таралу ұзындығы, см

Қабырғалар

 

 

бағаналар

баспалдақ алаңдары

плита

жабу элементтері

баспалдақ пен бөренелік

бөренелер

сыртқы

 

ішкі

жылыту қабаттары

арқалар және т.б.

І

2.5/0

1.25/0

0.5/0

0.5/0

2.5/0

1/0

1/1

0.5/0

0.5/0

ІІ

2/0

1/0

0.25/0

0.25/0

2/0

1/0

0.75/0

0.25/0

0.25/0

ІІІ

2/0

1/0

0.25/0

0.25/40

2/0

1/0

0.75/0.25

 

 

ІІІа

1/0

0.5/0

0.25/40

0.25/40

2.5/0

1/0

0.25/0

0.25/25

0.25/0

ІІІб

1/40

0.5/40

0.25/0

0.25/40

1/40

0.75/0

0.75/0.25

0.25/0

0.7/25

ІV

0.5/40

0.25/40

0.25/0

0.25/40

0.25/40

0.25/25

0.25/25

 

 

ІVа

0.25/40

0.25/40

0.25/40

0.25/40

0.25/40

0.25/0

0.25/0

0.25

0.25/0

 

3.3 Өндірістік шу, діріл

 

Шудың  ұзақ уақыт  әсер  етуі  орталық  нерв  жүйесі  мен  есту анализаторларын  зақымдап, эндогендік  жүйенің  қызметіне  өзгерістер  алып келеді. Сонымен  қатар  адамдардың   назар  аудару  және  еңбек  қабілеттерін төмендетіп, кәсіби  аурудың  себептерінің  бірі  болып  саналады.

 

3.3.1 Шуды өлшеу

 

Үздіксіз шуды мөлшерлеу параметрі – жиіліктің октава жолақтарындағы 63, 125, 250, 500, 1000, 2000, 4000, 8000 Гц орташа геометриялық жиілікті дыбыс қысымының деңгейі болып  табылады:

L=10 lgP202, дБ                                                                                              (19)

L=10(lg97000 – lg100)=47.9 дБ.

Ауыспалы шу энергия бойынша эквивалентті дыбыс деңгейімен мөлшерленеді.

Дыбыс деңгейі – ол мына теңдіктен есептеліп шығатын шама:

LA=10lgPA2/P02, дБА                                                                                        (20)

мұндағы: PA – шу жиілігінің барлық диапазонындағы орташа квадратты дыбысты қысым Н/м2.

L=10(lg98000– lg1300)=45.2 дБА.

Дыбыс деңгейін жиілік спектрінің анализаторы сөніп тұрған күйде, шу өлшегіштің “А” шкаласының көмегімен анықтайды. Қарқынды шудың мөлшерлеу параметрі ретінде орташа геометриялық жиілікті октавалы жолақтарындағы 63, 125, 250, 500, 1000, 2000, 4000, 8000 Гц тең энергия бойынша эквивалентті дыбыс қысымының деңгейі болып табылады. ҚР СанПиН  бойынша  жұмыс  орнында  және  ғимараттарда  шу деңгейінің  нормалары  кестеде  көрсетілген.

Діріл материалдық қатты денелермен нүктелердің механикалық  тербелуін айтады. Дірілдердің әсері адамның орталық  нерв жүйесіне ғана емес,жүректің қан тамырлары жүйесін,тірек қимыл, сүйек буын, аппараттарын қамтиды.Бұның адам ағзасына тигізетін әсері жазылмайтын вибрациоггая болезнь деген дертке әкеліп соғады.

Дірілдің екі түрі бар:

  1. Агрегаттың, машиналардың жалпы дірілі
  2. Жергілікті діріл

Кесте 9 - Шу деңгейінің нормалары ҚР СанПиН, 1995ж

 

Жұмыс істейтін орынның түрі

Орта геометриялық жиіліктегі (Гц)                     

дыбыс деңгейі (Дб)

(А Дыбыс деңгейі және эквивалентті дыбыс деңгейі Дб)

31.5

63

125

250

500

1000

2000

4000

8000

Камералдық жұмыстарды жасайтын лаборатория

 

93

 

79

 

70

 

63

 

58

 

55

 

52

 

50

 

49

 

60

 

Біздің өндіріс орнымыз су торабы болғандықтан көбінесе жұмыс дала да жасалынады, бізде дірілдің бірінші түрі жатады. Дірілдің адамға әсер ету дәрежесі оның төменгі параметрлерімен сипатталады: жылдамдығы, үдеуі, амплитуда мен жиіліктері.

Бұл параметрлер төменгі формула арқылы анықталады:

ν  = 2πΦλ                                                                                                           (21)

ώ = (2πΦ)²λ                                                                                                       (22)

мұндағы: ν - тербелістің жылдамдығы, мм/с; ώ - тербелістің үдеуі, мм/с²; Φ - тербелістің жиілігі; λ -  амплетуда,мм

Есептің шешімі:

ν  = 2*3.14*0.97*4=24.5 мм/с,

ώ = (2*3.14*0.97)²4=148.5 мм/с².

 

3.4 Тіршілік қауіпсіздігі

 

Қазақстан Республикасының «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы» заңы 2004ж ақпанның 24 жұлдызында (Астана, № 528-11ЗРК) қабылданды.

• Қазақтан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерін, мелекеттік стандарттарды, ережелерді, нормаларды әзірлеу мен қабылдауға;

• еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік, салалық (секторлық) және аймақтық бағдарламаларды әзірлеуге;

• еңбек жағдайларын қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды әзірлеу мен жақсарту, қауіпсіз техника мен технологияларды әзірлеу және енгізу, еңбекті қорғау, қызметкерлердің жеке және ұжымдық қорғану құралдарын шығару жөніндегі қызметті экономикалық ынталандыру жүйесін құруға және іске асыруға;

• еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мониторингті жүзеге асыруға;

• еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау проблемаларына бойынша ғылыми зерттеулер жүргізуге;

• өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіби ауруларды еспке алудың бірыңғай тәртібін белгілеуге;

• Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы заңдары талаптарының сақталуын қадағалау мен бақылауға;

• еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы қызметкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға жәрдемдесуге;

• өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіби аурулардан зардап шеккен қызметкерлердің, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерінің заңды мүдделерін қорғауға;

• өндірістің және еңбекті ұйымдастырудың қазіргі заманғы техникалық деңгейінде жойылмайтын ауыр жұмыс үшін және еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыс үшін өтемақылар белгілеуге;

• еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғаудың жақсарту жөніндегі жұмыстың отандық және шетелдік озық тәжірбилерін таратуға;

• еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі мамандарды даярлауға және оның біліктілігін арттыруға;

• еңбек жағдайлары туралы, сондай-ақ өндірістік жарақат, кәсіби ауру туралы және олардың салдары туралы мемлекеттік статистикалық есептілікті ұйымдастыруға;

• еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы бірыңғай ақпараттық жүйенің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге;

 

3.5 Қауіпсіздік техникасы

 

Құрылыс уақытында келеңсіз жағдайлар орын алуын болдырмау үшін еңбекті сақтау және техникалық қауіпсіздік шаралары міндетті түрде және қатал сақталу керек, ҚН ж Е III.4-80 III-бөлім 4 тарау.

Сәтсіз оқиғалардың негізгі бөлігі жер жұмыстары жүргізіліп жатқан кезінде байқалады, ол траншеядағы, шұңқырлардағы (котлован) жұмыстар кезінде және ондағы бөтен адамдар болған кезде топырақтың қопарылып құлауы. Топырақтың құлауы негізінен нормативті көрсеткіштердің төзбеуінен және олардың қате есептелуінен, сонымен қатар еңістері тұрақсыз жасалғаннан болады. Сондықтан траншея мен шұңқырлардың еңістері проектіге сай жасалу тиіс.  Аса қауіпті жерлерде және ашық коммуникациялар бар жерде траншея еңіс беткейлерін қатайту керек. Траншеялар мен шұңқырлардың топырағының құлау призмасының аясында автокөліктері мен құрылыс механизмдерінің қандай да қозғалысына, сонымен қатар қандай да бір бөлшектер мен құрылымдарды көтерген, қозғалтқан және орнатқан кезде оның қасында және үстінде адам болуына  мүлдем тиым салынған.

Траншеяның тротуарлар, көше, жолдармен қиылысуы ауданында ені 1,0 м-ден кем емес болатын жаяу жүргіншілерге арналған арнайы көпірлі өткелдер мен көліктердің қозғалуына тиым салатын ескерту белгілері  орнатылу керек. Траншея трассасының бойында, траншеяның қасында бөгде адамадардың  болуы мен оған түсуіне тиым салатын ескерме белгілер тұру керек.

 

3.5.1 Ұңғыларды пайдаланудағы қауіпсіздік техникасы

 

Құрылыстың қай түрінде болмасын еңбекті қорғау, қауіпсіздік ережелері бар. Сумен қамтамасыз ету жүйесінде скважиның міндетті қауіпсіздік шаралары қалған су алу ғимараттарына да бірден негіз болады. Ол үшін ғимарат қызметкері қауіпсіздік шараларын білу керек және барлық құралдар, арнайы өрт сөндіру бұрыштарын пайдалану ережелерімен таныс болуы қажет. Жер асты суы кезінде жөндеу жұмыстарына 3 адамнан кем болмайтын бригада құрылады.

Су астына түскенде I көтеру станциясының жұмысы тоқтатылып, басқару қосқыш қасына арнайы ескерту белгілері жазылуы тиіс.

 

3.5.2 Сорғыш станцияларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы

 

Электр жабдықтары сондай-ақ носостар жермен байланысып тұрады. Ғимарат ішінде схемалар, қызметкерлер тізімі, кезекшілік кестесі, техника қауіпсіздік ережелері, сағат және т.б. заттар ілінеді. Өрт сөндіру жабдықтары, құм арнайы қорғаныш киімдері, алғашқы көмек жағдайына қажетті дәрі-дәрімек қобдишасы болуы міндетті. Әр смендегі кезекші өзіне берілген сағатта тиянақты жұмыс істеуі міндетті. Сорғыштарды қараусыз тастап кетуге немесе бұл іске қатысы жоқ адамға қалдырып кетуге құқы жоқ.

 

3.5.3 Су құбыры желісін пайдаланудағы қауіпсіздік техникасы

 

Су құбыр желісін пайдалану және апатты жөндеу жұмыстарына арнайы бригада құрылады. Бақылау құдықтарында осы мақсаттарға уақытша тоқтату үшін ысырмалар қарастырылған. Байқау құдығының жұмыс бөлігі – 1,5 метрден кем болмайды. Құдық ішінде, сыртында және тағы біреуі сыртында керекті заттарға көмектесетін үш адам болады. Құдыққа түспес бұрын онда газ жоқтығына көз жеткізу керек. Ол үшін арнайы шам болады. Құдық аузындағы қақпақты арнайы темірмен ашып, ішіне түспес бұрын ұзын арнайы темір сыммен ішкі сатылардың беріктігін тексереді. Құдық ішіне түсетін адамның арнайы резеңке етік, қолғап киіп түсуі міндетті. Пломба салынған ысырманы бұл іске жауапты адамның келісімінсіз ашуға болмайды.

 

3.5.4 Хлораторда жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы

 

Хлоратор ғимаратында арнайы резервтегі баллондар, таразы болады. Баллондар изоляцияланған бөлік бөлмеге тік орналастырылады. Апат жағдайында арнайы сыртқа ашылатын екі есік болады. Жылу және желдеткіш жүйелері міндетті. Жарық жүйесінің кабельдері герметизацияланады. Ғимаратта қорғаныш киімдер, құралдар салынатын шкаф болады. Баллон саны және шығыны журналға жазылады. Барлық құралдардың техникалық жағдайы жылына екі рет тексеруден өтеді. Хлорлау маманы жыл сайын 34 сағаттық арнайы оқу курсына жіберіледі. Емтихан тапсырған, арнайы сертификаты бар маман ғана хлораторда жұмыс істей алады. Таусылған баллондағы қысым 0,5 МПа кем болмауы тиіс. Баллондармен жұмыс істеген кезде соққы құралдарын (балға т.б.) қолдануға болмайды. Хлоратор маңайында ашық отпен жұмыс істеуге, темекі шегуге және т.б. апат болуы мүмкін жұмыстармен айналысуға болмайды.

Қауіпсіздік ережелерін барлық су алу ғимарат мамандары білуі тиіс. Бұл ережелерді бұзған адам арнайы жазаланады не айыппұл салынады. Қызмет орындағы адамдар апат жағдайы орын алса, тез орталыққа хабар беріп, мамандармен бірлесіп апаттың алдын алу шараларына кіріседі. Өз бетінше арынды мұнараның бағын ашып көруге не пломба салынған жерлерді бұзуға құқы жоқ. Өйткені барлық жердегі техникалар арнайы құжаттар толтырылып, уақыттары тіркеліп отырады. Ережелерді бұзған адам заң алдында жауап береді. Айлық көрсеткіштер мен айып төлеуі немесе мерзімді жазасын өтеуге жауапқа тартылуы мүмкін.

 

3.6 Еңбекті қорғау

 

Қазақстан Республикасының заңдарының еңбекті қорғау бөлімі. Бұл дипломдық жұмыста  ОҚМУ оқу департаментінің құжат айналымы жүйесін автоматтандыруды жобалайтын жүйені енгізу қарастырылады. Дипломдық жұмысты есептеу техникасының қазіргі таңдағы құралдарын пайдалана отырып белгілі бір мәселені шешіуге жасалған зерттеу жұмысы. Бұл жұмыс 2004 жылы 28 ақпанда №528-11 бекітелген Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңына 1999 жылы 10 желтоқсанда бекітілген Қазақстан Республикасындағы Еңбек туралы заңына 2002 жылының 3 сәуірінде беітелген. Қауіпті өндірістік обьектілерде өндірістік қауіпсіздік туралы заңы және 1993 жылы 15 қараша айында бекітілген. Төтенше жағдайының құқықтық режимі туралы. Қазақстан Республикасының заңына 2004 жылы 18 тамызда бекітілген ҚН және Е №631 сәйкес болуы қажет.

Қазіргі заманда табиғи пайда болатын қауіпті және зиянды факторларға  көптеген антропогенді қауіпті және зиянды факторлар қосылады.Олар: шу,сілкініс, су қоймаларында, ауада, топырақта, улы заттар концентрациясының жоғарлауы, сәулеленуді йондайтын электромагниттік өріс және т.б.

Еңбекті қорғау тәртібін зерттеу нәтижесінде маман мынаны білу қажет: еңбекті қорғаудың және техникалық теориялық негіздерін, « Адам өндірістік процестер –қоршаған орта » жүйесінің  қауіпсіздігін: еңбекті қорғау  және техникалық қауіпсіздіктің  құқықтық нормативті –техникалық және ұйымдастыру негіздерін.

Адам  ағзасына зиянды әсерлердің  деңгейі мен   параметрлеріне бақылау жасауды,  зиянды  әсерлерден қорғанудың жолдарын тиімді қолдану.

Потенциялды қауіп – қатерден қорғау маңызды, әлеуметтік экономикалық, юристік  проблема, оған  мемлекеттің  қызықпаушылығы болуы мүмкін емес.

Қазақстан  Республикасының «Еңбекті қорғау туралы» жұмысшыларды еңбекті қорғау құқығын қамтамасыз етуге бағытталған.  Осы тарауда жазатайым жағдайлардың және өндірісте денсаулықты зақымдау, қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың оларды  барлық  ауылшаруашылық қызметтерге және меншік түріне байланыссыз өнеркәсіптерге таралуын минимумға келтіру, ұлттық саясаттың негізгі принцптерін белгілейді.

Еңбекті қорғау сәйкес құқықтық нормативтік актілер негізінде  жұмыс істейтін адамның еңбек процесінде денсаулығын және  жұмыс қажеттілігін сақтау,  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ететін әлеуметтік-экономикалық, техникалық, гигениялық және емдеу профилактикалық шаралар мен құралдар жүйесі болып табылады [37].

 

4  Қоршаған  ортаны қорғау  бойынша бөлім

 

4.1 Қоршаған ортаны қорғау және санитарлы-эпидемиологиялық  шаралар

 

Су құбырлары және оның үстіндегі ғимараттарды салуға қолданылған  материалдар экологиялық қауіпсіз. Материалдар ҚР Бас Мемлекеттік санитарлы дәрігерімен шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыздандырудағы  қолданысқа рұқсат етілген тізіммен (07.07.1997ж. №3.03.001.97.) сәйкес таңдалған. Шұбарсу ауылындағы берілетін ауыз су сапасы химиялық және бактериологиялық көрсеткіштері бойынша МЕМСТ 2874-82 және ҚН ж Е 3.01.067-97 сұранысына толығымен жауап береді .

Нормативтер мен талапқа сай келетін ауыз судың берілуі, ауыл тұрғындарының созылмалы аурулар мен қоса инфекциялық аурулардың азаюына алып келетіні сөзсіз.

Құрылыстық-монтаждық жұмыстар  құрылыс алаңына қойылатын талаптарға сай жүргізілуі тиіс,  ҚР ҚН ж Е 1.03-05-2001ж. және еңбек пен қоршаған ортаны қорғау нормативті құжаттарына сәйкес болу керек. 

Құрылыстық-монтаждық жұмыстарды атқарушылар құрылыс алаңын тазарту жүргізіп отыру шарт. Тұрмыстық және құрылыстық қоқыстар жергілікті билікпен бекітілген мерзімдер мен ережелерге сай шығарылып отыру керек.

Жұмысты атқарушы құрылыс аяқталғаннан кейін құрылыс алаңының жерін рекультивациялап, уақытша салынған ғимараттар мен қондырғыларды жою міндетті. ЖММ-ын арнай жабдықталған, төгуге қарастырылған орындарға ағызу керек. Басқа да шығарылымдарды ағызу үшін уақытша септик қарастырылу тиіс [38].

Санитарлы ережелер мен гигиенелық нормативтердің атқарылуының тәртібін «Халықтың санитарлы-эпидемиологиялық жағдайының амандығы» туралы заң бойынша бақылайтын мүше Мемсанэпидқызмет.

Апаттық жағдайлар үшін хлораторлық пен хлор қоймасында ауаға хлор-газдың үлкен мөлшерінің тасталуын жоятын шаралар қарастырылған.

Құрлыс салу кезінде аймақтың  экологиялық ерекшеліктерін ескере отырып,бас құбыр желісін және су тарту құбырларын  пайдаланып жүрген автожол бойымен салу қабылданады. Өйткені ол табиғатқа аз зиян келтіреді. Құрлыс салынып болған соң сол құрлыс жүрген жолдар қайта орына келтіріледі. Траншея және котлован қазған уақытта,оларды шыққан топырақ арнайы бөлінген жерге апарып төгіледі ,кейін қайтадан құбыр көмуге пайдаланады.Сөйтіп ол жердің беткі құнарлы топырағын бүлдірмеуге мүмкіндік береді.

Су мәселесі бүгінгі таңда тек Орталық Азияда ғана емес, тіпті жаһандық тұрғыда талқыға түсіп жүргені белгілі. Аймақтық-өндірістік кешендерден бастап тұтастай ел экономикасының қарыштап дамуы бірінші кезекте мемлекеттің су ресурстарымен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілуіне байланысты десек, артық айтқандық болмас. Қазіргі кезде Орталық Азия республикалары арасында шиеленісе түскен аталмыш мәселе көршілермен арадағы байланыстың болашақта қай бағытқа қарай бет алатынын бағамдауға мүмкіндік беретіндей. Таразының бір басында Қазақстан болса, екінші жағында Орталық Азиядағы  мемлекеттер тұр. Оған тағы да Ресей мен Қытайдың салар салмағын қосыңыз. Осы ретте алаң туғызар басты жәйт: ағын суды, соның ішінде, әсіресе, трансшекаралық өзендерді пайдалануда жаңағы мүдделілік таразысының тепе-теңдігін қалай сақтауға болатындығы. Егер де аталмыш үдеріс бұдан былай да қазіргі бағытта өрістей беретін болса, су мәселесі төңірегінде жаңа шиеленіс түрінің туындауына жол ашылып жүрмей ме? Және сол шиеленіс салдарынан түптің түбінде елдің зардап шекпейтініне кім кепілдік береді? Сауал көп. Оған берілер жауаптың да аз еместігіне дау жоқ. Осы ретте аталмыш проблема мемлекеттің экономикалық не болмаса экологиялық мүмкіндігін ғана танытып қоймай, қауіпсіздік және  саяси  мәселе сипатына  көшетін сыңайы бар.

Орталық Азия республикаларының экономикасы үшін су ресурсы өткен ғасырдың орта тұсынан-ақ өзекті де өткір проблемаға айналғанын ескерсек, оның әлдеқашан  халықаралық маңызға ие болғандығы анық. ТМД мемлекеттері ішінде біздің еліміз өзен суымен өте төмен деңгейде қамтамасыз етілген. Географиялық жағынан барлық трансшекаралық – Ертіс, Сырдария, Жайық, Іле, Шу, Талас секілді өзендердің төменгі сағасында орналасқандықтан да болар, Қазақстан үшін бұл проблема күрделілігімен қатар, уақыт өткен сайын мүлдем жаңа түрге енетін  құбылмалылығымен де қиындық туғызуда.

Өткенге біраз шегініс жасасақ, сонау 1992 жылдың ақпан айында Алматы қаласында Орталық Азия мемлекеттері арасында Сырдария өзенінің су қатынастары мәселелерін реттеу, трансшекаралық су ағындарының режім проблемаларын шешу, әсіресе, жазғы суармалы мерзім кезінде су ресурстарын тиімді пайдалану мен қорғауды бірлесіп басқару саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылған болатын. Ал 1998 жылдың наурыз айында осы өзеннің су-энергетикалық ресурстарын келісілген шартпен іске асыру мақсатында Орталық Азия экономикалық ынтымақтастығы ұйымының үкіметаралық негіздемелік келісіміне қол қойылды. Алайда, соңғы екі  жылда аталған келісімдердің ережелерін Сырдария өзенінің жоғарғы сағасында орналасқан мемлекеттер толығымен орындамай отыр. Мәселен, Қырғызстан қысқы мерзім аралығында энергетикалық режімге сәйкес 19,5 млрд. текше метрді құрайтын Тоқтағұл су қоймасынан суды көп мөлшерде жіберіп, осы өзеннің төменгі ағысында орналасқан біздің Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарының елді мекендерін су басу қаупін төндіруде. Ал Өзбекстан болса кейінгі кездері жылда түзілетін Сырдария өзенінің су ресурстарын пайдалану туралы, яғни жаз айларында алынған суға қырғыздың электр қуатын қабылдап, сәйкесінше Қырғызстанға газ беруге тиіс делінген мемлекетаралық келісім-шартты мойындамай келеді. Осы шарттың орындалмауы салдарынан бар ауыртпашылықтың салмағы төменгі сағада отырған Қазақстанның мойнына ауып отыр: жазда Оңтүстік Қазақстан мен Қызылорда облыстарының егінді аймақтарын сумен қамтамасыз ету үшін біздің еліміз екі мемлекетке қатысты алынатын электр қуатын өтеуге мәжбүр болуда. Тағы бір айта кетерлігі, арнайы белгіленген шартқа сәйкес өзен ағысы бойындағы су шаруашылығы құрылыстары тек мемлекетаралық келісім бойынша салынуы тиіс десек, Өзбекстан бұл жерде де басқаша  қадамға барып, ешқандай келісімсіз Арнасай су қоймасын салып алды. Ал бұл өз кезегінде Шардара су қоймасынан апатты жағдайда жіберілетін секөнтіне 2160 текше метр су өтімінің төмендеуіне әкеп соғуда. Басқаша айтсақ, Өзбекстан алдымен өзін сумен қамтамасыз ету жағына бет бұрып, трансшекаралық өзендерді пайдалану ережесін ескерусіз қалдырды. Қырғызстан мен Өзбекстан бұл мәселеде қазаншының еркі бардың рөлін атқаруға тырысып бағуда [39].

Қазақстан тарапынан осы мәселелерді реттеу тұрғысында  Халықаралық су энергетика консорциумын құру туралы ұсыныс енгізіліп, оның тұжырымдамасы да әзірленіп қойды. Оған Дүниежүзілік банк те өз тарапынан көмек көрсеткісі бар. Десек те аталмыш консорциумға жоғарыда аталған мемлекеттердің кіріскісі де, қатысқысы да жоқ. Себеп, әркім өз мүддесін ғана көздеп, географиялық жағдайларын көзір ретінде ұстануда. Тіптен өзінің басы қатқан мәселеге басқаның да басын қатырғысы бар. Мәселен, Қырғызстан жағы сонау Кеңес одағы кезінде жұмыс істеп, кейін жұмысы тоқтап қалған Қамбар ата су қоймасын қайтадан тұрғызу жағын алға тартуда. Тоқтағұлға емес, тап сол Қамбар ата су қоймасын тұрғызуға, сөйтіп соның жұмысын жандандыруға консорциум құрайық деген ұсынысын айтып жүр бүгінде. Ал Өзбекстан ең алдымен өз жерінде су қоймаларын тұрғыза беру ниетінде секілді. Бірақ, консорциумға оның да қатысқысы жоқ. Яғни, бұл мәселе жөнінде де қайшылық жетіп жатыр. Аталған мәселелердің түйінін шешу мақсатында биыл Ашғабадта Орталық Азия мемлекеттерінің қатысуымен тағы да үлкен бір басқосу болады деп көзделуде. Бірқатар мәселелер сол басқосуда қозғалмақшы.   

Трансшекаралық су мәселесінің енді бір ұшы Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынасқа тіреліп отыр. Қытай жағының трансшекаралық өзендерге қатысты мәселеге әлі де болса өзімбілемдік сақтықпен қарап келе жатқаны байқалатындай. Неге десеңіз, Қытай су қатынастарына арналған бір де бір конвенцияға күні бүгінге дейін қол қоймай келе жатыр. Екі мемлекет арасында өткен жылдың  қазан айында Шанхай қаласында Трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау жөніндегі Қазақстан-Қытай комиссиясының үшінші бірлескен отырысы өткен болатын. Онда Ертіс және Іле трансшекаралық өзендерінің суын пайдалану жөніндегі келісімді әзірлеу туралы Қазақстан тарапының ұсынысы талқыланды.  Кейбір сарапшылардың сөзіне қарағанда, “Қара Ертіс-Қарамай” каналы  іске қосылғаннан кейін Қытай жағы  Ертіс өзенінен 800 млн. текше метр көлемінде су ала бастаған.  Ал оның көлемі кейін 1,5 млрд. текше метрге дейін жетуі мүмкін деген болжам да айтылуда. Біле білгенге бұл болашақта қиын жағдайға душар ететін көрсеткіш.  Егер де Ертістің жалпы су ресурсының мөлшері шамамен 9,8 млрд. текше метр екенін ескерсек, Қытайдың бұл ұстанымы Қазақстанның ғана емес, сонымен қоса Ресейдің экономикасы мен экологиясына едәуір залал келтіретін болады. Мәселенің қай жаққа қарай бағыт алуы сол отырыста Комиссия шешімі бойынша Қазақстан әзірлейтін келісімнің жобасына және оның қабылдануына байланысты болмақ. Дайын болған кезде Қытай тарапына дипломатиялық жолмен жіберуі тиіс бұл жобаны әзірлеу жолдары әлі күнге дейін қарастырылу үстінде. Сала  мамандары өз кезегінде  келісім жобасын жасау  үшін алдымен арнайы ғылыми негіздеме енгізу, одан барып ғылыми-зерттеулер жүргізу керек дейді. Сонда барып бұл мәселе бір ыңғайына келетін болады деген ұстанымдарын алға тартуда.

 

4.1.1 Қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығы

 

Соңғы жылдары су беттерінің ластану процестері өсіп келеді.Ол суғармалы жерлерден суғармалы су ретінде өзен арнасына артық су келіп түседі, су суғармалы жерлердегі суды бақылаусыз қолданумен байланысты. Осы себепке байланысты инфильтрация арқылы жер астындағы сулардың ластануы пайда болады.

Су бетінің ластануы, өзеннің төменгі ағысындағы дестибилизирленген табиғи-шаруашылық жағдайдың негізгі факторлары болып келеді. Қазіргі кезде адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасы ерекше маңызға ие болып отыр. Жер шарындағы халық санының жедел өсуі және көптеген елдердің индустриалды дамуы табиғи ресурстарды пайдалануды еселеп арттырып, адамның табиғатқа әсерінің көлемін өсіре түсуде.

Соңғы жылдары пайдалы қазба қорларының азаюы, жер бетінен өсімдік және жануарлар дүниесінің көптеген өкілдерінің жойылуы және сондай-ақ табиғи ортаның шектен тыс ластануы айрықша белең алып отыр. Кейбір елдерде, әсіресе дамыған елдерде қоршаған орта жағдайының нашарлағаны соншалық, адамдардың денсаулығы бұзыла бастады.

Осының бәрі қоғамды қоршағаны қорғау мәселесіне ерекше көңіл бөлуге, табиғатты сақтау және қалпына келтіру мәселелерімен жақсырақ айналысуға, сондай-ақ оның ресурстарын тиімді падалануға итермеледі. Сондықтан жыл сайын жерлерді суландыру, ормандарды қалпына келтіру, өндірістік қалдықтармен техникалық лас суларды тазарту, топырақтың құнарлылығын сақтау және топырақ эрозиясына жол бермеу төңірегіндегі жұмыстар Көксарай су қоймасын жобалауда кең көлемде жүргізілуде.

Табиғатты өзгертуді қаламайтыны белгілі. Ондағы өзгерістер баяу, байқаусыз өтеді, өзін-өзі реттеу мен өзін-өзі қалпына келтіру процесстері ұзаққа созылады. Адамның зиянды істері бірден байқалмайды, тек ұзақ жылдардан соң, бір нәрсені өзгерту немесе түзеу өте қымбатқа түскенде әрі кешікіңгірегенде, кейде тіпті нәтижесіз болған кезде ғана көрінеді.

Өйткен кезеңдердің барлық тәжірибесі көрсетіп отырғандай, табиғатқа ұқыптылықпен қарамау, бүгінгі пайда үшін атқарған істеріміздің күні ертең орны толмас зиянға ұшыратарын алдын-ала болжап барып әрекет етуіміздің қажет екенін естен шығармағанымыз жөн. Табиғатқа ұқыптылықпен қарамаудың ащы мысалдары өте көп және олардың зиянды жақтары баршаға белгілі.

Табиғатты қорғау мәселелері Республикамыздың, бұрынғы Кеңестік дәуірден өтіп, еліміз тәуелсіз егеменді ел болғалы да негізгі іс-шаралардың бірі болып отыр. Еліміз осындай бүкіл әлемдік жахандану процестері, нарықтық экономиканың өзіне тән ерекшеліктері және табиғат ресурстарын дұрыс пайдалану мақсатында көптеген талаптарды алдымызға қойып отыр.

«Табиғатты қорғау» түсінігінің аясына табиғат ресурстарын, шарттарын дұрыс пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау жұмыстары негіз болады. Адам және ғылыми – техникалық прогрестің әсері айналамыздағы табиғат пен қоршаған ортаға көптеген залалын тигізіп отыр. Атап айтқанда, табиғаттың азғындауына, ластануы мен бұзылуына әкеп соғатын әрекеттер оның әртүрлі көлемде өзгеруіне әсерін тигізеді.

Сондықтан да табиғатты қорғаудағы жалпы Республикалық бағдарлама жасалып, ол үкімет тарапынан қатаң  бақылауға алынды.

Қазақстан Республикасының Ата заңында көрсетілгендей: «Еліміздегі қазіргі және болашақ ұрпақтар үшін ғылыми түрде тұжырымдалған жерді және оның қойнауындағы байлықтарын, өсімдіктер және жануарлар әлемін, яғни табиғи ресурстары көрсетілген және заңмен қорғалған». Табиғат ресурстары адам әрекетіне байланысты сарқылатын және сарқылмайтын болып бөлінеді.

Оның ішінде сарқылатыны өз кезегімен қайта қалпына келтірілетін (жаңартылатын) және қайта қалпына келтірілмейтін (жаңартылмайтын) болып бөлінеді. Дегенмен барлық табиғи ресурстар жер бетінде мәңгі емес және барлық жер бетіндегі байлық та шексіз емес [40].

Сол мақсатпен елімізде тәуелсіздік алғалы бері бірнеше заңдар мен заңдылықтар шығарылды. Оның ішінде атап айтсақ әр облыста, әр аудан мен қалаларда табиғат және қоршаған ортаны қорғау қоғамдары мен ұйымдары құрылған. Бұл ұйымдар мемлекеттің осы мақсатта құрылған органдармен бірлесіп табиғатты қорғау іс-шараларын, үгіт-насихат жұмыстарын, ол істерді жақсартудың жолдарын қарастырып, табиғат байлықтарын дұрыс пайдалану мақсатын көздейді.

Көптеген мемлекеттік емес ұйымдар мен мемлекеттік бақылау органдары құрылып, бұл іс-шаралардың бәріне республикамызда өз алдына жеке министрлік «Экология және қоршаған ортаны қорғау министрлігі» құрылып, тікелей басшылық етіп отыр.

Қазақстан Республикасы үкіметінің «Атмосфералық ауаны түрлі ластанулардан қорғау», «Жануарлар әлемін пайдалану және қорғау» т.с.с заңдары шыққан. Бұл заңдардың барлығы да, табиғатты қорғаудағы іс-шараларды күшейту, жер және оның қойнауындағы байлықтарын, атмосфералық ауаны, су көздерін, өсімдіктер және жануарлар әлемдерін қорғау мен оларды дұрыс пайдалану көздерін қарастырып және олардың орнын толықтырып отыруға көңіл бөледі. Сол мақсатта барлық қоғамдық ұйымдарды біріктіріп, түгелдей атсалысуға шақырады.

 

4.2 Санитарлық қорғау  аймағы

 

Бірінші белдеу (қатаң режим зонасы) ұңғымалр, ІІ-көтерілімның насосты станцияларының тораптары үшін ұйымдастырылады. Санитарлық қорғау зонасының бірінші белдеуінің территориясы 50 м радиуспен тікен сыммен қоршалады, жасыл көшеттер жолағымен қорғалады. Жерасты сужинағышы тораптары қорғалады.

Территория жерүсті ағысын бірінші белдеу шекарасынан тәс әкетуді ұйымдастырумен жоспарланады.

Насосты станция тораптары үшін санитарлық қорғау зонасы 30 м деп алынады, осы территорияда халықтық тұруына, бөгде адамдарға кіруге, мал ұстауға, органикалық тыңайтқыштар мен улы химикаттарды пайдаланып бау-бақша күтуге тыйым салынады.

Санитарлық қорғаудың екінші белдеуіне (шектелу зонасы) сужинағыш ғимараты (бұлақтар, ұңғымалар) және төмендеу шұңқыры шегіне жанасқан территория жатады [41].

Осы белдеуде тыйым салынады: жұтқыш типтегі қазындылармен санитарлық бақылау құрылыстарына, жабдықталмаған жерлерде қоқыс сақтауға, қалдық ағыс сулардың грунтқа кетуіне жол бермеу, жерасты және жерүсті суларын ластауы мүмкін өндірістерді салуға, зираттар мен күл-қоқыстар жинауға. Санитарлық шарларды су көзіне,оның өнімділігіне,су ағу жылдамдығына және бағытына ауа райының ерекшеліктеріне байланысты белгілейді,оныңөздігінен қоқыс – ластардан арылу мүмкіндігін анықтайды. Ал шараларды ең тиімсіз қиын жағдайларда су көзінің тазалануын қамтамасыз етеуге бағытап отырады. Мысалы қатты қыс мезгілінде су қоймасының өздігінен тазалануы баяулайды,таы сол сияқты жағдайларды есепке алады. Осыған байланысты ет комбинатынан жоғары Семей қаласының сол жағалауындағы және Жоламан елді мекеніндегі зираттарды жабу қажет. Санитарлық қорғау зонасының І-белдеу территориясында санитарлық-техникалық шараларды және санитарлық бақылауларды орындау суқұбырының иесіне және санитарлық қорғаудың жергілікті органдарына, ІІ-белдеу территориясында жергілікті әкімшілік және шаруашылық ұйымдарына, сонымен қатар санитарлық бақылаудың жергілікті органдарына тапсырылады. Өнеркәсіптік сужинағыштар үшін санитарлық қорғау зоналарын ұйымдастыру жобамен қарастырылмайды.

 

5 Экономика бойынша бөлім

 

5.1 Сумен қамтамасыз ету жүйесінің  мақсатын анықтау

 

Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы Шұбарсу елді мекенін ауыз сумен қамтамасыз ету жобаланып отыр. Елді мекенді сумен қамтамасыз етудің басты мақсаты сол жердегі халықты және басқа да су тұтынушыларды сапасы жоғары және көлемі жеткілікті  сумен қамтамасыз ету.

Оның құрылысын салу үшін құрылысқа кететін құнын және тиімділігін анықтау керек. Ол үшін технологиялық бөлімдегі мәліметтерді есепке ала отырып анықтаймыз.

  • Елді мекендегі халық саны 7485 адам.
  • Тәулігіне тұтынатын максималды тұтыну көлемі 374,25 м3/тәул.

Жылына тұтынатын судың максималды тұтыну көлемі:

Qж = V* Т кал                                                                                                  (23)    

Qж = 374,25 * 365 = 136601 м3/жыл

мұндағы: V - тәулігіне тұтынатын максималды тұтыну көлемі, м3/тәул; Т кал - календарлы уақыт қоры (бір жылдағы 365 күн саны)

 

5.2 Сумен қамтамасыз ету жүйесінің құрылысқа кеткен құнын анықтау

 

Кесте 10 - Сумен қамтамасыз ету жүйесі құрылысына кеткен шығындардың жиынтық сметасы

Жұмыстарының аталуы

Сметалық құны,  теңге

Жалпы сметалық құны,теңге

Құрылыс жұмыстары

Басқа шығында

1

Құрылыстың негізгі объектілері

5643000

9405000

5643000

2

Құрылыс территориясын дайындау, 12 %

677160

1128600

677160

3

Шаруашылық объектілері, 15 %

846450

1410750

846450

4

Транспорт шаруашылық объектілері, 20 %

1128600

1881000

1128600

5

Транспорт шаруашылық нысандары, 3 %

169290

282150

169290

6

Сыртқы желі құрылысы, 0,7 %

39501

65835

39501

7

Территорияны көгаландыру, 1 %

56430,0

94050

56430,0

8

Уақытша ғимараттар, 4,5 %

253935,0

423225,0

253935,0

9

Басқа да шығындар, 20 %

1128600

1881000

1128600

10

Әкімшілік ұстау, 0,7 %

169290

65835,0

169290

11

Кадрлар дайындау, 1%

56430,0

94050,0

56430,0

12

Жобалау жұмыстары, 7,5 %

423225,0

05375,0

423225,0

13

1-13 бап бойынша барлығы

10591911,0

17436870,0

10591911,0

14

Ескерілмеген шығындар, 2  %

211838,2

348737,4

211838,2

15

Барлығы

10803749,2

17785607,4

10803749,2

Капиталдық шығындардың үлесі:

Кү=К/ Qж                                                                                                          (24)       

Кү  =  10803749,2/136601=79,0

мұндағы: К- капиталдық шығындар,тенге; Qж - жылына тұтынатын судың максималды тұтыну көлемі, м3/жыл.

                        

5.3 Пайдалану шығындарын анықтау

 

Жылдық пайдалану шығындарының құрамына келесі шығындар кіреді:

1.Сумен қамтамасыз ету жүйесінде жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбек ақысы;

2. Реагенттердің құны;

3. Электроэнергияның құны;

4. Амортизация және ағымдағы жөндеу шығындары;

5. Басқа да есептелмеген шығындар.

 

5.4 Сумен қамтамасыз ету жүйесінде жұмыс істейтін қызметкерлердің  еңбек ақысы

                       

Жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбек ақысын есептеу 2-кестеде жүргіземіз.

            

Кесте 11 - Қызметкерлердің жылдық еңбек ақы қоры

Аттары

Бірлік саны

Айлық жалақысы, тенге

Еңбек ақының жылдық қоры, теңге

1

Сумен қамтамасыз ету жүйесінің басшысы

1

60000

720000

2

Мастер

1

40000

480000

3

Кезекші машинист

2

35000

420000

4

Слесар - құбыршы

2

20000

240000

 

Барлығы

6

 

1860000

 

5.5 Сумен қамтамасыз ету жүйесіндегі суды тазарту реагенттердің құны

 

Технологиялық бөлім мәліметтеріне негізделе отырып, суды залалсыздандыру үшін бактерицидті  қондырғы қолданылады.

Бактерицидті  қондырғыны қолданғанда электроэнергия шығындары келесі формуламен есептелінеді:

Э= 20вт * Qж                                                                                                    (25)

Э1 = 20 *  136601  =  2732020вт  = 2732020,0квт  

 

5.6  Электроэнергияның құны

 

1- ші су көтеру сорғыштардың электроэнэргия шығыны :

Y1  = Qж  H1 K / 102 Ŋ = 136601 квт   * 26 *1,2 / 102*0,78  = 2060               (26)

мұндағы: Н1 – 1-ші су көтеру сорғышының толық арыны (26м); К – запас коэффицент, К = 1,2; Ŋ -  сорғыштың пайдалы әсер коэффиценті,  Ŋ = 0,78; Qж    - Жылына тұтынатын судың максималды тұтыну көлемі, м3/жыл

2 – ші көтеру сорғыштардың электроэнергия шығыны:

Y= Qж  H2 K / 102 Ŋ = 136601 * 18 *1,2 / 102*0,78 = 2060квт                   (27)

мұндағы: Н2 – 2-ші су көтеру сорғышының толық арыны (18м);  К – запас коэффицент, К = 1,2; Ŋ -  сорғыштың пайдалы әсер коэффиценті,  Ŋ = 0,78; Qж    - Жылына тұтынатын судың максималды тұтыну көлемі, м3/жыл

Сорғыштардың жалпы электроэнергия шығыны

Э =  Э1 +Y 1 + Y2                                                                                                                                                  (28) 

Э =2060+ 2060квт + 2732020,0=   2736140

Электроэнергияның жалпы құны:

Р =  Э *Ц эл                                                                                                                                                                 (29)

Р = 2736140* 11,14  =  3048059 тенге

мұндағы :  - 1 квт/сағ электроэнергияның құны, 11,14 теңге

 

Кесте 12 - Құрал жабдықтардың амортизациясы

Құрал жабдықтардың аталуы

Құрал -жабдықтар құны,мың теңге

Амортизация нормасы, %

Амортизация шығыны,мың теңге

1

1-ші көтеру сорғыш станциясы

9769,62

10

976,9

2

Таза су резервуарлары

5777,1

10

577,7

3

2-ші көтеру сорғышы

5960,85

10

596,0

12 – кестенің жалғасы

Құрал жабдықтардың аталуы

Құрал -жабдықтар құны,мың теңге

Амортизация нормасы, %

Амортизация шығыны,мың теңге

4

Арынды су мұнарасы

4101,3

10

410,1

5

Су құбыры желісі

6781,45

10

678,4

6

Су айдағыштар

2362,84

10

236,5

7

Бактерицидті қондырғыОВ -50

4621,68

10

462,1

 

Барлығы

 

 

3937,7

 

Сумен қамтамасыз ету жүйесі құрылысының амортизациясын 2,5% деп қабылдаймыз.

А   = 10803749,2*2,5% /100%   =  2700,93мың тенге

Аж  =  3937,7+2700,93 =  6638,63 мың тенге

 

Кесте 13 - Жылдық пайдалану шығындарының жиынтық кестесі

Шығындардың түрлері

Жылдық шығындар,

мың теңге

Үлес салмағы,

%

1

Жұмыс істейтін қызметкерлердің жалақы қоры

1860000

58,1

2

Реагент құны

-

 

3

Электроэнергияның құны

3048059

12,01

4

Жалпы амортизация шығыны

6638,63

23,2

5

Ағымдағы жөндеу шығындары (1-4 баптардың косындысынан 1%)

2403

0,93

6

Басқа да есептелмеген шығындар, (1-5 баптардың косындысынан 6 %)

1456

5,7

 

Барлығы

4918556,63

100,0

 

5.7 Судың өзіндік құнын анықтау

 

Судың өзіндік құны келесі формуламен анықталады :

С=Пш / Qж                                                                                                         (30)  

С= 4918556,63/ 136601= 36,1тенге

мұндағы: Пш – жылдық пайдалану шығындарының қосындысы, тенге; Qж -жылына тұтынатын судың максималды тұтыну көлемі, м3/жыл.

Жылдық экономикалық тиімділігі :

Э= [(Сж+Eнж) – (Сgнg) ]  * Qж                                                             (31)

Э=[(60,0+0,15*36,2)– (36,1+0,15* 79,0) ]  * 136601=2387785,4тенге

мұндағы: Сж, Сg – жоба және іс әрекеттегі  судың өзіндік құны,тенге; Qж    - жылына тұтынатын судың максималды тұтыну көлемі, м3/жыл; Ен -  нормативтік коэфициент 0,15 деп қабылдаймыз; Кж , Кg - жоба және іс - әрекеттегі  капиталдық шығындардың үлесі.

Нысанның өтелу мерзімі:

Т =К/Э                                                                                                              (32)   

Т =10803749,2/2387785,4= 4,5 жыл

мұндағы: К -   капиталдық шығындар,тенге; Э - жылдық экономикалық тиімділігі, тенге.

 

Кесте 14 - Сумен қамтамасыз ету жүйесінің негізгі технико – экономикалық көрсеткіштері

 №

Аталуы

Өлшем бірлігі

Көрсеткіштер

1

Жылына тұтынатын судың максималды тұтыну көлемі

м3/ жыл

136601

2

Капиталдық шығындар

тенге

10803749,2

3

Капиталдық шығындардың үлесі

тенге/ м3

79,0

4

Қызметкерлердің саны

адам

6

5

Жылдық еңбек ақы қоры

тенге

1860000

6

Электроэнергия құны

тенге

3048059

7

Жылдық пайдалану шығындары

тенге

25730863,1

8

Жоба бойынша 1м3 судың өзіндік құны

тенге

36,1

9

Жылдық экономикалық тиімділігі

тенге

2387785,4

10

Нысанның өтелу мерзімі

жыл

4,5

 

Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы Шұбарсу елді мекенін ауыз сумен қамтамасыз етуді  жобалау экономикалық тиімді деп есептейміз,себебі елді мекенді сумен қамтамасыз етудің өзіндік құны 36,1тенгені құрап отыр,экономикалық тиімділігі 2387785,4 тенге және жоба 4,5 жыл мерзім ішінде өтеледі [42].

 

Қорытынды

 

Менің дипломдық жұмысым  Оңтүстік  Қазақстан облысы Ордабасы  ауданында орналасқан Шұбарсу елді-мекенін ауыз сумен қамтамасыз ету болып табылады. Шұбарсу ауылын ауыз сумен қаматамасыздандыру үшін жер асты сулары, ал техникалық қажеттіліктерге яғни мал, құсқа берілетін су ауылдың солтүстік –  шығысындағы Арыс өзенінен алынады.

Дипломдық жұмыста  келесідей іс-шаралар қарастырылды:

  1. Жобалау ауданының табиғи-климаттық сипаттамасы

Бұл бөлімде жобалау ауданының ауа-райы, жер қыртысының құрылысы, сейсмикалық жағдайы сипаттталған. Алынған мәліметтерге сүйене отырып алдағы жұмыстар жоспары құрылды.

  1. Технологиялық бөлім

Бұл бөлім қабылданатын ғимараттар есептеулері, бастоған ғимараттарын таңдау және қабылдау, құрылыстық шешімдері және құрылысты ұйымдастыру шаралары қарастырылды.

3. Еңбек  және  тіршілік  қауіпсіздігін  қорғау бөлімі

Бұл бөлімде жасалатын құрылыс жұмысы кезінде адам денсаулығына және өміріне төнетін қауіпті жағдайлардың алдын алуы қарастырылған.

4. Қоршаған  ортаны қорғау  бойынша бөлім

Қазіргі кезде елімізде адамның қоршаған ортамен тығыз байланыста болуы түрлі экологиялық жағдайларды туғызады. Сондықтан да олардың алдын-алу және болдырмау шаралары қарастырылды.

5. Экономика бойынша бөлім

Бұл бөлімде құрылысқа қажетті ақшалай және материалдық шығындардың жоспары, сонымен қатар құрылыстың құны және мерзімі қарастырылды.

Қарастырылып отырған Шұбарсу елді-мекенін ауыз сумен қамтамасыз ету  1990 жылдардың басында қаржыландыру жүрмегендіктен тасталып кеткен. Қолданыста болған су жүйесі ескіріп мүлдем жарамсыз түрге келген. Сол кезден бастап су алу үшін ауыл тұрғындары аулалық құдықтар, жасанды колонкаларды қолданылып келген. Су санитарлық – эпидимиологиялық  талаптарға жауап бермеді соның кесірінен  ауыл тұрғындар ішек ауруларына шалдыққан жағдайлар да кездесті. Қалыптасқан жағдай жедел шаралар қолдануды талап етті. Сондықтан ауылдағы сумен қамтамасыздандыру жүйесін қайта құру жобасы ауыл және ауыл тұрғындары үшін өте маңызды.

Дипломдық жұмыс жазылу барысында керекті су тұтыну мөлшері, есептік арын, құрылыстың техникалық-экономикалық көрсеткіштері, т.б. анықталды, есептеулер және зерттеулер жүргізіліп, соның нәтижесінде жұмыс  жазылды.  Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы Шұбарсу елді мекенін ауыз сумен қамтамасыз етуді  жобалау экономикалық тиімді деп есептейміз,себебі елді мекенді сумен қамтамасыз етудің өзіндік құны 36,1тенгені құрап отыр,экономикалық тиімділігі 2387785,4 тенге және жоба 4,5 жыл мерзім ішінде өтеледі.

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

 

  1. Тоғабаев Е.Т., Тойбаев К.Д. Сумен жабдықтау және канализация.-Алматы: ҚМСҚА, 1998.
  2. Абрамов Н.Н. Водоснабжения.-М.: Стройиздат,1982.
  3. Басс Г.М. Водоснабжения. Техника – эканомические расчеты.-Киев.: Вища школа, 1987.
  4. Қыдырбаев С. Гидравлика негіздері және ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз ету.-Алматы: Білім, 1996.
  5. Оводов В.С. Сельскохозяйственное водоснабжение.-М.: Колос, 1986.
  6. Смагин В.Н., Небольсина К.А., Беляков В.М. Курсовое и дипломное проектирование по сельскохозяйственному водоснабжению.-М.: Агропромиздат, 1990.
  7. Жұмағұлов Н: Сумен жабдықтау.-Алматы: Білім, 1995.
  8. Киселев П.Г. Справочник по гидравлическим расчетам.-М.: Энергия, 1984.
  9. СНиП ҚР ҚНжЕ 4.01-02-2001 «Сумен қамтамасыз ету». Алматы. 2001ж.
  10. Достайұлы Ж. Жалпы гидрология.-Алматы: Білім, 1996.
  11. Кеншибаев Ю.Б., Сарсембаев Т.Т. Централизованное сельскохозяйственное водоснабжение.-Алматы: Қайнар, 1998.
  12. Отарбаев Ш.М. Ауыл шаруашылығын сумен қамту жүйелері мен құрылымдары. – Тараз: 2006.
  13. Усаковский В.М. Водоснабжение  в сельском хозяйстве.-М.: Колос, 1987.
  14. Атақұлов Т.А., Кененбаев Т.С. Ауыл шаруашылық мелиорациясы.-Алматы: Білім, 2003.
  15. Тугай А.М., Прокопчук И.Т. Водоснабжение из подземных источников. Справочник. – Киев:Урожай, 1990.
  16. Карамбиров Н.А. Сельскохозяйственное водоснабжение. – М.: Агропромиздат, 1986.
  17. Хоружий П.Д., Шарков М.В. Реконструкция сетей водоснабжения. Расчет и проектирование. – Киев: Будивельник, 1983.
  18. Ильин Ю.А. Надежность водопроводных сооружений и оборудования. – М.: Стройиздат,1985.
  19. Карамбиров Н.А. Сельскохозяйственное водоснабжение. – М.: Агропромиздат, 1986.
  20. Усаковский В.М. Водоснабжение в сельском хозяйстве. – М.: Агропромиздат, 1989.
  21. Карамбиров Н.А. «Сельскохозяйственное водоснабжение». Москва. Колос. 1982г.
  22. Ильин Ю.А. Надежность водопроводных сооружений и оборудования. – М.: Стройиздат,1985.
  23. Безменов А. И. Сельскохозяйственная мелиорация. –М.: Колос, 1974.
  24. Айдаров И. П. Оросительная мелиорация. –М.: Колос, 1982.
  25. Безменов А. И. Курсовое и дипломное проектирование. –М.: Колос, 1982.
  26. Багров М. Н., Кружилин И.П. Оросительные системы и их эксплуатация. –М.: Агропромиздат, 1988.
  27. Справочник. Устройство закрытых оросительных сетей, водопроводов, арматур, оборудований /Под ред.  В.С.Дикаревского. -М.: Агропромиздат, 1987.
  28. Маслов Б. С. и др. Справочник по мелиорации. –М.: Росагропромиздат, 1989.
  29. Ерхов Н.С. и др. Сельскохозяйственная мелиорация и водоснабжение.      - M.: Колос, 1980.
  30. Гончаров С.М. Сельскохозяйственные и гидротехнические мелиорации.     - Львов: Вища школа, 1988.
  31. Исабаев С. И и др. Методические указания по проектированию режима орошения сельскохозяйственных культур. - Шымкент: Союзгипрорис, 1978.
  32. Шуравилин А. В., Кибека А. И. Мелиорация. Учебное пособие. – М.: ЭКСМОС, 2006.
  33. Беляев А.Б.Мелиорация почв.-Воронеж, 2003.
  34. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі: Ресми мәтін. – Трудовой кодекс Республики Казахстан: официальный текст. – Алматы: Жеті жарғы, 2007. – 344 бет.
  35. Қ.Р. 12.0.001 – 2005. «Мекемеде еңбекті қорғаудағы басқаруда жалпы талаптар», МОD, Астана. 2002ж. – 36 бет.
  36. Маханов Б.Б., Сатаев М.И., Сатаева Л.М., Тіршілік қауіпсіздігі. Электрондық кітап. Шымкент, 2004.
  37. Саудабеков  К.Е., Алманиязов Э.А., Луханова Л.Ю. Безопастность жизнедеятельности и формирование здорового образ жизни.-М.: Стройиздат, 1997.
  38. Бейсенова Ә., Есполов Т., Самақова А., Шілдебаев Ж. Экология негіздері және табиғатты тиімді пайдалану.-Алматы: Ғылым, 1997.
  39. Әлімбетов Қ., Оспанова Р. Табиғатты пайдалану және оны қорғау.-Алматы: Ғылым, 2008.
  40. Николадзе Г.И. Технология и очистка природных вод. – М.: Высшая школа,1987.
  41. Бежиховский Р.А. Гидролого – экологические основы водного хозяйства. – Л.: Гидрометеоиздат,1990.
  42. Акжанов А.А., Аймен А.Т. Су шаруашылығы экономикасы.- Тараз, 2000.
Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2023-12-19 19:02:53     Қаралды-248

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »