UF

Жоспар

 І Кіріспе

1.1 Қазақстанда топырақ өңдеу әдістері.

1.2 Топырақ өңдеудегі технологиялық жұмыстар.

ІІ Негізгі бөлім

2.1 Топырақты тығыздау.

2.2 Топырақ өңдеу тәсілдері

2.3 топырақ бетін өңдеу тәсілдері

2.4 топырақ өңдеу сапасына агротехникалық баға беру

2.5 Топырақ өңдеу жүйелері

ІІІ Қорытынды

IV Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Егістік танаптарының топырақтарын ойдағыдай өңдеу егіншілік мәдениетін еөтерудің басты шартарының бірі болып саналады. Сапалы өңделген топырақта дақылдардың өсіп – дамуына қажетті жағдайлардың бірі жасалады. Дұрыс бапталған топырақ қабатында ылғал мол жиналып ұзақ сақталады соны мен қатар қар мен жауын суы және ауа тез сіңеді.
        Топырақты өңдеудің мақсаты. Егілетін дақылға қолайлы жағдай туғызу үшін ташиналармен өндіргіш құралдар арқылы топыраққа механикалық әсер етуді топырақты өңдеу деп айтылады. Топырақты өңдеуге органикалық және минералдық тынайтқыштарды ендіруге көп жылдық шөп пен сабан түптерін сондай – ақ топырақтың жоғары қабатында аңызда арамшөптерде болатын зиянкестер мен өсімдіктер аурулардың тұқымдарын жауып әрі тұншықтырылады. Егіншіліктің ұзақ жылғы тарихында өңдеу тәсілдері мен құралдары қарапайым түрінен бастап осы заманға топырақты өңдейтін құралдар мен машиналарға дейін үлкен өзгерістерден өтті.
Өңдеу жұмысы ең алдымен топырақта өтетін физикалық, химиялық және биологиялық процестердің жоғары қарқынды жүруіне әсер етедіжәне олардың топырақтағы өзгерістері мәдени өсімдіктері үшін қолайлы жағдайлар жасайды.Өңдеудің көмегімен ылғалды мол аудандардағы артық ылғалдың кемітуге ал құрғақшылық аудандарда ылғалды жйнауға болады. Арамшөптермен кұресуде топырақты өңдеудің рөліне баға жетпейді.
Топырақты өңдеудің міндеттері. Топырақты өңдеуде мынандай міндеттерді орындайды. 1. Арамшөптерді жою 2. Топыраққа органикалық, минералдық тынайтқыштарды, улы химикаттарды енгізу. 3. Өсімдік шаруашылығындағы дақылдарды зақымдайтын зиянкестер мен ауыр қоздырғыштарды жою 4. Топырақтың су эрозиясы мен дефеяцияға тұрақтылығын арттыру. т.б. міндетті кіреді.          

 

 

 

1.1 Қазақстанда топырақты өңдеу әдістері

Егістік танаптарының топырақтарың ойдағыдай өңдеу- егіншілік мәдениетін көтерудің басты шартының бірі болып саналады.

Сапалы өңделген топырақта дақылдардың өсіп-дамуына қажетті жағдайлардың бәрі жасалады. Дұрыс бапталған топырақ қабатында ылғал мол жиналып, ұзақ сақталады, сонымен қатар қар мен жауын суы және ауа тез сіңеді.

Топырақты өңдегенде құрылымы төмендеген беткі қабаттың орнына органикалық қалдықтарға бай, қоректік заттар қоры анағұрлым көп төменгі қабат ауысып түседі. Мұндай жағдайда аэробты мироорганизмдердің белсенділігі артып, органикалық заттардың минералдануы күшейеді. Сонымен топырақты өңдей арқылы оның қабаттарына ылғал, ауа және қажетті қоректік заттардың қорын молайтуға болады.

Топырақты өңдеудің мақсаты. Егілетін дақылға қолайлы жағдай туғызу үшін машиналар мен өндіргіш құралдары арқылы топыраққа механикалық әсер етуді топырақты өңдеу деп атайдыү

Топырақты өңдеуде органикалық және миниралдық тыңайтқыштарды ендіруге, қөпжылдық шөп пен сабан түптерін, сондай-ақ топырақтың жоғарғы қабатында, аңызда, арамшөптерден болатын зиянкестер мен өсімдік ауруларының тұқымдарын жауыпе, әрі тұншықтырады.

Егіншіліктің ұзақ жылғы тарихында өңдеу тәсілдері мен құралдары қарапайым түрінен бастап, осы заманғы топырақты өңдейтін құралдары мен машиналарға дейін үлкен өзгерістерден өтті.

Өдеу ең алдымен топырақта өтетін физикалық, химиялық және биологиялық процестердің жоғарғы қарқынды жүреді, өсімдіктер үшін қолайлы жағдайларды жасайды. Яғни су және коректік заттар өсімдікке тікелей топырақ арқылы бірігіп әсер етеді.

Өңдеудің көмегімен ылғалы мол аудандардағы артық ылғалды кемітуге, ал құрғақшылық аудандарда ылғалды жинауға болады. Арамшөптермен күресуде топырақты өндеудің роліне баға жетпейді.

Танапқа себілетін тұқымдық дән топырактағы барлық керекті факторларды тиімді түрде бойына сіңіре отырып, көктеп шығатындай және толысып есетіндей етіп өндеу қажет.

Қазіргі егіншіліктегі ғылыми-техникалық прогреске байланысты топырақ еңдеудің тәсілдері мен құралдарының саны тұрақты өсіп келеді. Мұның өзі бір жағынан топырақ құнарлығына қарқынды әсер етуінің қажеттілігінен туса, екінші жағынан кұнарлылығы темендеген топырақтарға да егін егудің қажеттігінен туып отыр.

Топырақты өңдеудің міндеттері. Топырақты өңдеуде мынадай міндеттерді орындайды:

1.         Мәдени есімдіктерге қолайлы факторлармен (су, ауа, жылу, қоректік заттар) қамтамасыз ету үшін топырактың енделетін қабатына оптималды түйіршіктер, қолайлы кұрылым дайындау.

2.Арамшөптерді жою.

3.      Танап топырағына органикалык, минералдык тыңайткыштарды,  химиялық  мелиоранттарды,   улы  химикаттарды  енгізу.

4.      Ылғалы тапшы жағдайда жинап әрі сақтау, ылғалы мол жағдайда танап топырағынан артық ылғалды оптималды түрге келтіру.

5.      Топырақ қабатынағы мнкробиологиялық процестерге қарқынды әсер етумен қоректік заттардың жиналуын, сакталуын жаксарту.

6.      Өсімдік шаруашылығындағы дакылдарды закымдантын зиянкестер мен ауру коздырғыштарды жою.

7.      Танап топырағының оптималды терендігіне мәдени дақылдардың тұқымдарын себу.

8.      Топырактың су эрозиясы мен дефляцияға тұрақтылығын арттыру.

9.      Шымтопырақты, тың, тыңайтылған танаптағы болмаса кыртысты  топыракта  өскен  көпжылдық  шөптер  тіршілігін  жою.

1.2 ТОПЫРАҢ ӨҢДЕУДЕГІ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР

Топырақ өндеу тұтас жүйелі технологиялық процесс, мұндағы негізгі операциялар: қопсыту немесе майдалау, жыртылган топырақ қабатын аудару, араластыру, тілгілеу, тегістеу, тығыздау, арамшөп тамырларын қырқу, оларды топырак бетіне шығару, жалдар мен жүйектерді жасау.

Топырақты қопсыту және майдалау. Топырақ көптеген  себептердің  әсерінен  шөгіп, нығыздалады. Топырақтың жыртылатын қабатының құрылымы жақсы болса, жәй шөгеді және аз нығыздалады.   Қопсыту  мен   майдалаудың    нәтижесінде    топырақтың өңделетін қабатының түйіртпектері жұмсарады.  

Топырақ өңдеуде қопсытып, үгіту процесі өте жиі    қолданылатын операқиялардық бірі.                                                                                   

Топырақ  қопсытылып,  үгітілгенде     оның    құрылымы    майда,жұмсақ түйіршіктерге айналып, өсімдік тамырына    ауанық,   ылғалдың және қоректік заттардық еніп жиналуына, олардық сақталуына ең қолайлы жағдайлар жасалынады.      

Сазды және құрылымы нашар топырақтарды мол ылғалды
немесе кеуіп қалған күйінде өңдегенде, олар кесекті түйіршік-
терге нашар бөлінеді.                                                     

Топырақтық  кұрамды   жағдайына,   өңдеудің  негізгі   максатына  және әрбір  екпе дақылдарды егудің    талабына    сай   олардың қопсыту әр түрлі тереңдікте: ең беткі қабаттан бастап, жыртылған тереңдіктен төменгі қабаттарға дейін жүргізіледі.  I

Топырақты жыртып-қопсытуға,соқалар, қайырмалы және дискілі сыдырғыштар, табанды культиваторлар, дискілі және әр түрлі тісті тырмалар қолданылады.  

Топырақты аудару дегеніміз топырақтың    жыртылатын   қабатының бетін төменгі қабатына, астыңғысын бетіне шығару болып  табылады.   Топырақты   бұлайша   еңдеу — органикалық   және   минералдық тыңайткыштарды өндіруге,  көпжылдық шөп пен сабая түптерін,  сондай-ақ  топырақтың  жоғарғы    қабатында,     аңызда арамшөптерде болатын зиянкестер  мен өсімдік ауруларының тұқымдарын жауып, тұншықтыру үшін қолданылады.                                                                     

Аудару процесі арқылы топырактық құнарлы қабаты қалыңдатылады, өйткені оның төменгі құнарсыз деңгейі үстіне шығарылып, құнарлы қабатпен араластырылады.

Кебіне топырактық жаксы кұрылымы оның тәменгі қабатында пайда болады. Топырақтың төменгі жаксы құрылымын үстіне  шығару  арқылы,  су  мен  ауаның топырақтық    төменгі қабатынғ сіңуіне қолайлы жағдай жасалады.

Кейбір жағдайларда топырак қабатын аудару, арамшөп тамырларын топырақ бетіне шығару арқылы олардық мұнан кейін жойылуын көздеу мақсатында жүргізіледі.

Микробиологиялык алмасу әдетте топырақтың беткі қабатында көбірек болады. Сонық нәтижесінде мұнда өсімдіктің қоректік заттарының жинақталуына қолайлы жағдай  жасалады.

Топырақ қабатын аудару арқылы, оның бетіндегі қоректік заттар тереңдетіліп, өңделетін топырақ қабаты құрамының бір текті болуына мүмкіндік олады.

Топырақ қабатына тыңайтқыштар мен әк өндіру кезінде мик-роорганизмдердің дұрыс бөлініп, қоректік элементтердіқ жеткілікті болуы және топырақ қабатының біртектілігін қамтамасыз ету үшін топырактық өңделетін қабатын араластыру керек. Топыракты аударуға плугтер мен сыдырғыштар колданылады.

Топырақ қабатын аударудың пайдалылығына қарамастан оны әр кезде және барлық жерде бірдей қолдана бермейді.

Құрғақшылық аудандарда топырақ қабатын аудару, оның кеуіп кетуін күшейтеді. Мұнан басқа, аңыз бен өсімдік қалдықтарын топырақ қабатына араластырғанда, су эрозиясы мен дефляцияның (дефляция-топырақтың желмен жылжып көшуін білдіреді және бұл құбылыс –топырақ түйіршіктерінің бұзылуын, көшуін және шөгуін түгел қамтиды) пайда болу қауіпін өсіреді, қысқы ылғалдың жиналу жағдайын нашарлатады.

Өңделетін топырақ қабаттарын араластыру, топырақты өңдеу тәсілдерінің барлығында да орындалады. Ол топырақты фрезер құралымен өңдегенде толық орындалады, ал топырақты дискілі құралмен, әсіресе қырғыш дискілі ауыр тырмамен өңдегенде, жеткілікті іске асырылады.

Топырақтың бетін тегістеу-дақылдар тұқымдарын біркелкі тереңдікке енгізудің негізгі шарты. Тегістелмеген топырақты тұқым әр түрлі тереңдікке түседі де, өсімдік көгі біркелкі өнбейді. Топырақ бетін тегістеу, тоң кесектердің жою топырақ қабатындағы ылғалдың буға айналмауына әрі жиналуына мүмкіндік туғызады.

Танап топырағының беткейі толқын тәріздес, жалды немесе кесекті болуынан ылғал тегістелген топырақтың беткейіне қарағанда тез буланғыш келеді.

Егістік танап топырағын тегістеу тырмамен, культиватормен, тегістегіш сүйретпемен және катокпен жүргізіледі.

ІІ  НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1Топырақты тығыздау. Тығыздалу технологиялық операциясы топырақтың тоң кесегі мен борпылдақтығын жоюға керек. Топырақты тығыздау тұқымының өсіп шығуына ең қолайлы жағдай жасайды.

Тығыздау-себілген тұқымдардың топырақпен жанасуын жақсартады, топырақтың жалпы және капиллярлы емес түтіктерінің санын төмендетеді, оның төменгі қабатынан ылғалдың көтерілуіне қолайлы жағдай жасады. Сонымен бірге топырақты тығыздау, оның өңделетін қабаты тұқым себер кезде шамадан тыс қопсытылған болса, кейін топырақ шөкенде, өсімдіктің тамыр жүйесіне зақым келмеуі үшін де қажет.

Тығыздауды механикалық құрамы ауыр, жақсы құрылымы бар топырақтар бәрінен де жиі қажет етеді. өйткені олар терең өңделгенен кейін, ұзақ уақыт бойы борпылдақ күйінде болуға бейім келеді.

Тығыздалған топырақ қабатынан ылғалдың буланып ұшуының көбеюі, оның тиімді қасиетін төмендетеді. Топырақ бетіндегі ылғалдың азайту үшін катокпен тегістеуден кейін жеңіл тісті тырмалармен топырақ беткейін аздап қопсыту керек.

Арамшөптерді отау немесе тамырын қырқу.өңделетін топырақ қабатын қесу – топырақты аудару, араластыру және қопсыту процестерімен жалғастырыла жүргізілетін операция болып табылады. Көбінеарамшөптерді жою үшін танапты культиватормен арнайы өңдеу жұмысын жүргізу қажет.

Кесу сол топырақ өңдейтін, кесетін жұмыс мүшесі бар құралдармен, плугтармен, культиваторлмармен, дискілермен және қайырмалы сыдыра жыртатын құралмен жүзеге асырылады.

Құрғақшылық аудандар үшін топырақ қабатын аудармай кесіп және қопсытатын культиватор –жазық тілгіш құралдары қолайлы.

Арамшөптердің өсуінің алғашқы кезеңінде қарапайым тырмамен өңдеудің өзімен-ақ олар жойылады.

Көпжылдық тамырсабақты және атпатамырлы арамшөптерге қарсы күресте серппелі және табанды культиваторлар тамырсабақтарды тарап алу үшін қолданылады, ал олардың тамыры мен тамыршаларын ұсақ бөлшектерге кесіп, жою үшін дискілі құралдар қолданылады.

Пішіндеу. Кейде егіс алаңы беткейін (себілген, өңделген қабатқа), топырақтың жоғарғы бетін белгілі бір формаға, белгілі бір пішінге келтіру қажет болған жағдайда жүргізіледі. Мәселен, жүйек,жал,үймек,ойық,ұялар, микрожолтабан жасау. Топырақ бетіне белгілі пішін берудің арқасында ылғал бөгеледі немесе бұрып жіберуі реттеледі, топырақтың эрозияға төзімділігі артады, себілген немесе өңделген топырақ қабаттарының жылуын, ауаны қабылдау қасиеттері жақсарады. Топырақ бетіне берілетін белгілі бір пішін, осы мақсат үшін қайта жабдықталған борозда жасағышпен, борозда бөлгішпен, бөгет жасағышпен қамтамасыз етілген арнайы плугпен өңдегенде ғана пайда болады. Бұлардан басқа да құралдар бар, мәселен, дискілі ұя қазғыштар,эрозияға қарсы қолданылатын катоктар.

Егін аңызын сақтау. Мұндай технологиялық оператцияның қажеттілігінің тууы егіншіліктің кеңейіп, желдің белсенді әрекет ететін тдалалы құрғақ аймағына жылжуына байланысты болып отыр. Мұндай жағдайда астық өндірісін ойдағыдай жүргізу, топырақ бетінде аңыз сабақтарды және басқа өсімдік қалдықтарын қалдырғанда ғана мүмкін болатын тәсілін пайдаланғанда іске асады. Топырақты дефляциядан қорғау үшін гектарына 0,5-тен 2,24 тоннаға дейін дәнді дақылдардың сабақ қалдықтарын немесе бір шаршы метрге 100...300 дана түрде тұрған сабақтардың болуын талап етеді.

2.2 Топырақты өңдеу тәсілдері.

Мәдени дақылдарды өсіруде  қолданылатын агротехникалық шаралардың ең қажетті және шешуші маңызы бар жұмыстардың бірі-топырақты өңдеу.

Ауа және топырақ жағдайларына, агротехникалық талаптар мен орындалатын технологиялық процестерге байланысты топырақты өңдеудің жетекші тәсілдері-жырту,терең қопсыту, саңылауландыру, фрезерлеу, сыдыра жырту, культивациялау, ұялау, тырмалау,катоктау болып табылады.

Жырту. Топырақты терең өндеудің тасілі ретінде мәденн "жыр-
тудын теориялық негізгі мәні: жырту қабатының беткейінің шаңды бөлігі төменгі қабатына    түсіріледі    де,   үстін    плугтын    бас, корпусының көмегімен ұсақ түйіршіктермен жабады.                                           

Топырақ өңдейтін   машиналарға   қойылатын  талаптар:  22...23 см терендікте жыртып, қыртысты майдалау және аудару, ендігін  толық бойлап, бірдей тереңдікте жырту, өскен шөп пен егін қалдықтарын толық жабу, топырақтың беткі қабатын біріктіру және тегістеу.

Дәнді және техникалық дақылдарға  арналған негізгі өңделетін топырақтарда  бұл  талаптар   аудармалы   бетті   корпусармен    жабдыкталған жалпы жұмыска    арналған    плугтарды    қолдану» арқылы орындалады. Мұнда әрбір  корпустың алдында топырақтың  беткі шымды қабатын тіліп, оны борозданың түбіне аударып жатқызатын шым аударғыш орнатылады.

  Шым   аударғышының топырақ қабатына  ену  терендігі   10... 12 см болады. Бұл шым  аударғыштардың жұмыс   беті   цилиндроид тәрізді.

  Аса шымды топырақта жұмыс істеу ұшін  (тың және тыңайған    жерлерде)     жартылай    винтті    шым     аударғышты     қолданған   орынды.

  Таяз жырту ең көп дегенде 20 см тереңдікке дейін жүргізілсе,20 см-ден артық тереңдікте жыртуды терең жырту деп атайды.    

  Аударып жырту загонның ортасынан басталады да, мұнда загонның ортасында үйілген атжал пайда болады.

Құлата жырту жұмысы загонның шетінен басталады, мұндай жыртылған жөн ортасында айырма борозда пайда болады.

Жұмыс беті жартылай винтті корпустар, тығыздығы жоғары,  шьмды тың және тынайған топырақты өңдеуге арналған.

Шым аударғышпен бірге қолданғанда аңыздық егіс пен өсімдік қалдықтарын жабуды қамтамасыз етді.

Жұмыс беті винтті корпустар топыақ қабатын   (180°-қа)   аударуға арналған. Бұлар топырақ қыртгысын   мүлде   майдаламай біртұтас лента түрінде қалдырады.

Топырақ қабатын аудармай жыртуға қайырмасыз корпустар қолданылады. Мұндай корпустармен жабдықталған плугтар ылғалы тапшы аудандарда күлді, сортаңды және басқа да қүнарлығы аз топырақтарды жыртуға қолданыліады.

Топырақ қабатын аудармай терен жырту топырақты шамалы араластыруды және қабаттарды өзара. алмастыруды қамтамасыз етеді, көпжылдық арамшөптерді жояды, топырақтын физикалык қасиетін өзгертіп, су режимін жақсартгады, жыртылған қабаттын құнарлануын арттырады.

Бір терендікте жыл сайын қайта жырту өсімдіктін. тамырына ауа, су өткізбейтін қатты топырақ ұлтаны пайда болуға әкеліп соктырады.

Өсімдік тамыр жүйесі осы топырақ ұлтанына дейін барып, бүгіліп, қайырылып қалады, ал тамыржемістері әлсіз болып, мол өнім алуды тежейді. Жыртылған танашта топырақ ұлтаны пайда болмас үшін жылмажыл әр түрлі тереңдікте жыртып, немесе топырақ терендеткішті пайдаланған дұрыс.

Корпустың артына қондырылатын топырақ тереңдеткіш топырактың қопсытылатын қабатын 6...15 см тереңдетіп, оны топырак бетіне шығармай қопсытады. Осылайша қопсыту топыраққа ауаның, судың енуін көбейтеді. Өсімдіктің тамыр жүйесінің дамуына қолайлы жағдай жасайды және жыртылу қабатынын төменгі қыртысын байытуға мүмкіндік береді.

Қарашірікті қабаты қалың емес топырақты өндегенде, төменгі құнарсыз қабат үстіне шығарылады да, құнарлы қабаттың сапасын төмендетеді. Сондықтан мұндаій топырақты арнаулы ойықты корпуспен өндеген жөн. Ойық корпус топырақты екі қабатта еңдейді.

Теменгі қабаттың (қалыңдығы 13....15 см) қопсытылған топырағы бетіне шығарылмай, түрен мен қайырма арасындағы ойық арқылы жылжып борозданың ұлтаныніа түседі.

Ал жоғарғы қабаттың (қалыңдығы 18...22 см) топырағы қайырмамен аударылып, үсақталады діа, алдынғы корпустың ойы-ғынан түскен төменгі қабаттың қопсытылған топырағының үстіне жатқызылады.

Тамыр жүйелері 35...40 см терендікке жететін, мысалы, қант қызылшасын, мақтаны, жүгеріні, тағ;ы басқа техникалық дақылдарды егетін топырақты өңдегенде кең алымды корпусы бар плуттар қолданылады.

Топырақты мұндай корпустармен: өңдеу мәдени өсімдіктердін тамыр жүйелерінін жақсы дамуын және ауанын үлкен терендіке енетін қамтамасыз етеді. Ылғалдың жиналуына және сақталуына қолайлы жағдай жасайды. Тошырақта қоректік заттардын мөлшері айтарлықтап артады және егістік жердің арамшөптермен ластануы азаяды.

Терең қопсыту. Терең қопсытқыш — жазық тілгіш культиваторы топырақ қабатын қопсытады, өңдіейтін топырақ қабатын аудармай тіледі. Топырақ бетінде 80 проценттей аңыз сабақтары сақталады. КПГ-250 терең қопсытқыш — жазық тілгіш күльтиваторы 30 см тереңдікте қопсыту үшін алым кеңдігі 110 см болатын екі жұмыс органьшен, ал 16 см тереңдікте жазық тілгішті өңдеу үшін алым кеңдігі 250 см болатын бір жұмыс органмен жабдықталады.

Терең қопсыту үшін пайдаланатын құралдар ҚПГ-250 және КПГ-2—250. Ең жоғарғы сапалы өңдеу, топырақ ылғалдылығы ең аз су сыйымдылығы 55...65 процент болғанда жүргізіледі. Жылжу жылдамдығы сағатына 10 км дейін, өңдеудің тереңдігі 30 см дейін болады.

Саңылауландыру. Топырақты терең еңдеудің мұндай тәсілі көбінесе тау баурайларындағы күздік дақылдарға, көпжылдық шөптер егісіне, шабындықтар мен жайылымдарға қолданылады. Саңылаулар баурайға көлденең кесіледі, оның тереңдігі 35... 40 см.

Саңылаулар баурайға қаран ағатын суды ұстап қалады, судың ағып кетуі мен топырақтың шайылуын азайтады, өсімдіктердің ылғалмен қамтамасыз өтуін және олардың өнімділігін арттырады.

Саңылауларды тілу ушін саңылау тілгіш ШН-2—140 қолданады, ал аралығы 1,4 метрден, тереңдігі 40 см дейін екі саңылау тіледі. чизель-культиваторлар мен чизель-терең қопсыткыштар күшті тығыздалған топырақтарда жұмыс істеуге қабілетті, өңдедетін қабатта тоң кесек болдырмай, уатылуын қамтамасыз етеді.

Чпзель-терең қопсытқыштарды топырақта тұтас өңдеуге және сол сияқты егер қопсытқыш тіректің ара қашықтығын ұлғайтса — санылау жасау үшін де қолдануға болады.

Фрезерлеу. Фрезерлеу топырақты терең өңдеу тәсілі ретінде өте шымды (қыртысты) шабындықтарды, бұтақты, минералды және шым тезекті топырақтарда қолданылады. Өңдейтін құралы фреза.

Фрезерлеуде топыракты ұсақтау мен араластыру белсенді жүреді. Өңдеу тереңдігі 25...40 см дейін барады.

Егістік фрезаларын, культиваторлар сияқты, топырақты қопсыту сапасы, арамшөптердің тамырын ұсақтау мен жұмыс органдарының жүрісінің тұрақтылығы бойынша бағалайды.

2.3Топырақ бетін өңдеу тәсілдері. Топырақтың беткі қыртысың ендеудің тереңдігі 10 см дейін, ал тайыз өңдеудің тереңдігі—20 см дейін жүзеге асырылады.

Топырақтың тек беткі қыртысын өңдейтін (тырмалау, катокгау, сыдыра жырту), сонымен қатар беткі қыртысы үшін қалай болса, пайыз өңдеу үшін де сондай өңдеудің тәсілі мен құралдары қолданылады (культивациялау, ұялау).

Топырақты сыдыра жырту. Сыдыра жыртатын дискілі сыдырғыштар әдетте симметриялы және симметриясыз болады. Симметриясыз сыдырғыштар орташа бороздалар мен жалдарды аз қалдырады. Негізінен алым кеңдігі 5, 10, 15 және 20 метр болатын симметриялы дискілі сыдырғыштар қолданылады.

Дискілі сыдырғыштардың жартылай аспалы және тіркемелі түрлері бар. Дискілі сыдырғыштардың алым кеңдігі 5...20 м, өңдеу тереңдігі 10 см дейін, қимыл бұрышы 15...35 градус.

Қуыс дискілі сыдыра жыртқыш, егіс алдында   өңдеу үшін, жазық дискілі — көктемде  ылғалды  буға  айналдырмауға  қолданылады. Қуыс дискілер арамшөптерді жойып, топырақты аудары отырады, ал жалпақ дискілер — топырақты копсытып және жыл жытады.

Топырақты өңдеу жүйесінде сыдыра жырту дәнді дакылдарді жинағаннан кейін аңызды өңдеу, пар танабын еңдеу, әсіресе жа таған тамыр сабақтарын ұсақтау үшін қолданылады.

Сыдыра жырту тынды, тыңайтылған топырақты, көпжылды шөптердің қыртысын жыртудың алдында және жыртқаннан кейі шымын өңдеу үшін қажет болады.

Сыдыра жыртудың барлық пайдалылығымен қатар зиянді жағы да бар. Сыдыра жыртуда топырақтың беткі қыртысы шаи данады, кұрғап кетеді, аңыз сабақтарын топыраққа көмі тастайды.

Көктем ылғалды жылдары сыдыра жырту неғұрлым пайдалі болып шығуы мүмкін, себебі ол арамшөптерді, әсіресе қара сұлы ны тиімді жояды және аңыздық сеялкалардың жұмыс істеуі үші қолайлы жағдайлар жасайды.

Культивациялау. Ауыл шаруашылық дақылдарын сеуіп жән отырғызу үшін топырақтарды дайындау технологиясы культива торлармен орындалады, онда тұқымның өсіп шығуына қолайлы жағдай жасау, арамшөптерді отау және топырақ қабатын жұм сарту, топырақты тұқым өндірілетін тереңдікте себу алдында қопсыту, құрғақшылық аймақтарда қайта жыртудың орнына жыртылатын терендіктегі қабатты аудармай қопсыту, ылғалды лығы өте төмен аймақтарда отамалы дақылдар үшін жалдар тілініп және қатар аралықтар жасалады (6-сурет).

Топырақты жел эрозиясынан қорғау жүйесіне—көктемде және күзде жазықтілгіш культиваторлармен топырақты өңдеу яғни топырақ бетіндегі аңызды сақтай отырып, 10... 16 см терендікте қопсыту және арамшөнтерді отау да кіреді. Культипациялауға арамшөптерді қырқып, өнделетін қабатты аудармай, қопсыту да жатады. Егінді күтуде катараралықты культивацияла негізгі мәселе болып саналады. Онда арамшөптер кесіліп, олардың тамырсабақтары таралып алынып немесе егістік бетіне кұнарлы топырақ себіліп отырылады.

Қатарлап себуде өсімдіктің қалындығын қалыптастыру, оларды қоректік заттармен қамтамасыз ету үшін қатарларда көлденең жүретін культиваторлармен өсімдіктерді сиретеді немесе қатарлар бойымен жүретін арнаулы сиреткіштерді қолданады.

Қатар аралықты өңдегенде өсімдік қатарлары қасында өңделмейтін алаңшалар — өсімдік тамырларын қырқылудан сақтайтын зонасы қалып отырады. Осы өсімдік тамырларын сақтау зонасындағы арамшөптерді отау үшін жеңіл түптеу жүргізіледі.

Жаңа шығып келе жатқан арамшөптер, осы түптеу кезінде үйілген топырақпен көміліп жойылады, ал күшті екпе дақылдар оған қарамай өсе береді, зонасы қалып отырады. Осы өсімдік тамырларын сақтау зона-сындағы арамшөптерді отау үшін жеңіл түптеу жүргізіледі.

Жаңа шығып келе жатқан арамшөптер, осы түптеу кезінде үйілген топырақпен көміліп жойылады, ал күшті екпе дақылдар оған карамай өсе береді.

Өсімдік тамырларын сақтау зонасы топырағының беткі қабатын қопсыту отағыш тамырлармен немесе инелі дискілі айнымалы шотпен орындалады. Отамалы дақылдардың өніп өсуі кезінде қатар аралықтарын өңдеу үшін оларға қоректік зат ретінде минералдық тыңайтқыштарды да енгізуге болады. Қатар аралықтарын өндеуге ылғалдылығы көп аймақтарда дақылдарды түптеу және суармалы егіншілік танаптарындағы суару бороздаларың жасау да жатады.

Аңызды, парлы танаптарды өңдеу үшін егіс алдында культивациялауға арналған өңдеу тереңдігі 8... 16 см, аңыздық сақталу дәрежесі 75...80 проңент.

Топырақты жазық тілгішпен өңдеу — егіншіліктегі топырақ қорғау жүйесінің маңызды буыны.

Шұңқыр қазғыштар. Топырақты су эрозиясынан сақтаудың тиімді шарасы — егіс даласында жаңбыр мен қар суларын тоқтату, топырақтың беткі қабатын судың шаюынан сақтау болып табылады. Әдетте бұған топырақты саңылаулау, үзік-үзік борозда жасау, қарды шолақтап жалдау немесе шағын көлдету, топырақтан тоспа жасау.

Егістіктерде (әсіресе 50 ойықтау танаптарда) тұйықталған шұңқырлар қазу үлкен тиімділік береді. Мұндай шұңқырларды (ұяларды) қазу үшін сүдігер немесе пар сияқты өңдеу жүргізілген танаптардың бетінде, ұзындығы 1,3 м, ені 0,5 м және тереңдігі 15...20 см тұйық шұңқыр жасау үшін арналған. Шұңқырдың сыйымдылығы 19...25 л, шұңқырдың әр гектар сайын саны 10,5... 15,0 мың дана. Мұндай шұңқырларды қазу үшін ЛОД-10, ПЛДГ-5, ПЛДГ-10 дискілі шұңқыр қазғыштарды немесе ПРНТ-9000 плуг-тарьша арналған құрылғыларды пайдаланады.

Тырмалау. Тырмалау тәсілі жұмыс органдары әр түрлі формада болатын, шанышпалы, ойық қуысты дискі құралдарымен атқарылады.(7-сурет).

Тісті және шанышпалы тырмалар топырақты қопсытып, тегістейді. Өңдеу тереңдігі 3...4-тен 5...6 см дейін.

Тісті тырмалармен тек жыртылған атыз сабақтары мен өсімдік қалдықтарынан айырылған топырақта жұмыс істейді және ол топырақты түренді құралдармен өңдейтін комплекске енеді. Салмағына қарай ауыр, орташа және жеңіл тырмалар болып бөлінеді.

Егер бір тіске түсетін салмақ 2...3 кг болса ауыр, 1...2 кг болса  орташа, 0,5...1,0 кг шамасында болса  женіл тырмаларға жатады.

Отырғызылған картопқа күтім жасау үшін тырма тістері өзар топсалы жалғасқан, топырақ бедеріне икемделген тор тәрізд тырманы қолданады.

Топырақ бетінің қабыршағын бұзуға, оның жоғарғы қабатын қопсытуға, өсіп келе жатқан арамшептердің көгін жоюға арнала ды. Тырманың бір тісіне түсетін салмағы 0,96 кг аспайды.

Шанышпалы тырма күзде өңделмеген топырақты қопсытуға арналған. Қопсыту тереңдігі 4...8 см, аныздың сабақтарының соң талу дәрежесі 75...80 проценттей болады, шанышпалы дискілі батареясының қимыл бұрышы 8...12 немесе 16 градустай болады Батареяның тырма тістері топыраққа дөңес жағымен тереңдей тіндей еніп орнатуға болады (бәсеңді қалыпта). Алайда, мұнда жағдайда топырақ күштірек қопсытылып және араласады, армшөптер тұқымы топырақ қабатына жақсы енеді.

Егер тырма тістері топырақ қабатына терендейтін болса (бел сенді қалыпта), онда танап топырағы шамалы араласып, аты сабақтары жақсы сақталады.

Өсімдік көгі өніп шыққан топырақты қопсытканда батаре бүрышын 0° градусқа қояды. Топырақ қабатын жазық тілгішпе өндеу жүйесінде шанышпалы тырма ете қолайлы.

Дискілі тырмалар егістік, бау-бақшалық (жеңіл) және батпақты танапты өңдейтін (ауыр) болып бөлінеді.

Егістік жеңіл тырмалар ірі кесектелген сүдігерді ендеп, жырі қаннан кейінгі көпжылдық шептердің қыртысын дұрыстау үшін аңызды сыдыра жыртуға қолданылады.

Бау-бакшалық тырмалар тың және тыңайтылған топырағы жыртуға және одан кейін шым өндеуге, шабындық пен жайыльмның беткейін жақсартуға қолданады. Әндеу тереңдігі 20 см дейі болады.

Тырмадағы дискілі батареяның сыдыра жыртқыштан айыр машылығы, қозғалу бағытына қарай 0...210 бұрышпен екі қатардан орнатылады.

Алдыңғы батарея топырақ қабатын аударып отырса, соңғы батарея оны жығып отырады. Жеңіл тырмалардың қуыс дискілрі түтас, ал ауыр тырмалардікі — ойык болады да топыракк жақсы тереңдеп, есімдік қалдықтарын жақсы ұсақтайды.

Дискілі тырмалармен өңдегенде топырақ жақсы ұсатылады жарым-жартылай аударылады, араластырылады. Солтүстік Қазақстанда дискілі тырмалар дақылдық танапты қорғайтын күтіпбаптау үшін,  мал  жайылымдықты  жақсарту үшін пайдаланады.

Катоктау. Катоктау топырақтың жоғарғы қабатының тығыздалуын, тегістелуін қамтамасыз етеді. Осымен қатар, бір мезгілде тоң кесектерді ұсақтағанда, топырақтың зиянды қабыршағы бұзғанда, жарым-жартылай қопсыту да жүзеге асырылады. Бұл тәсілді атқаруда бұдырлы сақиналы ЗККШ-6 катогы ме ЗКВТ-1,4 және СКГ-2 су құйылатын катоктары колданыладі (9-сурет).

Бұдырлы сақиналы катоктар топырақты аз шаңдатады, құрылыс ерекшелігінің  арқасында,  олар  өткеннен   кейін   топырақтынбеткі қабаты түйіршікті болады. Катоктау ерте көктем мезгілінде арамшөптердің, әсіресе қара сұлы көгін құрту үшін бәрінен де кажет.

Егін себілгеннен кейін катоктау, себілген тұқымның топырақпен жанасуын жақсартады, дәнді дақылдардың енгіштігін 10... 15 проңентке арттырады. Егін себілгеннен кейін катоктау су режиміне мәнді ықпал етпейді және елеулі қосымша өніммен қамтамасыз ете алмайды.

Сортаң және сортаңдау топырақты ылғалданған күйінде катоктау тіпті зиянды, өйткені топырақ қабыршағының пайда болуына мүмкіндік туғызады. Мұндай топыраққа егін себілгеннен кейін катоктау да дәнді дақылдардың өнімін темендетеді. Осыған орай мұндай танаптарды катоктауды егін себер алдында қолданған жақсы (10-сурет).

Тұқым себуден кейін жүргізілген катоктаудан соң арамшептер қауырт көктеп шығады.

2.4 Топырақты өңдеу сапасына агротехникалық баға беру.

Топырақ өндеудің сапасын анықтаудың бірнеше елеулі ерекшелігі бар: а) орындалатын жұмыстардың үлкен көлемдігі; б) топырақ өңдеудің сапасын анықтауға себепші болатын жағдайлардың көптігі, топырактың қасиеттері, ауа райы, механизаторлардың шеберліктері, құрал саймандардың тапшылығы, топырақтың ылғалдануы; в) өндеу сапасын бағалайтын жетілдірілген аспаптардың болмауы; г) нақты топырақклиматтык жағдайды есепке ала отырып, енім берудің сменалық нормасын белгілеудің жеткіліксіздігі; д) топырақты өңдеудің сапасын бақылайтын ұйымның болмауы, тек өңдеудің сапа керсеткіші бұзылған жағдайда болмаса, орындаушыларды материалдық жауапқа тарту тәсілдерінің жетіспеушілігі; ж) сапасы төмен орындалған жұмыстарды кейбір жағдайда іс жүзінде қайтадан орындауға болмайтындығы.

Бақылау мен сапаны анықтаудың маңызы. Егіншілікте топырақты өңдеуді бақылау мен сапасын анықтаудың маңызы зор. Жоғары сапада өңдеу — егіншілік мәдениетінің өсуі мен ауыл шаруашылық дақылдарының өнімін арттырудың негізі.

Топырақты өңдеудің сапасын бақылау мен бағалауды жақсы үйымдастыру механизаторлардың орындалған жұмысы үшін жауапкершілігін сезінуіне және еңбегінің түпкілікті нәтижесіне ьщталандыруға тәрбиелейді.

Жазык тілгішпен еңдеудің сапасын бағалау.
Далалық тракторлармен атқарылатьш жұмыстардың сапасын
бағалау арнаулы нұсқауларда толық берілген. Мұнда тек жазық
тілгіш өңдеуді бағалаудың қысқаша мазмұны берілген. 

Жазық тілгішпен өңдеудің сапасын бағалау, осы құралдарға
қойылатын агротехникалық талаптардан шығады.

Жазық тілгішті құралдар  топырақты   қопсытуды,    арамшөптерді құруды, топырақты аз шаңдатып және аз кептіруді, оның  беткі  қабатының желге төзімділігін сақтауды, ылғалдын, жиналуына мүмкіндік туғызуды қамтамасыз етуге тиісті. 

Топырақты жазық тілгішпен өңдеудің агротехникалық талабы,мен  сапасын  бағалаудың мынандай  көрсеткіштері  болады:  қопсыту тереңдігін диаметрі 14 мм, 5 мм бөліктерден тұратын темірден жасалған стерженьмен тексереді.

2.5 Топырақты өңдеу жүйелері.

Жаздық дақылдар себілетін топырақты негізгі немесе сүдігерлік өңдеу жүйесі. Танаптың  топырағын сүдігерге сапалы түрде өңдеу дақылдың өнімін және оның сапасын арттыруға мүмкіндік туғызады. Тұқым себу науқанын сапалы өткізу, оның біркелкі көктеп шығуы және дакылдың кейінгі кезде карқынды өсіпдамуы күзде сүдігердің сапалы өңделгеніне байланысты.

Сүдігер каншалыкты сапалы өнделсе, кейінгі барлык агротехникалық шаралар соғұрлым тиімді жүргізіледі. Сондыктан да топырақты күзде ендеуді «негізгі өңдеу» деп те атайды. Топырақты сүдігсрге өндеу мына жұмыстардан тұрады: егістік жерді тегістеу, топырақты өндердің алдында суару, сыдыра өндеу, органикалық   және   минералдық  тыңайтқыштарды   сіңіру   және  сүдігерге жырту.

Жазық тілгішпен күзде өңдеу топырақ бетінде жел эрозиясынан сенімді қорғауды, тамыр қоректенетін топырақ қабатын ақсы қамтамасыз етуді, аударып жыртумен салыстырғанда ең жоғары және тұрақты өнім алуды қамтамасыз етеді.  

Топырақты күзде қанырмалы жыртумен салыстырғанда жазық тілгішпен өндеу орта есеппен гектарына 7,7 ц үстеме өнім берген. Бұл дерек жазык тілгішпен өңдеу құрғақшылықтың жойқын ықпалын жеңіп шығатын сенімді құрал екенін көрсетеді. Дәндіпарлы   ауыспалы  егістің  барлық  танаптарында  қайырмалы  плугпен  жыртумен  салыстырғанда  жазық тілгішпен  өндегенде,  жаздық бидай шығымдылығы   әлдеқайда   жоғары   екенін көрсетеді. Ауыспалы егіс дақылдарының  1 гектар егістігінен    алынған астық, қайыра жыртып өңдеуге қарағанда, жазық тілгішпен өндегенде 33 процент жоғары болды немесе гектарына 2,7 ц. қосымша өнім алынады.

Ерте өңделген сүдігер кеш өңделген сүдігерден аз ғана қолайды болса да, сапасы жағынан артық.

Жазық    тілгішпен    өңдегенде    нитрификациялану     қарқыны
кайырма жыртумен салыстырғанда төмен. Жазық тілгішпен өндеу
бойынша—0—10  см  топырақ   қабатындағы   фосфордыц   сіңімді
формасыныц мөлшері жоғары, алайда 0—30 см қабатта ол қайырма жыртқандағы шамада болады.                                                        

Дәнді парлы ауыспалы егісте,   қайырма   жыртуға   қарағанда  
жазық тілгішпен күзде өңдеуде біржылдық арамшөптер біршама,
көбірек. Тайыз өңдеуге қарағанда, терең қопсыту атпа тамырлы
арамшөптерді жақсы жояды.                                   

Топырақтыц  жырту  қабатын  тереңдетуде    оның    физикалық  
қасиеттерін  жақсарту және құнарлылығын  арттыру үшін қолданылатын агротехникалық әдіс. Топырақты үнемі   бір   тереңдікте  ғана жырту  оның астыңғы қабатын нығыздап    тастайды.    Одан  топырақтың су өткізгіш қабілетін нашарлатып, тамырдың тереңден түсуіне кедергі жасайды.                                           

Өсімдікке керекті қарашірікті және басқа да органикалық
заттарды көбейту, оларды толық пайдалануға қолайлы жағдай
жасау суармалы егіншілікте ең басты міндет болып табылады.

Суармалы егіншілікте жонышқа тыңын және жасыл тыңайткыштарды бірінші жылы 40...45 сантиметр тереңдікке жырту, ал келесі 2...3 жыл бойы 20...25 см өңдеу және 20...30 см тереңдіккеі копсыту тиімді.                                 

Топырақты терең жыртқанда оның ауа-су режимі жақсарады,
микробиологиялық процестер күшейеді, арамшөп тамырлары қырқылады. Топырақта мәдени есімдік тамырлары жақсы дамып, олардың қоректену алаңы кеңнді. Бұл әдіс шым, күлгін, көптен өңделетін қара, қара қоңыр, сортаң және боз топырақтарда қолданылады.

Қорытынды

Курстық жұмысымды қорыта келгенде  Қазақстанда топырақ өңдеу әдістерің егіншілік мәдениетінің көтерудегі басты шараларының бірі болып табылады. Сапалы өңделген топырақты дақылдардың өсіп дамуына қажетті жағдайлар жасалған. Топырақ өңдеудегі органикалық және миниралдық тыңайтқыштарды ендіруге көп жылдық арамшөптерден болатын зиянкестер өсімдік ауруларын тұқымдарды жауып әрі тұншықтырады.

Топырақ өңдеудің сапасын анықтауды бірнеше елеулі ерекшеліктері бар. Топырақты өңдеу кез келген адамның қоылынан келе бермейтін іс болып табылады. Бұл ерекшелік жыртылған топырақтың құнарлығын арртыру үшін және жаңадан сапалы өнім алу үшін қолданылады. Қазіргі таңда көптеген егіншілік салаларында әр  түрлі дақылды өнім алу үшін пайдалы жақтары бар. Сонымен қатар көптеген мемлекеттерде Қазақстан мемлекетін салыстырғанда айрықша орын алады. Осының салдарынан қазіргі таңда жақсы өнім алу себебі осы. Мысалыға, айтатын болсақ бақылау мен сапаның анықтаудың маңызы топырақты тығыздау, пішіндеу, егін аңызын сақтау, жырту, топырақты өңдеу тәсілдері, терең қопсыту тағы басқа да жатқызуға болады.

Қатарлап себуге өсімдіктің қалыңдығын қалыптастыру олардлы қоректік заттармен қамтамасыз ету үшін қатарларды көлденең жүретін культиваторлық өсімдіктерді сиретеді немесе қатарлар бойымен жүретін арнаулы сиреткіштерді қолданылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

1."Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

2.«КазАгро» ұлттық холдингі» акционерлік қоғамын құру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 11 желтоқсандағы № 220 Жарлығына,   Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 23 желтоқсандағы № 1247 қаулысы

3.Назарбаев Н.А. Казахстан – 2030. Алматы, 1998.

4.Казахстан в цифрах за 2007 год. Агентство РК по статистике. 2008.

5. Әкімбеков С.,  Баймұхаметова А.С.,  Жанайдаров  А.У. “ Экономикалық теория ”  /Астана 2002ж.-464 бет.

 6.  Есекин Б. Прогресс Казахстана в достижении целей Повестки дня XXI века      //Экология и устойчивое развитие.-2001 г

7.Қожаниязов Т.Қ., Қожаниязова Ж.Т.“Қазіргі экономика”                                                                             /Тараз, 2001 ж.

8. Мәмбетқазиев Е., Сыбанбеков Қ.  “ Табиғат қорғау ”                                                                 /Алматы 1990 ж.-412 бет

9. Мұқауұлы С.,  Үпішев Е. “ Табиғат пайдалану экономикасы ”                                                                       /Алматы 1999 ж.-270 бет.

 

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2013-11-04 20:14:31     Қаралды-12622

ҚАЙ МЕМЛЕКЕТ ҚАТЕЛІКПЕН АТАЛДЫ?

...

Кариб теңізінде Пуэрто-Риконың үлкен аралы орналасқан...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЙ МАТЕРИКА ЕҢ КІШКЕНТАЙ?

...

Австралия - жер бетіндегі ең кішкентай материк.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЕРДЕ СУ КӨП ПЕ?

...

Сусыз жер бетінде тіршілік болмас еді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭЛЕКТРОНДАР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Электрон» сөзі грек тілінен «янтарь» деп аударылған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭЛЕКТР ЗАРЯДЫ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Электрондардың теріс заряды, ал атом ядросының оң заряды бар екенін сіз бұрыннан білесіз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭЛЕКТР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Көптеген ғасырлар бойы адамдар электр қуатының бар екенін білмеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КОМПАСТЫ КІМ ОЙЛАП ТАПТЫ?

...

Навигацияның дамуымен кеме жасау ғылымы жетілдірілуде - кибернетика...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЗІРГІ ЖАНУАРДЫҢ ҚАЙСЫСЫ ЕҢ КӨНЕ?

...

Қолтырауындар - жартылай суда өмір сүретін ірі жыртқыштар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »